Ж Өмірі – өнегедей, көңілі – телегейдей



жүктеу 28.89 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі28.89 Kb.

 

   


 

 

12.02.2015ж 

 

Өмірі – өнегедей, көңілі – телегейдей 

 

 

Тобаяқов Бақытжан  

 

Ол  –  қанқұйлы  соғыс  ардагері.  Ол  –  теміржол  генералы.  Ол  –  ұлағатты  тәлімгер.  Ол  –  жаны  ізгі 



қамқор әке, абзал ата. 

Әңгімеміздің кейіпкері – Рымбек Тұрғанбайұлы Тұрғанбаев. 

Рымбек  Тұрғанбайұлы  жастайынан  оқуға  бейім,  білім-ғылымға  шӛліркеп  жүріп  оқыған,  еңбекке 

ынталы,  кӛкейіне  кӛп  дүниені  тоқыған.  Ол   ӛз  асқар  таудай  талабының,   талайға  бергісіз  талантының 

арқасында теміржол саласында асқаралы биіктерге жеткен жан.  Мен абыз ағаны әңгімеге тарттым: 

–   Реке,   торқалы  тоқсаныңыз  құтты 

болсын! Қазақта «сексеннің сеңгіріне жетіп, 

тоқсаннан тоқтамай ӛтіп, жүзден асып кетіп, 

дегенің  болсын»  деген  бата  бар  еді.  Қалай 

екен, тоқсан? 

–   Е,  қарағым,  қалай  болушы  еді, 

кӛріп отырсың, ӛзім де білмей қалдым қалай 

осынау  жасқа  келгенімді.  Баяғыда  Биатам 

(Сеңкібай  батыр)  «Дүние  деген  ұшқан  құс, 

байқай  алмай  қаларсың,  басыңнан  шарлап 

ӛткенін»  деп  айтқан  екен.  Сол  секілді  ғой. 

Біздің  балалық,  жастық  шағымыз  қиын 

дәуірге 


тап 

келді. 


Ауыртпашылық 

кӛп   кӛрдік,  бірақ,  жасымадық,  үлкен 

лауазымды 

қызметтер 

атқарғанда 

да 


тасымадық.  Тағы  да  сол  бабамыз:  «Ӛзіңе 

біреу  жапа  жасаса,  сен  оған  рахат  жаса, 

сонда  нұрға  бӛленесің»  деген  екен.  Осы 

ұстаныммен  жүргенім  де  кӛмек  болған 

шығар. 

Міне, 


енді 

ауру-сырқау 

анталағанымен, дес бермей келеміз. 

Иә,  ақсақалдың  сӛзі  –  рас.  Сонау 

қанқұйлы майданға 1943 жылы ӛзі сұранып, 

толарсақтан саз кешіп, тобығымен су кесіп, 

солдаттың керзі етігімен Шығыс Еуропаның 

елдерін азат етуге қатысқан еді. 

–  Қызығы  сол,  жаңағы  Сеңкең 

жоңғарлармен бірінші ұрысқа  (1726 жылғы 

Алакӛл  шайқасы)  он  мың  қолды  қанжығалы  Бӛгенбай  батырмен  бірге  17  жасында  кірсе,  мен  де  тетелес 

Сәкен ағам (Салтыбаев) екеуміз сол 17-18 жасымызда, 1941-1943 жылдары майданға фашистермен соғысуға 

аттанған екенбіз. 

Әрі  батыр,  әрі  би  Сеңкібай  (1709-1786)  –  Рекеңнің  алтыншы  атасы.   Бұл  баян  –  енді,  Рымбек 

Тұрғанбайұлының  қайдан  шыққанының  бір  кӛрінісі  іспетті.  Рекеңнің  әкесінің  кӛзін  кӛріп  ем,  кезінде 

Қарқаралы  ӛңірінде  айтулы  саятшы,  бүркітші  болған  кӛрінеді.  Ақкӛңіл,  жан-жағына  нұр  шашатын 

ақжарылқап  жан  еді.  Ол  кісі  86  жасында  Алматыда  дүниеден  озған.  Рекең  әкесін  60-шы  жылдары  елін 

аралатып тілегін орындап, перзенттік борышын ӛтеген. 

...Екінші дүниежүзілік соғыста ӛрімдей жас Рымбек  аяғынан жараланып, госпитальда жатып шығып, 

1945  жылы  елге  оралады.  Соғыстың  алдындағы  үркіншілік  кезеңде  Салтыбай-Тұрғанбай  әулеті  сонау 

Арқаның  Қарқаралысынан  Матай  стансасына  кӛшіп  келіп  қоныстанған  еді.  Бұл  кӛшуде  жасынан  еті  тірі 

Әбілғазы атты ағалары барлық ауыртпалықты мойнына алып, бірталай туған-туыстарын аман алып қалып, 

жанқиярлық кӛрсетеді. Сӛйтіп, майданнан соң Рымбек ағасы Сәкенмен бірге Матайдың депосына жұмысқа 

орналасады.  Мұнда  бұрыннан  туған  ағасы,  үйлі-баранды  Ақтай  да  жеңгесі  Зылиқамен  белсенді  жұмыскер 

екен. 50-ші жылдары Рымбек Тәшкенге оқуға, Теміржол институтына түседі. Оны үздік бітіріп шығады да, 


Алматы  қаласының  теміржол  стансасында  жай  қызметкерден  бастап,  вокзал  басшысы,  станса  бастығына 

дейін  кӛтеріледі.  Содан  арынды  жас  маманды  басшылар  Қызылорда  теміржол  бӛлімшесінің  бастығы  етіп 

жібереді.  Мұнда  ол  тың  серпінмен,  жаңашыл  идеяларымен,  инженерлік   бастамаларымен  артта  қалған 

теміржол учаскесін бірталай сатыға кӛтереді. Осылайша ӛзі майдангер, ӛзі дарынды басшы қызметкер Рекең 

елдің аузында жүреді. 

1970 жылы ол Қазақ теміржолының кәсіподақ тӛрағасы (Дорпрофсож) болып сайланады. Бұл лауазым 

Қазақ  теміржолы  басқармасының  бастығы  дәрежесімен  теңдей  еді.  Осы   тұста  бір  эпизодты  айтпаса 

болмайды.  Алматыдағы  Интернациональная  (қазіргі  Сырбай  Мәуленов)  кӛшесінде  ақын  Әбділда 

Тәжібаев   жеке,  екі  қабатты  оқшау  үйде  тұрып  жатқан.  Ал,  теміржол  басқармасы   сол  жерде  Теміржол 

институтының (қазіргі Кӛлік академиясы) жатақханасын салайын деп, ақын тұрған үйді ысырып, кӛшіргісі 

келген.  Сӛйтіп,  басқарма  бастығы  Виноградовпен  бірге  Рекең   ақынның  үйіне  барады  ғой.  Барады  да 

шешімдерін айтып, оның отбасына орталықтан пәтер ұсынады. Сонда ақын былай депті: 

– Осы орыстардың Есениніне Ресейдің әрбір қаласында дерлік ескерткіш орнатылып, еске сақтатып 

жатыр. Ал, менің, міне, қырық жыл болыпты туған әдебиет-ӛнерге еңбек сіңіргеніме, бір жаман үйді кӛріп 

қалыпсыздар,  маған  артық  дегендерің  бе,  менің  бір  адамдай  тӛккен  терім  бар  емес  пе?  –  деп  ұялтыпты. 

Әрине, бұл сол кездегі партияның нұсқауы ғой (ОК-тің кӛлік меңгерушісі Жуков болатын). 

Рекең  бұл  қызметте  жүріп   теміржол  еңбеккерлерінің  әлеуметтік  ахуалына  аса  қатты  кӛңіл  бӛліп, 

түрлі шипажайлар мен ауруханалар, емханалар салдыртады. 

1980 жылы басқаруды оңтайландыру үшін құрамында  жарты миллиондай жұмыскері бар Қазақ темір 

жолы  Батыс  Қазақстан,  Тың  және  Алматы  басқармасы  болып   үшке  бӛлінеді.  Рымбек  ағаны  сол  кездегі 

кӛсеміміз Дінмұхамед Қонаев Батыс Қазақстан теміржол басқармасын басқаруға жібереді. Сӛйтіп, Рымбек 

Тұрғанбайұлы  Ақтӛбе,  Орал,  Қызылорда,  Маңғыстау,  Атырау  облыстарының  теміржол  саласын 

ӛркендету,  саясатын бағыттау пұрсатына ие болады. Әлі күнге дейін батыс қазақстандықтардың Рекеңнің 

жаңашыл  жұмыстарын  ауыздарының  суы  құрып  айтып  отырғанына  куә  болдық.   Ол  кісі  осы  жерден  екі 

мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланды. 

1987 жылы Рекең Колбиннің кӛн табанына ілініп, қудаланып, зейнеткерлікке шығады, қызметтестері 

онымен  қимай-қимай  қоштасады.  Бірақ  та,  жігері  әлі  мұқалмаған  теміржол  генералы  Алматы  Теміржол 

институтының  құрметті  профессоры  ретінде  шәкірттерге  дәріс  береді.  Мұндай  теміржолшыларға  тәлім-

тәрбиесі осы күнге дейін жалғасуда деуге болады. 

Рымбек Тұрғанбайұлы Ұлы Отан соғысының бірқатар ордендерімен, медельдарымен және үкіметтік 

наградалармен  марапатталған,  омырауы  толған  орден-медаль.  Ӛзінің  Сеңкең  бабасы  секілді  шешендігі  әу 

баста бар, әлемдік классикалық әдебиет пен сан алуан энциклопедиялық басылымдарды сүзе, індете оқып-

тоқитыны  бар,  ақындардың  ӛлеңдерін  жатқа  білетіні  (Қасым  Аманжолов  немерелес  ағасы)  бар.  Ол  3-4 

кітапты қазақша-орысша жазып тастады, солары ел ішіне жақсы тарады да. Бүгіндері  жазушылардан Рекең 

Герольд  Бельгер  марқұмды  қатты  құрметтеп  сыйлайды.  Ӛздері  бір  топ  қариялармен  бірігіп,  Шоқан 

Уәлиханов  ескерткішінің  жанында  мәслихат  жасайтын.  Оны  ӛзінің  достары,  қоғам  қайраткері,  профессор 

Сағындық Кенжебаевпен (91 жаста), академик Серік Қирабаевпен (88 жаста) қатар могиканның соңғы тұяғы 

деуге  болады.   Ол  аяулы  жары  Мәрия  тәтемен  бірге  үш  қыз,  бір  ұлды  тәрбиелеп  ӛсірді,  бәрі  де  жоғары 

білімді,  үйлі-жайлы.  7  немере  және  4  шӛбере  кӛріп  отыр.  Ұрпақтарыңыз  кӛбейе  берсін,  қадірменді  қарт 

майдангер, теміржол генералы, адал жүректі, абзал, абыз аға! 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал