ЖАҢҒЫРҒан дәСТҮр новорыбинка селосында



жүктеу 63.09 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі63.09 Kb.

  ЖАҢҒЫРҒАН ДӘСТҮР

  Новорыбинка  селосында 

бұрынғы  хоккей  дәстүрлері 

қайта  жаңғыртылып,  ақпан 

айының алғашқы күндерінде 

жергілікті  команда  Ақкөл 

қаласының 

хоккейшілерін 

қабылдады.  12:7  есебімен 

қонақтар 

пайдасына 

шешілген  тартысты    ойын 

25 жыл үзілістен кейін қайта 

қолға  алынған  ұлағатты  

істің тұсаукесеріне айналды.

    «Бұл  шара  аудан  ауылда-

рына  спорт  әдіскері  шта-

тын  бөлгізген  аудан  әкімі 

Т.Едігеновтың 

спортқа 


қамқорлығы арқасында мүмкін болды» деді ойынның салтанатты ашылуында округ әкімі К.Бәпішев. 

№ 7 (512)

 12 ақпан

 2016 жыл

 

www.akkolgazeta.kz

  АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

  5  ақпан  күні  Қазақстан  халықтары 

Ассамблеясының  «Үлкен  ел  –  үлкен  отба-

сы»  ұлттық  жобасының  аясында  аудандық 

кітапханада  облыстық  мәслихат  депута-

ты,  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының 

мүшесі  В.Симчук,  мәдениет  және  тілдерді 

дамыту  бөлімінің  басшысы  Б.Әкімова  №10 

агротехникалық  колледж    студенттерімен 

бірлесе отырып, «Менің елім – менің белсенді 

азаматтық ұстанымым» пікірталасында  әңгіме  

өрбітті.


    Келелі  сұхбат    барысында  «Нұр  Отан»  

партияясының  кезектен  тыс  съезінде  қабылданған  шешімдер,  алдағы  парламент  Мәжілісінің  және 

жергілікті депутаттар сайлауы, тұтастай алғанда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына бағытталған шаралар 

тақырыптары  қозғалды.



ШАҢҒЫ ЖОРЫҒЫ 

  Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

Астана-Ақкөл 

маршрутымен 

116 

шақырымдық 



шаңғы 

жорығын 


арнаған  ақкөлдік  бастамашы  топ 

құрамында  №4 Ақкөл орта мектебінің 

бастауыш  әскери  дайындық  мұғалімі 

А.Казаченко,  оқу  бөлімінің  әдіскері 

Т.Садырбаев,  №10  АТК  студенті 

В.Шачнев,  №4  Ақкөл  орта  мектебінің 

оқушылары 

Б.Елемесов 

пен 

В.Коробкова болды.



ЕРЛІК ЕСТЕЛІГІ

    6  ақпан  күні  №2  орта 

мектепте 

«Афганистан 

–  это  боль,  скорбь,  па-

мять» тақырыбында класс 

сағаты  өткізіліп,  оған  жау-

ынгер-интернационалист 

Нұржан  Өтепов  қонақ  бо-

лып қатысты.



АҚКӨЛ АҚПАРАТТАРЫНЫҢ АЙНАСЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕС ТУРНИРІ

    Ақмола  облысының  12  ауданы 

мен  2  қаласынан  келген  жас  па-

луандар  қазақ  күресінен  Ақкөл 

қаласында    жауынгер-интернацио-

налистер  жүлдесі  үшін  және  2001-

2002  жж.туылғандар  арасында  об-

лыс біріншілігінің жүлделерін сарапқа 

салды.  Ел  біріншілігіне  қатысуға 

мүмкіндік беретін бас жүлде Сұраған 

Бақыткерейге  (55  кг)  бұйырса, 

Т.Түменбаев,  Көке  Жандос,  Имран 

Мутошвилилер жүлдегерлер атанды.

    Турнирге  қаламыздың  белгілі  аза-

маттары  С.Әлімжанов,  А.Тимошин, 

Ю.Марховец,  А.Кривицкий,  Б.Өмір-

баев,  Ю.Бжесток,  Е.Касимов  демеу-

шілік жасады.



Ұлттық музейде ақын 

Мұқағали Мақатаевтың 

85 жылдығына арналған 

әдеби-сазды жыр кеші өтті

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Қазақстан  Рсепублика-

сы  Ұлттық  музейінде  қазақтың  ақиық  ақыны 

Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған 

«Поэзия, менімен егіз бе едің...» әдеби-сазды жыр 

кеші өтті, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-

имидждік қызметі.

Кештің  ашылуында  сөз  сөйлеген    музей  директоры 

Дархан  Қамзабекұлы  М.Мақатаев  мұраларының 

өміршеңдегі  мен  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеудегі 

рөліне тоқталып өтті.

«Мұқағали  Мақатаевтың  ақындығы  бір  төбе, 

тұлғалық қасиеті бір төбе. Бәрімізде оның жырларын 

оқып,  жаттап  өстік.  Хәкім  Абайдан  бастап,  Мағжан, 

Қасым,  Төлеген,  Мұқағали  сынды  ақындарымызды 

қазақ  әдебиетіндегі,  қазақ  руханиятындағы  ерек-

ше  құбылыс  деп  қарауға  болады.  Осы  кешті 

ұйымдастыру  арқылы  жас  буынның  поэзияға  деген 

қызығушылығын,  құрметін  арттырсақ  дейміз»,  деді 

Д.Мыңбай.

Жиналған  қауымға  ақынның  өмірін  баяндайтын 

деректі  фильм  ұсынылды.  Кешке  арнайы  дайын-

далып  келген  жас  ақындар,  астаналық  мектеп 

оқушылары  мен  ЖОО  студенттері  Мұқағалидың, 

Фаризаның жырларын мәнерлеп оқыды.

Көпшілік  алдында  сөз  сөйлеген  ақын,  Халықаралық 

«Алаш»  әдеби  сыйлығының  лауреаты  Серік 

Тұрғынбекұлы  М.Мақатаев  туралы  естеліктерімен 

бөлісті.

Редакциядан:

газет оқырмандары Мұқағали Мақатаевтың 

жырларымен 4 бетте және газетіміздің келесі 

нөмірлерінен таныса алады.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА

АУДАНЫМЫЗДЫ КӨРІКТІ ЕТУ – 

БАРШАМЫЗДЫҢ  МІНДЕТІМІЗ

  4  ақпан  күні  аудандық    Мәдениет  үйінде  аудан 

әкімі  Теміржан  Едігенов  өткен  жылғы  жұмыс 

қорытындылары туралы есепті кездесуін өткізді. 

  Дәл осы күні Ақкөл 

ауданында  қызмет 

ете 


бастағанына 

үш  жыл  толған  ау-

дан 

басшысының 



атқарылған 

істер 


жайлы  ауыз  толты-

рып 


айтарлықтай 

дәйекті 


деректері 

мол  болды.  Бірақ 

та, 

өзіне 


тән 

қарапайымдылықпен, өзіне сеніп отырған жұртшылық 

алдындағы  үлкен  жауапкершілігімен  нақтылы  шаруа-

лар жайлы нақтылы әңгімені ғана тілге тиек еткен ол 

атқарылған жұмыстарға талдау жасай отырып, алдағы  

істерді  межелеуді  басты назарда ұстады.

-Жаратушы  Ақкөл  мен  ақкөлдіктерге  табиғатты  да, 

адами ресурстарды да аямай берген. Тек қолда бар-

ды  тиімді  пайдаланып,  Астана  іргесіндегі  сүйікті  ме-

кенжайымызды  ең  көрікті,  ең  тартымды  ету  -  ол  өз 

қолымызда,-деп  түйіндеді  ол  алдағы  міндеттерді 

топшылаған өз сөзін.

  Кездесуге қатысқан аудан тұрғындары да көкейтесті 

сауалдарын  ортаға  салып,  алдағы  тірлікке  бейжай 

қарай алмайтындарын білдірді.

НҰРОТАНДЫҚТАР ӨЗ 

ҮМІТКЕРЛЕРІН ҰСЫНДЫ

 9 ақпанда ауданда «Нұр Отан» партиясының ке-

зектен тыс 23-ші конференциясы болып өтті.

Барлық  бастауыш  партия  ұйымлдарынан  жиналған 

делегаттар  партияның  сайлауалды  бағдарламасын 

құптап, аудандық мәслихатқа алдын-ала праймериз-

дар арқылы анықталған 13 үміткерін бекітті.


№7 (512) 12 ақпан 2016 жыл

2

 Ақкөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты 

тіркеу туралы  Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМА

Ақкөл аудандық аумақтық комиссиясы аудандық 

мәслихаттығына келесі депутаттарды тіркеу туралы хабарлайды: 

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау 

комиссиясының төрағасы

А. Долгов

Р/б 


Депутаттыққа 

кандидаттың тегі, 

аты, әкесінің аты

Туған күні, 

айы, жылы

Атқаратын лауазымы 

(кәсібі), жұмыс орны және 

тұрғылықты жері

№ 1 округтік сайлау комиссиясы

1.

Яковлева Анаста-



сия Алексеевна

15.02.1986

Аудандық өндірістік теле-

коммуникациялар торабы, 

Өндіріс бастығының м.а., 

Ақкөл қ., 50 лет Октября 

к., 5 үй

2.

Ыбыраев Темірлан 



Бекболатұлы

23.01.1987

"Ақкөл ауданының жастар 

ресурстық орталығы" 

КММ, дін маманы

Ақкөл қ., М.Мәметова к., 

14 үй

№ 3 округтік сайлау комиссиясы

3.

Шупикова Лариса 



Михайловна

26.11.1974

«№ 10 Агротехникалық 

колледжі» КММ, әдіскер, 

Ақкөл қ.,

Привокзальная к. 3 үй, 

3-пәтер

4.

Креч Виктор Алек-



сандрович

20.07.1960

«Шанс» ШҚ, басшы, 

Азат ауылы, Жастар к., 

8/1

№ 5 округтік сайлау комиссиясы

5.

Бекенов Рахметол-



ла Айдакпелович

03.07.1957

Новорыбинка орта 

мектебі, 

инженер, Ақкөл қ., С. 

Нұрмағамбетов к., 209 үй, 

1-пәтер

№ 6 округтік сайлау комиссиясы

6.

Дамаев Қадылбек 



Төлепбергенұлы

17.09.1963

"Оқу Орталығы" ЖШС, 

директор, 

Ақкөл қ., Пушкин к., 90 үй, 

3-пәтер


7.

Ужанов Сергей 

Владимирович

10.08.1974

"Республикалық 

Ғарыш Байланысының 

Орталығы" АҚ "Акколь" 

ҒҒБ ҒА директордың 

орынбасары, Ақкөл қ., С. 

Нұрмағамбетов к., 209 үй, 

8-пәтер

№ 7 округтік сайлау комиссиясы

8.

Балғожинова 



Сәуле Нәбиқызы

04.07.1972

Ақкөл ауданының 

қорғаныс істері жөніндегі 

бөлім, инспектор-маман, 

 Ақкөл қ., Островский к., 5 

үй 2-пәтер

9.

Жақиянова Баян 



Төқсанқызы

10.06.1979

Жеке кәсіпкер, 

Еңбек ауылы, Төрежанов 

к., 34 үй

№ 8 округтік сайлау комиссиясы

10.


Хұлыбек Жәнібек

30.05.1985

Жеке кәсіпкер,

Азат ауылы, Достар к., 7 

үй, 2-пәтер

№ 9 округтік сайлау комиссиясы

11.


Аджатян Ваграм 

Вачаганович

13.07.1989

"Ақкөл ауданының жастар 

ресурстық орталығы" 

КММ, мемлекеттік жастар 

саясаты мен спортты 

жүзеге асыру бойынша 

әдіскер, Еңбек ауылы, 

Студентческая к., 10 үй

12.

Омаров Дүйсен 



Құсайынұлы

11.09.1960

"Бекас" ШҚ, басқарушы, 

Қайнар ауылы



№ 10 округтік сайлау комиссиясы

13.  Пшембаев Әнуар 

Жайықұлы

25.11.1990

ХҚКО РММ Ақкөл 

аудандық филиалы, 

операциялық зал басшы-

сы, Ақкөл қ., Бөгенбай к., 

2/2 үй, 1-пәтер

14.


Есімқанов Азат 

Сағынғанұлы

17.11.1979

Наумовка орта мектеп-

бақшасы, шетел тілінің 

мұғалімі, 

Наумовка с., Ақбидай к., 

36 үй


Біз - Қазақстан балалары 

    Желтоқсанның  8-10  аралығында  Зеренді  қаласында  «Біз  -  Қазақстан  балалары» 

атты  ұранмен  «Жас  ұлан»  көшбасшыларының  облыстық  слеті  өтті.  Мен  №3  қазақ 

орта мектебінен осы слетке делегат болып қатыстым. 

    Одан  кейін  облыстық    «Жас  ұлан»  ұйымының  төрағасы  Закиров  Мейрамбек  Серікұлы 

бізбен дөңгелек үстел өткізді. Елбасымыздың жолдауы жөнінде  әңгімелеп берді. 

  Екінші күн іс-шараға толық болды.Түске дейін түрлі тренингтер, бір-бірімізбен танысу ой-

ындары, түстен кейін «Жас ұлан» командасы мен «Бірлік» командасының арасында спорт 

сайыстары өтті. Одан кейін біз тренажер залында және бассейнде болдық. Кешіміз қызықты 

дискотекамен аяқталды.

    Үшінші    күні  слеттің  жабылуы  өтті.  Қысқа  уақытта  бір-бірімізге  үйреніп  қалған  біз  қимай 

қоштасып тарастық. Мен өте қуаныштымын, осындай іс-шараларда болып, қызықты адамдар-

мен танысқаныма. Әсіресе, Мейрамбек Серікұлы көп әсер  қалдырды. Ол өте жігерлі, ақылды, 

мейрімді және көңілді. Онымен бірге уақытымыз қызықты және тез өте шықты. Осындай кезде-

сулер көп болса екен. Мен «Жас ұлан» мүшесі болғаныма қуанамын және мақтанамын.



Мерей Жапарханова, №3 Ақкөл орта мектебінің 5 «б» сынып  оқушысы.

Май шығаратын зауыт iске қосылды

Көкшетау  қаласының  әкiмi  Ермек  Маржықпаевтың  халық  алдындағы  есеп  беру 

кездесуi  барысында  өңiр  басшысы  Сергей  Кулагин  облыс  орталығында  жүзеге 

асырылған көлемдi жобалармен танысты.

Көкшетау  қаласында 

жылына отыз мың литр 

май шығаратын зауыт 

iске  қосылды.  Өсiмдiк 

майын 


өндiретiн 

«Blic  Terminal»  ЖШС 

күнбағыс  және  рапс 

майын 


өндiредi. 

Бүгiнде  бұл  жерде 

р а ф и н а д т а л м а ғ а н 

май түрiне де сұраныс 

бар.

Кәсiпорын  майды  1 



және 5 литрлiк құтыға 

құйып 


шығарады. 

5  литрлiк  май  құны 

1700  теңге,  ал  бiр 

литрлiк  май  құны  300 

теңгенi құрайды. Жал-

пы серiктестiк 2015 жылы 15 мың литр май шығарылған. Кәсiпорын 52 адамды тұрақты 

жұмыспен қамтып отыр.

Жалпы бүгiнде Көкшетауда «Бизнестiң жол картасы-2020» аясында қуаттылығы ауысы-

мына 500 келi қуырылған шемiшке шығаратын жаңа кәсiпорын да қызмет көрсетiп келедi. 

«SUPERNUTS» ЖШС шикiзатты Ресейден сатып алады (Алтай өлкесiнен). Ал дайын өнiм 

Қазақстанның түрлi өңiрлерiне жөнелтiледi.

www.akmo.gov.kz

Халыққа қызмет – мерейлі міндет

«Ақкөл  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі»  ММ  Ақкөл 

ауданының  тұғындарына  бөлім  келесі  мемелекеттік  қызметтерді  көрсететіні    туралы  

мәліметті жеткізеді:

1.18 

асқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау.



2.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек тағайындау. 

3.Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын 

анықтама беру. 

  Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштерді қабылдау қорытынды беру:

1) ХҚКО;

2) қызмет көрсетуші;

3) селолық округ, ауыл, ауыл әкімдері, мекемелері арқылы жүзеге асырылады.

  Ағымдағы  жылдың  қаңтар  айында  18  жасқа  дейінгі  балаларға  мемлекеттік  жәрдемақы 

алуға 75 отбасы өтініш білдірді, 71 отбасының 210 баласына жәрдемақы тағайындалды.

  Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын 

анықтама беру туралы бір қызмет көрсетілді.

  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінім түскен жоқ.

  Толық ақпаратты 2-05-83 телефон арқылы және Ақкөл қаласы Нұрмағамбетов көшесі 81 

мекен-жайы бойынша алуға болады. Жұмыс күндері: сағат 9-00 ден 18-00 дейін.                       

                                                                                           

    Бас маман  Н.Клюг

Құрметті жұмыс берушілер мен жұмыссыз жүрген азаматтар!

 2016 жылғы ақпанның 16 күні сағат 11.00-де аудандық орталық кітапхананың музыкалық 

қонақжайында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіледі (Нұрмағаметов к., 67).

  Барлық жұмыс берушілерді және жұмыссыз жүрген азаматтарды жәрмеңкенің жұмысына 



қатысуға шақырамыз.

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал