Жаңа кітап Өмір шындығын шынайы көрсеткен шығарма



жүктеу 29.8 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі29.8 Kb.

Жаңа кітап 

ӨМІР ШЫНДЫҒЫН 

ШЫНАЙЫ КӨРСЕТКЕН 

ШЫҒАРМА 

Оқырман қауымға "Ақ моншақ" 

" Шақпақ"," Әке дауысы" атты әң-

гімелер мен хикаяттар жинақтары-

мен, "Майқоңыр" романымен таны-

мал жазушы Апбаз Қаражігітовтың 

тағы бір кітабы "Ана тілі" баспасы-

нан жарық көрді. Жезқазғанда тұ-

ратын жазушының қаламынан со-

ңғы жылдары шыққан әңгімелері 

мен хикаяттары топтастырылған 

бұл кітабы "Қайран шеше" деп ата-

лады. Жасы жетпіске толса да шау 

тартпаған қарт қаламгердің қалам 

қ

айраты қандай дәрежеде деген 



қ

ызығушылықпен кітапты қолға ал-

дық. 

Әрине, "Қайран шешені" 



оқыған оқырман оған өз бағасын 

береді деп ойлаймыз. Әдеби көр-

кем дүниеге  қойылатын талап, 

шарт, талғам төңірегінде әртүрлі 

пікірлер тоғысы болуы мүмкін. Әсі-

лінде шындықты шынайы түрде 

көрсету—қалам  ұстаған әрбір 

қ

аламгердің басты парызу. Жазу-



шы Апбаз Қаражігітов шығармала-

ры Жезқазған өңірінің кешегісі мен 

бүгінгісі, алып өңдіріс орындары 

мен ауыл тынысы, ондағы адам-

дардың тағдыры, жасампаз істері 

хақында сыр шертеді.  Қаламгер 

қ

андай бір шығармасында болма-



сын — адамгершілікті, достықты, 

махаббатты биік ту етіп көтереді. 

Өмірде болған оқиға,  құбылысты 

нақты, шынайы қалпында көркем-

дік тәсілдер арқылы суреттеу — 

жазушының машықты ісі. 

Бұл кітапқа сегіз әңгіме, хика-

яттар енгізілген. Солардың ішіндегі 

ең сүбелісі—"Қайран шеше" туын-

дысы. Мұны мен повесть деуге 

лайық туынды деп санаймын. 

"Қайран шеше" повесінде жазушы 

тағдыр тауқыметін мойымай көте-

ре білген Зылиха ананың ерік-жі-

гері мықты, қайратты жан екенді-

гін, өз ұлы, ұрпағы үшін отқа да, 

суға да түсуге даяр қазақ әйелінің 

қ

адір-қасиетін ашып көрсетуді 



басты мақсат етіп қойған. Ана— 

адамзат баласы үшін өте қымбат, 

аса ыстық тұлға екендігі даусыз. 

Кім баласын сүймейді, кім анасын 

ардақтап өткісі келмейді?! Әйтсе 

де ананың жөні бөлек. Оның алдын-

дағы парызды өтеу қиын, ал өтеп 

болдым деу — астамшылық. 

"Қайран шеше" повесінде жа-

зушы мыс қорыту заводының ауыр 

өндіріс цехының қарбаласқа толы 

жұмыс кезінде абайсызда қышқ-

ыл сұйығына күйіп, қос жанарынан 

айырылып мүгедек болып қалған 

Зылиха ананың ұлы Көріктің басы-

на түскен азапты халді суреттеу 

арқылы оның төңірегіңдегі адам-

дардың характерлерін ашудың кіл-

тін дәл таба білген. Ана қасіреті, 

оның жайсыз хабарды естіген кез-

дегі жан күйзелісі ерекше еріксіз 

аяушылық сезімін туғызады. Ал, 

қ

ос жанары сөнген, денесін өрт 



шарпыған өрімдей жас жігіттің ішкі 

жан дүниесіндегі өксік жалынды 

сөндірер қандай құдірет күш бар? 

Жазушы осыған жауап іздейді, 

оқырманды кейіпкермен бірге 

күйзелтеді, күрсіндіреді, кейіпкер-

мен бірге жылатады,  қуантады. 

Көрік жалғыз қамқоршысы анасы 

жайлы: "Әкемнен жас қалып, жесір-

лік азабын тартса да, қос балапа-

ным деп, еш нәрсеге мойымай-ақ 

үміт қуған қайран анам, саған ма-

сыл болмасам нетті"—деп іштей 

торығады. (186-бет). 

Повесте, өмірге, анаға, сүйген 

қ

ызға, досқа деген махаббат күші 



бәрінен де күшті екендігі наным-

ды суреттеледі. Мүгедек Көрік 

сүйген қызы Сәнге қосылады. Екі 

сәби сүйеді. Сән бейнесі махаб-

батқа адалдықтың символындай 

оқырман есінде  қалары сөзсіз. 

Көріктің көз жанарына деген үміті 

үзілмейді. Өзге үлт өкілі Давид 

бастаған достары да осындай се-

німде. Олар Көрікке қол үшын бе-

руге әрдайым даяр. Өмірге деген 

ынтызарлық, құштар көңілдің бел-

гісіндей, жүрегінен саулап күй тө-

гіледі. "Үштоты", "Достық" күйле-

рі—соның айғағы. "Қайран шеше-

нің" оқырманға ғибрат, тәлім бе-

рерлік тұстары осындай деталь-

дар арқыла ашыла түседі. 

Жазушының жаңа кітабына ен-

ген әңгімелер мен хикаяттардың 

бәріне бірдей бұл шағын мақала-

да пікір білдіру мүмкін емес. Алай-

да, олардың кейбіріне тоқтала 

кеткен жөн." Қияндағы жалғыз үй" 

хикаяты малды ауылдың, малды 

ауыл болғанда қазіргі малшы фер-

мерлердің тыныс-тіршілігінен ха-

бардар ететін тың үрдісте жазыл-

ған толымды дүние. Жапандағы 

жалғыз үйдің иесі Молықбай қарт-

тың таным-түсінігі: туған жерге, 

ата кәсіп—шопандыққа адалдық, 

ерінбей еңбек ету.  Қарттың осы 

қ

асиеті жалғыз ұлы Қазанбайға 



аумай жұққан.  Қазанбай үлкен 

қ

алада жоғары оқу орнын бітірге-



німен, әке-шешесін қимай ауылға 

оралған.Бір өзі емес екеу болып 

келген. Сүйген жары Сәуле қала-

ның ауқатты бір отбасында тәрби-

еленгенімен, өз жүрек қалауымен 

қ

осылған Қазанбайдың қарт әке-



шешесімен бірге тұруға шын пей-

іл танытқан. Жас келіннің елгезек-

тігіне, шаруақорлығына қарттар 

аса тәнті. Қияндағы жалғыз үйдің 

бар тірлігі — бір отар қойдың со-

ңында, ал бірлігі—сыйластық, ын-

тымақта. Жазушының мақсаты— 

осыны көрсету. Жастар ауыл тұр-

мысының қиындығынан  қашып, 

жаппай  қалаға кетіп жатса, ата-

мекенге кім ие болады?! Осындай 

проблеманы көтерумен-ақ хикаят 

сәтті шешімін тапқан. 

Жазушы өзінің "Сөнбеген шы-

рақ", "Қазекеңнің әңгімесі" деген 

шығармаларында Ұлы Отан соғы-

сы кезіндегі тылдағылардың, ер-

лікке пара-пар қажырлы істерін, 

сондай-ақ, ашаршылық,  қуғын -

сүргін кезіндегі ел ішіндегі сұм-

дық, оқиғаларды көзбен көрген-

дей баяндайды. Әрине, кітапқа 

енген шығармалардың бәрі бір-

дей тартымды оқылады, кемшілік-

тері жоқ деп пікір айтудан аулақ-

пыз. Ол үшін жеткілікті талдау 

қ

ажет. Қорыта айтқанда, жазушы 



Апбаз  Қаражігітовтың "Қайран 

шеше" кітабы оқырмандарға жол 

тартты. Қалам қайраты мұқалма-

ған жазушының жаңа кітабын жұр-

тшылық тұшынып оқиды деп се-

неміз. Сондықтан да "Қайран ше-

шенің" бағасын оқырман беруге 

тиіс. Тек бізді  қуантқаны—қарт 

қ

аламгер әлі бабында екен. 



Ибраһим БЕКМАХАНҰЛЫ, 

журналист. 

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы. 

Орталық Қазақстан. - 1998. - 3 маусым (№ 58). - 5 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал