ЖАҺандық диалог ж урна л



жүктеу 0.75 Mb.

бет6/8
Дата02.03.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

> Ульрих Бек Латын

   Америкасында

Анна Мария Вара, Сан Мартин ұлттық университеті, Аргентина және Қоршаған орта және қоғам 

бойынша зерттеу комитеті (RC24) басқармасының мүшесі

>>

У

льрих  Бек  еңбектерінің  Латын  Америкасындағы 



ықпалын  қалай  өлшеуге  болады?  Адамдар, 

қоршаған орта мен техно-ғылыми білімді бір бірімен 

ептілікпен  және  түбегейлі  байланыстыратын  Бек 

еңбегінің,  көбіне  өзінің  табиғаты  мен  индустриялануды 

үнемі  өкшелеп  келе  жатқандығымен  белгілі  субконтинент 

азаматтары  мен  әлеуметтік  сала  ғалымдарына  айтар 

жаңалығы көп.

30 жыл бойы Бек өз жұмыстарында дамытқан «тәуекелді 

қоғам» ұғымы және Латын Америкасының жазушылары мен 

зияткерлерінің  ХХ  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарынан 

бастап зерттей бастаған аймақтың тәуелді жағдайы туралы 

ойлары арасында терең үндестік бар.

Латын  Америкасы  елдерінің  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі 

неоколониялық  жағдайын  айқындауға  бағытталған  осы 

дискурс жергілікті элиталармен сыбайлас болған шетелдік 

акторлардың прогресс атауын бүркеніп, табиғи ресурстарды 

жыртқыштықпен пайдалануына қарсылығын білдіреді.

Осының барлығы орынды саналып, қалыптасты және 1970-

ші  жылдардағы  «тәуелділік  теориясы»  сияқты  теориялар 

арқылы  зерделенсе,  қазіргі  уақыттағы  пікірталастар 

«экстрактивизм»  мен  «неоэкстрактивизм»  төңірегінде. 

Біз  Бек  теориялары  мен  осы  дискурс  арасындағы  тікелей 

байланыс  туралы  айта  алмаймыз,  алайда  олардың 

арасындағы  диалог  мәселелердің  әрқайсысын  өздігінше 

сипаттайды.  Мақалада  осы  диалогтың  негізгі  дәлелдеріне 

Ульрих Бек Ана Вара және Санг-Юн 

Ханмен бірге.

УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ

назар аударатын боламын.  

Бек  «техно-экономикалық  дамудың»  шарасыз  жанама 

ықпалы (1992: 20) деп тәуекелге берген іргелі сипаттамасы 

арқылы  осы  процестің  екі  жақтылығына  және  екі  жүзді 

табиғатына  назар  аударады.  Бектің  сөзімен  айтқанда, 

индустрияландырудың 

«жағымды» 

жаңалықтарынан 

туындайтын  «кері  нәтижелер»  осы  үдеріске  табиғи 

ресурстар арқылы күш беретін Латын Америкасы елдерінде 

көзге айқын түседі. Осы кері нәтижелер ықпалы әрі қарай 

қоғам және қоршаған ортаға тарайды. Сонымен қатар, аймақ 

үшін  өзекті    болып  табылатын  теңсіздік  мәселесі  аясында 

«тәуекелді үлестіру» көңіл аударарлық және қызықты. Осы 

орайда, Бектің теориялық еңбектері аймақтағы ұзақ уақытқа 

созылған феноменді түсіну үшін айтарлықтай көмек болды.

Сонымен  қатар,  көбіне  Еуропа  мен  АҚШ-та  Тәуекелді 

қоғам кітабын тәуекелдің «демократиялық» сипаты туралы 

баяндайтын еңбек ретінде қабылдап, қышқыл жаңбырлардан 

немесе Чернобыльдағыдай радиоактивті бұлттардан ешбір 

шекаралар  қорғаныш  болмайды  деген  дерекке  ерекше 

мән  берді.  Дегенмен,  Бек  тәуекел  мен  билік  арасындағы 

қарым-қатынас  үшін,  ел  ішіндегі  және  елдер  арасындағы 

тәуекелдерді үлестірудегі теңсіздік мәселелеріне алаңдады. 

Үндістанда  болған  Бхопал  апаты  мен  Бразилияның  ең 

ластанған  қаласы  Вилла  Паризи  жағдайын  есте  сақтай 

отырып, Бек жазбаларында төмендегі ойларды қозғаған:

Әлемдік  деңгейде  тәуекелді  теңестіру  саясаты  бізді 



 29

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



тәуекел ауыртпалығы ішіндегі жаңа әлеуметтік теңсіздіктер 

жөнінде  адастырмауы  тиіс.  Әсіресе,  осындай  оқиғалар 

тәуекелді  жағдайлар  мен  таптардың  жағдайлары  өзара 

жақын  болған  жерлерде  және  халықаралық  деңгейде 

туындайды.  Ғаламдық  тәуекелді  қоғамның  жұмысшылар 

табы  түтін  мұржаларының  түбінде,  Үшінші  әлем  елдерінің 

өндірістік  орталықтарындағы  мұнай  өңдеуші  және  химия 

зауыттарының  қасында  өмір  сүреді  (1992:  41,  түпнұсқаға 

сілтеме).

Бастапқыда  Бек  күшпен  жүктелген  тәуекел  түрлерін 

дамушы елдердің азаматтары даму мүмкіндігі үшін төлейтін 

ақылары ретінде қабылдады деп ойлаған болар: «Құбырлар 

салу  мен  танкерлерді  қолдануды  міндеттейтін  химиялық 

зауыттардың  күрделі  құрылғылары  осы  адамдар  үшін 

жетістіктің  қымбат  символы  болып  табылады»  (1992:  42). 

Дегенмен, ХХ ғасырдағы Латын Америкасында қалыптасқан 

дискурс  бойынша  осыған  ұқсас  жобаларға  қарсылық 

әлдеқайда ертерек басталған еді.

Кезінде  кубалық  революцияның  ресми  ақыны  болған 

Николас Гильеннің 1930 жылы шыққан «Қант құрағы» атты 

өлеңі сияқты наразылық дискурсы да ерте басталған болар:

Қара адам 

Қант құрағы алқабының қасында.

Янки 


Қант құрағы алқабының үстінде. 

Астындағы жер

Қант құрағы алқабы.

Қан денемізден сорғалап ағып жатыр!

Осылайша,  ол  сол  уақыттағы  Кубада  қант  өндірумен 

айналысқан  АҚШ  компанияларының  әлеуметтік  салада 

және қоршаған ортаға келтірген зардаптарын сынға алды.

Осыған дейін, біз тәуекелді өндіру және үлестіру туралы 

сөз  қозғадық.  Алайда,  тәуекел  анықтамасының  өзі  Латын 

Америкасында орын алып жатқан үдерістерді түсінуге Бектің 

қосқан  іргелі  үлесі  болып  саналады.  Тәуекелдің  не  екенін 

анықтау  билігіне  кім  ие?  «Анықтамалар  байланыстарын» 

бақылайтын  адамдар  өз  билігінен  пайда  таба  алатын 

жағдайда  болады.  Тәуекелді  қоғам  әлеміндегі  «ғаламдық 

тәуекелдердің  теңсіздігін»  талқылау  барысында  Бек 

төмендегі ойларымен бөліседі:

Егер  кім  де  кім  әлемдік  тәуекел  мен  әлеуметтік  теңсіздік 

арасындағы  қарым-қатынастарды  әшкерелегісі  келсе,  ол 

бірінші  кезекте  тәуекел  концептісімен  танысуға  міндетті. 

Тәуекел және әлеуметтік теңсіздік, іс жүзінде тәуекел және 

билік – бір тиынның екі жағы. Тәуекел шешімді талап етеді, 

сондықтан  шешім  жасайтын  адамның  болуы  шарт.  Ойды 

әрі  қарай  дамыта  отырып,  тәуекел  барлығын  бағамдап, 

пайданы ескеретін шешім қабылдаушы адамдар мен оларға 

бекітіліп,  басқалар  қабылдаған  шешімдердің  күтілмеген 

әсерінен  зардап  шегіп,    кей  кезде  өздерінің  өмірлерін 

тәуекелге тігіп, шешім қабылдау процесіне қатысуға ешбір 

мүмкіндігі жоқ адамдар арасындағы радикалды ассиметрия 

тудырады. (2014:115, түпнұсқаға сілтеме)

Бұл  жағдайдың  өзгеруі  қаншалықты  ықтимал?  Қолында 

билігі  жоқ  адамдарға  келешекте  басқалардың  құлақ 

салуы  және  қазіргі  күнге  дейін  неоколониялық  жағдайдың 

ықпалымен  орын  алатын  кейбір  процестерді  алдын 

алу  қаншалықты  ықтимал?  Өзінің  соңғы  жарық  көрген 

мақалаларында  Бек  «әлемдік  метаморфозис»  дегеніміз 

қазіргі  заманды  «кері  әсерлердің  жағымды  жақтарының» 

нәтижесі  ретінде  қабылдау  деп  тұжырымдады.  Яғни,  ол 

«өзгерістер  ауқымы  біздің  қиялдау  мүмкіндігімізден  «тыс» 

және  көбінесе  ауа  райы  өзгерісінің  салдары  мен  оның 

бізді:  «біздің  әлемде  өмір  сүру  жолымызды,  әлем  жайлы 

ойлау жолдарымызды, біздің қиялдану және саясат жүргізу 

жолдарымызды» өзгерткендігінің нәтижесі (2015a: 75-76).

Ол «тәуелділік (теория)» және «космополиттену (теория)» 

арасындағы  ерекшеліктерді  көрсеткенімен,  төмендегі 

мәселеге алаңдайды:

Іс жүзінде, метаморфоза аяқталмаған, аяқтауға келмейтін, 

уақыт бойынша шектелмеген және, бәлкім, кері бағыттағы 

құбылыс. Билікке негізделген қатынастар кең жайылғанның 

өзінде  немесе  тәуелділіктің  симметриялы  үлестірілуі 

мен  теңдік  деңгейі  артқанның  (үміттену)  өзінде,  осының 

барлығы  космополиттік  қарым-қатынастар  қайтадан 

нео-империалистік  стратегиялардың  құралы  болмайды 

дегенді  білдіре  ме?  Жоқ,  әрине  жоқ.  Космополиттену  бір 

бағытты  емес.  Сондықтан  оның  бір  бағыты  ретінде  ғана 

империалистік  билік  құрылымдарын  күшейту  мүмкіндігі 

кіреді. (2015b: 122, түпнұсқаға сілтеме)

Бек  өзі  «постколониялық  метаморфоза»  деп  атаған 

ойлары «шикілеу» екендігін мойындады (Сол жерде.: 121). 

Оның кенет қайтыс болуы осы ойлар легін үзіп жіберді. Не 

болғанда  да,  Латын  Америкасының  әлеуметтік  бағыттағы 

ғалымдары  және  барлық  азаматтар  Бектен  құнды  білім 

түйетін  болады.  Оның  кітаптарының  көбісі  (мысалы, 

Элизабет  Бек-Герншайммен  бірге  жазылған  Әлемдік 

тәуекел  қоғамы,  Қашықтықтағы  махаббат  кітаптары  және 

Неміс  Еуропасы  кітабы)  ағылшын  тіліне  қарағанда  испан 

тіліне  бұрынырақ  аударылғандығы  да  маңызды  жәйт.  Бек 

қоғамдық  пікірталастарға  белсенді  қатысқан  ғалым  және 

зияткер  –  біздің  аймақта  аса  қадірлі,  осы  ретте  онымен 

ғалым ретінде тамсанудың тағы да бір себебі бар. 

Хаттарды Анна Мария Вараға жолдауға болады <

amvara@yahoo.com.ar

>

Әдебиеттер тізімі



Beck, U. (1992) [1986] Risk society. Towards a New Modernity. London: Sage 

Publications.

Beck, U. (ed., 2014) Ulrich Beck. Pioneer in Cosmopolitan Sociology and Risk 

Society. London: Springer.

Beck, U. (2015a) “Emancipatory catastrophism: What does it mean to climate 

change and risk society?” Current Sociology 63(1): 75-88.

Beck, U. (2015b) “Author’s reply.” Current Sociology 63(1): 121-125.

УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ



 30

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



> Ульрих Бектің  

Санг-Джин Хан, Сеул ұлттық университеті, Оңтүстік Корея және ХӘА Әлеуметтік таптар және 

әлеуметтік қозғалыстар бойынша зерттеу комитетінің (RC47) бұрынғы басқарма мүшесі

Қ

 

оғамдық  пікір  белгілі  бір 



мәселелердің 

дискурс 


ауқымдары аясында әлеуметтік 

өзгерістің  тарихи  үрдістерімен 

қатар қалыптасады. Ульрих Бектің Шығыс 

Азиядағы  ықпалын,  әсіресе,  Қытай, 

Жапония  және  Оңтүстік  Кореяда,  осы 

аймақтың  қазіргі  уақыттағы  мәселелері 

мен мүмкіндіктерінің сипаттамасы арқылы 

көруге болады. Аймақтағы Бектің ықпалы 

тек  қана  тәуекелдің  қазіргі  уақыттағы 

қоғамдық  қабылдауын  ғана  емес, 

сонымен  қатар  бүгінгі  күні  аймақ  үшін 

болашаққа  қатысты  аса  алаңдаушылық 

мәселесінің  дискурсы  көмегімен  көз 

жеткіземіз.

Шығыс  Азия  аймағы  ІІ  Дүниежүзілік 

соғыстан кейінгі ең сәтті модернизацияға 

ұшырады.  Сәттіліктің  сыры  –  тым 

қысқа  уақытта  аса  қисынды  шешімдер 

арқылы  адамдардағы  мақтаныш  пен 

өзіне  сенім  сезімдерін  қайта  қалпына 

келтіруге 

көмектескен 

құрылымдық 

өзгерістерде. Алайда, дамушы елдердегі 

>>

Бек Оңтүстік Кореядағы Sewol қайғылы оқиғасын 



ұтымды  жағынан  көрсету  үшін,  кейде  «жаман 

істер»  жоспарланбаған  «жақсы»  салдарларға 

алып келетінін, яғни қауіпсіздік мәселелері мен 

үкіметтің  ұйымдасқан  жауапсыздығына  назар 

аударудың артуын атап өтті

УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ



Шығыс Азиядағы 

ықпалы

1

бюрократиялық-авторитарлы  режимнің 

басқаруымен  алдын  ала  болжанбаған 

ұшқыр 


жаңғыртудың 

нәтижелері 

азаматтардың  жеке  өмірінің  барлық 

саласын  қамтыды.  Сәйкесінше,  қысқа 

уақыттағы  жаңғыртудың  оң  нәтижелері 

тәуекелдердің  тым  жоғары  болуы 

мен  адамдардың  назары  дамудың  оң 

және  сол  қырлары  арасында  жиі  ретсіз 

ауысып  отыратындықтан  көп  жағдайда 

таңқаларлық болып көрінеді.

Конфуцийлік,  даосизм  мен  буддизм 

сияқты шығысазиялық қалыпты дәстүрлер 

Шығыстың 

мәдени 


империализміне 

қарамастан  таза  қалпында  қала  береді. 

Капиталистік  жаһанданудан  туындайтын 

өмірге  қауіп  төндіретін  тәуекелдерге 

назар  аудару  арқылы  осы  дәстүрлер 

аса  консервативті,  яғни  олар  тәуекелді 

қоғам  идеясын  адамдардың  қадірін 

сезіну,  бірге  бейбіт  өмір  сүру  және 

гуманистік  (адамдарға  бағытталған) 

саясаттарға кесірін тигізетін күрделі қауіп 

ретінде  қарастыратын  танымал  сыни 

көзқарастардың  белең  алуы  кекесінді 

(ирониялық тұрғыда) түрде ықпал етеді. 

Бектің  аймақтағы  танымалдығының 

үш  нақты  себебі  бар.  Біріншісі,  Бектің 

тәуекелді  қоғам  концептісі  Жапониядағы 

Фукусима  Дайичидегі  ядролық  апат 

(2011), Кореядағы Севол салының апаты 

(2014)  немесе  Бейжіндегі  «сары  шаң» 

деп  аталған  құм  суырған  құйынмен 

ауаның ыластануы сияқты мысалдармен 

дәйектелген  аса  шынайы  еңбек  ретінде 

қабылданды.  Екіншіден,  тәуекелдерді 

сипаттаудан  бөлек  Бек  келешектің  жаңа 

көрінісін  ұсынып,  оны  рефлексиялық 

жаңғырту  немесе  екінші  жаңғырту  деп 

атады.  Осы  көрініс  Шығыс  Азияның 

іздеп  жүрген  өзіндік  сәйкестендіру  және 

батыстық  жаңғырту  үлгісін  тек  қана 

көшіруден әлдеқайда өзгеше жолдарына 

толықтай  сәйкес  келеді.  Үшіншіден, 

Бектің  тәуекелді  басқаруға  қатысты 

белсенді  қатысуды  талап  ететін  әдісті 

қорғауы  да  ынталандырады,  себебі  осы 

әдіс  мемлекетті  басқарудың  көпшілікпен 


 31

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



мақұлдаған  үлгісінен  және  тәуекелді 

басқаруға қатысты технологиялық әдістен 

алшақтауға мүмкіндік береді. 

Бектің  2014  жылдың  шілде  айындағы 

Сеулге 

сапары 


оның 

қоғамдағы 

танымалдығын  және  жоғары  деңгейден 

ықпал  ауқымының  дәлелі  бола  алады. 

Ел  сол  уақытқа  қарай  сәуір  айында 

басынан  кешкен  Севол  мотор  салының 

апатынан  әлі  есін  жия  қоймаған  еді. 

Мектептен  экскурсияға  шыққан  көптеген 

оқушыларды  қоса  алғанда  жүздеген 

адамдардың  өліміне  алып  келген 

апатта  үкіметтің  шарасыздығы  қайғы 

мен  ызаға  толы  қоғамдық  наразылықты 

тудырды.  Осы  оқиғаға  қатысты  Бек 

адамдарға  лық  толы  Корея  баспасөз 

орталығының 

Халықаралық 

мәжіліс 

залында  қоғамдық  дәріс  оқыды.  Дәріс 

тақырыбы  ауа-райы  өзгерісі  туралы 

болғанына  қарамастан,  Бек  адамдар 

үшін  жұбату  сөздерін  тауып,  азаматтар 

наразылығын  өзгерістердің  нышаны  деп 

бағалады.  «Жаман»  оқиғалар  кей  кезде 

күтілмеген  «жағымды»  салдарға  алып 

келу мүмкіндігі туралы ой қозғап, Бек жан 

түршігерлік  Севол  трагедиясы  қауіпсіздік 

мәселесіне  қатысты  қоғамның  назарын 

аударғанын және үкімет тарапынан орын 

алған жауапсыздық туралы пікірталастар 

тудырғандығын атап өтті.

Кейінірек  Бек  «Қауіпсіз  қала  үшін 

тәуекелден 

тыс 

болу» 


тақырыбы 

бойынша  Сеул  мегаполисінің  ойшылдар 

орталығы  қауымдастығының  (МООҚ) 

инаугурациялық  форумына  қатысты. 

Сеул  Сити  Холдан  жүргізілген  тікелей 

телевизиялық  көрсетілімде  Бек  жаңа 

саясаттың көрінісіне назар аударды:

Шығыс  Азия  үшін  болған  барлық  ортақ 

мәселелер қазіргі уақытта шешімін тапты. 

Ұлттар  өзара  байланысқан  […]  бірақ 

олар  тарихи  мәселелерге  қатысты  ортақ 

тіл  табыса  алмауда.  Егер  де  олар  Азия 

қауымдастығын  құра  алмайтын  болса, 

бұл  жерде  [азиялық]  қалалар  келбетінің 

өзгермеуіне  басқа  себептер  жоқ  […] 

Сеул  сияқты  қалалар  біріккен  ұлттарға 

қарағанда  «Біріккен  қалалар»  үлгісіне 

қарай  бет  бұра  алады.  Қазіргі  уақытта 

қалалар  космополиттік,  ал  «жаһандық» 

мегаполистер  одан  әрі  космополиттік 

болып жатыр […] бұл қалалар арасындағы 

қауымдастықтың бастапқы бағдары.

Бектің  кенеттен  қайтыс  болуы  Корея 

қоғамын  елең  еткізді.  Консервативті 

және  либералды  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  өкілдерінің  бәрі  оған  өз 

құрметін  білдіріп  жатты.  Сеулдың  әкімі 

Парк Вон-Сун өзінің көңіл айтқан сөзінде: 

«Азаматтардың қоғамдық өмірге белсене 

қатысуы  және  қалалар  арасындағы 

қауымдастықтың  ұлғаюы  арқылы  мен 

Сеулды профессор Бек алаңдаған сансыз 

тәуекелдерді жеңуге қабілетті үлгілі қала 

етуге  бар  ынтамды  саламын»,  -  деген. 

Корея  университетінің  профессоры  Ким 

Мун-Жо  The  Joongang  Ilbo  журналына 

Бек  туралы  мақала  жазса,  Сеул  ұлттық 

университетінің 

ғылыми 

қызметкері 



профессор Хонг Чан-Сук The Kyunghang 

Shinmun  журналындағы  мақаласында 

Бек  туралы  жүрекке  жылу  ұялататын 

естеліктерінде 

өзінің 

Мюнхендегі 



студенттік  шақтарын  еске  алды:  «Ол 

әрдайым Шығыстағы алыс және бейтаныс 

елдерден  келген  студенттерге  жағдай 

жасап, көмек қолын созатын».

The  Hankyoreh  журналында  мен  Бекті 

өмірімде  кездестірген  ең  жылы  жүзді 

және  өз  ісін  өте  қатты  сүйетін  батыстық 

ғалым ретінде сипаттадым. Әкім Парктің 

сұрауы бойынша Бек қоғамның белсенді 

қатысуымен  тәуекелді  басқару  бойынша 

2015  жылдың  қаңтар  айында  бастауға 

жоспарланған «Сеул жобасына» қатысуға 

келісіп,  22  желтоқсан  күні  болған  соңғы 

скайп  арқылы  әңгімеде  осы  жоба 

бойынша  жұмыс  істеуге  өзінің  үлкен 

ынтасын  көрсетті.  Сонымен  қоса,  ол 

желтоқсан  айының  басында  Парижде 

өткен ғалымдар конференциясы аясында 

Бруно  Латурмен  сұхбат  нәтижесінде 

пайда 


болған 

«Шығыс 


Азиядағы 

тәуекел  акторларының  парламенті» 

идеясын  ұсынды.  Осы  жылдың  наурыз 

айында  Сеул  жобасы  өзінің  алғашқы 

конференциясын  өткізді,  ал  Бек  пен 

әйелінің  2008  жылы  Сеулға  сапары 

барысында  танысқан  атақты  сопы  Вен 

Мьенг  Джин  Бекпен  қоштасу  рәсімін 

басқарды. 

Бектің  қоршаған  орта  әлеуметтануы 

бойынша 

еңбектерін 

Жапонияда 

көпшілік мойындай бастады, ал 2000-шы 

жылдардың  басында  оның  дербестену 

концептісі  аса  танымалдыққа  ие  болды. 

Алайда,  Бек  Фукусима  Дайичи  ядролық 

апатынан  кейін  ерекше  танымал  болды: 

2011  жылы  берген  сұхбатында  ол 

тәуекелдің табиғатына тоқталып, Жапония 

халқын  белсенді  болуға  және  өндіріс 

пен  мамандардың  монополияланған 

шешімдер  қабылдауына  қарсы  шығуға 

шақырды. 

Бектің 

тәуекелді 



қоғам 

теориясының  Фукусима  апатынан  кейінгі 

Жапониядағы 

ықпалы 


Чернобыль 

апатынан  кейінгі  әлемдегі  ықпалымен 

қатарлас  болды.  Оның  қазасынан  кейін 

қайғылы  хабар  Асахи  Шимбун,  Нихон 

Кейсай Шимбун, Майнихи Шимбун, Юмири 

Шимбун,  Санкей  Шимбун  және  басқа  да 

жетекші  ұлттық  газеттерде  жарияланды 

және  көптеген  жапондық  газеттер  оның 

жетістіктерін  тағы  да  еске  түсірді,  ал 

Бекпен  жақсы  қарым-қатынаста  болған 

Хосей университетінің ассоциацияланған 

профессоры  Муненори  Сузуки  оны 

«тәуекелді  зерттеген  кең  ой-өрісі  бар  ірі 

зияткер» деп сипаттады.

Бек қытай қауымдастығында тап осылай 

жақсы танымал болған емес шығар, бірақ 

Қытайдық  академиялық  өмірінде  оның 

ерекше өзіндік орны бар: кем дегенде 8000 

қытайлық журнал мақалаларында Бек пен 

тәуекелді қоғамға сілтеме жасаған. Бектің 

Қытайдағы салыстырмалы түрдегі төмен 

қоғамдық  белсенділігіне  қарамастан, 

көптеген газеттер мен бұқаралық ақпарат 

көздері  оның  қазасы  туралы  жаңалықты 

таратты. 

Фудан 


университетінің 

профессоры Сун Гудон өзінің Wenhui Dai-

ly журналындағы бір баспа беттік «Бектің 

тәуекелді қоғам теориясының төрт негізгі 

ұғымы»  атты  мақаласында  «екінші 

модернизация, рефлексиялық, субсаясат, 

космополитизм» ұғымдары арқылы Бектің 

ғылымға  қосқан  үлесіне  баға  береді. 

Синхуа  университетінің  профессоры  Ву 

Цянь Жаңа ғасыр журналына Бек туралы 

мақаласын  жариялады.  Көптеген  ғылым 

саласының  қызметкерлері  өздерінің 

Вейбодағы  (қытайлық  әлеуметтік  желі) 

кішігірім  блогтарында  Бекке  қатысты 

хабарламалар  арнады.  Ульрих  Бектің 

өлімі Жапония мен Кореядағыдай сияқты 

Қытайда  орны  толмас  қасірет  ретінде 

қабылданды. 

Хаттарды Санг-Джин Ханға жолдауға болады 

<

hansjin@snu.ac.kr

>

1

  Автор  Кореядан,  Жапониядан  және  Қытайдан 



қажетті  ақпаратты  жинауға  қосқан  үлесі  үшін 

Сае-Сеул  Паркке,  профессорлар  Мидори  Итоға, 

Микако  Судзукиге,  профессор  Юлин  Чен  мен 

Шифей Маоға алғысын білдіргісі келеді.

УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ


 32

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



> Ульрих Бектің

   Солтүстік Америкадағы

Фуюки Курасава, Әлеуметтану кафедрасы, Йорк университеті, Торонто, Канада және ХӘА 

Әлеуметтанулық теория бойынша зерттеу комитеті (RC16) басқармасының мүшесі

>>

У   


льрих  Бектің  космополитизмге  шексіз  ықыласы  -  оның 

осы  тақырыпты  тек  ілім  ретінде  ғана  емес,  сонымен 

қатар  өмірінің  бір  бөлігі  және  терең  сезіне  алатын 

құбылысы  ретінде  қабылдауында  еді.  Бәлкім,  Солтүстік 

Америкалық әлеуметтанудағы Ульрих Бектің рөлі туралы еске алу 

мақаласының авторы жапон-француз-канадалық әлеуметтанушы 

болуы  кездейсоқ  емес  болар.  Алғаш  рет  2000-шы  жылдардың 

ортасында  Торонтодағы  іс-сапарында  кездестірген  кезімде  мен 

Бектің жұмыстарының басым бөлігімен таныс болғанмын. Оның 

қала  архитектурасының  модернизміне  тамсанғандығы  және 

этно-мәдени  саналуандылыққа  сүйсінгендігі  әлі  күнге  дейін 

есімде.  Торонто,  шын  мәнінде  -  әр  алуандылықты  зерттеу  үшін 

әлемдегі  ең  бай  зертханалардың  бірі.  Әрине,  осы  тақырыптар 

Бектің  басты  ғылыми  қызығушылықтарының  аясында  болатын, 

дегенмен, онымен серуен кезіндегі әңгімемізден зияткерлік лебін, 

рефлексиялық жаңғыруды және ол үшін космополитизм күнделікті, 

тәжірибелік мәселелер екендігін аңғардым.

Бектің  Солтүстік  Америкадағы  ықпалына  баға  беру  үшін 

алдымен кем дегенде аймақтық-зияткерлік көрсеткіштер бойынша 

үш әлеуметтанулық әлемнің айырмашылықтарын айқындауымыз 

қажет.  Оның  француз  тілді  Квебек  әлеуметтануына  тигізген 

орасан зор ықпалы кездейсоқ емес, себебі  аймақтың еуропалық 

әлеуметтанулық оймен тарихи байланыстары бар. Бектің кейбір 

негізгі  концептілері  және  ой-тұжырымдары  бірлесіп    Квебек 

әлеуметтанушыларының басым бөлігі үшін бағдар беруші қызмет 

атқарды. Мәселен, Квебек әлеуметтанушылары Бектің тәуекелді 

қоғам  және  рефлексиялық  жаңғырту  ұғымдарын  модернизм 

және  постмодернизм  (Мишель  Фрайтаг,  Джозеф  Ивон  Терио), 

индивидуализмнің  тереңдеуі  бойынша  (Дэниел  Дагенейс) 

жазбаларында  жиі  қолданған  болса,  Бектің  космополитизм 

ұғымы да пан-Америкалық мәдениетаралық тәжірибелерге (Жан-

Франсуа  Коте)  қатысты  қолданылған.  Іс  жүзінде,  Квебектегі  ең 

беделді  әлеуметтанулық  журнал  «Sociologie  et  sociétés»  2012 

жылы космополитизмге қатысты арнаулы шығарылымында Бектің 

жазбаларын негіз ретінде алған.

Еуропалық  және  америкалық  әлеуметтанулық  полюстердің 

тоғысқан  торабы  болып  саналатын  ағылшын  тілді  канадалық 

әлеуметтану  мектебі  Бектің  еңбектеріне  аз  да  болса 

қызығушылығы  арқасында  Екінші  Солтүстік  Америкалық 

әлеуметтанулық  әлемді  құрды.  Канаданың  ағылшын  тілді 

бөлігінде  Бектің  ықпалы  Квебектегідей  айқын  түрде  көрінбесе 

де,  оның  еңбектері  кем  дегенде  үш  пәндік  бағыттарға,  атап 

айтқанда: міндеттерді орындауды қамтамасыз ету және бақылау 

әлеуметтануы  бағытындағы  қауіпсіздік  режимдері  мен  тәуекелді 

бағалау  арасындағы  байланысқа  қатысты  (Дэвид  Лион,  Шон  П. 

Хир,  Даниель  Белан);  қоршаған  орта  әлеуметтануы  бағытында 

жергілікті  орындардағы  қауіп  мәселелері  мен  аумақтарды 

қоғамдық басқарудың институттануы бойынша кейс-стади арқылы 

(Харрис Али); және Канаданың саяси экономикасы бағытындағы 

бейресми  жұмыспен  қамту  (Ли  Воско)  мәселелеріне  қатысты 

зерттеулерге ықпал етті.

Үш  солтүстік-америкалық  аймақтың  ең  үлкен  бөлігі  АҚШ 

УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ

зор ықпалы

Ульрих Бек 2014 жылы әлеуметтанудан 

Йокогамадағы ХӘА әлемдік конгресінде



 33

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



әлеуметтануындағы  Бектің  жұмыстары  өте  жарқын  із 

қалдырды.  АҚШ-тың  ерекшелігі  Еуропа,  Азия  немесе  Оңтүстік 

Америкадағы  Бектің  ықпалымен  (Global  Dialogue  журналының 

осы  басылымындағы  басқа  мақалаларда  көрсетілгендей) 

салыстырғанда айқын көзге түседі. Қалыптан тыс осы жағдайды 

түсіндіру үшін мезі, тіпті үстірт болып табылатын АҚШ эмпиризмі 

мен  Еуропалық  теоризмін  өзара  сәйкестендіру  әдісі  еліктіруі 

мүмкін,  алайда  бұған  әлдеқайда  дәйекті  факторлар  себепкер. 

Институттық  әдіс  арқылы  талдау  жасайтын  болсақ,  Бектің 

америкалық  әріптестері  немесе  ізбасарлары  желісінен  ешбір 

адам оның идеяларын америкалық әлеуметтану кафедраларын 

(Мичиган,  Висконсин,  Чикаго,  Беркли,  Гарвард,  т.б.)  немесе 

журналдарын  (American  Journal  of  Sociology,  American  Socio-

logical Review, т.б.) басқару арқылы таратқан емес. Одан бөлек, 

біріктірілген талдау желісін құруға талпынудың орнына Бек эссе 

стиліндегі мақалаларды жазуды жөн көретін. Осындай мақалалар 

арқылы  ол  жылдам  өзгеріп  отыратын  әлеуметтік-тарихи 

жағдайларға  жауап  беруге  қабілетті  мобилді  тұжырымдамалық 

аппаратты дамыта білді. Сол себептен, оның тұжырымдамалары 

әлеуметтік  өмірдің  әртүрлі  салаларын  зерттеуге  бағытталған 

егжей-тегжейлі және нақты эмпириялық зерттеулер мақсаттарын 

шешу  үшін  оңайлықпен  қолданысқа  ене  алмады.  Осы  орайда, 

оның  АҚШ  әлеуметтанушыларының  ортасындағы  біршама 

танымалдығы  Зигмунд  Бауманның  жағдайына  өте  ұқсас  болды: 

екі  ойшылдың  да  шектеулі  ықпалы  Бурдьенің  квази-канондық 

танымалдығымен  аса  қарама-қайшы  сипатта  болды.  Сонымен 

қатар,  Майкл  Буровойдың  ықпалды  жүйелілігін  қолданатын 

болсақ,  Бек  дәстүрлі  қоғамдық  әлеуметтанушы  және  оның 

еңбектері  АҚШ-тың  кәсіби  әлеуметтануымен  қарама-қарсы 

емес  еді.  Оның  қоғамдық  зияткер  ретіндегі  іс-әрекеттері,  көп 

жағдайда  Германия  канцлері  Ангела  Меркелге  (Бектің  өзі  оны 

«Меркиавелли»  деп  атаған)  және  оның  германдық-центристік 

Еуропа  жобасына  қатысты  сыны  АҚШ-та  кең  танымал  болмаса 

да,  Буравой,  Орландо  Паттерсон,  Мишель  Ламонт  және  басқа 

америкалық  әлеуметтанушылар  айналысатын  қоғамдық  және 

саяси әлеуметтану саласының дамуына өз ықпалын тигізді.

Сондай-ақ,  АҚШ  әлеуметтануының  басқа  бағыттарында 

Бек  ықпалын  кездестіруге  болады.  Джеффри  К.  Александр, 

Крейг  Калхоун,  Саския  Сассен  сияқты  атақты  авторлар  оның 

еңбектерімен  жақсы  таныс  болса,  тәуекелді  қоғам  ұғымы  АҚШ-

тың  қоршаған  орта  әлеуметтануының,  ғылым  және  технология 

әлеуметтануының  белгілі  бір  бағыттары  (әсіресе,  тәуекелді 

ұйымдастыру  менеджменті  және  техно-ғылыми  тәуекел 

саясаты)  үшін  орталық  қағидатқа  айналды.  Бір  қызығы,  Бектің 

әдіснамалық космополитизмді қолдаған үндеулері, әсіресе АҚШ-

тағы үстемдіктің пәнаралық түрлері мен әлем-жүйе теоретиктері, 

империялар  немесе  өркениеттерді  зерттейтін  салыстырмалы 

тарих әлеуметтанушылары, жан-жақтан жұмыс істейтін ғаламдық 

этнографтар және трансұлттық «мәселелерді шешу саясатымен» 

айналысатын  -  саяси  әлеуметтанушылар  қолданған  феминистік 

әлеуметтанулық  талдау  пайда  болғанға  дейін  белгілі  еді.  Яғни, 

әрі  қарай  Бектің  әдіснамалық  ұлтшылдықты  сынауы  мен  қазіргі 

заманғы  АҚШ  әлеуметтануында  орын  алып  отырған  өзгерістер 

арасындағы  жанамалы  және  көп  жағдайда  ешкімнің  ойына 

келмейтін ұқсастық орын алды. 

Бектің  қалдырған  мұрасын  жалғастыру  үшін  оның  ғылыми 

қызығушылығы  негізінде  құрылған  төрт  зерттеу  тақырыбын 

ұсынғым  келеді.  Алғашқы  тақырып    ғаламдық  деңгейде  пайда 

болған  қауіп  түрлерінің  үдемелі  кезеңдеріне  әрдайым  тиесілі 

әлеуметтік-экономикалық салдарды зерттеуге бағытталған. Оның 

құрамына  жоғары  деңгейде  іріктеу  процестерін  түсіну  кіреді, 

ал  оның  нәтижесінде  ұйымдар  өзекті  қауіп  түрлері  (мысалы: 

терроризм)  сияқты  белгілі  бір  даму  бағыттарын  символдық 

және саяси қалыптастырып, басқа қауіпті мәселелерге (мысалы: 

жүйелік  кедейлік  және  құрылымдық  зорлық)  назар  аудармайды. 

Екіншіден, біз ғаламдық күштердің әлеуметтік феноменге ықпалын 

олардың  талдау  шкаласының  қандай  екендігіне  қарамастан 

алдыңғы қатарға қоюымыз қажет және зерттеу объектісі ретіндегі 

«әлеуметтік» сипатты ақиқат деп қабылдаудың орнына мәселені 

зерттеулік  тұрғыда  қарастыруымыз  керек.  Үшіншіден,  біз 

космополитизмді жақтайтын эгалитарлы және мәдени плюралистік 

ұжымдық  жобалардағы  акторлар  мен  институттардың  қызметін 

жақсы  түсінуге  тырысуға  тиісті,  сонымен  қатар,  жаһандық 

өркениетті қоғамда айтарлықтай орын алатын антикосмополиттік, 

ұлтшыл күштердің әрекеттерін түйіндеу аса маңызды. Төртіншіден, 

қалыпты талдау бірлігі ретінде тікелей және жанама түрде ұлттық 

мемлекетті  қарастырмайтын  мәліметтер  жинақтау  тәсілдерін 

және  әдіснамалық  құралнаманы  жасақтауымызға  болады. 

Осылайша,  біз  ұлттықтың  күрделі  (супра)  немесе  әлдеқайда 

нақтыланған  (суб)  феномендерін,  акторлар  мен  институттарды 

(қалалар,  өңірлер  немесе  трансұлттық  корпорациялар  сияқты) 

салыстыруға мүмкіндік аламыз. Шын мәнінде, Бек осы заман үшін 

өте өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жоспар мен әдістерді 

мұраға қылып қалдырып кетті. 

Бекпен  екеуміз  соңғы  рет  желтоқсан  айында  (2014)  Париж 

қаласында  өткен  космополиттік  ақпараттар  мен  зерттеу 

әдістерін  зерттеушілер  жиынында  кездестік.  Сол  жерде  Бек 

өзінің шығарылғалы жатқан Әлем метаморфозы (Metamorphosis 

of  the  World)  атты  еңбегі  туралы  қуанышпен  хабардар  етті.  Ол 

осы  жұмысын  жаңа  әлеуметтік-ғылыми  көзқарастар  үшін  дәйек 

болатын  және  біз  қазіргі  уақытта  куә  болатын  метаморфозды 

өзгерістерді талдауға болатын әдістер жүйесі болып табылатын 

іргелі  еңбек  ретінде  таныстырды.  Бұл  –  оның  басқаларды 

шабыттандыратын  ойының  соңғысы  еді  және  оның  зияткерлік 

шығармашылығының  тағы  бір  көрінісі  болатын.  Зерттеушілер 

жиынының соңғы кешінде Париждің орталық көшелерінен жедел 

алыстап бара жатқан дәстүрлі шағын дәмханада досым екеуміз 

кешкі  ас  іштік.  Дәмханадан  шыға  берісте  Бек  және  оның  жары, 

өте танымал әлеуметтанушы Элизабет Бек-Герншайм екеуі біздің 

алдымыздан өтіп бара жатты және сол жерден ас ішкен болар. 

Біз  олардың  тыныштығын  бұзғымыз  келмеді,  бірақ  олар  жаққа 

қарай көз тастап үлгердік. Олар қол ұстасып, Париждің ызғарлы 

және  тұманды  кешіне  сүңгіп,  арасында  біртіндеп  көзден  таса 

болды.  Бұл  менің  жадымдағы  Ульрих  Бек  туралы  ақырғы  еске 

алар  бейнем  –  шексіз  ақылды  және  кең  пейілді  адамның  біздің 

әлеуметтік өмір көшелерін кезіп жүргендігі. Оның қазасы жеке мен 

үшін, әлеуметтану және барлық әлеуметтік ғылымдар үшін орны 

толмас қасірет болып табылады.

 

Хаттарды Фуюки Курасаваға жолдауға болады <



kurasawa@yorku.ca

>

УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ



 

 34


GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ

>>



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал