Ж. Төле би – қазақтың данагөй абызы



жүктеу 83.98 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі83.98 Kb.

 

18.05.2013 ж. 

Төле би – қазақтың данагөй абызы 

Жұлдыз  ТОЙБЕК 

 

«...Халықтың  үш  ұлы  перзенттері,  даңқты  үш  дананың  –  Төле  би 



Әлі­бекұлының, 

Қазыбек 

би 

Келдібекұлының 

және 

Әйтеке 

би 

Бәйбекұлының есімдері біз үшін ерекше киелі. 

... Біз қазақ халқының бүгінгі ұрпақтары түгелдей осы үш киелі тұлғаға 

қарыздармыз  және  олардың  мәңгі  өшпес,  жасампаз  рухы  алдында  бас 

иеміз...» 

Н.Ә.Назарбаев 

Кешегі  өткен  қазақтың  данагөй  абыздары  бір-ақ  ауыз  сөзбен  дау-дамайды 

шешіп,  елді  бірлікке  шақырған.  Ол  кезде  бүгінгідей  қағазбастылық  болған  жоқ. 

Аталы  сөзге  құлақ  асып,  сөзге  тоқтаған.  Ақылы  асқан  дана  билер  иығына  қару 

аспай-ақ,  жауына  мірдің  оғындай  дөп  тиетін  асыл  сөздерін  қару  етіп  жұмсаған. 

«Сөз қадірін – өз қадірім» деп түсінген. Қазақ­тың үшем биі елі үшін, жері үшін 

қоғам  ісі­не  араласқан.  Ғаламтордан  қолы  боса­майтын  қазіргі  ұрпаққа  қазақ 

халқының ұлт­тық бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға айрықша үлес қосқан 

әйгілі  Төле  би,  Қа­зыбек  би,  Әйтеке  бидің  қалдырып  кеткен  мұ­расын 

насихаттағанға  не  жетсін!  Міне,  осы  мәселені  қаламыздағы  гуманитарлық  оқу 

орны  емес,  техникалық  оқу  орны  кө­тергенде,  ерекше  сүйсіндік.  Қарағанды 

мем­лекеттік  техникалық  университетінде  «Төле  би  –  қазақтың  данагөй  абызы» 

атты ай­мақтық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл конференция Әз Төле 

бидің  350  жылдық  мерейтойына  арналды.  Сонымен  қатар,  бұл  игі  шара 



университеттің  60  жылдық  мерекесімен  астасып  отыр  екен.Аталмыш 

конференция  өскелең  ұрпақты  отансүйгіштікке  баулып,  халық  ауыз  әде­биетіне 

деген қызығушылығын оятатыны анық. 

Аймақтық  конференцияға  М.Әуезов  атын­дағы  әдебиет  және  өнер 

инсти­тутының  профессоры,  филология  ғылымының  докторы  С.Дәуітов, 

Л.Гу­милев  атындағы  Евра­зия  Ұлттық  уни­верситетінің  тарих  ғылым­дарының 

докторы,  профессор  М.Алпысбес,  жоғары  оқу  орындарындағы  жергілікті 

ға­лымдар  қатысты.  Сонымен  қатар,  сонау  түстіктен  Төле  бидің  ұрпақтары 

арнайы  келді.  Атап  айтқанда:  Төле  бидің  жетінші  ұрпағы  Ө.Темірұлы,  жазушы 

М.Амангелдиев,  және  «Төле  би»  қоры  президенті  Ж.Ізбасаров  көмірлі 

қаламыздың қадірлі қонағы болды. 

Қонақтарды 

облысымыздың 

өр­кен­деуіне 

үлкен 

үлес 


қосқан 

С.Дос­мағанбетов, Г.Жа­қып­жанқызы, Х.Бижан­ұлы секілді қоғам қай­раткерлері 

және  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  уни­верситетінің  ректоры,  ҚР  ҰҒА 

академигі Арыстан Ғазалиев құшақ жайып, қарсы алды.  

Алдымен  Қаз  дауысты  Қазыбек  би  баба­мыздың  және  академик  Әбілқас 

Са­ғыновтың  ескерткіштеріне  гүл  шоқтары  қойылды.  Төле  бидің  жетінші 

ұрпағымын  деп  сөз    сөйлеген  Темір  Өмірбекұлы  37  жыл  бойы  сот  саласында 

қызмет  ат­қарған.  «Құрмет»  ордені  және  үздік  сот  қызметкеріне    берілетін  «Үш 

би» белгісімен марапатталған. Төле би және Сарыағаш аудандарының «Құрметті 

азаматы». Зейнеткерлік жасқа шықса да, қол қусырып қарап отырған жоқ. Бү­гінгі 

күні Шымкенттегі жаңа технология колледжінің құқықтану пәндер кафедрасының 

меңгеру­шісі  қызметін  атқаруда.  Сөз  саптауында  жақсының  жұқа­насы  екені 

аңғарылып  тұр­ды.  Кешегі  би  ба­басының  дәстүрімен  Қа­зыбек  бидің 

ұр­пақтарына  бабаларын  ұлықтап  жатқаны  үшін  зор  алғысын  айтты.  Осынау 

үлкен  шараны  ұйымдастыруға  бас  болған  ҚарМТУ  –  дың  ректоры  Арыстан 

Мәуленұлына  шек­сіз  ризашылығын  білдірді.  «Политехник»  дәмханасында 

қазақтың  данагөйі  Төле  биге  ас  беріліп,  Махмуд  қажы  дұға  бағыштады.  Ата 

салтымен қонақтардың иығына оқалы шапан жабылып, аталмыш оқу орнының 60 

жылдығына арнайы жасаған төс белгі тағылды. 

Түстен  кейін  конференцияның  ашылуы  болып,  Төле  бидің  өмірлік  қызметі 

тура­лы бейне фильм көрсетілді. Одан кейін пленарлық баяндамаларға кезек тиді.  

Осы конференция жайында «Төле би  Әлібекұлы – өнегесі мол тарихи тұлға. Төле 

бидің  өз  за­манында  көкейкесті  мәселелерді  әділ  шешіп  отырғаны  туралы  

деректер  қазақ  шежіресінен  алынып    А.Лев­шин,  П.Маковецкий,  Л.Бал­люзек 

ең­бектеріне  өзек  болған.  М-Ж.Кө­пейұлы,  Ш.Құ­дайбердіұлы,  С.Сейфуллин, 

М.Әуе­зов, Б.Адамбаев, Н.Төреқұловтар Тө­ле би туралы әңгімелерді ел аузынан 

жазып ал­ған. Би ұрпағы Қ.Байболұлы Төле би тарихын тереңінен жырлаған. Тура 

бидің  қасында  өзінің  қара  басының  қамын  ойлайтын,  ісі  жайдақ,  сөзі  сұйық 

жандар  емес,  кілең  өресі  биік  жақсы  мен  жайсаңдар,  атап  айтсақ,  Қаз  дауысты 

Қазыбек, Әйтеке би және Әз Тәуке хандар болған...» – деп ма­қаламды тобықтай 

сөзбен түйіндеп тастасам да болар еді. Ал алыс-жақыннан арнайы келген жазушы, 

ғалымдардың  Арқада  өткен  конференцияда  төбе  би  –  Төле  би  хақында  айтқан 

құнды  пікірлері  көзі  қарақты  оқырмандарымызға  қызықты  болар  деген  ниетпен 

біраз ғалымдардың баяндамасынан үзінді келтіргенді жөн көрдік. 



М.Әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер  институтының  профессоры 

С.Дә­уітов: 

– Ұлтымыздың тарихта аттары қалған үш биі  бүкіл дала өркениетінің, дала 

заңының  арнасында  тұр.  Қазақ  дала  заңымен,  би  сөзіне  жүгінумен  өмір  сүрді. 

Ұлтымыздың қазақ болып қалыптасуына, ұланғайыр да­лаға ие болып, мемлекет 

құрудың  алғы­шарттары  жасалды.  Қаздауысты  Қазыбек  би  мен  Әйтеке  би  сол 

ұлттың бірігуінің басын өздерінен бас­тады. Төле биді – төбе би, бас би етті. 

Ол – ойшыл, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының үлкен 

билерінің бірі, ақпа-төкпе шешен. Тәуке ханның тұ­сында Қазақ хандығының Ата 

Заңына  ай­нал­ған  әйгілі  «Жеті  жарғы»  заң  жобасын  шығарушы  кемеңгерлердің 

бірі.  

Төле  Әлібекұлы  он  бес  жасында-ақ  билік  етіп,  кесім  айтқан.  Бұл  жағдай 



былайша сипатталады: «Төле бидің шешесі қайтыс болып, жыл толған соң әкесі 

Әлібек  бәйбішесіне  ас  береді,  үш  жүздің  баласына  үш  жүз  үй  тігеді,  әр  үйге 

күтуші тағайындайды. Әлібек баласын шақырып алып: 

–Төле қарағым, ортадағы үлкен ақ боз үйдегі кісілердің қолына су құй,– деп 

тапсы­рады. Бірақ жас бала жүрексініп, сескене та­балдырық аттайды. Ол Мамай 

бидің алды­на келгенде, сүрініп кетеді. Баланы сынап көргісі келген Мамай би: 

–Е, балам, олжаңа ортақпыз, асса – әкең Әлі­бекке де қалдырып қой,– депті. 

Төле әдеп сақтап, шәугім-табақты алып, сыртқа шы­ғады да, үйге қайта кіріп: 

–Дат, тақсыр,– депті. 

Мамай би: 

–Балам, құлағымыз сенде,– дейді. 

Сонда бала Төле: 

–Таңның таң екенін кім білер

Сарғайып барып атпаса. 

Күннің күн екенін кім білер, 

Қызарып барып батпаса. 

Орданың орда екенін кім білер, 

Мен сияқты қызметші бала, 

Сүрініп құлап жатпаса. 

Иттің ит екенін кім білер, 

Жығылып жатқан баланың 

Тақымынан қаппаса. 

Бұл сөзім сізге өткен шығар

Сүйегіңізге жеткен шығар. 

Сұраған сөз шекер ме, 

Би олжасыз кетер ме?! 

Осы сөзім сізге олжа

Түсінсеңіз жетер де, – деп шығып кетеді. 

Осы оқиғадан кейін Мамай би: 

– Е, халайық, жаңағы бала кім еді?– деп сұрайды.  

Жұрт:  

– Әлібек бидің баласы– Төле. 



Мамай би: 

– Бүгіннен бастап билікті сол балаға бердім, ендігі билеріңіз Төле болады, – 

депті («Егемен Қазақстан», 15 шілде, 1998.). 

Төле  бидің  билікке  келген  кезінен  бас­тап,  қазақ  және  жоңғар  хандықтары 

ұдайы  бір-бірімен  жауласуда  еді.  Төле  Әлібекұлы  Ұлы  жүз  халқын  жоңғар 

басқыншылығына  үнемі  қарсы  ұйымдастырып  отырды.  Оның  қазақ  халқын 

біртұтас  біріктіріп,  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  ұйымдастырудағы  қызметі 

орасан. Орта жүздің аға биі Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүздің аға биі Әйтекемен 

бірлесе  отырып,  ел  сөзін  айтты.  Үшеуі  де  Тәу­ке  ханның  бас  уәзірі  қызметінде 

болған. Ке­зінде Әз-Тәукенің Түркістан шаһарын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын 

бір  ор­талыққа  қаратуға,  сөйтіп,  қазақ  хандығын  кү­шейтіп,  жоңғар-ойрат 

шапқыншылығына  қарсы  күреске  қарақалпақ,  қырғыз,  өзбек  елдерінің  біріккен 

одағын құру шараларын жүзеге асыруға ат салысты.  

Бүкіл  ғұмырын  өлең-жырға  арнаған  Қа­занғап  Байболұлы  қаршадайынан 

өнерді  мұрат  тұтты.  Әсіресе,  көп  үшін  туған  Төле  би­дің  ел  аузындағы  қанатты 

сөздері  Қа­занғапты  көп  ойландырады,  ол  даңқты  ба­басының  айтқан  сөздерін 

жинастырып, ел ішінде таратқан.  

Біз  оқыған  ескі  деректерде  Төлені  он  үш  жасында  би  болды,  содан  бастап 

атақ-абы­ройы  биіктеп,  өркен  жая  бастады  деуші  еді.  Ал  Қазанғаптың  жырынан 

Төле бабамыз билікті тоғыз жасынан бастап қолға алғанын байқаймыз. Бұл кісі би 

атағын алмай тұрып, төрт рет ел ішінде билік жасапты. Мұның ең алғашқысы  – 

екі әйелдің бір балаға таласы көрінеді, екеуі де бір баланы менің балам деп, бір-

біріне тұра-тұра ұмтылады-мыс. 

Осы кезде тоғыз жасар Төле үлкендерден рұқсат сұрап, сөйлеп кетеді: 

Бір билігін қылар ем, 

Берсеңдер маған кеңшілік. 

Алтын сап қылыш қолына ап, 

Балаға қарап секірді

Ортасынан қақ бөліп, 

Екеуіңе берейін, 

Мына бала жетімді.  

Бұл  шешімді  естігенде,  жұрт  тына  қа­лады.  Жаңа  ғана  менің  балам  деген 

әйел бас­қаша сайрайды: 

 

– Бөлсең бөлгін деді де, 



Қырықбайдың шешесі, 

Ойланды, танып кекірді. 

Жоғалттым деген бұл әйел: 

– Қайда барса, сау жүрсін, 

 Аман кетсін, – деді де, 

Ботадай боздап өкірді. 

– Жоғалтқаның, бейшара, 

Сенікі рас екен, – деп, 

Соған берді баланы. 

Төле  бидің  бұл  аса  тапқыр  билігі  ел-жұрт­қа  ұнап,  оны  бұдан  былай  «Бала 

би» атан­дырады. 


Шымкенттік мейман, жазушы М.Әб­дә­кімұлы:  

–  Төленiң  би  атанып,  сөз  бастаған  кезеңi  де,  қол  ұйымдастырып,  көсем 

болған шағы да екi жүз жылдық қазақ-қалмақ соғысының шешушi әрi ең сұрапыл 

тұсына  тап  келедi.  Төле  би  ат  жалын  тартып  мiнер  жасқа  жеткенде,  қазақ 

жерiндегi саяси ахуал өте күрделi болатын. Ел басына күн туып, жұрт дүрлiгу мен 

дүрбелеңге  түскенде  көпшiлiк  қай  ақылшыны  тыңдауды  бiлмей,  аңтарылып 

қалары  хақ.  Мұндайда  көргендiнiң  көргендiсi,  ақылдының  ақылдысы  ғана  елге 

жолбастаушы  һәм  қолбастаушы  бола  алады.  Қол­бастаушының ақылымен  қатар, 

шешен де болуы шарт, жұртты мысымен басатын қаһарлығы да болмағы ләзiм.. 

Шойбек жазбасының сөйлемдерi мынадай: "Ол уақытта қалмақтар Нарынқол 

мен  Iле  басын  жаулап  алған  екен.  Қалмақтар  бұ  заманнан  да  көп  заман  бұрын 

қазақтарды шапқан екен. Ауылдарды қырып, малдарды, жас жiгiттердi, қыздарды 

айдап  кетедi  екен.  Қалдан  деген  ханы  болыпты.  Қалмақтар  оны  қонтайшы  дер-

дүр.  Қонтайшының  Субан  деген  тайшысы  үш  сан  қолмен  Төле  он  тоғызға 

келгенде,  тағы  шауыпты.  Шудан  өтiп,  Арысқа,  Келеске,  Қазығұртқа  жетiптi. 

Қазақтар шерiк құра алмапты. Сол себептi қалмақтар жолындағы ауыл-кенттердi 

жайпап,  мыңдаған  жылқы,  сандаған  адамды  айдап  кетiптi.  Ол  кезде  Төленiң 

жұрты  Шуда  екен.  Төле  жақындарымен  кеңес  құрыпты:  "Бұ  қалмаққа  тоқтам 

саламыз  ба,  салмаймыз  ба?”  деп.  "Сөз  ұстаған  қариялар  ел  бастай  алмаса, 

ауылдардан  батыр  шығып  қол  бас­тай  алмаса,  онда  бiз  тәрiздi  жастарға  бата 

берiңдер.  Аруақ  көтерiп,  жауға  шабайық.  Бәрiмiз  құлға  айналып,  қашанға 

бұғамыз?.  Бұ  қазақта  естияр  би,  бағылан-батыр  қалмаған  ба,  өзi?”  деп.  Сонда 

ауылдың  бiр  сөз  ұстаған,  ләкән  қорқақтау  бiр  көсемi  шығып:  "Сен  жап-жас  боп 

ненiң  мәнiсiн  бiлесiң.  Осы  үш-төрт  жылда  қалмақ  қазақты  бiр  емес,  үш  шапты. 

Мықты  қорғаны  бар  Сайрамды  да  алды.Түрген  мен  Самсының  арғы  жағының 

бәрiн  бiржолата  иелiгiне  алды.  Сайрам  тәрiздi  берiк  шаһарды  қиратқан 

қалмақтарға  ылғи  дала  паналап,  өзен  жағалаған,  тығылар  жерiмiз,  ықтайтын 

панамыз жоқ бiздер не қайла қылмақпыз. Найзаға жарайтын еркек атаулы Қалдан 

аламандарына сеп таппай жатқанда, сүйегi бекiп, белi қатпаған сендей бозөкпелер 

не тындырмақ?! Қалмақ жан-жағымыздың бәрiн орап, кiрiптарлыққа түсiрдi. Ендi 

оған бағынудан, бас июден өзге амал жоқ”, – дептi. 

Сөз  бiлгiш,  ел  бастаушы  көсем  осылай  дегенде,  басқалар  бастарын  төмен 

са­ла, жым-жырт бопты. Топ ортасынан бi­реу: "Үлкендi де, кiшiнi де сөзбен буып 

ұс­татпайтын  Төленiң  ендi  тауаны  шағылған  шығар-ау.  Ойламай  сөйлеген  осы 

да”, – деп күңкiлдептi. Мұны һәм әлгi көсемнiң сөзiн естiген Төле екi қолын көкке 

жайып, аруақтап ортаға атып шығыпты. Болымсыз көсемге: 

Атадан ұл туса игi, 

Ата жолын қуса игi. 

Өзiне келер ұятын 

Өзi бiлiп тұрса игi. 

Жаудан бұққан неменi, 

Ортасынан қуса игi! 

Атадан  керi  тартып  туған  сiздей  сөз­басшының  бiзге  қажетi  жоқ.  Қазақ  ел 

боп жаралғалы берi шапқыншы жаумен жұлысып келедi. Дара батыр һәм көреген 

көсем сондайда қазақтың Аруағын көтерген. Жаудың тұмсығын қайырған. Ал сiз 


тәрiздiлер  тiзгiн  ұстағанда,  ел  бордай  тозған.  Сiз  бүгiннен  бастап  бiзге  рубасы 

емессiз. Арамыздан ке­тiңiз! – дептi де көпке қарап, тағы қолын жая ұрандапты: 

Уа, көсiле шабар жерiң бар, 

Ту көтерген ерiң бар, 

Қол боларлық елiң бар

Атадан сара жолың бар. 

Құлдық ұрсаң дұшпанға, 

Арылмайтын сорың бар, 

Құлдық ұрсаң дұшпанға, 

Еркек болып туды деп, 

Жердi басып жүрдi деп, 

Мына  бiздi  кiм  айтар!  –  деп  жұртты  жауға  қарсы  шығуға  бастапты.  Содан 

бастап Төле бабамыз елге би танылыпты. Батыр танылыпты. 

Қарағанды «Болашақ» университеті, филология ғылымдарының докторы,  

профессор Н.Елікбаев: 

Төле би өз заманының іскер әрі кө­рікті дипломаты. Ол өз халқының тыныш, 

бейбіт  өмірі  үшін  күрескен  тұлға.Төле  би  Орта  жүздің  аға  биі  Қазыбек 

Келібекұлымен,  Кіші  жүздің аға  биі Әйтеке  Бәйкенұлымен  бірге  қазақ  ханы  Әз-

Тәукенің басты кеңесшісі болды. 

Өзінің  саналы  өмірінде  Төле  би  бабамыз  шындық,  әділдік  жолында  қыруар 

қызмет атқарады. Сөйтіп, ол халқының бірлігі, тұр­мысы, салт-сана дәстүрі үшін 

бүкіл ғұмырын арнады.  

Төле  бидің  өзіне  аумай  тартқан  бір  ұлы  25  жасында  қайтыс  болады.  Сонау 

Ар­қа­дан  өзінің  досы  Қаз  дауысты  Қазыбек  кө­­ңіл  айтуға  Түркістанға  келеді. 

Сонда Тө­ле би жылаған ағайындарын тоқтатып, «көп­тен көрмеген Қазыбек келе 

жатыр,  берік  болыңдар,  сыр  алдырмаңыздар»  деп  көпті  сабырға  шақырып,  өзі 

қонақтарын  қарсы  алады.  Екі  күндей  әңгіме-дүкен  құрады.  Олар  аттанарда  Төле 

би:  Ау,  қадірлесім  Қазыбек,  бұйымтайың  болса,  айт,  –  депті.  Қазыбек:  –  Жүз 

көрген дидар ғанибет, ағаға сәлем бермек бізге міндет, – дей келдім, ешбір қалау 

жоқ, – депті. Төле би:  

Іздеп келер інің бар болса, 

Бақытың барын содан біл. 

Аңсап келер ағаң бар болса

Аруағың барын содан біл.  

Аларды біліп, бермегеннен без,  

Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.  

Үйіне қонақ қонбағаннан без,  

Көптің  айтқанына  болмағаннан без,  – деп  арғы атасы  Жаныстан  қалған  нар 

кескен  қылышты  Қазыбектің  алдына  қойып,  бұлғын  ішікті  жауыпты. 

Жолдастарына  асыл  шапандар  кигізіпті.  Сөйтіп,  Қазыбектер  енді  жүрейін  деп 

отырғанда,  сырттан  «Ой,  бауырымдап»  бір  қауым  ел  ат  қойып,  кеп  қалады.  Екі 

жақ  азан-қазан  құшақтасып,  көрісіп,  көңіл  айтысып  жатады.  Қазыбектер  де 

олармен  қайта  көріседі.  Енді  кәдімгідей  көңілдері  босап,  көздеріне  жас  алады. 

Қариялар  тоқтам  айтып,  Құран  оқиды.  Қазыбек  біраз  сөйлеп  болады  да,  сөзінің 

соңын: 


– Ау, Төке, тұғырдан ұшқан сұңқарыңа. Тұм­ұйық жұтқан тұлпарыңа. Түбін 

берсін  Құдайым!  Сіздей  қазақ  болар  ма,  Ойламайтын  уайым.  Қош  аман  бол, 

арысым, Тілектес боп тұрайын! – деп түтіндеп аттаныпты, – деседі ел.  

Атақты Қаздауысты Қазыбектің Әлімжан деген баласы қайтыс болғанда Төле 

би бір топ адамдармен барып, көңіл айтады. Сонда: 

О, Қаздауысты Қазыбегім! Қылыштың са­бы кетіп, қабы қалды,  

Кім білген бұл ғұмырдың азы-көбін, Бе­деудің жаны кетіп, жалы қалды. 

Батырдың ары кетіп, малы қалды. Өзі беріп, ұлыңды өзі алды, 

Халықтың  нәрі  кетіп,  сәні  қалды.  Бұл  пен­де бір  Аллаға  не    қылады?  – деп 

терме­лей сөйлеп, жұртты егілтіпті. Басын кө­тер­мей жатып қалған Қазыбек: – Е, 

е,  қадірлі  Төке,  құдайға  да,  халқыма  да  ризамын.  Әлім­жаным  туғанда  Орта 

жүздің  елі  ғана  құтты  болсын  айтып  еді.  Енді  ол  қайтыс  болғанда  үш  жүздің 

баласы келіп, көңіл айтып жатыр. Бұған да шүкіршілік! – деп кеудесін көтеріпті. 

Ел  аузында  Төле  би  туралы  көптеген  тарихи  аңыздар  сақталған.  Оның 

атымен бай­ланысты айтылатын нақыл сөздер, ма­қал-мәтелдер, билік кесімдер де 

ел арасында кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен 

Кіші  жүз­де  де  аса  құрметпен  аталады.  Бұл  оның  бү­кіл  қазақ  халқының 

тағдырына  қатысты  ірі  оқиғалардың  ортасында  жүргенінің  ай­ғағы.  Бұған  Төле 

бидің  замандасы,  тағ­дырласы  Қаз  дауысты  Қазыбек  бидің  «Төле  би  дүниеден 

өтті»  деген  суық  хабарды  ес­тігенде:  «Төле  өлді  дегенше,  дүниеден  әді­лет  өлді 

десейші?»  –  деп,  жер  таянып,  көзіне  жас  алуды  да  куәлік  етеді.  Бұл  үш  арысқа 

тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне бер­ген бағасы. Бұдан асырып, жеріне 

жет­кізіп, айту мүмкін емес. Өйткені, олар қа­сын­да бірге жүріп, бір бірінің қадір 

қасиетін жете таныған алыптар ғой! 

Қарағанды  «Болашақ»  универ­ситеті,  филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Б.Рахымов  та  Төле  бидің  Ар­қаға  қатысты  дау-да­майды  әділ 

шешкенін тілге тиек етіп, былай деді: 

Төле  биге  қатысты  мынандай  аңыз  бар.  «Ертеде  Шу  өзенінің  Балқашқа 

жақын жа­йылым алқабына үйсін мен арғындар таласып қалыпты. Екі жақтың да 

билері  бас  қосып,  кеңесіп,  бәтуаласа  алмайды.  Көп­шілікке  еріп  барған  он  бес 

жасар  Төленің  би­лік  айтушыларға  көңілі  толмайды.  Амалсыз  болса  да  билікке 

араласып, былайша сөз бастайды:  

Ақты ақ деп бағалар, 

О, игі жақсы ағалар! 

Өзегі талса ел біткен 

Өзен бойын жағалар, – дей бергенде: 

– «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұ­рып, қыз сөйлегеннен без» – деуші 

еді. Мы­на бала кім өзі? – дейді төрдегі би. Төле қас­қая қарап тұрып: 

– О, би аға, он үште отау иесі емес пе. 

Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? 

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, 

Ала  көз  болу  ағайын  адамға  лайық  па?  –  деп  бір  тоқталып,  төрде  отырған 

биге сауал қояды: 

– О, игі асқар тауымыз, 

Әділ ме осы дауымыз? 


Жар астында тұрғанда, 

Жасырынып жауымыз? – дегенде төр­дегі би: 

Қой асығы демеңдер, 

Қолына жақса сақа ғой. 

Жасы кіші демеңдер, 

Ақылы асса, аға ғой, – деген, балам, би­лікті саған бердім, – дейді. Бала Төле 

тосылмастан, былайша билік айтады: 

– Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің 

оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қа­лай қарайсыздар? – дейді. 

Осы шешімді екі жақ та жөн десіпті. Сонда төрдегі би: 

Үй баласы ма деп едім, 

Ел баласы екенсің, 

Ақ маңдайлы арысым, 

Талабың алдан өтелсін. 

Ауылыңның таңы бол, 

Маңдайындағы  бағы  бол!  –  деп  бала  Тө­леге  бата  беріпті».  Осыдан  бастап 

Төленің    аты  шығып,  ел  арасындағы  дау-жанжал,  ұрыс-керіске  қатысты 

келіссөздерге араласа бас­тапты» – дейді бізге жеткен аңыз . 

Қарағанды 

мемлекеттік 

техника­лық 

университеті, 

филология 

ғы­лым­­дарының кандидаты, доцент Қ.Қалы­бе­кова да қалыспады. 

Төле  бидің  қоғамдық  қызметі,  1723  жыл­­ғы  жоңғар  шапқыншылығынан 

кейін  айқынырақ  көзге  түседі.  1726  жылы  Ордабасы  жиынында  Төле  би 

көшбасшылық  етіп,  тірлік  пен  бірлікке  ұйытқы  болып,  ха­лықты  жоңғар 

бас­қыншыларына  соққы  бе­руді  үндеді.  Шашырап  кеткен  қазақтардың  басын 

қосып,  үлкен  билік  құрып,  Ресей  мен  Қытай  секілді  екі  алпауыт  мемлекет 

арасында  көрегенді  саясатты  жүзеге  асырған  болашақ  Абылай  ханды  өкіл  бала 

етіп тәрбиелеп, үлкен азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 

1742  жылы  Абылай  жоңғарлардың  тұт­қиылдан  жасаған  шабуылында 

қо­лына түсіп қалғанда да, оны тұтқыннан бо­сатуға белсенділік танытқан да Төле 

би.  1743  жылы  орыс  патша  әйелі  Анна  Иоановнаға,  кейіннен  Орынбор 

губерна­торы И.Неплюевке хат жолдап, Ресей бо­дандығын қабылдауға келісімін 

берді.  Бұл  сол  кездегі  тарихи  кезеңде  амалдың  жоқ­тығынан    жасалған  қадам 

болатын.  Ол  жоңғарлар  шапқыншылығынан  шаршаған  халықтың  жағдайын 

жақсартуды бірінші кезекке қойды. Төле бидің елдің сыртқы да, ішкі де саясатына 

батыл, белсенді араласқанын көрсетеді. 

Конференцияда Төле бидің саяси-әлеу­меттік көзқарастары ғана өзек болып 

қойған жоқ,қазақтың шешендік өнері және билер институты жөнінде де  орынды 

пікірлер айтылды. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал