Ж. Т. Абдуллаева шетелдік тыңдаушыларды жаңА Әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеу



жүктеу 1.2 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата06.11.2022
өлшемі1.2 Mb.
#23384
1   2   3   4   5   6   7   8
treatise15500 (1)
№... топ куратор-эдвайзері 
 
Аға куратор-эдвайзер 
15 



Әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеудің инновациялық үрдістері 
Соңғы кездері білім беру инновациясы туралы жиі сөз қозғалуда. 
Шығармашылықты дамытуды, ойдың жаңашылдығын білім берудегі 
инновацияларсыз, әсіресе, оң әлеуметтік кеңістік жасайтын оның заманауи 
құрамдастарын жүзеге асырусыз, тәрбие берудегі инновациялар туралы 
көзқарастарды зерттеусіз елестету мүмкін емес. 
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі білім берудің қазіргі маңызды 
бағыттарының бірі болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтену үдерісі 
тұлғаның қоғамға бейімделуін, сонымен бірге қоғамға, өзін-өзі дамытуына, 
өзін-өзі тануына кедергі келтіретін өмірдің келеңсіздіктеріне белгілі бір 
дәрежеде қарсы тұра білу қабілетін білдіреді.
Тәрбие берудегі инновациялар дегеніміз – бұл білім беру 
қызметкерлерінің тәрбие жұмысы шеңберінде ұйымдастыратын және өткізетін 
жаңа енгізілімдері. Тәрбие берудегі инновациялар деп жас ұрпақ бойында 
адамгершілік-әдептілік, әлеуметтік құндылықтарды дамытуға ықпал ететін 
жаңа (жаңартылған немесе жақсартылған) әлеуметтік-мәдени ұзақ мерзімді 
бастаманы айтуға болады. Бұл жаңашылдықты енгізетін кеңістікті, 
шығармашылық-әлеуметтік ортаны, тәрбие беру технологиясын білдіреді.
Тәрбие берудегі инновациялар – бұл тыңдаушылардың әлеуметтенуіне 
ықпал ететін жаңа тәрбие құралдарын қолдануға негізделген жүйелер немесе 
ұзақ мерзімді бастамалар. Оқу-тәрбие үдерісіне заманауи технологияларды 
енгізуде педагог кеңесші, аниматор, тәрбиеші қызметтерін меңгереді. Бұл одан 
психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет етеді
Әрине, жоғары оқу орнына дейінгі білім беруде, әсіресе шетелдік 
тыңдаушыларға білім беруде инновацияларды енгізудің өзіндік ерекшеліктері 
бар. Десек те, әрбір педагогтің өз ісіне инновациялық тұрғыдан қарауы 
оқытушылардың шығармашылық әлеуеттерінің ашылуына, сондай-ақ жоғары 
оқу орнына дейінгі білім беру жүйесінің жұмыс тәртібінің дамуына тиімді 
16 


ықпал етеді. Инновациялар білім беру мазмұнын, оқыту мен тәрбие беру 
технологияларын, ұйымдастыру формаларын, басқару әдістерін қамтиды.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі дәстүрлі оқыту 
технологиясы танымдық қызметтің заңдылықтарына негізделген жаңа 
технологиялармен толықтырылып келеді. Оқу үдерісінде шетелдік тыңдаушы 
оқытудың объектісі емес, субъектісі ретінде негізгі тұлғаға айналады. Осы 
тұста жоғары оқу орнына даярлайтын білім беру дәстүрлі педагогикадан 
бейімделген педагогикаға көшуде бірнеше кезеңді бастан кешіреді: 

әрбір тыңдаушының даралық ерекшеліктеріне сәйкес білім алу 
қажеттіліктерін қамтамасыз ететін тұлғаға бағытталған оқыту технологиясын 
енгізу; 

оқу-тәрбие үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу 
шетелдік тыңдаушыны бейімдеуді, оның жаңа оқыту тәсіліне писхологиялық 
даярлығын ғана қажет етіп қоймай, сондай-ақ педагогтің оқу үдерісіне 
көзқарасын өзгертуді талап етеді. 
Қазіргі заманғы маманға қойылатын талаптардың күн сайын өзгеруі 
шетелдік тыңдаушыларды жоғары оқу орындарына даярлауға байланысты 
теориялық тәсілдер мен практикалық шешімдерді басқаша ой елегінен өткізу 
қажеттігін айқындай түседі. Осыған байланысты жоғары оқу орнына дейінгі 
білім беру мекемелерінде инновациялық қызметті кеңейту мен тереңдету, 
кафедралардағы оқытушы-профессорлардың жұмыс тәжірибесіне жаңа 
технологияларды енгізу механизмдерін әзірлеу айрықша маңызға ие. Жоғары 
оқу орнына дейінгі білім беру мен жалпы білім беру жүйесінде инновациялар 
мен заманауи тәжірибе алмасудың рөлі арта түсуде.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру үдерісіндегі инновациялық 
бағыттарға талдау жасау бірқатар төмендегідей жалпылама қағидаларды 
тұжырымдауға мүмкіндік береді. 
1. 
Инновациялық оқыту технологиялары қазіргі заманғы маманның 
кәсіби қызметін үлгілеуді (модельдеуді) білдіреді. 
17 


2. 
Оқу үдерісіне инновациялық мазмұн мен технологиялар сапалы 
енгізілген жағдайда ғана тыңдаушылардың болашақ кәсіби 
мамандықтарына бағдар беру мен бейімдеу мәселесінің оңтайлы 
шешімін табуға болады.
3. 
Инновациялық оқыту тәсілі арқылы күрделі оқу-тәрбие міндеттерін 
тиімді шешуге болады.
Шетелдік тыңдаушыларды жаңа әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеуде 
инновациялық ізденістерді қолдану, яғни әрбір тыңдаушының тұлғасына 
бағытталған тәрбие әдістерін белсенді түрде қолдану бейімдеу үдерісінің 
оңтайлы жүзеге асуына ықпал етеді. 
Қазіргі таңда білім беру мекемесі білім алушының тұлғасына 
бағытталған тәрбие әдістерін қолданады. Тұлғаға бағытталған тәсіл 
инновациялық білім беру стратегиясында өз шешімін табады. Мәселен, 
дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін алмастыруға қолданылатын белсенді 
оқыту тәсіліне жататын әлеуметтік-психологиялық тренингтерде кеңінен 
қолданылады.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына 
дейінгі дайындық кафедрасының жұмыс тәжірибесінде тұлғаға бағытталған 
тәрбие беру бірқатар іс-шаралар арқылы көрініс табады. Осы тұста куратор-
эдвайзер топтағы шетелдік әрбір тыңдаушы туралы, оның қызығушылықтары 
мен қабілеттері туралы, отбасы туралы, келген жері туралы мәліметтер базасын 
жасап, олардың әрқайсысына психологиялық-педагогикалық мінездеме береді. 
Осыған сәйкес тәрбие үдерісінде әрбір тыңдаушының тұлғасына бағытталған 
тәсіл белсенді түрде қолданылады. Әсіресе тәрбие беру кеңістігіне ерекше 
назар аударылады. Мәселен, тыңдаушылардың жеке қызығушылықтары 
бойынша түрлі клубтарға, спорт үйірмелеріне қатысуына, ғылыми-зерттеу 
жұмыстарымен айналысуға жағдай жасалынған. Осы ретте тыңдаушылар түрлі 
мәдени-көпшлік іс-шараларға, ғылыми конференциялар мен байқауларға 
қатысу арқылы өздерінің қабілеттерін ашып, оны дамыту мүмкіндігіне ие 
болады.
18 


 
«Тыңдаушыларға білім бере отырып, тәрбие беру, тәрбиелей отырып, 
білім беру» оқу-тәрбие үдерісінің басты құндылығы болып табылады. Тәрбие 
беру ісін жүйелі жүргізгенде ғана оның тиімділігі арта түседі. Студенттің жеке 
тұлғасы – педагогтің басты құндылығы мен негізгі нысаны. Педагогтің 
шығармашылығы педагогикалық мәдениетінің маңызды белгісі болып 
табылады.
Әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеудің инновациялық тәсілдерін куратор-
эдвайзер кураторлық сағаттарды өткізуде қолдануына болады. Олар 
төмендегідей формаларда көрініс табады: 
Пікірталас, диспут, дебаттар (топ екіге бөлініп, олардың өкілдері 
аталмыш мәселеге байланысты қарама-қарсы ұстанымды қорғай отырып, 
пікірлерін білдіреді, мұндай формалар тыңдаушыларды түрлі мәселелерді 
талқылауға тартады, басқалардың пікірлерін түсініп, оларды тыңдай білуге, өз 
көзқарасын жақтауға үйретеді).
Рөлдік ойындар (проблемалық жағдай қысқаша ойнатылады, содан соң 
тыңдаушылар оны талқылап, талдау, тұжырым жасау мүмкіндігіне ие болады; 
мұндай форма проблеманы дұрыс түсініп, қандай да бір рөлді ойнай отырып, 
сезінуіне көмектеседі). 
Тақырыптық дәріс (темекі шегу, нашақорлық, денсаулық сияқты 
тыңдаушылар үшін маңызды тақырыптар ашып көрсетіледі; сонымен қатар 
дәрістер мәдениет, дәстүрлер, белгілі тұлғалардың өмірбаяндары туралы 
танымдық сипатта болуы мүмкін).
Саяхаттар (тыңдаушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру).
Саяхат ойындары (ойын түрінде тыңдаушылардың дүниетанымын 
кеңейтуге ықпал етеді). 
Тренингтер (белгілі бір сценарийлерді ойнау арқылы тәжірибеде 
пысықтай отырып, тыңдаушыларды қандай да бір жағдайда өзін дұрыс 
ұстауына баулиды). 
19 


Жоғарыда аталғандар белсенді куратор сағаттарын өткізу формалараның 
толық тізімі емес. Ең бастысы тыңдаушы үшін кураторлық сағат қызықты 
болып, кураторлық сағаттың өз мақсатына жетуі маңызды. 
Сонымен, оқытушы өз педагогикалық қызметіне инновациялық 
өзгерістер енгізуді меңгере отырып, кәсіби тұрғыдан білімін жетілдіре түсіп, 
шетелдік тыңдаушылармен тұлғааралық және білім беру қатынастары 
саласында өзара байланысын сапалы түрде жақсартады. Ал, бұл өз кезегінде 
жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мекемесінің, жалпы білім беру жүйесінің 
инновациялық дамуын қамтамасыз етеді.
20 


ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты 
әдеби-музыкалық кеш 
21 


М. Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кеші 
Ауған тыңдаушылары ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында 
22 


Медеу спорт кешені мен Есік қаласына жасалған саяхаттар 
23 


Жаңажылдық думанды кеш 
Кездесуде 
24 



жүктеу 1.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет