Ж. Ұлылық ұлағаты (Шыңғыс аға айтқан сыр) Болат бодаубай



жүктеу 76.38 Kb.

Дата20.02.2017
өлшемі76.38 Kb.

 

4.11.2014 ж. 

Ұлылық ұлағаты 

(Шыңғыс аға айтқан сыр) 

Болат БОДАУБАЙ 

 

«Алматыға  Айтматов  келіпті»,  деген  хабар  тез  тарады.  Ертеңінде-ақ 



«Жалын»  альманағы  бас редакторы  кабинетіндегі  басқосуға  қатысудың маған да 

сәті түсті. Ұзынша үстелдің төр жағына Шыңғыс Айтматов, оның жанына Шерхан 

Мұртаза,  Сейдахмет  Бердіқұлов  ағаларымыз  жайғасқан  соң,  үстел  үстіндегі 

дәмнен,  сусындардан,  жемістерден  ауыз  тие  отырып,  әзіл-күлкі  аралас,  көптен 

бері  көріспей,  сағынысып  қалған  ағайындардың  әдемі  әңгімелері  басталып  жүре 

бергенді.  Кеңес  Одағының  ыдырамаған,  Михаил  Горбачевтің  әлі  тағынан 

таймаған,  арақ-шарапқа,  ішкілікке  қарсы  күрестің  қарқындап  тұрған  кезі 

еді.Кекіртетінің  бар  екен.  Секіртетінің  көрінбейді  ғой,  –  деді  Шерхан  аға 

алдындағы  қымыздан  ала  отырып,  кабинет  иесіне  әзілдеп.–  Шерхан,  сен 

секіртетін нәрсенің бар екенін ұмытпапсың. Біз ішімдікке қарсы қаулы шыққалы 

дүниеде  ондай  нәрсенің  болатынын  да  ұмытып  кеткенбіз,  –  деп  Шыңғыс  әлгі  әзілді  іліп  әкетіп,  рахаттана 

күлді.  Осылайша  басталған  әңгіме  ағайынды  қазақ-қырғыз  халқының,  бүкіл  Кеңес  Одағының  басындағы 

хал-ахуал, әдебиет, саясат мәселелері төңірегінде өрбіп жүре берді. Айтматов өзінің Мәскеуде, шетелдерде 

болған  кездерінен,  кездесулерінен  шым-шымдап  сырлар  ағытты.Мен  Шыңғыс  ағаны  тұңғыш  рет  1959 

жылдың  басында  «Жәмила»  атты  повесі  қазақшаға  аударылып,  «Лениншіл  жаста»  түгелімен 

жарияланғаннан  кейін  Алматыға  әдейілеп  келген  сапарында,  жап-жас  кезінде  көрген  едім.  Сол  жолы  оны 

«Лениншіл жастың» әдебиет бөлімінің жап-жас меңгерушісі Бек Тоғысбаев өзінің Тастақ жақтағы шағындау 

жекеменшік  үйіне  қонаққа  шақырған.  Бектің  шешесі  біздің  әпкеміз  болғандықтан,  жатақханадан  орын 

тимей,  уақытша  сол  үйде  тұрып  жатқанмын.  Шыңғыстың  «Жәмила»  повесі  университеттің  бірінші  курс 

студенттері үшін махаббат поэмасы, ғашықтықтың гимніндей әсер еткен. Қарауылбек Қазиев сияқты өзі де 

шығарма  жазуға  талаптанып  жүрген  достарымыз  оның  тұтас-тұтас  тарауларын  жатқа  айтатын.Кешкісін 

қасында толықсыған, уыздай келіншегі бар Шыңғыс аға сәлемдесіп, үйге кіріп келгенде мен жастарды тегіс 

баурап  алған  тамаша  шығарма  авторымен  қол  алысып  амандасқаныма  төбем  көкке  жеткендей  қуандым. 

Дастарқан  басында  аса  талантты  жазушы  ағамызбен,  жеңгемізбен  бірге  отырып,  олардың  сөздерін, 

лебіздерін  естігеніме  өзімді  шексіз  бақытты  санадым.  Шыңғыс  аға  қырғыз  сөздерін  оқта-текте 

араластырғаны  болмаса,  негізінен  қазақша  таза  сөйлеп  отырғанын  аңғарған  Бектің  шешесі  Күлшәрі 

әпкеміз:–  Балам,  сөздерің  қазақша  жатық  шығып  жатыр.  Қазақшаны  қайда  жүріп  үйреніп  алдың?  –  деп 

сұрағанда, ол өзінің Жамбыл қаласында қазақ балаларымен техникумда бірге оқығанын әрі Мұхтар Әуезов 

сияқты қазақ жазушыларының шығармаларын түпнұсқадан оқып жүріп, қазақшаға әбден жаттығып кеткенін 

айтқан  еді.  Ал,  Шыңғыс  ағаның  жанындағы  толықсыған  көркем  жеңгемізді  ара-тұра  білдірген  лебіздеріне 

қарап, қырғызшадан гөрі орысша көбірек сөйлеп өскен-ау деп шамаладым. Шыңғыс ағаның өзін де іштей ер 

жігіттің  келісті  көркемдерінің  қатарына  жатқызып  қойдым.Шыңғыс  ағамен  содан  кейінгі  жүзбе-жүз 

кездесіп, танысқан уақытым – «Жалын» баспасының директоры болып жүрген кезім еді. Айтматовтың «Жан 

пида» («Плаха») романы Мәскеудегі журналда орысша басылып шыға бастасымен-ақ сол журналдың әрбір 

санын  асыға  күтіп,  қолымызға  тиісімен  теруге  жіберіп  отырдық.  Ойымыз  –  осы  жаңа  шығарма  журналда 

басыып  бітісімен-ақ  Ресейдің,  өзге  де  республикалардың,  тіпті,  Қырғызстанның  өзінің  баспаларынан  да 

бұрынырақ кітап етіп шығарып жіберу болатын. Бұған, бір жағынан, Шыңғыс шығармаларына деген шексіз 

сүйіспеншілігім себеп болса, екінші жағынан, бүкіл кеңес халқы күтіп отырған осы дүниені орыс тілінде 200 

мыңдық  тиражбен,  қымбатырақ  бағамен  басып  жіберсек,  баспаның  да  экономикалық  жағдайы  жақсарып, 

аспанға  бір-ақ  шығатыны  сөзсіз  еді.  Сондықтан,  «Жанпиданың»  алғашқы  тараулары  журналға 

жарияланысымен:  «Мені  Шыңғыс  ағамен  тезірек  байланыстырыңызшы»  деп  ол  кісінің  Алматыдағы  досы 

Қалтай  Мұхамеджанов  ағаға  қолқа  салғанмын.  Қалтай  аға  мені  Мәскеудегі  Шыңғыспен  әуелі  телефон 

арқылы  жалғастырды.  Кейінірек  ол  кісі  Алматыға  соққанда  әдейілеп  кездесіп,  емін-еркін  әңгімелесудің, 

танысудың  сәті  түсті.  Бозбала  кезімде  оны  көргенімді  айтқан  жоқпын.  Бектің  үйінде,  дастарқан  басында 

біраз  уақыт  бірге  болған  студент  бала  да  ол  кісінің  есінде  қалуы  мүмкін  емес,  әрине.  Шыңғыс  аға  өз 

романын Алматыда біздердің алғаш шығаруымызға келісімін берді. Кезінде «Жәмила» повесі де қазақшаға 

қырғызшадан бұрын шыққанын еске алып өтті. Алайда, біздің Шыңғыс ағаның кітабын бүкіл Кеңес Одағы 

бойынша  бірінші  болып  шығарсақ  деген  талпынысымыз  ойда  жоқ  кедергіге  тап  болды.  Дәл  сол  кезде, 

ұмытпасам, «Комсомольская правда» газетінде Шыңғыс ағаның жаңа туындысы туралы сала құлаш мақала 

жарық  көрді.  Мақала  авторы  атағы  әлемге  әйгілі  Айтматовтың  жазушылық  талантына  күмән  келтіруге 

тәуекел ете алмағанмен, тырнақ астынан кір іздеп, қайдағы бір «азиялық» автордың бүкіл христиан әлемінің 

қасиетті  кітабы  –  «Інжілдің»  сюжет  желісі  мен  кейіпкерлерін  пайдалана  отырып  шығарма  жазғанын  жан-

тәнімен жақтырмағаны сол мақаланың өн бойынан бастан-аяқ байқалып тұрғанды. «Айтматовтың христиан 

әлемінің қасиетті тұлғаларында ісі болмасын, жазғыш болса өзінің Азия әлемінің ғұламаларын жазып алсын 

әуелі»  дегендей  тәкаппарлық  астамшылық  аңғарылып  тұрған  еді  әр  сөзінен.  Мақала  авторы  сыпайылық 

сақтап жатпай-ақ, Айтматов сияқты әдебиет аспанындағы жарық жұлдыздың өзіне де (шамасы, ортаазиялық 



шағын  ұлттың  өкілі  болғаны  үшін  шығар)  «ананы  жазба,  мынаны  жаз,  олай  жазба,  былай  жаз»  деп  ақыл 

айтуға  дейін  барыпты,  әдепсіздік  көрсетіп.  Сол  мақаланы  оқыған  соң  республикалық  Баспа,  полиграфия 

және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті басшыларының бірі кітаптың баспаханада теріліп 

қойған тарауларын  біздің өзімізге айтпастан таратып  жіберуге  бұйрық беріпті.  «Күштілерім сөз  айтса, бас 

изеймін  шыбындап»,  деп  Абай  айтқандай,  Мәскеудің  қас-қабағын  бағып  үйренген  әлгі  басшымызбен 

кикілжің әңгімеге баруға, едәуір айтысуға мәжбүр болдық.– Сен отпен ойнайсың. Егер ол кітап шыққанда 

Мәскеу  мұны  неге  шығарасыңдар  деп  шүйліксе,  баспаның  директоры  болып  отырған  қызметіңнен  бір-ақ 

күнде ажырап тынасың, – деп қорқытты ол мені. «Газетке шыққан сол мақаладан Айтматов шығармасының 

қылшығы  да  қисаймайды»,  –  дедім  мен.  «Қателесесің.  Газетке  мақала  тегін  беріліп  отырған  жоқ.  Керек 

десең,  мұның  өзі  жоғары  жақтың  көзқарасы,  пікірі  болуы  әбден  ықтимал»,  –  деді  бастығымыз.  «Қалай 

болғанда да бұл кітапты шығарамыз. Жауапкершілігін өз мойныма аламын»,  –  дедім мен.  «Өзің біл, бірақ 

кейін  өкінбе.  Мен  ескерттім»,  –  деді  бастығымыз.Кітаптың  журналға  шыққан  тарауларын  басынан  бастап 

теруге қайта жібердік, бірақ аяқ астынан пайда болатын, толып жатқан бітпейтін әртүрлі себептермен теру 

жұмысы  осыдан  былайғы  жерде  мандымай  қойды,  кешеуілдей  берді.  Айласы  мол,  айбыны  зор  басекең 

полиграфистерге «осы кітапты қалайда кешіктіріңдер» деп ауызша тапсырып қоймады ма екен деген күдік 

кейде  еріксіз  мазалайтын  еді.  Біз  осылай  арпалысып  жүргенде  Балтық  бойындағы  бір  баспа  Айтматовтың 

кітабын  бізден  бұрынырақ  шығарып  үлгерді.  Біздің  «Жалын»  баспасы  жоғарыдағыдай  себептермен 

уақыттан  біраз  ұтыып  қалғандықтан,  Шыңғыс  ағаның  жаңа  шығармасын  Кеңес  Одағы  бойынша  екінші 

болып  шығарғанымызды  еріксіз  қанағат  тұттық.  Шыңғыс  аға  сонда  да  бізге  риза  еді.  «Сендер  бәрібір 

Мәскеу  мен  Қырғызстаннан  бұрын  шығарып  үлгердіңдер»,  –  деген  еді  ол.Мұхтар  Әуезовтің  90  жылдық 

мүшелтойына Шыңғыс аға  Алматыға әдейілеп келіп, Республика  сарайында өткен салтанатты  жиында  сөз 

сөйлегені  әлі  есімде.  «Менің  қасиетті  екі  тұмарым  бар,  біріншісі  –  «Манас»  эпосы,  екіншісі  –  Мұхтар 

Әуезов.  «Манас»  эпосының  басына  бұлт  үйіріліп,  қауіп-қатер  төнгенде  оны  орынсыз  жабылған  жаладан 

арашалап  қалған  тағы  да  Мұхтар  Әуезов  еді»,  –  деген  болатын  сонда  Шыңғыс  аға.1963  жылы  Айтматов 

небәрі 35 жасында Лениндік сыйлықтың лауреаты болды. Соған дейін Қазақстанды қоса алғанда бүкіл Орта 

Азия  республикаларынан  осы  аса  жоғары  сыйлыққа  ие  болған  жазушы  жалғыз  Мұхтар  Әуезов  еді. 

Айтматовқа  осы сыйлықың берілуі үшін  көзі  тірісінде  Әуезовтің  көп  күш-жігер  жұмсағанын естуіміз  бар-

ды.  Шығармаларының  көркемдік  қуатын,  шынайы  қасиетін  бүкіл  әлем 

мойындаған  Айтматов  алғашқы  жолы  осы  сыйлыққа  ұсынылып  тұрып, 

бірақ  өтпей  қалған  кезінде  Мұхтар  Әуезов  Шыңғыстың  өзінен  де  көбірек 

қиналып,  көбірек  ренжіді  деп  естігенбіз.  Лениндік  сыйлықтар  жөніндегі 

комитеттің аса  беделді мүшесі болған Мұхтар Әуезовтің кезінде, содан екі 

жыл  бұрын  өткен  мәжілісте  Шыңғыс  шығармаларының  қадір-қасиетін 

шешендікпен,  шеберлікпен,  көздерін  жеткізе  дәлелдей  алған  сөзі  кейінгі 

ұсыным кезінде ескерілгені анық еді. 

«Әуезовтің  Айтматовты  жақсы  көруінің  себебі  –  ертеректе  әкесімен 

дос болыпты», деген де әңгіме тараған еді. Мен бұл қауесетке сенбейтінмін, 

бұл  сөздер  бір  жазушыны  екінші  жазушы  тек  таланты  үшін  ғана  қадірлеуі 

мүмкін дегенге күмәнмен қарап, не нәрсенің астарында да тамыр-таныстық 

жатады деп санайтындардан шыққан шығар деп ойлаймын. Олай болмаған жағдайда Мұхтар Әуезов бірде 

болмаса  бірде  Айтматовтың әкесін танитынын айтса керек еді ғой.Кезінде  жұртшылық арасында көптеген 

сұрақ туғызған осы жайлар жөнінде алыпқашты сөз емес, шынайы шындықты Шыңғыс ағаның өз аузынан 

естігім  келіп,  сол  отырыста  ол  кісіден:–  Шыңғыс  аға,  біз  де,  қалың  жұрт  та  Әуезовтің  сіздің 

творчествоңызды  жоғары  бағалағанын  білеміз.  Сіз  де  Әуезовті  өзіңізге  ұстаз  санайтыныңызды  әр  жерде 

айтып  жүрсіз.  Ана  жылы  Әуезовтің  мүшелтойына  әдейілеп  келдіңіз.  Сондағы  Мұхаң  туралы  айтқан  аса 

жылы  сөздеріңіз  есімізде. Сізден көптен бері сұрасам деп жүрген бір жай бар еді.  Мұхтар Әуезовті алғаш 

қашан  көрдіңіз? Ол кісімен қалай  таныстыңыз?  –  деп  сұрадым.Шыңғыс  аға сәл үндемей ойланып қалды.– 

Жарайды,  айтайын,  –  деді  сонан  соң.  –  Жалпы,  Мұхтар  Әуезовтің  менің  өмірімдегі  орны  ерекше.  Ол  кісі 

менің  рухани  ұстазым.  Жасырақ  кезімде  жазушы  болсам  деп  армандап,  әдебиетке  талпынып  жүргенімде 

Мұхтар  Әуезовтің  шығармаларымен  танысуымның  сәті  түсті.  Ол  кісінің  жазғандарын  түпнұсқадан  түгел 

оқыдым.  Бұрын  өзімнің  ана  тілімде,  яғни  қырғызша  өзге  халықтарды,  әдебиеті  дамыған  елдерді  ауызға 

қаратқандай  тамаша  шығармалар  жазуға  бола  ма  деген  сұрақ  мазалайтын.  Соған  күмәнданатынмын. 

Әуезовті  оқығанда  алдымнан  мүлде  жаңа,  ғажап  әлем  ашылғандай  болып  кетті.  Оның  қазақша  жазған 

шоқтығы  биік  шығармалары  әлемнің  қай  жазушысының  шығармасымен  қатар  қойсаң  да  иығы  тең  тұрды. 

Мұхтар Әуезовті оқып отырып мен қазақ, қырғыз тілдерінің сұлулығы мен шексіз байлығын терең сезіндім. 

Қазақ  тілінде  жазылған  Мұхаңның  шығармалары  маған  жігер,  қуат  берді.  Мұхаң  өзінің  тамаша 

шығармаларымен  қырғыз  тілінде  де  көркемдігі  жоғары  тамаша  дүниелер  жазуға  болатынына  сенімімді 

нығайтты.Жалпы,  Мұхтар  Әуезов  –  заманымыздың  аса  ірі  тұлғасы,  үлкен  құбылыс.  Ол  кісінің  білімділігі, 

жалғыз  қазақ  әдебиеті  емес,  туысқан  өзге  халықтар  әдебиетіне  де  жасаған  қамқорлықтары  зор.  Ана  жылы 

Мұхаңның мүшелтойына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзімде мен ол кісінің қырғыз халқының ең 

асыл  мұрасы,  ғажап  эпосы  –  «Манасты»  қалай  арашалап  алып  қалғанын  айтқан  едім.  Өзіміздің 

Қырғызстанның кей ғалымсымақтары, Мәскеудің бәзбір оқымыстылары «Манас» эпосының бойынан толып 

жатқан кінә іздеді. Ескі өмірді дәріптеу, аңсау, қырғыз халқын, батырларын шектен тыс марапаттап, мақтау, 

тағысын-тағы  толып  жатыр.  Сол  жолғы  арнайы  шақырылған  жиынның  мақсаты  да  «Манасты»  қаралау, 

зиянды шығарма ретінде халық санасынан өшіру еді. Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасап келе жат-


қан  теңдесі  жоқ  осы  эпостың  шынайы  қадір-қасиетін  Әуезов  жарқыратып  ашып  бермегенде,  осы 

шығарманы қолдап, қорғап Мұхаң сөйлемегенде, кім білсін, «Манастан» да халқымыз біраз жылдарға қол 

үзіп қалар ма еді.Мұхтар Әуезовтің шығармаларын жақсы білгенмен, сүйіп оқығанмен өзін көрмеген едім. 

Елуінші  жылдардың  аяғы  болатын.  Мәскеудегі  жоғары  әдебиет  курсында  оқып  жүрген  уақытым. 

Жазушылар  одағында  жиі  боламыз.  Бір  күні  тосын  хабарландыруға  көзім  түсті.  «Ертең  осындай  уақытта, 

СССР  Жазушылар  одағының  емен  залында  М.Дудинцевтің  жаңа  шығармасын  талқылауға  арналған  жиын 

болады», деп жазылыпты. Есімі бүкіл елге танымал, атақты жазушыларды көруге құштар кезіміз. Жанымда 

аспирант,  қырғыз  досым  бар.  Екеуміз  өте  ертелетіп  Жазушылар  одағына  келдік.  Ондағы  ойымыз  зал 

ішіндегі жақсы жерден жұрттан бұрын орын алу.  Сонымыз дұрыс болыпты. Біраздан соң жұрт қаптағанда 

зал ішінде ине шаншар жер қалмады. Үлкен-үлкен жазушылардың өзі газет төсеп, сахнаның айналасындағы 

тізе  бүгуге  болатын  жерлерге,  баспалдақтарға  отырып  жатыр.  Сырттағы  кірер  есіктің  алды  үймелеген, 

топырлаған  жұрт  болғандықтан,  атағы  көпке  мәлім  бір  жазушыны  жолдастары  асхана  терезесінен  кіргізіп 

алғандарын  әңгімелеп  айтып  отырды.  Зал  ішіне,  арт  жаққа  көз  тастап  едім,  орындықтардың  арасында 

сығылысып  тұрған  адамдар  ішінен  маңдайы  жарқыраған  бір  кісі  көзіме  оттай  басыла  кетті.  Бұрын 

суреттерін  көргендіктен  Мұхтар  Әуезов  аға  екенін  бірден  таныдым.  Орнымнан  ұшып  тұрып,  жанымдағы 

досыма: «Мына орынды төбелессең де ешкімге берме, мен қазір келемін», – дедім де жұрттың арасынан кие-

жара  Мұхаңа  қарай  жүрдім.  Қасына  барып:–  Ассалаумағалейкум,  Мұхтар  аға!  –  деп  сәлем  бердім.– 

Әліксалам.–  Жүріңіз,  аға,  біз  сізге  орын  алып  қойдық,  –  дедім.Әңгіме  осы  жеріне  келгенде,  Шыңғыс 

Айтматовтың  жүзі  нұрланып  сәл  бөгеліп  қалды.  Сол  ыстық  сәттерді  дәл  қазір  басынан  қайта  кешіп 

отырғандай  күйге  бөленіп,  еңсесін  тіктеп,  күлімсіреп,  әңгімесін  іле  қайтадан  жалғап  әкетті.–  Ол  кезде 

жаспын.  Күш  көп.  Алға  түсіп,  иығыммен  жұртты  кие-жарып,  Мұхаңа  жол  салып  келе  жатырмын.  Сөйтіп, 

досымның  жанына  Мұхаңды  отырғыздым  да,  өзім орындықтар арасындағы  адамдар өтуге  арналған  жерде 

жұртпен  бірге  сығылысып,  түрегеп  тұрдым.Содан,  Дудинцевтің  жаңа  шығармасын  талқылауға  арналған 

жиналыс  басталып  кетті.  Ол  кезде  Кеңес  Одағындағы  қатаң  тәртіптің  заманы.  Репрессиялардың  ызғары 

ұмытыла қоймаған. Қит етіп,  қате  басуға, өзіңше  ойлап, өзгеше  пікір айтуға  болмайды.  Дудинцевтің жаңа 

шығармасы  туралы  сөйлегендер  жазушыны  сойып  салды.  Ит  терісін  басына  қаптады.  Мүмкін,  сондай 

тапсырма  болған  да  шығар.  Шығып  сөйлеген  шешендердің  тақпаған  кінәсі,  жақпаған  күйесі  қалған  жоқ. 

Дудинцевті  «дарынсыз» деді,  «өмір шындығын білмейді, бұрмалайды»  деді,  «жау»  деді.  «Жазалау  керек», 

«отырғызу  керек»,  «бетіне  күйе  жағып,  есекке  теріс  мінгізіп,  Кеңестер  елінен  шетелге  қаңғыртып  қуып 

жіберу  керек»  деген  сияқты  неше  түрлі  сөздер  айтылды.  Үлкен  жазушылардан  Константин  Симонов  қана 

тайсалмай Дудинцевті  қолдап сөйлегені есімде.  Ол  жазушы  творчествосы, шығармасы  туралы  бұлай  пікір 

айтуға  болмайтынын,  әр  жазушы  өмірді  өзінше  көріп,  өзінше  сезініп,  өзінше  пайымдайтынын 

ескертті.Содан,  жиналыс  аяқталған  соң  сығылысқан,  топырлаған  жұрт  арасында  Мұхаңнан  көз  жазып 

қалдық…Арада біраз уақыт өткен. «Мәскеуге Әуезов келіпті» деген хабар естідік. Сұрастырып жүріп, Мұ-

хаңның түскен қонақ үйін тауып алдым. Іздеп барып, сәлем бердім.– Өткенде маған орын алып қоятын інім 

емессің бе? Иә, енді жөніңді айтшы, – деп Мұхаң мені бірден танып, асықпай, жылы сөйлесті. Өзімнің аты-

жөнімді, Қырғызстаннан келгенімді, Мәскеудегі жоғары әдебиет курсында оқып жүргенімді айттым. Мұхтар 

аға қандай шығармалар жазатынымды сұрады. Мен жазушылыққа енді-енді талпынып жүргенімді айттым. 

Жүзінің жылылығы, мені жассынбай, айтқан сөздерімді ілтипатмен тыңдауы, ағалық ақ ниетпен ақыл-кеңес 

бере отырып, шығармашылық жолда табысқа жетуіме  тілектестік білдіре әңгімелескені Мұхаңа деген құр-

метімді  одан  сайын  арттыра  түсті.Содан  курсты  бітіріп,  Фрунзеге  қайтқанмын.  Мәскеудегі  журналда 

әңгімем басылып, қуанып жүргенмін. Бір күні Қырғызстан Жазушылар одағынан үйге біреу телефон соғып 

тұр.– Одаққа келіп кетсеңіз. Сізге телеграмма бар, – дейді. 

– Кімнен? – деп сұрадым. 

–  Мұхтар  Әуезовтен,  –  дейді  әлгі.  Сенер-сенбесімді  білмедім.Мүмкін,  әдейі  әуре  қылайын  деген 

жолдастардың бірінің әзілі  ме  деп те  ойладым. Бірақ,  қалай болғанда да жүрегім  дүрсілдеп соғып, Одаққа 

келсем,  шынымен-ақ  телеграмма  жатыр  екен.«Шыңғыс,  әңгімеңді  оқыдым.  Маған  ұнады.  Творчестволық 

табыстарға жете беруіңе тілектеспін», – деген сөздердің астына «Мұхтар Әуезов» деп қол қойыпты. Мұхтар 

аға  менің  Фрунзедегі  адресімді  білмегенімен,  Жазушылар  одағына  жіберсем,  сондағылар  мені  тауып, 

қолына тигізер деп ойласа керек. Ойда жоқта келіп қалған осы телеграмманы оқығанда, төбем көкке екі-ақ 

елі  жетпей  қалды.  Мұхтар  аға  қандай  кішіпейіл,  жақсы  адам.  Екі-ақ  рет  көрген  менің  аты-жөнімді  ұмыт-

пағаны,  журналдағы  әңгімемді  байқауы,  оқып  шығып,  телеграмма  жіберуі,  тіпті,  ақылға  сыймайтын  іс 

сияқты  көрінді  маған.  «Бұл  тек  қана  үлкен  жүректі,  кейінгі  жастарға  шын  жанашырлықпен  қарайтын  ұлы 

адамның ғана қолынан келетін іс шығар», деген ой келді. Алғашқы әңгімесі жарық көрген жас жігітті атағы 

жер  жарған  асқар  таудай  Мұхаң  емес,  кішігірім  жазушылардың  өзі  де  көзіне  іліп  елей  бермейтіні  анық 

қой.Одақтан сыртқа қалай шыққаным есімде жоқ. Қуанышым қойныма, өзім Фрунзе шаһарының көшесіне 

сыяр  емеспін.  Таныс  жазушыны  немесе  журналисті  көріп  қалсам,  тоқтатып:  «Маған  Мұхтар  Әуезовтен 

әңгімеммен құттықтаған телеграмма келді», – дегенді айтамын. Олар маған: «Лениндік сыйлықтың лауреаты 

Мұхтар  Әуезов  сені  неғылсын»  дегендей  сыңаймен  мысқылдай,  күле  қарайды.  «Міне,  сенбесең  оқы!»  деп 

телеграмманы алдына тосамын. Мұхтар ағаның бір ауыз жылы сөзі маған қанат бітіргендей болды. Жазып 

жүрген повесімді бұрынғыдан да үлкен шабытпен, құлшыныспен жалғастырып, сәтті аяқтадым. «Жақсыдан 

– шарапат», деген осы ғой.Кейінірек, Мұхтар Әуезов Ыстықкөлге дем алуға келгенде тағы да іздеп барып, 

кешке таман жолығып: «Не дер екен?» деп қатты толқып, жүрегім дүрсілдеп, алғашқы повесімді назарына 

ұсынғаным  бар.  Мұхтар  аға  менің  қолжазбамды  дәл  сол  түні  оқып  шығыпты  да,  таң  атпай  сол  жерде 



демалып жатқан қазақтың тағы бір шоң жазушысын оятып: «Дүниеге тамаша шығарма келді. Мынаны сен 

де жылдамырақ оқып шық!» – депті сүйінші сұрағандай болып. 

Шыңғыс аға осылай біраз сырдың тиегін ағытып барып, үндемей, сәл бөгеліп отырып қалды. Қызық 

әңгімеге елтіген біз де үнсізбіз. Осы сәл ғана үнсіздікті қайтадан Шыңғыс ағаның өзі бұзды. 

– Менің бір арманым бар, – деді ол. – Мұхтар ағамен содан кейінгі жылдарда талай кездестік. Бірақ, 

өкініштісі  –  сол  кісімен  бірге  түскен  бірде-бір  суретім  жоқ  екен…  Осы  күні  қайда  барсаң  да  қаптаған, 

анталаған фотосуретшілер. Жарқ-жұрқ, сырт-сырт. Сол кезде де осылар аз емес сияқты еді. Солар, бәрібір, 

түсірмеді ме, әлде  түсірсе де  бермеді ме…  Содан ана  жылдары  қайран Мұхаң Мәскеуде дүниеден  қайтты 

деген қайғылы хабар келді. Кешке таман: «Мұхаңды Алматыға алып келіпті, ертең шығарады екен, сүйегі 

жұрт қоштасу үшін театрға қойылады», – деген хабар жетті Фрунзеге. Машинамен жолға шығып, түнделетіп 

жүріп, таңертең Алматыға келдік. Жұрт деген қарақұрым. Театр да, айналасы да қаптаған халық. Қолымызға 

қызыл байлап, Мұхаңмен ақырғы қоштасу рәсімін жасап, мәйітінің жанына қарауылға тұрдық. Дәл сол сәтте 

бір  жігіт  суретке  түсіріпті.  Қолымдағы  Мұхаңмен  бірге  түскен  жалғыз  суретім  сол  ғана,  –  деді  Шыңғыс 

аға… 


Маған: «Шыңғыстың биікке самғар жас қыран екенін өнер аспанының заңғар көгінде самғап жүрген 

болат  топшылы  мұзбалақ  хас  қыран  Мұхтар  Әуезов  алғашқы  қанат  қағысынан,  яғни  журналда  басылған 

алғашқы  әңгімесінен-ақ  жазбай таныған екен-ау»,  –  деген ой келді. Қазақта  «әркім өзімнің шыққан тауым 

биік болсын дейді» деген мақал бар. Бұл – қатардағы көп пенделердің басындағы жәй болар. Мұхтар Әуезов 

сияқты  ұлы  тұлғалар  мұндай  өлшемге  сыя  бермейтіні  ақиқат  қой.  Әйтпесе,  бүкіл  Орта  Азия  мен 

Қазақстаннан Лениндік сыйлықтың асқар биігіне сол жылдары жалғыз самғап көтерілген Мұхтар Әуезов 30-

дан жаңа асқан қырғыз жазушысы Айтматов та менің қатарымда, мен шыққан биікте тұрсын деп күш-жігер 

жұмсап,  әбігерге  түспес  еді  ғой.  Мұның  өзі  Мұхаң  сияқты  ұлы  адамның  әдебиетке  келген  әр  таланттың 

табысына өзі табысқа жеткендей жүрегі жарыла қуана білгендігін, күндеушілік, қызғаныш деген пендешілік 

ұғымдардың  оған  жат  болғанын,  Мұхаңның  жүрегінің  шын  мәніндегі  дарқандығы  мен  көңілінің  кеңдігін 



көрсеткендей екен-ау… 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал