«Жаңа Қазақстанның – жаңа идеологиясы қандай болуы керек?» 11 қантар күні президент Тоқаев күллі Қазақстан елін – «Жаңа Қазақстанды»



жүктеу 16.71 Kb.
бет3/3
Дата19.07.2022
өлшемі16.71 Kb.
#20799
1   2   3
Токаев
Үшіншіден, Қазақстан тарихы негізінен қазақ тарихы екенін біз 30 жыл айтуға батылымыз жетпей келді. Нәтижесінде, осы елдің тіреуі мен тірегі саналатын қазақ халқының қоғамдық беделі төмендеп кеткені сөзсіз. Қазақ өз жерінде өзін қонақ ретінде сезіне бастады. Бұны да тұзеу керек.
Менің ұсынысым – қазақ халқының қалыптасуына, Қазақ Хандығының тарихына да аса қатты көңіл бөлінуі тиіс.
Біз енді қазақ халқының бастауы соноу сақ тайпалары мен ғұндардан басталатынын ашық айтатын кез келді деп ойлаймын. «Тегін білмеген тексіз» деген дана сөздердің кесірін 100 жыл бойы көргеніміз жететін шығар. Сондықтан, қазақ халқының текті халық екенін, осы жерде мыңдаған жылдар бойы біздің ата-бабаларымыз мекендеп, ие болғанын - ешкімнен қорықпай-сескенбей айтуымыз керек. Сонда ғана әр қазақтың баласы осы ел мен жерді атасынан қалған мұра ретінде қадірлеп, осы ел мен жерге деген құрмет сезімін - Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне де үйретеді.
Және де, ғасырлар бойы осы ел мен жер үшін күресті басқарып, ұйымдастырған қазақ хандарының да ерең еңбегі кеңінен дәріптелуі керек. Қазіргідей қазақ хандырының қай жылдары ел билегені туралы мәліметтермен шектеліп ғана қоймай, олардың қандай жоғары моралды тұлға болғанын, батыр болғанын жастарға кенінен айту керек.
Міне, ең кемінде осыны жасасақ – идеологияны қалыптастыру процессінің алғашқы бастамасы бар деп айтуға толық құқығымыз пайда болып, ел болашағына үмітпен қарауға негіз пайда болады. Ендеше, кідірмей, сескенбей, өзіміздің төл тарихымызды дамытайық, ағайын!!!
жүктеу 16.71 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет