Ж Жазылмаған әңгіме жазықбай тілес



жүктеу 34.04 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі34.04 Kb.

 

 

02.04.2015ж 



Жазылмаған әңгіме 

 

ЖАЗЫҚБАЙ Тілес 

Бұл ӛзі ертеректе, 2000 жылы дәл сәуір айында басталып, жазылмай қалған әңгіме болатын. Себебі, 

ӛзім  сырқаттанып  қалдым  да,  кейін  қолға  алудың  реті  тағы  да  келмеді.  Ӛйткені,  әңгімеге  ӛзек  болып 

отырған Ұлы Отан соғысының ардагері Кәкәрия ақсақал осы аралықта о дүниелік болып еді. – Қарағым, – 

деген  еді  қария,  –  мен  туралы  газетке  жазамын  дейсің,  кӛп  мақтама.  Жасым  90-ға  келгенде  «мен  олай 

соғыстым, былай соғыстым» деп кеудемді соғу жараспас. Соғыссақ, мойнымыздағы азаматтық борышымыз 

еді. Қаншама боздақ қыршынынан қиылды. Әйтеуір, татар дәмім бар екен, соған мың тәубе. Жазушы Ғабит 

ағамыздың  «Кешегіні  ақтау  да,  жамандау  да  бүгінгі  күннің  қорытындысынан  шығады»  деген  сӛзін  ойға 

түйіп алған едім. Сол айтқандай, заман ӛзгерді. Сонау соғысқа берілер бағаға да ӛзгерістер енгізгісі, түзегісі 

келетін тарихшылар да табылмай қалған жоқ. Қарын тоқ кезде адам не демейді. Сол кезде қолында қаруы 

бар  қатардағы  сарбаздың  алдындағы  жалғыз  мақсаты  жауды  жеңіп,  елге  оралу  болды.  Жалғыз  ғана 

Отанымыз бар. Сол үшін қан тӛктік. Демек, осы тарих  – тарих болу керек қой, – деп бір күрсініп алды. – 

Ата,  қайта-қайта  сӛзіңізді  бӛлмес  үшін  барлық  сұрағымды  бір  қойғалы  отырмын…  Сұрапылда  есіңізде 

ерекше қалғаны қайсысы? Ауыр жарақатты қалай алдыңыз? Еліміздің ӛткені мен бүгінін қалай бағалайсыз? 

Азаматтық туралы не айтар едіңіз? Жалпы, кейінгі ұрпаққа сабақ болғандай бір адал әңгімені ӛрбітсек деп 

едім.  –  Оның  дұрыс  қой.  Кӛңілге  тоқыған  нәрсе  аз  емес…  Ӛзім  1913  жылы  туғанмын.  1941  жылы  17 

қарашада  Тайпақ  ауданы  Теңдік  ауылдық  кеңесінен  17  жігіт  аттандық.  Алғашында  Орынбор  қаласында 

әскери-үйрету бӛлімшесінен автомат, мергендік атыс қаруларын меңгердік. 1942 жылдың басында Воронеж 

бағытына  түстік.  Соғыстың  түтеп  тұрған  кезі.  Мәскеу  және  Ленинград  майдандарында  тұмсығы  тасқа 

тірелген фашистер  жанталасып оңтүстік-батысқа күш сала бастады. Себебі, мұнайлы ӛлкенің жолын қиса, 

соғыс  ӛздерінің  пайдасына  шешілетініне  еш  күмәндары  жоқ  еді.  Әр  қадам  жер  қиян-кескі  соғыс  алаңына 

айналды.  Әр  елді  мекен  қолдан-қолға  ауысты.  Сӛйтіп,  соғыс  кезіндегі  бар  ӛмірім  206-дивизия,  748-жаяу 

әскер  полкінде  ӛтті.  Бӛлімшедегі  барлық  сарбаз  бір  адамның  баласындай  едік.  Нанымыз,  темекіміз,  тіпті, 

шұлғауымыз  да  ортақ.  Меншікті  затымыз  болмайтын.  Иван  деген  орыс  жігіті  екеуміз  бір-бірімізден 

айырылмайтынбыз. Шығысқазақстандық еді. Менімен бірге ауыр жарақат алып, кӛз жұмды. Сол оқиға күні 

бүгінге  дейін  кӛз  алдымда.  Кӛзге  түртсе  кӛргісіз  тастай  қараңғы  түнде  дұшпан  жарық  беретін  ракеталар 

атып, тосын шабуылдар ұйымдастыратын. Сондай қарбалас сәтте жаңағы Иван екеуміз қорғаныста тұрған 

алдыңғы  шепке  бір  топ  жау  кенеттен  жақындап  қалыпты.  Сәттік  жарықты  пайдаланып,  мен  пулеметтен, 

жолдасым  автоматтан  оқ  жаудырып  қоя  бердік.  Кӛздеген  боламыз,  бірақ  түтеген  түтін  мен  топырақтан 

ештеңе ажыратып болмайды. Бармақтай қып-қызыл қорғасындар ысқырып, алапат шапшаңдықпен аттанып 

жатыр. Аянып жатқан жоқпыз. Немістер де бастаған ісін аяқсыз тастауға арланғандай, жанталаса атқылауда. 

Кенет окоптың артқы қабырғасына түсіп, домалаған гранатаны байқап қалдым. Сол, сол-ақ екен, дүние шыр 

айналып  жүре  берді,  –  деп  аз-кем  үнсіз  қалды.  –  Есімді  далалық  госпитальда  жинадым,  –  деп  жалғады 

әңгімесін  ардагер.  –  Жолдасым  сол  жерде  қаза  болыпты.  Қайғыдан  қан  жұттым.  «Ең  болмаса  мен  секілді 

жарақат  алып,  жанымда  жатса»,  деп  қиялданып,  жоққа  жұбанып,  кӛрер  таңды  кӛзіммен  атқызып  жүрдім. 

Немістің гранаты кеудемнің етін жұлып, сол аяғымның балтырын кескілеп, оң аяғымның жіліншігін уатып 

кетіпті. Ұзақ қансырап, естен танғанмын. Сӛйтіп, мені қаза болғандардың қатарына кіргізіпті. Мұның бәрін 

кейін  білдім  ғой.  Соғыс  астынан  сүйреп,  арбалап  алып  шығыпты.  Госпитальдан  госпиталь  қоймай, 

дәрігерлер емдеп бақты. Ӛз етімнен ет алып жамады. Бірақ оң аяғым қайтадан соғысқа жарамады. Сӛйтіп, 

Тамбов,  Саратов  дәрігерлерінің  қорытынды  қағазымен  1944  жылдың  күзінде  елге  оралдым.  Бұл  кезде 

Жеңіске деген үміт молайып, елдің еңсесі кӛтерілгенмен, соғыстың ауыртпалығы әлі де айқын сезіліп тұр 

еді.  Соғысқа  бірге  аттанғандардың  біршамасынан  «қара  қағаз»  келіпті.  Бәрінің  орнына  кіріп  шықтым. 

Шашын  жайып,  мойныма  асылып  жылаған  аналарды  кӛру  соншалық  ауыр  еді.  Қария  қалтасынан  қол 



орамалын алды. Ол кіндіктен жалғыз емес еді. Бір апасы, бір інісі болған. Апасы ертеректе қайтыпты. Ал 

інісі Аманғали Иғонисов 1914 жылы туған еді. Әке-шешеден ертерек қалған олар ағайындары Мұхаммәди 

Ершоқановтың қамқорлығында жүреді. Екеуі Тӛлеке-Қанай мекенінде (қазіргі Сарытоғай ауылдық округі) 

Ақмешітте  Жиенғали  қалпеден  ескіше  білім  алады.  Колхоздастыру  кезінде  Жамбыл  ұжымшарында  қол 

жұмысында еңбек еткен. Кейін Орал қаласынан мұғалімдер даярлайтын бір жылдық училищені бітірген соң, 

Жәнібекке мұғалімдік жұмысқа жіберіледі. Сол жақтан 1939 жылы фин соғысына аттанады. Ал 1942 жылы 

Чкалов  қаласында  ұшқыштар  даярлайтын  курсты  аяқтаған.  Әскери  шені  –  аға  лейтенант,  рота  командирі 

міндетін атқарған. 1944 жылы қаза болып, Литвада, Аурчукишка жеріне жерленген. Оны елге келген «қара 

қағаздан»  кӛруге  болады.  Осы  қағазбен  қатар,  майданнан  жазылған  бір-ақ  хаты  сақталыпты.  Ол  хат 

Базаршоландағы  Кәкәрия  ақсақалдың  күйеу  баласы  мен  қызы  Болат  пен  Қоңыршаның  қолында  сақтаулы. 

Ал  Кәкәрия  елге  келген  соң,  шашыраңқы  шаруашылықты  біріктіру  ісіне  белсене  араласыпты.  Тайпақ 

ауданындағы  Жамбыл,  Социализм,  Томпақ,  Краснояр  бӛлімшелерінде  басқарушы,  есеп  қызметкері  мін-

деттерін қолдан келгенше атқарған. Қан кешіп келген адам тек адалдықтың ғана жолында жүреді емес пе. 

Қолынан келгенше жүдеу елге жанашыр, қиналғанға қорған болуды мақсат етіпті. Сӛйтіп, соғыстан кейінгі 

шаруа да шаш-етектен болатын. Миллиондаған кеңес халқы бүлінген құрылыстарды қалпына келтіру, ауыл 

шаруашылығын  кӛтеру,  т.б.  істерге  жұмылады.  Ауыл  қызы  Рәшқа  үйленіп,  Болат,  Қоңырша  есімді  ұрпақ 

тәрбиелеп  ӛсіреді.  –  Әңгімеден  шығады-ау,  аяғым  ауырса  да  бір  балдақты  тастап,  жер  тірей  бастадым. 

Қызықты  қара,  сол  кезде  елдегі  бір  жанашыр  ағам:  –  Шырағым,  Кәкәрия,  етің  тірі  жігітсің,  бірақ  ештеңе 

ойламайсың.  Сенің  бір  балдағыңды  тастағаның  маған  ұнап  тұрған  жоқ.  Соғыс  болса  мынау,  әлі  жүріп 

жатыр,  –  демесі  бар  ма.  Сол  бойда  ештеңенің  байыбына  бармасам  да,  кейін  бәрін  ұқтым.  Кейбір 

қызылкӛздер  менің  жарақатыма  күмән  келтіріп  жүргендей  екен.  Толықтырып  айтсам,  менің  мүгедектігіме 

күмәнмен  қарапты.  Кешікпей  әскери  комиссариаттан  шақыру  қағазы  келіп,  жас  жігіттермен  бірге  әскери 

тексеруден  ӛттім.  Бұл  тексеру  үш  рет  қайталанды.  Сӛйтіп,  ІІ  топтағы  соғыс  мүгедегі  деген  «атақ»  алып 

тындым.  Мен  барлық  адамдарға  адам  деп  қарайтын  болсам,  кейбір  аярлардың  да  барлығы  сол  кезде 

жағамды  ұстатты.  Демек,  «адалдық»  деген  ұғым  бар  жерде  «арамдық»  деген  сӛзге  де  орын  беруге  тиісті 

екенбіз.  Екі  рет  ауыр  жарақат,  екі  рет  жеңіл  жарақат  алып,  үлкен  қалалардағы  әскери  дәрігерлердің 

анықтамасы  бола  тұра  мені  соғыстан  бас  сауғалап  жүргендердің  қатарына  қосуы  нағыз  аярлықтың  белгісі 

еді. Қайтерсің, бәріне тӛзу керек болды, – деп ардагер ауыр күрсінді. – Жоғыма күйінген жан емеспін, – деді 

әрі қарай қария. – Біреулерге ұқсап, бастықтарды жағалап, соғысқанымды бұлдап, ешкімнің алдына барған 

жоқпын.  Барға  қанағат.  Пенделікпен  бір  іске  барғым  келсе,  ойыма  ой  түсіп,  соғыстан  оралмағандар  кӛз 

алдыма  келеді.  Еңсемді  тіктеп  аламын.  Олардың  рухының  алдында,  бала,  сен  түгіл  мына  мен  де 

қарыздармын. Сол қарызды арқалап жүргенімнің ӛзі бақыт. Рухтарына дұға бағыштап, нан ауыз тиемін. Бес 

жылға созылған соғыстың бәрінде жеңіс біздің қолда болды десем, тарихқа қиянат. Жеңілістің де ащы дәмін 

таттық.  Кейбір  солақай  саясат,  соқыр  тәуекелден  қаншама  сарбаз  туған  жерге  орала  алмады.  Елге,  туған 

жерге  деген  махаббаттың  жалғаны  болмайды.  Десе  де,  түкке  тұрғысыз  жалаң  ұрандаулар  мен 

кӛзбояушылықтың  бәрін  риясыз  елдік  ұғыммен  шатастырмайық.  Адам  жүрген  жерде  жалған  жасандылық 

та,  жарқыраған  шындық  та  алмасып  жатады  екен.  Ол  бейбіт  уақытта  кӛп  байқалмайды.  Ал  соғыс  кезінде 

кӛзбен кӛріп, қолмен ұстағандай боласың. Сӛйтіп, кӛздің соқырлығы ештеңе емес, кӛңілдің соқырлығынан 

сақтасын. «Ашта жеген құйқаңды тоқта ұмытпа» деген бар. Кейбір азаматтардың артықтау сӛйлеп, адыраң 

басатыны  арқама  аяздай  батады.  Ӛз  туған  жеріңе,  еліңе  қызмет  жасасаң,  басыңа  бақ,  астыңа  ат  сұраудың 

қандай  қисыны  бар.  Еңбегін  сатқан  ерді  ер  емес,  ез  деу  керек.  Соғысқа  дейін  де,  соғыстан  кейін  де  туған 

еліме маңдайымның терін тӛгіп, адал еңбек жасадым. Ӛз шаңырағымның тірлігінен гӛрі, елімнің бірлігі мені 

кӛбірек  алаңдататын.  Қарын  тоқ,  киім  бүтін  болмаса  да  атар  таңымызға  адал,  келер  күндерімізге  иек 

артатын едік. Елге келген соң байқадым ғой, тылдағы тынымсыз еңбек қана Жеңісті қамтамасыз еткен екен. 



Осылай деп барып ардагер үнсіз қалған еді. Міне, содан бері де 15 жыл уақыт зу етіп ӛте шығыпты… 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал