Жалындап өткен жас ғұмыр



жүктеу 175.84 Kb.

Дата22.01.2017
өлшемі175.84 Kb.

Авторлардың алфавиттік көрсеткіші 

 

Адамбаев Б. ......................................................................................3 



Ахтанов Т. .....................................................................................3,4 

Байтанаев А. .....................................................................................4 

Ғабдуллин М. ...................................................................................4 

Еділбаев Ж. ......................................................................................5 

Жалындап өткен жас ғұмыр ...........................................................5 

Жанкелдин Т. ................................................................................5,6 

Жәкенов З. ........................................................................................6 

Жылқышиев Ә. ................................................................................6 

Исабай Қ. .......................................................................................6,7 

Көпбаев Ж. .......................................................................................7 

Көпішев Қ. ........................................................................................7 

Қазыбаев К. ......................................................................................8 

Қайсенов Қ. ..............................................................................8,9,10 

Қамбаров Қ. ....................................................................................10 

Қаһарман қыз Хиуаз ......................................................................10 

Қуанышбаев М. ..............................................................................11 

Момышұлы Б. ................................................................................11 

Мұратбеков С. ................................................................................11 

Мұртаза Ш. .....................................................................................12 

Мүсірепов Ғ ..............................................................................12,13 

Нұрпейісов Ә. ................................................................................13 

Нұршайықов Ә. .........................................................................13,14 

Омаров С. .......................................................................................14 

Өмірбеков Ж. .................................................................................15 

Рахимов Х. ......................................................................................15 

Сейітов С. ..................................................................................15,16 

Соқпақбаев Б. .................................................................................16 

Танекеев С. .....................................................................................16 

Тоқаев К. .........................................................................................17 

Тілеков Ж. .................................................................................17,18 

Халимулдина А., Халимулдин Ә. ................................................18 

Шәріпов Ә. .....................................................................................18 

 

 

21 



Кіріспе 

 

Елбасы  Н.Назарбаев:  «Өткенді  тану,  тарихты  терең 



пайымдап,  оған  әділ  баға  беру  үлкен  парасаттылық  пен 

жауапкершілікті  талап  етеді»  -  деп  жазды.  Ендеше,  ұлттық 

мәдениет  пен  өнердің,  әдебиеттің  тарихына,  оның  әрбір 

көрнекті  өкілінің  мұрасына  жауаптылықпен  қарап,  шынайы 

бағасын беру  –  келешектің  игілігіне бағытталған жұмыс болуы 

тиіс. 


Соғыс  кезінде  қазақ  әдебиетін  жасауға  қазақ  ақын-

жазушыларының  барлық  ұрпағы  қатысты.  Бұл  кезде  жазба 

әдебиет  өкілдерінен  С.Мұқанов,  М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов, 

Ғ.Мұстафин, 

Ғ.Орманов, 

А.Тоқмағамбетов, 

Ә.Тәжібаев, 

Ә.Әбішов,  М.Хакімжанова  тылда  еңбек  етті.  Т.Жароков, 

Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілов, Қ.Аманжолов, А.Жұмағалиев, 

Қ.Әбдіқадыров, 

Қ.Бекхожин, 

Б.Бұлқышев, 

Б.Момышұлы, 

С.Омаров  сияқты  қазақ  жазушылары  қолына  қару  алып, 

майданға  аттанды.  Халық  поэзиясының  өкілдері  Жамбыл  мен 

Нұрпейіс,  Кенен  мен  Шашубай,  Нұрлыбек  пен  Нартай,  Доскей 

тағы  басқалары  өздерінің  отаншылдық  рухтағы  патриоттық 

жыр-толғауларын  шығарды.  Қазақ  әдебиетінің  осы  секілді  әр 

тобынан  құрылған  қаламгерлері  бір  мақсатқа  жұмылып, 

әдебиеттің  алдында  соғыс  шындығы  қойған  міндетті  атқаруға 

кірісті.  

Сіздерге  ұсынып  отырған  әдебиеттер  тізімі  соғыс 

кезіндегі  жауынгерлердің  ерлік  істерімен  қазақ  ауылының 

қаһарлы күндердегі тұрмыс тіршілігін баяндайтын шығармалар. 

Бұл  жинаққа  кіргізілген  авторлар  алфавит  тізімі  бойынша 

топтастырылған.  Тізімге  Кеңес  Одағы  кезінде  жарық  көрген 

кітаптар  енгізілген.  Сонымен  қатар  авторлардың  алфавиттік 

көрсеткіші берілген. 

 

 

 



 

 

 



 

 



Адамбаев Балтабай 

Жауынгер жолы. Повестер және деректі 

әңгімелер  [Мәтін]  /  Б.Адамбаев.-Алматы: 

Жалын, 1978.-240 б.  

Ұлы 

Отан 


соғысының 

ардагері, 

филология  ғылымының  кандидаты  Балтабай 

Адамбаевтың 

есімі 

оқырмандарға 



оның 

«Сырларым», «Ақбөбек», «Аманат» атты өлең-

жыр  жинақтары  мен  «Шешендік  өнер»,  «Халық  даналығы», 

тағы  басқа  әдеби  ғылыми  кітаптары  арқылы  мәлім.  Ғалым-

жазушы 

қара 


сөзбен 

жазған 


жаңа 

кітабында 

совет 

жауынгерлерінің  майдандағы  ерлігі  туралы,  тылдағы  ауыл 



еңбеккерлерінің өмірі жайында сыр шертеді. 

Сондай-ақ  жинаққа  қазақ  совет  әдебиетінің  көрнекті 

өкілі,революционер  Сәкен  Сейфуллин  жайында  деректі  әңгіме 

енгізілді. 



 

Ахтанов Тахауи 

  

Қаһарлы  күндер.  Роман  [Мәтін]  / 



Т.Ахтанов.- Алматы: Атамұра, 2003.-384 б. 

Белгілі 


жазушы 

Т.Ахтановтың 

«Қаһарлы 

күндер» 


романы 

Ұлы 


Отан 

соғысына  арналған.  Москва  түбіндегі  үлкен 

айқас  сахнасы,  даңқты  генерал  Панфиловтың 

сегізінші 

гвардия 

дивизиясының 

ерлігі, 

табандылығы осы романда көркем суреттеледі. 

Кітап қалың оқырман қауымға арналған. 

 

Ахтанов Тахауи 

Шырағың  сөнбесін.  Роман  [Мәтін]  / 

Т.Ахтанов.- Алматы: Жазушы, 1981.-368 б. 

Белгілі  жазушы,  ССР  Мемлекеттік 

сыйлығының  лауреаты  Тахауи  Ахтановтың 

«Шырағың 

сөнбесін» 

атты 

туындысы 



фашистік  Германия  елімізге  лап  қойған  ең 

алғашқы сәттен басталады. 

Романның  басты  кейіпкері  Нәзира 

Отанымыздың   Батыс  шекарасында  қызметте  

 



Талғат  Бигелдинов,  Леонид  Беда,  Иван  Павлов,  Сергей 



Луганский. 

Үш  мәртебе  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алған: 

И.Н.Кожедуб-  Шымкентте  орналасқан  Чугуев  әскери  авиация 

училищесінің түлегі. 

Солдат 

ерлігі 


орденінің 

толық 


иегері 

— 

142 



қазақстандық. 

Кеңес 


Одағының 

орден, 


медальдарымен 

марапатталған қазақстандықтар — 96638. 

Жалпы  екінші  дүниежүзілік  соғыстағы  жеңіс  Кеңес 

Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста 

қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар. 

Өткен  азапты  жолдың  ауыр  сабақтарын  халық  ешқашан 

да  ұмытпайды.  Оның  ауыр  сабақтары  біздің  санамызға  ұялап, 

қазіргі  ұрпақтарды  ерлікке,  қырағылыққа  баулып,  жарқын 

болашағымызды  қорғауға  әрдайым  дайын  тұруға  шақырады. 

Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес  Одағы  тұсындағы  талай  ақын-

жыршылар  шығармашылығына  арқау  болды. Мұның  ішінде  ел 

мен  жерде  жүріп,  жеңіске  тілектес  болған  қаламгерлер  да, 

аласапыран  майданда  қан  кешіп  жүріп  Отанын,  халқын 

жырлаған ақындар айтарлықтай болды.  

 

           (www.e-history.kz/kz/contents/view/2422 сайтынан) 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

20 



Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтар 

 

1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  екінші 



дүниежүзілік  соғыстың  құрамдас  бөлігі  ретінде  тарихқа  мәңгі 

енді.  Бұл  соғысқа  Қазақстандықтарда  қолына  қару  алып, 

ұрыстарға қатынасты.  

Кеңес  адамдарының  патриоттық  сезімі,  әрине,  бұл 

шайқасқа қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар 

қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы 

медицина 

институтының 

студенті 

Маншүк 


Мәметова: 

"Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да 

жоқ,  сондықтан  өзімді  жіберуді  өтінемін«,—  деп  әскери 

комитетке  өтініш  берді.  Қазақстаннан  соғыс  майдандарында 

100-ге  жуық  ақындар  мен  жазушылар  шайқасқан.  Республика 

бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. 

Соғыстың  алғашқы  кезеңінде  14  атқыштар  және  атты 

әскер  дивизиясы,  6  бригада  құрылып,  майданға  жіберілді. 

Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан 

құрылды. 

Алматы, 

Жамбыл, 


Оңтүстік 

Қазақстан, 

Қырғызстаннан 

шақырылған 

жігіттерден 

316-атқыштар 

дивизиясы  құрылып,  оның  командирі  генерал  М.  В.  Панфилов 

болды.  Армия  қатарына  1196164  (1196300)  қазақстандық 

қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. 

Қазақстандық  жауынгерлер  Украинаны,  Белоруссияны, 

Балтық  бойын,  Молдовияны  азат  етуге  қатысты.  Мыңдаған 

қазақ  жігіттері  Кеңес  әскерінің  құрамында  Шығыс  Европа 

халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. 

Кеңестік  Шығыс  әйелдері  арасынан  бірінші  болып 

Ленин 

орденімен 



және 

Алтын 


жұлдыз 

медалімен 

марапатталғандар  —  шығыстың  қос  шынары:  пулеметші 

Мәншүк  Маметова  мен  54-атқыштар  бригадасының  Мергені 

(снайпер) Әлия Молдағұлова болды. 

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының 

Батыры атағын алғандар: 

1.Барлығы — 11600 адам;  

2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде қазақтар — 97;  

3.Қазақ қыздары — 2. 

Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:  

 

19 



жүрген  офицер  Қасымбек  Еділбаевқа  ұзатылады.  Өз  уақытына 

сай  білімі,  өз  жасына  сай  ақылы,  ой-түйсігі  бар  жас  келіншек 

жаңа  орта  –  офицерлер  өміріне  енді-енді  көндігіп,  үйренісіп 

келе жатқанда, соғыс басталады. Ерлері жауға аттанған офицер 

әйелдері  үшін  тағдыр  салған  сан  қилы  шырғалаң  жолдар 

басталады.  Олар  жер-көкті  ажал  тіміскілеген  жау  тылында 

қалып қояды. Алда – ұшы-қиыры жоқ соғыс жылдары. Осы жан 

төзгісіз ауыр кезеңнен кім аман шықты, кім қалай шықты?.. 

Адам психологиясына терең-терең барлау жасалатын бұл 

романның оқиғасы тығыз, кейіперлері әсерлі, тілі шұрайлы. 

 

Байтанаев Амантай  

 

Таңсәрі. 

Романдар 

[Мәтін] 


А.Байтанаев.-Алматы: Жазушы, 1979.-568 б. 

 

«Таңсәрі»  атты  романы  халқымыздың 



басына түскен қиын-қыстау кезең  – Ұлы Отан 

соғысы кезіндегі ауыл адамдарының тағдырын 

көрсетуге арналған. 

 

 



Ғабдуллин Мәлік 

Алтын  жұлдыз.  Очерктер,  хаттар  және 

күнделік [Мәтін] / М.Ғабдуллин.- Алматы: Ана 

тілі, 2005.- 288 б. 

Кеңес  Одағының  Батыры,  көрнекті 

фольклортанушы, 

білімпаз 

ұстаз 


Мәлік 

Ғабдуллиннің  бұл кітабына соғыстың  сұрапыл 

күндерінде  бастан  кешіп,  көзбен  көрген  отты 

жылдардың  қаһармандары  жайлы  жазылған 

очерктері  мен  майданда  жазылған  күнделігі,  сондай-ақ  өзі 

жақсы танып білген жандарға жазған хаттары беріліп отыр. 

Дерегі  мол,  ғибраттық  тағлымы  да  толымды  батыр 

жазбаларының оқырман көңілін баурайтынына кәміл сенеміз. 

Кітап көпшілік оқырманға арналған. 

 

 

 



 

 



Еділбаев Жұмабек 

Сын 


сағатта. 

Роман 


[Мәтін] 

Ж.Еділбаев.- Алматы: Жазушы, 1980. - 280 б. 



Жұмабек  Еділбаевтың  «Сын  сағатта» 

романы Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл өмірін, 

ондағы 

колхоз 


шаруалары 

мен 


жұмысшылардың  ерлік  еңбегін  баяндайды. 

Партия  қызметкері  Алмасбек, дәрігер Тамаша, 

шофер  Сүгірәлі,  Микола,  Дәу  әже  т.б. 

кейіпкерлер нанымды суреттелген. Қоқанбай сияқты жағымсыз 

образды жасауда автор тәжірибелілік көрсеткен. 

Романның оқиғасы қызық, тартымды оқылады. 



 

Жалындап  өткен  жас  ғұмыр.  Деректі 

әңгімелер,  очерктер,  естеліктер  [Мәтін]  / 

Құраст.  С.Досымов.-Алматы:  Рауан,  1991.-117 

б. 


Ұлы  Отан  соғысы.  Жеңіс!  Сол  бір 

сұрапыл  жылдар  ел  есінен  кетер  ме,  кетпейді, 

әрине.  Он  алты  жаста  от  кешкен,  жалындап 

өткен жас ғұмырлар туралы айтылар әңгімелер 

арада жылдар өткен сайын жаңғыра бермек. 

Құрметті  оқырман!  Бұл  жинақтан  Отан  үшін  омырауын 

оққа  төсеген,  өмірі  ерлікке  толы  талай  боздақтар  хақында 

тұшымды дүниелер оқи аласыздар. 

 

Жанкелдин Тоқтағали 

 

Сын сағатында. Повестер мен әңгімелер 

[Мәтін]  /  Т.Жанкелдин.-Алматы:  Жазушы, 

1981.-552 б. 

 

Тоқтағали 



Жанкелдин 

Ұлы 


Отан 

соғысының  көрнекті  партизандарының  бірі. 

Осы  кітапта  сол  бір  ұлы  жорық  жылдарын 

баяндайды. 

 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Отан 



үшін,  халық  бостандығы  үшін  жау  тылында 

күрес жүргізген қазақ, орыс, белорус және басқа ұлт өкілдерінің 

қалыптасқан достығын, ауыз бірліктерін тамаша суреттейді.  

 



адамдарының ерлікке толы өмірінен сыр тербейді. 

 

Халимулдина 

Александра, 

Халимулдин 

Әкентай  

 

Мәншүктің  жұлдызды  сәті.  (Естеліктер) 

[Мәтін]  /  Халимулдина  А.,  Халимулдин  Ә..-

Алматы: Балауса, 1992.-448 б. 

 

Аққан 


жұлдыздай 

қысқа 


ғана 

ғұмырында  халқының,  елінің  атын  даңққа 

бөлеген  батыр  қыз,  қазақтың  аяулы  аруы 

Мәншүк  Мәметова  жайында  айтылып  та, 

жазылып та жүр. Көркем фильм де бар. Әйтсе де осы кітаптың 

жөні  бөлек.  Өйткені  оны  жазған  ерлі-зайыпты  майдангерлер. 

Мәншүкпен  қан  майданда  қатар  жүріп,  қара  нанды  бөліп 

жескен,  соғыс  тауқыметін  бірге  тартысқан  қарулас  достары, 

үзеңгі жолдастары. 

 

Шәріпов Әди 

 

Арбасу. 



Повестер 

мен 


әңгімелер 

[Мәтін] / Ә.Шәріпов.-Алматы: Жазушы, 1988.-

320 б. 

 

Бұл 



кітапқа 

Ұлы 


Отан 

соғысы 


жылдарындағы 

совет 


партизандарының 

жауынгерлік  ерлігін  паш  ететін  «Арбасу», 

«Әке қабірі басында» повестері және автордың 

басқа да повесть,  әңгімелері  енді. Кітап Совет 

Армиясының 70 жылдық мерекесіне орай шығарылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



18 

Тоқаев Кемел 

 

Солдат соғысқа кетті. Романдар [Мәтін] 



/ К.Тоқаев.- Алматы: Жазушы, 1983.-400 б. 

 

Жазушы  Кемел  Тоқаевтың  «Солдат 



соғысқа кетті» және «Ұясынан 

безген 


құс» 

деген  екі  романнан  тұратын  бұл  кітабы 

тақырыбы  жағынан  екі  кезеңді  қамтиды. 

Алдыңғысы  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан 

жауынгерлердің  ерлігін,  туған  елге  шын 

берілгендігін  дәріптесе,  соңғы  романда  автор  қоғамда  кездесіп 

қалатын  бірлі-жарым  суық  қол  сұғанақтардың,  ашық  ауыз, 

көрсе қызарлардың қылмысқа батып, заң жолымен жазалануын 

суреттейді. 

 

Тілеков Жәрдем 

 

Екі томдық шығармалар. Т.1: Роман мен 



повестер.- 

[Мәтін] 


Ж.Тілеков.-Алматы: 

Жазушы, 1981.-304 б. 

 

Белгілі жазушы Жәрдем Тілековтың бұл 



екі  томдығына  бұрын  жарық  көріп,  оқушы 

қауымның 

ерекше 

ықыласына 



бөленген 

шығармалары  енгізілді.  Бірінші  томына  «От 

кешу» 

романы 


мен 

«Жорық 


жолында», 

«Хинған  асуынан  асқанда»  повестері  еніп  отыр.  Бұл 

шығармаларда  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  жауынгерлердің 

ерлік  істері суреттеледі.  Шығармалардың  оқиға желісі  өткір де 

қызғылықты, тілі жатық. 

 

Тілеков Жәрдем 

 

Екі  томдық  шығармалар.  Т.2:  Повестер 



мен  әңгіме.-  [Мәтін]  /  Ж.Тілеков.-Алматы: 

Жазушы, 1981.-312 б. 

 

Ж.Тілековтың  екінші  томына  «Шалғай 



шепте», 

«Сақа 


солдат», 

«Жауынгер 

журналист»  повестері  мен  «Әлмәмбетовтар 

әулеті»  атты  көлемді  әңгімесі  енгізіліп  отыр. 

Автор  бұл  шығармаларына  сонау  сұрапыл 

соғыс  жылдарындағы  оқиғаларды   өзек  етіп,  жасампаз  совет  

 

17 


Кітаптың негізгі идеялық қазығы да осыны танытады. 

 

Жәкенов Заманбек 



 

Қайта  айналып  келгенше.  Повестер  мен 

әңгімелер 

[Мәтін] 


З.Жәкенов.-Алматы: 

Жалын,1978.-200 б. 

 

Заманбек  Жәкенов  –  негізінен  жастар 



тақырыбына  қалам  тербейтін  жазушы.  Оның 

бұл  жинағына  Ұлы  Отан  соғысы  тұсында 

Айдар  атты  жауынгердің  бастан  өткерген 

оқиғалары  туралы  «Қайта  айналып  келгенше» 

және  адамгершілік,  қоғамға,  махаббатқа  адалдық  мәселелерін 

қозғайтын  «Сағың  сынбасын»  атты  повестері  енгізілді. 

Әңгімелер жастардың өмірі мен еңбегіне арналған. 

 

Жылқышиев Әбжаппар 

 

Дауылдан  кейінгі  жорық.  Повестер  мен 



әңгімелер  [Мәтін]  /  Ә.

  Жылқышиев.-  Алматы: 

Жазушы, 1990.- 352 б. 

 

Жазушы  Ә.Жылқышиевтің  «Дауылдан 



кейінгі  жорық»  кітабына  екі  повесть  және 

бірнеше әңгімелер енген. 

 

Әнгімелері 



Ұлы 

Отан 


соғысы 

жауынгерлерінің ерлік істеріне арналған. 



 

Исабай Қалмұқан 

Мұндайлар  болған.  Повестер  [Мәтін]  / 

Қ.Исабай.-Астана: Елорда, 2003.-232 б. 

Алғашқы  повесте  қазақтардың,  әсіресе 

Бейсен  Райысовтың  жеке  басының  ерлігі  мен 

батальонды басқару тәсіліне риза боласың. Сөз 

жоқ,  повесть  –  оқырманның    көкейіне 

мақтаныш  ұялатады.  «Мұндай  қазақ  болған 

екен-ау» деген тебіреністе қалдыратын, әсіресе 

жастарға қажет шығарма. 

Шығармада тың  және қызық оқиғалар бұған дейін  қазақ 

қаламы  жетпеген  елдерде,  жат  халықтар  ортасында  өрбиді. 

Әсіресе соңғы тақырып, кешегі көпұлтты Кеңес әдебиеті ішінде  

 



тек қазақ әдебиетінде ғана тұңғыш рет ашылып отырған сияқты. 

Еуропа  халықтары  өмірін  қазақ  тағдырымен  байланыстыра 

жазып  келген  Қалмұқан  Исабайдың  бұрынғы  шығармалары 

және  мына  повестері  арқылы  қазақ  әдебиетінің  тақырыптық 

көкжиегін кеңейте түскенін айту керек. 

      


Көпбаев Жапар 

 

Біздің 



ерлік 

жолымыз. 

Майдан 

әңгімелері 



[Мәтін] 

Ж.Көпбаев.-Алматы: 



Жазушы, 1989.-144 б., портр. 

 

Журналист 



Жапар 

Көпбаев 


отставкадағы  гвардия  капитаны.  Ұлы  Отан 

соғысы  жылдарында  ол  майданда  алғаш 

барлаушы,  кейін  полк  комсоргі  болып  қызмет 

атқарған. Талай қан төгіс ұрыстарды басынан кешірген. 

 

Көпбаев  бес  жауынгерлік  ордендер  мен  он  екі 



медальдардың  иегері.  Автор  бұл  естелік  әңгімелері  мен 

очерктерінде неміс фашистеріне қарсы ұрыстардағы өзі көзімен 

көрген,  жақсы  білген  қарулас  жолдастарының  мәңгі  өшпес 

ерліктерін шынайы тұрғыдан баяндайды. 

 

Кітаптың 



жастарымызға 

әскери-патриоттық 

тәрбие 

беруде мәні зор. 



 

Көпішев Құланбай 

 

Қара  бұлтты  қақ  жарған  [Мәтін]  / 

Қ.Көпішев.-Алматы: Қазақстан, 1994.-240 б.  

 

Кітаптың  оқиғасын  1941  жылы  Ақтөбе 



қаласында  жасақталып,  Москва  түбінен  бастап 

Белоруссия 

жеріне 

дейінгі 


шайқастарға 

қатысқан 

101 

қазақтың 



дербес 

ұлттық 


атқыштар 

бригадасының 

жорықтарына 

қатысқан, 

жаппай 

ерліктің 



куәсі 

болған 


автордың  өзі  баяндап  отырады.  Шежіреде  жауынгерлер 

бейнесінің  сомдалуымен  қатар,  бригаданың  қаһармандық 

қимылы  арқылы  Отан  соғысындағы  шешуші  кезеңдердің  бірі 

нанымды суреттеледі. 

 

Көпшілік оқырманға арналған. 



 

 



Онда  қаламгер  отты  жылдарды  көзімен  көргендіктен, 

соғыстың  басынан  аяғына  дейінгі  жайды  баяндай  жазады. 

Ақынның  фашистерге  деген  өшпенділігі,  достарына  адалдығы, 

көңіл  толғаныстары  өлең  болып  төгіліп,  қанды  көйлек 

достарына дем берер ұйытқы іспеттес, өлең жолдарының қазіргі 

жас ұрпақты тәрбиелеуде де пайдасы ұшан теңіз. 

 

Соқпақбаев Бердібек 

 

Өлгендер 



қайтып 

келмейді. 

Роман 

[Мәтін]  /  Б.Соқпақбаев.-Алматы:  Өнер,  2010.-



480 б.-«Қазақтың 100 романы» сериясы 

 

Белгілі  жазушы  Бердібек  Соқпақбаев 



«Өлгендер  қайтып  келмейді»  атты  романында 

соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі кездегі 

ауыл 

өмірінің 



тұрмысы 

бейнеленген. 

Романның 

басты 


кейіпкері 

Еркін 


Мамырбаевтың  әрқилы  тағдыры,  азамат  –  жазушы  ретінде 

қалыптасуы шебер суреттелген. 



 

Танекеев Сәйдәлім 

 

Қиян 



асу. 

Повесть 


[Мәтін] 

С.Танекеев.-Алматы: Жазушы, 1979.-168 б. 



 

Сәйдәлім Танекеевтің бұл повесіне Ұлы 

Отан  соғысы  жылдарындағы  ауыл  өмірі, 

тылдағы  еңбек  адамдарының  қаһармандық 

істері  арқау  болған.  Осы  бір  күндердегі  ел 

басына  түскен  ауыртпалықты,  қиын  кезеңнің 

суретін  сол  жылдардың  тауқыметі  ерте  есейткен  жас  бала 

Сағынның  көзімен  көрсетті.  Шығармада  сол  уақыттың  рухы 

бар, тыл өмірінің шынайы суреттері елес беріп отырады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



16 

Өмірбеков Жаппар 

 

Қызыл 



су. 

Повесть 


[Мәтін] 

Ж.Өмірбеков.-Алматы: Жазушы, 1975.-176 б. 



Ақын 

Жаппар 


Өмірбеков 

оқырмандарға 

«Батырдың 

қалыңдығы», 

«Ерлік 

пен 


махаббат»,  «Мың  терезе»,  «Кешкі  ән»,  «Ана 

мейірімі» тағы басқа кітаптармен белгілі. 

 

«Қызыл  су»  повесінде  автор  Ұлы  Отан 



соғысы  кезіндегі  ауыл  адамдарының  ауыр 

тұрмысы,  мұғалімдер  мен  мектеп  оқушыларының  тынымсыз 

еңбегі, 

өнегелі 


істері, 

адамдардың 

бір-біріне 

деген 


жанашырлығы 

мен 


қамқорлығы, 

махаббат 

сыры, 

мейірімсіздікке, табиғат қаһарына қарсы күрес суреттеледі. 



 

Рахимов Хажымұрат 

 

Жаңғырық. 



Роман, 

повестер 

мен 

әңгімелер 



[Мәтін] 

Х.Рахимов.-Алматы: 



Жазушы, 1993.-288 б. 

 

Майдангер 



жазушы 

Хажымұрат 

Рахимовтың  «Жаңғырық»  романында  соғыс 

жылдары  совет  халқының  басына  туған 

ауыртпалық  кезең,  елдің,  ердің  жанқиярлық 

ерлігі  суреттелген.  Романның    бас  кейіпкері 

Шыңғыс етігімен су кешкен, от пен оқтың арасында сомдалған 

қазақ жауынгерінің көркем бейнесі іспетті. 

 

«Аптаған  оттың  ішінде»,  «Қашқын»  повестерін  деректі 



шығармалар деуге де болады, өйткені мұндағы оқиғалар желісі, 

кейіпкерлер 

тағдыры 

нақтылы 


фактілерге, 

деректерге 

негізделген.  

 

Сейітов Сағынғали 

 

Майдангер  көзімен  [Өлең]  /  С.Сейітов.-



Алматы: Санат, 2005.-208 б. 

 

Майдангер  ақынның  бұған  дейін  жарық 



көрген  «Сеңгір»  (1997),  «Самғау»  (2001) 

өлеңдер жинақтары негізінде Ұлы Отан соғысы 

жеңісінің  60  жылдығына  арналып  «Майдангер 

көзімен»  кітабы  назарларыңызға  ұсынылап 

отыр. 

15 


Қазыбаев Кәкімжан 

 

Таңдамалы  шығармалары.  Т.1  [Мәтін]  / 



К.Қазыбаев.-Алматы: Arna-b, 2009.- 400 б. 

 

Жазушының 



таңдамалы 

туындыларының  төрт  томдығының  бірінші 

кітабына 

оның 


«Ызғар» 

романы 


мен 

«Найзағайдай  жарқылдап...»  және  «Отпен 

жазылған  өмірбаян»  повестері  енген.  Олардан 

оқырман  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы 

ауыл  өмірін  көз  алдына  келтіріп,  халық  қаһармандары 

Бауыржан  Момышұлы  мен  Рақымжан  Қошқарбаевтың  асқақ 

адамгершілігі мен асқан ерлігіне қаныға түседі. 

 

 



Таңдамалы  шығармалары.  Т.2  [Мәтін]  /  К.Қазыбаев.-

Алматы: Arna-b, 2009.- 400 б. 

 

Жазушының 



таңдамалы 

туындыларының 

төрт 

томдығының  екінші  кітабына  оның  «Аманат»,  «Құпия  құты» 



және «Қышыма» повестері енген. Мұнда тыл өмірінің майданға 

пара-пар  қиындықтары,  сол  қиындықтарды  қайыспай  жеңіп 

шыққан ел ерлігі жырланған. 

 

Қайсенов Қасым 



 

Жау  тылында  [Мәтін]  /  Қ.Қайсенов.-

Алматы: Санат, 2005.-288 б. 

 

Халық  қаһарманы,  Ұлы  Отан  соғысы 



партизан 

отрядының 

командирі 

Қасым 


Қайсеновтың  «Жау  тылында»  (1967)  кітабы 

Ұлы  Отан  соғысы  жеңісінің  60  жылдығына 

орай қайтадан шығарылып отыр. 

 

Онда  партизан  жазушының  Украина, 



Молдова,  Венгрия  жерлерінде  жүріп,  жау  тылында  жасаған 

ерліктері  шығарма  арқауына  айналған.  Оқиғалар  шынайы 

суреттеледі.  Оның  әр  бір  жолынан  Отанға,  елге,  туған  жерге 

деген шексіз сүйіспеншілік рухы сезіледі. 

 

 

 

 

 



Қайсенов Қасым 

 

Жау  тылындағы  бала.  Повестер  мен 



әңгімелер  [Мәтін]  /  Қ.  Қайсенов.-Алматы: 

Атамұра, 2003.-208 б. 

 

Көрнекті  жазушы  Қасым  Қайсенов  бұл 



кітабында  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  жау 

тылындағы  партизандардың  басқыншыларға 

қарсы  жасаған  зор  ерліктерін  және  өзінің 

ауылда 


өткен 

балалық 


шағын 

үлкен 


тебіреніспен суреттеп жазған. 

 

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. 



 

Қайсенов Қасым 

 

Партизан 



соқпақтары 

[Мәтін] 


Қ.Қайсенов.- Алматы: Жазушы, 1978.-568 б. 

 

Бұл кітаптың авторы – Ұлы Отан соғысы 



жылдарында арнаулы тапсырмамен жау шебіне 

жіберіліп, 

онда 

партизан 



топтары 

мен 


құрамаларын ұйымдастыруға белсене қатысқан 

кісі.  Ол  соғыс  кезінде  Закарпатьедегі  аты 

аңызға  айналған  Чапаев  атындағы  құраманың 

партизан отрядына басшылық жасады. 

 

Қ.Қайсенов  шығармаларының  ерекшелігі  –  Ұлы  Отан 



соғысының  суреттері,  жау  тылындағы  партизандардың  өжет 

қимылдары  көзбен  көріп,  тікелей  араласқан  куәгердің  атынана 

баяндалады. 

 

Кітапқа  жазушының  неміс  фашистеріне  қарсы  күреске 



қарапайым совет адамдарының ержүрек партизандарының ерлік 

әрекеттерін сипаттайтын ең тәуір шығармалары енгізілді. 

 

Қайсенов Қасым 

Таңдамалы.  Повестер  мен  әңгімелер 

[Мәтін] /  Қ.Қайсенов.-Алматы: Жазушы, 1987.-

528 б. 


Оқырман  қауымға  кеңінен  танымал 

партизан  жазушы  Қасым  Қайсеновтың  бұл 

жинағына «Жау тылында», «Жас партизандар», 

«Жау     тылындағы     бала»,     «Бейбіт    күнгі  

 



Отан  соғысының  отты  жылдарынан  бастап  соңғы  күндеріне 



дейінгі  ұлағатты  өмір  жолын  шынайы  фактілер  аясында 

қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: 

бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді. 

 

Нұршайықов Әзілхан 

Боздақтар  [Мәтін]  /  Ә.Нұршайықов.-

Алматы: Санат, 2005.-272 б., 24 илл. 

 

Жазушы 


Әзілхан 

Нұршайықовтың 

«Боздақтар»  әскери  шығармалар  жинағында 

Ұлы 


Отан 

соғысы 


кезінде 

Қазақстанда 

жасақталған  100  –  атқыштар  бригадасының 

өмір 


тіршілігі, 

Отан 


қорғауға 

қалай 


дайындалғаннан бастап, отты жылдар кезіндегі 

жекелеген  адамдар  ерлігі  сөз  етіледі.  Естелік  тарихи 

құжаттармен тұжырымдалаған. 

 

Омаров Сейтжан 

 

Арман  асуы.  Повестер  мен  әңгімелер 



[Мәтін]  /  С.Омаров.-Алматы:  Жазушы,  1987.-

448 б. 


 

Қаламгер  Сейтжан  Омаровтың  бұл 

жинағына  оқырмандарға  бұрыннан  таныс 

«Өмір  тынысы»,  «Айымбет»,  «Дала  әуендері» 

повестері және бір топ әңгімелері еніп отыр. 

 

Кітапта  Ұлы  Октябрь  революциясының 



нұрлы  шуағымен  өскен  адамдар  тағдыры,  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарындағы 

совет 

жауынгерлерінің, 



тылдағы 

еңбек 


адамдарының  ерлік  істері,  қиын-қыстау  күндердегі  достығы, 

мейірбандығы  және  бүгінгі  замандастарымыздың  жарқын 

бейнелері суреттелген. 

 

 



 

 

 

 

 

 

14 


тауып,  оқу  іздеп  қалаға  қашуы  айқын  бейнеленеді.  Соғыс 

кезіндегі  жауынгерлердің  өмір  шындығы  ғана  емес,  сонымен 

қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді. 

Нұрпейісов Әбдіжәміл 

 

Курляндия  Т.1  [Мәтін]  /  Ә

.Нұрпейісов.-

Алматы: Өлке, 2005.-320 б. 

 

Қазақстанның 



көрнекті 

жазушысы 

Ә.Нұрпейісовтің  «Курляндия»  романы  1950 

жылы шыққан  алғашқы  атауымен  екінші  рет  ( 

кейін  «Күткен  күн»  атауымен  төрт  рет 

шыққан)  басылып,  оқырмандарға  ұсынылып 

отыр. 

 

Романда Курляндия жерін неміс басқыншыларынан азат 



ету жолындағы кеңес жауынгерлерінің, партизан отрядтарының 

қажырлы  ерлігі,  азаматтық  тұлғасы  сипатталады.  Олардың 

арасындағы  халықтар  достығы,  бауырмалдық,  азаматтық  ар 

тазалығы,  адалдық  проблемасы,  махаббат  сезімдері,  жеке 

адамдар  арасындағы  арамзалық,  жылпостық,  өсек  секілді 

әдепсіздіктер  шынайы,  көркем  тілде,  елеулі  оқиғалармен 

суреттелген. 

 

Нұршайықов Әзілхан 

 

Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог [Мәтін] 



/  Ә.Нұршайықов.-Алматы:  Атамұра,  2004.-400 

б. 


 

Қазақстанның  халық  жазушысы,  Абай 

атындағы  мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты 

Әзілхан  Нұршайықов  -  бұрын  оқушы  қауымға 

көптеген 

әңгіме, 


повесть 

жинақтарымен, 

«Махаббат, 

қызық 


мол 

жылдар» 


атты 

романымен кең танылған жазушы. 

 

«Ақиқат  пен  аңыз»  деп  аталатын  бұл  кітап  Ұлы  Отан 



соғысының  даңқты  қаһарманы,  гвардия  полковнигі  Бауыржан 

Момышұлының 

азаматтық, 

ерлік 


тұлғасын 

мүсіндеуге 

арналған. Автор Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, 

Совет  Армиясының  үздік  мектебіндегі шыңдалу кезеңін, Ұлы  

 

13 


кездесулер»  атты  таңдаулы  шығармалары  топтастырылды. 

Бұларда  майдангер  жазушы  қарапайым  совет  адамдарының 

ерлік істерін нанымды да әсерлі баяндайды. 

 

Қамбаров Қапан 

 

Жаза.  Роман  [Мәтін]  /  Қ.Қамбаров.-



Алматы: Жазушы, 1994.-400 б. 

 

Майдангер жазушы  Қапан  Қамбаровтың 



«Жаза» романы  

«Жазушы» 

баспасынан 

1987 


жылы 

жарық 


көрген 

«Ашыну» 


романының  жалғасы,  диологияның  екінші 

кітабы  болып  табылады.  Бірінші  кітаптың 

негізгі 

кейіпкерлері 

екінші 

кітаптың 



өн 

бойында,  Панфилов  дивизиясының  құрамында  Москва  үшін 

шайқасады. 

 

«Жаза» романында генерал Панфиловтың қолбасшылық, 



адамгершілік  тұлға-бейнесі  жасалады  ол  басқарған  құраманың 

фашизммен арпалыстағы өшпес ерлігі суреттеледі. 

 

Қаһарман  қыз  Хиуаз.  (Әскери  ұшқыштың 

жазбалары,  естеліктер,  очерктер,  мақалалар, 

сұхбаттар,  өлеңдер).-Алматы:  Ана  тілі,  2012.-

296 б. + 16 бет қосымша (фотосуреттер). 

 

Жастық 


шағы 

отты 


жылдардың 

шарпуында  өтіп, сұрапыл соғыстың  күркіреген 

күндері 

мен 


түндерінде 

қырандай 

қайсарлығымен  қаһармандық  танытқан  Хиуаз 

Доспанованың  ерлігі  елге  өнеге,  ұрпаққа  үлгі 

десе  де  болады.  Есімі  әйгілі  қаһарман  ұшқыштың  мерейлі  90 

жылдығына  арналған  бұл  жинаққа  Хиуаз  Доспанова  жайлы 

деректі  дүниелердің  бір  шоғыры  іріктеліп,  топтастырылып 

берілді. 

 

Ол  жайындағы  очерктер,  сұхбаттармен  қоса  әскери 



ұшқыш,  Ұлы  Отан  соғысының  ержүрек  жауынгері,  қазақтың 

қаһарман  қызы  Хиуаз  Доспанованың  әскери  баяндары  да 

ұсынылып отыр. 

 

 



 

10 


Қуанышбаев Мейірхан 

 

Тайталас. 



Повесть 

[Мәтін] 


М.Қуанышбаев.-Алматы: Жазушы, 1983.-248 б. 

 

«Тайталас» 



жазушының 

төртінші 

повесі.  Бұл  шығарма  үлкен  екі  бөлімнен 

тұрады.  Кітаптың  жалпы  мазмұны  Ұлы  Отан 

соғысы  одан  кейінгі  ауыр  жылдардағы  ауыл 

адамдарының  өмірін,  қоғамдық  еңбектегі, 

әлеуметтік  тұрмыстағы  ар  тазалығы  мен 

адамгершілік  мақсат-мүдделерін,  сол  жолдағы  іс-әрекеті  мен 

мінез-кейіпін бейнелеуге арналған. 

 

Момышұлы Бауыржан 

 

Москва  үшін  шайқас.  Роман  [Мәтін]  / 



Б.Момышұлы.-Алматы:  Жазушы,  2009.-328  б.- 

«Қазақтың 100 романы» сериясы. 

 

Жазушы 


Б.Момышұлының 

«Москва 


үшін 

шайқас» 


романы 

қазақ 


әдебиеті 

тарихындағы  соғыс  тақырыбына  жазылған 

тұңғыш  шығарма,  әрі  әскери  мемуар.  Соғыс 

ауыртпалықтары  мен  1941-1945  жылдардағы 

өзінің  көзімен  көрген,  қолымен  ұстаған  іс-әрекеттері  автордың 

көзқарасымен шынайы беріледі. 

 

Мұратбеков Сайын 

 

Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т.1: 



Повестер.-  [Мәтін]  /  С.Мұратбеков.-Алматы: 

Қазығұрт, 2003.- 400 б. 

 

Екі  томдық  шығармалар  жинағының 



бірінші  томына  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары 

мен  одан  кейінгі  қиын  кезеңдегі  қазақ 

ауылының 

тыныс-тіршілігі 

арқау 

болған 


туындылары енді. 

 

 



 

 

 



 

11 


Мұртаза Шерхан 

 

Соғыстың  соңғы  жесірі.  Әңгімелер 



[Мәтін] / Ш.Мұртаза.-Алматы: Атамұра, 2003.-

256 б. 


 

Қазақстан 

Республикасының 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан 

халық 

жазушысы 



Ш.Мұртазаның 

бұл 


жинағына оның  әр жылдары жазған әңгімелері 

топтастырылған.  Оларда  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарындағы  және  одан  кейінгі  ауыл  өмірі, 

адам  тағдыры  мен  мінезінің  қилы-қилы  қалтарыстары, 

адамгершілік,  достық  пен  махаббат  және  табиғат  қорғау  жайы 

үлкен шеберлікпен шынайы бейнеленген. 

 

Жинақ жалпы оқырман қауымға арналған. 



 

 Мүсірепов Ғабит 

 

Таңдамалы.  Үш томдық.  Романдар және 

поэма 

 

[Мәтін] 



Ғ.Мүсірепов.-Алматы: 

Жазушы, 1980.-Т.3.-584 б. 

«Қазақ 


солдаты» 

романы 


майдан 

шындығы  туралы  көрініс  тапқан  патриоттық 

тақырыптағы туынды. Бұл шығарма бүкіл қазақ 

әдебиетінің 

проза 

саласында 



екінші 

дүниежүзілік  соғыс  тақырыбына  арналған 

тұңғыш 

туынды 


және 

жазушы 


Ғабит 

Мүсіреповтің  тұңғыш  романы.  Шығарма  қазақ  әдебиетіндегі 

соғыс  тақырыбында  жазылған  таңдаулы  шығармалардың 

санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс 

кезіндегі  халықтың  басқыншыларға  қарсы  патриоттық  сезімі 

мен  күресін  шынайы  бейнелеген  романда  жазушы  өзіндік 

шығармашылық  өрнекпен  отты  жылдардың  көркем  шежіресін 

жасады.  Нақтылы  кейіпкерлердің  жинақталған  бейнесі  арқылы 

бүкіл  халықтың,  елдің  ерлік  бітімін  көрсетті.  Сонымен  қатар 

романда 


тұңғыш 

рет 


әр 

түрлі 


ұлттағы 

халықтардың 

бауырмалдық  достығы  көрсетілді.  Жауынгерлердің  өшпес 

ерлігі,  еліне,  жеріне  деген  патриоттық  сезімі  сипатталды. 

Романның  бірінші  бөлімінде  Қайрош  Кеңестік  тәрбие  көрген 

азамат,  оның  жастық  шағы,  өсіп,  ер  жетуінде  өмірде жолын  



 

12 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал