Жаңа істер бастамасы. Бұл тіркестің өзінде терең ассоциациялық мән бар



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/17
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
www.bilim-gylym.kz
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
НӘТИЖЕГЕ 
БАҒЫТТАЛҒАН 
БІЛІМ
Алматы, 2016
1

ӘОЖ  371.213.3
Н 32
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ
 /Редактор І. Б. Нағиев. – Алматы, 
2016. – 95 б.
Н 32
ISBN  978-601-7579-34-0
«Нұрлы жол»  - «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол, болашақтың басты бағдары,
жаңа   істер   бастамасы.   Бұл   тіркестің   өзінде   терең   ассоциациялық   мән   бар.   Бұл   —
дағдарыс кезеңінен шығу жолы, инфрақұрылымдардың дамуы, жаңа жолдардың салынуы,
экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 
Оқу үрдісін жандандыру, педагогикалық инновациялық тәжірибе жинақтап тарату,
оқытудың   әдістерімен   тәсілдерінің   пәнді   игерудің   тың   технологиясын   іздестіру,
оқушылардың   білім   деңгейін,   оқу   ынтасын,   белсенділігін   арттыруды   тәжірибеде   іске
асыратын, шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс
жасайтын,   білім   беру   жүйесін   дамытуға   ықпал   ететін   дарынды   ұстаздарды   анықтау
мақсатында   өткізілген   іс-шараларға   қатысушы   ұстаздар   еңбектерін   (материалдарын)
жинақтау, республикалық деңгейде бір жерге топтастыру жұмыстары жүргізіледі.
ӘОЖ  371.213.3
ISBN    978-601-7579-34-0
© Нагиев И.Б., 2016
2

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕКТЕПТЕГІ ОҚЫТУ БАРЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы
«Қырғауылды мектебі мектепке дейінгі МДШО» кмм
дене шынықтыру пәні мұғалімі Жунисбаева Майра
  Жалпы білім  беретін мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қазақ  этнопедагогикасы материалдарының
көрініс табуы, қазақ этнопедагогикасы құралдарын оқушылар дене шынықтыруында  пайдалануға жүйелі бағыт бермеуі
және мәселенің теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, ғылыми жұмыс тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді.
Қазақ халқының кең де, дархан далсындай, кең пейіліне орай өнерінің де өрісі кең, рухани өмірінің де ұшан теңіз болатыны-
оның табиғи байлығы мен шаруашылығының осы кең даланың табиғатымен ұштасып жататынында болса керек. Көшпелі
тұрмыс   шаруашылықтың,   осыған   орайласуы,   жалпақ   жатқан   далада   еркін   өмір   сүруі,   арнайы   заңдасқан   тұрақты   оқу
орындарының  болмауы, халықтың өз қалауыеша өмір сүруі, өзі жасаған, өзінің жасампаздық ішкі өмірінің күшті топтасуы-
әдет-ғұрпы, салт- санасы, дәстүрі, ұғым-нанымы тудырған өмір салты-тәрбиенің басты құралы  болған.
Олай болса ұлт ойындарының бүгінгі нұсқалары ауыз әдебиеті туындысы ретінде ауыздан ауызға жетіп,біздің заманымызда
халықтың игілігіне айналды. Тарихқа көз жібертіп қарасақ, бұл игілікті істің басы-қасында –ең алдымен Еуропаша білім
алған өзіміздің қандас бауырларымыз тұр екен. ХIХ  ғасырдың басынан бастады. Бұл идея әуел баста ел екендігінен әлем
жұртшылығын хабардар ету ниетінен туындады. Көшпенділер мәдениетінің шыңында тұрған қазақ халқын –дүние жүзі
жұртшылығына таныту, Ресей арқылы батыс елдеріне таныстыру ниеті күн тәртібінде тұрды. Бұл істі алғаш бастап, жол
салғандар –Ш.Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин болды. Олар арқылы орыстың алдыңғы қатарлы зиялылары қазақ өмірін
зерттеп, оны дүниежүзі жұртшылығына таныстыру мақсатымен қазақтың ұлт ойындарын халық өміріменқоса зерттеу ісін де
қолға алды. Оны сол кезде әдетке айналған этнографиялық материал ретінде пайдаланды. Олардың басында шығыс тану
ғылымының прогресшіл өкілдері В.Радлов пен Г. Потанин тұрды.
Көпшілікке арналған ойындар ойын-тойларда орындалып еркін бәсеке, жарыс түрінде өткізіледі. Оның көбі адамның жылқы
түлігімен орындалатын ойындары болып келеді. «Көптеген ойындар қалың жұртарасында театрлық, цирктік ойын есебінде
өткізіледі. Мысалы, атқа мықтылық көрсететін –аударыспақ ойыны, балуандардың «күресі», мергендердің «жамбы» атуы,
«сайыс», шауып келе жатып жерде жатқан теңгелі іліп алып, атқа жүру өнері көрсетілетін- «теңге алу», атқа мініп көкпар
тарту ойындары болды», -делінген Қазақ ССР тарихында. 
Қазақтың ұлт ойындарын жинап баспа орындарына ұсынушылардың бірі Ә.Ә. Диваев болғанын біз жоғарыда келтірдік.
Ә.Ә.   Диваев   қазақтың   ұлт   ойындарын   тек   жинап   қана   қойған   жоқ   оның   бала   тәбиесіндегі   мңызын   көре   біліп,   оның
тәрбиедегі орынын белгілеуге тырысты. Ол қазақтың ұлт ойындарының әлеуметтік негізін анықтауға, білуге ұмтылды. Ол
өзінің   «Қырғыз   (Қазақ)   балаларының   ойыны»,   деген   еңбегінде   Қазақ   халқының   қалыптасқан   әдет-ғұрпына   орай   жас
өспірімдерді  негізінен  үш топқа бөледі: а) бір жастан  жетіге дейін; ә) жеті жастан  он бес жасқа дейін;  б) он бесте  отызға
дейін. Осыны  негізге ала отырып  қазақтың ұлт ойындарында   үш топқа  бөлген.  Бірінші  топқа, сәбилер ойыны деп  ат
қойып, баланың дүниеге  көқарасын  қалыптастыратын ойындарды жатқызады:  соқыр теке,  түйе-түйе, көксиыр,  үйшік-
үйшік, қой бағу, бөрік  жасырмақ т.б. Екінші топтағы ойындарды  бозбалалар  ойыны деп атап, оған: орда, домалақ ағаш,
бөрік жасырмақ,   тақия телпек шілік   т.б.   Үшінші топтағы   ойында   жігіттер ойыны деп атайды да,   осы топқа жататын
ойындардың өзін  үш топқа  бөледі.
1.Қоғамдық өмірге байланысты  қазақ халқының ұғымында  ерте  қалыптасқан   «Хан жақсыма?»  ойыны.
2.Жедел қимылды ойындарды – ақ сүйек, ақ шамшық, тиын  салу,  алтыбақан, арқантартыс, белбеу тастау, шертпек,  көрші
т.б. жатқызады.
3.Спорттық    маңызы  бар  ойындарды  – бәйге,   көкпар,    түйежарыс,   аударыспақ,   жамбы  ату,  жаяу жарыс,   жорға   жарыс,
қазақша  күрес, қыз қуу,  сайыс,  таяқ  жүгірті т.б.  жатқызды. 
Бұл біздің заманымызға дейін   қазақтың   ұлт ойындары   туралы   бұрынды –соңды   айтылған, әлі күнге дейін өз құнын
жоймай  келе  жатқан  ғылыми пікір айтуға  ниет білдірген  алғашқы еңбек болғанын  айтуға тиіспіз.
Өкінішке орай бұл туралы   кейінгі зерттеушілер тіс жарып, еш   пікір айтпайды. Оны былай қойғанда   қазақтың   ұлттық
ойындары туралы  анда-санда, қадау-қадау, бірлі-жарым  жке  мақалалар болмаса, осы  ғасырдың  70-ші  жылдарына дейін,
ойынның  тәрбие құралы ретінде  мәселеге  көңіл  бөлінбей келді. Ұлт ойындарын әлеуметтік –педагогикалық іс-әрекетке
қосу туралы бұл кезде алыс-жақын шет елдерде де айтарлықтай пікір айтушылар кездеспейді.
 «Ойын-сауық» деген атпен жарық көрген жинақтың құрастырушылары Т.Пірәлиев, Т.Кенжалин, С. Қасиманов, С.Есқалиев,
К.Түсіпов, Т.Сұлтанбекова «Қазақстың ұлт ойындары» деген 2-ші бөлімінде қазақ ойындарын темаларға бөліп, жеке-жеке ат
қойып,   топтастыруға   тырысады.   Атап   айтқанда:   Көпшілік   ойындар,   мақал-мәтелдер,   Қазақтың   нақыл   сөздері,   Халық
жұмбақтары, Ойлап көрісіңізші, Жаңылтпаштар, Ауызша есеп, Қазақша күрес, Дойбы ойыны, Тоғыз құмалақ ойыны, Ат
жарысы, Клубтағы жастар сауық кештерінде, - деген тақырыптармен береді. Мұны классификация деп атау қиын.
Сексенінші жылдардың басында   қазақтың дәстүрлік ойындары мен   жаттығуларын   мектептегі   дене   тәрбиесі пәніне
қолдану туралы  педагогика  ғылымдарының  кандидаты дәрежесін  алу үшін  қорғаған диссертациясында  Т.Ж. Бекпатчаев
ойынды   классификация   жасауға   көңіл бөлген. Еңбектің тақырыбынан   көріп отырғандай,   автор   қазақтың дәстүрлі
ойындарына   жаттығулар қосады. Олай болса, ол таза ойынды   алмай, оған   қазақтың өзіндік таза ұғымда   кездеспейтін
жаттығуды     қосады.   Ол   оған   ойыншықтарды     тіркейді.   Осылардың     бәрін   бір   ұғымға   жатқызып,   қазақтың   халық
ойындарының   классификациясы,   -  деп   көрсетеді.     Оны   10  бөлікке     бөліп,   кесте   арқылы   кесіндеген.   Оқырманға   анық,
түсінікті болу үшін сол кестені санымен  жазып көрсеткен  автордың  мәтінін қазақшалап  беруді  жөн көрдік.
1.Ойыншықтар мен ойналатын ойын. 2. Лақтыру,   жүгіру және   секіру   элементтері қатынастың ойындар. 3.Күрес және
қарсыласу  элементі     кездесетін   ойындар.   4.   Көзді   байлап       ойналатын   ойындар   (бағдарлай   білуді   дамыту).   5.   Алаңда
ойналатын ойындар (кешке, түнде өткізіледі). 6.Суда ойналатын ойындар. 7. Әскери -өнерлік ойындар. 8.Столда ойналатын
ойындар.   9.   Ат-спорт   ойындары.   10.Атракциондар.   Жас   ерекшелігіне   орай   бұлар   екі   топқа   бөлінеді:1.   Балалар
ойыны.2.Үлкендер ойыны.
Қарапайым  көзге бұл классификация орынды болып көрінуі  мүмкін. Алайда қазақтың халық  ойыны дей отырып, оған
ойыншықтарды, әскери-өнер жаттығуларын, атракциондарды қосқанда, ойынның халықтығынан (ол кезде халық дегенді –
3

ұлт деп түсінетін) ештеме қалмайды. Оны былай қойғанда мұнда еш жүйе ғылымилық мазмұны сезілмейді. Сондықтан біз
мұндай бөлшектеп, араластыруды классификация деп ат қойып айдар тақпағанымен ұлт ойындарын негізге ала отырып
халық педагогикасының басқа элементтерін онымен ұштастыра отырып, дене тәрбиесіндегі эксперименттік жұмыстарды
пайдалануға тырысқан. Н.К. Ахметов өзінің ойын арқылы жоғары оқу орындарында педагог кадрларын әзірлеудің теориясы
мен   практикасы,   -деген   тақырыптағы   докторлық   диссертациясында   ойынның   жалпы   класификациясын   береді.   Мұнда
ойынды   табиғи   және   жасанды   ойындар   деп   бөледі.   Табиғи   ойындарды   спорттық,   құмарлық   ойындар   т.б.   деп
қарастырылады. Академиялық (оқытушылық) ойындарды тағы екіге бөліп: 1. Имитациялық ойындар, оны рөлдік ойындар,
жобалау ойындары, іскерлік ойындары деп үшке бөледі және нақты ситуациялық талдау, имитациялық жаттығу деп кеңейте
түседі. 2. Имитациялық емес (оқытушылық) ойындарды: символдық және крассвордтар ребустар т.б. деп бөледі.
Автор бұл жерде жоғарғы оқу орындарында педагог кадрларын әзірлеу барысында жалпы ойынды пайдалану жолдарын
қарастыруды   мақсат   еткен.   Ойынды   әдіснамалық   негізде   қарап,   оны   қолдануға   оңтайлы   ету   мақсатымен
классификациялаған.   Сондықтан   автор   ұлт   ойындарын   өз   жұмысына   пайдалануды   алдына   мақсат   етіп   қоймаған.   Олай
болса, біз тек автордың ойындарды классификациялау жүйесінде көңіл аудара отырып, зерттеушілердің назарына ұсына
кетуді   жөн   көрдік.   Алайда   бұл   классификация   зерттеушіні   қанағаттандырғанымен   өзінің   бір   жақтылығымен,   тар
мағыналығымен ерекшеленеді. Ол тек бүгінгі ойындарды қамтый отырып, оның тек өзіне қажеттісін ғана таңдап алуға көңіл
бөлген. Сондықтан қазіргі заман тудырып отырған ойындарды толық қамти алмаған.
Солардың   бірі   ұлт   ойындарын   жедел   қимылды   ойындар   деп   ала   отырып,   оны   дене   тәрбиесіне   пайдалану,   сабақтың
барысында     қолдану   мәселесі   мен     айналысқан   Ж.Т.   Төлегенов     жедел   қимылды   ойындарды   6   топқп   бөліп
классификациялайды. Бұл жерде   зерттеушінің   бір жақтылығын   былай қойғанда, әр ұлт ойынының   бойындағы басқа
қасиеттерін  ескере бермейді. Қазақтың  ұлт-ойындарының  негізгі ерекшелігі оның  қай-қайсысының болмасын  бойында
жан-жақты  әлеуметтік  педагогикалық  негіздің барлығы  мен  әмбебаптылығы. Біздің пікірімізше зерттеушілердің   негізгі
қателігі  зерттеу  барысында  мұны естен  шығаруларына болмайды. Олай болатыны  тәрбие, оқыту оқудың негізгі мақсаты
оқушының тек бір жақты дамуы  пән бойынша атсалысу. Болашақ дене шынықтыру пәнінің мамандарын әзірлеу барысында
ұлт ойындарын пайдалану, оны әркелкі жастағы оқушылардың сабағына қосымша материалдарды қолдануға оңтайлы ету
сабағына қосымша материалдарды қолдануға оңтайлы ету мақсатымен Т.Ш. Куанышев жедел қимылды ойындарды 5 топқа
бөліп     классификациялайды.   Біздің   пікірімізше   мұндағы   біржақтылық   өз   алдына,   оның   үстіне   сабақта   нақты   ойынды
пайдаланудан гөрі оны ұйымдастыру мәселесіне көп көңіл бөлінген. 
Е.Сағындықов   өзінің   кандидаттық   диссертациясына   ұлт   ойындарын   классификациялаудың   үлгісі   ретінде   оның   бүгінгі
жастардың оқу-тәрбие жұмысында пайдалану жолдарын көрсеткен. Алайда бұл еңбек орыс тілінде жазылып, көпшілік қала
мен ауылдың қазақ мектептеріне жетпей қалды. Одан кейінгі біздің монографияларымыз қазақ тілінде жазылып жарық
көргендіктен орыс тілді зерттеушілерге жат болып келді. Осының бәрі ұлт ойындарының бүгінгі оқу-тәрбие жұмысындағы
қолданыс   өрісін   тарылтып,   бір   осы   олқылықтың   орнын   толтыру   мақсатымен   қазақтың   ұлттық   ойындарының   толық
классификациясын ұсынуды жөн көрдік. 
Жоғарыда ескерткеніміздей, бұл классификациялаудың ортақ кемшілігі ұлт ойындарын тұтас қарамай, керісінше оның бәрін
тек   дене   шынықтыру  сабағына   қарай   бағыттап,   ойынның   мағынасын   тарылта   түседі.   Ұлт   ойындарының   әлеуметтік   –
методологиялық   негіздеріне   айтарлықтай   мән   бермей,   оны   теориялық   –методологиялық   жағынан   біржақты   дамытуға
бағыттайды.
Қазақтың ұлттық ойындары өмірдің түрлі құбылыстарына сай қолданысқа лайықталып жасалғандай. Ол барлық білім мен
тәрбие  саласына   сай келетін,  ұлт  ойындарының  бойындағы  қасиеттердің  түгел  дерлік  қамтитын  универсалды,   әмбебап
классификация жасау өте қиын. Дегенмен, біз ұлт ойындарының тұлғалық – салауаттық классификациясын ұсынамыз.
1. Еңбек –тұрмыс ойындары; 2. Денешынықтыру спорт 
ойындары; 3. Ойлау арқылы орындалатын ойындар. Бұларға тән қасиет жедел және баяу қимылды ойындарға бөлінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ғылыми жұмысымыздың мақсат мүддесіне байланысты халық ойындары туралы бұрын-соңды айтылып, жазылған әлемдік
ақыл-ойдың   үздік   туындыларымен   танысып,   зерделеп,   зерттей   отырып,   сол   сияқты   кейінгі   кезеңдерде   жазылған
педагогикалық психологиялық әдебиеттерді оқып, талдай келіп, солардың зерттеу жұмысымызға қатынасы бар тұстарын ой
елегінен өткізе отырып төмендегідей қорытынды жасаймыз:
Бұл   жұмысымыз  Қазақтың  ұлттық  ойындарының  педагогикалық   мүмкіншіліктерін  анықтау  мәселесіне,   халықтық  ойын
пайдаланылған дене тәрбиесінің нәтижесі оқушы денсаулығын, салауатты өмір салтын дамытудың тәжірибелік негіздерін
дәлелдеуге бағытталды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Асарбаев А.Қ., Абилдабеков С.А. Оқушылар дене шынықтыруының этнопедагогикалық негіздері. Монография. Алматы,
2000.
2.   Альмухамбетов   Б.А.   Эстетическое   воспитание   учащихся   1-2   классов   средствами   национального   изобразительного
искусства. Автореф. дис...канд.пед.наук. Алма-Ата, 1990.
3.   Қисымова   А.Қ.   Қазақтың   халықтық   педагогикасы   арқылы   оқушыларға   адамгершілік   тәрбие   беру,
Пед.ғыл.канд....дис.автореф. Алматы, 1994.
4. Қуанышев Т.Ш. Подготовка будущих учителей физической культуры национальных игр. Автореф. дис....канд.пед.наук.
Алма-Ата, 1992.
5. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1991.
6.   Адамбеков   К.И.   Педагогические   основы   физического   воспитаня   учащихся.   Автореф   на   соискание   уч.степени
ДПН.Алматы,1995.
7.   Төлегенов   Ж.М.   Внедрение   Казахских   националных   форм   и   средств   физического   воспитания   в   современном
педагогическом процессе.Автореф. кан.пед.наук. Алматы. 1982.
*****
4

ТЕРМИН СӨЗДЕР ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ф-м.ғ.к., профессор С.Ә. Исаев   
Ф. Н. Дуйсебаева    1-курс магистранты
Жалпы қазақ тiлiнде термин жасау iсi Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы жарық көрген “Оқу құралынан” басталған едi.
А.Байтұрсынов   бастауыш,   баяндауыштан   бастап,   есiмше,   көсемшеге   дейiнгi   тiл   бiлiмiнiң   бүгiнгi   қолданысындағы
терминдердiң түгелге жуығын жалғыз өзi қалыптастырған ренессанстық тұлға. Тiптi әдебиеттану ғылымындағы әсiрелеу,
меңзеу, кейiптеу, шендестiру сияқты терминдердiң де атасы А. Байтұрсынов екендiгiн бүгiнгi ұрпақ ол ақталғаннан кейiн
ғана   бiлдi.   Жалғыз   А.   Байтұрсынов   ғана   емес,   Мағжан   –   педагогика,   Жүсiпбек   –   психология,   Халел   Досмұхамедов   –
зоология,   физиология,   Ж.Күдерин   ботаника   терминдерiн   қалыптастыруға   үлес   қосты.   Әлiмхан   Ермеков   математикалық
терминдерден бастап, ұлы математика курсына (курс высшей математики) дейiнгi тұтас терминдер жүйесiн жасады. Термин
жасау iсiне әдебиетiмiздiң кейiнгi алыптары Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсiрепов те өз үлестерiн қосты
1
.
Ал,   XVI—XVII   ғасырлар   аралығы   биологияның   даму   саласында   сипаттау   кезеңі   болып   есептеледі.   Осы   қарсаңда
биологияның   барлық   салаларында   тірі   ағзалардың   түрлері   жайлы   сан   алуан   терминдер   мен   деректі   материалдар,
жинақтамалар көбейе бастады. Тірі табиғаттың өлшем бірлігін «түр» деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей (1628—1705)
оған ең алғаш анықтама берді. Содан кейін химияның нағыз ғылым ретінде дамуы ХІХ ғасырдан басталып, оған терминдер
енгізілді.   Негізін   салушы   ағылшын   ғалымы   Д.   Дальтон   болды.  Уильям   Гарвей   –   ағылшын   дәрігері,   Исаак   Ньютон   –
ағылшын математигі, Роберт Боиль – ағылшын химигі және физик және басқа да ғалымдар қазіргі заманғы ғылымның
негізін салды.
Біздегі   терминологиялық   сөздіктер  мен  әдебиеттердің  көпшілігінде   термин,   терминология,   терминологиялық   сөздік,
термин жасау, халықаралық термин, тіркесті термин сияқты санаулы терминдер ғана қолданылады. Сондықтан  бұл құралда
осы   уақытқа   дейінгі   қазақ   тілінде   жарық   көрген   еңбектердің   ешқайсысында   кездеспейтін,   алайда   өзге   елдердің
терминтанушы ғалымдарының енбектерінде қолданыс тауып жүрген терминдер көптеп саналады
2
.
         Шығыс елдерінде дипломатиялық, сондай-ақ тәржімешілік, сарапшылық  қызмет атқаратын мамандар сол елдердің
ақпарат   құралдарындағы   материалдарды   оқып,   әрдайым   жүгініп   отырады.   Себебі   бүгінгі   араб   әдеби   тілін   дамытуда
баспасөздің   алатын   орны   ерекше.   Газет-журналдар   тек   бағалы   ақпараттық   материал   көзі   болуымен   шектелмей,   тұтас
тілді,оның  стильдік,грамматикалық   сипатын,   лексикалық   құрамын  танып-білуде  аса  маңызды  мәнге  ие.  Қоғамда  болып
жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық, т.б.өзгерістердің бәрі мерзімді баспасөз бетінде көрініс табады. Газет тілі-үнемі
толығу, қозғалыс үстінде құбылыс. Газет-қоғам өмірінің айнасы. Баспасөз лексикасы тілдің басқа консервативтік салаларына
қарағанда өзгергіш, құбылғыш.

 Ал, термин біздің зерттеуімізде субъектінің қабылдауы, ойлауы, танымы және практикалық әрекеті арқылы тілде тұтылған
білімдердің байланысы, адам санасында ғаламның ғылыми бейнесіндегі ұйғарылған түсінігі ретінде анықталады. Сонымен
қатар, бұл тектес зерттеулер тілдік құрылымды тереңдеп қарастыруды мақсат етеді.
Баспасөз арқылы берілетін ақпарат тілді,тілдік  бірліктерді пайдалану жолымен жүзеге  асырылады.  Ақпараттың берілуі,
көпшілікке жеткізілуі стильдің функционалдық ерекшеліктерімен де тығыз байланысты
4
.
Ертеректе “ diplomat” сөзi де “мәмiлегер” болып бекiп кеткен екен. Осы ұғым тұрғысынан келсек “дипломатия” – “мәмiле”
болып   шығады.   Мәмiленiң   ағылшынша   аудармасы   —   сделка.   Сонда   “  diplomatic   relations  ”,   “  diplomatic   intercourse  ”,
“дипломатический паспорт” дегендi қалай аударуымыз керек. Сол себептi, “дипломатты” – дипломат күйiнде қайта бекiтiп,
жоғарыдағы   тiркестердi   “дипломатиялық   қатынастар”,   “дипломатиялық   қарым   -қатынастар”,   “дипломатиялық   паспорт”
күйiнде  терминдер тiзiмiне енгiзілді. 
— Жалпы кез келген жаңа термин ана тiлiмiздiң тілдік қорын көбейтеді. Оның тазалығынан тiл тазалығы құралады. Бұл iсте
тілдік норма аясынан шықпауымыз керек. Кейiнгi кездерде бiз бiр түбiрден өрбитiн немесе iргелес ұғымдарды бiлдiретiн
сөздер тобын бiрге қарастыруды тәжiрибеге айналдырдық. Мысалы, залал – loss, зиян – damage, шығын – costs, шығыс –
consumption, несие —  loan,  credit  – кредит деген экономикалық терминдер,  convicted  – сотталған,  defendant  – сотталушы,
witness – куә, witness – куәгер, jurisdiction – соттылық, conviction – сотталғандық атты заң терминдерi де осындай принцип
бойынша бекiдi. Кейде осы заманғы ұғымдардан туындайтын жаңа терминдер жасауда қазақ тiлiнiң бай мүмкiндiгi көмекке
келедi.   Кенеусiз   кен   (poor  ores),   еншiлес   кәсiпорын   (subsidiaries),   қарымжы   (deposit),   қардарлық   (mortgage),   дәргей
(prerogative) терминдерi осылай дүниеге келдi. Бiле бiлген маманға қазақ тiлiнiң термин тудыру мүмкiндiгi аса зор. Әсiресе,
әскери терминдер саласында.  
Шындығында әскери терминология саласында көне сөздерiмiздi тiрiлту мүмкiндiгi аса зор. Жақында тiлiмiзде ежелден бар
айдауыл, қарауыл, жасауылдардың үлгiсiмен К. Юсуптың ұсынысы бойынша кежеуiл  (bodyguard) сөзi бекiдi. Бұл бұрын
қолданылып жүрген “оққағар” атты жасанды сөздi сәттi алмастырған термин болды. Бұрын түрлi қолданыста болып келген
знамя, флаг, штандарт сөздерi жалау, ту, байрақ болып бекiсе, зона, регион, край, территория сөздерi аймақ, өңiр, өлке, аумақ
болып ара-жiгi анықтала түстi. Жалпы Мемтерминком жұмысында көп iлгерi басушылық бар
6

—   Қалай   дегенмен   де   қазақ   тiлiнде   термин   жасау   iсiнде   “асыра   сiлтеушiлiк”   те   болғанын   ашып   айтқан   жөн   сияқты.
Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында шет елдермен еліміздің ғылыми-экономикалық, мәдени және т.б. салаларында қарым-
қатынас   күшейді.   Соған   байланысты   көптеген   жаңа   терминдік   атаулар   тілімізге   енді.   Мысалы:   паспортты   –   төлқұжат,
архивтi – мұрағат, музейдi – мұражай, композиторды – сазгер деп аты-жөнсiз жаппай қазақшалауға көштiк. Себебi бұл
“терминдер” көптеген заңдарымыз бен нормативтi-құқықтық актiлердiң төрiне әлдеқашан қонжиып отырып алған. “Архив”
латынның   “архивум”   –   қатысатын   орын   сөзiнен,   ал   “музей”   гректiң   “мусейон”,   яғни   “музалар   храмы   немесе   музалар
жиналатын   орын”   деген   сөзден  шыққанын   әрбiр   мектеп   оқушысы   бiледi.   Бұл   сөздер  әлемдегi   (Еуропадағы   ғана   емес)
өркениеттi елдердiң б¡рiнде дәл осындай мағынада қолданылып, әр елдiң тiлiндегi сингармонизм заңына сәйкес аздаған
фонетикалық   өзгерiстермен   дәл   осылайша   айтылып,   жазылады.   Мәселен,   Эрмитажды   ұзақ   жылдар   бойы   академик
Б.Б.Пиотровский басқарды, қазiр ол музейге оның баласы профессор М.Б.Пиотровский жетекшiлiк етедi. Әлемдегi әйгiлi
музейлердiң бәрi – алдымен ғылыми орталық, содан кейiн ғана — көрме. Өйткенi терминдер тiзiмiне түзету енгiзгенмен,
Парламент бекiткен заңдарға түзету енгiзу мүмкiн емес. Саз — әуен, мелодия, демек, сазгер әуеншi, яғни мелодист, ал бұл
5

сөздiң бастапқы латынша мағынасы әлдеқайда кең. Орыстар өз тiлдерiнде “музыкант” сөзi бола тұрса да композитордың
толық мағынасын бере алмағандықтан, латынша нұсқасын қалдырған. Әлем тiлдерiнiң басым көпшiлiгiнде дәл осы нұсқада,
тiптi   бастапқы   латынша   compositor   деген   жазылуының   өзiн   өзгерiссiз   пайдаланады.   Конституциядан   бастап   бiрқатар
конституциялық   заңдарымыздан   көрiнiс   тапқан   терминдердiң   бiрi   —   елтаңба,   екiншiсi   —   әнұран.   Әуелде   бiр   атаның,
әулеттiң белгiсi ретiнде пайда болып, бiртiндеп қала, губерния, аумақ, тұтас елдiң белгiсiне айналған. Бiз осы сөздiң бiр ғана
мағынасын бекiттiк. Ол государственный герб – мемлекеттiк елтаңба, ал сонда қаланың, әулеттiң гербiсiн не деп аударамыз. 
Мiне, сондықтан әр терминдi бекiткен кезде оның түбiрлес, iргелес, ұялас сөздерiн тұтас қамтып барып шешiм қабылдаған
жөн. “Гимн” сөзiнiң ең бастапқы мағынасы – мадақ жыры (бiздiң ұранымыз әскери терминге жақын). Әуелде көне Грекия
құдайларына   мадақ   жыры   ретiнде   дүниеге   келген   жанр.   Кейiн   христиан   дiнiнiң   дамуымен   шiркеулерде   құдайлар   мен
әулиелердiң   атына   айтылатын   дiни   мадақ   жыры   сипатына   ие   болған.   Француз   революционерлерi   “Марсельезаны”
революциялық гимн ретiнде дүниеге әкелiп, ол аяғында “Интернационалға” ұласты. Бiз бұл iсте асығыстыққа бой алдырдық.
Әлем   тiлдерiнде   “гимн”   болып   дүниеге   келiп,   дәл   осындай   атаумен   орныққан   терминдi   “Әнұран”   деп   елден   бұрын
қазақшалап ала қойдық. “ұранның” аудармасы “Елтаңба” мен “Әнұранды” ендi түзету мүмкiн емес, бiрақ болашақта ұлт,
мемлекет өмiрiнде алар орны зор мұндай терминдердi үлкен талқылау, таразылау арқылы қабылдаған жөн. 
Ал қазақ тiлiнiң терминденуiне келер болсақ, авторды — өзие, телефонды – сымтетiк, радионы – үнжария деп тықпалайтын
әжепт¡уiр беделi бар ағаларымыз да жоқ емес. Олардың қатарына редакторды – сарашы, директорды – мүдiр, министрдi –
уәзір, тиражды – ұзынсан, антологияны – жыржауһар, техниканы – жасалым, роботты – құлтемiр, микстураны – лайша,
рецептi — iшiрткi деп шынымен-ақ “аса құнды” ұсыныс жасап жүргендер де бар. Тәуелсiздiк алған елдердiң туыс тiлдiк
орта мен мәдениетке қарай тартылуы заңды құбылыс. Мәселен, осыдан бiрнеше жыл бұрын сербхорват тiлi атты сербтер,
хорваттар және герцоговиниялықтардың ортақ тiлi болды. Барлық энциклопедияларда осылай жазылатын. Қазiр сербтер өз
тiлiн дербес серб тiлi деп атайды және олар латын әлiпбиiн пайдаланатын елдердiң қалың ортасында отырып, жылдар бойы
пайдаланып келген латын графикасын өз ағайындары орыс кириллицасына ауыстырды. Хорваттар өз тiлiн хорват тiлi деп
атап, оны шұғыл түрде араб, парсы, түрiк сөздерiнен “тазалауға” көштi. Сербтер мен хорваттардың бұл әрекетiн сөккен
көршiлерi болған жоқ, өйткенi әр халықтың өзiнiң тiлдiк, мәдени ортасына қарай ұмтылатыны табиғи процесс. 
Ал, араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана емес, сондай – ақ көптеген терминдер енгізді: аль 
хебри - алгебра, аль хемия- алхимия, аль хогол-алкоголь және т.б. 
       Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде 
қалыптасады. Ал араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір 
ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек тілінің көптеген сөздері 
латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993
2. Күзекова З, Тұяқбаев Т. Қазақша-орысша, орысша-қазақша дипломатиялық қысқаша сөздік. Астана, 1998.
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: педагогика және психология. Алматы, 2002
4. Құрманбайұлы Ш. «Терминтанушы құралы» сөздік-оқулық.
5. Керім Ш, Фуад М. «Араб баспасөзінің тілі», І-тарау саяси тақырыптағы мәтіндер. Алматы, 2008. 
6. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. 19-том.А.,2000-200 б.
7. Қазақша-орысша дипломатикалық сөздік-анықтамалық. (құрастырушы-Жамкенов Б.). Астана, 2006.-500 
Резюме
    В этой статье освещаются вопросы применения языковых терминов в казахском-английском языках. 
Summary. This article highlights the application of linguistic terms in the Kazakh-English languages.
*****
ТЕХНОЛОГИЧЕСКАЯ КАРТА ОРГАНИЗОВАННОЙ УЧЕБНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Даумшарова Айман Курмангалиевна –  воспитатель ІІ категории 
Возрастная группа: II младшая № 4
Образовательная область: «Коммуникация»
Раздел: «Развитие речи»


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал