Ж. К. Балтабаева павлодар ертіс өҢірінің АҚын-жазушылары шығармаларындағы кейіпкер этномәдениеті мен танымдық парадигмасы



жүктеу 0.9 Mb.

бет1/8
Дата09.03.2017
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘӨЖ 821.512 122

Қолжазба құқығында

Ж.К.Балтабаева



ПАВЛОДАР ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРЫ

ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР ЭТНОМӘДЕНИЕТІ МЕН

ТАНЫМДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ

6М020500 – Филология мамандығы бойынша 

филология магистрі академиялық дәрежесіні ізденуге

магистрлік диссертация

ПАВЛОДАР – 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

Инновациялық Еуразия университеті

Қорғауға жіберілді: 



«Қазақ филологиясы» 

кафедрасының  меңгерушісі

филология ғылымдарының 

кандидаты, 

доцент ___________Ғ.Қ. Резуанова

 

«___»________________20____ ж.

Магистрлік жұмыс

ПАВЛОДАР ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАРЫ

ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР ЭТНОМӘДЕНИЕТІ МЕН

ТАНЫМДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ

мамандық: 6М020500 – Филология

Магистрант                            

_____________     Ж.К.Балтабаева

Ғылыми жетекші,

филология ғылымдарының кандидаты _____________ Ғ.Қ. Резуанова

ПАВЛОДАР – 2013


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1 Тіл білімінде антропоцентристік  парадигманың   қалыптасуы ...........7

1.1 Қазақ тіл  біліміндегі танымдық бағыт.................................................11

1.2 Тіл мен мәдениеттің  өзара байланысы ...............................................18

2 Павлодар Ертіс өңірі ақын-жазушыларының тіліндегі кейіпкер бейнесін

беруші тілдік құралдар 

2.1 Кейіпкер бейнесін берудегі тілдік-стильдік тәсілдердің қызметі ......23

2.2 Көріктеу құралдарының  кейіпкер бейнесін берудегі қызметі .......... 37

3 Павлодар  Ертіс өңірі ақын-жазушылары шығармаларындағы  кейіпкер

тілінің когнитивтік аспектісі 

3.1   «Қамар   сұлу»   романындағы   кейіпкер   этномәдениеті     мен

танымы.............................................................................................................53

3.2 «Байлық – кедейлік» концептісі: танымдық сипаты мен қызметі ......62

ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................76

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................78

2


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Көркем әдебиеттегі кейіпкерлер тілі»

деген   тақырып   соңғы   жылдарда   қазақ   тіл     білімінде   лингвостилистикалық

тұрғыдан ғана қарастырылып, «өнер тілі» ретінде бағаланып келсе, бүгінде бұл

тақырыптың   актуалды   мәселелерін     танымдық   лингвистика   саласында

қарастырудың   қажеттігі   туындап   отыр.   Көркем   шығарма   тілін     танымдық

тұрғыдан зерттеу арқылы  «әлемнің тілдік бейнесін» жасаудағы тілдік тұлғаның

концептуалды тұжырымдамасын  көруге болады. 

Тақырыптың өзектілігі.   Қазақ тіл білімі антропоцентристік парадигма

аясында   тілді   диалектика-динамикалық   құбылыс   ретінде   қарастыру   арқылы,

оның   айнала   қоршаған   ортамен   ақиқат   әлеммен   әрі   адамдық   факторлармен

сабақтастығын   зерделеу   мәселесі   бүгінгі   таңдағы   қазақ   лингвистикасының

теориялық   тұрғыда   даму   бағытымен   қатар,   әлемдік   лингвистика   деңгейіне

теңесер тұғырын айқындауға мүмкіндік туғызуда. Қоғам мен ғылымның қазіргі

уақыт сұранысына  сәйкес  дамуы лингвистика ғылымына өзіндік  ықпал  етіп,

лингвистика ілімінде жаңа ғылыми бағыттар мен көптеген тоғыспалы ғылыми

пәндер   пайда   болуда.   Осыған   орай,   қазақ   тіл   білімінде   тіл   табиғатын   адам

болмысымен,   оның   ойлау   жүйесі   мен   тұрмыстық   өмірдегі   қимыл-әрекетін

ұштастыра   зерттеу   мәселесі   арқылы,   тіл   мен   таным   ұғымдарына   назар

аударудың   негізінде,   шынайы   өмір   құбылыстарын   қабылдау,  оның   көптеген

қыр-сырын   ой   елегіне   салып   екшеу,   соның   нәтижесінде   жинақталған

ақпараттарды   адам   жадында   сақталар   қор   ретінде   жүйелеу   мәселесі   сайып

келгенде   тілдік   бірліктердің   табиғатына   әсер   ететін   ішкі   және   сыртқы

факторларды   анықтауға   өзіндік   септігін   тигізеді.   Осы   аталған   мәселенің

мәнісіне   терең   бойлау   үшін   тіл-ұлт-таным   контексіне   байланысты   сол   тілді

тұтынушы тіл иесі  адамның тілтанымдық әлеміне баса  назар аудару арқылы

тілдің танымдық қызметін көруге болады.

Тіл білімінің когнитология ғылымымен тоғысуы когнитивтік лингвистика

ғылымын   дүниеге   әкелгені   мәлім.   Мұнда   тілді   пәлсапалық,   логикалық   және

танымдық қағидалармен өзара біртұтастықта қарастырып, адамның танымдық

көкжиегінің тілдегі көрінісін зерделеу мәселесі өзекті тілдік мәселелер ретінде

күн   тәртібінен   орын   алуда.   Адамзат   баласы   он   сегіз   мың   әлемге   қатысты

құбылыстарды   танып-түсінуге   әрекет   еткен   әрбір   этностың   мыңжылдықтар

бойындағы   тәжірибесі   бүгінгі   таңда   тіл   білімінде   «тіл-ұлт-таным»,   «тіл-

мәдениет-этнос»   үштіктері   ұстанымдары   негізінде   зерттелуде.   Тіл   мен

танымның,   тіл   мен   адамның,   тіл   мен   ойдың,   тіл   мен   сананың,   тіл   мен

мәдениеттің,   тіл   мен   қоғамның   бірлестіктерін,   олардың   өзара   бір-бірімен

байланысы  заман   озған  сайын  тіл  мәселесі   тек  тілші  мамандарға   ғана   емес,

«адам-қоғам-табиғат» сабақтастығын қарастыратын барша мамандық иелеріне

де үлкен ой салуда. Демек, тілдің жаратылысын, болмыс-бітімін, табиғатын, т.б.

этнографиямен,   философиямен,   психологиямен,   когнитологиямен,

мәдениеттанумен   ұштастыра   зерттейтін   тоғыспалы   ғылыми   пәндердің

қалыптасуы   заңды   құбылыс.   Сондықтан   ұлт   (этнос,   халық)   болмысы   тілдік

3


танымдық   әрекетпен,   кеңістікпен,   мәдениетпен,   өркениетпен   сабақтастықта

қарастырылады.   Өйткені   халықтың   өткен   тарихы   мен   рухани-мәдени

құндылықтарын   бейнелейтін   тіл   жоғалған   жағдайда   этнос   та   өмір   сүруін

тоқтатады.   Демек,   тіл   қарым-қатынас   жасаудың   құралы   ғана   емес,     ол

дүниетанудың механизмі және этностың бүтіндігін сақтаушы. Тіл – адамзаттың

қоғамдық   сипатын   анықтайтын   басты   белгі.   Адам   баласының   танымы   мен

түйсігі,   сана-сезімі,   ақыл-ойы   тілден   тыс   дүние   емес.   Лингвистика   –

ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеулер адам мен қоғам, тіл мен қоғам, тіл

мен ұлт, тіл мен сана, тіл мен таным, т.б. секілді құбылыстарды өзара бірлікте

қарастырады.   Демек,   адамды   тілмен   біртұтастықта   зерттеу   лингвистиканың

жаңа бағытта дамуына ықпал етеді. Осы орайда кейінгі кездегі лингвистикалық

зерттеулердің   қарқынды   түрде   субъектіге   қарай   бет   бұруы   (яғни   адамды   тіл

арқылы және керісінше тілді адам арқылы анықтау) – заңды құбылыс. 

Павлодар Ертіс өңірі ақын-жазушылары  шығармаларындағы кейіпкерлер

тілдік   ерекшелігі   мен   сөз   қолданысы,   эстетикалық   таным   деңгейіне   сай

символдық   таңбалардың   қалыптасуының     өзіндік   ерекшелігі   де   бар.   Осы

орайда,   Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушыларының   тілдік   ерекшеліктерін

қарастырған зерттеулер болғанымен, олардың шығармаларындағы кейіпкердің

тілдік   ерекшелігін,   ой-танымы   мен   болмыс-бітімін   салыстыра   отырып,   оны

антропоцентристік   аспектіде   этностың   танымдық   дүниесімен   тығыз

байланыстыра   зерттеу   лингвистикада   арнайы   қарастырылмағаны   белгілі.

Осыған   байланысты   таным-мәдениет-тіл   үштігінің   ұстанымдары   негізінде,

кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы ғылыми талдау

тақырыптың өзектілігін танытады. 



Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты қазіргі

антропоцентристік   бағыттың   ғылыми   теориялық   қағидаларына   сәйкес

Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушылары(С.Торайғыров,   И.Байзақов)

шығармаларындағы   кейіпкердің   дүниетанымы   мен   болмысын,   тілдік

қолданысын этностың ұлттық танымымен байланысты тұжырымдау. 

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- тіл   білімінде   антропоцентристік     парадигманың       қалыптасуына

шолу жасау;

- тіл мен мәденет сабақтастығын, «тіл мен ұлт біртұтас»  қағидасын

дәйектеу;

- Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушылары   шығармаларындағы

кейіпкерлер тілінің тілдік-танымдық деңгейін қарастыру;

- Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушыларының   шығармаларындағы

кейіпкер   тілдік   тұлғасын   танытушы   этномәдени     лексика     мазмұнын,

қолданылу   уәжі   мен   сипатын   айқындауды   антропоцентристік   ұстаным

негізінде жүргізу;

- Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушыларының   шығармаларындағы

кейіпкерлердің сөйлеу мәдениетіне тілдік тұлға тұрғысынан сипаттама беру;

- Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушыларының   шығармаларындағы

кейіпкер  тілінің когнитивтік аспектісін анықтау.

4


Зерттеу нысаны.  Тіл біліміндегі антрапоцентристік парадигмаға сәйкес

Павлодар Ертіс өңірі ақын-жазушыларының шығармаларындағы кейіпкер тілдік

тұлғасы.

Зерттеу   жұмысының   дереккөздері. 

С.Торайғыров,   И.Байзақов

шығармалары.

Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері.  Зерттеу жұмысының мақсаты

мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен

жинақтау, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу барысында қол

жеткізген нәтижелер мен тұжырымдар, талдау жасалған тілдік деректер қазақ

тіл   біліміндегі     когнитивтік     лингвистика   мен   лингвомәдениеттанымды     өз

деңгейінде толықтыруға үлес қосып,  осы бағыттарда  арнулы курстарда  талдау

жүргізуге септігін тигізеді. 

Зерттеу   нәтижелерін   Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушыларының

шығармаларын    тілдік тұрғыдан  қарастырушылар, оның ішінде шығарманың

композициясын   құрайтын   тұтастықтың   бірі   –   кейіпкер   тілі,   «тілдік   тұлға»

мәселелеріне   арналған   жұмыстарға     көмекші   құрал   ретінде   пайдалануға

болады.     Сонымен   қатар   жоғары   оқу   орындарында   тіл   білімінің

лингвостилистика,   когнитивтік   лингвистика,   лингвомәдениеттаным,

зтнолингвистика салалары бойынша жүргізілетін дәрістерде, арнаулы курстарда

және практикалық сабақтарда кеңінен пайдалануға болады. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері: 

-  Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушыларының   шығармаларындағы

кейіпкер     тілдік   тұлғасының   лингво-семантикалық   және   лингво-когнитивтік

деңгейлерден   тұратын   біртұтас   жүйесі   қазіргі   қазақ   тіл   ғылымындағы   жаңа

зерттеу бағыттарының  ғылыми тұжырымдарына негізделді;

-   Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушыларының   шығармаларындағы

кейіпкерлер   тілі   когнитивтік   лингвистика   аясында,   мәдениет   пен   тіл

сабақтастығында алғаш рет зерттеліп отыр, осыған байланысты кейіпкер тілдік

тұлғасындағы   дүниенің   тілдік   бейнесі   танымдық   (когнитивтік)   тұрғыда

талданады;

-     әр   халықтың   мәдениетінің   этнотаңбалық   белгісін   тілі   арқылы

репрезентациялау  бойынша  ұлт- мәдениет- тіл сабақтастығы Павлодар Ертіс

өңірі ақын-жазушылары  шығармалары дискурсы арқылы уәжделді;

-   лингвомәдениеттану   тұрғысынан   алынған   лексемалар   өз   бойына

қоғамдық-әлеуметтік,   тарихи   құнды   ақпарат   жинаған     мәдени   код     ретінде

түсіндірілді. 

Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар:

-

Кейіпкер   тілдік   тұлғасы   жиілік-ықтималдық   лексикон   түрінде



жүйеленген,   индивидуалданған(дараланған)   білім   қоймасы   ретінде

тұлғаның танымдық түсініктері негізінде жүйеленген; 

-

Павлодар Ертіс өңірі ақын-жазушылары шығармаларында кейіпкер тілдік



тұлғасы өздеріне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді;

5


-

Павлодар   Ертіс   өңірі   ақын-жазушылары     шығармаларындағы   кейіпкер

тілдік тұлғасын қазіргі заманғы ғылыми парадигмалар аясында қарастыру

когнитивтік лингвистика саласын дамыта түседі; 

-

Көркем   әдебиетте,   әдетте   ақындар   сұлу   қызды   суреттеуге   бар



шеберліктерін жұмсаса, Сұлтанмахмұт елден ерек әдемілікке қарама-қарсы

сиықсыздық,   ұсқынсыздықты   сипаттауда   шеберлігін   танытты.   Өмір

бірыңғай   әдеміліктен   ғана   тұрмайтынын,   әйел   затының   да   ауыспалы

мағынадағы «сұлулары» болатынын дәлелдеп кетті. 

-

«Бай»   және   «кедей»,   «байлық»   және   «кедейлік»   ұғымдары   түркі



халықтарында  ежелгі заманнан белгілі екеніне қарамастан,  С.Торайғыров,

И.Байзақов шығармаларында  бұл ұғымдардың өзіндік ерекшеліктері бар.



Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы: Зерттеу жұмысы

«Сәтбаев   оқулары»,   «Капенов   оқулары»   атты   ғылыми-практикалық

конференциялар   жинағында,   «ИнЕУ   хабаршысы»   ғылыми   журналында

жарияланды. 



Зерттеу   жұмысының   құрылымы 

кіріспеден,   үш   тараудан,

қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

6


1   ТІЛ   БІЛІМІНДЕ   АНТРОПОЦЕНТРИСТІК     ПАРАДИГМАНЫҢ

ҚАЛЫПТАСУЫ

 

Адамзат тіршілігіне тыныс беретін басты тетік болып табылатын тілдің



танымдық   табиғатына,   сөз   мағынасының   ішкі   нәзік   иірімдеріне   зер   салу

арқылы   ұлттық   болмысты   концепт   арқылы   көрсету,   тіл   мен   танымның

бірлестігін адамның қабылдау, пайымдау, ойлау, т.б. танымдық әрекеттерімен

өзара сабақтастықта қарау арқылы таным процесінің динамикалық табиғатымен

үйлестіру   арқылы,   барша   адамзаттық   ортақ   ұстанымдарға   қол  жеткізу   қазақ

тілінің өрісін кеңейтуге деген  талпыныстан  туғандығы  аян.   Жер  жаһандағы

жаңа   мыңжылдықтың   басындағы   қоғамдық   формациялардағы   туындаған

өзгерістер   (өркениеттердің   тоғысуы   мен   жаһандану   құбылысы)   тек   қоғам

дамуына ғана өзгерістер алып келген жоқ. Бұл процестер ғылымға да біршама

өзгерістерді де ала келді. Соның ішінде адам мен қоғамға тікелей байланысты

гуманитарлық ғылымдардың аясындағы тіл білімінде, антропоцентристік бағыт

басты   басымдықты   өз   қолына   алды.   Антропоцентристік   парадигма   тілді

зерттеуді   бұрынғы   структуралық   бағыттан   бөлек   жаңаша   әдіс-тәсілдер   мен

жаңа   талаптарды   заман   ыңғайына   сәйкес   алға   қойып   отыр.   Тіл   біліміндегі

антропоцентристік   бағытың   тілді   зертеудегі   басты   әдісі   –тілді   адам

болмысымен өзара бірлікте қарастыруды  мақсат етеді. Адамзат қоғамындағы

барша   құбылыстар   адамның   өмірлік   тәжірибесі   мен   рухани   құндылықтары

тұрғысынан   қарастырылуда.   Ғылымдағы   мұндай   жағдай   сонау   көне   заман

философиясынан   бастап,   бүгінгі   таңдағы   философиялық   пайымдаулардан   да

айқын   көрінетіні   заңды   құбылыс.   Қай   заманда   да,   қандай   да   бір   қоғамдық

формация да болмасын ғылым, техника, өнер, білім – баршасы бірігіп келгенде,

адам   болмысын   тануды   мақсат   етеді.   Тіршіліктегі   әралуан   әрекеттер   мен

құбылыстардың жүзеге асуы тікелей адам болмысымен немесе  оның ерекше

интелектуалдық қасиеттерімен тікелей байланысты. Айналып келгенде ғылым,

техника,   өнер   мен   білім   адам   жасампаздығынан   туса,   әрі   сол   жасампаздық

адамды, адам мүмкіндігін тану қажеттігінен туған идеялар. Антропоцентризм

терминінің мазмұны грекше «anthropos» – «адам», ал «сentrum» латын сөзі –

«орталық» дегенді білдіреді. Яғни, адам болмысын табиғат әлеміндегі өзге де

болмыстарға қарсы қоя отырып, адамды ғаламның кіндігі (орталығы) ретінде

қарастыратын, өмірдегі болып жатқан құбылыстардың себепшісі ретінде адам

факторымен   байланыстыратын   ғылыми   бағыт   ретінде   қарастыру   ісі   кеңінен

қанат жаюда. Антропоцентристік парадигма өз бастауын Батыс Еуропадан В.

фон.   Гумбольдттың   лингвофилософиялық   концепцияларынан   алып,   кейіннен

көптеген   лингвистерден   үлкен  қолдау  тауып  кең  қанат  жайды.  Бүгінгі  таңда

антропоцентристік   парадигма   өте   қарқынды   түрде   зерттелу   үстінде.

Антропоцентристік   парадигма   негізінен   «тіл-қоғам-адам»,   «тіл-мәдениет-

өркениет», «тіл-ұлт-мәдениет» деген үштіктердің негізінде зерттеу бағыттары

жүргізіліп   жатыр.   Жалпы   «антропоцентристік»,   «антропоцентризм»,

«антропологиялық парадигма», «антропоөзектілік» деген терминді осы бағытты

зерттеуші   ғалымдар   екі   түрлі   қолданады.   Олардың   кейбіреуі

«антропоцентризм» дегенді  «этнолингвистика»  деген  термин мен ауыстырып

7


та,   қолданатын   кездері   бар.   Ал,   кейбіреуі   сол   қалпында   «антропоцентризм»

терминін қолданады. Алайда  антропоцентристік парадигманың аясы өте үлкен

ғылым   саласы.   Яғни   оның   үлкен   салаларының   бірі   этнолингвистика   деп

аталады.   Демек,   бұл   жерде   терминнің   тұрақтылығын   сақтай   отыра,

этнолингвистиканың   өзі   антропоцентризмнің   бір   саласы,   оның   аясы

антропоцентризмге   қарағанда   тарлау   болатындықтан,   антропоцентризм   деп

қолдану орынды. Адам табиғатын танумен қоғамдық өмірдегі әр алуан ғылым

салалары   айналысады.   Әр   ғылым   саласы   адам   болмысын   тануда   өзіндік

объектілері   мен   ғылыми   пәндерінің   аясында   қарастырады.   Тіл   біліміндегі

антропоцентристік парадигма (лингвистика) адам мен тілдің байланысын, адам

тілімен адам екендігін, адамзат тіліндегі ұлттық-мәдени-танымдық ерекшелікті

басты объектілерінің біріне жатқызады. Тіл мен мәдениеттің, тіл мен танымның

бірлігін сабақтастықта қарастыру идеясы XVIII–XIX ғғ. ғалымдар еңбектерінен

орын   алып,   қазіргі   таңда   қоғамдық   факторлардың   негізінде   тілді

антропоцентристік   парадигма   аясында   зерттеу   бағытымен   жалғасты   ХХІ

ғасырда тіл табиғатына деген көзқарас жаңаша сипат ала бастады. Өткен ХХ

ғасырдағы тілді өз ішінде қарастыру мәселесі жеткіліксіз болып, жаңа сатыға

теориялық-танымдық   әдістеме   көтерілді.   Онда   негізінен   тілді   ой-санамен,

мәдениетпен,   адамның   қарапайым   тұрмыстық   өмірімен   бірлестікте   қарау

қажеттігі   туындады.   Жаңа   ғасыр   тудырған   аталған   қажеттілік   лингвистикада

жаңа   ғылыми   бағыт   –антропоцентристік   парадигманың   қалыптасуына   ықпал

етті. Бұл бағыт тілді зерттеуде адаммен байланысын алдыңғы қатарға шығарды.

Онда   негізінен   «адам   болмысын   тіл   арқылы   немесе   керісінше   тілді   адам

арқылы   анықтау»   атты   анықтама   басшылыққа   алынады.   Қазіргі   заман

лингвистикасында   тіл   екі   парадигманың   негізінде   зерттеліп   келеді.   Оның

біріншісі – структурацентристік парадигма да, ал екіншісі –антропоцентристік

парадигма.   Жалпы   тіл   білімінде   және   жекелеген   тілдерді   зерттеуде

антропоцентристік   парадигма   бүгінгі   таңда   басымдыққа   ие   болып   отыр.

Лингвистика   ғылымында   антропоцентристік   парадигма   ең   алдымен,   тілді

тұтынушы адамды әрі тілдің шынайы иесі – этносты, ұлтты, халықты алдыңғы

қатарға   қояды.   Структурацентристік   зерттеулерде   тілдің   ішкі   құрылымына

басты назар аударылып келген. Алайда структурацентристік парадигманың тіл

біліміндегі   жеткен   жетістіктерін   жоққа   шығармаймыз.   Алғашқыда

структурацентристік парадигма белең алып, кейіннен антропоцентризмнің өріс

алуы – қоғам мен адамзаттың дамуынан, уақыт сұранысынан туған мәселелер.

Сондықтан   тіл   білімінде   структура   центризмнің     жетіспейтін   жағын

антропоцентризм өз тарапынан толықтырып отырады.

Қазақ тіл білімі – өзіндік тамыры терең, қазақ   халқымен бірге жасасып

келе   жатқан,   үздіксіз   даму   үстіндегі   ғылым   саласы.   Ғылым   үздіксіз   дамып,

толығып   отыратын   күрделі   үрдіс   болғандықтан,   қазақ   тіл   білімінің   әлі   де

түпкілікті зерттеуді қажет ететін салалары мен түйіткілді мәселелері баршылық.

Қазақ   тіліндегі   антропоцентризм   бағыты   мен   соның   ішіндегі   когнитивтік

лингвистика мен лингвомәдениеттаным мәселелерін қарастыру шешімін іздеп

жүрген   салалардың   бірі.   Қазақ   тіл   біліміне   антропоцентризм   бағыты

кешеуілдеп   келген.   Әйтсе   де   бүгінгі   күні   бұл   саланың   бағыты   біршама

8


қалыптасып   өз   арнасын   айқындап   алды.   Қазақ   лингвистикасында

антропоцентристік бағыттың алғашқы  нышандары қазақ тіл білімінің негізін

қалаушы   ғалымдар   А.Байтұрсынұлы   [1],   Қ.Жұбанов   [2],   С.Аманжолов   [3],

І.Кеңесбаев   [4]   еңбектерінде   өз   алдына   жеке   мәселе   болып

қарастырылмағанымен,   тіл   мен   ойлау,   тіл   онтологиясы,   тіл   мен   ойлау

арасындағы сабақтастық мәселесіне қатысты сөз болды. Қазақ тіл біліміндегі

антропоцентризм   бағытындағы   кейбір   лингвистикалық   концепт   тәрізді

терминдер   мен   ұғымдар   антропоцентризм   аясындағы   лингвомәдениеттаным,

когнитивтік   лингвистика,   этнолингвистика,   т.б.   ғылым   салаларында

қарастырылып жүр. ХХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХІ ғасырдың алғашқы

жылдарында антропоцентризм бағыты қазақ тіл біліміне лингвомәдениеттаным,

когнитивтік

 

лингвистика,



 

социолингвистика,

 

психолингвистика,



паралингвистика,   этнолингвистика,   т.б.   тәрізді   бірнеше   ғылыми   пәндердің

қалыптасуына негіз болды.

Антропоцентристік   парадигма   аясында   туындаған   күрделі   тоғыспалы

пәндердің   бірі   –   когнитивтік   лингвистика   екендігін   айттық.   Соңғы   уақытта

шыққан қазақ тіл білімі мен жалпы тіл біліміне қатысты терминдердің басын

біріктірген   үлкен   еңбектердің   бірі   профессор   Ғ.Қалиевтің:   «Тіл   білімі

терминдерінің түсіндірме сөздігінде» адам танымын, танымдық механизмдерін,

тіл мен танымның бірлестігін  зерттейтін когнитивтік  лингвистика ғылымына

мынадай   анықтама   беріледі.   Когнитивтік   тіл   білімі   орыс.   –   когнитивная

лингвистика (лат. cognitіo білім, түсінік) – табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі,

ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік

тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған

лайық   оның   моделін   жасауды   мақсат   етеді.   Ол   үшін   ниет,   ес,   еске   сақтау,

түсінік,   жоспарлау,  басқару   сияқты   сөйлеуге   қатысты   тілдік,   психологиялық,

физиологиялық, т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар

пайдаланылады.   Когнитивтік   тіл   білімі   тілдің   көмегімен   ақпараттың   берілу,

сақталу тәсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық

аударма,   ақпараттық-ізденіс,   есептеу   жүйесімен   т.б.   байланысты   бірқатар

қолданбалы   міндеттерді   шешуге   мүмкіндік   береді   [5,154]   –деген

түсіндірмесінен   когнитивтік   лингвистика   ғылымы   тек   лингвистика   мен

когнитология   ғылымының   байланысынан   ғана   емес,   логика,   философия,

психология,   физиология   секілді   күрделі   ғылым   салаларымен   тығыз

байланысты. Ғылым әлеміндегі «когнитивті лингвистика» деген термин 80-ші

жылдары   М.Бирвиштің   еңбегінде   көрсетіледі.   Соның   ішінде

лингвокогнитологиялық   зерттеулердегі   тілдік   құбылыстарды   когнитивтік

тұрғыдан зерттеудің нақты қолға алынуы 60-70 жылдары америкалық Хомский,

Лакофф,   Коок   т.б.   ғалымдардың   еңбектерінде   ерекше   орын   алады.   Ал

когнитивтік лингвистиканың туындауы жоғарыда атап өткендей бастау көзімен

туындауы   антропоцентристік   парадигма   аясындағы   В.   Фон   Гумбольдттің

лингвистикалық   философияға   қатысты   зерттеулерінен   бастау   алады.   Тіл

біліміндегі   когнитивтік   лингвистиканың   арнайы   зерттеу   нысанына   айналуы

әлемдік тіл білімі бойынша соңғы жылдары қарастырыла бастады. Когнитивтік

лингвистика  когнитология  мен лингвистиканың  өзара  тоғысуынан  туындаған

9


тоғыспалы пән. Мұндағы «когнитология» адамның таным әлемін қарастыратын

ғылым   саласы.   Ғылымда   танымдық   әрекетті   зерттейтін   «когнитология»

ғылымын   «гнесеологиямен»   де   байланысты   қарастырылады.   «Когнитив»

терминінің қазақша баламасы «таным» деп қолданылып жүр. Ол – бүгінгі күні

ғылыми айналымда жүрген танымдық тіл білімінің термині. Танымның негізгі

мақсаты – ғаламдағы құбылыстардың ішкі және сыртқы табиғатын адам санасы

мен   таным   білігі   жеткенше   жетік   меңгеру,   соны   суреттеу   және   оның

қорытындысы ретінде адам баласы іс-әрекеттерінде, көрген, білген, түйсінген,

таныған   дүниесін   өмірде   өз   қажетіне   жарату.  Осындағы   танымдық   әрекетті

концептінің   көмегімен   (көрген,   білгенін   концептілік   талдау   негізінде)   адам

баласы   өз   игілігіне   жарата   отырып,   тілдің   негізінде   дүниенің   қарабайыр

бейнесінен бастап, дүниенің концептуалды бейнесі аралығындағы ақпаратпен

танысу   мүмкіндігіне   ие   болады.   Танымдық   әрекетпен   айналысушы

ғалымдардың   пікірінше,   әлемдік   тіл   білімінде   ғалам   бейнесін   когнитивтік

тәсілдердің   көмегімен   зерттеудің   мүмкіндігі   мол   екендігі   айтылады.   Жалпы

ғылымда   когнитив,   когнитология,   когнитивизм,   когнитологиялық   талдау,

когнитивтік   әдіс,   лингвокогнитивтік   талдау   атты   ұғымдардың   туындауы

когнитивтік лингвистикамен тікелей байланысты. Яғни бұл аталған терминдер

бірлігі түсіну, түсінісу, қабылдау (перцепция), еске түсіру, ойлау, шешім шығару

секілді адамның танымдық жүйесімен тікелей байланысты білімді (ақпаратты)

алу,   жүйелеу,   мазмұндау,   жадта   сақтау,   қорыту   секілді   әрекеттерімен

байланысты   болып   келеді.   Когнитология   ғылымы   өткен   ғасырдың   50-

жылдарында ғана ғылыми бағыт ретінде қалыптасқанына қарамастан, бүгінгі

таңда өте қарқынды түрде зерттеліп келе жатқан ғылым саласы. Когнитивтік

лингвистиканың   дамуымен   байланысты   анықталып   алуға   тиіс   бірнеше   ұғым

немесе мәселелер бар. Оларға негізінен – концепт, концепт құрылымы (фрейм,

сценарий, гештальт, тілдік және когнитивтік модель, т.б.) және тілдің танымдық

қызметіне қатысты «ғаламның тілдік бейнесі» (языковая картина мира) секілді

бірліктер   жатады.   Жалпы   адамзат   баласына   тән   тілтанымдық   әмбебап

бірліктерді когнитивтік лингвистика қарастырады. 

Когнитивтік   лингвистика   ғылымына   қатысты   ғылыми-зерттеулердің

қарқынды түрде жүргізілуі, бұл ғылымды пән деңгейіне көтерді. Бұл күндері

когнитивтік   лингвистика   ғылымының   зерттелу   тарихы   ұзақ   мерзімді

хронологиялық жылнаманы алмаса да, әлемнің көптеген елдерінде тіл білімінің

бір саласы, өз алдына жеке пән ретінде оқытылу үстінде. Ресейлік тіл білімінде

когнитивтік   лингвистика   ғылымына   қатысты   зерттеулерді   жүйелеп,

«когнитивтік   лингвистика»   атты   оқулықты   дүниеге   әкелген,   жалпы   тіл

біліміндегі   антропоцентристік   парадимаға   қатысты   көптеген   жүйелі

зерттеулердің   авторы   В.А.Маслова   когнитивтік   лингвистика   ғылымының

ерекшелігі   мен   тіл   біліміндегі   орны   туралы   мынадай   тұжырым   жасайды.

«Когнитивная лингвистика доплняет анализ языка анализом речи,  различных

контекстов употробление соответствующих лексем, зафиксированных в текстах

суждений   о   концепте,   его   определений   в   разных  словарях   и   справочныках,

анализом   фразеологии,   пословиц,   поговорок,  афоризмов,   в   каторых   концепт

репрезентирован»   [6,25].   Яғни,  когнитивтік   лингвистика   ғылымы   –   тілдің

10


танымдық қасиетінің көзге көрінетін және көрінбейтін ішкі иірімдерін тереңнен

қарастыруға мүмкіндік  береді. Тілдің танымдық қасиетін тіл табиғатынан, тіл

болмысынан,   тілдік  бірліктердің   астарынан   көруге   болады.   Мәселен   қазақ

тіліндегі мақал-мәтелдер, фразеолизимдер, қанатты сөздер, дисфемизмдер, табу

сөздер, т.б.  тілдік бірліктердің лексика-семантикалық мазмұнының астарында

қазақ халқының сан ғасырлық дүниетанымы мен өмірлік тәжірибесіне қатысты

танымдық ақпараттар берілген. Аталған тілдік бірліктерге концептілік талдау

жасау   арқылы,   адам   баласының   дүниетанымдық   әлеміндегі   ақпараттармен

танысуға мүмкіндік алады.

Когнитивтік   лингвистика   ғылымының   зерттелу   барысында   батыс

еуропалық   ғалымдардың   зерттеулері   көптеген   жаңа   ғылыми   бағыттарды

қалыптастырды.   Ал,   когнитивтік   лингвистика   ғылымына   «Когнитивтік

терминдердің қысқаша сөздігінде» – ... адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға,

оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі,

таным механизімі әрі құралы  ретінде қарастырылатын лингвистика саласы –

деген   анықтама   берілсе,   таным   дегеніміз   –   дүниені,   өмірді   танып-білу

қабілеттілігі болып табылады. Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың, яғни

когнитивтік   лингвистиканың   өзіндік   ұғым-бірліктері,   ұстанымдары,   ғылыми-

теориялық  негіздері   қалыптасып   дамыған  сала   болып табылады.   Бастапқыда

«когнитивті»   деген   терминнің   өзі   бір   жүйеге   түспеген,   ұғымдық   бірліктері

жүйеленбеген мәселе ретінде қабылданып келгенмен, бүгінгі таңда когнитивтік

лингвистикаға қатысты пікірлер мен көзқарастар жүйесі қалыптасып бекіген.

Алайда кейбір зерттеушілер танымдық аспектілердің тіл білімін жаңа ғылыми

деректермен   толықтырғанын   мойындағанмен,   бұл   бағыттың   лингвистикаға

соны үрдістер мен әдістер жүйесін әкелмегенін әрі когнитивтік лингвистиканың

орнықпағанын,   ең   алдымен,   когнитивтік   емес   лингвистиканың   жоғымен

түсіндіруге болатындығын ескертеді. Дегенмен де басқа бір топтағы ғалымдар

құрылымдық   тіл   білімін   танымдық   лингвистикаға   қарсы   қоя   отырып,

когнитивтік   бағытты   ХХ   ғасырдың   аяғында   дүниеге   келген   «көтеріліс»,

«бетбұрыс» деп түсіндірді (В.Б.Касевич, 1998; П.Б.Паршин, 1996). Нәтижесінде

тілшілер   когнитивтік   лингвистиканы   пәнаралық   байланыстың   көрсеткіші,

тілдік   ілімдер   тоғысы   деп   бағалады.   Сөйтіп,   жалпы   ғылыми   дереккөздер

негізінде   когнитивтік   ғылымды   немесе   когнитологияны,   когнитивтік

психологияны,   мәдениеттануды   қарастырса,   лингвотанымды   дамытушы

алғышарттарға   лингвистикалық   семантика,   лингвистикалық   типология,

этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, салыстырмалы-тарихи

тіл білімі мәселелерін жатқызды [6]. 



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал