Жалғасы 7-бетте Қазақ хандығының бастаулары мен тарихи дәуірі жалғасы 7-бетте



жүктеу 0.5 Mb.

бет1/5
Дата07.09.2017
өлшемі0.5 Mb.
  1   2   3   4   5

2004 жылдың 27 қазанынан шыға бастады

Байқоңыр аумақтық ақпараттық-танымдық апталығы

№ 30 (556) 24 шілде (жұма) 2015 жыл

жалғасы 7-бетте

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ МЕН ТАРИХИ ДӘУІРІ



жалғасы 7-бетте

БИЛІК БАСЫНДАҒЫ АДАМ

Кеше Қазақстан 

Р е с п у б л и к а с ы 

Тұңғыш Президен-

ті  –  Елбасы  кітап-

ханасында  тарих 

ғылымдарының 

докторлары,  про-

фессорлар  Бүркіт-

бай  Аяған  мен 

Әлима  Ауанасова-

ның  Елбасы  Нұр-

сұлтан  Назарбаев-

тың  өмірі  мен 

қызметіне  арналған  «Нурсултан  Назарбаев: 

человек  у  власти»  кітабының  тұсаукесері 

өтті. Оған Парламент депутаттары, диплома-

тиялық  корпустың  өкілдері,  мемлекет  және 

қоғам  қайраткерлері,  ғалымдар,  Мемлекет 

тарихы институтының қызметкерлері, жоға-

ры  оқу  орындарының  оқытушылары,  док-

торанттар  мен  магистранттар  қатысты. 

«Нурсултан  Назарбаев:  человек  у  власти» 

тарихи-өмірбаяндық  кітабы  «Нурсултан 

Абишевич Назарбаев – оснаватель независи-

мого государства», «Нурсултан Назарбаев и 

казахстанская  модель  строительства  госу-

дарства», «Мир о Назарбаеве», «Кемеңгер», 

«Независимый  Казахстан  и  Лидер  нации» 

сынды көптеген еңбектің жалғасы. Авторла-

ры бұл еңбек арқылы ең алдымен, елдің сая-

си шыңына шығып, оны халықаралық сахна-

да  танымал  ете  білген  дарынды  тұлғаның 

өмір  жолын  көрсетуді  көздеген  екен.  Яғни, 

ұсынылған  жаңа  кітапта  алғаш  рет  Қазақ-

станның  болашақ  лидерінің  қалыптасу  жо-

лын, оның әлем қауымдастығы оң бағалаған 

өсу  жолы  баяндалады,  қалыптасқан  мемле-

кеттің  стратегиялық  бағдарын  айқындаған 

ірі  геосаяси  өзгерістер  аясында  мемлекет 

құру  кезіндегі  Қазақстан  Көшбасшысының 

тәжірибесіне  талдау  жасалады.  Тұсаукесер 

рәсімін  ашқан  кітапхананың  атқарушы  ди-

ректоры  Бейсембай  Жұмабеков  кітаптың 

ерекшелігіне тоқтала келе, «онда қазақ қоға-

мының  даму  беталысы,  Елбасының  бұған 

сіңірген  өлшеусіз  үлесі  ғылыми  тұрғыда 

сараланғанын» жеткізді. «Кітап екі бөлімнен 

тұрады. Біріншісінде тәуелсіздік алған жыл-

дардан  бұрынғы  Қазақстанның  экономика-

лық  жағдайы  туралы  айтылса,  екінші  бөлі-

мінде  Президенттің  еліміздің  егемендік 

алған  алғашқы  күннен  бастап  көтерген  ба-

стамалары, ел алдына қойылған мақсат-мұ-

раттар,  тағдырлы  шешімдер  қабылданған 

сәттер  көрініс  тапқан.  Демек,  бұл  құнды 

еңбек өз оқырмандарын табады деген ойда-

мыз», – деді Б. Жұмабеков. Осылай дей келе, 

ол  алғашқы  сөзді  Қазақстанның  тұңғыш 

Сыртқы  істер  министрі,  қоғам  қайраткері 

Төлеутай Сүлейменовке ұсынды. Ол бүгінгі 

күнге дейін Мемлекет тарихы институтының 

бастамасымен осы сарында біршама құнды 

еңбек  жарық  көргенін  айтып,  жаңадан  тұ-

сауы  кесілген  кітап  та  осы  бағалы  дүние-

лердің қатарын толықтыратынына сенім біл-

дірді. «Мен бұл кітапты бірнеше күн бұрын 

қолыма  алып,  онда  қозғалған  жайттармен 

танысып  шықтым.  Кітап  –  ауқымды.  Онда 

көптеген тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек 

Мемлекет басшысының Қазақстан мемлеке-

тінің  қалыптасу  кезеңіне  дейінгі  және  қа-

лыптасу  кезінен  бастап  атқарған  қызметі, 

өмір  жолы  жөнінде  жан-жақты  саралайды. 

Ол  –  тұлға  болып  қалыптасқанға  дейін 

өмірдің  барлық  сатысынан  абыроймен  өте 

білген саясаткер. Яғни, Президент мемлекет 

алдында,  халық  алдында  тұрған  мақсат-

міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін 

жұмсаған.  Міне,  бұл  жайттар  еңбектің  өн 

бойынан көрініп отырады», – деді Т.Сүлей-

менов.  Сонымен  қатар,  ол  Елбасы  қандай 

жағдайда, қандай кезеңде болмасын әрдайым 

өзінің  көшбасшылық,  тұлғалық  қасиетімен 

көріне  білгеніне  тоқталды.  «Бұған  жаңа 

елорда – Астананың негізін қалауды, Семей-

дегі сынақ полигонын жабуды, тәуелсіз қазақ 

мемлекетін  құруды,  басқа  да  қол  жеткізген 

жетістіктерімізді мысалға келтіруге болады. 

Бұл – орасан еңбек. Ол – әрдайым билік ба-

сында.  Ол  –  әрдайым  өзінің  көшбасшы 

қалпында.  Бұған  Елбасы  өзінің  алдына 

қойған  стратегиялық  міндеттерін  орындау, 

сенімділік, прагматизм, еңбекқорлық, ең ба-

стысы – өзінің халқына деген шексіз сүйіс-

пеншілігі  сынды  қасиеттері  арқылы  қол 

жеткізді деп ойлаймын. Бұл жеке қасиеттер 

оны сөзсіз көшбасшылық биікке шығарды», 

– деді Т. Сүлейменов. Бұдан кейінгі кезекте 

Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, қоғам 

қайраткері Зинаида Федотова сөз алып, өзі-

нің аталған еңбек жайындағы пікірін ортаға 

салды.  «Бұл  –  тарихи-өмірбаяндық  кітап. 

Яғни, мұнда тәуелсіздік алған жылдан бергі 

мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері, Елба-

сының  егемен  елді  алға  жылжытудағы  ке-

меңгерлігі  бейнеленген.  Президентпен  ал-

ғаш рет жүздесуім 90-шы жылдың сәуір ай-

ына  дөп  келді.  Ол  кезде  Жоғарғы  Кеңестің 

13-ші шақырылымының депутаты едім. Сол 

уақыттан  бері  мен  Президенттің  «команда-

сында» келе жатырмын. Бұл еңбекте Елбасы-

ның тұлғалық қасиеті айрықша бейнеленген. 

Мұндай кітаптар кейінгі жастарға көп сабақ 

болады деп ойлаймын. Мұнда Н.Назарбаев-

тың  көшбасшы  тұлға  ретіндегі  қалыптасуы 

отбасынан,  алтын  ұя  мектебінен,  ата-анасы 

берген тәлім-тәрбиеден бастау алғандығына 

көз  жеткізуге  болады»,  –  деді  З.Федотова. 

Сондай-ақ,  ол  Кеңес  Одағы  құлағаннан 

кейінгі кезең – үлкен жауапкершілікті талап 

еткенін,  себебі,  90-шы  жылдардың  басы 

мемлекет  үшін  өте  қиын  жылдар  болғанын 

жиналғандардың  есіне  салды.  «Мемлекет 

тәуелсіздік алғанымен, оның заңнамалық ба-

засы  болмады,  өзге  елдермен  арада  қарым-

қатынас  тетігі  орнатылмады.  Бұған  қоса, 

экономикалық және саяси даму жолымызды 

айқындауымыз керек болды. Ал бұл жұмыс-

тардың  басы-қасында  үнемі  Н.Назарбаев 

жүргенін  атап  өткеніміз  жөн.  Егер  де 

біреулеріңіз  Парламент  отырысының  12-ші 

және  13-ші  шақырылымдарының  хроника-

сын  көретін  болсаңыздар,  онда  отырыс  за-

лында  әрдайым  Президенттің  отырғанын 

көрер  едіңіздер.  Ол  кез  келген  заңды,  кез 

келген  норманы  өзінің  өн  бойынан,  сын 

тезінен өткізіп отырды. Егер де, қандай бір 

заң нормаларына қатысты депутаттар өздері-

нің келіспейтіндіктерін білдіріп жатса, Елба-

сы сөйлеген кезде олардың қалай келісіп, өз 

дауыстарын  бергендерін  байқамай  қалушы 

еді. Осындай қасиеттер көп жағдайда дұрыс 

шешім  қабылдауға  ықпал  етіп  жататын»,  – 

деді  З.Федотова.  Бұған  қоса,  ол  аталған 

еңбекте  Президенттің  шетелге  алғаш  жаса-

Мемлекет 

пен 

оның азаматтарына ең 



керек  құндылық  – 

азаттық. Қазақ ханды-

ғы  құрылғанға  дейін 

де  азаттықты  сақтау-

дың  басты  шарты  ре-

тінде билік пен билеу-

шінің  біліктілігі,  халықтың  бірлігі  мен 

ынтымағы,  ел  мен  жерді  қорғауға  қабілетті 

қарулы күштердің сақадай-сай тұруы ұлық-

талды.  Мемлекеттің  астанасына  айрықша 

мән берілді. «Өтікен қойнауында отырсаң, – 

делінген  Күлтегін  ескерткішінде,  –  мәңгі 

елдігіңді сақтайсың». Біздің ойымызша, түр-

кілік «Мәңгі Ел» идеясының астанамен бай-

ланыста  дүниеге  келуі  қалыптасқан  мемле-

кетте  ғана  мүмкін  құбылыс.  Қазақ 

хандығының тарихи тамырлары тереңде жа-

тыр. Оны XV ғасырдағы, тіпті, оның алдын-

дағы  үдерістермен  шектеу  методологиялық 

қисынсыз әрі ғылыми танымға қиянат. Қазақ 

хандығы  тарих  сахнасына  шыққан  тағдыр 

анықтағыш сәттің, айрықша серпілістің мән-

ді  белгілерін  тани  білудің  мәні  зор  екенін 

жоққа  шығармаймыз.  Дегенмен,  нағыз  ғы-

лыми  танымға  объективтілік,  жүйелілік, 

даму  ұстанымдарына  жүгіну  жарасқан. 

Оның  үстіне  Қазақ  хандығының  тарихын 

Орда Ежен алғашқы ханы (ХІІІ ғ.) болған Ақ 

Ордадан,  Орыс  ханнан  (ХІV  ғ.)  бастауды 

дәйектеген  зерттеулер  жарық  көргені  және 

бар. Біздің ойымызша, мәселенің тап осылай 

қойылуы теориялық-методологиялық тұрғы-

дан  дәйексіз  әрі  ұлттық  мемлекетіміздің 

қадірін ашатындай ақиқатқа апаратын ұмты-

лыс  емес.  Өйткені,  Ақ  Орда  империялық 

дағдарысы асқынған Алтын Ордадан бөлініп 

шыққанымен өзінің, халқының тәуелсіздігін 

қорғай  алмады,  бірде  Тоқтамысқа,  бірде 

Ақсақ Темірге, бірде Әбілқайырға бағыныш-

ты күн кешіп, мемлекеттік шекарасы қалып-

таспай, этностық тұтасуы аяқталмай, тарих 

сахнасынан  түсіп  қалған  саяси  құрылым. 

Бұл – бір. Екіншіден, қазақ халқы, ең басты-

сы  –  тілі  ХІІІ  ғасырда  да,  ХІV  ғасырда  да 

қалыптасып біткен жоқ. Ұлты қалыптаспаған 

жағдайда  ұлттық  мемлекеттің  шаңырақ  кө-

теруі мүмкін емес қой. Үшіншіден, егер Ақ 

Орданың  географиялық-аумақтық  орнала-

суы бір замандарда қазіргі Қазақстан жерін 

алып жатқан еді, билік басында Қазақ ханды-

ғын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың 

арғы  аталары  отырды  ғой  деген  тұжырым-

дарды басшылыққа алатын болсақ, хандығы-

мыздың  тарихын  бірден  Жошы  ұлысынан 

бастауымызға  тура  келеді.  Бұл  –  Шыңғыс 

ханның Қазақстанды жаулауын, қазақ этно-

генезін тежегенін ақтау деген сөз. Ал мұндай 

ұстаным орныға қалса, моңғол шапқыншы-

лығынан әріде бастау алған тарихи сабақтас-

тықты жоққа шығаратыны өз алдына, ол сақ-

үйсін,  байырғы  түркі,  оғыз-қыпшақ 

мемлекеттерінің  ұлттық  тарихымыздағы 

мән-маңызын  екінші  қатарға  ысырғанмен 

пара-пар. Төртіншіден, Ақ Орданы алғашқы 

қазақ мемлекеті ретінде қабылдау ұлт тари-

хындағы  Ноғай  ордасының,  Моғолстанның 

орнын  елемеуге  соқтырады.  Моголдардың 

түркілік тегін, ру-тайпалық құрамы Ұлы жүз 

бен  Орта  жүздің  тарихында  айрықша  орын 

алатынын білімпаз шығыстанушы В.П.Юдин 

бай  деректік  негізде  дәйектеген  болатын. 

Қазақ  хандығы  құрылмай  тұрғанда-ақ  Ақ 

Орда  өмір  сүруін  тоқтатса,  Ноғай  ордасы 

мен Моғолстан Қазақ хандығымен бірде та-

бысып, бірде шабысып, ХVІІ ғасырға дейін 

мемлекеттілігіміздің тағдырына тікелей әсер 

ете алды. Әрі-беріден кейін, Керей мен Жәні-

бек сұлтандарға хандықты құруға жер бөліп 

берген Моғолстан билеушісі емес пе? Бесін-

шіден,  ұлттық  тарихымызда  Қазақ  ханды-

ғының  алар  орны  ерекше  екенін  Шоқан  да 

қолдаған еді. Сонымен, ХV ғасырдың екінші 

жартысында  (1465ж.)  Қазақ  хандығы  Еу-

разияның сайын даласында кем дегенде екі 

мыңжылдық тарихты артта қалдырған мем-

лекеттер мен халықтардың өміршең жиған-

тергенін,  мәнді  белгілерін,  қағидаларын, 

салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қабылдай, бойы-

на сіңіре, жетілдіре жалғастырып, өзіне ғана 

тән қадір-қасиетімен, даралануымен алғаш-

қы қадамын жасады. Әлемдік тарих кеңістігі 

көгінде жаңа жұлдыз жанды. Хандық дәуір 

сатылары  Қазақ  хандығы  алғашқыда  орта-

лықтанған,  кейін  әр  жүздің  ғана  басын 

қосқан,  соңында  бытыраңқы,  өңірлік  шек-

теулі, ресми мойындалмаған құрылым мәр-

тебесімен  382  жыл  (1465-1847)  өмір  сүрді. 

Өзінің  және  азаматтарының  егемендігін 

сақтау қабілет қарымын, ішкі-сыртқы саяса-

тының замана сын-қатеріне төтеп бере алу-

ын, ұлттық қауіпсіздікті тиісті дәрежеде қам-

тамасыз етуін ескере отырып, хандық дәуір 

екі  сатыдан  тұрады  деп  есептейміз.  Қазақ 

хандығы шаңырақ көтерген шақта әлем орта 

ғасырлардың  соңғы  дәуіріне  аяқ  басып, 

іргелес Мәскеу мемлекеті мен Қытай мейлін-

ше күшейе түсті. 1453 жылдан Осман импе-

риясының  тарихы  басталды.  Батыс  Еуропа 

қайта  өрлеу  қарсаңында  тұрды.  Бабалары-

мызға  ақылмен,  қайратпен,  жүрекпен  бола-

шаққа жол салуға тура келді. Бабаларының 

тәжірибесі  мен  тағылымын  бойына  жия 

дүниеге келген сәтінен хандық төл тарихы-

ның  классикалық  ғасырларын  бастап  кетті. 



№ 30 (556) 24 шілде (жұма) 2015 жыл

2

ӘÐÁІÐ ÀÄÀÌ ӨÇ ÄÅÍÑÀÓËÛҒÛÍÀ ӨÇІ ÆÀÓÀÏÒÛ



Байқоңыр  қаласының  іргесіндегі  Ақай 

ауылдық  округі  жыл  санап  көркейіп,  да-

мып  келеді.  Ақайда  салынған  жаңа  мектеп, 

жаңа клуб үйі, жекеменшік балабақша соның 

айғағы.  Сондай-ақ  осыдан  он  бес  жыл  ғана 

бұрын жүз шақты үйде мыңнан сәл ғана аса-

тын халқы болған ауылда қазіргі уақытта 827 

үй, 5 мыңдай адам бар. Ақайда үш балабақша,  

орта мектеп, емхана, клуб, кітапхана, нотари-

алды кеңсе, үш шаруа қожалығы, бес ЖШС, 

үш  наубайхана,  кондитер  цехы,  шашта-

раз,  екі  тіс  емдеу  кабинеті,  екі  тойхана,  жи-

ырма  тоғыз  дүкен,  жанар-жағар  май  құю 

бекеті, автокөліктерге қызмет көрсету бекеті 

және залалсыздандыру орталығы бар. Қарап 

отырсаңыз  Ақай  ауылы  тың  бастамаларға 

толы.  Мысалы,  Ақай  ауылдық  округін  әлеу-

меттік-экономикалық  дамытуға  байланыс-

ты  ауылдың  тұсынан  Сырдария  өзенінен 

өтетін көпір құрылысын салу үшін жобалау-

сметалық  құжаттарын  Алматы  қаласының 

«Тека-проект»  ЖШС  әзірлеуде.  Сонымен 

қатар  Ақайда    600  орындықты  мектеп,  280 

орындықты  балабақшаның  құрылысы  қар-

қынды  жүріп  жатыр.  Ақайдағы  жаңадан 

ашылған құрылыс нысандарының қатарында 

Ақай ауылдық дәрігерлік амбулаториясы бар. 

2014 жылдың қараша айында Елбасымыздың 

«100  мектеп,  100  аурухана»  мемлекеттік 

бағдарламасына  сәйкес  осы  дәрігерлік  ам-

булаториясы  жаңа  ғимаратқа  көшіп,  халық 

игілігіне пайдалануға берілген болатын.  Осы 

дәрігерлік  амбулаторияның  жаңалықтарын 

білмек болып, Төретам ауылдық емханасына 

қарасты  Ақай  ауылдық  дәрігерлік  амбулато-

риясының  меңгерушісі  Нәбира  Бектасоваға 

көкейімізде  жүрген  сауалдарымызды  қойған 

едік.


-Төретам  ауылдық  ауруханасына  қарас-

ты  Ақай  ауылдық  дəрігерлік  амбулато-

риясының  жаңа  ғимаратқа  көшіріліп, 

оның  ашылу  салтанатына  облыс  əкімінің 

орынбасары  Ақмарал  Əлназарова  арнайы 

келді, ашылу салтанатын еске түсірсеңіз...

- Иә, Ақай ауылдық дәрігерлік амбулатория-

сының ашылу салтанатына Қызылорда облы-

сы әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, 

Қармақшы  ауданының  әкімі  Нәжмадин  Ша-

мұратов  (сол  кездегі)  арнайы  келді.  Салта-

натты шараның тарихи сәтінде «Азия Даму» 

ЖШС-нің бас директоры Досхан Жүнісовтің 

қолынан  дәрігерлік  амбулаторияның  кілтін 

алдым.  Сонан  соң  Ақай  ауылдық  округі  ақ-

сақалдар  алқасының  төрағасы  Жақсылық 

Қыпшақбайұлы  жүрекжарды  құттықтауын 

жеткізіп,  келген  қонақтарға  ақайлықтар  та-

рапынан  үлкен  рахметін  айтты.  Халық  үшін 

салынып,  пайдалануға  берілген  денсаулық 

мекемесі  болашақта  халыққа  жақсы  қызмет 

етеді деп айта аламын.

-Ақай  ауылдық  дəрігерлік  амбулатория-

сының  тыныс-тіршілігіне  тоқталып  өт-

сеңіз?

-Төретам  ауылдық  ауруханасына  қарасты 

Ақай  ауылдық  дәрігерлік  амбулаториясын-

да  12  медицина  қызметкері,  оның  ішінде 

3  дәрігер  жұмыс  жасайды.  Оның  ішінде  2 

дәрігер  жалпы  тәжірибелік,  ал  0,25  бірлікті 

акушер  –  гинеколог  –  кеңесші  халыққа  қыз-

мет  көрсетеді.  Барлығы  9  медбике  бол-

са,  оның  алтауы  жалпы  тәжірибелі  медби-

ке,  біреуі  химидатр,  1  әлеуметтік  медби-

ке,  1  зертханашы  және  кіші  аяжан  болып 

жұмыс  істейді.  Айта  кету  керек,  ауылдың 

тарихында  денсаулық  сақтау  мекемесінің 

ешқашан өзіндік ғимараты болған емес. Ақай 

ауылдық округіндегі жаңа клуб үйінің жаны-

нан бой көтерген дәрігерлік амбулаторияның 

құрылысын  қарқында  жүргізген  «Азия  Да-

му»  ЖШС  екен.  Бас  директоры  –  Досхан 

Жүнісов.  Құрылысқа  облыстық  бюджет-

тен  76  млн  теңге  қаржы  бөлінген.  Аталған 

құрылыс нысанына Ақай ауылдық округінен 

жұмыссыздыққа  тіркелген  4  жұмыссыз  аза-

мат жұмыспен қамтылған. Амбулатория жаңа 

заман  талабына  сай  жабдықталған.  Бүгінде 

Ақай  ауылдық  дәрігерлік  амбулаториясына 

келіп емделушілер арасында қан қысымының 

көтерілуі, жүрек қан тамырлары, қант диабе-

ті, аллергия секілді аурулардың  түрлері көп 

кездеседі.      

-Жаңа дəрігерлік амбулаториясында күн-

дізгі  емдеу  бөлімі  бар  ма  жəне  мамандар-

дың білімін жетілдіру жайы қалай?

-Дәрігерлік амбулатория 30 келушіге арнал-

ғандықтан,  өзіндік  ерекшеліктеріне  сәйкес                 

салынған. Жаңа дәрігерлік амбулаториясында 

күндізгі емдеу бөлімі қаралғанмен бөлмелері 

өте тар болғандықтан, келіп түскен науқастар 

Төретам  ауылдық  ауруханасында  қаралуда. 

Ал  біздің  дәрігерлік  амбулаториясындағы 

медбикелер заман талабына сай, жыл сайын 

оқуға  қысқа  мерзімде  болса  да  жиі-  жиі  ба-

рып,  білімдерін  жетілдіріп  отырады.  Айта 

кетуіміз  керек,  дәрігерлік  амбулаторияда 

қызмет атқарып жүрген жастарымыздың ара-

сында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына 

сәйкес келіп, ілініп отырған жастарымыз бар. 

Бірақ,  олардың  тұрғылықты  жері  Байқоңыр 

қаласы  болғандықтан  бағдарламаның  мүм-

кіндіктерінен  құр  алақан  қалып  отырған 

жайы бар.

- Емханада ана мен балаға қандай көмек-

тер беріліп жатыр?

-Бүгінде  мемлекет  тарапынан  ана  мен 

балаға  ерекше  көңіл  бөлініп  отырғаны 

баршамызға  белгілі.  Неге  десеңіз,  әр  об-

лыс орталығынан «Ана мен бала» орталығы 

ашылып, халыққа тегін қызмет көрсетіп жа-

тыр.  Осындай  жұмыстардың  бір  ұштығы 

біздің өңірімізде де бар. Мысалы, әлеуметтік 

жағдайы  төмен  және  көп  балалы  отбасын-

да  дүниеге  келген  балаларға  тегін  қосымша 

тамақ  беріледі.  Сонымен  қатар  1  жасқа 

дейінгі  бала  науқастанған  жағдайда  тегін 

дәрі-дәрмек  беріліп,  стационарлық  емделу-

ге  жіберіледі.  Сондай-ақ  анасы  вирусты  ге-

патитпен,  туберкулезбен  ауырып  тізімде 

тұрған балаларға да тегін көмектер беріледі. 

Сонымен бірге жүктілік кезіндегі аналардың 

денсаулығын  жақсарту  мақсатында  дұрыс 

тамақтану  мен  жасалатын  жаттығулар  тура-

лы  жазылған  шағын  кітапшалар  да  беріледі. 

Сондай-ақ өмірге жаңа келген балаларға «Аи-

стенок»  атты  ана  мен  балаға  арналған  дәрі 

қобдишасы беріледі. Бұл дәрі қобдишасында  

ана мен балаға қажетті медициналық бұйым-

дар (медициналық термометр, суға арналған 

термометр, сүт емізік, медициналық дәке, ба-

лаларға  арналған  сеппе,  балаларға  арналған 

сықпа, бір реттік перде, т.б) мен дәрілік заттар 

және  баланың  күтімі  туралы  нұсқаулықтар 

бар.  


- «Денсаулық – зор байлық», демекші əр 

адам  өз  денсаулығына  өзі  жауапты,  осы 

жерде скринингтік тексеру туралы айтып 

өтсеңіз?

-Денсаулықтың  қадіріне  байланысты  ба-

баларымыздан  қалған  сөз  көп.  Бірақ  со-

лардың  бәрі  де  денсаулықтың  қадірін  білдік 

демейді,  жастық  шақта,  бойда  қуат  барда, 

ертерек  ойламағандарына  өкінеді.  Бүгінгі 

ағаларымыздың,  замандастарымыздың  айта-

тыны да осы. Бұдан шығатын қорытынды—

қазірде де көбіміз денсаулықтың қадірін біле 

бермейміз.  Бойдағы  қуат  сарқылмайтындай, 

денсаулық  темірден  жаратылғандай  мән 

бермейміз.  Біздің  көбіміз  қаперімізден  шы-

ғарып  алатын  денсаулық  мәселесін  мемле-

кет әркез ескеріп, ойлап отырады. Соның бір 

жарқын көрінісі — Елбасының Жарлығымен 

өткен  жылы  бекітілген  денсаулық  сақтауды 

дамытудың  2011-2015  жылдарға  арналған 

«Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдар-

ламасы.  Оны  жүзеге  асырудың  белгіленген 

нақты  жолдары  жетерлік.  Соның  ішінде 

скринингтік тексеру өткізу, оның тиімділігін 

арттыру  зор  маңызға  ие.  Елдің  саулығын 

нығайту  мақсатында  ауылдың  ересек  тұр-

ғындарына  скринингтік  зерттеу  тәсілінің 

енгізілгеніне  он  жылдай  болып  қалды.  Сон-

дай-ақ  елімізде  денсаулық  сақтауды  дамы-

ту  мен  реформалаудың  2005-2010  жылдарға 

белгіленген  мемлекеттік  бағдарламасы  ая-

сында  2005  жылдан  бері  республикалық 

қаржының  есебінен  репродуктивті  жастағы 

әйелдерді 

минималды 

лабораториялық 

зерттеулер  арқылы  алдын  ала  тексерулер 

өткізіледі. Мұнымен бірге Денсаулық сақтау 

министрлігінің  бұйрығы  негізінде  2007 

жылдан  бері  ересектер  арасында  қан  айна-

лым  жүйесінің  ауруларын  (артериялық  ги-

пертония,  жүректің  ишемиялық  ауруы) 

және  қатерлі  ісіктерді  (сүт  безі  мен  жатыр 

мойнының қатерлі ісіктері) анықтауға бағыт-

талған  алдын  алу  тексеру  жұмыстары  бас-

талған болатын.

Осының  бәрі  —  халқымыздың  денсаулы-

ғын  көздеп  алынған  кешенді  шаралар.  Бұл 

белгіленген  шаралар  қалыпты  жүзеге  асы-

рылып  отырғанда  ғана  халықты  үздіксіз  са-

палы  медициналық  көмекпен  қамтамасыз 

ету мүмкін болады. Еліміздегі үлкен-кішінің 

денсаулығын ұдайы қадағалау — ел-халықты 

сауықтырудың  кепілі.  Қазір  соңғы  жылда-

ры  алынған  осындай  пәрменді  шаралардың 

арқасында  халықтың  негізгі  тобының  ауру-

шаңдығы төмендеп, қауіпті факторлардың та-

ралуы жойылып келеді. 

Адам  ағзаларын  скринингтік  тексерістен 

өткізу  денсаулыққа  қатысты  көптеген  про-

блемалардан  құтылуға  көмектеседі.  Ауруды 

неғұрлым  ерте  анықтаса,  солғұрлым  тиімді 

емдеуге,  құлантаза  сауықтыруға  мүмкіндік 

ашылатыны  бәрімізге  мәлім.  Осы  тұрғыда 

қандай да болмасын қауіпті сырқаттардың то-

бына  кіретін  адамдардың  организімін  толық 

кешенді  медициналық  тексерістен  өткізу  — 

адам  ағзасындағы  түрлі  ауытқуларды  ерте 

анықтауға  және  жедел  емдеуге  мүмкіндік 

береді.

Скрининг  —  бұл  ерте  сатыда  аурулар-



ды және қауіп факторларын анықтау. Белгілі 

бір  жастағы,  дені  сау  деген  адамдардың  да 

профилактикалық  медициналық  тексерулер-

ден  өтіп  тұруы  артық  болмайды.  Өйткені, 

ол  жаңа  басталған  аурулардың  асқынуларын 

болдырмайды.  Скринингтік    тексерудің  түр-

лері  көп, олар адамның жеті мүшесін түгел 

қамтиды.  Айталық,  40  жастан  70  жасқа  де-

йінгі  жас  шамасындағы  адамдар  көз  ішілік 

қысымын  міндетті  түрде  өлшетіп  тұруы 

қажет.  Ал  18  жас  пен  64  жас  аралығындағы 

адамдардың  қанындағы  холестерин  мен 

глюкозаның  деңгейін  анықтап  отыру  аса 

маңызды.  Жүрек  қан  тамыры,  бауырдың, 

әсіресе,  балалардың  «В»  және  «С»  созыл-

малы  гепатиттерінің  маркерлеріне  қанды 

талдауға  үлкен  мән  берілуі  керек.  Бұл  зерт-

теулер ерте сатыда жүрек қан тамыр аурула-

рын,  қант  диабетін,  глаукоманы,  оның  қауіп 

факторларын,  сондай-ақ  дертпен  күресу 

қиын болғанда гепатитті және аса қауіпті ас-

қынуларда  инсульт,  инфаркт,  зағиптық  цир-

роз және бауыр обырын анықтауға мүмкіндік 

береді.  Обырдың  жаңадан  пайда  болуы-

на  ықпал  ететін  патологиялық  өзгерістерді 

жою,  сондай-ақ  дамудың  ерте  сатыларын-

да  ісіктерді  анықтау  үшін  скринингтік  тек-

серу  өте  қажет.  Қатерлі  ісіктің  даму  қаупін 

анағұрлым азайту үшін, барлығымыз салауат-

ты өмір салтының қағидасына кіретін бірнеше 

қарапайым ережелерді білуіміз қажет. Қатер-

лі  ісік  ауруының  дамуында  шылымның, 

артық  дене  салмағының  әсері  бары  ұзақ 

жылдарғы  зерттеулер  арқылы  дәлелденген. 

Керісінше,  үнемі  дене  шынықтырумен  шұ-

ғылдану,  мал  етін  аз  тұтыну,  көкөніс,  сүт 

өнімдеріне көбірек сүйену,  майлы және ащы 

тағамдардан  бас  тарту  ғұмырды  ұзартатыны 

белгілі.  Ерте  кезеңнен  анықтау  және  скри-

нинг  өткізу  қатерлі  ісік  ауруларын  емдеудің 

басым  бағыттарының  бірі  болып  табылады, 

әрі нәтижелерді анағұрлым жақсартуға мүм-

кіндік береді.

Скрининг  дегеніміз  —  қолданыста  оңай 

болып  келетін  тұрғындардың  көптеген  топ-

тары арасында үнемі өткізіп тұруға болатын, 

көп  уақыт  алмайтын,  қаржы  шығыны  жоқ 

анықтау әдістерінің тиімді түрі.

Аурулардың  белгілерін  ерте  анықтау 

мақсатында  міндетті  түрде  ақысыз  жүргізі-

летін скринингті алдын алу тексеруді мүмкін-

дігінше  адамдардың  пайдаланып  қалғаны 

дұрыс. Сол арқылы көп аурудың алдын алуға 

болады.  Мысалы,  артериялық  гипертония, 

жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті, 

глаукома, «В» және «С» вирусты гепатиті, сүт 

бездері, жатыр мойны, тоқ ішек пен тік ішек-

тердің қатерлі ісіктері.

Балаларды  ақысыз  скринингті  алдын  алу 

тексеруден  өткізудің  де  елеулі  артықшы-

лықтары  бар.  Сол  арқылы  нәрестелер  мен 

балалардың  ерте  кезден  есту  қабілетінің 

бұзылуын  анықтауға  болады.  Бұл  жерде  әр-

түрлі  жастағы  балаларды  скринингті  тек-

серу  жұмыстары  жүргізілетінін  де  айту  ке-

рек.  Себебі,  балалардың    денсаулығының 

төңірегінде  қауіп-қатер  көп.  Кейінгі  жыл-

дары  елде  бауыр  ауруы  өршіп  тұр.  Ал  «В» 

гепатиті  немесе  қан  арқылы  берілетін  ге-

патит  бауырды  қатты  зақымдайды  «В» 

гепатиті  қан,  жыныстық  қатынас  арқылы 

және  ауру  анадан  іштегі  балаға  жұғатынын 

әркімдер  білуге  тиіс.  «С»  гепатиті  де  (қан 

құйылғаннан  болатын  гепатит)  —  вирустық 

гепатиттің ең ауыр түрі. Бұл жерде ауру қан 

арқылы жұғады, немесе ластанған шприцтер-

ден  де  ауру  ілесуі  мүмкін.  «С»  гепатитімен 

ауыратын  адамдардың  шамамен  70-80  пай-

ызында  аурудың  созылмалы  түрі  көп  дами-

ды.  Оның  ең  үлкен  қаупі  —  бауыр  цирро-

зына  немесе  қатерлі  ісікке  әкеліп  соқтыруы 

ғажап  емес.  Бұл  аурудың  қауіптілігі  —  оған 

қарсы  тұратын  аса  ықпалды  вакцинацияның 

жоқтығы. «С» гепатитімен ауыратын адамдар-

дың қанынан аулақ болу керек және де бір рет 

қолданылатын  шприцтерді  екінші  қайтара 

пайдаланбау қажет.

Әйелдердің  арасында  30  жас  пен  60  жас 

аралығындағыларға  патологиялық  өзгеріс-

терді болдырмау үшін жатыр мойнының сүр-

тіндісіне  цитологиялық  зерттеу  жүргізіледі. 

Оған білікті акушер-гинекологтар тартылады. 

Тексеру  осы  заманғы  ең  озық  медициналық 

қондырғылармен  тексеріледі.  Сондай-ақ  50, 

52,  54,  56,  58  және  60  жастағы  әйелдердің 

сүт  бездеріне  рентгенологиялық  зерттеу-

лер (маммография) жүргізіледі. Шек аурула-

рын анықтауға байланысты тексерулер де аса 

маңызды.

Жалпы  скринингті  тексерулер  жаппай 

жүргізілетін елдерде, жатыр мойны, сүт без-

дері  және  жуан  ішек  обырынан  өлім-жітім 

күрт  төмендегені  жиі  айтылып  жүр.  Яғни 

аурудың  алдын  алу,  анықтау  тиімді  екені 

дәлелдеуді  қажет  етпейтін  жағдай.  Және 

оның  еш  қиындығы  жоқ.  Скрининг  сіз  тір-

кеуде тұрған медициналық мекемеде өтеді.

Қаланың  әрбір  тұрғыны  жыл  сайын 

профилактикалық  медициналық  тексеру-

ден  өтуі  тиіс.  Балаларды  педиатрдың,  ар-

найы  мамандардың  тексеруі,  қан  және  не-

сеп  талдаулары,  аспаптық  тексерулер, 

ересектерді,  терапевтің  тексеруі,  әйелдерді, 

гинекологиялық  тексеру,  кеуде  қуысының 

флюорографиялық зерттеуі, қан, несеп талда-

уы, айғақтар бойынша арнайы мамандардың 

тексеруі, мұның бәрі керек нәрсе.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал