Ж. Т. Абдуллаева шетелдік тыңдаушыларды жаңА Әлеуметтік-мәдени ортаға бейімдеу


Факультетте өткізілетін кураторлық сағаттардың шамамен



жүктеу 1.2 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата06.11.2022
өлшемі1.2 Mb.
#23384
1   2   3   4   5   6   7   8
treatise15500 (1)
Факультетте өткізілетін кураторлық сағаттардың шамамен 
алынған тақырыптарын ұсынамыз 

«
Жатақханада және оқу ғимаратында өзін-өзі 
ұстау ережесі» 

Әдептілік әліппесі 
Әдептілік туралы түсінік беру 

«
Рухани-адамгершілік 
және 
ұлттық 
құндылықтар» 

«Заманауи Қазақстан» 
Тәуелсіздік күніне орай 

«Алматы - оңтүстік астана» 
Алматы қаласының тарихымен 
таныстыру 

«
Әлемге ортақ мереке» 
Жаңа жыл мерекесін тойлау 
дәстүрімен таныстыру 

«
Дені саудың – жаны сау» 
Салауатты 
өмір 
салтын 
насихаттау 

«Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның» 
Зиянды әдеттерден бойын 
аулақ ұстауға баулу, темекі 
шегудің денсаулыққа қауіпті 
екендігі туралы мағлұмат беру 

«Ашу –дұшпан, ақыл – дос» 
Ұстамдылық пен сабырлыққа 
тәрбиелеу 
10 
«Менің тобым – менің ұжымым» 
Тыңдаушылардың ұжымдық 
қарым-қатынасын 
нығайту, 
достықты насихаттау 



11 
«Табиғат – асыл қазына» 
Табиғатты аялауға, қорғауға 
баулу және қоршаған ортаны 
ластанудан сақтауға тәбиелеу 
12 «
Ана - ардақты есім» 
Халықаралық 

Наурыз 
мерекесіне орай 
13 
«Наурыз мерекесі» 
Наурыз 
мерекесі 
туралы 
әңгімеленеді 
14 «
Кәсіптің жаманы жоқ» 
Тыңдаушылардың 
болашақ 
мамандықтары туралы әңгіме-
сұқбат 
15 
«Спорт – денсаулық кепілі» 
Дене 
тәрбиесіне, 
салауаттылыққа дағдыландыру 
16 «
Татулық пен келісім» 
Төзімділік пен сыйластық 
туралы әңгімелеу
17 
«Өнеге отбасынан» 
Отбасы жарастығы, татулығы, 
сыйластығы туралы түсіндіру 
18 
Дайындық бізге не берді? 
Факультетте оқып жүрген 
кездегі алған әсерлері туралы 
сұқбаттасу 
Шетелдік тыңдаушылар факультетке жаңадан келген кезінде «Қазақстанға 
қош келдің!» атты Ашық есік күні шарасын өткізу дәстүрге айналған. Бұл 
шараға АИР-дан келген тыңдаушылар мен оралман тыңдаушылар, бұрын оқып 
кеткен тыңдаушылар тартылады, елшіліктерден өкілдер шақырылады. Жыл 
сайын өтетін осы шара тыңдаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін 
ашуға, әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуіне, жастар арасында халықаралық 
мәдениетке толеранттылық қатынасты тәрбиелеуге ықпал етеді. Сонымен 
қатар, «Жыр мүшәйрасы», «Тәуелсіз Қазақстан», «Жаңажылдық думанды кеш», 
«Баршаға ортақ мереке», «Қош келдің, әз-Наурыз!», «Қоштасу кеші» сияқты 
факультет көлеміндегі дәстүрге айналған іс-шаралар мен спорттық 
жарыстардың ауған тыңдаушылары мен оралман тыңдаушылары арасында 
өткізілуі де әлеуметтік-мәдени бейімдеу үдерісінің қарқынды өтуіне септігін 
10 


тигізеді. Осы ретте шетелдік тыңдаушылар арасында түрлі спорттық ойындар, 
атап айтсақ, футбол, волейбол, баскетбол сияқты спорт ойындары түрлерінен 
жарыстар өткізетін спорт үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру маңызды. 
Аудиториядан тыс мәдени шаралардың (кино және драма театрларындағы 
қойылымдар, түрлі қоғам, өнер қайраткерлерімен кездесулер, қазақша 
концерттер т.б), қаланың көрікті жерлеріне, мұражайларға саяхат жасау сияқты 
іс-шаралардың барлығы да шетелден келген тыңдаушыларды әлеуметтік-
мәдени ортаға бейімдеуге өз ықпалын тигізеді. Осы тұста факультетте 
танымдық саяхаттарды ұйымдастыратын «Өлкетану» клубының жұмысын 
ерекше атап өткен жөн. 
Факультетте шетелдік тыңдаушылардың ғылыми шығармашылығын 
дамыту мақсатында оқу жылының екінші жартысында тыңдаушылар арасында 
«Жер – біздің ортақ үйіміз», «Ғылыми таным және ізденіс» атты халықаралық 
студенттік ғылыми конференциялар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Осы 
конференцияларда тыңдаушылар оқытушылардың ғылыми жетекшіліктерімен 
алғашқы ғылыми ізденістерін айқындайды, ғылыми шығармашылықпен 
танысады. Осы тұста шетелдік тыңдаушыларға тілдік кедергіні жеңе отырып, 
көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениетін меңгеруге тура келеді. «Жер – біздің 
ортақ үйіміз», «Ғылыми таным және ізденіс» атты халықаралық студенттік 
ғылыми конференциялардың қорытындысы бойынша ең үздік деген 
тыңдаушылар университет көлемінде өтетін жас ғалымдар мен студенттердің 
«Ғылым әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға 
жолдама алады. 
Жалпы конференция жұмыстарына ауған тыңдаушылары мен оралман 
тыңдаушылары Қазақстанның жергілікті студенттерімен бірге қатысады. 
Конференция жұмысын қорытындылауда шетелдік тыңдаушылар мен 
жергілікті студенттердің мүмкіндіктері ескеріле отырып, ауған тыңдаушылары 
арасында жеке орындар, оралман тыңдаушылары мен жергілікті студенттер 
арасында жеке орындар беріліп, марапатталады.
11 


Конференцияларда ауған тыңдаушылары практикалық мәдениетаралық 
коммуникацияға түсіп, жаңа ортаға, лингвомәдениет тасымалдаушыларына 
қатысты көзқарастары қалыптасып, қарым-қатынас үдерісіндегі қиындықтарды 
еңсеруге талпынады. Практикалық коммуникация үдерісінде тілдік бейімделу 
үдерісі қарқынды жүреді. Тілдік бейімделуден өтпеген шетелдік тыңдаушылар 
жаңа әлеуметтік ортаның кері әсерін жеңуі қиын немесе жеңе алмай, оқуға, 
таңдаған мамандығына деген қызығушылығын жоғалтады.
12 



жүктеу 1.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет