Жайлы жаңа деректер Абай атамыз жас кезінде Ділдаға үйленер ал



жүктеу 27.28 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі27.28 Kb.

ТОҒЖАН 

жайлы жаңа деректер 

Абай атамыз жас кезінде Ділдаға үйленер ал-

дында әкесі  Құнанбайға: "Мен Ділдаға үйленбей-

мін, көздеп жүрген  қызым бар" деп  қарсылық 

көрсетеді. Сонда  Құнанбай: "Бір шүйкебас үшін 

төрелермен  қақтығыса алмаймын. Тоғжан Жәңгір 

төренің ту ұстар батырымен атастырылып  қ о й ы л -

ған" деп Абайды зорға көндіргені елғе белгілі. 

Сол Тоғжан әуелгі батыр, кейін би болған Ботан-

тай атамызға 1865 жылы екінші әйелдікке барған 

екен. Сонда Тоғжан  1 8 4 9 жылы екінші әйелдік-

ке барған екен. Сонда Тоғжан 1849 жылы 16 

жасар он екіде бір гүлі ашылмаған  қыз екен, 

атамыз 38 жаста болған. Осы Тоғжан тоғыз бала 

көтеріп, соның үшеуі Бейсекей, Мұқаш, Ақсұлу, 

бұларды мен өз көзіммен көріп  қолынан дәм 

татқан адамдарым. Себебі Ботантай менің төртін-

ші атам Алдамжармен бірге Тоғызбай баласы 

Алтайдан туған. Ботантай 1827 жылы туып 1901 

жылы дүние салыпты. Мүрдесі Дария станциясы-

ман төрт километр жерде Ақтөбе деген бөлімше-

нің тұсында теміржол бойында шым кесекпен 

салынған дөңгелек күмбезді бейітте жатыр. Бөкең-

нің кенже  қызы Ақсұлу. Ақсұлудан туған Боран-

құл жиенімізден: Жағыпар, Болат, Шолпан, Бақыт, 

Бағдат, Бәтима, Гүлнәр, Ербол,  Қайрат,  Қанат, 

Жанат, он бір бала — тілім тасқа — шетінен нағашы 

апасына тартқан, жамал бетті, әдемі. 

Біз жиенімізден туған Боранқұл  қызы Шолпан-

ды сүйек жаңғыртамыз деп ініміз Мәдияр Рүстем 

баласына алып берген едік. Шолпан келінімізден 

туған бес бала: Марат, Мәди, Мұқан, Манас, 

Қанаттар тегіс бедерлі. Мысал ретінде айтып 

отырғаным өзіме жақындығы емес, Абай атамыз-

дың бала кезінде көзі түскен Тоғжанның елден 

асқан сұлу, көрікті болғаны жайында дәлелдеу 

рәсімі. 

Абай атамыз Әйгерімді (Шөкіман) өңі мен үні 

Тоқжанға  ұқсайды деп алған  ж о қ па еді және ол 

өлгенше Тоғжанды жүрегінде сақтап өткен жан. 

Тіпті кешегі  ұлан-асыр боп өткен Абайдың 150 

жылдық торқалы тойында сөйлеген көпшіліктің 

аузында осы Тоғжан жиі айтылған екен. Ал Бей-

секей болса  1 9 6 5 жылы дүниеден көшті, артында 

Сатқанқұл деген  ұлы оның үш баласы Болат, 

Шара, Сәуле бар және Сара, Майра, Жәмила 

деген үш  қыз  қалды. Осы Бейсекей атамыздың 

үйінде Тоғжан  ұстанған көптеген дүние бар еді, 

сонау кәмпеске күндері жерден-жерге, көрден-

көрге тығып, жүрсе де ақыры айырылып  қалды, 

тек Тоғжанның жасауынан бір-ақ әбдіре  қалған 

екен. Соны менің үлкенім Үйіржан алып Жарық 

станциясындағы мектептің мұражайына тапсыр-

ды,  қазір сол мектепте тұр. 

Екінші айтарым, Абай атамыз кезінде Нұра 

бойындағы Жыландыға бірнеше рет келіп-кетіп 

жүрген. Сол кезде атпен жүрген Абай атамыз 


қазіргі Жары қ станциясының үстінен өтеді екен. 

Ал осы Жарықтың ол кезде  Ж а р ы қ (сәуле) деген 

аты да жоқ болса керек. Бір өткенінде ақын осы 

жерде түнге  қалып, айдың сүттей жарығына таң 

қалып "бұл арамың аты  Ж а р ы қ болсын" депті. 

Осы арадан 17 километр тұратын біздің көң күні 

бүгінге дейін "Асқар жартасы", "Ботантай аулы" 

деп аталады. "Асқар жартасы" деп аталатын 

себебі, атамыз биік жартасқа шығып көп уағын 

сонда малдарына көз болып отырып өткізетін 

көрінеді, іздеп келген адамға "өзінің жартасында" 

отырған шығар, сонда барыңыз дейді екен. Содан 

"Асқар жартасы" аталып кеткен.  Қазір ол ара 

"Бұрма" совхозының тоған байлаған орны. Осы 

тоғанға 1983 жылы  құрамымызда 23 адам бар 

"Мичурин аудандық атқару комитетінің  ұжымы 

аудандық төрағаның орынбасары Юсупова Гүлбаһ-

рам басқаруымен барып екі күн дем алғанымыз 

бар, сондағы судың жылылығы бізді таң  қалдыр-

ған еді, біз балықшылардан сұрағанымызда олар 

бұл сырды бізге айта алмаған соң, әкейден кейін 

сұрап едім. Бұрып екі бұлақ болатын бірі мұздай су 

да, екіншісі ыстық болатын соның ыстық бұлағы 

тоған астында да, суығы көлден 20  қадамдай 

жерде қалды, суды содан алған шығарсыңдар деді. 

Сол әкей айтқан манағы бұлақтан ауыз су алып 

жүріп, біз таң-тамаша болғанымыз рас, суы көлге 

құйылып жатыр, мөп-мөлдір салқын. 

Содан Абай атамыз суық тиіп ауырып Аягөзге 

емес, біздің көңге ат басын бұрады. Ойы Тоғжанға 

бір жолығып кету болса керек. Сода ол кезде 

Ботантай би аталған кезі, сонда түседі. Атамыз 

Тоғжан мен екеуінің арасындағы жағдайды біле 

тура  қызғаныш көрсетпей, мал сойып, үш күн 

қонақ етіп күтіп, әрі бұлауға сап дегендей сауық-

тырып аттандырып салған көрінеді. 

Бұл әңгімені  қартайған шағында Бейсекей ата-

мыз мал бақты, кейде сол атамызбен малмен бірге 

өріске біз Сатқанқұл,  Қайыржан үшеуіміз бара-

тынбыз. Мал дамылдап жусаған кезде әңгіме 

айтатын. Сондай бір сәтте осы әңгімені айтқан еді. 

Ал Жарыққа  қашап  қоныс аударған едіңіздер деп 

сұрағанымда, біз өз ауылымыздан кешегі ашаршы-

лықта бас ауған жаққа кеттік емес-пе. Біздің ауыл 

тегіс.  Қарағандыға көшіп келіп, № 2 шахтаға түсіп 

еңбек еттік. Содан аштықтан аман  қалдық, ал 

Жарыққа ең бірінші боп сенің әкең Жылқыбай 

1938 жылы жазғытұрым көшті, өйткені әкеңнің 

аяғы шахтада парода түсіп сынып, шахтерлікке 

жарамай шығып  қалды және Жарықтан шойып 

жол салынып жатқан еді, соған (путевой обход-

чик) жол  қараушы болып орналасқан екен, кейін 

біз тегіс көшіп келдік. Бұрын Жарықта  қаракесек-

тің біраз тармағы кернейлер тұрса керек. 

Менің бұл әңгімені  қозғағаным Абай атамыздың 

150 жылдық торқалы тойына жол түспей бара 

алмай  қалдым, бірақ мені шақырып жатқан жан 

болмады. Егер бара  қалсам әбдірені ала барып 

атамыздың мұражайына беру ойымда бар еді. 

Мұражайдағы экспопаттардың өте  құнды дүние 

екенін біздің  қазақтарымыз әлі де мән бермейтіні 

бар, тіпті оқығандарының да ойында жоқ емес-

пе?!  Қаншама жерде мұражайлар бар, солардың 

көпшілігінің экспонаттары кешірмелері мен бала-

малары. Ал адамның өз  қолынан шыққан немесе 

ұстаған дүниелер баға жетпес мүлік десең мән 

берушілер жоқтың  қасы. 

Мысалы Петр біріншінің отырған біртағып 1960 

жылдары біздің Жаңаарқадан алып кетті десем 

көпшілік нанбас еді. Ол өз алдына бір үлкен 

әңгіме. Немесе мен Сәкеннің етік тігетін біраз 

саймандарын Жаңаарқа өлкетану мұражайына 

апарып тапсырдым, бірақ оны да елеп жатқан 

жан жоқ. 



Тайтөлеу АСҚАРТЕГІ. 

Сарыарқа. - 1996. - № 1. - 82-83 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал