«Жалымбетов Қ.» медициналық орталығының өсу тарихы 4



жүктеу 0.95 Mb.

бет1/8
Дата28.02.2017
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

МазМұны

«Жалымбетов Қ.» 

медициналық орталығының өсу тарихы        4 

Құдайберген Жалымбетов

Дені сау адам – 

табиғаттың ең қымбат жемісі                             6

Серікбай Трұмов

Адам үшін денсаулықтан артық  

бағалы зат жоқ                                                            7

Мұрат Сарыев

Білікті маман, құрметті азамат                         8

Құттықтау                                                                   10

аман Орыналиев, нұргул Утебаева 

Көрсеткіштер                                                             12

айгүл Ешниязова

Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесінде                    16 

Совет-Хан Ғаббасов

Құдайберген ініме!                                                 21

Бесінбай Бегеніш

Өмір өзегі – денсаулықта                                    22

Шәкен қажы Шынтаев

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің...   24

Құдайберген Жалымбетов 

Үлкен жүрек және рухани байлық иесі        26

Өтеулі Сарыбек

Бірінші байлық – денсаулық                              28

закария Исағұлов 

Ауырмаудың жолын іздейтін орталық         32

Орынгүл Смағұл

Жанға дауа, тәнге саулық 

сыйлаған дәрігер                                                     35

Орынгүл Смағұл



«Халық медицинасы мен ресми медицина  

саласының өзара байланыстары мен  

айырмашылықтары                                               40

Құдайберген Жалымбетов

Аппараттар                                                                 44

Мамандығым – мақтанышым                         52

Мынболды Бакешқызы

Ультрадыбыс медицинаға қызмет етеді     54

Халида Орынбасарова

Ауруды емдеме, адамды емде                       55

Дина Құрманбаева 

Су-Джок терапия 



                                         56

Әбді-Серік Қарақұлов

Өмір тыныс алудан басталады                         57 

анарбай Баймұратов

Қант диабеті – көздің қатерлі індеті               58

Светлана атакузиева

Мейірімділік – дертке дауа                                59

Бақыт Жүкенова

Рентген – дәрігердің басты көмекшісі          60

Болат нұрлыбаев

Тән тазалығы – жан тазалығы                          61

Рысқайша Смайылова

Ұрпақ денсаулығы – ана денсаулығында    62

Ләззат Сәрсенова

Еңбек сапасы – тәрбиеде                                     63

алмагүл Үрбісінова

Тіс саулығы – денсаулық кепілі                       64

ұлболсын Құттымұратова, Әділ алтаев

Қан – дерттің айнасы                                             66

Гүлшарат Қорабаева

Денсаулықтың 10 құпиясы                               68

Құдайберген Жалымбетов



4

«Жалымбетов Қ.»  

медициналық орталығының өсу тарихы

«Жалымбетов Қ.» медициналық орталығы – көп профильді, 

заманауи технологиямен қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі 

бастапқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсете 

алатын, интеллектуалды мамандары бар жекешеленген емдеу- 

сауықтыру мекемесі.

Медициналық  орталық  2004  жылы  06  мау-

сымда  қарапайым  ғимаратта  ашылып  қызмет 

көрсете бастады. Алғашқыда үш дәрігер, алты 

мейірбике қызмет көрсетті. 2005 жылы «АТФ» 

АҚ  банкісі  арқылы  жылдық  заем  сомасынан 

22  пайыз  сыйақы  есебінен  21  миллион  тенге 

кредит алып, ЭКГ, УЗИ, флюороқондырғы, фи-

зиоаппаратуралар алынды.

2006-2009 жылдары ауданы 1200 ш.м құрай-

тын осы орталықтың заманауи сұраныстар мен 

талаптарға  сай  келетін  жаңа  ғимараты  салы-

нып болды. 

Орталық  2  бөлімнен:  емхана  және  ауруха-

надан  тұрады.  Емхананың  тіркеу  орнында 

келушілер көп күтіп тұрмас үшін 3 терезе жұ-

мыс  істейді.  Тіркеу  орны  толық  автоматтан-

дырылған,  3  компьютер  қондырғысы  қызмет 

көрсетеді. Келген пациенттердің барлық меди-

циналық  ақпараттары  компьютер  мұрағатында 

сақталады.  Дәрігерлердің  жұмыс  орындары 

компьютермен жүйеленген. Гинеколог, офталь-

молог, оториноларинголог кабинеттері заманауи 

диагностикалық және емдеу құралдармен жаб-

дықталған (лор-эндовидеоскоп, тонзилор, коль-

поскоп,  сургитрон,  периметр,  автокератометр, 

автотонометр т.б.).

Емхананың  кірісінде  дәріхана  орналасқан. 

Мұндағы дәрі-дәрмек арзандатылып сатылады, 

сонымен қатар провизорлар ауруларға дәрі ту-

ралы толық мәлімет береді.

Орталықта  флюородиагностикалық  кабинет, 

зертхана,  физиотерапиялық  бөлім,  ультрады-

быспен  тексеру  (УДТ)  кабинеті,  ЭКГ,  ауди-

ометрия  және  ине  салу  (су-джок),  сүлікпен 

емдеу кабинеттері екі ауысым бойы қызмет көр-

сетеді. Физиотерапиялық бөлімде су асты мас-

сажы, бу бөшкелерінде емдік шөп қоспаларымен 

және  пантамен  емдеу,  парафин  және  емдік 

балшықпен  емдеу  кабинеттері  мен  емдік  сау-

на бөлмелері бар. Сонымен қатар озон, лазер, 

биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз 

қызмет  көрсетеді.  Косметология  бөлімінде  тоқ 

ішекті  Колон  гидромат  аппаратымен  тазарту, 

бауыр, бүйрек, өт жолдарын емдік шөп қоспа-

ларымен  тазарту,  тері  асты  майын  озонмен 

жұқарту,  бетті  гельдермен,  лазермен,  озонмен 

тазарту,  беттегі  безеулер  мен  секпілдерді,  ты-

ртықтарды  кетіру  қызметтері  көрсетіледі.  Бет 

қыртыстарын жаңа тәсілмен жою қолданылады 

(озонотерапия, лазерлық биореабилитация, ла-

зерлық-вакуумды массаж, лазерофорез). Хирур-

гиялық  аурулардың  амбулаториялық  түрлері-

не (іріңді жаралар, атерома, липома, гигрома, 

дермоидтық  кисталар,  варикоцеле,  жұмыртқа 

мен  шауhат  түтікшелері  жылауықтары,  кіндік, 

шап жарықтары, көтеу т.б.) ота жасалады. 

Орталықта  15  жатын  орынды  тәулік  бойы 

жасайтын стационар, 10 жатын орынды 2 ауы-

сымды  күндізгі  стационар  бар.  Жатын  бөлме-

лер  жеке  санитарлық-гигиеналық  құралдармен 

жабдықталған.  Әр  бөлмеде  тоңазытқыш,  теле-

дидар,  киім  ілгіш  шкафтар  орналастырылған. 

Жыл сайын тәулік бойы жасайтын стационарда 

500 науқас емделсе, күндізгі стационарда 1200 

науқас ем алады.


5

Сонымен  қатар  күніге  емханаға  150  науқас 

келіп кеңес, ем алады. Жылына 50000 үстінде 

кіріп-шығыс  болады,  оның  30  пайызы  профи-

лактикалық алдын ала тексерілу, немесе 16000 

адам.  Флюорографиялық  тексеруден  жылына 

орташа  15000  адам  өтеді,  оның  10-12  –  өкпе 

туберкулезі. Профилактикалық тексеруден өткен 

адамдардың 30 пайызынан емделуге тиісті ауру 

тіркеледі, яғни олар 4800 адамды құрайды. 

Егер бұл жағдайды қала шеңберінде талдасақ, 

онда  қазіргі  барлық  емханаларды  реформалай-

тын уақыт жеткен сияқты. Қалаға көп профиль-

ды  оңалту  орталығы  керек.  Американың  да, 

Жапонияның  да  менеджментінсіз  өзіміздің  қа-

зақи абзал дәрігерлеріміз арқылы халқымыздың 

саламаттылығын сақтауымыз керек.

Емдеу барысында отандық, ресейлік және ше-

тел  медицинасының  озық  технологиясы  қолда-

нылады.  Мысалы:  плазмоферез,  криотерапия, 

криохирургия, озонотерапия, лазеротерапия, ине 

салу, сүлік салу, бумен бұлау, қан тазарту т.б.

Орталықта дәрігерлерге арнайы талон арқылы 

кіру  ұйымдастырылған.  Кез  келген  маманға 

тіркеу  орны  арқылы  қалаған  уақыттарыңызға 

кезекке жазылуға болады. 

Орталық  жеке  адамдармен  және  кәсіпорын-

дармен тікелей қызмет жасайды, сонымен қатар 

ерікті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы 

да қызмет алуға болады.

Медициналық орталықтың табысты еңбек етуі, 

атақ-абыройы – ол ішкі және сыртқы менед-

жментті  жүргізу  қабілеттілігі.  Менеджмент  – 

белгілі бір заттарды басқару емес, ол адамдар-

ды басқару арқылы керекті заттарды алу өнері. 

Ішкі менеджмент:

1) басқару: 

а) ұжымды басқару; 

б) шаруашылықты басқару;

2) ынталандыру: 

а) еңбекті бағалау; 

б) әлеуметтік демеу

в) сый-сыяпат көрсету;

3) білімін көтеру;

4) сұранысқа сай талап қою;

5) моральдық тәрбие.

Сыртқы менеджмент:

1) мекеменің саяси, экономикалық, әлеуметтік 

құрылымдағы орнын анықтау;

2) жарнамалау саясаты;

3)  мемлекеттік,  қоғамдық,  мемлекеттік  емес 

ұйымдармен байланыс.



Орталық  емделушілерге  бірнеше  ыңғайлы 

әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады:

- дәрігерге кіріп, кеңес алуға 1 айдың ішінде 

1 рет ғана прейскурант арқылы ақша төлейді;

- емделу барысында қайта кіру ақысыз;

- 6 айдың ішінде бұрынғы науқасымен қайта 

келсе, кіру бағасы 50% арзандатылады;

- I-II топтағы мүгедектерге, ҰОС ардагерлері-

не 25% жеңілдік;

-  орталық  қарым-қатынас  жасайтын  ұйымдар 

мен кәсіпорындар жұмыскерлеріне 15% жеңілдік;

- медицина қызметкерлеріне 30% жеңілдік.

Орталық өз қызметкерлеріне төмендегі әлеу-

меттік жеңілдіктерді жасайды:

- жыл сайын штаттық бірліктердің өсуі – қы-

зметкерлердің қосымша қызмет жасауына мүм-

кіншілік береді және жалақысы өседі;

- бекітілген штаттық кесте қысқартылмайды;

- әкімшілік тарапынан себепсіз қызметтен бо-

сату болмайды;

- әкімшілік еңбекшілердің кіріс және әлеумет-

тік салығын төлейді;

- еңбекті салыстырмалы ақымен төлейді, озат 

қызметкерлер сыйақы алады;

-  қосымша  қызмет  жасағандарға  үстеме  ақы 

төленеді;

- дәрігерлік кеңес алу тегін;

- ем алу 50% жеңілдетіледі;

- дәрі-дәрмек көтерме бағасымен сатылады;

- стоматологиялық қызмет 30% арзандатылады;

- ата-аналары немесе отбасы мүшелері қайтыс 

болғанда материалдық көмек көрсетіледі;

-  білімін  жоспарлы  жетілдіргенде  оқуының 

құны өтеледі;

- жаңа технологияны игеріп, енгізу үшін дәрі-

гердің шығыны толық өтеледі;

-  орталықтың  шақыруымен  сырттан  келген 

мамандардың тұрғын үй жалға алу бағасы өте-

леді;


-  30-40-50-60  жас  мерейтойларда  және  зей-

нетке шыққанда бір айлық шамасында сыйақы 

беріледі.

Құдайберген Жалымбетов



6

Дені сау адам –  

табиғаттың ең қымбат жемісі

 Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

Жолдауында 2030 жылға дейін  

экономикалық, әлеуметтік биік-

терге көтерілу үшін рухани бай-

лықтың, денсаулықтың қажет- 

тігі зор екендігі атап көрсетіл-

гені мәлім. 

Қазақ  елінің  жарқын  болашағын,  гүлденген 

экономикасын дені сау, саналы азаматтар жа-

сайтынын ескерсек, Елбасының дәрігерлік-сани-

тарлық  көмек  сапасын  жақсартуға,  қоршаған 

ортаны  таза  ұстауға,  бала  мен  ананың  ден-

саулығын сақтауға, тіпті халықты ауыз сумен 

жабдықтауға дейін қамтыған бұл Жолдауынан 

халқына  деген  жанашырлық,  еліне  деген  сүй-

іспеншілігінің айқын көрінісі тұр. 

Әрине,  Жаңаөзен  халқының  денсаулығын 

сақтауына  өзіндік  қолтаңбасын  қалдырып  үл-

герген  Құдайберген  Жалымбетов  басшылық 

ететін  орталықтың  Елбасы  Жолдауына  үлесі 

– жасаған қызметі деуге болады. Кәсіпкерлік 

қырын кәсіби бағытқа, ел саулығының мүддесі-

не  арнаған  азаматты  Гиппократ  антына  адал 

жан демеске бола ма?!

«Жалымбетов  Қ.»  медицина  орталығы  2004 

жылдан бері Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін 

сапалы қызмет етіп келе жатыр. Қала халқы-

ның саулығы үшін жағдай жасап, тірі ағзаның 

әр тіні үшін ем-шарасын дайындап, алғашында 

3  дәрігер,  6  мейірбикемен  қызметін  бастаған 

орталық,  уақытпен  бірге  өркендеп,  бүгінгі 

таңда көп профильді, заманауи технологиямен 

қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі бастапқы 

және  мамандандырылған  медициналық  көмек 

көрсете  алатын,  интеллектуальды  мамандары 

бар  емдеу-сауықтыру  мекемесіне  айналғанына, 

дәрігерлер  М.Жалымбетова,  Д.Құрманбаева, 

Х.Орынбасарова,  А.Қарақұловтарға,  медбике-

лер А.Үрбісінова, Г.Ақбаеваларға арналған ел 

алғыстарына куәміз. 

А.Шопенгауэр:  «Біздің  бақытымыздың  оннан 

тоғызы денсаулығымызға байланысты» десе, ха-

лық саулығын ойлай отырып, олардың жарқын 

болашағы  үшін  жасаған  қызметі  –  медици-

налық  орталықтың  ел  тағдырына  алаңдағаны, 

салауатты өмір салтын насихаттағаны дер едім. 

  Ал  мен  білетін  осы  орталықтың  басшысы 

Құдайберген  Жалымбетов  елінің  шынайы  па-

триоты, елжанды азамат, іскер дәрігер. Қоғам-

дық,  мәдени  жұмыстардың  ұйымдастырушысы, 

өз  кезегінде  денсаулық  саласы  бойынша  жас 

ұрпаққа  өнеге  көрсетіп,  дәріс  берер  ағартушы 

деп бағалаймын. 

Осы саладағы еңбектеріңіз ел алғысына бөле-

не берсін! 

Серікбай Трұмов

Жаңаөзен қаласының әкімі



7

адам үшін денсаулықтан  

артық бағалы зат жоқ

Қазақ даналығында «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деп бекер айтпаса 

керек.  Жаңаөзен  халқының  денсаулығын  сақтауына  өзіндік  қолтаңбасын  қалдырып  үлгерген 

Құдайберген Жалымбетов басшылық ететін «Жалымбетов Қ.» медицина орталығы 2004 жылдан 

бері Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін сапалы қызмет етіп келе жатыр. 

Осы бағытта денсаулығын профилактикалық тексеруден өткізетін, сырқатына ем іздеген жандар 

үшін аталған орталық отандық, ресейлік және шетел медицинасының озық технологиясын: плазмо-

ферез, криотерапия, криохирургия, озонотерапия, лазеротерапия, ине салу, бумен бұлау, қан та-

зарту, сүлік салу секілді ем-шаралары арқылы талай жанның алғысын алып, дертіне шипа болды. 

Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Дені сау болса, ел мықты, ұлт ырыздықты, 

ұрпақ болашағы жарқын болмақ. «Жалымбетов Қ.» медициналық орталық қызметкерлерінің елдің 

денсаулығын жақсартуға бар күшін жұмсап аянбай еңбек еткендеріне де аттай он жыл болыпты. 

Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға құт-береке, еңбекте мол ырыс-несібе тілеймін. Халық 

денсаулығын сақтауда талмай еткен еңбектеріңіз ел алғысына бөлене берсін!



Мұрат Сарыев,

Жаңаөзен қалалық  

денсаулық сақтау ісінің  

үйлестірушісі



8

Құдайберген Жалымбетов 

–  

ССРО денсаулық сақтау ісінің 



үздігі, медицина докторы,  

хирург, Қазақстанның 

жұлдызды емшісі,

Құртқа Тәуіп, М.Нострадамус, 

«Экология» халықаралық

академияларының академигі,

Қазақстан Халық және рухани 

емшілер ұйымының 

құрметті мүшесі. 

Білікті маман, құрметті азамат

Білікті маман, құрметті азамат


9

1996-2003  жылдары  Ақтөбе  облыстық  денса-

улық  сақтау  басқармасының  экономика  және 

реформалау бөлімінің бастығы, емдеу ісі жөнін-

дегі  орынбасары  қызметтерін  атқарды.  2004 

жылы Жаңаөзен қаласында жеке медициналық 

орталық ашты.

Жоғары  экономикалық  білімді,  ССРО  ден-

саулық  сақтау  ісінің  үздігі,  жоғары  дәрежелі 

оташы,  гирудотерапевт,  уролог-андролог,  мам-

молог  және  ультрадыбыспен  зерттеу,  эндоско-

пия, криохирургия саласының тәжірибелі мама-

ны, сонымен қатар денсаулық сақтау саласына 

еңбегі  сіңген  ұйымдастырушы-әдіскер,  эконо-

мист-менеджер.

Құдайберген  Ысқақұлы  1996  жылы  Денсау-

лық сақтау министрлігінің комиссиясының құра-

мында Финляндия, Англия мемлекеттерінде іс 

сапарда болып, денсаулық сақтау саласын же-

кешелендіру  мен  реформалау  әдістерін  игерді. 

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында тұрғындарға 

алғашқы  медициналық  көмек  ұйымдастыру 

жүйесін  (аймақтық  медицина  бірлестігі,  аку-

шерлік-педиатрлік-терапевтік  кешен)  құрды. 

Дегенмен,  бұндай  жүйе  әлі  күнге  дейін  өз 

жақтаушыларын таба алмай, денсаулық сақтау 

жүйесі тоқыраудан шыға алмай келеді. 

Жалымбетов Қ. Ы. – табиғи дарынды дәрі-

гер-емші.  2008  жылдан  бастап  Қазақстан  Ре-

спубликасының  халық  және  рухани  емшілер 

мекемесінің толық мүшесі, «Қазақстанның жұл-

дызды емшісі» орденінің жүлдегері, М. Ностра-

дамус, Құртқа Тәуіп атындағы қоғамдық акаде-

миялардың академигі. 2013 жылы халықаралық 

«Экология»  академиясының  академигі  атағы, 

медицина докторы кәсіби дәрежесі берілді.

Құдайберген  Жалымбетов  –  Қазақстанның 

халық және рухани емшілер ұйымының Манғы-

стау  облысы  мен  Жанаөзен  қаласы  бойынша 

төрағасы. Оның кәсіби арманы мен алға қойған 

мақсаты  –  кең  профильді  дәрігерлер  дайын-

дап, науқастың ағзасын кешенді емдеу арқылы 

жетістікке жету. Сонымен қатар ол қазіргі меди-

цина мен халық емшілігінің озық әдістемелерін 

үйлестіре пайдалану жолында еңбек етуде.

Жалымбетов Құдайберген Ысқақұлы – Алматы мемлекеттік ме-

дицина институтының түлегі. Дәрігерлік еңбек жолын 1975 жылы 

Жаңаөзен қаласының қалалық ауруханасында хирург болып 

бастаған. 1982-1995 жылдары қалалық балалар емханасының 

бас дәрігері, қалалық аймақтық медицина бірлестігінің бас дәрі-

гері болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол тек қана білікті маман 

ғана емес, сонымен қатар құрметті азамат ретінде қалыптасты.

Құдайберген  Ысқақұлы  ақылы  медицинаның  

жетістіктері  мен  кемшіліктерін  түбегейлі  зерт-

теп, мемлекеттік мекемелердегі ақылы қызмет-

тердің  дұрыс  ұйымдастырылмай  отырғанын 

ашық  айтады.  Сонымен  қатар  отандық  ерік-

ті  сақтандыру  компанияларының  еңбекшілерге 

бөлінген қаржыны бөлу тәсілі медициналық қы-

зметтерге сай емес екенін көрсетіп жүр.

«Шешімін таппаған үздіксіз, көлеңкелі ойлар 

адам  санасын  жаулап  алады.  Осының  салда-

рынан  патопсихологиялық  өзгерістер  өрістеп, 

ағзаның  қызметі  бұзылады.  Сонымен  қатар 

дұрыс  тамақтанбаудың  салдарынан  және  та-

мақтың пайдалы құрамының денеге сіңіп тарал-

мауынан  адамның  иммундық  жүйесі  әлсіреп, 

ағзада  неше  түрлі  уытты  заттар  («шлактар») 

көбейе  түседі.  Ағзада  қан  айналу  жүйесі  бұ-

зылып,  қалпына  келмейтін  органикалық  құ-

былыстар болады», – деп есептейді дәрігер. 

 Ол ресми медицинаның жетістіктерін мақта-

нышпен айта отырып, кемшіліктерін де жасыр-

майды. Хирургия мен клиникалық фармаколо-

гиядағы таң қаларлық табыстар денсаулықтың 

барлық проблемаларын шеше алмағанын қина-

ла баяндайды. Науқастардың емші, тәуіп іздеп 

кету сырларын зерттеген ол Қазақстан халық 

емшілер  орталығының  мүшесі  болды.  Қытай 

халық  медицинасының  қалыптасу  жолдарын 

зерттеп, дерттің дауасын басқаша жолмен ізде-

уді ұйғарды. Өзінің жеке клиникасында ресми 

медицина  мен  халық  медицинасын  ұштастыру 

арқылы  үлкен  нәтижеге  қол  жеткізді.  «Адам 

ағзасы  физикалық  денеден,  жан  және  рухтан 

тұратынына  ешқандай  күмән  болмауы  тиіс. 

Сондықтан  денсаулықты  сақтау  немесе  дерт-

ті  дауалау  алдымен  адам  жанын  сауықтыру 

арқылы жүру керек. Толық қанды емдеу шара-

ларын жүргізу ұшін ресми медицина психопро-

филактика және психотерапия әдістерін кеңінен 

пайдалану шарт», – дейді Құдайберген.



10

Құрметті Құдайберген ысқақұлы 

және Мыңболды Бакешқызы!

1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік 

медицина университетінің «емдеу 

ісі» факультетін бітіріп, өзінің еңбек 

жолын Жаңаөзен қалалық орталық 

ауруханасында анестезиолог-ре-

аниматолог дәрігері қызметінен 

бастады. 1989–1998 жылдары 

Жаңаөзен қалалық орталық ауру-

ханада реаниматология бөлімінің 

меңгерушісі, 2001–2011 жылдары 

Ресейде анестезиология-реанима-

тология бөлімінің дәрігері, 2011 

жылдан бастап Жаңаөзен қалалық 

орталық ауруханасында реани-

матология бөлімінің меңгерушісі 

болып қызмет атқарады. 2012 

жылы ҚР Денсаулық сақтау мини-

стірлігінің мақтау қағазымен, 2013 

жылы Жаңаөзен қалалық әкімінің 

грамотасымен марапатталған.

Сіздердің дәрігерлік өмір жолдарыңыз сонау 1975 жылы киелі Маңғыстау жерінде, Жаңаөзен 

қаласының қалалық орталық емханасынан бастау алып, бүгін ұлан ғасыр тәжірибеге толып, кәсі-

би шыңының басына шығып отыр.

Оған  айғақ  –  сіздер  қай  жерде,  қандай  дәрежеде  қызмет  етсеңіздер  де,  «ақ  халатты  абзал 

жан»  деген  құрметті  атаққа  дақ  түсірген  жоқсыздар.  Медицинаның  шырқау  биікке  өскенін  де, 

биіктен төмен түскенін де бірге көрдіңіздер. Қалай болмасын, өз кәсіби мамандықтарыңызды қа-

стерледіңіздер, барша жұртқа өздеріңізді сыйлата да, тыңдата да білдіңіздер. 

Бас-аяғы 10 жылдың ішінде сәулетті ғимарат салып, 70-тен аса маманнан тұратын ұжым құр-

дыңыздар. 

«Жалымбетов  Қ.»  медицина  орталығы  денсаулық  саласындағы  бітпес  реформасымен  қарап, 

дұрыс жол көрсете алатын клиникаға айналды. 

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығының өзіндік таңбасы бар. Ол «Ауруды емес, адамды емде!» 

деген. 


Құрметті Құдеке!

Сіз  өзіңізге  ғана  тән  қажымас  қайрат,  қайтпас  жігер  мен  халықаралық  «медицина  докторы» 

деген кәсіби дәрежеге қол жеткіздіңіз. 

Сізден еліміздің дәрігерлері де, халықтың да алары әлі алда. 

Сол жолда сізге зор денсаулық, баянды ғұмыр тілеймін. 

Отбасыңызға, әулетіңізге Алланың нұры жаусын! 

Құрметпен Аман Орыналиев,

жиенің, жоғары дәрежелі анестезиолог-реаниматолог 

Аман Орыналиев


11

Құрметті көке, мама!

Утебаева Нұргул 

Құдайбергенқызы,

Шығыс Қазақстан 

облыстық 

онкология  

диспансерінің

эндоскопия бөлімінің

меңгерушісі,  

жоғары дәрежелі

дәрігер-эндоскопиолог

Сіздерді және «Жалымбетов Қ.» медицина орталығының ұжымын 10 жылдық мерейтойларыңыз- 

бен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің жүріп өткен кәсіби жолдарыңызды көз алдыма елестетсем, оның қаншалықты қиын 

болғанын  сеземін.  Сіздер  сонау  70-ші  жылдары  алған  терең  білімдеріңіздің  арқасында  медици-

налық технологияның жоқтығына қарамай адам жанына араша болдыңыздар. Ол уақытта кон-

тактілік томографияны айтпағанда, ультрадыбысты сканер мен эндоскопия да болған жоқ. Тек 

рентген  аппарат  болатын.  Соған  қарамай  сіздер  мыңдаған  аурудың  дертін  дәл  анықтап,  дауа 

таба білдіңіздер. 

Мен сіздердің іздеріңізді өшірмей, аттарыңызға дақ түсірмей өздерің жөргегімнен жүрегіме құй-

ған жылылықты жалау етіп, өздеріңдей ел сыйлайтын дәрігер болуды армандаймын.

Сіздерге осы медициналық орталықты құру, оны осы күйге жеткізу оңай түспегенін білемін.

Өмір бойы жинаған тәжірибелеріңіз бен ұйымдастыру қабілеттеріңіздің арқасында ел алғысына 

ие болып отырсыздар. 

Мен осы орталықта 2006 жылы эндоскопия кабинетін аштым. 

Көке! Сіз жасыңыздың ұлғайғанына қарамай, эндоскопия әдісін тез меңгеріп, өте сауатты пай-

даланасыз. 

Мен сіздерді мақтаныш етемін, сіздердің асыл қасиеттеріңізді өз бойымнан іздеймін.

Сіздерге бақытты да баянды ғұмыр тілеймін! 

Құрметті көке! Сіз Алланың құдіретімен орталыққа атаның атын беріп, ағаның атындағы көшеге 

орналастырып,  осы  кісілердің  рухын  биіктетіп  отырсыз!  Бұл  құдіретті  ісіңіз  –  ұрпағыңа  мұра 

болар іс! Еңбектеіріңіздің игілігін көріңіз!

Беттеріңнен сүйдім. Нұргүл 



12

Көрсеткіштер

«Жалымбетов Қ.» медицина 

орталығы 2004 жылдан бастап 

тұрғындарға қызмет етеді. Меди-

цина орталығының құрамында 

профилактикалық бөлім құрылған. 

Бұл бөлімнің жанынан ЭКГ, аудио-

метрия, спирометрия кабинеттері 

ашылған. Бөлім жұмысқа, оқуға 

түсетіндерге, көлік жүргізушілер-

ге алдын-ала медициналық қарау 

жүргізеді, сонымен қатар кәсіпо-

рындардың зиянды факторлармен 

қызмет жасайтын жұмысшыларын 

жыл сайынғы міндетті медициналық 

байқаудан өткізеді.

Медицина орталығымызда жылдан жылға қы-

зметкерлер саны көбейіп келеді. Кәзіргі таңда 

17 дәрігер, 4 терапевт-дәрігер: М.Б. Жалымбе-

това, Д.С. Құрманбаева, Ж.Г. Абдуллаева, И.С. 

Жұмағалиева,  хирург,  уролог-андролог,  гиру-

дотерапевт Қ.Ы. Жалымбетов, сонолог-дәрігер, 

ультрадыбыс зерттеу жүргізетін Х.Ш. Орынба-

сарова,  отоларинголог  А.  Баймұратов,  невро-

патолог-иглотерапевт Ә.Д. Қарақұлов, окулист 

С.А.  Атакузиева,  кардиолог  Б.С.  Жүкенова, 

гинеколог  Л.А.  Сәрсенова,  дерматолог-косме-

толог  Р.  Смайылова,  эпидемиолог-профпатолог 

А.А. Ешниязова; екі стоматолог – А.А. Алта-

ев, Ұ.Б. Құттымұратова; екі провизор – Е.Е. 

Қайырова, Г. Баймұханова; 30 медбике мен 10 

кіші  қызметкер  және  12  қосымша  қызметкер 

жұмыс жасайды.

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығымыздың 

басты мақсаты – жалпы халыққа қызмет көр-

сету  кезінде  аурудың  алдын  алу  шараларын 

белсенді насихаттау. 

Жаңаөзен  қаласындағы  «УПГФ»  АҚ,  «Кен 

құрылыс сервис» ЖШС, «Мұнай Филд Сервис» 

ЖШС  деген  мекемелер  2005  жылдан  бастап 

жұмысшыларын профилактикалық медициналық 

байқаудан  өткізеді.  Жылдан  жылға  осындай 

Айгүл Ешниязова,

эпидемиолог-профпатолог дәрігері


13

қызметке сұраныс көбейіп келеді. Шамамен 30 шақты мекемелер 

(«Жаңаөзен  қалалық  балалар  ауруханасы»,  «Жаңаөзен  қалалық 

туберкулез  ауруханасы»,  №  19  орта  мектебі,  Қарақұдық  орта 

мектебі,  Құланды  орта  мектебі,  Қашаған  орта  мектебі,  «Самал», 

«Алтын  күн»  бала  бақшасы,  МКК  «ӨзенИнвест»,  МКК  «Өзен-

жылу», «Халық банкі», «Халық инкассация», «CCS» ЖШС, «УПГФ» 

АҚ,  «Бұрғылау»  ЖШС,  «КазГПЗ»  ЖШС,  «Интергаз  ЦА»  АҚ, 

«Қазақстан темір жолы» АҚ, «МРЭК» АҚ, «Мунай Филд Сервис» 

ЖШС, «Кезби» ЖШС, «Кен құрылыс сервис» ЖШС, «Батша Қуан» 

ЖШС, «ТрубРемЦентр» ЖШС, «Мунай экология» ЖШС, «Батыс 

геофизсервис» ЖШС, «Жек Жат-3» ЖШС, «KazTransCom» ЖШС, 

«СП  Теңге»  ЖШС,  «АНЭК»  ЖШС,  «Кендірлі  құрылыс»  ЖШС, 

«Semser Security» ЖШС, «Нұр Барс» ЖШС, «Проектно-строитель-

ный центр» ЖШС, «Dіgital.tv» ЖШС және т.б мекемелер) жылда 

келісім шартқа отырып өз жұмысшыларын профилактикалық ме-

дициналық байқаудан өткізіп отырады.

Медициналық  байқаудан  бөлек  қазіргі  таңдағы  заманауи  ме-

дициналық  сақтандыру  компаниялармен  «НСК»,  «Альянс  полис», 

«Central  Asian  Assistance»,  «Medical  Assistance  Group»,  «Samal 

Medical  Assistance»,  «Архимедес  Казахстан»  т.б.  келісім  шарт 

бойынша  «КазГПЗ»  ЖШС,  «Кен  құрылыс  сервис»,  «Интергаз 

Центральная  Азия  Жанаозен  ЛПУ»,  «Юго-Восточная  сервисная 

группа», «Каракудыкмунай», «Digital.tv» т.б. мекемелердің жұмыс-

шылары  ауырып  қалған  жағдайда  тегін  өз  мекемесі  таңдаған 

программасы бойынша емделуге келеді.



14

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығының  

жылдық қызмет көрсеткіштерінің салыстырмалы кестесі

Дәрігерлерге  қаралып  емделген  адам  саны 

бойынша  2011-2013  жылдың  салыстырмалы  

кестесі:


2011  

жыл


2012  

жыл 


2013 

жыл 


Терапевт 

2262


2488

3234


Кардиолог 

313


344

448


Гинеколог 

454


545

708


Отоларин-

голог 


872

959


1247

Офтальмолог 

706

777


1010

Невропатолог 

941

1035


1346

Хирург


540

680


760

Уролог


480

510


740


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал