ЖАҺандық диалог ж урна л



жүктеу 0.75 Mb.

бет1/8
Дата02.03.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ЖАҺАНДЫҚ 

ДИАЛОГ

Ж

УРНА



Л

Пәкістандағы әлеуметтану

> Ульрих Бекті еске алу

> Ирланд әлеуметтануы

Басыл


ым

 5/ 


Ш

ығарылым


 2/ 

м

ау



сым

 

2015



 

http://isa-

global-

dialogue


.net

GD

5.2



Жылына 4 рет 15 тілде шығады

Стефан Виауд, 

Мейбл Березин, 

Элизабет Беккер

Шарли Эбдодан 

кейін


Жаһандық симпозиум:

Біз қалайтын 

болашақ 

Маркус С. Шульц

АҚШ-тағы әлеуметтану 

дағдарысы

Иван Сзеленьи

Ізденістегі жаһандық 

әлеуметтану

Гурминдер Бхамбра



 

 2

Ұ



сынылып отырған нөмір әлеуметтанудың болашағы туралы жаңа пікірлер 

легін  ашпақ.  Белгілі  венгр  әлеуметтанушысы  Иван  Сзеленьи  АҚШ 

әлеуметтануы  дағдарысының  саяси,  әдіснамалық  және  теориялықтан 

тұратын  үштағанын  көрсетеді.  АҚШ  әлеуметтануы  1960-70  жылдары 

студенттерді қызықтырып, ынталандырған саяси артықшылықтарынан айырылып 

қалғанымен  қатар,  өзінің  әдіснамалық  артықшылығын  жоғалтты,  себебі,  қазіргі 

кезде саяси ғылым мен экономика дамып келе жатқан «далалық» тәжірибелерді 

корреляциялық  талдауды  сақтауға  әлсіз  және  классик  ойшылдардан  мұраға 

қалған теориялық қиялға иелік ете алмады. Америкалық әлеуметтану студенттердің 

жаңа  толқынына  иек  артпастан  өз  жолынан  адасып  қалды.  Бірақ  бұл  ақиқат  болуы 

мүмкін бе?

Сзеленьи  сияқты  Гурминдер  Бхамбра  Солтүстіктің  ерекше  фокусына  және 

еуропоцентризм  өзегі  болып  табылатын  «жергілікті»  әлеуметтануларға,  жаһандық 

космополитизм  мен  модернизация  теорияларына  да  тым  сыни  тұрғыда  шүйліге 

қоймайды. Жаһандық әлеуметтану ұсынып отырғандай, атап айтқанда, трансұлттық 

байланыстар  қалыптастырған  отарлық  және  постколониялық  тәжірибелердің 

жаңғыруына  осы  ұстанымдардың  ешқайсысы  алып  келе  алмайды.  Жаһандық 

әлеуметтану Оңтүстіктің қатысуынсыз өмір сүре алуы мүмкін бе? Екі пәкістандық жас 

әлеуметтанушы Лейла Бушра мен Хасан Джавид Пәкістанда ұлттық әлеуметтанушылар 

ассоциациясы және ХӘА 19 дербес мүшесі бар екеніне қарамастан, Оңтүстіктің көп 

елдерінде әлеуметтану (жаһандық әлеуметтану туралы айтпағанның өзінде) басынан 

кешіп отырған қиындықтарды баяндайды.

Оңтүстіктің Солтүстікке кірігуінің қаншалықты тереңде жатқанын ұмыта аламыз ба? 

Стефан  Bиауд  Шарли  Эбдодағы  қастандқтан  кейін  француз  әлеуметтанушылары 

арасында орын алған пікірталастардың желісін ұсынады, ал Мейбл Березин Еуропа 

елдеріндегі  оңшыл  саясаткерлердің  бүлігін  сипаттайды.  Германия,  Испания  және 

Ұлыбритания мешіттерінде жүргізген далалық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, 

Элизабет  Беккер  мұсылман  қауымдастықтарына  тән  күрмеуі  қиын,  түбі  тереңде 

жатқан  үрейді  баяндаса,  ХӘА  зерттеулер  бойынша  вице-президенті  Маркус  Шульц 

бізді  әлеуметтанудың  болашағынан  болашақ  әлеуметтануына  қарай  жетелейді.  Бұл 

-  2016  жылдың  10-14  шілдесінде  жоспарланып    отырған  Венада  өтетін  ХӘА  келесі 

форумының  тақырыбы.  Ол  болашағымызға  болжау  жасаудың  маңыздылығын 

түсіндіреді және қауіп-қатерден сақтандырады. Оның ойынша, болашақты түйсіну мен 

осы  түйсінудің  әлеуметтануды  қалыптастырудағы  рөлі  маңызды  екенін  мойындаған 

жөн.  Шульцтің  әлеуметтануға  қатынасын  қалыптастыруға  2015  жылы  1  қаңтарда 

дүниеден  озған  Ульрих  Бек  ықпал  етті.  Бектіңқайтыс  болуы  -  әлеуметтану  және 

халықаралық  қауымдастық  үшін  аса  қайғылы  оқиға.  Ықпалы  мен  шабыты  біздің 

пәніміздің  шекарасынан  едәуір  алысқа  тараған  әлеуметтанушы  болатын.  Оның 

жаңашылдығын  Германия,  Аргентина,  Оңтүстік  Корея  және  Канададан  жолданған 

мақалалардан байқаймыз. 

Сондай-ақ,  біз  ұлттық  әлеуметтанулармен  таныстыруды  жалғастырамыз.  Осы 

жолы  Ирландияның  кезегі  келді.  Ирландиядағы  жаһандық  өзгерістерді  төрт  мақала 

талдайды: экономикалық дағдарыстың бүкіл әлемге ықпалы, қоғамдық саладағы қайта 

дәуірлеу процестеріне қатынас, ирланд отбасының ұлтаралық сипаты және ирланд 

әйелдер қозғалысын еуропалық қолдаудың салдары. 

> Редакциядан

Жаһандық диалог Халықаралық Әлеуметтанушылар



   Ассоциациясының веб парақшасында 15 тілде ұсынылады

> Хаттарды 

burawoy@berkeley.edu

 поштасына жолдауға болады

Әлеуметтанудың болашағы 

мен болашақ әлеуметтануы

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



Жаһандық диалог SAGE Publi-

cations ұсынған риясыз грант 

негізінде жүзеге асып отыр.

GD

Көрнекті венгр әлеуметтанушысы Иван 



Сзеленьи америкалық әлеуметтанудағы ұзақ 

және қайшылыққа толы тәжірибесімен бөлісіп

оның тоқырауын болжайды.

ХӘА вице-президенті Маркус Шульц 2016 жылы, 

10-16 шілдеде Венада өтетін ХӘА форумының 

тақырыбымен таныстырады: Біз қалайтын болашақ: 

жаһандық әлеуметтану және жақсы әлем үшін күрес.

Англияның жетекші әлеуметтанушысы Гурминдер 

Бхамбра жаһандық әлеуметтанудағы конвенциялық 

бағыттарды сынайды және өзінің «байланған 

әлеуметтанулар» ұстанымын ұсынады.


 

 3

GD



 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ

Редактор: Майкл Буравой.

Редактордың орынбасары: Гай Сейдман.

Басқарушы редактор: Лола Бусуттил, Августо 

Бага. 


Редакциялық кеңес: Маргарет Абрахам, Маркус 

Шульц, Сари Ханафи, Винетта Синха, Бенджамин 

Теджерина, Роземари Барбарет, Изабелла Барлинска, 

Дилек Чиндыоглу, Филомин Гуттиерец, Джон Холмвуд, 

Гуэлермино Жассо, Калпана Каннабиран, Марина 

Куркчян, Саймон Мападименг, Аблдул-мумин Саад, 

Айше Сактанбер, Сели Скалон, Саука Ширахасе, 

Гразина Скапска, Эвангелия Тастосоглоу, Чин-чин Ю, 

Елена Здравомыслова.

Аймақтық редакторлар

Араб әлемі: 

Сари Ханафи, Мунир Сайдани. 



Бразилия: 

Густаво Танигутти, Андреза Галли, Ренато Баррета 

Претурлан, Анжела Мартинс Джуниор, Лукс Амарал, 

Рафаэль де Соуза, Бенно Альвес



Колумбия: 

Мария Жозе Альварес Ривадулла, Себастьян 

Виламизар Сантамариа, Андрес Кастро Арауджо, 

Катрин Гаэтан Сантамариа.



Индия:

Ишвар Моди, Рашми Жаин, Прага Шарма, Джуотти 

Сидана, Нидхи Бансаль, Панкаш Бхатнагар.

Иран: 

Рейханех Жавади, Абдулкарим Бастани, Нияеш 

Долати, Митра Данешвар, Фаез Хаджесадех.

Жапония:

Сатоми Ямамото, Хикари Кубото, Хацуна Куросава, 

Масахиро Мацуда, Юка Митани, Аяка Огура, Хиротака 

Омацу, Фума Сэкигути



Қазақстан:

Айгүл Забирова, Баян Смағамбет, Гүлім Досанова, 

Дәуренбек Күлейменов, Эльмира Отар, Рамазан 

Салықжанов, Адиль Родионов, Нурлан Байгабыл, Ғани 

Мади, Анар Билимбаева, Жұлдыз Галимжанова.

Польша: 

Адам Мюллер, Анна Вандцель, Якоб Барщевски, 

Джустина Косчинска, Джустина Зелинска, Камил 

Липински, Каролина Миколайевска, Криштоф 

Губански, Мариус Финкельщтейн, Мартына Мацюх, 

Миколай Миерзежевски, Патрыцья Пендраковска, 

София Пенза.

Румыния:

Косима Ругхини, Корина Брэгару, Андрея Акасандре, 

Рамона Кантараджу, Александру Дуту, Руксандра 

Иордаше, Михай Богдан Мариан, Ангелика Маринеску, 

Анка Михай, Моника Надраг, Телегди Балаш, 

Элизабета Тома, Елена Тюдор.



Ресей:

Елена Здравомыслова, Анна Кадникова, Ася 

Воронкова

Тайвань: 

Джинг Мао Ху



Түркия:

Гюль Горбачиоглы, Нил Мит, Рана Чавушоглу



Медиа кеңесшілер:

Густаво Танигутти, Жозе Регуэрa.



Шығарылым кеңесшісі:

Aна Виллареал

Редакциялық алқа



> Осы номерде

Редакциядан: Әлеуметтанудың болашағы мен болашақ әлеуметтануы

АҚШ-тағы әлеуметтану дағдарысы

Иван Сзеленьи, Венгрия

Ізденістегі жаһандық әлеуметтану



Гурминдер Бхамбра, Ұлыбритания 

Біз қалайтын болашақ      



Маркус Щульц, АҚШ

> ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН

 

Француз әлеуметтанушыларының Шарли Эбдодағы қастандық туралы 



пікірталастары

Стефан Бо, Франция      

Шарли Эбдоға дейінгі және кейінгі экстремистік саясат



Мейбл Березин, АҚШ 

Алаң жазбалары: Еуропа өндірген үрей



Элизабет Беккер, АҚШ     

ПӘКІСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ



Пәкістандағы әлеуметтанудың жай-күйін зерделеу

Лейла Бушра, Пәкістан  

Пәкістандағы әлеуметтану мүмкіндіктері



Хасан Джавид, Пәкістан 

> УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ 

Ульрих Бек ой-өрісі космополиттік еуропалық әлеуметтанушы

Клаус Дёрре, Германия  

Ульрих Бек Латын Америкасында 



Анна Мария Вара, Аргентина 

Ульрих Бектің Шығыс Азиядағы ықпалы



Сан-Джин Хан, Оңтүстік Корея 

Ульрих Бектің Солтүстік Америкадағы зор ықпалы  



Фуюки Курасава, Канада  

ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ 



Ирландияның экономикалық тығырыққа қарай жолы

Шон О’Риэйн, Ирландия

Қоғамдық нақтылықты қорғау



Мэри П. Корпоран, Ирландия

Ирланд әйелдер қозғалысы



Паулин Каллена, Ирландия

Кельттік байланыстар – Ирландияның жаһандық отбасылары



Ребекка Чиеко Кинг-O’Райан, Ирландия

2

4



8

11

13



16

19

22



24

26

28



30

32

34



36

38

40



АҚШ-тағы

 

әлеуметтану дағдарысы 

Иван Селеньи.

Иван Сзеленьи, Нью-Йорк университеті, АҚШ

 4

GD



 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ

>>

Э



лвин 

Гоулднер 

45 

жыл 


бұрын 

«Батыс 


әлеуметтануының  болашақ  дағдарысы»  деген 

жұмысында  батыс  әлеуметтануындағы  парсонстық 

құрылымдық-функциялықтың 

құлдырауын 

және 

рефлексиялық  әлеуметтанудың  дамуын  болжауы  –  бүгінгі  күні 



артық шаруа болған сияқты көрінеді, себебі, 1970 жылдың өзінде-

ақ  парсонстық  әлеуметтану  құрдымға  кеткен  және  әлеуметтану 

өзінің  ең  бір  мағыналы  кезеңіне  аяқ  басқан.  Гоулднермен  қатар 

Сеймур  Мартин  Липсет,  Чарлз  Райт  Миллс,  С.М.Миллер,  Ли 

Рейнвотер,  Пьер  Бурдье,  Дэвид  Локвуд,  Ральф  Милибэнд, 

Клаус  Оффе,  Ральф  Дарендорф,  сондай-ақ  социалистік 

Шығыс  Еуропадан  Зигмунд  Бауман,  Лешек  Колаковский  және 

Югославиядан  Праксис  тобы  жаңа  сыни  әлеуметтанудың 

негізін  қалады.  Таңқаларлығы,  Гоулднер  болжаған  дағдарыстан 

шығу  мәселесі  шешілді:  пән  құрылымдық  функционализмнің 

тығырығынан жол тауып шықты, әсіре студенттердің Меккесінен 

ол ақылды студенттердің ортасына оралды. Эмпириялық тұрғыда 

тексерілмеген  қасаң  ұғымдардың  адамды  жалықтырар  тізімінен 

кейін әлеуметтануға кіріспе курстар саяси мобилизацияның және 

зияткерлік тікетірестің теңдессіз алаңына айналды.

Иван Сзеленьи – заманауи қоғамның аса маңызды мәселелерін көтерген көрнекті әлеуметтанушы. Ол 

өз  мансабын  1960  жылдары  Венгрияда  бастады.  Сыни  көзқарастарына,  әсіресе,  Джордж  Конрадпен 

«Интеллектуалдар билікке барар жолда» (1979) кітабымен байланысты эмиграцияға кетуге мәжбүр болғанға 

дейін Венгрияның Статистика Агенттігінде, одан кейін Ғылым Академиясында қызмет етті. Аталмыш кітап 

- Шығыс Еуропада жазылған мемлекеттік социализм туралы аса сүбелі және ерекше трактаттардың бірі. 

зеленьи Австралияға қоныс аударып, Флиндерс университетінде әлеуметтану кафедрасының негізін салды, 

Австралиядан АҚШ-қа көшіп, Висконсин университетінде (Мэдисон), Нью-Йорктің Қалалық университетінде, 

Калифорния Университетінде (Лос-Анжелес), одан кейін Йелль университетінде қомақты профессорлық 

лауазымдарды атқарды. Осы жақында ғана Абу-Дабидегі Нью-Йорк Университетінде қоғамдық ғылымдар 

факультетін  ұйымдастырды.  Оның  мемлекеттік  социализм  аясындағы  нарықтардағы  қайта  бөлу 

қатынастарын  және  социалистік  кәсіпкерлердің  траекторияларын  зерттеуі  күні  бүгінге  дейін  жаңашыл 

сипатын  жоғалтқан  жоқ.  Ол  мемлекеттік  социализмнің  капитализмге  өтуін  тарихи  және  салыстырмалы 

талдауды  үйлестіру  негізінде  зерттеген  саусақпен  санарлық  әлеуметтанушылардың  қатарынан.  Сондай 

жұмыстардың бірі - оның өз шәкірттері Джил Эяль и Элеонора Таунслимен (1998) бірігіп жазған кітабы - 

«Капитализмді капиталистерсіз жасау». Посткоммунистік Венгрияның ауқатты элитасымен қатар халықтың 

әлжуаз  топтары  туралы  зерттеу  жариялады.  Әлемнің  шартарабында  тұратын  көптеген  шәкірттері  оны 

әлеуметтік теория тарихынан оқыған дәрістері арқылы жақсы көреді және құрмет тұтады. Ол - АҚШ-тағы 

әлеуметтанудың тағдырын ішкі және сыртқы позициядан бағалай алған азшылықтың өкілі.  

>>


  Бүгінгі  күні  Гоулднердің  байырғы  болжамы  сәуегейлік  сияқты 

көрінеді – әлеуметтік ғылымдар түбегейлі өзгерістерге ұшырады. 

Неоклассикалық  экономика,  рационалды  таңдау  ілімі  мен 

эксперименттік  зерттеулер  өз  жеңістерін  тойлап  жатқанда 

әлеуметтанушылар  сұрақтардың  жауабын  іздестіру  үстінде. 

Қазіргі кезде студенттер консерватор бола отырып, өз мансаптары 

және  зейнетақы  қорлары  туралы  жиі  мазасызданады  және 

әсіре  ілімдерге  қызыға  қоймайды.  Әлеуметтану  кафедралары 

тиісті  штатты  ұстап  отыру  мақсатында  «жеңілтек»  курстарды 

(көп жағдайда аса қызығушылық туғызбайтын) ұсыну арқылы өз 

мамандықтарына  жаңа  студенттердің  келуі  үшін  күресіп  отыр.

Біздің  пән  қазіргі  кезде  үш  бағытта  дағдарысқа  ұшырап  отыр. 

Біріншіден,  әлеуметтану  өзінің  саяси  сүйкімділігінен  (және  оның 

әсіре  миссиясынан)  айырылып  қалды.  Екіншіден,  әлеуметтану 

экономика ғылымынан немесе саяси ғылымдардағы рационалды 

ілімдер  тарапынан  пайда  болған  әдіснамалық  түйткілдерге 

татымды  жауап  іздеуін  әлі  де  жалғастырып  отыр.  Үшіншіден, 

әлеуметтану  өзінің  жалпы  теориялық  өзегі  бар  ма  («Ұлы 

кітаптармен» әрбір әлеуметтанушы таныс болуы тиіс) немесе ол 

қалыптасу  сатысында  дегеннің  айналасында  әбден  шырмалып 

қалды

1



> Саяси дағдарыс 

40  жыл  бұрын  әлеуметтану  әсірешілдікке  бой  ұрған  жас 

оқытушылар мен студенттер арасында беделді болды. Бұл - тіпті 

радикалды реформалар, немесе революцияларға қатысты «нағыз 

айналысуға тұратын іс» еді. 1960-шы жылдардың соңы мен 1970-

ші  жылдардың  басында  университеттердегі  әлеуметтанушылар 

(әсіресе, аға буын) консерваторлық көзқарасты, ал жастар солшыл 

әсіре  көзқарастарды  жақтады.  Қазіргі  жағдай  осыған  қарама-

қарсы: бізде университеттерде радикал әлеуметтанушылар бар, 

бірақ  біздің  студенттердің  арасында  «жас  республикашылдар» 

жиі кездеседі.

Егер  Сіз  республикашыл  болсаңыз,  онда  неге  экономикада 

емессіз  немесе  саяси  ғылымдардағы  рационалды  таңдауды 

жақтамай  әлеуметтануда  не  істеп  жүрсіз?  Бүгінгі  күнгі  біздің 

мәселеміз  университеттегі  орындардың  жетіспеушілігінде  емес, 

дәріс залдарын толтыра алмауымызда болып отыр. Мен «саяси 

дағдарыс»  деп  отырған  осы  жағдайдың  екі  ұшы  бар:  жеткілікті 

деңгейде  студенттер  тарта  алмай  отырмыз,  және  бүгінгі  күні 

радикалды  әлеуметтік  реформалар  жүргізудің  сценарийлерін 

ұсынуда  әлеуметтанудың  мүмкіндіктері  күн  санап  төмендей 

түсуде.

> Әдіснамалық дағдарыс

Әлеуметтанулық  дағдарыс  «Әдіснамалық  дағдарысты»  да 

қамтиды.  «Жаратылыстанымдық  ғылымдардағыдай»  «қоғам 

туралы ғылымда» да әдіснамалық қатаңдықты талап еткен Огюст 

Конт  сияқты  әлеуметтанушылар  өз  «ғылымдарын»  каузалдық 

терминдер,  «айнымалылар»  арасындағы  «себеп-салдарлық 

байланыстарды» орнату арқылы көрсетуге тырысады. Әлеуметтік 

(немесе экономикалық) құбылыстарды зерттеушілер себептіліктің 

ақиқат екеніне сене қояр ма екен? 

Макс  Вебер  сенімсіз  болғандықтан  «интерпретациялық 

әлеуметтік ғылымдар» деген идеяны ұсынды. Өзінің электораттық 

болжамдарында  ықтималды  іріктеу  негізінде  бұқаралық  сұрау 

(жүздеген  миллион  халықтың  өкілі  ретінде  бірнеше  жүздеген 

тұрғындарды  сұрау)  әдісін  қолданып  жүрген  әлеуметтанудың 

табысты болуына қарамастан, осы жетістік бізді себеп-салдарлық 

байланыстар  туралы  болжамдарды  тексеруге  (верификацияға) 

бір сүйем де жеткізе қоймады. 

Негізінде себеп-салдарлық байланыстар туралы болжамдарды 

тексеру  үшін  халықтың  бір  бөлігін  белгілі  бір  стимулдарға 

(«ықпалдар»)  ынталандыратын  «эксперименттік  топ»  ретінде 

анықтап  алу  керек,  халықтың  қалған  бөлігін  осы  стимулдардан 

шектеп, «бақылау тобы» ретінде қалдырған жөн.

Бұқаралық  сұрауға  қарағанда,  эксперименттер  «іріктелген 

жиынтық»  мәселесіне  келіп  тіреледі,  А  халқының  В  халқынан 

айырмашылығы  А  халқы  әу  бастан  «басқа»  болатын,  немесе 

олардың  арасындағы  осы  айырмашылықтарды  А  халқының 

«басқа» жағдайларда болуымен түсіндіруі қаншалықты деңгейде 

ғылыми ақиқат екенін анықтай алмайды.

 5

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



>>

Арбудың иллюстрациясы.



 6

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



Қарапайым  мысал  келтірейін:  некеде  тұратын  адамдар  ұзақ 

өмір сүретінін білеміз. Бірақ біз олардың ұзақ өмір сүруін некеде 

тұрғандықтан немесе денсаулығы мықты адамдар жиі үйленеді 

деп қалай айтамыз? Егер бір эксперименттік топқа некеге тұруға 

ниетті он төрт жастағыларды бақылау тобына ешқашан отбасын 

құрғысы  келмейтіндерді  жинау  мүмкіндігім  болса,  онда  көп 

жылдардан кейін олардың денсаулығына шолу жасар едім. Бұл 

жағдайда мен некеге тұру және өмірдің ұзақтығының арасындағы 

себеп-салдарлық  мәселесіне  қатал  ғылыми  жауап  бере  алар 

едім.  Бірақ  осындай  іріктелген  жиынтықты  жасақтау  негізінде 

мүмкін  емес.  Әлеуметтік  зерттеушілер  бұл  мәселені  шешуге 

тырысты. Кейбіреулері «себеп тетіктерін» анықтауға талпынды, 

«нарративтер»  жазды,  «Х»  «У»-ке  алып  келуі  мүмкін  деп 

болжады, (мысалы, үйленген адамдар ішімдікті аз пайдаланады 

және уақытында тамақтанады, сондықтан ұзақ өмір сүреді). Бұл 

- құдай құптар іс, мен бірнеше рет өз зерттеулерімде солай етіп 

көріп едім, бірақ «әдеттегі ғалымдардың» көзін жеткізе алмадым.

Бұқаралық  сұрауларды  басқа  технологиялар  негізінде  жүзеге 

асыруға тырысты, бірақ панелдік зертттеулер де, «өмірдің ауызша 

тарихы»  да  іргелі  мәселені  шеше  алмады;  айталық  панелдік 

зерттеулер лонгитюдті зерттеудің өне бойында бастапқы іріктеуді 

бәрібір  жоғалтып  алады,  ал  «өмірдің  ауызша  тарихы»  сынаққа 

қатысушылардың жадына тән сұрыптаудан зардап шегеді. 

Кейбір  экономистер  мен  саясаттанушылар  зертханалық 

эксперименттерге жүгінеді. Толығымен бақыланатын жағдайлар 

тән  зертханалық  эксперименттер  рандомизация  тұрғысынан 

тамаша  шешімдер  ұсынады,  бірақ  ол  өте  қымбат  тәжірибе: 

шындығында  сырттай  валидтілік  эксперименттік  жағдайдан 

тыс  ғана валидті. Зертханалық эксперименттерде барлық кезде 

ықтимал  сұрыптау  жоқ:  біз  зертханалық  эксперименттердің 

қорытындысын жалпылай алмаймыз, себебі көп жағдайда сынаққа 

қатысатын колледж студенттері – орта таптан шыққандар. Басқа 

«шешім»  кездейсоқ  таңдау  болуы  мүмкін,  бірақ  рандомизация 

болуы неғайбыл «табиғи эксперимент» десе болады.

Осыған  қарамастан  экономика  мен  саясаттану  каузалдық 

мәселесін  қисынды  сатылап  (эмпириялықтың  өзекті  екенін 

төменде  көрсетемін)  шешуді  ұсынды.  Дегенмен,  әлеуметтану 

әлі де ізденісте, өйткені ол әлі әдіснамалық дағдарыстан шыққан 

жоқ.

> Теориялық дағдарыс

1980  жылдардың  басынан  бастап  әлеуметтану  теориялық 

тұрғыда  жақсы  деңгейде  емес.  Мен  Мертон–Парсонс  типіндегі 

біртұтас  теориялық  ортодоксияны  көксеп  отырған  жоқпын; 

құрылымдық-функциялықтың  орнына  мен  маркстік-веберлік 

үстемдік  орнаған  ақылға  сыйымды  теориялық  диалог  деп 

атайтын,  бірақ  символдық  интеракционизм  мен  этноәдіснама 

сияқты баламалардың пайда болуына мүмкіндік берген құбылыс 

келді.

1960 және 1970 жылдардағы алтын дәуірдің өзінде университет 



әлеуметтанушылары әлеуметтану бойынша міндетті теориялық 

курстар  қатарына  кейбір  авторларды  енгізу  үшін  күрескенін 

мойындауым  керек.  Бүгінгі  күні  біз  осы  жәйттен  кем  түспейтін 

конвенциялық  талпынысты  байқаймыз  -  электоратты  сақтау 

үшін  жанталас,  әлеуметтану  гендерлік  зерттеулер,  африкалық-

америкалық, азиялық-америкалық және мексикалық зерттеулер, 

мәдениеттану және т.б пәнаралық бағдарламаларға жүгініп отыр. 

Мұның  бәрі,  әрине  оқыту  мен  ғылыми  зерттеулер  үшін  негізсіз 

емес, бірақ оларды әлеуметтану аясына енгізу оның пәнаралық 

шекараларын бұзады.

Экономикалық  және  саяси  ғылымдармен  салыстыру  назар 

аударуға  тұрарлық.  Экономистер  өз  пәндерінің  теориялық 

негіздерімен  жалпы  келіседі.  Студенттер  мықты  курстарға 

көшпес бұрын микроэкономика принциптері мен макроэкономика 

принциптерін  оқып  үйренуі  неге  міндетті  екендігін  туралы 

жалпы  түсінік  мен  білетін  экономистердің  барлығында  дерлік 

бар.  Олардың  арасында  осы  курстарда  не  нәрсеге  үйрету 

керек  екендігіне  қатысты  келіспеушіліктері  мардымсыз;  осы 

пәндердің  оқу  бағдарламалары  стандартталған,  олай  болса, 

докторлық  дәрежесі  бар  әрбір  экономист  осы  курстардың  кез 

келгенінен сабақ бере алады, дегенмен олардың «классикалық» 

теоретиктерді  менсінбейтінін  таңқаларлық  жәйт  ретінде  атап 

өткен  маңызды,  осыған  байланысты  студенттер  классикалық 

пікірталастарды  біле  бермейді.  Классикадағы  теориялық 

пікірталастар, 2008-09 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысы 

кезінде Кейнс пен Маркс идеяларының жаңғыруы сияқты, пәнге 

әлі де ықпал етуі әбден мүмкін.

Экономистермен 

салыстырғанда, 

әлеуметтану 

кафедраларының басым бөлігі кіріспе курстың мазмұны қандай 

болатыны туралы (саналуан теориялар мен эпистемологияларды 

қамтитын  элективті  пәндердің  кең  ауқымын  ұсынудың  орнына) 

келісімге  келе  алмай  отыр.  Әлеуметтанушылар  «жеңілтек» 

тақырыптарды  телефон  анықтамалығына  ұқсайтын  «негізгі 

ұғымдармен» араластырған жемістен дайындалған салат сияқты 

кіріспе курс  ұсынуда. Бұл мәселеге мен осы мақаланың соңғы 

бөлімінде қайта ораламын, бірақ экономикадағы кіріспе курстар 

пәндік пәтуаға қол жеткізсе, әлеуметтануда хаосқа алып келетіні 

айқын. Біз өз саламыздағы «классикамен» келісіміміз қаншалықты 

төмен  болса,  солғұрлым  біздің  пәніміз  оқып  үйрететін  нәрсеге 

қатысты сенімділігіміздің әлсіздігі бәрінен де қауіптірек.

Әлеуметтанушылар бір кезде қандай мәселелерді зерттейтініне 

келіскен  болатын,  әлеуметтану  аясына  теңсіздік  (билік,  кірістер 

мен  өмірлік  мүмкіндіктер,  таптар,  нәсіл  және  жыныс),  білім 

және  кәсіби  жетістіктер,  әлеуметтік  мобилдік  тақырыптары 

енеді.  Дегенмен,  қазіргі  кезде  өзіміздің  зерттеу  мәселелерімізді 

айқындай  алмай  отырмыз,  экономистер  мен  саясаттанушылар 

біздің  академиялық  алаңымызды  белсенді  түрде  игере 

бастағанының  өзі  бізге  сын.  Әлеуметтік  теңсіздік  бойынша  аса 

маңызды жаңа кітаптарды Томас Пикетти мен Джозеф Стиглиц 

сияқты экономистердің жазғаны көңілге кірбің ұялатады емес пе? 

Неге біз қалып қойдық? 



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал