ЖАҢаша оқыту – заман талабы әбдіқадырова Т. Р., п.ғ. к., қазақ әдебиеті кафедрасының доценті



жүктеу 64.78 Kb.

Дата17.04.2017
өлшемі64.78 Kb.

ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ 

 

Әбдіқадырова Т.Р., п.ғ.к.,  

қазақ әдебиеті кафедрасының доценті 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  білім  беру 

жүйесінің  басым  міндеттері  ретінде  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

құндылықтар  және  ғылым  мен  практика  жетістіктері,  жеке  адамды 

қалыптастыруға, дамытуға, кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу 

үшін қажетті жағдайлар жасау атап кӛрсетілген.  

Еліміздегі  соңғы  кездерде  шыққан  ұлттық  маңызы  бар  құжаттардың 

бірегейі  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы.  Бағдарлама  ұлт  тарихын  түгендеу, 

ұлттық болмысты жаңарту, ұлттық білім беру жүйесін әлемдік деңгейге сай 

етіп құру, дәстүрлі міндеттерді шешуде шығармашылық жаңартушылық яғни 

инновациялық  кӛзқарастарды  қалыптастыру  мақсатында  ұзақ  мерзімге 

бағытталған кешенді, жүйелі іс-шаралардың мазмұнын құрайды 

 «Мәдени  мұра»  бағдарламасына  қатысты  алқалы  жиында  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанды Ұлы Дала ӛркениетінің қара шаңырағы ретінде 

халықаралық  деңгейде  танытып,  қалыптастыруымыз  керек»,-деп  атап 

кӛрсетеді.  Осыған  орай  білім  беру  саласында  ХХІ  ғасырдың  мақсат 

міндетерінің бірі - ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне сай 

етіп  қалыптастыру,.  қазақ  халқының  әлемдік  ӛркениеттің  қатарынан 

кӛрінуіне лайықты бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. 

Білім  беру  кеңістігінде  қазіргі  таңда  білім    беру  -  әлеуметтік  

құрылымның    маңызды    элементтеріне    айналды.  Дүние    жүзінде    білімнің  

әлеуметтік  ролі  артты.  Адамның  болашағы  оның  қазіргі  алған  білімінің  

сапасына,  кӛлеміне,    ойлау    деңгейіне    байланысты.    Осыған    сәйкес  

студентке  белгілі    бір    кӛлемдегі    білім,    білік    дағдыларды    меңгертумен  

қатар    дүниетанымын    кеңейтіп,    оларды    шығармашылық    бағытта    жан-

жақты      дамыту    бүгінгі    күннің    басты    талабы.    Оның  ішінде  ғаламдық 

ӛзгерулерге  бейім  жеке  адамның  да,  қоғамның  да  жаңа  іс-әрекет  түрлеріне 

ынталана  алатындай,  ӛзгермелі  мәдениеттік  ортада  ӛзін-ӛзі  анықтай 

алатындай,    және  адамгершілікке,  интелектуалдыққа,  кәсіби  біліктілікке 

тәрбиелейтіндей  оқытудың  үздіксіз  жүйесін  қалыптастыру  қажеттілігі 

туындауда. 

Дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  бірігу  –  бірыңғай  білім  беру 

кеңістігін  құру  мақсатында  дүниежізілік  білім  беру  жүйесімен  жақындасу 

яғни Болон процесі құрылды. 1999 жылы Болонье қаласында Бірыңғай білім 

кеңістігін  құру  Декларациясына  29  мемлекеттің  бірі  болып  біздің  мемлекет 

те қол қойған. Қазір Болонье процесініе 40-тан астам мемлекет бірікті. 

Болонье декларациясына сәйкес білім беру кеңістігі – мемлекеттің әр бір 

азаматтың тұрған орнына қарамастан толыққанды білім алуын сақтайды бұл 

жалпы европалық білім жүйесі – кредиттік оқу жүйесі болып табылады. 

Оқу  процесінде  «кредит»  деген  ұғымды  келесідей  түсінеміз.  1)  оны 

меңгеруге  аптасына  бӛлінген  сағат  санын,  онда  тек  аудиториялық  сабақтар 



емес,  студент  аудиториядан  тыс  ӛзіндік  жұмысқа  жұмсауы  қажет  уақыт  та 

кӛрсетілетіні,  аудиториялық  әрбір  пәнді  меңгеру  бойынша  ӛзінің  кӛп  еңбек 

сіңіру кодексі болатындығы; бұл сан пәнді үйренуден кейін білім алушылар 

алатын  сынақ  бірліктерінің  санына  тең  (Кредиттерге)  болуы.  2)  Оқу  орны 

бакалавриат  немесе  магистрдің  толық  бағдарламасын  меңгеру  үшін 

жинақтауы  қажет  алдын  ала  кредиттер  саны  жалпы  жылдық  жүктемедегі 

нақты пәннің үлесін де бейнелеуі. 

Кредит  –  курсты  үйрену  үшін  қажет  уақытты  белгілейтін  жалпы 

қабылданған студенттің жүктемесінің ӛлшем бірлігі 



«жеке  оқу  жоспары»  -  жұмыстың  оқу  жоспары  негізінде  әрбір  оқу 

жылына  студенттің  дербес  жасалатын  құжаты,  ол  студенттің  оқитын  оқу 

пәндері  тізбесін  және  кредиттердің  немесе  академиялық  сағаттар  санын 

қамтиды;  жеке  оқу  жоспары  әрбір  студенттің  білім  траекториясын 

айқындайды; 

«кредиттік жүйесі» (технологиясы) – білім алушының, оқытушының оқу  


жұмысының  кӛлемін  ӛлшеудің  сәйкестендірілген  бірлігі  ретінде  кредитті 

пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып, зерделеу дәйектілігін 

таңдауы, және дербес жоспарлауы негізінде оқыту. 

Сонымн  қатар  таңдау  компоненті,  міндетті  компонент,  постреквезиттер, 

пререквизиттер,  жұмыс  оқу  жоспары,  силлабус,  тьютор,  глоссарий, 

бакаллавриат т.б. атаулардың енгенін білеміз. 

Білім  саласына  инновация  деген  ұғымға  анықтама  беріп,  түсіндіріп 

кӛрелік. Инновация білім беру саласында жаңалық енгізу, оқу және тәрбие 

мазмұны мен ұйымдастыруын және олардың тиімділігін арттыру; білім беру 

процесін  айтарлықтай  ӛзгертетін,  жетілдіретін  немесе  жаңартатын  білім 

саласындағы жаңалық.  

Инновациялық технология – оның дамуын басқарудың ұйымдасқан 

белсенді процесі. 



Білім  берудің  инновациялық  технологиясы  –  бірыңғай  мақсатпеп 

біріккен  және  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  инновациялық  технологияларды 

қамтыған,  оқыту,  тәрбиелеу  және  басқару  түрлерінің,  әдістері  мен  оқу 

құралдарының жиынтығы, 



Оқытудың 

инновациялық 

технологиялары 

нәтижесінде 

студенттердің  оқу  процесіне  деген  ішкі  себептің  оң  қатынасы  анағұрлым 

жақсаратын,  тұлғалық  бағытталған,  кіріктірілген,  ұжымдық  іс-әрекеттік, 

ақпараттық, қашықтықтық, дамытушылық, модульді дамытушылық және т.б. 

технологиялар  жетекші  орын  алатын  оқытушының  студентпен  қарым-

қатынастағы іс-әрекетті таңдауы болып табылады.   Білім    берудегі    жаңа  

технологиялар  АҚШ-та  1940жылы  пайда  болған. 

Студентке белгілі  бір  кӛлемдегі  білім,  білік  дағдыларды  меңгертумен  

қатар    дүниетанымын    кеңейтіп,    оларды    шығармашылық    бағытта    жан-

жақты      дамыту    бүгінгі    күннің    басты    талабы  деп  отырмыз.    Бұл,    әрине 

ұстазға  да    кӛп    ізденісті    талап    етеді.    Ӛйткені,  «Шәкірт  –  біліммен  

толтыратын  бос  құмыра  емес,   ол  жануға  дайын  тұрған  шырақ,  ал  ұстаз  

шырақшы  ғана...».  Сондықтан,  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  

жаңа  техналогияларын  меңгермейінше,  сауатты  маман  болу  мүмкін  емес.  

Осыған  орай,  әрбір  ұстаз  барлық  жаңалықтар  мен  әдістерден  хабардар 

болып,  оқыту    түрлерін,      әдіс-тәсілдері    мен    құралдарын      жетілдіріп,  

оларды    тиімді    қолдану      жолдарын    іздестіріп,      ӛз    кәсібін  

шығармашылықпен    дамытып    отыру    қажеттілігі    заман    талабынан      ӛз-

ӛзінен  туындап  отыр.   

  Білім    беруді    ұйымдастырудың    дүние    жүзілік        тәжірибесінде  

кӛптеген    оқыту    технологиялары    жүзеге    асырылуда.    Ондағы    мақсат  – 

студенттің танымдық  қабілеттерін,  яғни  ӛзінше  ойлау  қабілетін  арттыру, 

елестету      мен    есте    сақтауын,    дағдысын,    білім    сапасының    дамуын  

қамтамасыз  ету. 

  Жалпы    білім    беруде    баланың    білімін,    білігі    мен    дағдысын    емес,  

оның  тұлғасын,   білім  алу  арқылы  дамуын  бірінші  қойып  отыр. 



  Педогогикалық    технология    дегеніміз  –  тәжірибеде  жүзеге  

асырылатын,  белгілі  бір  педагогикалық  жүйенің жобасы.  

Жаңа    педогогикалық    технология  –  білім    беруді    ізгілендіру  

принциптеріне    негізделген    компьютерлік    технология,  сонымен    бірге  

оқытуды  дербестендіру  мен  деңгейлік  дифференциялдау. 

  Онда: 


-

 

білімді  ізгілендіруге 



-

 

оқыту  сапасын  арттыруға 



-

 

басқару  тиімділігін  жетілдіруге 



-

 

оқушылардың  дамуына  бақылау  жасауға 



-

 

оған  сәйкес  бағалауға  болатыны  дәлелденіп  отыр. 



Бұл  жүйенің  басты  компоненті – оқыту  мақсаты.  Ол  мақсат  ӛздігінен  

дамуға ұмтылатын  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  сондықтан  оның  ӛзіндік  

танымдық  іс - әрекеті  белгілі  бір  дәрежеде  белсендірілуі  қажет.   

  Мұнда  бірінші  орында  білім алушы тұрады  және  оның  ӛз  бетімен  

білім  алудағы  белсенділігіне  баса  назар  аударылады. 

  Оқытудың    франтальды    түрі  –  бағыт    беру,    талқылау    және    түзету  

енгізуде  ғана  пайдаланылады. 

  Технологияландыру  процесін  іс  жүзінде  модульдеп  оқыту  арқылы 

да жүзеге  асыруға болады. 



Модуль  -  ӛзара  жаңа  енгізіліммен  байланысты,  мысалы:  жаңа 

бағдарламалар  блогы,  оқудың  жаңа  технологиясын  әзірлеу,  жаңа 

шығармашылық  ұжым  немесе  бірлестік  құру.  Ал  модульдік  оқытуды 

тӛмендегідей түсіндіреміз. 

  І.  а)  Жаңа    тақырыпты    ӛздігінен    меңгеріп,    ӛздігінен    ереже,  

анықтамалар  қорытып  шығару. 

  ә)  Қарапайым   мысалмен,  жаттығумен  бекіту. 

  б) Жұмыс дәптері бойынша деңгейлік  тапсырмаларды  орындау. 

  в) Үлгермеген  тапсырмаларды  үйінде  орындау. 

  г) Тест  сұрақтары. 

ІІ.  Тақырып  бойынша  қорытынды  деңгейлік  тапсырмалар. 

ІІІ.  Қатемен  жұмыс сабағы. 

ІV.  Бақылау  жұмыс  сабағы. 

Бұл    технологияның    негізі  –  Л.С.  Выготскийдің    «Оқыту    процесінде  

оқушының  ақыл  ойының  дамуы», «актуальді  даму»  аймағынан  «жақын  

арадағы    даму»    аймағына    ауысуы    туралы    теориясы.    Бұл    ауысу    1  – 

деңгейдің  ӛнімін  іс - әрекетті  қажет  ететін  жоғары  деңгейлерге  ауысуы  

негізінде  іс - әрекет  арқылы  жүзеге  асады. 

Бүгінгі педагогика ғылымның лексиконында педагогикалық оқыту 

технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де осы ұғымды түсіну 

мен пайдалануда әр түрлілік басым. 

Технология  –  tehne  (искусство,  ремесло,  мастерство,  учение)  деген 

мағынаны білдіретін грек сӛзі. 


Педагогикалық  технология  педагогикалық  мақсатқа  жету  үшін 

пайдаланылатын  барлық  дара,  инструменталдық  және  методологиялық 

құралдардың  қолдану  реті  мен  жиынтығының  жүйесін  білдіреді.  (Кларин 

М.В.). 


Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу 

процесін  ұйымдастыру  және  жүргізу,  бірлескен  педагогикалық  әрекетті 

жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. (Монахов В.М.). 

  «ТЕХНОЛОГИЯ» - бұл  да  қандай  да  болсын  істегі  «Шеберліктің»  

жиынтығы. 

  Технологиялардың  бірнеше  түрі  бар: 

1.

 

Кәсіптік  технологиялар



2.

 

Басқару  технологиялар; 



3.

 

Ақпараттық  технологиялар; 



4.

 

Ізденіс  технологиялары



5.

 

Ойын  технологиялары; 



6.

 

Педагогикалық  технологиялар; 



7.

 

Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясы; 



8.

 

Проблемалық оқыту  технологиясы



9.

 

Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясы; 



10.

 

Түсіндіре  басқарып  оза  оқыту  технологиясы; 



11.

 

Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы; 



12.

 

Бағдарламалап  оқыту  технологиясы; 



13.

 

Модульдік оқыту технологиясы



14.

 

Ұжымдық ойлау технологиясы; 



15.

 

Сын тұрғысынан ойлау т.б. 



Педагогикалық  технологиялар – бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен  

біріктірілген      пәндер  мен    әдістемелердің    ,    оқу-тәрбие    процесін  

ұйымдастырудың    ӛзара    ортақ    тұжырымдамамен    байланысқан   

міндеттерінің,    мазмұнының,    формалары    мен    әдістерінің    күрделі    және  

ашық  жүйелері. 

Педагогикалық  технологияның  90-нан  астам  түрлері  бар. 

Бұл  педагогикалық  технологиялардың  маңыздылығы: 

1)

 



Білімгер    барлық    тақырыпты    меңгереді,      яғни    жоқ    дегенде  

міндетті  деңгейді  біледі. 

2)

 

Білімгер жоғары  деңгейде  меңгереді,  дамиды,  ізденеді. 



3)

 

Білімнің  теориялық,  жариялық,  әділдік  қағидалары  сақталады.   



4)

 

Ұстаз бен  шәкірт  қарым-қатынасы  ӛзгереді.   



5)

 

Білімгердің танымдық, интелектуалдық  қабілеттері  дамиды. 



6)

 

Ӛзіндік  кӛзқарасы    қалыптасып,    тыңдай,    сыйлай    білу    мәдениеті  



артады. 

Білім    беруді    ізгілендіру    технологиясы  –  білім  алушының  жеке  

қасиеттерін    ашу    арқылы    азамат    етіп    тәрбиелеу;    жаны  мен    жүрегіне  

жылулық  ұялату;  танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту; біліммен  

кеңейтуге  және  тереңдетуге  жағдай  жасау.   


Проблемалық оқыту  технологиясы – білім,  білік,  дағдыға  ие  қылу;  ӛз  

бетімен    әрекеттену  әдістерін  меңгерту;  танымдық  және    шығармашылық  

икемділіктерін  дамыту. 

  Тірек  сигналдар  арқылы  оқыту  технологиясы  – білім,  білік,  дағды  

қалыптастырумен    бірге    жеке    мәліметтеріне    қарамастан  оқыту;    және  

оқытуды  жеделдету. 

  Түсіндіре    басқарып    оза  оқыту  –  білім,    білік,    дағды    меңгертумен   

мемлекеттік стандарт  кӛлемінде  білім  беру. 

  Деңгейлеп  -  саралай    оқыту    технологиясы  -  әр    оқушының    қабілеті  

мен    мүмкіндік    деңгейіне  орай    оқыту;    оқытуда    әр    түрлі    топтардың  

ерекшелігіне  сәйкес  бейімдеу. 

  Бағдарламалап    оқыту    технологиясы  –  ғылыми    негізде    түзілген  

бағдарлама  негізінде  оқытудың тимділігін  арттыру. 

Модульдік    технологияның    ерекшелігі  -    оның    білімді    меңгеруге  

емес,  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  және  танымдық  процестерді,  яғни  

жадының        алуан    түрлерін  (есту,    кӛру,    қимыл)    ойлауды,    ынтаны,  

қабілетін    арнайы    жасалған    оқу    және    танымдық    жағдайлар    арқылы  

дамытуға  бағытталуы. 

  Модульдік      дегеніміз  –  қандай    да    бір    жүйенің    ұйымның  

анықталатын  дәріс  бӛлімі. 

Әдебиеттің  басқа  пәндерден  айырмашылығы  –  онда  дәлелденген 

ешқандай  заң  жүйесі  немесе  формула  элементі  жоқ.  Ӛзге  оқу  пәндеріне 

қарағанда  мұғалім  мен  шәкірттің  рухани  және  сезім  бірлігін  кӛбірек 

қажетсінеді.  Әдебиет  сабағы  –  адам  бойындағы  асқақ  арман,  әсемдік  пен 

сұлулыққа  құштарлық  сияқты  тамаша  ізгі  адамгершілік  қасиетке  баулитын 

пән. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты да – оқушыларды сӛз ӛнерінің қыр-

сырымен  таныстыру  сол  арқылы  халықтың  рухани  байлығы  мен 

қазынасынан  мәлімет  бере  отырып,  имандылыққа,  парасаттылыққа, 

сұлулыққа,  кӛркем  шығарманы  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыруға 

тәрбиелеу.  

  Әдебиет  сабағының  ең  басты  мақсат-міндеттерінің  бірі  –  білім 

алушының  кӛркем туындыны  қабылдауы.  Осы  тұрғыда ұстаздың  шеберлігі, 

яғни  сабақтың  тақырыбы  мен  идеясын  аша  алатындай  әдіс-тәсілді  дұрыс 

таңдауы қажет.  

  Ұстаз  бен  шәкірт  тең  деңгейде  бірлескен  ортақ  ізденіс  жоспарын 

құрғанда  ғана,  әдебиеттің  мазмұны  бүгінгі  таңда  жиі  қолданыста  жүрген 

дамыта  оқыту,  жекелей  оқыту,  сатылай  оқыту,  ұжымдап  оқыту  т.б.  жаңа 



заман талабына сай оқытудың түрлерін басшылыққа алғаны жӛн. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал