Ж. Заманымыздың заңғар ұлы Еркін КӨбеев,Е. Бөкетов атындағыҚарму ректоры, профессор



жүктеу 34.81 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі34.81 Kb.

 

05.10.2014 ж. 

Заманымыздың заңғар ұлы 

 

Еркін КӨБЕЕВ,Е.Бөкетов атындағыҚарМУ ректоры, профессор

  

Келесі  жылдың  наурызында  Е.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік  университетінің  алғашқы 



ректоры, академик Евней Бөкетовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтілмек. 

Осы орайда қазақтың ардақты ұлына арналған мерейтойлық іс-шаралар легі 

атқарылмақ.  

Евней   Арыстанұлы   Бөкетов  –  Қарағанды  және  жалпы  еліміздің 

ғылым тарихында терең із қалдырған отандастарымыздың бірі. Ол көптеген 

қарағандылықтар үшін замандас серік, пікірлес ұстаз болды. Ғалым ғылым 

жолында жігерлі  және  жасампаз қызмет етудің өнегесі, жан сұлулығы мен 

күш-қуаттың жоғары үлгісі ретінде баршамызға қымбат. 

,Академиктің  есімін  алып  жүрген  Қарағанды  мемлекеттік 

университеті  өзінің  алғашқы  ректорының  бай  және  жан-жақты  мұрасын 

мұқият  сақтап,  дамытып  және  зерттеп  келеді.  Оның  туылғанына  90  жыл 

толуына  орай  университет  қаламыздың  ғылыми  және  мәдени  өмірінің 

шүбәсіз айтулы оқиғасына айналатын мерейтойлық іс-шаралар дайындығын 

бастады. 

Евней  Арыстанұлы  өмірінің  басым  бөлігі  Қарағандыда  өтті. 

Кеншілер  шаһарында  тұрып,  ғұмырын  қазақ  ғылымын  дамытуға  арнады. 

Мұнда  академик  көптеген  қырларымен  танылып,  ғалым-энциклопедист, 

ағартушы,  нағыз  патриот  ретінде  идеяларын  іске  асырды.  Университеттегі  сол  қызмет  жылдарында  үлкен 

қажыр-қайратпен, тынымсыз ізденіспен қол жеткізген жетістіктерінің ауқымы мен маңызын толық бағалау 

әлі де болса қиынға соғуда. 

Қаламызда  оның  өмірінің  басты  мақсаты  жүзеге  асты  деп  сенімді  айтуға  болады.  Ол  –  Қарағанды 

мемлекеттік университетінің құрылуы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен кейін Қазақ КСР 

аумағында екінші болған ҚарМУ Үкімет қойған міндеттерді шешуде белсенділік танытты. ҚарМУ ұжымына 

Қарағанды, Целиноград, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының оқу орындары үшін 

жоғары білікті, педагогикалық кадрларды даярлау міндеті жүктелген болатын. 

70-шы жылдардың басында Орталық Қазақстан – университеттік бейіндегі мамандарға зәру еліміздің 

ірі  өнеркәсіптік,  ғылыми  және  мәдени  орталығы  болып  табылды.  Бөкетовтің  бастамасымен  ҚарМУ-де 

жүргізілген  ауқымды  қайта  құрулар  –  қарқынды  дамып  келе  жатқан  өңірдің  сан  салалы  қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға қабілетті, университеттік білім мен ғылымның ең жоғары стандарттарына жауап беретін 

мықты,  көпбейінді  жоғарғы  оқу  орнын  құруға  бағытталды.  Стратегиялық  ойлау  және  нақты  бағыттық 

болжау қабілетіне ие тәжірибелі ұйымдастырушы қысқа мерзімде оқу процесіндегі маңызды қайта құруды 

және  оның  материалдық-техникалық  тұрғыдан  қамтамасыз  етілуін  жүзеге  асырды.  Университеттік  оқу 

жоспарларына ауысуды іске асырды, тиісті оқу-зертханалық база құрды. 

Ерекше  еңбек  қабілетімен,  зейінімен  және  әдісшілдігімен  көзге  түскен  академик  педагогикалық 

ұжымды  дамытуға,  студенттік  қауымды  ұлғайтуға  байланысты  үлкенді-кішілі  мәселелерді  шешуде  көп 

еңбек  етті.  Оның  басшылығымен  оқу  ордасы  білім  беру,  ғылым,  тәрбие  беру  саласындағы  жоғары 

дәстүрлерімен ірі классикалық университет ретінде қалыптасты. Бүгінгі таңда да университет Қазақстанның 

білім беру жүйесінде шешуші роль атқарады. 

Қарағанды өңірін өркендетуде ғылыми-қолданбалы зерттеулердің аса маңыздылығын түсіне отырып, 

академик  Бөкетов  өзінің  бірегей  ғылыми  ойын,  кең  ғылыми  мүдделерін  нақты  қолданбалы  міндеттермен 

біріктіре  келе, экономиканың,  өнеркәсіптің, әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін шешуге  бағыт ұстады. 

Сонымен  қатар,  Евней  Арыстанұлы  зерттеу  жұмыстарының  керемет  ұйымдастырушысы,  іргелі  ғылыми-

техникалық  мәселелерді  шешетін  зерттеу  ұжымдарының  негізін  қалаушы  және  рухтандырушы  ретінде 

танылды.  Ол  ғылымды  маңызды  индустриалдық  күш  деп  санады.  Оның  алдына  жетістіктерін  өндіріске 

барынша енгізу бойынша маңызды міндеттер қойды. 

Әрине,  академиктің  басты  мұрасы  –  оның  ғылыми  еңбектері.  Осы  еңбектері  КСРО  Мемлекеттік 

сыйлығына лайық болды. Жеке және өзінің шәкірттерімен авторлықта 240-тан астам ғылыми мақалалар мен 

тезистер, 9 монография, 2 оқу құралын жариялады. Жүзге жуық авторлық куәліктер мен 15 шетелдік патент 

алды.  Евней  Арыстанұлы  айналысқан  ғылыми  бағыттағы  әзірлемелер  осы  күнге  дейін  өзінің  өзектілігін 

жоғалтқан  емес.  Оларды  дамытумен  Қарағанды  мемлекеттік  университеті  қабырғасында  алғашқы 

ректордың  шәкірттері  айналысуда.  Бөкетовтің  ғылыми  ойларының  перспективтілігін  оның  зерттеу 

нәтижелері  бойынша  әзірленген  және  қорғалған  6  докторлық  және  9  кандидаттық  диссертациялары 

дәлелдейді. Ғалымның жетекшілігімен қазіргі өндіріске қажет көптеген қолданбалы зерттеулер бастау алды. 

Бүгінде академиктің ғылыми мектебі Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, одан тыс жерлерде де белгілі. 



Евней  Арыстанұлының  ғылыми  қызметінің  жемістілігі  мен  өзектілігінің,  оның  органикалық  емес 

химияның дамуына қосқан үлесінің арқасында Қарағанды ғылымның осы саласында Қазақстанның маңызды 

зерттеу  орталығына  айналды.  Дәл  біздің  қаламызда  халькогендер  мен  халькогенидтер  химиясы  және 

технологиясы бойынша Бүкілодақтық ғылыми конференциялардың өтуі – үлкен маңызға ие. Әлемге белгілі 

ғалымдардың,  академиктердің,  Социалистік  Еңбек  Ерлері  –  В.Спицин  мен  А.Новоселованың  қатысуымен 

өткен алғашқы мұндай конференция Қарағанды қаласында 1978 жылы болды. 

Ерек  дарын  иесі,  шынайы  зиялы,  шығармашылық  тұлға  ретінде  ғалым  Қарағандының  мәдени 

дамуына  елеулі  үлес  қосты.  Евней  Арыстанұлының  ғылыми  жұмысының  мәдениеті,  жетекшілік  ету 

мәдениеті, шығармашылығы мен сөйлесу мәдениеті – көптеген жылдар бойы Қарағанды зиялы қауымының 

тұрақты эталонына айналды. 

1972  жылы  КСРО  Жазушылар  одағына  қабылданған  әдеби  және  публицистикалық  шығармалары 

қаланың мәдени өміріндегі айрықша оқиға болды.  «Атан қомында туған адам» (1975), «Грани творчества» 

(1977),  «Шоқанның  қасиетті  ісі»  (1984),  «Досыма  алты  хат»  (1989)  очерктері  мен  эсселері  –  адамгершілік 

философиясын  сіңірген,  қазақ  әдебиетінің  қомақты  мұрасы.  Оның  тәржімаларының  арқасында  қазақ 

оқырманы Шекспирдің, Золяның, Маяковскийдің және тағы басқаларының үздік шығармаларымен танысты. 

Ол аударған Шекспирдің  «Макбет» трагедиясы  еліміздегі көне  театрлардың  бірі  –  С.Сейфуллин атындағы 

облыстық  қазақ  театрында  сахналанып,  театр  ұжымы  драма  театрлардың  республикалық  байқауында 

жеңіске жетті. 

Университет ұжымы соңғы жылдары алғашқы ректордың жеке кісілік тұлғасын жадыда сақтау, оның 

ғылыми  және  шығармашылық  мұрасын  зерделеу  бойынша  жүйелі  жұмыс  жүргізуде.  Бұл  мақсатта 

ғалымның  еңбектері  мен  пайдаланған  заттары  сақталған  ҚарМУ  тарихы  мұражайының  қызметкерлері  көп 

жұмыстар жасауда. Евней Арыстанұлы ректор ретінде өз қызметін бастаған Гоголь көшесіндегі ғимараттағы 

мұражай залдары қайта жөндеуден өтті. 

ҚарМУ  авторлық  ұжымымен  және  қаланың  ғылыми  қоғамымен  жүргізілген  үлкен  зерттеу 

жұмысының нәтижесі – Е.Бөкетовтің 6 томдық шығармалар жинағы болды. 2008 жылы ҚарМТУ-да жазушы 

Медеу  Сәрсекенің  «Тамаша  адамдар  өмірі»  сериясымен  жарық  көрген  «Евней  Букетов.  Трагедия  светлой 

судьбы»  атты  кітабының  тұсауы  кесілді.  2011  жылы  университет  бастамасымен  және  қаржыландыруымен 

Медеу Сәрсекенің «Тернии и триумф Евнея Букетова» атты роман-эссесі жарыққа шықты. 

Ғалым Бөкетовтің мұрасын зерделеу және насихаттауды көздейтін ағымдағы мерейтойлық іс-шаралар 

–  Қарағанды  өңірінің  қазіргі  мәдени-ғылыми-қоғамдық  өмірінің  маңызды  бөлшегіне  айналатындығына 

сенімім кәміл. Шаралар шеңберінде тұңғыш ректор туралы «Е.А.Бөкетов әлемі» кітабы жарық көрді. Кітап 

беттерінде  оқырманға  оның  жан-жақты  тұлғалық  қырлары,  өмірлік  жолы,  ғылыми  және  шығармашылық 

қызметінің  маңызды  кезеңдері  баяндалады.  Алдағы  желтоқсан  айында  академиктің  өмірі  жайлы  деректі 

фильм жарыққа шығады. Келесі жылы ақпанда «Бөкетов оқулары – 2015» мерейтойлық ғылыми-тәжірибелік 

конференциясы өтеді. Мұнда қазақстандық және шетелдік студенттер мен магистранттар өздерінің ғылыми 

ізденістерімен  бөлісе  алады.  Наурыз  айында  ҚарМУ-де  «Академик  Е.А.Бөкетовтің  ғылыми  және 

шығармашылық  мұрасы»  атты  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция  ұйымдастырылады. 

Конференцияда Қазақстан мен шетелдің қазіргі ғылыми мектептері бойынша ғалымдар баяндама жасамақ. 

Үлкен  ғылыми  және  биографиялық  қызығушылық  тудыратын  «Е.А.Бөкетов.  Библиографиялық 

көрсеткіш»  атты  кітабының  жарыққа  шығуы  –  айтулы  оқиға  болары  анық.  Бұл  шығарма,  сөзсіз, 

бөкетовтануды дамытуға жаңа қарқын береді деп ойлаймын. Қазіргі таңда Евней Бөкетовтің «Атан қомында 

туған  адам»,  «Грани  творчества»,  «Досыма  алты  хат»  шығармаларын  қайта  басып  шығару  бойынша 

белсенді жұмыс жүргізілуде. 

Сондай-ақ,  іс-шаралар  қатарында  Е.Бөкетов  апталығын  ұйымдастыру,  «Ақыл-ойдың  ағасы» 

театрландырылған студенттік қойылымы, шығармашылық студенттер жұмыстары байқауын өткізу, мұражай 

экспозицияларын жаңарту бар. 

Евней  Арыстанұлы  Бөкетовтың  жеке  тұлғалық  қасиеті,  Қарағанды  үшін  оның  қызметінің 

маңыздылығы бізді біртуар замандасымыздың алдында жиі тағзым етуге міндеттейді. Алғашқы ректордың 

мұрасын мәңгі сақтай келе, оның салып кеткен академиялық дәстүрлерін дамытып жүрген ғалым атындағы 

университет ұжымы барша қарағандылықтарды мерейтойлық іс-шараларға қатысуға шақырады. 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал