Жаһандық диалог ж урна л арнайы бағаналар



жүктеу 0.69 Mb.

бет1/7
Дата08.06.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Жаһандық

диалог

Ж

УРНА



Л

Арнайы бағаналар 

> ХӘҚ: жас әлеуметтанушылар желісі

> Жаһандық Диалогты индонезиялық тілге аудару

> Индонезиялық редакция алқасымен таныстыру

Мона Абаза

Революциядан кейінгі 

Мысыр

Люк Болтански



Шындыққа күмәндану

Сара Мосоеца

Айырықша институт

Патриция Хилл Коллинз

Африка-америкалық 

әйелдерді таныстыру

 

Виниета Синха, 



Нұрман

 Абдулла, 

Юэн Тео, 

Франсис Хек Ги Лим, 

Даниель П.С. Гох

Сингапур 

әлеуметтануы

Басылым


 7 

ығарылым



 1/ 

На

урыз 



2017

w

w



w

.isa-sociology

.or

g/global-



dialogue/

GD

7.1



Жылына 4 рет 17 тілде шығады

Агнешка Граф, 

Элжбиета Королчук,

Джулия Кубица

Польшадағы жасанды 

түсік үшін күрес



 

 2

К

әсіби  жүргізілген  барлық  әлеуметтанулық  сұраулардың  тек 

бірнешеуі  ғана  Дональд  Трамптың  жеңісін  болжай  алғаны 

–  АҚШ  әлеуметтанушыларының  өз  елі  туралы  білімдерінің 

тым  шектеулігін  меңзесе  керек.  Осы  жағдай  солшыл 

бағыттағы  қозғалыстар  зерттеулерінен  анағұрлым  асып  түскен  оңшыл 

қозғалыстардың  зерттеулеріне  қарамастан  –  Арли  Хохчайлдтың  зерттеуі 

2016  жылғы  үшінші  шығарылымда

  жарияланған  –  орын  алып  отыр. 

Әлеуметтанушылар, өзгелерден ерекшеленбей-ақ өздері сияқты үстемдікке, 

теңсіздікке, ксенофобияға қарсы қозғалыстарды танып, біле отырып, әрекет 

ететін  адамдарды  зерттейді.  Өзгелерді  түсіну  үшін  өз  құндылықтары 

мен  міндеттерін  мансұқ  етіп  қажеті  жоқ  немесе  әлеуметтанушылар 

құндылықтардан  тәуелсіз  деген  кейіпке  ену  де  міндетті  емес  –  беймәлім 

қоғамдастықтардың  табиғатына  үңілуді  де  талап  ететін  қоғамдастықтың 

неғұрлым саналы мүшесі болу аса құптарлық.

Тап  осындай  жұмыстың  маңыздылығы  журналдың  осы  және  алдыңғы 

басылымындағы  жасанды  түсік  жасату  құқы  үшін  күрес  жөніндегі 

мақалалардан  айқын  көрінеді.  Агнешка  Графф  пен  Элжбиета  Королчук 

Польшада  антигендерлік  қозғалысты  тудырған  саясатты  және  оның 

антиглобалистердің кең көлемді мақсаттарымен қалай байланысты екендігін 

зерттейді.  Джулия  Кубица  Польша  көшелерін  жаулап  алған  үкіметке 

қарсы ауқымды қолшатыр қозғалысын түсіндіреді. Дегенмен, көше – тек 

қарсылық алаңы ғана емес, сонымен қатар милитарлану орны екенін Мона 

Абаза 25 қаңтардағы мысыр революциясының генерал Әл Сиси бастаған 

контреволюцияға ұласуына алып келген оқиғаларды сипаттаумен көрсетеді. 

Осы  басылымда  белгілі  француз  әлеуметтанушысы  Люк  Болтанскимен 

сұқбатты  жариялап  отырмыз.  Ол  өзінің  сын  әлеуметтануын  институттық 

болмыс пен нақты әлемнің тәжірибесі арасындағы алшақтықтың нәтижесі 

ретіндегі  мазмұнда  баяндауды  ұсынады.  Ұлттық  институттарды  белсенді 

әрекетке  итермелей  отырып,  қақтығыстар  мен  тоқырау  жаһанданған 

әлемдерімізбен қайшылыққа түсуін жиілетті. Бұл Сингапур әлеуметтануы 

бойынша бес мақаланың талдау нысаны болып отыр. Авторлар осы шағын 

ұлттың  бағытын,  сонымен  қатар  оның  алғашқы  премьер-министрі  Ли 

Куан Ю дүниеден озғаннан кейінгі әлеуметтанудың ерекшелігін зерттейді. 

Аталмыш  мақалаларда  әлеуметтік  мобилдік,  ұлттық  шығу  тегі,  дін  және 

саясат  сияқты  саладағы  ресми  идеология  мен  нақтылық  арасындағы 

қарама-қайшылықтар көрсетілген.

Оқырман  Азиядан  Африкаға,  соның  ішінде  соңғы  екі  жылда  саяси 

берекесіздік  шылауына  оралған  Оңтүстік  Африкаға  ойысады.  Осы  жерде 

үкімет  ұсынған  және  Сара  Мосоецаның  жетекшілігімен  жүзеге  асатын 

бірегей  академиялық  бағдарламаға  назар  салуға  шақырамыз.  Оның 

институты  аспиранттарды  қолдаумен,  конференциялар  өткізумен,  кітап 

сайыстарын,  сонымен  қатар  әлеуметтік  және  гуманитарлық  ғылымдар 

бойынша мақалалар жариялауды ұйымдастыруымен белгілі.

Косоволық жас әлеуметтанушы Лабинот Кунушевичидің белгілі феминист, 

африка-америкалық  әлеуметтанушы  Патриция  Хилл  Коллинзбен  өткізген 

әңгімесі  негізінде  сұқбатты  да  жариялап  отырмыз.  Осы  шығарылымда 

аударманың кейбір мәселелерін баяндай отырып, «Жаһандық диалогтың» 

индонезиялық  тобы  таныстырылады.  Шығарылым  Олег  Комликтің  ХӘҚ 

әлеуметтанушылардың  жаңа  ұрпағын  қолдау  мақсатындағы  аса  маңызды 

жобаларының  бірі  ХӘҚ  Жастар  әлеуметтанулық  желісінің  аса  өзекті 

жұмысы туралы ақпаратпен аяқталады.



> Редактордан

> Жаһандық Диалог 

ХӘҚ ресми

 

сайтында

 17 тілде жарияланады

> Мақалаларды мына адреске жолдауға болады 

burawoy@berkeley.edu

Әрі қарай не болмақ?

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

Жаһандық диалог SAGE Publica-

tions ұсынған риясыз грант

негізінде жүзеге асып отыр.

GD

Мысырлық белгілі әлеуметтанушы, ислам 



мен қала өмірі бойынша бірнеше кітаптың 

авторы Мона Абаза қаңтар ревоциясынан 

кейінгі қоғамның милитарлануы туралы ой 

бөліседі.

Оңтүстік Африкалық жігерлі әлеуметтанушы 

Сара Мосоеца өзі жұмыс істейтін қоғамдық 

және гуманитарлық ғылымдар институтының 

ерекшелігін сипаттайды. 

Танымал африка-америкалық феминист 

әйел Патриция Хилл Коллинз зияткерлер 

және маргиналдық туралы ерекше пікірін 

ортаға салады. 

Сын әлеуметтануының атақты француздық 

теоретигі Люк Болтански өзінің детектив 

романдар туралы соңғы кітабы және оның 

әлеуметтану үшін маңызы хақында айтады. 



 

 3

GD



 

7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

E

едактор: Майкл Буравой.



Редактордың орынбасары: Гай Сейдман.

Басқарушы редактор: Лола Бусуттил, Августо Бага.

Редакциялық кеңес: 

Маргарет Абрахам, Маркус Шульц, Сари Ханафи, 

Виниета Синха, Бенджамин Теджерина, Роземари 

Барбарет, Изабелла Барлинска, Дилек Чиндыоглу, 

Филомин Гуттиерец, Джон Холмвуд, Гуэлермино 

Жассо, Калпана Каннабиран, Марина Куркчян, Саймон 

Мападименг, Аблдул-мумин Саад, Айше Сактанбер, Сели 

Скалон, Саука Ширахасе, Гразина Скапска, Эвангелия 

Тастосоглоу, Чин-чин Ю, Елена Здравомыслова.

Аймақтық редакторлар

Араб әлемі:

Сари Ханафи, Мунир Сайдани.



Аргентина:

Хуан Игнасио Пиовани, Пилар Пи Пуч, Мартин Уртасан.



Бангладеш:

Хабибул Хак Хондкер, Хасан Махмуд, Джувел Рана, Юс 

Рокейя Ахтер, Тоуфика Султана, Асиф Бин Али, Харун 

Нахар, Ешрат Джахан Аймун, Кази Фадия Еша, Хелал 

Аддин, Мухамин Чоудари.

 

Бразилия: 

Густаво Танигутти, Андреза Галли, Анжела Мартинс 

Джуниор, Лукс Амарал, Бенно Альвес, Жулио Дэвис.

 

Үндістан:

Ишвар Моди, Рашми Жаин, Джуотти Сидана, Прага 

Шарма, Нидхи Бансаль, Панкаш Бхатнагар.

 

Индонезия

Каманто Сунарто, Хари Нугрохо, Лусия Ратих Кусумадеви,

Фина Итрияти, Индера Ратна Иравати Паттинасарани,

Бенедиктус Хари Джулиаван, Мохамад Шохибуддин,

Доминггус Элсид Ли, Антониус Арио Сето Харджана.

 

Иран: 

Рейханех  Жавади,  Абдулкарим  Бастани,  Нияеш  Долати, 

Марьян Намизи, Вахид Ленджанзаде

.

Жапония:

Сатоми Ямомото, Фума Секигучи, Ютаро Шимокава.

Қазақстан

Айгүл  Забирова,  Баян  Смағамбет,  Әділ  Родионов,  Ғани 

Мадиярбеков.

Польша:

 

Якуб Барщевски, Паулина Домагалска, Адрианна 



Дроздовска, Лукаш Дулняк, Анна Ганко, Кшиштоф Губански, 

Кинга Жакиела, Жустина Косинска, Камил Липински, 

Миколаж Миерзежевски, Каролина Миколажевска-Зажак, 

Адам Мюллер, Зофия Пенза, Тереза Телезинска, Анна 

Вандзель, Яшек Зих, Лукаш Жоладек.

Romania: 

Косима Ружиниш, Райса-Габриела Замфиреску, Костинел 

Анюта, Мариа-Лоредана Арсене, Татьяна Кожокарь

Флорина Динка, Андрей Добре, Диана Александра 

Думитреску, Юлиан Габор, Родика Лизеану, Мадалина 

Манеа, Михай-Богдан Мариан, Андреа Елена Молдовану

Уна-Елена Негри, Миоара Парашив, Ян Даниель Попа, 

Сюзана Попа, Диана Прутеану Сас, Иоана Силистрару, 

Адриана Соходолеану, Андреа Винтила.



Ресей:

Елена Здравомыслова, Анна Кадникова, Ася Воронкова, 

Любовь Чернышова.

Тайвань:

Джинг Мао Ху.



Түркия:

Гүл Шарбаджиоғлы, Ирмак Эврен.



Медиа кеңесшілер: Густаво Танигутти.

> Редакциялық алқа



Осы нөмірде

Редакциядан: Әрі қарай не болмақ? 



> ӘЛЕМНІҢ ШАРТАРАБЫНАН СҰҚБАТ

Революциядан кейінгі Мысырдың тағдыры: Мона Абазамен сұқбат



Майкл Буравой, АҚШ

Шындыққа күмәндану: Люк Болтанскимен сұқбат



Лора Чартэйн және Мэрайн Джин Бойссон, Франция 

Оңтүстік Африкадағы айрықша институт: Сара Мосоецамен сұқбат 



Мишель Уильямс, Оңтүстік Африка

Африка-Америкалық әйелдерді таныстыру:

Патрициа Хилл Коллинз

Лабинот Кунушевчи, Косово

> СИНГАПУР ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

 

Ли Куан Ю – дан соң



Виниета Синха, Сингапур

Көпнәсілдіктен кейін



Нұрман Абдулла, Сингапур

Меритократиядан кейін



Юен Тео, Сингапур

Секуляризмнен кейін



Фрэнсис Хек Ги Лим, Сингапур

Жаһанданудан кейін



Даниэль П.С. Гох, Сингапур

> ПОЛЬШАДАҒЫ ЖҮКТІЛІКТІ ТОҚТАТУ ҮШІН КҮРЕС

 

  



Либералды емес болашаққа: гендерлік пен жаһандануға қарсы  

Агнешка Граф, Польша және Элжбиета Королчук, Швеция 

Польшадағы репродукциялық құқықты қорғау



Джулия Кубица, Польша 

> АРНАЙЫ БАҒАНА  

ХӘҚ жас әлеуметтанушыларының желісі



Олег Комлик, Израиль

Жаһандық Диалогты индонезиялық тілге аудару



Каманто Сунарто, Индонезия

Индонезиялық редакция алқасымен таныстыру 

2

4

8



11

15

17



19

21

23



25

27

30



32

34

35



> Революциядан кейінгі 

   Мысырдың тағдыры:

Мона Абазамен сұқбат 

Мона Абаза.

 4

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

>>

Мона  Абаза  –  Каирдегі  Америка  университетінің 



әлеуметтану профессоры. Ол заманауи Мысырдағы 

Ислам  туралы  пікірталастар  және  Малайзия  мен 

Мысырдағы  білім:өзгерістегі  әлемдер  (2002), 

Заманауи Мысырдағы өзгерістегі тұтыну мәдениеті 

(2006),  Мақталықтарды  еске  ала  отырып  (2013) 

сияқты кітаптармен қоса көптеген басқа еңбектерді 

жазған  танымал  зерттеушілердің  бірі.  Швеция, 

Сингапур,  Германия,  Франция,  Малайзия,  Италия 

және Нидерланды университеттерінде шақырылған 

зерттеуші  болды.  Соңғы  жылдары  Мысырдағы 

заманауи  саяси  өзгерістер  туралы  жазып  жүр, 

«Жаһандық  диалогта»  екі  мақаласы  жарияланды 

(

2012,  4  шығарылым



  және 

2013,  3  шығарылым

). 

Майкл  Буравойға  берген  осы  сұқбатында  2011 



жылғы 25 қаңтардағы революциядан кейінгі уақыт 

туралы баяндайды.



МБ: Сіз 25 қаңтар туралы сол кездегі президент Хұсни 

Мүбәрәктің  30-жылдық  билігінің  ақырына  алып  келген 

«революциялық»  оқиға  ретінде;  ел  президенттігіне 

Мүрсидің  сайлануына  және  қысқа  уақытқа  созылған 

исламдық  басқаруды  орнатқан  (2012-2013  жылдар) 

саяси  процестің  қозғалысына  алып  келуші  ретінде  көп 

жаздыңыз,  соның  ішінде  «Жаһандық  диалог»  үшін  де 

(2011). Мүрси 2013 жылдың шілдесінде әскери төңкеріс 

нәтижесінде  биліктен  тайдырылды,  генерал  Әл-Сиси 

билікті  қолына  алды  және  2014  жылы  өзін  Мысырдың 

президенті деп жариялады. 25 қаңтар революциясынан 

кейінгі  аласапыран  алты  жылды,  әсіресе  әскерилердің 

рөлін Сіз қалай бағалайсыз?

MA:  25  қаңтар  революциясындағы  әскердің  қатысуын 

бағалау  Мүбәрәкті  құлатуға  дейін  танктердің  көшелерге 

шығып және Таһрир алаңын қоршап алуынан бастап аса 

біржақты  бола  алмайды.  Олар  қарсылық  білдірушілерді 

Мүбәрәктің баскесерлерінен қорғамақ болыптымыс. Егер 

қарулы  күштер  революцияға  қатысты  бейтарап  болып 

қалу  жөнінде  Вашингтоннан  нұсқау  алмаса,  Мүбәрәкті 

биліктен  тайдыру  туралы  ойлау  да  тіпті  мүмкін  болмас 

еді. Егер «халық» пен әскер арасындағы «бауырласу» (1) 

2011 жылдың қаңтарының алғашқы күндерінде орын алса, 

онда әскердің сол кезде мәртебесінің төмендей бастағаны 

туралы куәлер мен әңгіме көп.

2011  жылы  танктер  астында  ұйықтап  жатырған 

шерушілер  немесе  әскери  танктерге  жазылған  мазақ 

сөздер және Мүбәрәкқа қарсы ұрандар, немесе Мүбәрәк 

құлағаннан  кейінгі  Таһрир  алаңында  сарбаздарды  сүйіп 

жатырған  кейуаналардың  бейнесі  бар  әлемді  шарлап 

кеткен  көріністер  есіңізде  ме?  Дегенмен,  біз  сол  көне 

әскери  танктердің  (қандай  да  болсын  қалалық  соғысты 

жүргізуге толық бейімделмеген болуы ықтимал) Масперо 

көшесіндегі  телеорталық  ғимаратын  қоршап  алғанын 

ұмытпауымыз  керек.  Мұны  1952  жылы  шілдеде  король 

Фарукті құлатқаннан кейін радио хабарларын тарататын 

бекетті  басып  алып,  әскери  төңкерісті  жариялаған  Азат 

офицерлерді қайта жаңғырту ретінде түсіндіруге болады. 

Осыған  қарамастан  қарулы  күштердің  Жоғары  кеңеске 

енуімен  әскердің  беделі  төмендей  бастады.  Бірақ  2011 

жылдың  наурызында  Таһрир  алаңында  шерушілерге 

қарсы әскердің шабуылы және зорлық көрсетуі, шеруші 

әйелдерді  адалдыққа  күштеп  тексеру  жүргізуі,  2011 

жылғы қазанда Масперо көшесіндегі жаппай кісі өлтіру, 

Порт-Саидтағы  Ультра  Ахли  қанды  оқиғасы,  осыдан 

кейінгі 2011 жылғы қараша мен желтоқсандағы Мұхаммед 

Махмуд  көшесіндегі  күш  көрсетулер  сияқты  оқиғаларға 

назар аударсақ, әскердің контрреволюцияға бет бұрғанын 

көреміз.


 5

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

>>

Болған жайға көз жүгіртсек, қаңтарда әскердің шерушілер 



жағында  екені  ақиқат  деген  пікірге  күмәнмен  қараған 

жөн.  Әскердің  араласуы  бостандық  пен  демократияға 

ұмтылысты және тағы басқа да көптеген нәрсеге  қолдау 

көрсету  әрекетінің  дәрежесі  төменірек  екенін  білдіреді 

және негізінен Таһрир алаңы Хұсни Мүбәрәк және оның 

мүмкін мұрагері Гамал Мүбәрәктан, олармен сыбайласқан 

капиталистерімен  қоса  құтылудың  керемет  мүмкіндігі 

екенін  көрсетті,  ал  осы  экономикалық  одақтастықтың 

жүзеге  асуы  әскердің  экономиканың  қомақты  бөлігін 

басқару  нәтижесі  еді.  Алайда,  Мүрсиді  2013  жылы 

әскерилердің  тығырыққа  тығуы,  бүгінде  «Мұсылман 

бауырлар» ұйымы ұсынып отырған жаһандық исламдық 

желілерге қарсы тұратын ұлтшыл батыр ретінде көрсетіліп 

жүрген Әл-Сиси сияқты тіпті басқа шаруа.



MБ: Ұлтшылдық идеологиясы және оның экономикалық 

негіздеріне қайта ораламыз дегенде әскерилердің тәртіп 

орнату ниеті болғаны рас қой?

МА: Шынында, 2011 жылғы қаңтардан кейін әскерилердің 

жүрмеген жері жоқ, әсіресе, олар қалаларды қайта қалпына 

келтіру кезінде ерекше байқалды. 2011 жылдан 2014 жылға 

дейін әскери танктер қала орталығындағы көшелерге біресе 

шықты,  біресе  жоғалып  кеткені  көпшіліктің  жадында 

қалды. Біз шерушілер мен тәртіп сақшылары арасындағы 

буферлік  алаң  ретінде  салынған  бетон  қабырғалардың, 

қауіпсіздік үшін аудандарды толығымен бұғаттап тастаған 

шектеуші  және  кедергі  келтіруші  осы  қабырғаларды 

азаматтардың  қиратуының  куәсі  болдық.  Іс  насырға 

шапқанда,  қорқыту  үшін  жоғарыда  айналған  тікұшақтар 

көмегімен қаланы вертикал басқарудың куәсі болдық. Бұл 

-  2011  мен  2013  жылдар  аралығында  орын  алған  сансыз 

шабуыл,  шегініс,  қаланың  шулы  орталық  көшелерінде 

тәртіп  сақшыларының  кісі  өлтіруі;  есепсіз  өлім  мен 

қояншықтың себебі болған тажал көз ашытатын газ; қалада 

жаңадан құрылған әскериленген топтардың пайда болуы.

Осы  қалалық  соғыстардың  шарықтау  шегі  2013  жылғы 

тамызда «Мұсылман бауырлар» мүшелерін әл-Адавийада 

жаппай өлтіру болды. Исламшылдардың әскери террорлық 

шабуылдары  санының  артуы  нәтижесінде  қаланың 

барлық жеріндегі ғимараттар мен елшіліктерді айналдыра 

(Бағдаттағы  жасыл  желекті  еске  түсіреді)  үлкен,  иілген 

дуалдарды көтерген «терроризммен соғыс» деп көрсетілген 

әскери  әрекеттерге  алып  келді.  Бүгінгі  күні  қалалық 

күнделікті  өмірдің  тым  әскериленген  айқын  бейнелерін, 

осының негізінде әскери бақылауды айналып өтетін немесе 

оған  қарсылық  көрсетумен  байланысты  жаңа  өмір  сүру 

салтын байқауымызға болады.



MБ:  Дегенмен,  қалалық  өмірдің  артып  отырған 

милитарлануының сыртында экономиканы бақылау үшін 

бәсекемен не болып жатыр?

MA:  Зейнеп  Әбіл-Магд  (2)  жұмысының  негізгі  маңызы 

да  қазіргі  экономикаға  әскердің  қатысуының  шешуші 

рөлін  және  оның  ашық  болмауының  себептерін  көрсетіп 

берген алғашқы зерттеулердің бірі екендігінде болар. Әбіл-

Магдінің айтуынша, қарулы күштер ондаған жылдар бойы 

экономикаға  қаржылық  жағынан  тартылды,  осылайша 

Мысыр  экономикасының  25  тен  40%  дейінгі  бөлігін 

бақылады.  Бұл  аса  ірі  жобаларды,  тамақ  өнеркәсібіндегі 

және сусындар өндіретін ірі зауыттарды, кафетерийлер мен 

май құю бекеттерінің жұмысын қамтыды. Атап өткенімдей, 

осы  жағдай  Мүбәрәкті  және  оның  ұлы  мен  оларды 

жақтайтын  капиталистік  топтарды  құлатуды  әскердің 

неге  қолдағанын  түсіндіреді,  әскер  сол  кездің  өзінде-ақ 

бәсекелесуші қарсы элита болған. 

Алайда, бәрінен бұрын әскерилер коммерциялық мақсатта 

Кейінірек дарбазамен ауыстырылған Каср әл Айни дуалы. Алаа 

Авад граффитимен салған. Суретті түсірген Мона Абаза, 2012 

жылғы 7 желтоқсан.


 6

GD

 



7 / 1 / 2017 НАУРЫЗ

кез келген жерді алуға мүмкіндік беретін заңның арқасында 

орасан зор жылжымайтын мүлікті иемденіп кетті. Әсіресе, 

әскердің  пайдалы  қаржылық  қитұрқылықтарды  жүзеге 

асырып, бірлескен кәсіпорындарды құру арқылы шөлдегі 

ірі жобаларға қатысуы мысал бола алады. Бұл шейх Зедпен 

бірлесе  Абу-Дабида  16  000  акрдан  астам  жерді  иеленіп, 

енді  жаңа  астаналық  қаланың  құрылысын  басқарып 

отырған  Әскери  Агенттіктің  жер  жобалары  туралы 

мәлімдеген  Мада  Mаср  есебінен  кейін  белгілі  болды  (3). 

Бір  жыл  бұрын  әл-Сиси  әскерилер  Әмірліктердің Arabtec 

кампаниясымен  бірге  40  млрд  доллар  тұратын  бірлескен 

тұрғын  үй  бағдарламасына  қатысатынын  жариялаған  еді 

(4). Сол уақытта Cairobserver Қорғаныс Министрлігі 2014 

жылы  БАӘ  тіркелген  Эмар  мега-компаниясымен  Каир 

қаласының  жоғары  бөлігінде  Таһрир  алаңын  Дубайдың 

неолибералдық,  нарықтық  бағытына  қарсы  қоя  отырып, 

үлкен сауда орталығы бар кең Эмар алаңының құрылысы 

жөнінде келісімге қол қойғанын хабарлады.

Міне,  өз  мәмілелері  туралы  жақ  ашпастан  ауқымды 

жер  нарығын  бақылап  отырған  әскері  бар  авторитарлық 

әскери  биліктің  нарықтық  экономика  туралы  арманы 

осындай (5). Әлбетте, бұл неолибералды бағыттағы нарық 

экономикасының  авторитарлық  милитаризммен  қоян 

қолтық жұмыс жасауының алғашқы мысалы емес.

MБ: Сіз экономикалық элиталар үшін генерал әл-Сисидің 

билік  басына  келуінің  мәнін  сипаттадыңыз.  Бірақ  бұл 

халықтың  қалған  басқа  бөлігі,  әсіресе  араб  көктемінде 

анағұрлым белгілі болған және Сіз олар туралы өте көп 

жазған, «көше» үшін мұның мәні неде еді?

MA:  2012-2013  жылдары  Мүрсидің  басшылығындағы 

исламшылдар билік құрған қысқа уақыттан кейін, көшені 

әскердің  жаулап  алуы  көпшілік  үшін  «тәртіпке  келтіру» 

болды,  бірақ  ол  көне  биліктің  саяси  тұлғалары  мен 

қаржылық магнаттарды қалпына келтіру еді. 2011 жылғы 

қаңтардан  кейін  көшелер  баскесерлердің  үстемдігі  (тіпті 

бұл  ескі  биліктің  баскесерлері  болса  да)  мен  қылмыс 

пен  зорлық-зомбылықтың  куәсі  болды.  Мыңдаған  көше 

саудагерлері  көше  қозғалысына  кедергі  жасай  отырып, 

ақылға қонымды және қонымсыз кеңістікті жаулап алды, 

көшелерде басынан аяғына дейін, көпірлердің астындағы 

жерлерде, қаланың барлық өткелдері мен қалтарыстарында 

толып  тұрды  -  осының  барлығы  орта  тап  үшін  адам 

сенгісіз тәртіпсіздіктің белгісі еді. Көшедегі сауданың өріс 

алуы  миллиондаған  адамдардың,  соның  ішінде  жоғары 

оқу  орындары  түлектерінің,  кедейленуіне  жол  беріп, 

нәтижесінде  көшедегі  сауданы  өмір  сүрудің  жалғыз  ғана 

мүмкіндігіне айналдырған көп жылғы сәтсіз неолибералды 

саясаттың салдарын бізге көрсетіп тұр. 

Әл-Сиси  қаланы  қалпына  келтіруді  қала  орталығын 

«тазалау»  үшін  бейресми  секторда  өлместің  күнін  кешіп 

жүрген  бес  миллионға  жуық  адамды  құрайтын  көшеде 

сауда  жасаушыларды  күшпен  қуған  ауқымды  шарадан 

бастады.

МБ:  Осылайша,  әскерилер  көшеде  бақылауды  қалпына 

келтірді және бұл биліктің жағымсыз түрі, бірақ әл-Сиси 

әскери билікті қоғамның қолдауын сақтай алды ма? 

MA:  Батыс  сарапшыларының  пікірлеріне  қарамастан, 

әл-Сиси  президент  болмай  тұрып-ақ  елде  «тәртіп»  пен 

тұрақтылықты қалпына келтіру идеясымен танымалдыққа 

ие  болды.  Биліктің  Суэц  каналы  жобасы  үшін  акциялар 

мен облигацияларды алуға азаматтарды қатыстыруының 

сәтті  жүзеге  асырылуын  басқаша  қалай  түсіндіруге 

болады?  Бірнеше  аптада  жергілікті  инвесторлардан  8,5 

млрд  долларға  жуық  қаражат  түсті.  Осыған  қарағанда, 

>>

Каирдегі Америкалық университет кіреберісінің қарсысында жақын 



арада салынған имек дуал. Суретті түсірген Мона Абаза, 2015 жылғы 

21 қыркүйек.



 7

GD

 




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал