Ж. Мәншүк Мәметова. Көне дерекке жаңа көзқарас



жүктеу 67.78 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі67.78 Kb.

 

11.04.2014 ж. 

 

                              Мәншүк Мәметова. Көне дерекке жаңа көзқарас 



 

 

 

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ. 

СӚЗ БАСЫ «Егемен Қазақстанның» ӛткен жылғы 30 қазандағы санында газеттің Ақтӛбе облысындағы 

меншікті тілшісі Сатыбалды Сәуірбайдың «Мерген қыздың аруағын мазаламайық» деген сҧхбаты 

жарияланған-ды. Онда: «Батыр қыздың сҥйегі Монаковадағы мемориалдық кешенде жоқ екен», «Мерген 

қыздың сҥйегі елге әкелінбекші», «Батыр қыздың сҥйегін таптық…» деген сияқты Кеңес Одағының Батыры 

Әлия Молдағҧловаға қатысты алып-қашпа әңгіменің ешқайсының шындыққа жанаспайтынын жерлестерінің 

ерлігін насихаттаушы, оған қатысты басқа да мәселелерді тиянақты зерттеп, зерделеп жҥрген «Қос Шынар» 

Әлия-Мәншҥк» қоғамдық бірлестігінің тӛрағасы Ғалымжан Байдербесовпен сҧхбатынд

 

а дәйекті 



дәлелдермен дәлелдеп берілді. Міне, осы мақаланы оқығанда Кеңес Одағының Батыры Мәншҥк Мәмето-

ваның да Әлия сияқты алдымен шартты тҥрде жерленіп, екінші рет мҥрдесін тапқаннан кейін қайта 

жерленуі есіме тҥсті. Мҧны Офицерлер ҥйінде Мәншҥк Мәметованың 70 жасқа толуына орай майданда 

батыр қыздың кӛзін кӛрген жауынгерлер бас қосқан жиында 

кездейсоқ білдік. Әңгіме соңына қарай орта бойлы, тап-тҧйнақтай 

киінген, кеудесі орден-медальға толы, шашын салалап артқа 

тастап ӛзін дербес зейнеткер, соғыс ардагері Ахметқазы Болатов 

деп таныстырған ақсақал орнынан тҧрды да: «Ағайындар, біле-

білсеңіздер, Мәншҥктің ең соңғы жауынгерлік орнында қайтыс 

боларынан 5-10 минут бҧрын кӛрген мен едім. Соны біле тҧра 

қашанда шеттетіп жҥресіңдер. Осы жиынға шақырту алғанымды 

қайтейін, кеше «келмей-ақ қойыңыз, кездесу ӛтпейтін болды» деп 

телефон шалдыңдар, мҧны қалай тҥсінуге болады? Ең болмаса 

батыр қызымыздың аруағынан қорықпайсыңдар ма?», – деді 

дауысы дірілдеп. Мына тосын жағдайды естіген соң Ахметқазы 

ағаға жолығып, ертесіне редакцияда кездесетін болып уәделестік. 

«Мәншҥкті біз кӛрдік, білеміз деп, әрқайсысы меншіктеп алған. 

Ал мені жолатқылары жоқ…» деп кейіс білдіріп алды да, әңгіме 

тиегін ағытып қоя берді. Бірақ, шынында да Мәншҥктің ерлігіне 

бірден-бір куә әрі ӛз қолымен сҥйегін жинаған адам жайлы соғыс 

аяқталғанына 48 жыл ӛтсе де майдандас жауынгерлердің біле тҧра 

бір ауыз сӛз айтпауы таңғалдырды. Ахметқазы ағаймен сӛйлескен 

соң осы фактілерді анықтау барысында біраз іздендім. Мәншҥктің балғын балалық шағына жалғыз куә – 

жеңгесі Майра Мәметова апайдың ҥйіне барып, еркін сӛйлесіп, жер бетінде небәрі 21 жыл ғана ӛмір сҥрсе де 

қаршадай болып ер қолынан келмейтін іске барған, ӛшпейтін, ӛлмейтін ерлік жасаған қазақ қызының ӛлімді 

қасқайып қарсы алуының сырын да ҧққандаймыз… «ӘКЕМДІ БОСАТЫҢЫЗ. ҚЫЗ ДА БОЛСАМ 

СҦРАНЫП СОҒЫСҚА КЕЛДІМ» 16 жастағы Майра Мәметовтердің әулетіне келін болып босаға 

аттағанында қайнағасы Ахмет пен абысыны Әмина Саратов қаласында тҧрады. 1927 жылы кҥзде Ахмет інісі 

Қанат пен келіні Майраны Жәнібек ауданындағы Қосшы артелінің Тайғара ауылына кӛшіріп әкеліп, немере 

ағасы Жеңсігәлінің отбасымен таныстырып кетеді. Ол кісінің Нағи, Қадыр атты ҧлдары және 5-6 жасар 

Мәнсия деген қызы болады. Мәнсияны еркелетіп Мәншӛк деп атаған. Мәншҥк қара торы, жайнаған қарақат 

кӛзді, шашы қалың әрі бҧйра, сҥп-сҥйкімді, адамға тез бауыр басқыш бала болып ӛседі. Майраның бӛтен 

босағаға тез ҥйренісіп кетуіне кӛбіне Мәншҥктің ашықтығы, бауырмалдығы себеп болады. Ол жеңешелеп 

жанынан шықпайтын кӛрінеді. Бірде қайнағасы Ахмет қонаққа келіп жатқанда Мәншҥк жҥгіріп ҥйге келе 

қалады. Қасына шақырып алып, ойнатып, тілін қызық кӛріп ананы-мынаны сҧрайды. Перзент кӛрмей 

зарығып жҥрген Ахмет сҥйкімді әрі зерек балаға кӛңілі ауып, кӛп ҧзамай Әминамен келісіп, Мәнсияны 

біржолата асырап алуға немере ағасы Жеңсігәлінің алдына барады. «Оқытамын, ӛз баламдай кӛрем, бірақ 

атыма кӛшіріп аламын», – дейді. Анасы келіспей қарсы болса да: «Жақсы кӛретін інім едің, кӛңіліңді 

қалдырмайын. Балам саған аманат», – деп Мәншҥкті Майра жеңгесімен қосып Саратовқа жібереді. Есі кіріп 

қалған Мәншҥк бӛтен жер, бӛтен шаңырақты ӛгейсіп Майрадан айырылмай, ақыры оны бір апта ҧстайды. 

Мәншҥктің әке-шешесі Ахметті сыйлағаны болар, бір рет те іздеп келмепті. Ал Қанат: «Мәншҥкті 

сағындым», деген соң Майра екеуі кейінірек барып қайтады. 1932 жылы Ахмет інісі мен келінін Оралға 

кӛшіріп, Нариманов кӛшесіндегі 41-ші ҥйде біраз уақыт бірге тҧрады. Мәншҥк екі ҥйдің арасында еркелеп 


жҥреді. Ахмет қайнағасы оның барлық іс-қимылын бақылап, қадағалап отырған. Мәншҥк те сабағын жақсы 

оқып, айтқанын екі еткізбей, ол кісіні ӛте жақсы кӛрген. 1932 жылы Мәншҥктің туған анасы Тойылша, ал екі 

жылдан соң әкесі Жеңсігәлі дҥниеден ӛтеді. Ал 1934 жылы Ахмет Мәметов Алматыға жҧмысқа 

шақырылады да, Қанат пен Майра Орда ауданына кӛшіп барып, Мәншҥктің ағаларын қолдарына алады. 

Ҥлкені Нағи Оралға оқуға кетеді де, кейін одан хабарсыз қалады. Ал кіші ағасы Қадыр бірнеше жыл 

олармен бірге тҧрады. Кейін Оралдың пединститутын бітірген соң соғысқа кетіп, оралмайды. Мәметовтер 

әулеті ҥшін 1937 жыл қайғылы да ауыр жыл еді. Алғашқы қазақ зиялыларының бірі, ғылыми-зерттеу инсти-

тутының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынып, ату жазасына кесіледі. Ахметті ҧстап әкетісімен 

Қанаттың ол кісіге жақындығын іздеп тауып, ГПУ тергеуге алып, ақыры партиядан шығарып тынады. 

Осындай қиын уақытта 1940 жылы Алматыдағы Мәншҥктен хат келеді. Онда ол әкесін ҧстап әкеткенін, 

шешесінің кҥйеуге шығып кеткенін, ал ӛзін халық жауының қызы деп қудалаған соң, оқуды тастап басқа бір 

оқуға тҥсіп, жатақханада тҧратынын айтады. Әрине, Мәншҥктің жайы оларды да бейжай қалдырмайды. 

Заман болса қиын. Егер Мәншҥкті Оралға кел деп шақырып хат жазса, онда Қанаттың Ахметке жақындығы 

әшкереленіп, ҧстап әкетеді. Поштамен ақша салғанға да ГПУ-дің жансыздары арттарына тҥсіп, аңдумен 

болады. Сӛйткенмен де олар ретін тауып, Алматыға қатынаған есепшіден хат, ақша жібереді. Бердім деп ол 

келеді, ал оның алған-алмағанын бір қҧдайдың ӛзі біледі. Содан соғыс басталады. Мәншҥк әкесін ӛте жақсы 

кӛретін, сыйлайтын әрі әулиедей сенетін. «Халық жауы болғандардың баласы майданға ӛз еркімен барса, 

кешірім жасалады», деген әңгіме қҧлағына тиісімен, қаршадай қыз соғысқа сҧранып кетеді. Майданнан 

Майраға бір ғана хат келеді. Онда: «Әкемді босатыңыз, қыз да болсам сҧранып соғысқа келдім деген 

ӛтінішпен Сталинге ҥш рет хат жаздым, бірақ әлі хабар жоқ», деп жазады. Ол кезде Қанат та соғысқа ӛз 

еркімен аттанып, 1943 жылы Сталинградта ауыр жараланып, 

елге оралады. «Жаңа жол» колхозына басқарма болып 

жҥргенінде 1950 жылы дҥниеден ӛтеді. Абысыны Әмина 

Мәметованың тірі кезінде Майра Мәншҥкке қатысты іске 

араласа алмайды. Мәншҥгіне жасаған қызметі – ҥйдегі бар 

қҧнды заттарды, фотосуреттерді Орал қаласындағы мҧражайға 

тапс

 

ырады. Соның бірі – Мәншҥктің туған ағасы Қадырдың 



суреті. Әминаға қайнағасы, Қанат, Мәншҥк ҥшеуінің тҥскен 

суретін береді. «Қанат екеуімізден Шолпан, Маржан, Айман, 

Сәуле деген тӛрт қыз бар. Қҧдайға шҥкір, жаман емеспін, бірақ 

Мәншӛгім тірі болғанда ма, бҧдан да марқайып, бҧдан да 

биіктер ме едім…» – деген еді сонда кӛзіне жас алған Майра 

апай. МӘНШҤККЕ БАТЫР АТАҒЫ НЕГЕ КЕШІГІП БЕРІЛДІ? 

Қҧдайшылығына келсек, Отан соғысы кезінде майданға әйел 

баласы алынсын деген бҧйрық болмаған. Оның ҥстіне соғыс 

қазақ топырағынан тысқары мыңдаған шақырым 

қашықтықтағы қиян тҥкпірде жҥріп жатты. Майданды таңсық 

кӛріп, тамашалау ҥшін аттанбаған Мәншҥк – бҥрме кӛйлегін зіл 

батпан шинельге, жеңіл байпағын ауыр керзі етікке 

айырбастайды. Қос бҧрымын шорт кескізіп, мҧздай темір 

асынатын, ерлердің тәуекелі жете бермейтін іске бел байлайды. 

Қара тастай ӛңі суық қару – пулеметтің әр қорабында бірнеше 

қалақ оқ лентасын алай-бҧлай алып жҥрудің ӛзі қанша кҥшке 

тҥсерін ойласақ – талдырмаш қыздың (салмағы бар-жоғы 46 кило) ӛмір мен ӛлім қақтығысына ӛзінің 

сҧранып баруында кӛп сыр жатқандай. Мәншҥктің Отанына, еліне, жеріне, әсіресе, әке алдындағы 

перзенттік борышына адалдығын кӛрсетер тҧсты: ердің ері, адамның адамы сыналар шағын таңдап алуының 

ӛзі ерлі


 

ктің басы еді. Соғыстың да соғысы бар. Егер, Мәншҥк 100-ші бригадада болмай, басқа ортаға 

тҥскенде, жағдайы әлдеқандай болатыны және белгісіз еді. Негізінен ҧлттық, яғни қазақ бауырларынан, 

басшылары да ӛз ағайындары болғандықтан олар Мәншҥкке қорған бола білген, әрқашан жанашырлықпен 

қараған. Сондықтан да оны ҥнемі штабта ҧстауға тырысқан. «Ортамыздағы жалғыз қаракӛз 

қарындасымызды оққа ҧшырып алсақ, елге не бетімізбен қараймыз, бір қызға қараған ештеңе жоқ», деседі 

екен. Сӛйтсе де Мәншҥк ӛжеттігінің арқасында туасы кӛрмеген бар қаруды бес саусағындай ҥйреніп алады. 

Ҥздік пулеметші атанып қоймай, аз уақытта бӛлімшенің командирі, батальон комсомол комитетінің 

жетекшісі болады, әскери шені сержантқа дейін кӛтеріледі. Соның негізінде Мәншҥк Невель қаласының 

тҥбіндегі Изочи стансасы ҥшін қантӛгісте ӛзінің кім екенін тарих бетіне қанымен жазып кетті. Оның 

басынан бақайшағына дейін қаруланған кӛп жауға жалғыз ӛзі қарсы тҧрып, алға жылжытпай жер 

бауырлатуы кӛзсіз батырлық еді. Соғыстың заңы, денеңнен қан шыққан жарақат алсаң, ҧрысты тастап, кейін 

қайтуға рҧқсат. Мәншҥк басынан жараланса да: «Сендер бара беріңдер, мен қалмасам сендер шепке жете 

алмайсыңдар», деп жалғыз ӛзі жолдастарынан қалып, кӛпе-кӛрінеу ажалмен бетпе-бет келіп, жанын 

қҧрбандыққа шалуы – ерліктің ерлігі. Міне, осындай сан ерліктің басын қҧраған Мәншҥкке Батыр атағы 

шейіт болғаннан соң алты ай кешігіп берілген. Ал Әлия қайтыс болған соң Батыр атағын 17 кҥннен кейін 

алған. Ендеше: «Бҧл қалай?» деген сҧрақ тууы заңды да. Міне, осы оқиғаны Мәншҥкті оққа ҧшарынан 

бірнеше минӛт бҧрын кӛріп, соңғы рет тілдескен, ерлігіне кӛзі тірі жалғыз куә әрі сҥйегін жинаған сол 



кездегі 100-ші атқыштар бригадасының кіші лейтенанты, бҥгінде марқҧм Ахметқазы Ахметжанҧлы Болатов 

ақсақал ӛздігінен кездесуге барып қатысып, шақырылмаған қонақ болса да сӛз сҧрап, айтпағанда мҥмкін 

мақала жазылмас та еді, шындық айтылмас та еді… «Онда мен «Прощай, Родина!» атты танкіге қарсы 

тҧратын дивизионның ерікті комсоргы болатынмын. «Прощай, Родина!» ол лақап аты. Яғни, бҧл қҧрама 

жауға алғаш соққы беретін, тіпті, болмаса жарылғыш бӛтелкені белге байлап, танкінің астында қалып, бірге 

жарылатын топ, – деп бастады әңгімесін ақсақал. – 1943 жылғы 11 қазан кҥні біздің дивизионның біраз 

жауынгерлерін Псков облысындағы Изочи стансасын алу ҥшін қҧралдарымызбен жаяу әскерге бӛліп 

жіберді. Осылайша біз Мәншҥктердің батальонына қосылдық. Стансаны алған жағдайда 100-ші қазақ 

бригадасына Изочи аты берілетін болды. Ҧрысқа кіру ҥшін біздер Ҥлкен Иван мен Кіші Иван кӛлінің 

арасынан ӛттік. Мәншҥк жаудың кӛп келетін жерін пулеметпен қарсы алу ҥшін биіктеу жотаға орналасты 

да, жауынгерлік орнын белгіледі. Таңғы алтылар шамасында ҧрыс басталып кетті. Бар кҥшімізбен Изочиді 

басып алдық. Майданның заңы – жеткен жеріңе дереу бекінуің керек. Сӛйтіп, окоп қазып, әркім ӛз 

тіршілігін жасауға кіріскенде бізден екі-ҥш есе кҥші кӛп жау қайта шабуылға шықты. Орнығуға шама 

бермеді. Біразымызды қырып жіберді. Қалған тірілеріміз позицияны ӛзгерту ҥшін артқа шегінуді ҧйғардық. 

Қайтар жолымызда Мәншҥктер тҧрған тӛбешікті басып ӛтуге тура келді. Оның ҥстіне окоп кеңдеу болатын. 

Тӛбешікке келсек Мәншҥктен басқа тірі жан жоқ. Басынан жараланыпты. Бҧрынғы ҧрыс орнында емес, ӛз 

қаруының оғы таусылған соң окопқа жақын жолдасының пулеметін іске қосайын деп жатыр екен. Арамыз 

небәрі 4-5 метрдей ғана. Қарындасымыздың жалғыз екеніне кӛзіміз жеткен соң: «Мәншҥк, таста пулеметті, 

жҥр бізбен, тез!» деп ӛтініп жатырмыз. Ол болса: «Бара беріңдер, мен қалмасам сендерді кім қорғайды, 

Шепке жете алмайсыңдар», – деп айтқан сӛзінен таяр емес. Сосын біздер: «Мәншҥк қызықсың. Гитлердің 

бар әскерін жалғыз сен қырып тауыспақпысың, кеттік», – дедік жамырап. Кӛнбеді. «Жоқ. Сендерді мен 

қорғамасам, штабқа жете алмайсыңдар», – деп пулеметті қосып жіберді. Біз кете бардық. Артымыздан 

дҥмпулер естіліп жатты. Біраздан соң пулеметтің ҥні ӛшіп, дала тынышталды. Біздер бір-бірімізге қарап 

«все» дедік. Егер сол жолы Мәншҥк дәл осындай батырлық кӛрсетпегенде 100-ші атқыштар бригадасының 

сондағы жауынгерлері тірі қалмас еді. Мен сіздермен осылай отырмас едім. Мәселен, қара жер басып 

жҥргенім, сол қара қыздың арқасы. Бҥгінде біздер «Мәншҥк қаншама фашистің кӛзін жойды деп емес, 

қаншама қазақты аман алып қалды», деп айтуымыз керек. Содан қалған бірнеше жігіттер штабқа жеттік. 

Бригада комиссары Сақтаған Бәйішевке Мәншҥктің артта қалғанын, жаудың кӛп кҥші екпіндеп келе 

жатқанын жедел тҥрде баяндадым да, ӛзімнің дивизионыма кеттім. Сақтаған Бәйішев бастаған топ дереу 

дӛңгелене қорғаныс жасауға кірісті. Немістер Изочиді алғанмен, кҥші әлсіреп қалған болуы керек, қайтадан 

шабуылға шықпады. Қараша айының аяғында 100-ші мен 31-ші бригадаларды қосып 1-атқыштар дивизиясы 

қҧрылды. Жау Изочиді кӛпке дейін ҧстап, ешкімді жолатпады. Мәншҥктің ерлігін ӛзіміздің жауынгерлік 

газетімізде алдымен Асқар Закарин, сонан соң «Қазақ қызы» деп Жекен Жҧмаханов жазды. Бірақ Мәншҥк 

Батыр атағын алты айдан кейін алды. Оның себебін мен соғыс біткеннен кейін бригада комиссары 

С.Бәйішевтің хатшысы, кейіннен 120 миллиметрлік дивизион бастауыш партия ҧйымының хатшысы болған 

жерлесім Байуақ Ахметовтен естідім. Ағамыз бертінде, 1974 жылы қайтыс болды. Семейде біраз жыл сол 

кісінің қарамағында қызмет істедім. Байуақ аға: «Егер Мәлік Ғабдуллин болмағанда Мәншҥкке Батыр атағы 

берілмейтін еді», – деп айтып отыратын. Ол былай болған. Мәншҥктің қаза тапқаны туралы жазылған 

газеттер Мәскеуде Қызыл Армияның Саяси Бас басқармасының орыс емес ҧлттардың жауынгерлері 

арасында ҥгітші болып істейтін Мәліктің қолына тиеді. Оның ҥстіне Мәлік Мәншҥкті штабта, 1943 жылы 

маусым айында келгенде кӛргенімен қоса, анасы Әминамен хат алысып тҧрған. Мҥмкін Әмина қызына бас-

кӛз бол деп те тапсырған шығар. Мәлік Мәншҥктің қазасын ести салысымен дереу Невель қаласына келеді. 

Ол кезде 100-ші бригада тарап, 1-атқыштар дивизиясы қҧрылып жатады, ал Байуақ сол уақытта Невель 

қаласындағы 6-гвардиялық армияның резервінде тҧрады. Мәлік келе сала: «Мәншҥкке не жасап 

жатырсыңдар?» – дейді. Олар ІІ дәрежелі Отан соғысы орденіне ҧсынғандарын айтады. Мәлік жатып кеп 

ашуланады. Сосын тҧрып: «Айтыңдаршы, Алматы мен Мәскеудің арасы қанша шақырым?» – дейді. Біреуі 

4800 десе, біреуі 5000 шақырым деп жатады. «Мейлі, 4 мың-ақ шақырым болсын. Басқаны қойып қазақтың 

жиырмаға жаңа шыққан қызы сонша қиырдан Отанымды, Мәскеуді қорғаймын деп келіп, қолына винтовка 

алып, соғысамын деуінің ӛзі ерлік емес пе? Осыдан артық не дәлел керек? Дереу қҧжаттарын қайта 

дайындаңдар. ВЛКСМ Орталық комитетінің бірінші хатшысы Михайловқа, болмаса маған Батыр атағын 

берген Бҥкілодақтық тӛраға Калининнің ӛзіне барамын. Ворошиловқа да кіремін. Одан тҥк шықпаса, менің 

Мәлік атым қҧрып кетсін, ӛзімнің жҧлдызымды беремін», деп қайтадан қҧжат дайындатып, алып кетеді. 

Содан алты ай дегенде Мәншҥкке 1944 жылы 5 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Кӛп 

жерлерде Мәншҥкті батырлыққа ҧсынған Қазақстан ҥкіметі дейді. Мҥмкін Мәлік елмен хабарласып, 

қатынас қағаз жазыңдар деп сҧраған да шығар. Әйтпесе майдан даласы қайда, Қазақстан ҥкіметі қайда?.. 

Енді Мәншҥктің сҥйегі жайында. Қызы Батыр атағын алғаннан кейін Әмина Мәлікке Мәншҥктің басына 

баратынын айтады. Ал Мәншҥктің ол кезде мҥрдесі болмайды. Содан тығырықтан шығу ҥшін батыр қыздың 

сҥйегін тапқанша деп Невель қаласында оны шартты тҥрде жерлейді. Осы кездесуде Мәлік Мәншҥктің ІІ 

дәрежелі Отан соғысы орденін анасына тапсырады. Оған Байуақ та қатысады. Пионерлер мен жиналғандар 

алдында Ә.Мәметова, Ә.Баймолдин сӛйлейді. – Менің бҧл кезде осы оқиғалардан хабарым болған жоқ, – 

дейді Ахметқазы ақсақал. – Изочидегі ҧрыстан кейін мені артиллериядан алып, жаяу әскерге жіберді. Онда 

ешкімді танымаймын, жаңа бастықтар. Бір кҥні мені 1-ші атқыштар дивизиясының саяси бӛлім бастығы, 

полковник А.Г.Тутихин шақырады деді. Барсам, есік алдында бҧрынғы 100-ші атқыштар бригадасынан 


танитын Тҧраш Әбуов бар екен. Қуанып кеттім. Полковник: «Сіз Изочидегі ҧрысқа қатыстыңыз ба?» деді. 

Мен: «Иә», дедім. Онда Мәншҥк Мәметованың жауынгерлік орнының қайда орналасқанын білесің бе?» – 

деді. «Иә, білемін», дедім. «Олай болса капитан Әбуов екеуіңіз барып Мәншҥктің сҥйегін тауып, Невель 

қаласына апарып, жерлейсіздер», – деді де жанымызға екі жауынгерді қосып берді. Содан жолға шықтық. 

Ол жердің жадымда сақталғаны сонша, қазір де тауып берген болар едім. Мәншҥкке снаряд тікелей 

тигендіктен сҥйегі шашылып кетіпті. Әйтеуір қыз бала, сҥйегі нәзік, кішкене болған соң оңай жинастырып, 

плащ-палаткаға салып, сол кездегі Невель қалалық партия комитетінің хатшысына кіріп, мән-жайды айттық. 

Осылайша Мәншҥктің мҥрдесі қалалық партия комитеті алдындағы алаңға жерленді. Бҥгінде батыр 

қызымыз полковник Әбілқайыр Баймолдин мен атақты мерген Ыбырайым Сҥлейменовтің ортасында 

жатыр». Міне, батыр қыздың екі рет жерленуінің ақиқаты жайында Ахметқазы Болатов ақсақал осылай 

деген еді. Мәншҥктің сҥйегін жинап, қабірі

 

нің басында сӛз сӛйлеген жамбылдық Тҧраш Әбуов бҧдан тӛрт-



бес жыл бҧрын ғана қайтыс болған. Осы жӛнінде ол кісінің зайыбы Рауза апайдан сҧрағанымызда, 

Тҧраштың Мәншҥктің денесін апарып, жерлеп, зират басында сӛз сӛйледім деген әңгімесін талай естігенін 

растады. Қалай дегенде де, Ахметқазы ағаның сӛзін анықтап, кӛңілде кҥдік қалдырмау мақсатында ол 

кісіден осы айтылған оқиғаларға қатысты сол кҥндері кӛзі тірі куәлерді сҧрағанымда, ақсақал екі адамды 

айтты. Соның бірі – Сақтаған Бәйішевтің Байуақ Ахметовтен кейінгі хатшысы болған, жасы сексеннен 

асқан, байырғы журналист Мҧхаметбек Нҧртазин ағайды тауып, сӛйлестім. «Мені 1943 жылы шілде айында 

120-шы минометшілер дивизионында жҥргенімде жауынгер газеттерінде мақалаларым жарық кӛріп, жазу-

сызуға ыңғайымды байқаған болуы керек, С.Бәйішев ӛзіне хатшылыққа шақырды. Мәншҥкті сол кезден 

бастап жақынырақ білдім. Қарындасымызды майданға алғанда, тіпті әскери билеті де болмаған. 5 рет рапорт 

жазып, ақыры қоймай пулеметшілер батальонына барады. Ал 1943 жылы қазанның 14-інен 15-іне қараған 

тҥні оған партбилет тапсырылды. Оған мен де қатыстым. Мәншҥк билетті алғаннан кейін бес-алты сағаттан 

соң ҧрысқа кіріп, сол жолы ерлікпен қаза тапты. Мәншҥк опат болғаннан кейін ІІ дәрежелі Отан соғысы 

орденіне ҧсынылды. Осы екі арада 100-ші бригаданы таратып, 1-ші атқыштар дивизиясына қосылдық. Мен 

сол дивизияның саяси бӛлімінің бастығы, полковник А.Г.Тутихиннің хатшысы болып қала бердім. Бір кҥні 

ол кісі мені тҥнгі сағат он екіде оятып: «Тҧрар, Алматыға барғың келе ме?» – дегені. «Әрине», дедім. «Олай 

болса, қазір Қызыл Армияның Саяси Бас басқармасының бастығы А.С.Щербаковтан жеделхат келді, онда 

Совет Одағының Батыры М.Мәметованың денесін Алматыға жеткізуге арнайы самолет жіберетінін 

айтыпты. Сҥйекті сен апарып кел, қайда жерленгенін білесің бе? – деді. Мен аңтарылып қалдым. Басым 

салбырап, Мәншҥк соғысқан тӛбешік кӛпке дейін жаудың қолында болғанын, әлі денесінің табылмағанын 

айттым. Содан кері жеделхат жолданды. Полковник Тутихин болса дереу Мәншҥктің денесін табуға әрекет 

жасап, онымен ҧрыста болған, кӛрген жауынгерлерге іздеу салды. Ақыры Ахметқазыны тауып, Тҧраш 

екеуіне Мәншҥктің сҥйегін Невель қаласына жерлеуге тапсырма берілді. Ахметқазыны мен ӛте жақсы 

білемін, жаны таза, адал, ӛте тәртіпті адам. 1943 жылы қазан айында екеумізді С.Бәйішев қатардағы 

жауынгерден кіші лейтенант шеніне бірге ҧсынды. Оның айтқанының бәрі шындық», деді. Екінші осындай 

куәгердің бірі – 100-ші атқыштар бригадасының танкіге қарсы дивизионының саяси бӛлімі командирінің 

орынбасары Нағымжан Нҧрғазин. Ол кісі былай дейді: «Дивизионның комсомол ҧйымының жетекшісі, кіші 

лейтенант Ахметқазы Болатов Изочи стансасын алу ҥшін ҧрысқа тікелей менің тапсырмаммен кеткен еді. 

Және сол кездегі болған жағдайды дәл осындай толық баяндаған болатын». СӚЗ СОҢЫ Иә, Мәншҥктің 

батырлығына ешкімнің кҥмәні жоқ. Екінші дҥниежҥзілік соғыс кезінде Қызыл Армияда 300 мың жауынгер 

әйелдердің 86-сы Батыр атағын алған. Соның екеуі – қазақ қызы еді. Бҧл мақала бір жағынан шындыққа кӛз 

жеткізу болса, екінші жағынан осы жасалған ерлікті мҧра ететіндей бҥгінгі тәуелсіз Қазақстанның қорғаны 

болар, сенім жҥктер ҧрпағынан ӛрімдей жас қыздың еліне, жеріне деген сҥйіспеншілігінен қҧлағдар ету. 

Заты әйел болса да намыс ҥшін басын қатерге тігіп, сҥйегі шашылған апаларының ерлігі бҥгінгі ҧрпаққа 

титтей де болса ҥлгі болсын деген ниет қана. Қазақ қашанда жауынгер халық, батыр халық. Оның осы 

қасиеті ҧрпақтан ҧрпаққа ҥлгі, ата дәстҥр болып табылады. Бҧл дәстҥрлер айтып, қайталағанда ғана ӛміршең 

болмақ. Мәншҥк пен Әлия да осындай рухтың жалғасы… Атағына бҥкіл Шығыс халқы ортақтасқан, 

қазақтың атын әлемге шығарған аяулы қос батыр қызымыздың даңқын асыруда не жасадық, оларға деген 

қҧрметтің нышанына жҥрер қандай іс тындырдық? Елі ҥшін, Отаны ҥшін соңғы деміне дейін айқасып, 

қыршынынан қиылған қазақтың қаршадай екі қызын ардақтай алдық па? Аққан жҧлдыздай ғҧмыр кешсе де, 

алмас қылыштай жарқ етіп, елі ҥшін қасқайып кеткен қос қызғалдағымыздың қадіріне жете алдық па? Ал, 

бҧл екінші мәселе… Гҥлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Суреттерде: 1. Оқушы Мәншҥк сынып-

тастарымен; 2. Мәншҥкке Невель қаласында орнатылған ескерткіш; 3. Невель қаласындағы Әбілқайыр 

Баймолдин, Мәншҥк Мәметова, мерген Ыбырайым Сҥлейменовтің зиратына қойылған тақта. (Суреттер 

Алматы қаласындағы М.Мәметова атындағы №28 лицейдегі Әскери даңқ мҧражайынан алынды). 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал