ЖАҺандық диалог ж урна л



жүктеу 0.75 Mb.

бет8/8
Дата02.03.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

> Кельттік байланыстар –  

Ребекка Чиеко Кинг-O’Райан, Мэйнут Ирландия Ұлттық Университеті, Ирландия

1

990-2000  жж.  аралығындағы  иммиграциялық 



үрдістердің  нәтижесінде  эмиграциясымен  әйгілі 

болған  Ирландия  бүгінгі  күні  –  жаһанды  ел.  2008 

жылғы экономикалық дағдарыс тұсындағы «дүмпу» 

кезінде Ирландияға көшіп келген иммигранттардың көпшілігі, 

біз ойлағанымыздай, Польшаға «үйлеріне» болмаса басқа 

жаққа  көшіп  кеткен  жоқ.  Керісінше,  көбісі  осында  қалып, 

тамырын жайды. Ал 80-жылдары елін тастап, кейін «дүмпу» 

кезінде  қайтып  келген  ирландтықтардың  өздеріне  келетін 

болсақ, олар тек білім ресурстарын ғана әкеліп қойған жоқ, 

сондай-ақ,  шетелдік  әріптестерінің  жаһандық  тәжірибесін, 

балаларды  және  трансұлттық  байланыстарды  алып 

келді.  Бұлардың  барлығы  Ирландияны  коммуникацияның 

жаһанды орталығы ету үшін жұмыс істеу керек еді.

2011  жылы  Ирландиядағы  халық  санағы  бойынша 

тұрғындардың 

17% 


Ирландияда 

тумағандықтарын 

көрсеткен, бұл 2006 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 

25% артқан. Сол 2011 жылы халықтың 12% өздерін ирланд 

ұлтымен  сәйкестендірмейді.  Халықтың  жалпы  санының 

85%  өздерін  «ақпыз»  және  «ирландтықпыз»  деп  атаған. 

Сонымен қатар 2006 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта 

Жаһандық сүйіспеншілікке бөленген Ирландия. 

>>

тегі  азиялық  болғанымен,  қытайлық  емес  халықтың 



үлесі  87%  өскен,  олардың  көпшілігі  40  жастан  асқандар. 

Ирландияның  4,5миллионнан  жарты  миллионға  жуық 

(514,068)  тұрғыны  үйлерінде  шет  тілінде  сөйлейді,  соның 

ішінде көбінесе поляк, сосын француз, литван және неміс 

тілдерінде. Осындай демографиялық өзгерістердің негізінде 

технологиялар  жаңа  трансұлттық  тәжірибеге  енгізілген. 

Ирландия  мен  шет  елдерде  кеңжолақты  және  сымсыз 

байланыс  мүмкіндіктерінің  жылдам  таралуы  2012  жылы 

Ирландияда  халықтың  81%  әлеммен  ғаламтор  арқылы 

байланысуына  алып  келген,  2008  жылмен  салыстырғанда 

ол 61% болған.

Ирландтық және ирландтық емес халықтардың арасындағы 

байланыстар  мен  трансұлттық  қатынастардың  артуы 

ирланд қоғамының ішкі және сыртқы қарым-қатынастарына 

қалай ықпал етті?

Отбасы  –  өзінің  түрлі  формаларында  бір-бірімен 

қиылысатын  институттардың  тоғысы,  ол  махаббат 

пен  жақындық  жайлы  мәдени  тұрғыдан  ұғынуды 

қалыптастырады, 

қандай 


махаббат 

пен 


жақын 

қатынастардың  заңды,  ал  қайсысы  заңсыз  екендігін 



Ирландияның жаһандық 

отбасылары 

ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ

 41


GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ

анықтайды. Бұл түсініктер көбінесе эмоциялық мінез-құлық 

қойылымы  сипатында  болады.  Трансұлттық  отбасылар 

мен  эмоциялық  тәжірибелер  ирландтықтардың  күнделікті 

өмірінде күннен-күнге негізгі мәнге ие болуда. 2011 жылғы 

халық  санағынан  ирландтық/ирландтық  емес  аралас  үй 

шаруашылықтарының  бар  екендігін  білеміз.  Бұлар  түрлі 

ұлтты  отбасы  мүшелері,  мысалы,  бірге  тұратын  шығу  тегі 

нигериялық ата-аналары мен олардың ирландтық балалары 

немесе бір үйде ұжымдасып өмір сүретін әртүрлі елдерден 

келген  достар  тобы  болуы  мүмкін.  Осындай  «аралас» 

отбасындағы  кейбір  этникалық  топтар,  соның  ішінде  АҚШ 

(72%),  Ұлыбританиядан  (64%)  және  Нигериядан  (77%) 

келгендердің өмір сүру деңгейлері жоғары.

Ирландияда  этникалық/нәсілдік  саналуандықтың,  аралас 

ирландтық/ирландтық емес үй шаруашылықтарының және 

отбасы  түрлерінің  артуы  бұл  елде  Ульрих  Бек  «жаһанды 

отбасы»  деп  атайтын  отбасы  мультикультурализмінің 

тереңдегенін  көреміз.  Бұл  отбасылар  әдетте  нәсіларалық, 

мәдениетаралық,  конфессияаралық  және  көп  тілді, 

Ирландиядан  тысқары  басқа  адамдармен  электронды 

құралдар көмегімен байланысты. 2012 жылы Ирландиядағы 

ғаламтор-қолданушылардың 

29% 

веб-камера 



технологиясын  бейне  байланыс  үшін  қолданатындығын 

айтты,  осылай  трансұлттық  пен  эмоциялық  байланыстар 

пайда болады және қолдау табады.

Әлеуметтік  желілер  үшін  концентратор  ретіндегі  өзінің 

көбеюімен және саналуандығымен көрініс алған отбасылар 

Ирландияны  басқа  әлеммен  қалай  байланыстырады? 

Жоғарыда атап өткеніміздей, трансұлттық байланыстардың 

негізгі қозғаушы күштерінің бірі экономикалық емес, сандық 

технология  көмегімен  үнемі  қолдау  табатын  эмоциялық 

және мәдени байланыстар. Ирланд отбасылары үшін Sky-

pe веб технологиясын қолдану бір уақытта уақыттық және 

географиялық  қашықтықтарға  тиесілі  екендігін  сездіретін, 

«трансбайланыс»  кеңістігін  құруға  мүмкіндік  береді.  Бұл 

өз  кезегінде  адамдардың  бірнеше  сандық  технологиялар 

платформалары 

(Polymedia) 

көмегімен 

эмоциялық 

әрекеттерін  қалай  «жүзеге  асыруды»  қалыптастырады. 

Эллиот  пен  Урри  технологияларды  кеңінен  қолдану 

адамдардың  сезімдерін  көрсету  үшін  технологиялық 

құрылғылар «банкингімен» (мысалы, мәтіндік хабарламалар 

мен  суреттер)  таныстырды  –  «адам  объективті  әлемнің 

көңіл-күйіне,  икемдеріне  әсер  ететін  және  болашақта 

нышандар  мен  ойлау  формасы  үшін  шығарылғанша  жеке 

тәжірибенің осындай аспектілерін сақтайтын «эмоциялық» 

банкинг  әрекетіне  тартылдым  деп  айтуы  мүмкін»  деп 

көрсетеді  (Э.Эллиотт  және  Дж.Урри,  Мобильді  өмір.  2010: 

39).  Эмоциялық  банкингке  қосымша  бұл  трансұлттық 

отбасылар  веб-камераларды  үзіліссіз  және  үнемі  қолдану 

арқылы  «эмоциялық  ағын»  деп  аталатын  практикаға 

тартылған.

Skype  веб-камерасын  қолдану  –  компьютер  экранының 

алдында  бетпе-бет  отырып  визуалды  эффект  арқылы 

дауыспен  шақыру  ретінде  ғана  шектелмейді.  Одан  басқа 

«ағынды»  бейне  (видео)  немесе  фильм  ретінде  веб-

камераны  үнемі  қолдану  күнделікті  өмірдің  қозғалысына, 

шуына  және  күйбеңіне  (хаос)  минуттар  емес,  сағаттар 

арқылы  «терезе»  ретінде  қолданылады.  Skype-ты  кейде 

күнде  және  ұзақ  уақыт  аралығында  қолдану  қолданушыға 

жақындарымен 

байланыста 

болуға, 

эмоциялық 

қатынастарды  нығайтуға  және  кеңістік  пен  уақытқа 

қарамастан бірге екендіктерін сезінуге мүмкіндік береді. Веб-

камераны  қолдану  трансұлттық  байланысқан  отбасылар 

үшін уақыт пен кеңістік жағдайларын игеруге және тойтаруға 

көмектеседі.

Ирландияның 

жаңа 

үй 


шаруашылықтары 

тек 


демографиялық  құрылымы  жағынан  өзгеріске  ұшыраған 

жоқ,  сонымен  бірге  отбасы  тұрғысынан  географиялық 

деңгейде  де  өзгеруде.  Жаңа  технологиялар  көмегімен 

ирланд отбасылары, олармен байланысқан түрлі адамдар 

жүрген жолдарды өзгертуде – өздерінің сезімдері және жеке 

өмірлерімен өмір сүруде. 

Хаттарды Ребекка Кинг-O’Райанға жолдауға болады <

Rebecca.king-oriain@



nuim.ie

>


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал