ЖАҺандық диалог ж урна л



жүктеу 0.75 Mb.

бет3/8
Дата02.03.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

> Біз қалайтын 

болашақ

Ж     


аһандану 

барысында 

әлемде 

үзіліссіз 



әділетсіздік, жүгенсіз дау-дамай және қоршаған 

ортаны ыластау орын алған. Осыған қарамастан 

жағдай  жақсарады  деген  үміт  сақталады.  Бұл 

үміт  –  Чьяпас  орманынан  Йоханнесбург  төңірегіне  дейін, 

араб елдері астаналары көшесі мен Чикаго төңірегіне дейін, 

мигранттардың  көші-қон  жолдары  мен  жаңа  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  виртуалды  кеңістігінде  орын  алған 

ашық  күрестен  нәрленген  арман.  Әлі  де  сарқылмаған 

утопиялық  қуат,  идеялар  ғылыми  жаңашылдыққа 

шабыттандыруы  мүмкін.  Бұрын  болмаған  қауіп-қатерлер 

және мүмкіндіктер ойлаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. 

Маркус С.Шульц, Урбана-Компайндағы Иллинойс университеті, АҚШ 

Халықаралық әлеуметтанушылар ассоциациясының (ХӘА) зерттеулер бойынша вице-президенті (2014-2018)

Көкжиектен күннің шығуын көру үшін әлемнің сан тарапынан келген зияратшылар, альпинистер мен саяхатшылар Жапониядағы Фудзи тауындағы 

саммитте тік қыраттармен  күресе  жаңа күннің арайлы таңын күтіп, түнді өткізді. 2014 жылы «Тең емес әлеммен бетпе-бет» тақырыбында 

Әлеуметтану бойынша Йокагама Әлемдік конгресінен  кейінгі Маркус Щульц  ұсынып отырған мына фотосурет - ХӘА келешектегі форумында әңгіменің 

жалғасатынын көрсетеді, бірақ тең емес әлемді қалай жеңуге болатынын, күтуден үміттенетін әртүрлі әлеуметтік субъектілер  қондырмалардың 

мириадасында әртүрлі әдіспен күресіп жатқандығын және осы жобаға жаһандық әлеуметтану 

қалай үлес қосатынын тұжырымдайды.

Маркус  Шульц  ХӘА  зерттеулер  бойынша  вице-президенті 

ретінде 2016 жылы 10-14 шілдеде Вена қаласында өтетін 

ХӘА үшінші форумының аясында талқыланатын тақырыпты 

«Біз  қалайтын  болашақ:  жаһандық  әлеуметтану  және 

жақсы  өмір  үшін  күрес»  деп  көрсеткен.  Бұл  мақалада  ол 

тақырып қалай пайда болғандығын жазады. Форум туралы 

толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады 

http://www.isa-sociology.org/forum-2016/



 12

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



Жаһандану  өндірістің  дамуы  мен  мол  байлықтың  пайда 

болуына жол ашып ғана қойған жоқ, сонымен бірге теңсіздік, 

маргиналдық  және  кедейлікті  тереңдетті.  Жаһандану 

үрдістері  нарық,  мемлекет  және  қоғам  арасындағы 

қатынастарды үлкен өзгерістерге ұшыратып, осы салаларды 

тығыз байланыстырды. Бұл жағдайдан бірде бір ұлт, қала, 

аудан  немесе  қауымдастық  шет  қалмады.  Жаһандану 

тиімділігі  мен  тәжірибесі  біркелкі  емес  және  көбінесе 

қайшылыққа толы. Тарихта қазіргідей мигранттар көп болған 

жоқ  еді  және  қоршаған  ортаның  өзгеруі  болашақта  көші 

қонды  ағынын  күшейтуі  мүмкін.  Жаңа  трансұлттық  кеңістік 

мәдени саналуандықты күшейтеді, ол мобилдік теңсіздіктің 

қалыптасу  тірегіне  айналуда.  Жаһанданудың  жеделдеуіне 

жаңа  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар 

ықпал етіп отыр. Сонымен қатар олар тек біріктірумен қатар 

ажыратуда, еркін алмасуға ықпал жасаумен қатар шектеуде. 

Басқарудың,  қадағадалаудың  және  күрестің  жаңа  түрлері 

пайда болуда.

Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда детерминистік үлгілер 

мен  әскери  күш  көрсету  тым  тиімсіз,  тым  қымбат  және 

ең  соңында  нәтижесіз  болып  шықты.  Тұрақты  шешімдер 

қабылдау үшін негізгі мәселелерді тереңірек әрі әдіснамалық 

ашық  талдау  қажет.  Жаңа  трансұлттық  динамикалық 

нәтижелер  бой  бермейтін  күштердің  әсер  ету  салдарынан 

емес, арнайы немесе басқаша қабылданған шешімдер мен 

таңдау,  институттық  шарттардың  әлеуметтік  қалыптасуы 

және рефлексиялық агенттер арқылы пайда болуда. Ұлттық 

әлеуметтанушылардың  басым  бөлігі  болашақты  зерттеуді 

айналып өтіп жүр. Неге олай? Әртүрлі жергілікті сипаттағы 

себептердің  ішінде  бір  көзқарас  кең  тараған.  Ол  -  пікірдің 

негізінде болашақты білмейміз, сондықтан білмейтін жағдай 

туралы  айтпауымыз  керек,  болашақ  туралы  үндемегеніміз 

дұрыс дегенге саяды.

Бұл ұстаным - күнделікті өмірімізді ұйымдастыру болашақ 

туралы  көптеген  қысқа  және  ұзақ  мерзімді,  шағын  және 

көлемді болжамдар негізінде екеніне қарсы көзқарас. Біз бір 

жағдай болашақта болады не болмайды, ол мүмкін не мүмкін 

емес,  ол  қолайлы  не  қолайсыз  деп  зерттеулер  негізінде 

шешеміз. Болашаққа бағытталған адамзат тіршілігінде күту, 

ұмтылыс, қиял, жоспарлау, жобалау және болжау  - маңызды 

аспектілер.

Әлеуметтану  болашаққа  бағытталған  ғылым  деп 

қабылдасақ, бірнеше күрделі де қиын сұрақтар туындайды. 

Біз  болашақты  қалай  тұжырымдай  аламыз?  Болашақты 

зерттеудегі  тиімді  жолдар  мен  бәсекелі  амалдарды  қалай 

бағалаймыз?  Осы  сұрақтарға  жауап  табуда  бірнеше 

теориялық негіздер өз үлесін қосуы мүмкін.

Бұрын  көп  жағдайда  болашақ  алдын  ала  анықталған 

болып  көрінетін,  демек  дұрыс  негізде  болжамды  деп 

қарастырылды. Әлеуметтанудың пайда болу кезеңінде діни 

ұстанымдар  болашақты  телос  деп  қабылдау  әлеуметтік 

заңдардың позитивтік ізденісіне жол ашты. Бұл негіз Конттан 

бастап  Дюркгеймге  дейін  қоғамды  басқаруда  пайдалы  деп 

танылды.  Маркс  болса,  осы  ұстанымды  қанауда  болған 

пролетариаттың буржуазияны жеңіп салтанат құруы туралы 

тарих заңдары деп айтып, жақтады. Бірақ ол өзінің тарихи-

эмпириялық еңбектерінде ешқандай тұрақты формула жоқ, 

күтпеген іс-қимыл бар деген. Жаһандық Оңтүстік ғалымдары 

(мысалы, Амин, Кардосо, Дуссель, Гуа, Кихано, Недервеен 

Питерс, Саид, Сантос, Спивак) кең таралған үшінші елдер өз 

дамуында артта қалып, тек жаһандық Солтүстіктің жолымен 

жүріп, алға ілгерлей алады деген модернизация үлгілеріне 

сын айтты. 

Осындай әлеуметтік тәжірибенің диссоциациясы радикалды 

екіұштылық  сипатымен  теориялық  инновацияларға  жол 

береді. Не басқаша болуы мүмкін еді? Орын алған әлеуметтік 

шындық  адамзаттың  детерминацияланбаған  іс-әрекеті 

арқылы  басқаша  іске  асуы,  көп  немесе  аз  рефлексиялық, 

шиеленісуі  және  бірлесуі  жоғары  немесе  төмен  амалдар 

арқылы  мүмкін  еді.  Болашақтың  белгісіздігі  әлеуметтік 

агенттік  тұжырым  мен  көптеген  тарихи  траекториялар 

арқылы  заманауи  әлеуметтік  теориялардың  тақырыбына 

айналды.  Бүгінгі  күнде  бұл  аутопоэзис,  шығармашылық, 

қиял, елес арқылы өз көрінісін беріп келеді.

Әлеуметтанудың, 

әлеуметтанулық 

зерттеулердің 

болашақты  зерттеуге  бет  бұруы  кішкентай,  елеусіз  микро 

қарым-қатынасты 

эмпириялық, 

аналитикалық 

және 


нормативтік  зерттеулермен  қатар  бүкіл  планетаға  ықпал 

ететін  макро  ағымдарды  анықтайтын  зерттеулерге  жол 

ашып,  тиімді  нәтиже  беруі  мүмкін.  Мысалы,  соңғы  кездегі 

акционистік теориялардағы жетістіктер позитивтік шектеулер 

мен таяз инструментализмнен бас тартуға мүмкіндік берді. 

Ұжымдық іс-қимыл мен әлеуметтік қозғалыстар теориялары 

аз санды бейресми қозғалыстардың (grassroots) баламалы 

сипатын  мойындап,  саяси  бәсекелестікті  жақсы  түсінуіне 

көмектесуі мүмкін. Уақытқа диагностика жасайтын негіздер 

ағымдарды  ажыратып  тануға  жағдай  жасайды.  Сыни 

теориялар  қабылданған  шешім  құндылығын,  пайдақор 

мүдделерді анықтауға және қоғамның әртүрлі салаларының 

салдарын ашуға көмектеседі. 

Әлеуметтік  теңсіздіктің  тереңдеуі,  адам  құқығының 

сақталмауы,  қоршаған  ортаның  деградациясы  және 

сәтсіздіктер  негізі  болған  -  бөлу,  мойындау  мен  басқару 

саласындағы  өзекті  мәселелер  болашаққа  бағытталған 

зерттеулерді  талап  етеді.  Бұл  зерттеулер  тым  тар 

корпорациялық  және  іскерлік  перспективалар  шеңберінен 

шығып,  тұрақты  баламалар  табуға  бастайды.  Қазіргі 

экономикалық  дағдарыс  1980  жылдан  бастап  басымдықта 

болған  экономикалық  негіздерді  жоққа  шығарған  кезде 

әлеуметтік  ғылымдардың  мол  мүмкіндігі  осы  бос  кеңістікті 

толтыруы  мүмкін.  Жаңа  концептуалды  перспективалар 

мен  әдіснамалық  негіздер  болашақта  болуы  мүмкін,  біз 

қалайтын  немесе  бізге  қолайсыз  болашақты  зерттеу  үшін 

керек.  Егер  әлеуметтану  бұдан  да  өзекті  ғылым  болғысы 

келсе, онда ол болжам жасау бағытында дамып, болашақты 

сан қилы, әртүрлі акторлардың қиялы мен іс-әрекеті ретінде 

қабылдаған жөн. 

Хаттарды Маркус Щульцге жолдауға болады <

markus.s.schulz@gmail.com

>


 13

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



>>

> Француз 

   әлеуметтанушыларының 

   Шарли Эбдодағы қастандық 

Стефан Бо, Әлеуметтік ғылымдардың жоғары мектебі, Париж, Франция

Париж метросы. Фабьен Тронгы суреті,

12 қаңтар, 2015.

>>

П



ариждегі  Шарли  Эбдоға 

болған  қастандықтан  соң 

және  кошер  дүкендегі 

антисемиттік кісі өлтіруден 

кейін 

әлеуметтік 



ғылымдар 

көпшілікке  өз  пікірін  жедел  жеткізе 

алды  ма?  Әлде  сабыр  сақтап 

әлеуметтанулық қағидаларға қарсы 

медиа  интеллектуалдарға  жол 

беру  керек  пе  еді?  Дегенмен,  11 

қаңтарда  болған  азаматтық  шеру 

көрсеткендей, француз қоғамын бір 

сәтте  бөліп  және  оны  қозғалысқа 

әкелген  жағдайда  үндемеуқалу  аса 

қиын сияқты. 

2005 


жылғы 

Франциядағы 

тәртіпсіздіктен  кейін  Жерар  Може 

зерттеулердің алғашқы тотптамасын 

ұсынған.  Оның  мақсаты  -  осы 

жағдайлардың  болашағы  туралы 

әлеуметтанушылардың 

пікірін 


зерттеу. 

2015 


жылдың 

7-9 


қаңтарынан  кейін  танымал  БАҚ 

бірнеше 


әлеуметтанушылардың 

қоғамдық  позицияларын  анықтау 

үшін олардың теориялық және саяси 

көзқарастарын көрсететін мақалалар 

жариялады. Лаңкестік әрекеттерден 

кейін  дереу  жарияланған  осы 

пікірлер, 

әлеуметтанушылар 

арасында  аталмыш  жағдайларда 

каузалдықтың  қай  типін  ұстану 

керек  деген  бұрыннан  келе  жатқан 

таласты  ушықтырды.  Сонымен 

қатар бізге не маңызды – адамның 

жеке  іс-әрекеті  әлде  әлеуметтік 

тегі  ме,  оны  түсіндіру  әлеуметтік 

себептердің 

макро-әлеуметтану-

лық 


немесе 

құрылымдылықты 

жеткілікті  дәрежеде  қажет  ете  ме 

ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН

туралы пікірталастары


 14

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



немесе  тұлғаларды  адамгершілік 

жауапкершіліктен не нәрсе босатады 

деген сұрақтар да өзекті болып кетті. 

Әлде,  керісінше,  дербес  логикаға 

назар аударып, әлеуметтанушылық 

рөлден бас тарту керек пе?

Дау пікірталас туғызды. Алғашқы-

лардың  бірі  болып  Париждің 

маңындағы 

жасөспірім-дерді 

зерттеу  нәтижелері  бойынша  пікір 

айтқан  Ұлттық  ғылыми-зерттеу 

орталығының 

қызметкері 

Гюго 

Лагранж  еді.  Ол  деликвентті-



лікті  саяси  сыпайылық  тұрғы-

дан 


түсіндіруді 

мойындамай, 

дискриминация  немесе  әлеуметтік-

экономикалық  динамика  нәтижесі 

емес,  этно-мәдени  шарттарды 

тәуелсіз 

факторлары 

ретінде 


қарастырды.

Ағайынды  Куаши  және  Ахеди 

Кулибалидың 

әлеуметтік 

бейнесі  (шығу  тегі  бойынша 

постколониялық 

иммигранттың 

ұлдары,  мектепте  нашар  оқыған, 

қаланың  маргиналды  бөлігінде 

жағдайы  төмен  отбасында  өскен, 

сотталған  және  т.б.)  Ланграждың 

осыған дейін жасаған зерттеулеріне 

сай  келеді.  La  Monde  (14.01.2015 

ж.)  жариялаған  «Деәлеуметтенуге 

ұшыраған аз санды ұлттар өкілдері-

нің  адамгершілік  кемшіліктерін 

мойындауға  батылдық  танытыңыз» 

атты мақалада ол келесі екі жәйтке 

назар аударады.

Бір  жағынан  Париж  маңындағы 

қоғамнан  шеттетілген  аудандарда 

өскен  француз  жастары  жат  және 

қырғи-қабақ  ортаның  субмәдениеті 

арқылы 


деәлеуметтенуға 

ұшыраған  дейді.  Бұл  жастар 

өзін-өзі  бағалаудың  төмендеген 

дәрежесін жоғарлату үшін жаңа діни 

тәжірибе,  оның  ішінде  салафизм 

немесе  исламның  басқа  да  әсіре 

үлгілерін  қабылдауға  тырысады. 

Француз  интелектуалдары  болса, 

осы  басқарусыз  қалған  жастарды 

сипаттайтын өзекті (ер адамдардың 

шовинизмі,  сексизм,  гомофобия, 

күш  көрсету  және  антисемитизм) 

ағымдарды 

зерттей 


алмай, 

отаршылдыққа  байланысты  кінәні 

сезініп,  отар  елдерден  шыққан  аз 

санды ұлттар өкілдерін адамгершілік 

кемсітуге және олардың теріс мінез-

құлықтарына қарсы тұра алмайды.

Келесі  күні  Әлеуметтік  ғылымдар 

жоғары  мектебінің  және  Присто 

университетінің  антропологы  әрі 

әлеуметтанушының  Дидье  Фасин 

(Fassin) 

әлеуметтік 

себептерді 

объективті  зерттеу  міндеті  бар 

екенін  қолдап,  өз  пікірін  білдірді. 

Ол  қаланың  әлеуметтік  мәселелер 

шешілмеген 

бөлігінде 

жастар 

әлеуметтік 



және 

кеңістіктік 

сегрегацияны 

бастан 


кешіп, 

тұрақсыздық  пен  жұмыссыздықтың 

жоғары деңгейінен зардабын шегіп, 

жұмыс  орнында,  үйде  немесе 

полицияда  стигматизация  мен 

нәсілдік кемсітулерге ұшырады деп 

жазды.

Фасин 


тарихи 

шиеленісу 

кезінде  тарихшы  Марк  Блок  «мін 

тағу  әдеті»  бар  деп  айтқандай, 

әлеуметтанушылардың 

маңызды 


рөлі  бар  екенін  еске  салып,  біздің 

қоғам  қазір  өзі  тудырып  отырған 

жұмбақ,  рақымсыз  албастыдан  бас 

тартып тұр дейді. 

CNRS 

зерттеушісі 



және 

деликвентті жасөспірімдер бойынша 

сарапшы Лоран Мучиели (Mucchiel-

li)  болса  талдаудың  ұзақ  мерзімді 

болашағын  ұсынады  (Mediarat, 

2015  жыл,  қаңтар).  Франция  1960-

1980  жылдары  Солтүстік  Африка 

мен  «қара  Африкадағы»  (Сахара 

шөлінен  оңтүстікке  қарай,  көбінесе 

қара  нәсілді  халықтар  тұратын 

аймақ), 

бұрынғы 


отарлардан 

жаппай  қызметкерлер  тартқанына 

қарамастан  өз  тарихындағы  екі 

негізгі  жәйтті  мойындаған  жоқ. 

Бірінші,  иммиграция  интеграцияны 

мақсат  тұтқан  саясаттың  субъектісі 

болған  жоқ,  екіншісі,  француздар 

өздерін  «толық  немесе  жартылай 

көпнәсілді  және  мультимәдени 

қоғам» деп мойындауға қарсыласты. 

«Исламды  мойындау  дегеніміз  – 

қоғамдық  қатынастардың  құрамдас 

бөлігі ретінде күмәнсіз, күдіксіз және 

оған  заңнамалық  қарсылықсыз 

қабылдау  деп  білемін»,  -  дейді. 

Ол  өз  зерттеуінде  осы  негізді 

ұстанып, 

келеңсіз 

деректерді 

әлеуметтік-экономикалық  тоқырау, 

діни  стигматизация  және  нәсілдік 

кемсітудің  ықпалы  деп  түсіндірді. 

Бұл  -  бүгінде  әлі  кең  таралмаған, 

бірақ,  пайдалы  және  керекті 

ұғым.  Ол  «прогрестің  екі  жолы 

бар  сияқты»,  -  дейді.  Біріншіден, 

Әлеуметтік 

ғылымдардың 

жоғары 

мектебінің 



ғылыми 

қызметкері  Кирилл  Лемье  өзінің 

«Әлеуметтанудағы  абыржу»  атты 

мақаласында (Liberation, 30.01.2015 

жыл) 

теориялық 



позициясын 

сипаттайды.  Лемье  прагматикалық 

әлеуметтануда  түсіндіру  үлгілерінің 

шектерін 

қарастырады, 

бұл 


Бурдье  идеяларынан  нәр  алған 

сыншыл 


әлеуметтанушыларға 

референция  болуы  мүмкін.  Ол 

бұл  әлеуметтанушылар  тек  қана 

құрылымдық  динамиканы  зерттеп 

қоймай, 

жас 


жиһадшылардың 

шын  мұсылман  болу  ниеттерін 

де 

түсінулері 



керек 

екенін 


ұмытып  жүр  дейді.  Бұл  жерде 

Лемье  шамасы  3500000  адамды 

біріктірген  «Мен  –  Шарлимын» 

атты  азаматтық  шеруді  саяси  және 

нышандық 

айла-амал 

ретінде 

қабылдаған  әлеуметтанушыларды 

сынауда.  Лемье  азаматтардың 

сол  күні  көшеге  шығуға  олардың 

адамгершілік  көңіл  күйі  мен  саяси 

сананың  имманентігі  себеп  болып, 

сыншыл 

әлеуметтанушылар 



мойындамаған 

азаматтардың 

өзіндік  рефлексиясына  сенетінін 

айтады. 


Екінші  эмпириялық  негіз  макро-

әлеуметтанулық  және  құрылымдық 

талдау 

шеңберіне 



сыймайтын 

деректерді 

қарастырады. 

Үш 


қанішердің балалық шағы кедейлікте 

өткен. 


Ағайынды 

Куашилер 

жасөспірім  шақтарында  ерте  жетім 

қалып,  Крозьедегі  балалар  үйіне 

орналастырылған. 

Бірақ 


олар 

институттық 

қолдаудан 

толық 


жұрдай  болған  жоқ,  олар  сорақы 

дискриминацияның  құрбаны  емес. 

Мысалы,  Ахмеди  Кулибали  Pepsi-

Cola  қолдауымен  білім  алған,  оқу 

кезінде  Елисей  сарайында  Николя 

Саркозимен 

кездескен. 

Саид 


Кауши  болса,  Париж  мэриясында 

жұмыс  атқарған,  бірақ  2009  жылы 

жұмыстан  шыққан,  оған  оның  діни 

талаптарды  (әйелдермен  қол  беріп 

амандасу,  күніне  бес  рет  намаз 

оқу) мұқият орындауы түрткі болған 

сияқты.

>>

ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН



 15

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



Осы  көзқарасқа  сәйкес,  француз 

жиһадшыларының 

бәрі 

қала 


маңындағы  кедей  постколониялық 

иммигранттардың 

ұрпақтары 

емес.  Жиһадшылардың  қатарына 

әлеуметтік  интеграциядан  өткен 

топтар  өкілдері  ретінде  кейбір  жас 

мамандар, сонымен қатар олардың 

арасында 

қала 

орталығынан 



шалғай өскен жастар да бар. Дания 

сияқты отарлау тарихы жоқ және аз 

санды  ұлттарға  әртүрлі  көзқараста 

болған  елдер,  Франция  сияқты 

үрейлі.  Біз  бұны  қалай  түсіндіре 

аламыз?  Зерттеулерімізді  макро-

әлеуметтанулық факторларға (кедей 

қала маңы, біліктілігі жоқ иммигрант 

жастары, 

кемсіту, 

институттық 

нәсілдік)  редуция  жасап,  біз  бұл 

жастар  «қауіпті»  деген  стереотипті 

еріксіз нығайта береміз.

Дін әлеуметтануы бозбалалардың 

дінге шын берілгендігін түсінуге және 

діни  ұйымның  секталық  қозғалысқа 

айналған  динамикасын  талдап, 

қатарға кіргендердің мінездемелерін 

анықтауға    көмектеседі.  Бұл 

түсіндіру 

типі 


экстремистік 

қозғалыстар аясында мұсылмандық 

тәжірибе  міндетті  түрде  құқықтық 

болмайтын  жәйттер  логикасын 

ашып тәрбие беру әлеуметтанумен 

байланысты  болады.  Сонымен 

қатар,  біз  Шарли  Эбдо  кеңсесіне 

жасалған  қастандықтың  себебін 

анықтауда 

осы 


мұсылман 

жастардың  журналдын  (журнал 

өзін  ақылсыз  және  әдепсіз  деп 

анықтаған  болатын)  дінге  қарсы 

әжуа-қалжыңын 

қабылдамауын 

ескеруіміз керек. Сондықтан, CNRS 

ғылыми  қызметкері  Джули  Пагис 

Шарли Эбдоның исламды кемсітуін 

қабылдауда  өзіндік  мәселелері  бар 

екенін  айтады.  Бұл  басымдыққа  ие 

дінге  қастандық  болды,  сондықтан 

журналдың  «шабуылы»  жастардың 

ата-аналарының  отарлық  және 

пролетариаттық  кезеңіндегі  қорлау 

сәттерін еске түсірді.

Сонымен, 

біз 


әлеуметтану-

шылардың  әртүрлі  божамдарын 

талдай  алсақ,  медиа-конструктілер 

әлеуметтанудың  нышанды  билігін 

құруда.  Негізгі  мәселе  –  кім  пікір 

білдіруге  құқылы?  Қастандықтан 

кейін  Магриб  және  африкалық 

иммигрант ұрпақтары – кәсіпкерлер, 

суретшілер, 

жазушылар 

және 

спортшылар 



сөйлей 

бастады. 

Академиктер,  әсіресе  әлеуметтану-

шылар,  У.Э.Б.  Дюбуа  африкалық-

америкалықтарға 

байланысты 

қойған «Өзіңді кінәлі сезіну қалай?» 

деген сұраққа жауап іздей бастады. 

Әлеуметтанушылар  ретінде  біз 

ағайынды  Куаши  мен  А.Кулибали 

шыққан 

әлеуметтік 



ортаны 

зерттеуде кездесетін қиындықтарды 

айтуымызға  болушы  еді.  Бізде 

соңғы  онжылдықта  терең  өзгеріске 

ұшыраған иммигранттардың ортасы 

туралы  этнографиялық  деректер 

жеткіліксіз.  Зерттеу  жобаларын 

қаржыландырып, 

сол 

ортадан 


шыққан 

әлеуметтанушыларды 

стипендиямен қолдауымыз керек.   

Хаттарды Стефан Бейоде жолдауға болады



<

stephane.beaud@ens.fr

>

ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН



>>

> Шарли Эбдоға

дейінгі және кейінгі

Мейбл Березин, Корнелль Университеті, Итака, АҚШ және Әлеуметтанулық теория (RC16)

бөлімі бойынша Халықаралық Әлеуметтанушылар ассоциациясының мүшесі

Мари Ле Пен, 

президенттікке болашақ үміткер

Б        

үкіл әлемнің саяси көшбасшылары мен жұртшылық 

Шарли Эбдодағы кісі өлімін пікір білдіру еркіндігі мен 

негізгі демократиялық қағидатқа қарсы қастандық 

ретінде  қарастырды.  Алайда,  бұл  өлімнің  саяси 

және әлеуметтік мәнінің ауқымдырақ екені бірден анықтала 

бастады:  келесі  күні  еврей  дәмханасында  төрт  адамның 

өлтірілуі  халықаралық  журналистерді  1930-жылдардың 

қайтып оралуы туралы жазуға итермеледі.

Шарли  Эбдо  Франция  мен  Еуропаның  Сараевосы 

болды,  яғни  бұл  қастандық  Францияда  және  басқа 

елдерде  саяси  дағдарыс  тудыру  мүмкіндігін  сипаттайды. 

Ырыққа  көнбейтін  несиелік  дағдарыс,  тақуалық 

(аскетизм)  саясаты,  көпдеңгейлі  босқындар  дағдарысы, 

әсіресе  жастар  арасындағы  жұмыссыздықтың  жоғары 

деңгейдегі көрсеткіштері, синагога мен еврей зираттарына 

антисемиттік қастандықтар – барлық осы құбылыстар бүкіл 

Еуропадағы оңшыл және ұлтшыл партиялардың күшеюіне 

жол ашты.  

Францияның  Ұлттық  майданы  мен  оның  көшбасшысы 

Марин  Ле  Пен  осы  қозғалыстардың  өркен  жаюның  бел 

ортасында  болды.  2011  жылы  Марин  Ле  Пен  әкесінен 

партияны  басқару  құқығын  мұраға  алды,  әкесінің 

антииммигранттық 

риторикасы 

партияға 

бірнеше 

онжылдық  бойы  арандатушы  ретінде  өмір  сүруіне 

мүмкіндік  берді.  Марин  Ле  Пеннің  мақсаты  -  Ұлттық 

Майданды (National Front) арандатушы емес, басқарушыға 

айналдыру  болды,  сондықтан  ол  күшін  аскетизм,  евро 

дағдарысы мен жұмыссыздық мәселелеріне жұмылдырды. 

Ұлттық Майдан тарихымен таныс емес оқырмандар оның 

«парасатты»  ережелері  кейбір  орталарда  неге  жиі  үрей 

тудыратынын  түсінбейді.  Жақында  Нью-Йорк  Таймс 

басылымында Марин Ле Пен былай деп жазды: «Ислам 

фундаментализмі  «біздің  мұсылман  отандастарымызды» 

ренжітетін  «исламның  қатерлі  ісігі»  –  бұл  тенденцияны 

еуропалық  қауымдастық  маргиналды  партиялардың 

беталысының бір бөлшегі ретінде қарастырады. 

>>

 16


GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ

ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал