ЖАҢА Ғасырдың жаңа ілімі



жүктеу 188.87 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі188.87 Kb.

 

 



ЖАҢА ҒАСЫРДЫҢ ЖАҢА ІЛІМІ 

Бүгінгі  таңда  дауасыз  дерттер  көбейіп,  табиғат  апаттары  да  жиілеп, 

қоғамды  қиянат,  лаңкестік,  қатігездік,  қаскүнемдік  жайлап  алғаны, 

адамдардың  мейірім-қайырымнан  қалғаны,  рахымшылықты  ұмытып,  бір-

біріне  қару  кезеп,  пышақ  салғаны,  жастарымыздың  өнер-білімнен  гөрі 

қызық-думанға  құмарлығы,  ұлттық  бет-бейнесі  өзгеріп,  батыстық  жат, 

тұрпайы  әдеттерге  бой  алдыруы,  әсіресе  жасөспірімдер  арасында  өзіне-өзі 

қол жұмсау індетінің өршіп бара жатқаны үрей туғызады. Бұған адам баласы 

рухтың  әлсіреп,  сананың  ішіп-жемдік,  қарабасындық  деңгейге  дейін  түсіп 

кеткендігі, өзінің және бүкіл әлемнің жаратылыс заңдылығын ұмытып, Ұлы 

Сана  желісі  –  Жаратушы  Иеден  қол  үзіп  қалғандығы  себепті  душар  болып 

отыр. Сондықтан бүгінгі адамзат алдында тұрған  басты да маңызды мәселе 

адамның рухани-саналық деңгейін көтеру болып табылады. Өйткені адамның 

рухын  көтеріп,  Ұлы  Сана  желісіне  қоспайынша,  яғни  ғарыштық  сананы 

ашпайынша  мұның  бәрінен  арылу  мүмкін  емес.  Қазіргі  валеология, 

салауаттық  өмір  салты,  өзін-өзі  тану  деп  жүргендеріміз  де  мида,  санада 

тұрақтамай,  бір  құлақтан  кіріп,  екінші  құлақтан  шығып  кететін  қуатсыз  іс-

тәжірибе болғандықтан ешбір ықпал ете алмай отыр. 

Қазіргі  уақытта  бүкіл  әлем  ойшылдары  21  ғасырда  тек  сана  көгіне 

көтерілген  адамдар  ғана  өмір  сүре  алады  деген  тұжырымға  келіп,  жер 

бетіндегі  тіршілікті  сақтап  қалудың  амалын  іздестіруде.  Сол  амандықты 

қамтамасыз  ететін,  Алланың  үкіміне  ғана  бағынып  мәнді  де  мағыналы 

жаңаша ғұмыр бастауға мүмкіндік беретін ілім Алланың рахымымен бүгінгі 

күні  Қазақ  еліне  Ұлан  қожа  ұрпағы  Ордабай  Сандыбайұлы  арқылы  түсіп 

отыр.  

Бұл – Құрандағы 29 сүренің басында орналасқан, мағынасы Аллаға ғана 



аян  делінетін  «Хуруф-ул  Мұқатта-а»  14  әрпі  арқылы  оқылып,  адам  және 

әлемнің  бүгінгі  ғылымға  белгісіз  табиғи-тарихи  жаратылыс  заңдылығын 

ашатын,

 

дертке  дауа  болумен  қатар  иманды,  ойлы-саналы  ұрпақтың  өсіп-



жетілуін,  ел-жұрт  амандығын,  әлем  тыныштығын  қамтамасыз  ететін,  адам 

бойындағы  оның  өзіне  белгісіз  қабілет-қасиеттерін  ашатын,  табиғат 

апаттарынан,    радиациядан  қорғайтын,  мал  мен  егіннен  таза,  шипалы  өнім 

өндіруге,  археологиялық,  тарих  құпияларын  ашуға,  экологияны  жақсартуға, 

білім  мен  рухани  өнерді  өркендетіп,  ғылымның  барлық  саласы  бойынша 

әлемдік  жаңалықтар  ашуға,  экологиялық-энергетикалық  құрылыстар  салуға 

т.б. мүмкіндік беретін

 

аса қуатты да шипалы оқу жүйесі.  



 

 



Бұл әріптедің Құранда не үшін тұрғаны осы күнге дейін белгісіз болып 

келді. Заманалар бойы бұл сырды білмекке ұмтылғандар аз болмаған. Құран 

Алланың сөзі болғандықтан оған қажетсіз нәрсе енгізілмесі анық. Яғни, бұл 

әріптердің  қандай  да  бір  құпия  жасырып  тұрғаны  және  оның  адамзат  үшін 

игілікті  нәрсе  екені  шүбәсіз.  Олай  болса,  ол  құпия  бір  уақытта  ашылуы, 

игілігін  адам  баласы  көруі  тиіс.  Әсіресе,  үлкендерді  былай  қойғанда 

сәбилерге  дейін  туа  айықпас  дертке  шалдығып,  медицина  да  пышақ  пен 

химиядан  өзгеге  дәрменсіз  қазіргі  тұста  адамзаттың  жаңа  бір  дауа,  қуат 

көзіне  мұқтаж  болып  отырғаны  шындық.  Құран  аяттары  мен  дұғалардың 

шипасы зор екені белгілі. Бірақ 41 рет Ясин, 100 рет Аятул-Курси т.б. еселеп 

оқу  екінің  бірінің  шамасынан  келе  бере  ме?  Ал,  балалар  мен  Құран  әрпін 

танымайтын  адамдарға  мүлде  мүмкін  емес.  Мұндай  заман  келері  Аллаға, 

әрине,  аян,  сондықтан  да  Құранға  санаға  тез  қонатын,  қысқа  да  ықшам, 

қарттардың  да,  жас  балалардың  да  тілі  келетін,  оқып-жатталуы,  орындалуы 

оңай ілім көзін енгізген деуге негіз бар. Ілімнің артықшылығы да нақ осында 

– тілге жеңілдігінде.  

Қызығы тек мұндай тылсым оқудың не дін зерттеуші, не Ислам ғалымы 

емес, университеттің қарапайым ғана ұстазына берілгендігінде, оны Алланың 

не  үшін  таңдағанында.  Кейбіреулерді  «Пайғамбар  айтпағанды  адам  қалай 

айтады?»  -  деп  ойға  қалдырып  отырған  да  нақ  осы  жағдай.  Мұның  сырын 

біздер  –  қарапайым  пенделер  біле  алмақ  емеспіз:  не  істейтіні,  құпиясын 

қашан  және  кімге  ашатыны  Алланың  өзінің  еркінде.  Ал,  Алла  бергенді 

«алмаймын»,  айт  дегенін  «айтпаймын»  деуге  пенденің  шамасы  жоқ. 

Пайғамбарымыз (с.а.с) да Құранды алмаймын деп бас тарта алмаған. Біздер 

де  Аллаға  «Іліміңді  неге  Ордабайға  бересің?»  -  дей  алмасақ  керек.  Және 

Алланың  ықтиярынсыз  мұндай  күрделі  оқу  жүйесін

 

кім  ойынан  шығара 



алады  әрі  ондай  жалған  ілімнен  қандай  пайда  болмақ?  Сондай-ақ,  Алла 

Тағаланың  адамдарға  айтары  төрт  кітаппен  тәмәмдалды,  оларда  әлемнің 

миллиондаған  жылдық  өткені  мен  болашағының  барлық  құбылыстары  мен 

құпиялары түгел қамтылған, енді басқа беретіні де, білдіретіні де жоқ деуге 

бола  ма?  Егер  Алланың  берері,  көрсетері  таусылған  болса,  пайғамбарлар 

заманында  заты  тұрмақ  аты  да  болмаған,  бүкіл  жаратылыс  заңдылықтары 

мен сырларын ашқан физика, химия, кибернетика, астрономия, астрофизика, 

метафизика, медицина, генетика т.б. секілді  бүгінгі дүнияуи ғылым түрлері 

қалай пайда болды? Адам санасына Алла салмаса соның бәрі қалай ашылды? 

Бірақ оларды пайғамбарлар айтпаған нәрсе деп жоққа шығарған жоқпыз ғой. 

Рас,  Құранда  айтылған  нәрселер  көп,  алайда  айтылмағандар  одан  да  көп. 


 

 



Бүкіл  әлем  ғалымдары  болып  түсіндіріп  бере  алмай  отырған  жайттар 

қаншама? «Хуруф-ул Мұқатта-а» да, міне, Құраннан ашылған сондай ілім, 

тіршілігіміздің сан-саласын қамтитын  рухани-саналық ілім. Ол - емшіліктің 

барлық түрінен де жоғары тұрған таза оқу.  

Сондай-ақ, «Бұл шайтаннан емес пе екен?», - деп күмәнданудың да жөні 

жоқ.  Өйткені  Шуара  сүресінің  210-212  аяттарында:  «Құранды  аспаннан 



шайтан  алып  түскен  жоқ.  Олар  бұған  лайықты  да  емес,  шамалары  да 

келмейді. Мұндай мүмкіндіктен олар мақұрым қалдырылған»,- делінген. 

Алла  Тағала  Құранның  құпиясын  шайтанға  бермек  емес.  Керісінше,  бұл  - 

соларға қарсы, мойынға мініп алған жын-шайтанды  қуып шығаратын рухани 

қуатты қару.  Өйткені «Хуруф-ул Мұқатта-а» оқылып жатқанда олар мәнін 

түсінбегендіктен еш араласа алмай аңтарылып тұрып қалатын көрінеді.  Ал, 

Пайғамбар (с.ғ.с.) неге ештеңе айтпаған дегенге келсек Құран жатталып, есте 

сақталуы  тиіс  болғандықтан  әуелгіде  қағазға  түсіруге  рұқсат  етілмегені 

секілді адамдар Құранды былай қойып, әріптер арқылы оқылатын оңай жолға 

әдеттеніп кетпесін дегені болса керек.  

 «Хуруф-ул Мұқатта-а» оқуына байланысты атқарылатын барлық істер: 

қай  әріптің  қай  нәрсеге,  қанша  рет,  қандай  жүйемен,  қалай  оқылатыны, 

шипалы  заттарды  қалай  дайындап,  қалай  пайдалану  керектігі  –  бәрі  де 

Рухани  әлемнен  алынып  отырылады.  Ал,  Рухани  әлем  дегеніміз  біреулер 

шошынатындай  дүниеден  өткен  адамдардың  жандары  орналасқан  әруақтар 

әлемі емес, бүкіл адамзат тіршілігінің бағдарламасы салынған Ақпарат әлемі 

(Единый  энергоинформационный  мир)  болып  табылады.  Бұл  әлем  туралы 

ресейлік ғалым, академик Юрий Негрибецкий: «Это озарение, интуиция - в 



той или иной степени этот дар присущ каждому человеку... А информация 

обо  всем,  видимо,  всегда  присутствует  в  пространстве  –  в  ноосфере,  в 

вакууме.  Надо  только  суметь  ее  выудить»,  -  десе,    орыс  ғалымы  В.И. 

Вернадский  «Ноосфера  -  есть  сфера  разума»,  -  дейді.  Ал,  физиктер 

вакуумнің ақпаратқа лық толы кеңістік екенін анықтаған. 

Әйгілі Ванга да: «Ойша сұрақ қоямын, жауабы басыма өзінен-өзі келіп 



тұрады», - деген. Зерттеушілер ол туралы: «Ванга умела слышать и видеть 

то,  что  не  «ловят»  другие.  Ее  мозг  был  настроен  на  поиск  информации, 

словно  компьютерная  поисковая  система»,  -  деп  жазған.  Кезінде  талай 

ғарышкерлер  Көкте  неше  түрлі  ғажайып  жағдайларға  тап  болған  көрінеді. 

Бұл  туралы  ғарышкер-сынаушы  Сергей  Кричевский:  «Космонавт  начинает 

воспринимать  идущий  откуда-то  извне  поток  информации.  То  есть 

возникает  ощущение,  что  кто-то  мощный  и  великий  снаружи  передает 


 

 



некую  новую    и  необычную  для  человека  информацию»,  -  дейді.  Оларға  аса 

қуатты  тылсым  ақпарат  көзінен  ғарыштық  сапардың  апатты  жағдайлары, 

техникалық ақаулар туралы дер кезінде ескертулер жасалып отырған.  «Если 

бы  не  вещий  сон,  -  дейді  Кричевский,  -  космонавты  могли  бы  погибнуть. 

Поразительна  и  точность,  детализация  опасных  моментов.  Так,  «голос» 

предсказал  смертельную  опасность,  которая  поджидала  космонавтов  при 

выходе  в  открытый  космос.  Эта  опасность  была  показана  несколько  раз, 

прокомментирована «голосом». В реальном выходе, при работе вне станции, 

все это подтвердилось абсолютно: космонавт оказался подготовлен и спас 

свою жизнь, иначе улетел бы от станции» («Тайная доктрина». N8. 2010). 

Орекеге    де  мәліметтер    осылайша  Ұлы    Сана    желісі    бойынша    үш 

жолмен:  а)  түс-аян;  ә)  саналық  қабылдау;  б)  саналық  бейнелеу  арқылы 

беріледі.  



Аян-түстердің алдағы істердің жоба-жоспары, бағыт-бағдары, белгілер, 

хабарлар, ескертулер болып табылатыны бүгінде баршамызға белгілі. Өткен 

ғасырларда  өмір  сүрген  ғылым  мен  өнер  қайраткерлерінің  өздерін 

толғандырған  мәселелердің  шешімін  түстерінде  көргендері  туралы  тарихи 

мысалдар  өте  көп.    Менделеев  таблицасы,  Бетховеннің  каноны, 

Грибоедовтың  «Ақылдың  азабы»  туындысы,  Лермонтовтың  қиын  есептің 

шешімін,  ал  Ломоносовтың  әкесі  опат  болған  аралды  табуы,  Ибраһим 

пайғамбардың (а.с) баласын құрбандыққа шалайын деп жатқаны, Мұхаммед 

пайғамбардың (с.а.с) Меккеге кіретіні секілді қаншама оқиғалардың бәрі түс 

арқылы  берілген.  Пайғамбарымыздың  өзі  (с.а.с):  «Шыншыл  түс  – 



пайғамбарлықтың  қырық  алтыдан  бір  бөлігі»,  «Менен  кейін  пайғамбар 

болмайды,  бірақ  түс  болады»,  -  деген.  Аристотель  түсті  күндізгі  ойдың 

ұйқы  кезіндегі  жалғасы  деп,  ал  түс  туралы  тұңғыш  психоаналитикалық 

трактат  жазған  Зигмунд  Фрейд    «Сана  жетпеске  сара  жол»  -  деп  санаған. 

Антрополог  Килтон  Стюарт    «Құдайдың  хатталмаған  хаты»  -  деп  атаған. 

Австриялық  психиатр  дәрігер  Альфред  Адлер  түсті  «шынайы  өмірге 

толықтырма» -  деп есептеген. Көптеген ғалымдар мида белгілі бір «көріпкел 

аппарат» барын байқаған. Сол арқылы ми қандай да бір жағдайды бағамдап-

бағдарлай алатын көрінеді. Сондай-ақ, ВВС-тің «Невероятно, но факт» деген 

деректі  телебағдарламаларының  бірінде  «Сананың  кейбір  деңгейлерінде 

уақыт  деген  ұғым  жоқ.  Сана  мимен  ғана  шектелмейді.  Түс  адамның 

санасымен алынады. Ұйқы кезінде сана Көк шекараларына шығады. Түс тура 

да, бейнелі түрде де болады. Аян арқылы беріледі. Көкірек көзіміз ашылып, 

алыс пен жақынды көре аламыз», - делінсе, физика, математика ғылымының 


 

 



докторы  С.  Ерматов  «Кім  түсінде  аян  көрсе,  ол  нәби  болады»,  -  дейді.  Ал, 

нәбилердің де Алладан хабар алушылар екені белгілі. 

Орекенің де бүкіл тыныс-тіршілігі түс тылсымына бағындырылған. Алда 

болатын  жағдаяттар,  істелетін  істер,  рухани  емнің  жаңалықтары  -  тағысын 

тағы мәліметтердің бәрі оған түс арқылы беріледі. Мысалы, түсте көрсетілген 

жусан  мен  раушан  гүлінің  шоғы  сүйек  ауруына  арналған  бұлау  болып 

шыққан. Оны То-Син-Мим әріптерін 14 рет айтып  қабылдау қажет көрінеді. 

Бекет  ата  ақ  тасы Орекенің  түсінде  Елбасы екеуінің ортасында дастарқанда 

жатқаны көрсетіліп, кейін оны дәріге қосу керектігі мәлім болған. Бұлар түс 

арқылы берілетін мәліметтердің тек бір-екі мысалы ғана. 



Саналық қабылдау дегеніміз істер ісіңнің кәдімгі ойға келуі.  «Хуруф-

ул  Мұқатта-а»  жұмысына  байланысты  барлық  шараларды  Ореке  Ұлы  сана 

желісі арқылы оймен алып отыратын көрінеді. Ғалым әр-Рағиб әл-Исфаһани 

да  «Пайғамбарлық  міндет  жүктелмеген  қарапайым  адамға  илһам  беріліп, 

оның  көкейіне  белгілі  бір  ой  салынады»,  -  десе,  Ибн  Қаййм  әл-Жузи  тура 

жолға  бастаушылықтың  10  дәрежесі  барын  айта  келіп,  соның  бесіншісін 

былай түсіндіреді: 

«...Түсіндіру,  көкейге  салу  арқылы...  «Сонда  оның  шешімін 

Сүлейменнің  көкейіне  салдық»  (Әнбия  сүресі,  78-аят),  -  дегендей,  Алла 

пенденің  жүрегін  сәулелендіріп,  сол  арқылы  адам  дұрыс  шешімді  біледі, 

басқалар  ұға  алмағанды  ұғады»,  -  дейді.  Мысалы,  айтып,  көкейге  салудың 

үлкен  үлгісі  Құран  деуге  болады.  Оны  Алла  Жебірейіл  (а.с)  періштеге 

айтқызды емес пе? Сондай-ақ, 18-19 ғасырлардағы ғалымдардың бәрі дерлік 

зерттеген  мәселелерінің  түйініне  келіп  тірелген  ең  соңғы  сәтте  ғана 

көкейлеріне шешімі келетінін, оның ар жағында қандай да бір Құдыретті күш 

тұратынын  мойындап  кеткен  (Харун  Яхия.  Коран  указывает  путь  науке). 

Былайша айтқанда радио, телеантенналар хабар, көрсетілім толқындарын әуе 

кеңістігінен  қалай  қабылдаса,  адам  да  ғарыштық  тылсым  хабарларды  дәл 

солай  қабылдай  алатын  көрінеді.  Шынында  да  адам  қолымен  жасалған 

сымдардың шамасы жеткен нәрсеге Алланың ең озық жаратылысы адамның 

неге шамасы жетпеске? Әрине, жетуі тиіс. Бұған жер бетіндегі бізге дейінгі 

өркениет  –  атланттарда  тілдік  байланыстан  гөрі  осындай  саналық 

байланыстың  басым  болғандығы  мысал.  Алайда  бұл  қабілетті  адам  баласы 

жоғалтып  алған.  Ал,  «Хуруф-ул  Мұқатта-а»  оқуы  арқылы  сана  көзі 

ашылған  адамдар  Ұлы  сана  желісі  арқылы  Рухани  әлемнен  қажетті 

ақпараттарды  ап-анық  қабылдай  алады.  Ол  ақпараттардың  тап-таза  күйде 

болатындығы жөнінде Тайгада өмір сүріп жатқан Алланың ерекше жаратқан 


 

 



пендесі  Анастасия:«В  пространстве  есть  и  мои,  и  твои  мысли,  мечты,  их 

может  слышать  каждый,  кто  захочет.  Истину  без  искажения  способна 

слышать лишь собственная чистота. Ответ рождается как будто в виде 

мыслей собственных, собой произведенных. Как разобраться во влаго голос 

или  нет?  Звучит  не  просто  слово:  вспыхнут  чувство,  эмоции  души,  слезы 

радости в глазах, ощушение тепла, и запахи, и звуки. Порыв, потребность к 

сотворению,  жажда  к  очищению,  -  это  значит  ты  ясно  слышишь  мысли 

Света»,  -  дейді.  Мысалы,  Орекенің  Санкт-Петербургте  жүргенде  метрода 

кетіп бара жатып оқыған оқуының үнін дәл сол мезгілде мүлде басқа жердегі 

парапсихологтардың естуі кеңістікке толқын болып тараған үнді сана каналы 

ашық  адамның  антенна  секілді  қабылдап  ала  алатынының  дәлелі  болып 

табылады. 

Сондай-ақ,  орыстың  атақты  нейрофизиолог-академигі,  көп  жыл  Ресей 

медицина  ғылымы  академиясының  Миды  зерттеу  институтын  басқарған, 

ондаған жылдарын миды зерттеуге арнаған Наталья Бехтереваның өзі де: «По 



сути,  о  работе  мозга  нам  не  известно  почти  ничего...  Это  самый 

тайнственный  человеческий  орган.  Откуда  же  поступает  в  мозг 

информация?»  -  деп  таңырқаған.  Бұған  ол  ері  қайтыс  болғаннан  кейін 

онымен түсінде емес, ояу кезінде-ақ «тілдесіп», аяқталмаған қолжазбасының 

қайда  жатқаны,  оны  қайда  апаруы  керектігі,  өзі  әлек  болып  іздеп  таба 

алмаған  маңызды  құжаттардың  қай  жерде  екендігі  жайлы  нақты  нұсқаулар 

ала  бастағаны  себеп  болған  көрінеді.  Бұл  оның  күйеуінің  рухымен  екеуінің 

арасында саналық байланыс пайда болғанын көрсетеді. 

Осындай саналық байланыстың ерекше бір мысалы - 2008 жылы Рамазан 

айында  Алатаудан  Алланың  атымен  таңбаланған  тамырдың  алынуы.  Бұл  –

Ордабайдың лейкоз балалардың ата-аналарының өтініші бойынша Алматыға 

келіп,  төрт  ай  бойы  жүргізген  жұмысы  барысында  болған  оқиға.  Оқу 

барысында сана көзі ашылған 11 жастағы Ернар деген бала Рухани әлемнен 

бұлақ, «Айдаһар шөп» деген өсімдік туралы және оларды қайдан, қалай іздеу 

керектігі  жөнінде  мәліметтер  ала  бастады.  Сол  белгілер  бойынша  табылған 

өсімдік тамырынан үш күннен кейін ап-айқын болып Аллаһ деген Жаратушы 

Иеміздің  аты  көрінді.  Бұл  балалар  шипагері  ретінде  көп  жыл  бойы  арнайы  

дәрі сұрап жалынып жүрген Орекеңе Алланың берген дәрілік өсімдігі болып 

шықты.  Ғалымдар  өсімдіктің  биологиялық  құрылымы  мен  химиялық 

құрамын  ғана  білсе,  Рухани  әлем  олардың  күш-қуат  өрісі  мен  рухани 

дәрежесінің  де  болатынын  білдіруде.  Бұл  табылған,  міне,  нақ  осындай 

өсімдік.  Ол 80  түрлі  дертке дауа  делініп  отыр.  Дәрі  бұл өсімдік  тамырынан 



 

 



бал  арасының  ұясына  иленіп  жасалынады.  Ал,  ұяның  өзі  90  түрлі  ауруға 

шипа  көрінеді.  Бұл  дәрінің  қуатының  қандай  екенін  осыдан-ақ  шамалай 

беруге болады. Қазір бұл бас тамыр сақтаулы тұр. Орекеңе «Тамырмен дұрыс 

жұмыс жасамасаң күлге айналдырамыз!» - деген ескерту де жасалған.  

Көк әлемінен берілетін хабар тек санаға келу ғана емес, айтып, көрсетіп 

жаздырту  (диктовка)  түрінде  де  болады.  Ресей  психология  ғылымының 

докторы,  профессор  Владимир  Воробьев  мәскеулік  18  жасар  Лев  Федоров 

деген  бозбаланың  Ұлы  Отан  соғысы  басталардан  17  күн  бұрын  күнделігіне 

соғыстың  басталуынан  аяқталуына  дейінгі  барлық  оқиғаларды  жазып 

қалдырғаны  туралы  айта  келіп:  «Люди  испытавшие  такого  рода  прозрения 



описывают  это  состояние,  как  будто  некто  или  нечто  «вынуждает»  их 

взяться  за  перо  и  написать  некий  текст,  словно  под  диктовку  «свыше». 

Некоторые  при  этом  видят  яркие  образы,  слышат  «голоса»...  Состояние 

«пророчества», которое некоторые медики называют «внезапно возникшим 

спонтанным  помешательством»,  на  самом  деле,  думаю,  нечто  иное,  чему 

наука пока не готова дать точную оценку», - деп мойындайды.  

Мысалы,  «Хуруф-ул  Мұқатта-а»  Тілек  тәсбихы,  Шипалы  саналық 

намаз т.б. оқу нұсқалары осылай айтып-көрсетіп жаздырту арқылы алынған. 

Осы секілді Қызылордада да Рухани әлемнен бір Атаның айтуымен шариғат 

әңгімелерін  нақ  осылай  жазып  алып  отырған  Нұртуған  есімді    кісі  бар.  Ол 

әңгімелердің бәрі адамзатқа арналған таза діни насихат.  

Үшінші жол – сана қабылдаған мәліметтің бейнелі көрінісі. Яғни, Алла 

сана  көзін  ашқан  адамның  көз  алдында  теледидар  секілді  экран  ашылып, 

хабарды бейнелі түрде алады.  «Хуруф-ул Мұқатта-а» өнімдері – Ұлы сана 

домбырасы, омырау белгілер (значоктар), плакаттар, листоктар, карточкалар, 

құлағы  естімейтін  балаларға  арналған  сырға,  су  тазартқыш,  шипалы  сақина 

секілді  рухани  заттармен  қатар  Экологиялық  мұнара,  Бейбітшілік  туы, 

Бейбітшілік белгісі т.б. үлгілері осындай жолмен көрсетілген.  

Жоғарыда  атап  кеткен  «Невероятно,  но  факт»  деректі  фильмінің  тағы 

бірінде  «Рухтармен  дәнекер  адамдар  арқылы  тілдесуге  болады.  Олардың 

байланысқа  шығатыны  рас.  Олар  Көк  шекарасынан  өтіп  келеді.  Әлдебір 

мәлімет  береді,  тілек  айтады»,  -  делінген.  Расында  да  көкте  қаншама 

пайғамбарлардың, ғұламалар мен ойшыл-даналардың т.б. рухтары бар. Олар 

шынымен де байланысқа шығып, пайдалы мәліметтер, қажет жағдайда көмек 

те  бере  алатын  көрінеді.  Солардың  байланыс  үшін  жер  бетінен  таңдаған 

адамдары  арқылы  беретін  хабарларының  ақиқаттығы  ешқандай  күмән 

туғызбайды,  өйткені    оның  бәрі  ешбір  ғылымға  мәлім  болмаған,  бүкіл 



 

 



адамзат үшін аса маңызы мәліметтер, ескертулер мен кеңес-нұсқаулар болып 

табылады. 

Мысалы, кеңестік бір  ғарышкер Көк әлемінен о дүниелік болып кеткен 

анасының  «Ұлым,  кетіңдер  бұл  жақтан.  Сендер  мұнда  тым  ерте 

келгенсіңдер»,  -  деген  даусын  естіген.  Американың  Сан-Антонио  штатында 

1940  жылы  ішінде  10  оқушы  бар  автобусты  пойыз  басып  өтіп  бәрі  опат 

болған  көрінеді.  Кейін  осы  жерге  келгенде  машиналар  тоқтап  қалып, 

алдының  өр  екеніне  қарамастан  әрі  қарай  өздігінен  жүретін  болған.  Мұны 

зерттеген  кезде  машинадан  балалардың  қолдарының  іздері  табылған.  Яғни, 

қауіпті жерден көліктерді балалардың рухтары итеріп өткізетін болған.  

Рухтармен  байланыстың  талай  мысалын    өзім  де  көрдім.  Соның  бірі 

Қызылордадағы  жұмыс  барысында  Гүлнұр  қыз  деген  әулиенің  құдығынан 

әкелінген  суға  байланысты  болды.  Мен  жұмыс  істеп  отырған  столдың 

жанында  тұрған  аузы  тығындаулы  10  литрлік  шөлмектен  10-12  минуттай 

тықыл  естілді  де  тұрды.  Ореке:  «Манағы  әулиенің  рухы  еріп  келген  ғой»,  - 

деді.  Кешкі  оқу  басталған  кезде  үйдегі  көріпкелдігі  ашылған  келіншек  мен 

отырған  бөлмеге  кіріп,  шөлмекке  екі  алақанын  қойып  аз  ғана  отырды  да, 

тығынын ашуымды сұрады. Келіншекке рух: «Даланың құдығының суы ғой, 

аузын ашып қойыңдар, тұншығып қалады»,- депті.  

 «Құранның жаңа білімі – «Хуруф-ул Мұқатта-а» кереметтері» және 



«Учение Хуруф-ул Мукатта-а» - путь к омоложению и долголетию» атты 

кітаптарда  келтірілген  «Твори  исцеление  людей,  помогай всем,  кто  потерял 

надежду и веру. Заряжай их своей энергией Света и Любви...» (03.03.2000) - 

деген  Иса пайғамбардың (а.с.), «Ордабай  - қазақ халқының емшісі»  - деген 

Мұхаммед  пайғамбардың  (с.ғ.с.)  (14.01.1996),  «Хуруф-ул  Мұқатта-а»  ілімі 

әлемнің  рухани  құралына  айналады.  Бір-біріңді  тыңдаңдар»  (07.09.2002)  – 

деген Арыстан бабтың, «Кітапхана үш қабат жер астында. Уақыты келгенде 

аласыңдар, сатуға болмайды» (11.02.1997) - деген Әл-Фарабидың рухтарынан 

түскен  бата-тілектер,  әр  түрлі  жоба-бағдарлар,  айтылулар  мен  жаздыртулар 

(диктовка) Алланың құдыретімен болған осындай байланыстардың нәтижесі. 

Рухтармен  байланыстың  үлкен  мысалы  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  Миғраж 

түні  Әл-Ақса  мешітінде  өзге  пайғамбарлармен  бірге  намаз  оқып,  Көк 

қабаттарында олармен жүздесіп, тілдескені дер едік. Сонда Пайғамбарымыз 

(с.а.с)  олардың  физикалық  денесін  емес,  рухани  бейнесін  көріп,  саналық 

байланыс арқылы түсініскен. 

Сондай-ақ,  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  басқа  бір  байланысшы  арқылы 

адамдарға  жолдаған:  «Алланы  сүйіңдер,  бір-біріңді,  жер  бетіндегі  барлық 


 

 



адамдарды,  Жер  шарын  сүйіңдер.  Барлықтарыңды  Алла  жарылқасын!»  - 

деген  сәлемін,  1996  жылы  27-қыркүйекте  тоғыз  жасар  Зульфия  Сүлеймен 

немересіне Күн бетінен көрінген Нұрлы бейненің: “Бәрі де жақсы болады!” –

деген  сүйінші  хабарын,  Алматыда  тұратын  Нұрсәбет  деген  кісіге  де  1994 

жылы  түсінде  Күннің  бетін  толық  жапқан  Нұрлы  бейненің:  «Пенделерім, 

құлшылық қылыңдар!» - деп әмір еткенін жынның хабары дей алмасақ керек. 

Мінеки,  «Хуруф-ул  Мұқатта-а»  ілімінің  осыншама  жыл  бойы  алынып 

және  пайдаланылып  келе  жатқан  мәліметтері  мен  шипалық  шараларының 

бәрі  жай-жапсарына дейін дәлме-дәл көрсетілетін осындай байланыстардың 

арқасында жүзеге асырылуда.  

Дүниенің  пенденің  ақылы  жетпейтін  тылсым  сырлары  көп.  Бірақ  сана 

деңгейіміз  жетпегеннің  бәрін  жын-шайтанға  жапсыра  беру  қате.  Болмасты 

болдыра алатындай олар соншалықты құдыретке ие емес. Олай ойлаудың өзі 

оларды  Аллаға  теңестіру,  нағыз  ширк  болып  табылады.  Шындығына 

келгенде  мұның  бәрі  Жазушылар  Одағының  мүшесі,  белгілі  ақын  Жұма 

Назар Сомжүректің «Аллаға тілек» деген өлеңінде: 

...Сондықтан көңіл бұрғайсың, 

Сенімі жұрттың ұлғайсын. 

Күркіреп сонау Көгіңнен, 

Тым болмаса жүз жылда, 

Көрініп кетіп тұрғайсың! – 

деп өтініп-тілегеніндей мейірімді де рахымды Алла Тағаланың хикметтері, 

Өзін танытпақ белгілері, пенделеріне деген сүйіспеншілігінің көрінісі десек 

керек. 


Қорыта  айтқанда  бұл  –  Алла  Тағаланың  қазаққа,  қазақ  арқылы  бүкіл 

адамзатқа беріп отырған нығметі, ғасырлар бойы ешкімнің қолына түспеген 

әлемдік жаңалық. Президентіміздің санасына Алла салып, қайта-қайта сұрап 

отырған  «Әлемде  жоқ  өршіл,  ілкі  жоба»  мен  жас  ұзарту  (он  үш  мүшелге 

дейін)  амалы  нақ  осы.  Егер  осы  оқу  әр  отбасында,  балабақшаларда, 

мектептер  мен  басқа  да  оқу  орындарында,  ауруханаларда,  мекемелерде    ең 

болмағанда  7  -  14  минут  қана  тұрақты  оқылып  немесе  дискісі  қосылып,  ия 

болмаса радио не телеарналар арқылы  беріліп отырылар болса, сәбилеріміз 

шыңдалып,  тентек  балаларымыз  өзінен-өзі  түзеліп,  жастарымыз  жігерленіп, 

азаматтарымыз  рухтанып,  қарттарымыз  қуат  алып,  сырқат  жандар  дауа 

тауып,  қоғамдағы  имансыздықтардың  бәрі  тыйылып,  бейбіт,  ынтымақты 

тіршілік орнығар еді. 

 Бұл  ілім  медицинадан  бастап  ғылымның,  тіршілігіміздің  барлық 

саласында қолданыс тауып, нәтиже бере алады. Сондықтан да ол ғалымдар, 



 

10 


 

дәрігерлер,  инженер-конструкторлар  т.  б.  салалар  мамандарынан    ғылыми 

топ  құрып,  лабораториялық  тәжірибелер  жүргізіп,  жүйелі  зерттеуді  қажет 

етуде.  Олай  болса,  Дін  басқармасының  пәтуа  бөлімінің:  «Хуруф-ул 



Мұқатта-а» оқуына адам пәтуа бере алмайды, оны қалай берілсе, солай 

пайдалана  беруге  болады»,  -  деген  сөзіне  сүйене  отырып,  білімді  адамдар 

бірігіп  «Хуруф-ул  Мұқатта-а»  ілімін  ғылыми  жолға  қойып,  зерттеп, 

қорытындысын шығарып, игілігін Қазақ елі атынан бүкіл әлемге жарияламақ 

керек. 


Шәрбану Әбдірахманқызы, 

дін танушы 

 

    СЫРЫН АШҚАН, НҰРЫН ШАШҚАН «ХУРУФ-УЛ МҰҚАТТА-А» 

Бүгінде  сан  түрлі  дауасыз  дерттер  көбейді.  Әсіресе,  ана  мен  бала 

денсаулығы төмен. Қазіргі кәсіби медицина жаза алмай отырған аурулардан 

адамды бір құтқарса тек Алланың білімі -  «Хуруф-ул Мұқатта-а» оқуы ғана 

құтқара  алмақ.  Өйткені  бұл  оқу  ең  алдымен  ДНК  мен  РНК-ны 

қуаттандыратындықтан,  ағзаның  әу  бастағы  Алладан  берілген  сауығу  және 

қорғаныс  бағдарламасы  қалыпқа  келіп,  иммунитет  күшейеді.  Сондай-ақ,  ол 

хромосоманың  бізге  белгісіз  заңдылықтарын  ашуға  мүмкіндік  береді.  Ал,  

қазіргі қолданылып жүрген химиялық дәрілер керісінше хромосоманы талқан 

етіп,  клеткалардың  табиғи  қызметін  бұзады  («Два  абсурда  со  СПИДом  и 

раком».  Газета  «Тайная  доктрина»,  N13.  2010).  Демеу  жасалып, 

қуаттандырылған иммунды жүйенің тіпті соңғы сатыдағы рактың өзін де екі 

айда-ақ  жеңіп  шығатынын  британиялық  дәрігерлер  де  байқаған.  Сондықтан 

да ресми медицина мен шипагерлік бірігіп жұмыс жүргізуі тиіс. Өйткені бұл 

уақыт талабы. Қазіргі уақытта асқынып кеткен ауру түрлерінің беті тек күш 

біріктіргенде ғана қайтпақ.  

Санкт-Петербургте  хосписте  де,  ауруханада  да,  Онкологиялық 

орталықта  да  шіркеу  қызметкерлері  қайырымдылық  жұмыс  жүргізеді.  Бұл 

ондағы дәрігерлердің рух пен тәннің егіз екенін, рух қуаттанбайынша тәннің 

де сауыға алмайтындығын, сауыққан күнде де оның ұзаққа бармайтындығын 

жақсы  түсінетіндіктерін  көрсетеді.  Рухани  әлемнен  сырқатқа  Құранның 

100%, рухани-табиғи дәрілердің 95% шипа беретіні белгілі болып отыр. Ал, 

химиялық дәрілер туралы еш мәлімет жоқ. 

Бүгінде  Ұлы  Жаратушыға  деген  сенім  мен  дұғаның  сырқаттың  тез 

сауығуына  септігі  зор  екенін,  ол  ауру  адамның  рухын  көтеріп,  қуат-күшін 

арттыратынын  шетелдік  дәрігерлер  де  мойындауда.  Америка  мен 



 

11 


 

Ұлыбританияда  мамандар  арнайы  бақылау  жүргізіп,  туған-туыстары  ұдайы 

дұға  еткен  сырқат  адамдардың  жағдайы  жеңілдеп,  өзгелерге  қарағанда 

аурудан  тезірек  айығатындарын,  сондай-ақ  Аллаға  сенетін  және  Оның 

заңдарын  бұлжытпай  орындайтын  жандардың  арасында  өмірден  ерте 

озатындардың  Құдайды  танымайтындарға  қарағанда  25%  аз  болатынын 

байқаған.  Ал,  бір  топ  дәрігер  жүректеріне  операция  жасалғандарға  бақылау 

жүргізу  арқылы  дұғаның  сырқатты  сауықтырудағы  ғаламат  күшін 

дәлелдеген. 

Алғашқы  үлкен  сынақтан  Санкт-Петербургте  онкология,  радиология 

орталықтары  мен  хоспистерде  өткен  «Хуруф-ул  Мұқатта-а»  ілімі  рухани 

медицина болып табылады. Өйткені бұл ресми медицина секілді рух-жан-тән 

бірлестігінен  тәнді  жеке  бөліп  алмайды.  Медицина  атасы  Гипократтың  өзі: 

«Қандай  аурумен  сырқаттансаң  да  жан-дүниеңді,  рухыңды  дұрыс  ұстап, 

тамақтан  қалмасаң  –  жақсылықтың  белгісі»,  -  дегеніндей,  оқу  осы  үшеуін 

бірдей тазартып, сауықтырады.  

Шипа  негізінен  энергиялық  тұрғыдан  әсер  етуге  негізделген.  Мысалы, 

Ресейдегі  Симфереполь  политехника  институтының  электродинамика 

зертханасының  меңгерушісі  В.Альтухов    тәжірибелер  жасау  арқылы 

Құраннан  да және оны оқыған, дұға еткен адамдардан да нұр, яғни энергия 

шығатынын  анықтаған.  Міне,  Алланың  осы  нұры  (энергия)  адамның  бүкіл 

бойына  толқын-толқын  болып  тарап,  ағзадағы  барлық  биологиялық 

үрдістерді  тездетіп,  ондағы  жылдап  жиналған  ластықтар  мен  ауру 

зардаптарын  біртіндеп  ығыстырып,  медициналық  дәрі-дәрмектер  сияқты 

бетін  бүркеп  жаба  салмай  түбірімен  қозғап  шығарады.  Бүгінде  «Хуруф-ул 

Мұқатта-а»  ілімінің  өмір  жасты  он  үш  мүшелге  дейін  ұзарта  алатыны 

туралы мәлімет алынып отыр. 

 

«ХУРУФ-УЛ МҰҚАТТА-А» ШИПАЛЫ  САНАЛЫҚ НАМАЗЫ 

Лә иләһә илла Аллаһ Мухаммадур расулуллаһ 

Бисмилләһир рахманир рахиим  

Тұрып: Әлиф-Ләм-Мим (дыбыстап 3 рет) 

Отырып:  Әлиф-Ләм-Ра (дыбыстап 6 рет) 

Йә-Син (ойша 3 рет) 

 Тұрып: Кәф-Һә-Йә-Ғайн-Сад (дыбыстап 3 рет) 

 Ха-Мим (дыбыстап 5 рет) 

 Отырып: То-Һә (дыбыстап 4 рет) 

 Ха-Мим. Ғайн-Син-Қаф (ойша 3 рет) 


 

12 


 

Субханәкә Аллаһуммә уә бихамдик, уә тәбәракәсмук, уә тағалә жәддук, 

уә лә иләһә ғайрук (ойша 1 рет) 

Сәжде: Астағфируллаһ (дыбыстап 3 рет) 

 

Бұл  Саналық  намазды  таңда  3  рет,  бесінде  4  рет,  екінтіде  8  рет,  ақшамда  2 



рет, құптанда 4 рет оқуға болады. Ал, отырып-тұра алмайтын немесе  уақыты 

жоқ  адамдарға  таңертең  және кешке  екі  қол  саусақтары  ұштарын  түйістіріп 

отырып 7 рет оқу ұсынылады. Бұл оқу  бедеулік пен белсіздік, қатерлі ісік 

т.б. дауа болып, үш мүшел жастағы қуат-күшті сақтауға мүмкіндік береді. 

 

«ХУРУФ-УЛ МҰҚАТТА-А» ШИПАЛЫ ХАТЫМ-ҚҰРАНЫ 

(күніне 2 рет оқылады) 

 

1. Фатиха сүресі - Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад – Ыхлас сүресі. 

2. Фатиха сүресі - То-Сиииин-Миииим – Мәсәд сүресі.  

3. Фатиха сүресі - То-Һә – Аятул Курси 



 

ФАТИХА СҮРЕСІ 

 

 Бисмилләһир-рахманир-рахиим.  Әлхамду  лилләһи  раббил  ғаламиин. 

Әр-рахманир-рахиим. Мәлики йәумиддиин. Йәкә нәғбуду уә йәкә нәстәғиин. 

Иһдинас  сиратал  мустақиим.  Сиратал  ләзиинә  әнғамтә  ғаләйһим.  Ғайрил 

мәғдууби ғаләйһим уәладдаллин. 

 

ЫХЛАС СҮРЕСІ 

 

 Бисмилләһир-рахманир-рахиим.  Қул  һууә  Аллаһу  ахад.  Аллаһус  самад. 

Ләм йәлид уә ләм йуләд уә ләм йәкул ләһу куфууән ахад.  

 

МӘСӘД  СҮРЕСІ 

 Бисмилләһир-рахманир-рахиим.  Тәббәт  йәдәә  әбии  ләһәбиу  уә  тәббә. 

Мәә әғнәә ғанһу мәәлуһу уә мә кәсәб. Саяслә нәран затә ләһәб. Уәмра-әтуһу 

хаммә ләтәл хатаб. Фии жиидиһа хаблум мим мәсәд. 

АЯТУЛ КУРСИ 

 Бисмилләһир-рахманир-рахиим.  Аллаһу  ләә  иләһә  иллә  һууәл  хаййул 

қаййум. Ләә тә-хузуһу синәту уә ләә нәум. Ләһу мәә фис сәмауати уә мәә фил 

ард,  мән  зәлләзи  йәшфәғу  ғиндәһу  илләә  би-изниһ,  яғләму  мәә  бәйнә 

әйдииһим уә мәә халфәһум уә ләә йухиитуунә бишәйим, мин ғилмиһи илләә 

бимәә ша-а уәсиға курсййуһус сәмауати уәл ард, уә ләә йә-удуһу хифзуһумә 

уә һууәл ғалиййул ғазиим. 



 

13 


 

(Ескерту: сүрелер де, «Хуруф-ул Мұқатта-а» әріптері де оқылу ережесі 

бойынша берілді). 

«ХУРУФ-УЛ МҰҚАТТА-А»  ТІЛЕК ТӘСБИХЫ 

(Бұл оқу таңертең және кеште 1 реттен оқылады) 

  І.  Тізерлеп  отырып,  оң  қолдың  бас  бармақ  ұшымен  балаң  үйрек  (2) 

басына, ортаң терек (3) екінші бақалшағына, шылдыр шүмек (4) пен  кішкене 

бөбек  (5)  үшінші  бақалшақтарына  тигізіп:  Бисмилләһир-рахманир-рахиим  - 

деп То–Һә әріптерін  сол қолмен он рет санап, 40 рет айтамыз.  

  ІІ. Сол күйде оң қолдың бас бармағымен 2, 3, 4, 5-саусақтардың ұшын 

басып, сол қол саусақтарымен он рет санап: Бисмилләһир-рахманир-рахиим – 

деп Йә -Сиииин әріптерін  40 рет оқимыз. 

        ІІІ. Бисмилләһир-рахманир-рахиим.  

 Астағфируллаһ (оң иыққа бас бұру) 

 Астағфируллаһ (сол иыққа бас бұру) 

 Астағфируллаһ (оң иыққа бас бұру) 

 ІV.  Сол  отырған  күйде  Бисмилләһир-рахманир-рахиим  деп  оң  қолдың 

бас  бармақ  және  балаң  үйрек  саусақтарын  бір-біріне  бүгіп,  екі  алақанды 

ашып: Әлиф-Ләәәәм-Миииим әріптерін үш рет оқимыз. 

V.  Орнымыздан  тұрып,  екі  алқанды  ашып:  Бисмилләһир-рахманир-



рахиим - деп Йә -Сиииин әріптерін 5 рет дыбыстап айтамыз. 

VІ. Қайта тізерлеп «Мұқатта-а» 14 әрпін оң және сол қол саусақтарын 

алма-кезек бүгіп, төменде көрсетілгендей бір рет оқып шығамыз:  

 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 



Әлиф-Ләәәәм-Миииим 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Әлиф-Ләәәәм–Миииим-Саааад 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Әлиф-Ләәәәм–Ра 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Әлиф-Ләәәәм–Миииим-Ра 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

То-Һә 

 


 

14 


 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

То-Сиииин-Миииим 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

То –Сиииин 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Йә-Сиииин 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. 

Саааад 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Ха-Миииим 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Ха-Миииим. Ғаййййн–Сиииин-Қааааф 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Қааааф 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Нуууун 

VІІ. Оң қолмен сол қол саусақтарының сыртынан қысып, сол қолдың бас 

бармағын иекке тигізіп, мына әріптерді оқимыз: 

  

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 



Әлиф-Ләәәәм-Миииим 

Әлиф-Ләәәәм–Ра 

Йә–Сиииин 

Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн–Саааад 

Ха Миииим 

То-Һә 

Ха-Миииим. Ғаййййн–Сиииин-Қааааф 

VІІІ.  Алланың есімдері:  Аш-Шафиғу – Аллаһу, Әл-Хафизу - Аллаһу, 



Әл-Хакәму  -  Аллаһу,  Әл-Фаттаху  –  Аллаһу,  Әл-Әзиизу  –  Аллаһу.  Һууә 

Аллаһул-ләзи лә иләһә иллаһу  Аллаһу әкбар (1 рет). 

ІХ.  Екі  қол  саусақтарының  ұштарын  бір  бір-біріне  тигізіп,  «Хуруф-ул 



Мұқатта-а» әріптерін кері қарай оқимыз.  

 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Нуууун 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Қааааф 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

 

15 


 

Ха-Миииим. Ғаййййн–Сиииин-Қааааф 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Ха-Миииим 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Саааад 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Йә-Сиииин 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

То–Сиииин 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

То-Сиииин-Миииим 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

То-Һә 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Әлиф-Ләәәәм–Миииим-Ра 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Әлиф-Ләәәәм-Ра 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Әлиф-Ләәәәм–Миииим-Саааад 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

Әлиф-Ләәәәм–Миииим 

Астағфиируллаһ. Аллаһу әкбар! (3 рет). 

 

«ХУРУФ-УЛ МҰҚАТТА-А» ҚАН ТАЗАРТУ ОҚУЫ 



 

 Сол  қол  білезігінің  іш  жағындағы  «ақ  нүктені»  оң  қолдың  бас 

бармағымен, ал  оң қолдағы «ақ нүктені» сол қолдың бас бармағымен басып 

«Хуруф-ул  Мұқатта-а»  14  нұрлы  әріптері  екі  қолға  кезек  оқылады.  Бұдан 

соң  екі  қол  саусақтарының  ұштарын  түйістіріп  14  әріп  тағы  бір  рет 

қайталанады. Бұл оқу қан тамырларын кеңейтіп, қан айналысын жақсартып, 

қанды тазартып, жаңартып, жүректі қуаттандырады. 

 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим 

1. Әлиф-Ләәәәм-Миииим. 



2. Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Саааад. 

3. Әлиф-Ләәәәм-Ра. 

4. Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Ра. 

 

16 


 

5. Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад. 

6. То-Һә. 

7. То-Сиииин-Миииим. 

8. То-Сиииин. 

9. Йә-Сиииин. 

10. Саааад. 

11. Ха-Миииим. 

12. Ха-Миииим.Ғаййййн-Сиииин-Қааааф. 

13. Қааааф. 

14. Нуууун. 

 

«ХУРУФ-УЛ МҰҚАТТА-А»  ДАНАЛЫҚ  ДАУАСЫ 



(бойындағы даналық бағдарламасын ашқысы келгендер 2 реттен  

күніне бір мезгіл оқиды) 

 

Бисмилләһир рахманир рахиим. Әлиф-Ләәәәм-Миииим. 

Бисмилләһир рахманир рахиим.Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Саааад. 

Бисмилләһир рахманир рахиим.Әлиф-Ләәәәм-Ра. 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Ра. 

Бисмилләһир рахманир рахиим. Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад. 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. То-Һә. 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. То-Сиииин-Миииим.   

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. То-Сиииин. 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. Йә-Сиииин. 

Иннә  нәхну  нухиял  мәутә  уә  нәктубу  мә  қаддаму  уә  әсәраһум  уә 

куллә  шә-ин  әхсайнәһу  фи  имамим  мубиииин  (12-аят).  Уә  мә  ғаләйнә 

илләл бәләғул мубиииин (17-аят). Инни изәлләфи даләлим мубиииин (24-

аят). Уә изә қилә ләһум әнфиқу миммә разақакумуллаһу қалә әлләзиинә 

кәфәру  лилләзиинә  әмәну  әнутғиму  мәлләу  йаша-уллаһу  әтғамәһу  ин 

әнтум иллә фи далалим  мубиииин (47-аят). Әләм әғһәд иләйкум йабәни 

Адамә әллә тәғбудуш-шайтанә  иннәһу  ләкум  ғадуум  мубиииин  (60-аят). 

Уә  мә  ғалләмнәһуш-шиғра  уә  мә  йамбәғи  ләһу  ин  һууә  иллә  зикру  уә 

Қуранум  мубиииин (69-аят). Әуә ләм йарал инсану әннә халақнәһу мин 

нутфәтин фәизә һууә хасиимум мубиииин (77-аят). 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. Саааад. 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. Ха-Миииим. 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим.Ха-Миииим.Ғаййййн-Сиииин-Қааааф. 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. Қааааф. 

Бисмилләһир-рахманир-рахиим. Нуууун. 

 

 

17 


 

     БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН  «ХУРУФ-УЛ МҰҚАТТА-А»  АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ 

 

(көрсетілген нүктелерді ер адам оң, әйел сол қолдың саусақтарымен басады) 

 

1.  Жүректегі  «ақ  нүктені»  ортаңғы  сусақпен  басып  Әш-Шәфиғу-



Аллаһу, Әлиф-Ләәәәм-Миииим әріптерін;  

2.  Қарақұстағы  «алтын  нүктені»  сұқ  саусақпен  басып  Әш-Шәфиғу-



Аллаһу, Әлиф-Ләәәәм-Ра әріптерін;  

3.  Маңдайдағы  «көк  нүктені»  бас  бармақпен  басып    Әш-Шәфиғу-



Аллаһу, Йә-Сиииин әріптерін; 

4.  Қол  сыртындағы  білезік  сөл  қысымы  (лимфа)  «қос  ақ  нүктені»  екі 

қолдың  бас  бармақ,  сұқ  саусақтарымен  алма-кезек  басып    Әш-Шәфиғу-

Аллаһу, Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад әріптерін; 

5.  Қол  ішіндегі  қан  қысымы  «ақ  нүктесін»  екі  қолдың  бас 

бармақтарымен  алма-кезек  басып  Әш-Шәфиғу-Аллаһу,  Ха-Миииим 

әріптерін; 

6.  Қол  сыртындағы  бас  бармақ  пен  сұқ  саусақ  арасындағы  «көк 

нүктені»  (бездерге)  екі  қолдың  бас  бармақтарымен  алма-кезек  басып  Әш-

Шәфиғу-Аллаһу, То-Һә әріптерін; 

7.  Төс  шеміршегіндегі  «көк  нүктені»  ортаңғы  сусақпен  басып  Әш-



Шәфиғу-Аллаһу,  Ха-Миииим-Ғаййййн-Сиииин-Қааааф  әріптерін  5 

реттен дыбыстап оқиды.  

8.  Екі  қол  саусақ  ұштарын  бір-біріне  тигізіп,  «көк  нүктелерге»  Әш-

Шәфиғу  -  Аллаһу;  Әл-Хафизу  -  Аллаһу;  Әл-Хакәму  -  Аллаһу;  Әл-

Фаттаху  -  Аллаһу;  Әл-Әзиизу  -  Аллаһу,  Әл-Мунтәһиму  -  Аллаһу,  һууә 

Аллаһул-ләзи ләә иләһә илләһу Аллаһу әкбар! - деп 5 рет оқу керек. 

Бұл оқуды ата-аналар мен балалар дәрігерлері пайдалана алады.  

 

БАЛАЛАРҒА  ЖАРАТУШЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМІ 

 

Бес жасқа дейінгі балаларға кіндіктегі «алтын нүктені» бас бармақпен, 

төс  шеміршегіндегі  «көк  нүктені»  сұқ  саусақпен,  жүректегі  «ақ  нүктені» 

ортаңғы  саусақпен  басып,  Аш-Шафиғу  -    Аллаһу,  Әл-Хафизу  -  Аллаһу, 



Әл-Хакәму  -  Аллаһу,  Әл-Фаттаху  -  Аллаһу,  Әл-Әзиизу  –  Аллаһу,  Әл-

Мунтәһиму  –  Аллаһу,  һууә  Аллаһул-ләзи  ләә  иләһә  илләһу  Аллаһу 

әкбар!  –  деп  6  реттен  күніне  2-3  сағат  сайын  бала  әбден  айыққанша  оқып, 

Алладан шипа сұралады. Ал, саусақ тигізуге болмайтын жағдайда нүктелерді 

баспай-ақ оқуға болады.  

 

 


 

18 


 

 «ХУРУФ-УЛ  МҰҚАТТА–А»  НҰРЛЫ ӘРІПТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 

 

Әлиф-Ләәәәм-Миииим 

–  көз  ауруларына  әр  екі  сағат  сайын  14  реттен  толық  айыққанға  дейін 

арасына үзіліс жасап 28 күн оқылады. 

Әлиф-Ләәәәм-Миииим 

Әлиф-Ләәәәм-Ра 

Йә-Сиииин 

Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад 

Ха-Миииим 

То-Һә 

Ха-Миииим. Ғаййййн-Сиииин-Қааааф –  

Ұлы  Сана  ұранын  сабақ  басталар  алдында  хормен  үш  рет  айту  сыныпта 

рухани ахуал орнатып, балалардың білім қабылдау қабілетін күшейтіп, жеті 

энергия арнасын ашады, тәни де, рухани да кемелденуге жеткізеді. 

-  табиғат  апатына  қарсы  әр  отбасы  мүшелері  бірігіп  кеш  сайын  үш  мәрте 

оқып, Аллаға жалынулары тиіс. 



Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Саааад 

– «Хуруф-ул Мұқатта-а» табиғи дәрілерінің шипасын арттыру үшін 12 рет 

айтылады; 

– егін, бау-бақшалардан экологиялық тұрғыдан таза да шипалы әрі он есе мол 

өнім алу үшін егілгеннен жиналғанға дейін оқылады. 

Әлиф-Ләәәәм-Ра 

– сүйек ауруларының барлық түрлеріне және бүйрек ауруларына кіндікті бас 

бармақпен басып (ерлерге оң қолдың, әйелдерге сол қолдың) күн шыққанға 

дейін және күн батқаннан кейін 21 рет оқылады. 



Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Ра 

– денені сылау (массаж) кезінде оқылады. 



Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Ра, Нуууун, То-Сиииин-Миииим 

–  желкедегі    шұқыршақты  сұқ  саусақпен  басып,  ми,  мишық,  жұлынға  қан 

қысымын тұрақтандыру үшін оқылады.  

Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад 

– тілдің ұшына ортаңғы саусақты тигізіп тіл тұтықпасына оқылады; 

–  химиялық  дәріні  ішер  алдында  5  рет  қайталаса  ағзада  оның  зиянды  әсері 

қалмайды; 

–11 рет қайталау баланың білім қабылдау арналарын ашады. 

Астағфируллаһ, Кәф-Һә-Йә-Ғайн-Сад, Аллаһу әкбар! 

 - қарғыстардан, тіл-көздерден, теріс оқулардан қорғап, жол ашады. 



 

19 


 

То-Һә 

– Құранның  20-сүресінің аты, Материалдық әлем жаратылыс заттары қуат-

күштерінің кілті;   

–  қиналған, қиянат көрген, қайғырған адам сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері 

түнгі  сағат  03:00-де  иман  айтып,  33  рет  қайталап  Алладан  тілек  тілеуі,  үш 

жұма жеті нан садақа беруі тиіс

–  ерімен қосылар сәтте әйелдер 8 рет айтулары тиіс. 

То-Һә, Йә-Сиииин 

–  ұйықтар  алдында  иман  айтып,  5  –  7  рет  қайталағандарға  түні  бойы  ем 

жүреді. 

– тіл тұмары ретінде үнемі айтып жүрсе, амандық болады. 



То-Син 

–  алтын  мен  күмістен  (3:7)  жасалған  сақинаға  таңбалау  ағзадағы  ауру 

түрлерін тамшыға айналдырып шығарады. 

То-Син-Мим 

–  әріптердің  күмістен  құйылған  арабша  нұсқасы  суды  15  минутта 

қуаттандырады; 

 -  алюминийден  жасалған  сырғаға  таңбаланып,  мал  құлғына  аурудан 

айыққанша тағылып қойылады;  

- өсімдік, хайуанаттар тілін түсінуге мүмкіндік береді. 



 

То-Сиииин-Миииим 

– топырақ құнарлылығын арттыратын микроорганизмдерді жандандыру үшін 

оқылады. 

То-Сиииин-Миииим-Ра 

– суға оқып, ішірткі ретінде ішіледі. 



То-Сиииин-Миииим-Ра-Саааад 

–  11рет  қайталау  арқылы  пісірілген  нан  мен  нан  өнімдері  шипалы  болып 

шығады. 

Йә-Син 

 –  Құранның  36-сүресінің  аты.  Рухани  әлем  жаратылыс  заттары  қуат-

күштерінің кілті. 

Йә-Сиииин 

–    бұзылған  дене  мүшелерін  қалыпқа  келтіру  үшін  жүрекке  ортаңғы  саусақ 

ұшын тигізіп 33 реттен оқылады. 

–  ер адам әйелімен қосылар сәтте 8 рет қайталайды. 



Йә-Сиииин, То-Сиииин, То-Сиииин-Миииим 

 

20 


 

–  қайтыс  болған  адамға  рухы  қуаттанып,  жаны  тазарып  кетуі  үшін 

жерлегенге дейін жақындарының біріне ақ киіммен көрінгенше оқылады. 

Йә-Сиииин, Ха-Миииим. Ғаййййн-Сиииин-Қааааф 

– уланған кезде оның уыты қайтқанша ойша оқылады. 



Ха-Миииим 

–  зәр  жүрмей,  қуық  байланғанда  екі  қол  білезігінің  іш  жағын  бас 

бармақтармен басып 7 реттен оқылады. 

Қааааф, Нуууун, То-Һә, Йә-Сиииин 

–  құс,  шошқа  т.б.  түрлі  тұмауға  шалдыққан  адам  2  сағат  сайын  14  реттен 

оқиды.  Ел-халық  үш  жұма  жеті  нан  садақа  таратып,  кешкілік  жанұясымен 

бірігіп оқыса, еліміз мұндай індеттерден аман болады. 



Нун 

– Жұлдыздар әлемінің қуат-күштерінің кілті. 



Нуууун, То-Һә, Йә-Сиииин 

– құстар, хайуанаттар тілін түсінуге мүмкіндік береді. 

–  шетелдегі  жәбір  көрген  әр  қазақ  отбасы    үш  апта  (жұма  күндері)  сол 

отырған  елінің  халықтарының  рухтарына  арнап  жеті  шелпек  садақа  нан 

таратып,  отбасы  мүшелерімен  бірігіп  күн  сайын  кешкісін  14  реттен  28  күн 

оқып, бір Алладан  әділдік, теңдік, бейбітшілік тілеулері тиіс. 

–    кісі  өлімін  анықтау  үшін  жәбірленушілер  айыптының  жеті  ата-бабасына 

деп үш жұма жеті нан құдайы садақа таратып, бәрі бірігіп кешкілік 21 реттен 

оқулары керек. Алла қаласа кісі өлтіруші беті- қолы қара болып көрінеді. Бұл 

жағдайда  тілек  тілеушілер  айыпкерді  жария  етумен  шектелуі  тиіс,  үкімі 



Алладан болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал