Жаңаарқа ауданы Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасының «Көк сандық» жобасы бойынша ақпарат есебі



жүктеу 160.09 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі160.09 Kb.

 

Жаңаарқа ауданы Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасының 

«Көк сандық» жобасы бойынша 

 ақпарат есебі. 

16.03.2016. – 16.05.2016 

1. Жалпы жобаға қатысқан балалар саны: «Көк сандық» бағдарламасы бойынша өткізілген 

 іс – шаралар әр топтағы 467 оқырман қатысты. 

                                     2. «Көк сандық» жобасын өткізуге атсалысқан іс  - шаралар ұйымдастырушылар. 

1.Ахметова Маржан Ақатайқызы – балалар кітапханасының меңгерушісі. 

2. Нығманова Сандуғаш – балалар кітапханасының кітапханашысы. 

3.Молдабекова Рысбала – кітапханашы. 

4. Сарыбаева Гульнара – кітапханашы. 

5. Ускембаева Шынар – кітапханашы. 

6.Төлеуова Қарлығаш – Ералиев ауылдық кітапханасының кітапханашысы. 

7.Анишева Бағлан , Қошеметова Салтанат – Ақтүбек ауылдық кітапханасының кітапханашылары. 

8. Кеншимова Сағат, Амансарина Анаргүл – Байдалы би ауылдық кітапханашылары. 

9.Самаева Айнұр – Бидайық ауылдық кітапханашысы. 

10.Бұлқайырова Бота – Ынталы ауылдық кітапханашысы.   


2. «Көк сандық» жобасының серіктестері:  

1.

 



 Сұлтан Бибосынов - Б.Амалбеков атындағы мектептің директоры 

2.

 



Аманов Зәмзәм Мияшұлы – Мұражай директоры. 

3.

 



Алашбаева Баян Әліпбекқызы – №132 орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі 

4.

 



Абенова Гулнар Абайқызы – «Ақерке» бөбекжайының директоры.  

5.

 



Дүйсенбекова Дина Бекетаевна – балалар музыка мектебінің директоры.  

6.

 



Шекимова Дидар – «Ақерке» бөбекжайының педагогы.  

7.

 



Арыстанова Кенже Отарбаева – Б.Амалбеков атындағы мектеп ұстазы.   

8.

 



Құдабаева Сәуле – Ю.Гагарин мектебінің кітапханашысы.  

9.

 



Такаева Қымбат, Сауғабаева Дана – «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешілері. 

 

 



3. Өткізілген іс – шаралар, оның саны – мазмұны, күні, қай жерде және қатысушылар  саны.  

«Көк сандық» Жаңаарқа ауданының балалар кітапханасына 16.03.2016 ж – 16.05.2016 жыл екі айда  - іс – шаралар өткізілді. Оған әр топтағы 

оқырмандар және мектепке дейінгі оқырмандар қатысты. 

 



16.03.2016  жылы  балалар  кітапханасында:    «Көк  сандық»  тұсаукесері  «Көк  сандықтың  саяхатына»  -  «Қарлығаш»  балабақшасының 

бүлдіршіндері қатысты. Қатысушы – 47 адам.  

 

17.03.2016.  «Бірге оқимыз! Әрқашан оқимыз! Барлық жерде оқимыз!»   - ұранымен мерекелік кітап мерекесі өтті. Оған Б.Амалбеков 



атындағы мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар 39 адам.  

 



18.03.2016. «Ақерке» балабақшасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбына саяхат өтті. Қатысушылар – 51 бала. 

 

 



 

«Көк сандық» - Ералиев ауылында. 

/ 21.03.2016 – 27.03.2016./ 

  

«Көк   сандық» саяхаты   атты халықаралық жобасы аясында ауылдық  кітапханада 21 



наурыз бен 27 наурыз арасында  «Көк сандықтың» саяхаты атты бағдарламасы бойынша 21 

наурыз  күні  кітапхананың  оқу  залында  презентация  өткізілді.  Презентацияға  42  бала 

қатысты.  Презентация  «Көк  сандық»  жобасы  бойынша  келген  кітаптармен  қатар  өзіміздің 

кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптар бойынша жасалды. 

24  наурыз  күні  О.Әлібаев  атындағы  орта  мектептің    мектепалды  даярлық  тобының 

балаларымен «Балаларға базарлық» тақырыбы бойынша «Көк сандықтың саяхаты» акциясы 

аясында  кітаптарды  насихаттау  мақсатында  ертегілер  дауыстап  оқылды.  Бұған  35  бала 

қатысты. 25 наурыз күні «Қазақ кітабы – қай дәуірде де әлеуметтік өмір айнасы» тақырыбында мектеп жасындағы балаларды жаппай кітап 

оқуға тарту мақсатында акция ауылдық кітапхананың оқу залында өткізілді. Акцияға 21 оқушы қатысты. 26 наурыз күні «Кітап – білімнің 

қайнар көзі» атты тақырыпта мүмкіндігі шектеулі балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Көк сандықтан» шыққан 

кітаптар  дауыстап  оқылды.  Шараға  5  бала  қатысты.  27  наурыз  күні  «Көріскенше!  Көк 

сандық!»  атты    осы  апталық  бойынша  балалар  өздерінің  оқыған  кітаптарынан  алған 

әсерлерімен ой бөлісті.  

«Көк  сандықтың»  басты  міндеті  –  балаларды  барынша  көп  оқуға,  жақсы  кітаптарды  оқуға 

тарту,  жаңа  авторлармен  таныстыру,  ең  үздік  кітаптарды  таңдап  алуға  тарту,  досымен 

оқығандарын  ортаға  салу  табысты  өтті.   Мұндай  қызықтырарлық  көлемдегі  айыз 

қандыратындай  іс-шара  көпке  дейін  есте  қалатыны  күмәнсіз.  «Көк  сандықты»  барлығымыз 

қынжылыспен  шығарып  салдық,   бір  жағынан  бұл  саяхат  аяқталмайтындығымен,  жаңа 

оқырмандардың көбейе түсетіндігіне нақты сенім қалды. 


«Көк сандық» - Ақтүбек ауылында. 

/ 28.03.2016. – 3.04.2016 / 

 

 

Ақтүбек  ауылдық  үлгілі  кітапханасына    28  наурыз    күні  «Көк  сандықтың 



саяхаты»  келіп  жетті.  Кітапханамызда  «Көк  сандықтың»  ашылу  салтанаты  аталып  өтілді. 

Сандығымызды  ашуға  қонаққа  ертегідегі  кейіпкерлеріміз  келіп,  тұсау  кесер  жасады.  Олар 

кітаптарға  насихат  жасап,  сандық  ішінен    «Аруна»  баспасының  кітабы  «Үш  күшік» 

ертегісін  балаларға  оқып  берді.  Балалар  ертегіні  қызыға  тыңдап,  артынан  ертегі  бойынша 

балалармен  «Ойлан,  тап»  ойыны  ойнатылды.  Жұмбақтар  жасырылып,  ән  айтылып,  ертегі 

оқылып, ойын ойнатылып балалар көңіл көтерді. 

 

Келесі  күні  «Көк  сандықтың  саяхаты»  мектебіміздің  кіші  орталығына  жол  тартты. 



Кіші  орталық  балаларына  саяхаттап  келген  сандығымыз  туралы  ақпарат  айтылды.  Кітаптарға  шолу 

жасалып, кіші орталық тәрбиешісі Жазира Акишева орысша және ағылшын тіліндегі «Аруна» баспасынан 

шыққан «Топ-топ, топ-топ Басайық» кітабымен балалармен жұмыс жасады.  

 

Мектептен  шыққан  «Көк  сандықтың  саяхаты»  ауладағы  балаларға  келіп  тоқталды.  Жасөспірім 



балалар  арасында  насихат  жүргізіп,  дауыстап  оқу  ұйымдастырылды.  Жасөспірім  балаларды    «Бірге, 

әрқашан    және  кез  келген  жерде»  кітап  оқуға  шақырылды.  «Көк  сандығымыздың  саяхаты»  балалар 

арасында қызығушылық тудырды.  

 

 



 

«Көк сандықтың саяхаты» 

Көк сандықтың ашылу салтанаты 

Мақсаты:  Балаларды  кітап  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыру,  жаңа  түскен  кітаптарды  насихаттай  отырып, оқырмандарды  мәнерлеп, 

дауыстап оқуға тарту. Көк сандықтаға саяхаттап жүрген кітаптарды оқырмандарға насихаттау. 



Көрнекілігі: Кітап көрмесі. Көк сандық. Шарлармен, ойыншықтармен безендіру. 

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қош келдіңіздер! Балалар Отанымыз сендер білімді болып өсу үшін барлық жағдайлар жасауда. 

Ұрпағымыз білімді болып өсу үшін елбасымыз барынша тырысуда.  Өмірде бір үй бар, ол үйде жазушылардың біздерге арнап жазып кеткен 

шығармалары бар. Бұл үй қарапайым болса да, небір тамашаларға толы екен, ол үйдің аты – “Кітапхана” деп аталады. Кітапхана – оқырман 

үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Бүгін сол киелі кітапханамызға Қарағанды 

облысы бойынша саяхаттап келе жатқан «Көк сандығымыз» біздің ауылға келіп жетті. Сол көк сандықтын тұсауын кесіп, сандығымыздың 

ашылыу салтанатына қош келдініздер.  



Кітапханашы: Сандығымыздың ішінде не бар екені көргілеріңіз  келеме? 

 

Балалар: Ия 



Кітапханашы: Олай болса сіздер менің жұмбағымның  жауабын тауып көрініздер, келістік па? 

Кітапханашы:  1   Қабат – қабат қаптама  

                                  Ақылың болса аттама.           (Кітап) 

                             2   Бір нәрсе білмегенді білгізеді

                                  Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді. 

                                  Жалғанда әңгімесі сондай қызық, 

                                  Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.      (Кітап) 

                             3   Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық, 

                                 Ашылар мезгілінде баурын жазып.  



                                 Ішінде толып жатқан қазнасы бар, 

                                 Қорек тап пайдаланар тамам халық.        ( Кітап, оқу) 

 

Кітапханашы: Өмірде бір ғажайып нәрсе бар ол – кітап. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның 

мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Ендеше сол кітаптағы ертегі кейіпкерлерін бүгінгі мейрамымызға шақырайық. 

(ортаға балапан мен тауық киімдерін киген балалар шығады) . Олар бізге «Көк сандығымызды» ашып ішіндегі сиқырлы кітаптарымызбен 

таныстырып, насихаттап берсін. 



Кітапханашы: Қош келдіңіздер!  

Балапан: Саламатындар ма, балалар! Біз сіздердің ауылдарынызға «Көк сандық» келді деп естіп қонаққа келдік , өнерімізді қоса ала келдік. 

Кітапханашы: Олай болса  өнерін тамашалайық . 

Ән:  

Кітапханашы: Сонымен балалар «Көк сандықты» аштын уақытта келіп жетті. Ортаға тауықты  шақырып, сандығымызды ашайық. 

Сайқымазақ: Көк сандығым ашылсын, 

                         Ішінен шашу шашылсын. (тауық  көк сандықты ашады) 

 

Кітапханашы:  Ал  балалар  сандық  ішінде  көптеген  ертегі  кітаптар  бар  екен,  балапан  мен  тауық  сіздерге  кітаптарды  таныстырып  берсін. 

(сандықтағы кітаптарға шолу жасалады) 

 

Кітапханашы: Балалар енді осы кітаптар арасынан ертегі кітап тандап,  тауық сіздерге оқып берсін. Ертегіні оқу барысында мұқият тындап 

отырындар, ертегі бойынша оқып біткеннен кейін «Ойлан, тап» ойынын ойнатамыз.   ( «Үш күшік» ертегісін тандап, қонаққа келген тауық 

балаларға оқып береді)  

Кітапханашы:  «Үш  күшік»  ертегісі  бойынша  «Ойлан,  тап»  ойынын  ойнап  көрейік.  Мен  сіздерге  парақшалар  таратам,  парақшаларда 

әріптерден сөз құрау керек, «Үш күшік» ертегісіндегі сөздер кездеседі. (парақшалар таратылады, балалар орны ауысқан әріптерден сөз құрау 

керек, бұл ойын балалардың есте сақтау қабілетін арттырады) 


Балапан: Балалар енді сіздерге мен бір ән айтып берейн.  

Ән:  

 

Кітапханашы: Балалар бүгін бізбен бірге келіп «Көк сандықтың» ашылу салатанатына  қатысып отырғандарынызға көп рахмет. 

Сен адамзаттың жақын досы! 

Келмейді сені оқымай көңіл қойшы. 

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры, 

Басылған таңба болып өзіңде осы. 

 

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады, 



Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады. 

Жеткізіп өткендердің өсетін, 

Шешіліп кейде достай сырласады. 

 

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы, 



Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы. 

Ашқанда – ақ өткен күнмен беттеріңді, 

Келелі күн көз алдыма көп тұрады. 

 

Іздегенде табылады, 



Ғылым жұмбақ, тау сындас. 

Білім өмір сабағы, 

Ғұмыр бойы таусылмас. 

 

 «Көк сандығымыз саяхаттап» әрі қарай  мектебіміздің кіші орталығына жол тартпақ, ендеше  сандығымызға «Жол болсын!» деп шығарып 



салайық.  

 

 

 

 

Байдалы  би  ауылдық  үлгілі  кітапханасының  4.04.16ж -10.04.16жыл  аралығында «Көк сандықтың 

саяхаты» атты бағдарламасы  бойынша  жүргізілген 

іс – шаралар есебі. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

Біздің ұранымыз: «Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Барлық жерде оқимыз!» 

 

 



Германиядан, Ресейде жалғасып «Көк чемодан» акциясы Қазақстанға да келіп  жетті Бұл 

акция біздің Байдалы би ауылындада жалғасын таппақ. 



«Бәріміз оқимыз! Әрқашан 

оқимыз! Барлық жерде оқимыз!»

 ұранын ұстана отырып аудандық балалар кітапханасы 

мен барлық ауылдық кітапханаларға саяхат жасамақ.  



 

Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасының 

                                                                      «Көк сандықтың саяхаты» акциясы бойынша 

                                                                      жүргізілетін іс – шаралар бағдарламасы. 

             Бағдарламаның  басты  мақсаты  –  оқырмандардың  әдеби  кітапқа  деген  құштарлығын  арттыру,  оны  насихаттау,оқушылардың  ой 

өрісін 

дамыту, 


оқыған 

кітаптарын 

талдай 

отырып, 


рухани 

тәлім 


– 

тәрбие 


беру. 

Акция шеңберінде жас оқырмандарға ұсынылған 37 дана кітаптарды оқу мақсатымен оқырман залында «Көк чемоданнның саяхаты» атты 

кітап көрмесін ұйымдастыру. 

     Бағдарламаның  міндеті:    Балалармен  ересектерді  жақсы  кітаптарды  көбірек  оқуға  үйрету,  ең  жақсы  кітаптарды  дұрыс  таңдау,  бір 

бірімен  пікір  талас  туғызу.Балаларды  кітапханаға  тарту  кітапқа  деген  қызығушылығын  арттыру.Кітапхананың  оқырмандарының  санын 

көбейту.Балалардың кітап оқудың ынталарын  жақсарту. 

№ 

«Көк сандықтың  



саяхаты» 

Уақыты 

«Көк 



сандықтың» 

тұсаукесері. 

4.04.2016жыл. сағ 11.00. 

«Көк сандықтың саяхаты»  



5.04.2016 жыл. Сағ12.00 

«Көк 



сандық» 

мектеп 


ауласында. 

6.04.2016 жыл.сағ11.00. 



«Көк 


сандықтың» 

кітаптарын дауыстап оқу. 

7.04.2016 жыл сағ.12.00 

 «Көк 



сандықпен» 

қоштасу. 

8.04.2016жыл сағ.16.00. 

 

 

 

 

 

 

«Көк сандықтың саяхаты»  -  Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында . 

4.04.2016-10.04.2016ж. 



     Германиядан,  Ресейде  жалғасып  «Көк  сандықтың  саяхаты» 

атты  кітап  оқуды  дамыту  акциясы  Қазақстанға  жетті. 

Қазақстанның барлық аймақтарын аралап  келіп, біздің   Байдалы 

би ауылына да ат басын тіреді. «Бірге оқимыз, әрқашанда оқимыз, 

барлық  жерде  оқимыз»  ұранын  ұстана  отырып    барлық  ауылдық 

кітапханаларға  саяхат  жасамақ.  Сәуірдің  4күні    «Көк 

сандықшаны»  Ауыл  кітапханасының  оқырмандарыменен  қарсы  

алдық.Балалар  кітапханашысы  Амансарина  Анаргүл    «Көк 

сандықты»  алып  келді.Кітапханашы    Кеншимова  Сағат  «Көк 

сандықты» шашу шашып  балалармен бірге   қарсы алды. 



Бұл «Көк сандықтың»  ашылу салтанатына Атасу орта мектебінің 2-3, 4-5 сынып оқушылары келіп 

қатысты.  Балалар  шашудан  шашылған    тәттілерді  жеп,  «көк  сандықтың»ішіндегі    жаңадан  шыққан 

сапалы кітаптарды көріп мәре-сәре болды. Балалар кітапханашысы Амансарина Анаргүл  әр кітапқа шолу 

жасады.


 

 

Кітапханамызда   оқушыларымызға  «Көк сандықтың» ішіндегі кітаптарды ұсына отырып «Кітап 



патшалығы»  әдеби  мерекесін  ұйымдастырдық.  Қатысқан  оқырмандар  саны  –  20  оқушы.  Көк  сандық 

ішінде  көркем  безендірілген  37  дана  кітап  бар.  Іс-шара  барысында  кітапханашылар    Көк  сандықтың 

пайда  болу  тарихын  әңгімелеп  берді.  Балалар  қуана  –  қуана  сұрақтарға  жауап  беріп,  жұмбақтардың 

шешуін  тауып,  Көк  сандық  ішіндегі  кітаптарды  дауыстап  оқып,  алған  әсерлерімен  бөлісті.  Іс-шарада 

көңілді, достық көңіл-күй орнады, балалар жан-тәнімен қуанышқа бөленді, қол соғып мерекеге шаттанып 

қалды.Кітапханаға келмейтін  балалар апай мына кітаптарды үйге алып кетсем бола ма?  –деп өтініш білдіріп жатты .Соған қарағанда  осы 

болып жатқан іс-шара оқырмандарға көп әсерін берді деп ойлаймыз. 

«Көк  сандығымыз»  келесі  5.04.16жылы  Атасу  орта  мектебінде  ашылған  Кіші  балабақшаға  жол  тартты.  Мектептің  алдынан  бізді  4-5 

сыныптың оқушылары қарсы алды. 

«Көк  сандығымыз»  келесі  5.04.16жылы  Атасу  орта  мектебінде  ашылған  Кіші  балабақшаға  жол  тарттық.  Мектептің  алдынан  бізді  4-5 

сыныптың оқушылары қарсы алды.  Балаларға  «Көк  сандықтың» шығу тарихы сонау Германия елінен 

басталғанын,  алдымен  Ресейде,  содан  соң  Қазақстанға  да  келіп  жеткенін  білді.      «Көк  сандықта» 

ұсынылған кітаптар бойынша әңгіме өрбітіліп, кітаптарға шолу жасады.     

Балалар  Көк  сандық  ішіндегі  кітаптармен  танысты.    Балаларға    «Бөбектерге  арналған  қызықты 

ертегілер», «Үш аю» т.б. ертегілері оқылды. Балалар  мұқият тыңдап, сұрақтарға белсенді жауап берді. 

Іс-шара барысында балалармен   «Ақ үйрек көк үйрек» ойындары ойнатылып, сергіту сәттері жасалды.  



 

    


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Балаларға  ертегі  оқып  беріп  ,олардан  түсінгендерін  сұрадық,  олар  өте  жақсы  көңіл-күймен  жауап  берді.  Біз  

балаларға «Көк сандықтың» бос келмегенін, жақсы кітаптармен бірге оларға тәтті әкелгенін айтып, тәттілерді 

тараттық.  Балалардың өңдері бал-бұл жанып бізді қимай шығарып салды. 

   Балаларға  кітапханадағы    өте  жақсы  суреттермен  шыққан  кітаптарды  да  апарып    насихат  жүргіздік. 

Балалардың  кітапқа  деген  сүйіспеншіліктерін  көрсеңіз  риза  боласыз.  Апай  бізге  кітапханаға  барсақ  кітап 

бересіздерме  деп  сұрақтың  астына  алды.  Осы  кішкенебалалармен  кітап  насихаты  өте  тартымды  өтті.Келесі 

кезекте  6.04.16ж      Мектеп  оқушыларыменен  мектеп  ауласында  таза  ауада  «көк  сандықтың  саяхатын» 

жалғастырдық Оқушылармен жаңадан келген кітаптармен кітапханашы Кеншимова Сағат шолу жасап өтті. Әр ертегіден үзінділер оқылып 

балалар қандай ертек екенін  айтып берді.Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігі одан сайын арта түсті.  Балаларға көк сандықтың  әлі де 

2күн болатынын айтып, «Көк сандықшамен» қоштасуға кітапханаға 10.04.16күні келу керек екені айтылды.         

«Көк  сандықтың  саяхаты»  бағдарламасы  жақсы  деңгейде  өтті  деп  ойлаймыз.  Бағдарлама  аясында  мектептерге,  балабақшаларға  , 

кітапханалық  алаңдар,  қойылымдар,  ашық  тәрбие  сағаттары  жасалды.  Бұл  акция  балабақша  тәрбиеленушілерінен  9  сынып  оқушыларына 

дейін  өте  жақсы  әсер  қалдырды.  Балалардың  салған  суреттеріне,  жазған  пікірлеріне  қарап  осыған  көз  жеткізуге  болады.  Сандық  ішіндегі 

кітаптар тізімі де өте жақсы бағаланды. Мектеп кітапханасы осындай кітаптардың өзінде де болғанын қалайтындығын жеткізді. Қазіргі күні 

заманауи еуропалық балалар әдебиеті жоғары сұранысқа ие. Әсіресе фильм кейіпкерлері жайлы кітаптарды балалар жақсы оқиды. Сондай 

мазмұндағы «Уақыт кеңістігіне саяхат» атты және «Бөбектерге арналған қызықты ертегілер» атты кітапқа балалар қызығушылық танытты. 

Ата-аналар да бұл акцияға белсенді қатысты. Балаларынан осы «Көк сандық» туралы естіген ата-аналар төменгі сыныпта оқитын балаларын 

өздері  ертіп келіп, әкеліп, оқырмандар залында оқып отырды.   «Көк сандықтың» жақсы кітабы ретінде ағылшын халық  ертегісінің желісі 

бойынша  шығарылған  «Ертегілер  елінде»  топтамасы  таңдалды.Жалпы  «Көк  сандықтың  саяхаты»  бағадарламасы  –  жаңадан  шыққан 

бағдарлама. Нәтижесі жақсы болады деп ойлаймыз. Қазіргі күні кітапханаларға оқырман азайып бара жатқан кезде осындай бағдарлама бізге 

ауадай қажет. Жалпы қазіргі кезде технологияның дамуына байланысты балалар кітаптан гөрі компьютерде,планшеттерде, соткаларда көп 

отырады  сондықтанда біз Байдалы би ауылының кітапханашылары  кітап насихаттау барысында  солардың балаларға қандай зияндары бар 

екенінде  айтып өтіп,оданша осындай жақсы кітаптарды көп оқу керек екенінде айтып өттік.Сонымен  «Көк сандықпен» хоштасатында кез 

келді.Балалар  «Көк  сандықпен»  қимай-қимай  хоштасты  тіптен  Хош  бол  «Көк  сандық»  енді  бізге  жиі  келіп  тұр  деп  жалауларын  көтеріп 

кітапхана алдында «Атамекен» әнін хормен айтып берді. 

 

 



Көк сандық» Бидайық ауылына жол тартты. 

/11.04.16 – 17.04.16/ 

11.04.2016.  Бидайық  ауылдық  кітапханасының  «Барлығымыз  бірге  оқимыз»,  «Көк  сандықтың»  тұсаукесері  барлық  топтағылармен  өтті. 

Қатысушылар – 31 бала.  

12.04.2016. Бидайық ауылының кітапханасы «Көк сандық кітаптары қонақта» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылды. 12 бала қатысты.  

13.04.2016. 1-2 сынып оқушылары қатысқан «Көк сандықтағы ертегілер» - дауыстап оқу өткізілді. Қатысушылар  - 13 адам.  

14.04.2016. «Сиқырлы кітаптар қалашығына саяхаттаймыз» - кітаптарға шолу, әңгіме өткізілді. Қатысқаны  - 11 адам.  

15.04.2016.1 – 2 сынып, 5 – 6 сынып кітап кейіпкерлерінен сурет салу, сурет байқауы. Қатысқаны  - 18 бала.  

 

 



 

 


 

Бидайық ауылының кітапханасының «Көк сандық» жобасы бойынша өткізілетін іс  - шаралар жоспары 

 

 

Іс – шаралар мазмұны 



 

 Түрлері 

 

Топтар 

 

Мерзімі 

 

Орындаушы 

 

«Барлығымыз бірге оқимыз!» 



 

Мерекелік кеш 

 

Барлық топтар 



 

3 мамыр 


 

Кітапханашы 

 

«Әлем әдебиеттері көк сандықта» 



 

Кітап көрмесіне шолу 

 

-

 



//     - 

 

4 мамыр 



 

-

 



//    - 

 

Жұмағалиев, Қ. «Кім ойлап тапқан», 



Еділбаев, Т. «Айша» өлеңдері.  

 

 



Мәнерлеп оқу байқауы. 

 

1 – 4 



5 – 6  

 

 



16 сәуір 

 

 



-

 

//   - 



 

«Көк сандықпен қоштасу» 

 

Мерекелік ертеңгілік 



 

1 - 5 


 

17 сәуір 

 

-

 



//   -  

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көк сандық» Орынбай ауылында. 

/18.04.16 – 24.04.16/ 



«

Көк сандықтың саяхаты» атты кітап оқуды дамыту. 

Дорис Шредер-Копфханымның қолдауымен ашылған  «Deutschlandliestvor…» атты немістердің қоғамдық  қоры 

Германиядакітапоқудыңдамыту  бағдарламасын  өткізеді. 

Мақсаты:кітапты насихаттау, кітаптыоқудың мәніне және ерекшеліктеріне назар аудару, жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен танысу. 

Миссиясы:балалармен ересектерді жақсы кітаптарды көбірек оқуға үйрету, ең жақсы кітаптарды дұрыс таңдау, бір-бірімен пікірталас 

туғызу. 


Қатысушылар:  Балалар кітапханашысы, тәрбиеші,балалар. 

 

Ұран: Бәріміз оқимыз! Әрқашан оқимыз! Кез келген жерде оқимыз! 

28 сәуір күні «Көк сандық» Орынбай ауылдың үлгілі кітапханасына келіп тоқталды.Мұндағы балаларға арналған қызықты кітаптар толған 

көк сандықтың басты мақсаты оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, 

саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал ету болып табылады. 

Көк сандықтың келумен бірнеше іс-шаралар өткізілді. 28 сәуір күні кітапхана ішіне 

сандықтан алынған кітаптарды орналастырып кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

 

29 сәуір күні «Көк сандық» балалар шағын орталығына саяхаттанды. Бүлдіршіндер 



қуанышқа бөленіп, жылы шыраймен қарсы алды. Шағын орталық бүлдіршіндерге 

«Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша кейіпкерлердің киімін киіп, көрініс қойылды. 



3-мамыр күні «Жануарлар туралы ертегілер» кітабының желісі бойынша әртүрлі жұмсақ  ойыншықтарды 

қойып, кітаптын ішіндегі ертегілер бойынша талқыланды. 

 

4- мамыр күні «Үш аю» ертегісі бойынша көріністер қойылды. 



 

4-мамыр күні мектеп алды даярлық оқушыларымен «Мидас патша мен алтын жанасу», «Үш күшік», «Құс 

тұмсық патша», «Мен қоршаған әлем», «Айша», «Балаларға базарлық» және т.б  кітаптарды дауыстап 

оқып, ертегілерді мазмұнын өзара талқыланды. 

5-мамыр күні оқырмандармен әртүрлі ойындар өткізіліп, әр бір кітапқа тоқталып презентация жүргізілді.Қызыққа толы ертегілерін ұнатқан 

балалар «Көк сандықпен» қимай-қимай қоштасты.

 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көк сандық» Ынталы ауылында. 

(2.05.2016 – 7.05.2016) 

       2.05.2016. Ынталы ауылдық кітапханасында «Көк сандық» қош келді. Кітапханашы Б.Бұлқайырова «Көк сандық» тұсаукесерінде, «Көк 

сандықпен»  таныстырды.  Германиядан  сапарлап  келе  жатқан  «Көк  сандық»  Ресей  жерінің  көп  қалаларын  аралап,  Қазақстанға  келгенін, 

Өскемен, Қарағанды қаласына 2014 жылдан саяхаттап, Жаңаарқа өңіріне екі ай бойы аралап, міне бізге де жетті деп, «Көк сандықты» ашып, 

кітаптармен  таныстырды.  Тұсаукесер  мерекелік  кешке  ұласты.  Барлық  топтар  қатысты.  Тіптен  ауылдың  үлкен  адамдары  қызығушылық 

танытты. Ауыл әкімі Шумбулов сөз сөйлеп, осындай іс – шаралар ауылда жиі болса екен деді. Зейнеткерлер немерелерін ертіп келіп, шашу 

шашты. Қатысқаны 57 адам.  

4.05.2016ж. Әлем әдебиеттері «Көк сандықта» кітап көрмесіне шолу жасалды.Қатысқаны 14 бала.  

 

 

 



 

 

 



 

 


Ынталы ауылдық кітапханасының «Көк сандық» акция жобасы  

бойынша өткізетін іс – шараның жоспары. 

 

Өткізілетін іс – шаралар  



Түрлері 

Топтар 

Мерзімі 

Жауаптылар 

«Көк сандықтың» тұсау 

кесері, тарихымен танысу. 

Мерекелік кеш 

1 - 9 

3.05.2016. 



Кітапханашы. 

«Әлем әдебиеттері көк 

сандықта». 

Кітап көрмесі, шолу. 

1 - 9  

4.05.2016.  



Кітапханашылар. 

«Көк сандықтағы 

әдебиеттерден». 

Өлеңдер байқауы. 

5 – 6  

5.05.2016. 



Кітапханашылар. 

«Ертегілер 

қызықтырады». 

Ертегі кейіпкерлерімен 

кездесу. 

1 – 4  


6.05.2016. 

-  //  - 

«Көк сандық саяхаттауда» 

Көк сандықпен қоштасу. 

1 – 9  

7. 05. 2016. 



-  //  - 

 



 

7 ауылдық модельді кітапханаларда «Көк сандық» қонақта болып, 10 мамырда аудандық балалар кітапханасына келді. Біз балаларға 

тапсырыс  берген едік, олар ертегілер кейіпкерлерінің суреттерін салу, байқауға қатысу, оқыған кітаптарына  пікір жазу, балалардың 

қол өнерлерінен шыққан дүние  әкелу. Сол бойынша байқауға озық шыққандар сыйлық берілді. 

 

 

 



11.05.16. «Көк сандық» балабақшада. 

«Ертегілер әлемі» ертеңгілікке 22 бала қатысты.  

 

12.05.16. Балалар кітапханада.  



«Көк сандық сыр шертеді» көрмесіне шолу өткізілді.  18 бала қатысты.  

 

13.05.16.  Балалар кітапханада. «Көк сандықтағы» ертегілер кітаптарындағы кейіпкер суреттерінің байқауына әр топтағы оқырман 



қатысты. 1-2,3-4,5-6 мектепке дейінгілер 36 адам.  

 

14.05.16. Балалар кітапханасында 



«Көк сандықпен қоштасу» мерекесіне барлық топтағы оқырмандар қатысты. Қатысқаны 58 бала. 

 

 



 

Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі Ахметова М.А. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



Жаңаарқа аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ 

Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы 

 

 

 



 

«Ертегілер еліне саяхат» 

/ «Көк сандықтың» ішіндегі ертегілерден сахналық көрініс / 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атасу кенті 2016 жыл. 



«Ертегілер еліне саяхат» 

Мақсаты:  

  Шалқан  ертегісін  сахналау  арқылы  балалардың  ақыл  –  ойын,  қиялын  дамыту.  Есте 

сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру. 

Көрнекілігі: 

«Шалқан» ертегісінің суреттері, көрініске керекті құралдар.  



Ертегінің барысы:  

Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.  



Есік қағылады, кітапханашы:  

Балалар қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып.  

Кітапханашы:  Балалар,  бізге  жыл  басы  мешін  қонаққа  келіп  тұр.  Қанекей  бәріміз 

мешінмен амандасайық.  



Мешіннің сөзі:  

Саламатсыңдар  ма,  балалар,  кітапханашы  апайлар!  Мен  бүгін  сендерге  әдейі  орманнан 

қонаққа келіп тұрмын. Сендерге  «Көк сандық» саяхатқа келіпті деп естіп, келіп тұрмын. 

«Шалқан»  ертегісін  кітапханашы  апайлар  сахналайды  деп,  орманда  жүріп  сауысқаннан 

естіп, арнайы келдім. 

Кітапханашы:   

Мешін сіз дәл уақытында келдіңіз,олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға 

шақырамыз, балалардың арасынан орны алып, орналаса қойыңыз.  

Әуенмен  «Шалқан» ертегісі  басталады.  



Кітапханашы:

    Ерте,  ерте,  ертеде.  Бір  кемпір  мен  шал  өмір  сүріпті.  Олар  үй 

шаруашылығына,  атасы  есіктің  алдына  шалқан  егіпті.  Күндердің  бір  күнінде  шалқан 

күннің  ыстық  сәулесімен  үлкен  болып  өсіпті.  Осы  кезде  ата  шалқанына  тамсанып 

қарайды.  



Ата:

 Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.   

Кітапханашы:

  Осылай  ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, 

бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.   



Ата:

 Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.  

-

 



Кемпірім,  кемпірім,  көмекке  келші,  қарашы,  шалқанымыз  үлкен  болып  өсіпті. 

Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық! 



Кемпір:

 Ой , шынында үлкен болып өсіпті гой! Кел, тартсақ тартайық!  



Кітапханашы:

    Осылайша  атаның  артынан  ұстап  әрі  тартады,  бері  тартады.  Бірақ 

шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.  



Кемпір:

  Қызым,қызым,  бізге  көмекке  келші.  Атаң  еккен  шалқанды  жұла  алмай 

жатырмыз.  



Қыз:

 Жарайды апа сізге көмектесемін.  



Кітапханашы:

    Сонымен  қызы  көмекке  келіп,  шалқанды  рет  –  ретімен  тартады.  Бірақ 

күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.  



Қыз:

 Итім,итім көмекке келші.  



Ит:

 Аф – аф – аф  көмектес десеңдер көмектесемін.  



Кітапханашы:

    Ит  қыздың  етегінен,қыз  кемпірдің  етегінен,  кемпір  шалдан,  шал 

шалқаннан  ұстап  ары  тартады,  бері  тартады,  бірақ  шалқанды  суыра  алмайды.  Енді 

көмекке ит мысықты шақырады.  

Ит:

 Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.  

Мысық: Мяу – мяу, көмектесіп жіберейін.  

Кітапханашы:

    Мысық  иттің  құйрығынан,  ит  қыздың  етегінен,  қыз  кемпірден,  кемпір 

шалдан,  шал  шалқаннан  ұстап  әрі  жұлқылайды,  бері  жұлқылайды,  бірақ  шалқан 

шықпайды.  Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.  

Мысық:

  Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.  



Тышқан:

  Әрине көмектесіп жіберемін. Олар тарта – тарта шалқанды суырып алады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жаңаарқа аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ 

Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы 

 

 

 



 

«Көк сандық бізде қонақта» 

/ «Көк сандықтың» тұсаукесері / 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Атасу кенті – 2016 жыл. 

«Көк сандық» бізде қонақта.

 

/ Көк сандықтың тұсау кесері / 



 

                                                                                  

Әкеңдей ол жанашыр, 

                                                                                         Береді айтып жана сыр 

     Көз нұрындай қадірлі ол,  

                                                                                Тек кітапта бар асыл. 

 

              

Кітапханашы:

   

Сәлеметсіздерме  құрметті  балалар!  Қараңдаршы 

менің  қолымда  не  бар?  Бұл  керемет  тосын  сый  –    Көк  сандық.  «Көк 

сандық» бізге қонаққа келді. Бұл сандықтың тарихы Германиядан басталып, 

сонау  Ресейде  жалғастырылып,  біздің  Қазақстанға  жетіп,  Қазақстанның 

барлық  аймақтарын  аралап,  біздің  Жаңаарқа  ауданымызға  да  жетті.  «Көк 

сандыққа» Қош келдің! – деп айтайық. Бұл  «Көк сандық»  - біздің көптен 

күткен  тосын  сыйымыз.  Қазіргі  уақытта  16  наурыздан  –  16  мамырға  дейін  

біздің  ауданымызда  саяхаттап  жүр.  Бұл  сандықтың  ішінде  не  бар,  қане 

көрейік! 



Кітапханашы:

  

Кітаптар өте әдемі, қызықты  кітаптар бар. Олар бүкіл жерді 



аралап  сендерге  келіп  отыр.  Бүгін  біздің  сол  кітаптармен  ,  олардың 

кейіпкерлерімен танысамыз.  

 

 

Табысы мол жыл жайлы, 



Шертеді мол тың жайды. 

 Жалғыз мақсат – оқы, біл! 

           «Көк сандық»  бәрін жырлайды.  

 

       



 Енді  көк  сандықтағы  сиқырлы  сөздерді  оқып,  сиқырлы  көк  сандықты 

ашайық!  



  Ұранды бірге оқимыз:

 «Бірге оқимыз! Әрдайым оқимыз!  Барлық жерде 

оқимыз!» 

 

      Кітапханашы:

   

Балалар,    қанеки  қараңдаршы  қандай  керемет  кітаптар 



бар  сандықта!  Міне,  кішкентай  бүлдіршіндер  сендерге  арналған  мынандай 

кітаптар бар.  Сандықта балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 37 кітап бар 

екен.    Меламед.  Г.  «Жемістер:  аударма»,  Курмашев.Р.  «Үйде»,  «Менің 

досым»,  «Бауырсақ:  орыс  халқының  ертегісі»,  «В  гостях  у  солнышка», 

«Кошкин  дом»,  «Забавные  малыши».  Балалар  кітап  туралы  қандай  өлеңдер 

білесіңдер.  



Аяулым:

     


Мұқабаңды тыстаймын, 

                    Шаң жуытпай ұстаймын.  

                    Оқи, оқи өзіңді, 

                     Қиялымды ұштаймын.

 

 

Еркеназ: 



  

Өлеңіңді жаттаймын, 

                   Ойыма оны сақтаймын. 

                    Жұлқыламай әр бетін,  

                    Балапандай баптаймын. 

 

Әлихан:



      

Әңгімеңді оқимын, 

                     Санама сап тоқимын. 

                     Сабақ  ұқпас жалқау көп, 

                     Бәріненде сол қиын.  

 

Кітапханашы:

  

Жарайсыңдар балалар!  



     Тағы да сендерге «Көк сандықтан» мынандай кітаптар шығып жатыр: 

А.Төреқұлқызы «Қоршаған орта», «Үш аю: халық ертегілері», «Үш күшік», 

«Құс тұмсық патша», Б.Мажитов «Балдәурен», Т.Молдағалиев «Балаларға 

базарлық», Т. Еділбаев «Айша», Қ.Жұмағалиев «Кім ойлап тапқан», 

Т.Жексенбай «Бал бұлақ». Орта және жоғарғы сынып оқушыларына, біраз 


қызықты шытырман оқиғалы кітаптар бар. Кітап туралы тағы өлеңдер 

айтқыларың келіп тұр ма, Нұрислам айта ғой: 

 

     Нұрислам:



 

                Өзіңді оқып кітабым: 

Көп нәрсені үйрендім, 

    Көп нәрседен жирендім. 

Өзіңді оқып кітабым: 

 Ақылыңды тыңдадым, 

                                               Білімімді шыңдадым. 

                                               Өзіңді оқып кітабым: 

 Көп ойнауды тастадым, 

                                               Жақсы істер бастадым. 

Айтқандарың ақыл тек, 

  «Көк сандық» саған көп рахмет! 

 

   


Кітапханашы:

 

Бір  апта  бойы  бұл  сандық  біздің  кітапханамызда  болады. 



Сендер  бізге  қонаққа  келіп  әр  түрлі  іс  –  шараларға  қатыса 

аласыңдар.Өздеріңмен  қоймай,  ата  –  аналарыңды,  достарыңды  ,  әпке  – 

бауырларыңды ертіп келулеріңізге болады. Балалар бүгінгі «Көк сандықтың» 

тұсаукесері  сендерге ұнады ма? Оның ішіндегі кітаптар ұнады ма?  

 

Құрастырушы:

                                                     

Ахметова. М. 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал