Ж. И. Исаева Шетелдік ғылыми кеңеcшіcі



жүктеу 37.63 Kb.

бет1/16
Дата12.09.2017
өлшемі37.63 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-тҥрік университеті 
 
 
ӘОЖ 81’271;82.085:808.5:373.1.02:372.8  
 
Қолжазба қҧқығында 
 
 
Ермекбаева Айсулу Шериевна 
 
Бейіндік мектеп оқушыларының оқу мотивтерін қалыптастыру  
арқылы сӛз әдебін меңгертудің әдістемесі 
 
6D011700-Қaзaқ тілі мен әдебиеті 
 
Филоcофия докторы (PhD) 
дәрежеcін aлу ҥшін дaйындaлғaн диccертaция 
 
 
 
 
Ғылыми жетекшiлері: 
педагогика ғылымдарының 
докторы, доцент 
Ж.Т.Даулетбекова, 
филология ғылымдарының  
кандидаты, доцент м.а. 
Ж.И.Исаева  
 
Шетелдік ғылыми кеңеcшіcі: 
доктор, профеccор  
Тайып Думан 
 
 
 
 
 
   
                                 Қазақстан  Республикасы 
Тҥркістан, 2017 


 
МАЗМҦНЫ 
 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
АНЫҚТАМАЛАР 
КІРІСПЕ 
1 тарау. Сӛз әдебін меңгертуде бейіндік мектеп оқушысының  оқу 
мотивтерін  қалыптастыру    -  тҧлғаның  интеллектуалдық-мәдени 
әлеуетін арттырудың негізі 
1.1
 
Білім  берудің  жаңа  парадигмаларын  жүзеге  асыру  жағдайында 
сҿз  ҽдебін  оқыту  үдерісінде  бейіндік  мектеп  оқушысының    оқу 
мотивтерін қалыптастырудың  маңызы 
1.2
 
Сҿз  ҽдебін  оқушының  оқу  мотивтерін  қалыптастыра  оқыту  – 
тұлғаның интеллектуалдық-мҽдени ҽлеуетін арттырудың басты шарты 
1.3
 
Бейіндік  мектеп  оқушысының  оқу  мотивтерін  қалыптастыру 
арқылы сҿз ҽдебін жетілдірудің лингвомҽденитанымдық факторлары 
 
2  ТАРАУ.  БЕЙІНДІК  МЕКТЕП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ОҚУ 
МОТИВТЕРІН  ҚАЛЫПТАСТЫРА  ОТЫРЫП  СӚЗ  ӘДЕБІН 
МЕҢГЕРТУДІҢ  ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
2.1  Оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыру жолымен сҿз ҽдебін 
оқытудың  философиялық аспектілері  
2.2  Бейіндік  мектеп  оқушысының  оқу  мотивтерін  қалыптастыру 
арқылы    сҿз  ҽдебін  меңгертудің  психологиялық  аспектілері  (Абай 
тұжырымдары негізінде) 
2.3Бейіндік  мектеп  оқушысының  оқу  мотивтерін  қалыптастыра 
отырып сҿз ҽдебін меңгертудің  педагогикалық негіздері  
 
3 ТАРАУ. БЕЙІНДІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА  «СӚЗ ӘДЕБІ» 
ТАҢДАУ 
ПӘНІН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
МЕН  
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҤЙЕСІ 
3.1  Базалық-нормативтік  құжаттар  мен  оқулықтарда  сҿз  ҽдебін 
меңгерту мҽселелерінің  жайы 
3.2 Бейіндік мектепте «Сҿз ҽдебі» таңдау пҽнін оқытудың ҽдістемелік 
жүйесі: мазмұндық-құрылымдық моделі 
3.3 Бейіндік мектепте «Сҿз ҽдебі» таңдау пҽнін оқытудың эксперимент 
жүйесі мен нҽтижелері 



 
14 
 
 
14 
 
 
31 
 
43 
 
 
61 
 
61 
 
 
76 
 
91 
 
 
 
 
108 
 
108 
 
117 
 
133 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................... 138 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 140 
 
ҚОСЫМШАЛАР ...................................................................................................  
160 
165 
 
175 


 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Бҧл нормативтік сілтемелер диссертацияда қолданылды: 
 
1.
 
Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың    2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.  
 
2.
 
«Интеллектуалдық  ұлт  –  2020»  ұлттық  жобасы.-  Назарбаев,  Н.Ҽ. 
Қазақстан  дағдарыстан  кейінгі  дүниеде:  болашаққа  интеллектуалдық     
секіріс (ҚР Президенті Н. Ҽ.Назарбаевтың Ҽл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық  университетінің  75  жылдығына  орай  университет  профессор-
оқытушылары мен студенттеріне оқыған дҽрісі) // Егемен Қазақстан. –
2009, 14 қазан.  - Б.1-2. 
 
3.
 
Бағдарлы мектепте сҿз мҽдениетін оқытудың тұжырымдамасы  //Қазақ 
тілі мен ҽдебиеті, 1999,- №2. 3-9 бб.). (авт: Дҽулетбекова Ж.) 
 
4.
 
Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  стандарттары.  Жалпы  орта  білім.-Алматы:РОНД, 
2002. – 360 б.(авт: Ҽмір Р., Дҽулетбекова Ж., Қалиев Ғ., Қосымова Г.)  
 
5.
 
Қазақ  тілінің  оқу  бағдарламалары.  5-11-сыныптарға  арналған.  – 
Алматы: РОНД, 2002.-112 б. (авт: Қосымова Г., Дҽулетбекова Ж.). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бҧл диссертацияда қолданылған анықтамалар: 
Парадигма–  нақты  бір  уақыт  кезеңінде  ҽрбір  білім  сатысы  бойынша 
жұртшылық  толық  мойындаған  жҽне  ғылыми  зерттеулерге  тірек  болатын 
негізгі ұғымдар, жағдайлар мен идеялардың бірлігі. 
Мотив–  белгілі  бір  объектіге  бағытталған  ҽрекетке  түрткі  жасайтын  тілек, 
талпыныс, қызығушылық, ниет, ынта, ықылас, т.б.  
Мотивация - мотивтердің бірігіп, кірігіп ҽрекетке бағыт беруі. 
Интеграция –ғылымдар тоғысы, білім мен ғылымның ҿзара байланысы. 
Қатысымдық  қҧзіреттілік  –  тілдік  тұлғаның  ҽлеуметтік-қоғамдық  ортада 
сҿйлесім  ҽрекетінің  түрлерін  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым, 
тілдесім)  ҿзінің  мақсатына  қарай  еркін  қолдана  алу  мүмкіндіктерінің 
қалыптасқан жүйесі. 
Интеллектуалдық  әлеует  –қоғамдағы  сұраныс  үдесінен  шығуға  даяр 
ҽлеуметтік  субъектінің  уақыт  пен  орта  алға  тартқан  міндеттерден, 
қиыншылықтардан,  ұсыныс  пен  қажеттіліктен,  бұрын  беймҽлім  талаптан 
тұтастай  болмаса  да,  негізінен  биік  тұрып,  ілгерілеу  динамикасы  мен 
заңдылығына  кіріге,  бейімделе  алу,  соны  ел  мүддесіне,  ҿз  мүддесіне  жегу 
арқылы бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ашу ҿресі. 
Сӛз  этикеті  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  реттеу  үшін 
қолданылатын,  белгілі  бір  жүйемен,  заңдылықпен  ұйымдасқан,  орныққан 
этикеттік мҽні бар таңбалар құрылымы. Сҿз этикеті сҿз ішіндегі микрожүйе, 
«тіл  ішіндегі  тіл»  деп  те  аталады.сҿз  ҽдебі  сол  құрылымды  нақты  жағдайда 
қолдана білуі 
Сӛз  этикеті  бірліктері  –  қарым-қатынасқа  сыпайылық  үстеу  үшін 
қолданылатын,  ҽр  халықтың  сҿз  ҽдебіне  тҽн  тұрақты  оралымдар,  клишелер 
мен штамптар. 
Сӛз  әдебі  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  реттеу  үшін 
қолданылатын,  белгілі  бір  жүйемен,  заңдылықпен  ұйымдасқан,  орныққан 
этикеттік  мҽні  бар  таңбалар  құрылымын  нақты  жағдаяттарда  қолдана  білу. 
Сҿз  ҽдебі  –тіл  қатудың,  сҿз  жұмсаудың  қоғам  қабылдаған,  жұртшылық 
ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тҽртібі. 
Лингвомәдениеттаным  –  тіл  білімі  мен  мҽдениеттану  пҽндерінің 
тоғысуында пайда болған, этнос мҽдениетінің ҿз тіліне ҽсер етуін зерттейтін 
ғылым.  
Тілдік  этикет  –  адамдардың  ҿзара  сҿйлесуінің  мҽдени  тұрғыдағы 
қалыптасқан  ережелері,  қарым-қатынастың  сҿйлесімдік  формулаларының 
жүйесі.  Этикет  адамның  сыпайыгершілік,  салт-жоралар  мен  ҽртүрлі 
рҽсімдерді жетік  білу талабы. 
Дҥниетаным– жеке адамның, ҽлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам 
қызметінің  бағытын  жҽне  шындыққа  деген  қатынасын  айқындайтын 
принциптердің, кҿзқарастардың, мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. 
 


 
КІРІСПЕ 
Зерттеудің ӛзектілігі. Уақыттың алмасуы мен заманның ҿзгерісіне қарай білім 
беру саласында үстемдік алатын жаңа парадигмалар оқытудағы дҽстүрлі жүйе мен 
жаңа  талаптарды  тоғыстыра  отырып,  тұлғаның  қалыптасуына  керек  жағдайларды 
екшеп,  мектеп  түлектерінің  қоғамдық-ҽлеуметтік  сұранымға  сай  қалыптасу 
бағыттарын белгілеуге негіз болады. Сондықтан тҽуелсіздік алған жылдар еншісіне 
тиесілі  жаңа  міндеттер,  ең  алдымен,  бүгінгі  отандық  білім  берудің  жаңа 
парадигмаларын  жүзеге  асыру  жағдайында  бҽсекеге  қабілетті,  интеллектуалдық 
ҽлеуеті дамыған жаңа дҽуір оқушыларының ҿзгермелі ҿмір жағдайына бейімделуіне, 
кез  келген  жағдаятта  ҿздігінен  шешім  қабылдауына,  ортамен  тіл  табыса  алуға 
қажетті білімдерді меңгертетіндей саналы ҽрекетке үйренуін қажет етіп отыр. Бұл, 
ҽрине,  оқу  ҽрекетінің  қоғаушысы  саналатын  оқу  мотивтерінің  түрлерін,  орнын, 
қажеттігін  айқындай  отырып,  осы  бағыттағы  оқу-тҽрбие  жұмыстарын  мектеп 
түлектерінің  интеллектуалдық  ҽлеуетін,  мҽдени  деңгейін  арттыруға  бейімдей 
жүргізудің  ҿзектілігін  арттыра  түсуде.  Ҿйткені  оқу  –  адамның  қалыптасу 
сатыларының ҿнбойында саналы түрде арнайы ұйымдастырылатын ерекше ҽрекет. 
Осы оқу ҽрекетінің барлығының кілті тіл болып саналады. Сондықтан жаңа кезең 
талаптарына орай тілді ҽрі тарихи, ҽрі заманауи құндылық ретінде меңгертуге, оның 
ҿмір сүру тҽсіліне айналуына айрықша мҽн берілуі шарт. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына жолдауларында кҿтерілген «Мҽңгілік ел- Мҽңгілік тіл» идеясы, оны 
жүзеге  асырудың  бағыттары  белгіленген  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  мақаласындағы:  «Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тҽжірибе 
мен ұлттық дҽстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан 
сүрінбей  ҿткен  озық   дҽстүрлерді  табысты  жаңғырудың  маңызды 
алғышарттарына  айналдыра  білу  қажет.  Егер  жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани 
тамырынан  нҽр  ала  алмаса,  ол  адасуға  бастайды.  Сонымен  бірге,  рухани 
жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра 
алатын  құдіретімен  маңызды»  -  деген  пікірлері  тілді  жаңаша  оқытуды 
жетілдірудің  негізіне  алынып  отыр  [1,  1-2-б.].    Бұл  идеялар  білім  беру 
саласында  тілді  меңгерту  үдерісінұйымдастыруда  ұлттық  дҽстүр  мен 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  тоғыстыру  қажеттігін  кҿрсетеді.  Себебі 
тіл–  адамның  қалыптасуының,  руханилықтың  бастау  кҿзі.  Сондықтан  тілді 
заманауи  тұрғыдан  дамытудың  негізі  етіп  оның  салт-дҽстүрмен,  тарихпен, 
ұлттық  тҽрбиемен,  ұлттық  құндылықтармен  сабақтастығы  алынуы  заңды. 
Осы орайда  тілдің ҿзіндік  ерекшелігі мен даралығын  танытатын ұлттық  сҿз 
ҽдебі  заңдылықтары  сҿз  мҽдениетінің  тарихи  тамыры  терең,  заманауи  білім 
беру  талабына  орай  прагматикалық  сипаты  айқын,  тҽрбиелік  мҽні  ерекше, 
тұлға қалыптастырушылық бағыты нақты  бір саласы болып саналады. 
Тіл – адам баласына жаратылыстан берілген ҿзгеше қабілет, дара қасиет. 
Дұрыс  құрмаластырып,  орайлы  етіп  жұмсай  білгенде  тіл    адам  ҿміріне  мҽн 
дарытып, оның танымдық-қатысымдық мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Сҿзді 
ҽдеппен  қолдану  талаптарының  қадім  замандардан  жеткен  жҽдігерлерден 
бастап күні бүгінге дейін ескірмей, уақыт ҿткен сайын қырлана, жетіле түсуі– 


 
адамзат  қоғамындағы  тілдің  ҽлеуметтік  сипатының  алуан  түрлі  екенін, 
сҿйлеу  мҽдениеті  мен  сҿз  ҽдебінің  күн  тҽртібінен  ешқашан  түспейтін 
ҿзектілігін  дҽлелдейді.  Мҽселен,  ҽл-Фараби  ҿзiнiң  философиялық 
трактаттарында  адам  пiкiрінiң  тыңдаушыға  екi  түрлi  ҽдiспен:  «не  анық 
дҽлелдеме  арқылы,  не  иландыру  арқылы»  жеткізілетінін  тұжырымдайды 
[2,26-б.].  Осы  байламдағы  «иландыру»  сҿзінің  мҽнісі  сҿз  ҽдебімен,  сыпайы 
сҿйлеумен,  ойға,  сезімге  қозғау  салуға  ықпалдылығымен  ұштасып  жатыр. 
Сондықтан  да    Ҽбу  Насыр  ҽл-Фарабидiң  сҿйлеу  шеберлігі  мен  сҿз  ҽдебі 
туралы бұл тұжырымы ҽлi күнге кҿкейкесті болып отыр. 
XI  ғасырда  жазылған  «Қабуснамада»  сҿз  сҿйлеу  ҽдебiнiң  адамзат 
тіршілігіндегі рҿлі туралы: «Адамзаттың ең абзал қасиетiнiң бiрi– сҿз сҿйлей 
бiлу. Бұл жағдайды жете түсiн де, жақсы сҿйлей бiлуге үйрен: сыпайы, анық 
сҿйлеудi  ҽдет  қылғайсың.  Қай  кезде  болсын  сҿйлеудің  шегiнен  шықпа. 
Аузыңнан  шыққан  сҿзiң  тыңдаушының  жүрегiне  қонымды,  жеңiл 
болсын…»,-  деген  ҿнегелi  ҿсиет  жазылған  [3,  96-б.].  Ал,  бүгінгі  жаһандану 
дҽуірінде  бұл  сҿздердің  мҽні  одан  сайын  тереңдей  түсуде.  Себебі  қазіргі 
таңда  жер  бетіндегі  күллі  ҿркениетті  елдер  ғаламданудың  ықпалынан 
құтқаратын  бірден-бір  жол–  тілді,  ділді  сақтау  екенін  жете  түсініп  отыр. 
Академик  Р.Сыздық  айтқандай,  «тілді  сақтау  қарекеті–  тек  ҽлеуметтік  қана 
емес, саяси-идеологиялық, рухани-ұлттық үні бар құбылыс... Ҿйткені тіл–сол 
халықтың даралық сипатын кҿрсететін ұлттық рухани-мҽдени коды. Тіл– тек 
қатынас  құралы  емес,  адамды  сол  халықтың  туабіткен  толыққанды  мүшесі 
ететін  күш,  ҽр  адамды  сол  тілді  пайдаланушы  халықтың  тұлғасы  етіп 
шығаратын құдіретті күш, тіл– ұлттық сананы түзейтін құрал» [4, 3-б.]. Осы 
ой-тұжырымдар  бүгінгі  жаһандану  жағдайындағы  ұлт  мектептеріндегі  ана 
тілін  оқыту  ҽдістемесінің  бағыт-бағдарын  жетілдіру  мақсатымен  сҽйкес 
келеді.  Ҿйткені  тілді  оқытуды  гуманитарлық  ғылымдағы  антропоҿзектік 
парадигмаға сай дамыту жолдары осы бағытпен толық үндеседі. Бұл бағытты 
ұстану  отандық  білім  беру  жүйесінде  инновациялық  серпілістер  жасауға  да 
негіз болары анық.  
Соңғы  жылдарыжалпы  білім  беретін  мектептерде  оқытуды  тұлғаға 
бағыттау бойынша  ҿзгерістер жасауға талпыныс айқын кҿріне бастады. Оған 
тілдік  білім  нҽтижелерін  ҰБТ  бойынша  тест  жүйесі  бойынша  бағалаумен 
қатарэссе  жазуға  ойысуы,  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін, 
сҿйлеу  біліктерін  арттыруға  ден  қойыла  бастауы  дҽлел.  Бұл,  ҿз  кезегінде, 
бейіндік  мектеп  сатысында  болашақ  гуманитарлық  салада  қызмет  ететін 
мамандықтарды  таңдаған  жас  буынның  ҿміріне  қажетті  білім  беруді 
жандандыруды  қажет  етуде.  Сондықтан  мектеп  түлектерінің  ішкі  тілегіне, 
мүддесіне  сай  білім  беру  кҿзделуде.  Зерттеу  жұмысында  осы  міндеттерді 
жүзеге  асыру  үшін  бейіндік  мектеп  сатысында  таңдау  пҽнін  оқытуға 
байланысты  мүмкіндікті  пайдаланып,  оқушылардың  ҿмірлік  дағдыларын 
дамыту  мақсатында  сҿз  ҽдебін  оқыту  мҽселесі  қарастыру  кҿзделді.    Оның 
мынадай себептері бар:  


 
1. Заманауи білім беру талаптары бойынша соңғы жиырма жылдың кҿлемінде 
отандық  мектептер  үш сатылы: бастауыш, негізгі жҽне бейіндік мектеп жүйесіне 
кҿшті. Ҽр сатыда оқытылатын оқу пҽндерінің  жеке міндеттері мен күтілетін білім 
нҽтижелерінің  аражігі  анықталды.  Мысалы,  тілді  оқытуда  грамматиканы  ғана 
игертуден бас тартып, тілдің болашақ тұлға дамуындағы шешуші фактор болуына 
қатысты  жаңа  тұрпатты  білім  мазмұны  анықталған  болатын.  Ол  білім  тілдік-
қатысымдық  сауаттылық  (тіл  дамыту)–  әдеби  тіл  нормасына  негізделген 
лингвистикалық  дүниетаным  мен  сӛз  дұрыстығы  (тіл  ұстарту)–  сӛз  мәдениеті 
(сӛз  шеберлігі)  сабақтастығында  түзілген  еді.    Жаңа  тұрпатты  «Қазақ  тілі» 
оқулықтары  да  жазылды.  Ҿкінішке  орай,  осы  жаңа  білім  мазмұнын  игертудің 
ҽдістемелік мүмкіндіктері мен мектеп түлегінің білім нҽтижесін бағалау арасындағы 
сҽйкессіздік  пен  қайшылықтардың  салдарынан  жаңа  білім  жүйесін  меңгертуде  
үстірттікке  жол  берілді.    Мектеп  түлегінің  сҿз  мҽдениетін  қалыптастыру  мақсаты 
мен  ҰБТ-дағы  грамматиканы  жаттау  талабы  біріне  бірі  қайшы  келді.  Жалаң 
грамматика  оқушылардың  тілді  меңгеруге  деген    мотивациясын  жойды, 
схоластикалық, жаттанды оқуға мҽжбүр етті. Адам баласын алға ұмтылдырып, оны 
саналы ҽрекет етуге мҽжбүрлейтін ішкі қуат, қозғаушы тетік – мотив тумағандықтан, 
білім  сапасы  тҿмендеді.  Мотив    адамның  нақты  бір  ҽрекетіне  қатысты  ғана 
болмайтыны,  ол  сол  адамның  бүкіл  тағдыр-талайының,  болмыс-бітімінің 
қалыптасуында  ерекше  орын  алатыны  назардан  тыс  қалды.  Мотив  қана  адам 
бойындағы  ҽртүрлі    қабілеттердің  оянуына,  қасиеттердің  қалыптасуына  айрықша 
ҽсер  етеді  де,  ол  оқушының  келешек  бағыт-бағдарын,  жүрер  жолын,  ҽлеуметтік 
тұлға  ретінде  жетілу  жүйесін  дамытудың  алғышартына  айналады.  Олай  болса, 
оқушының оқу мотивтерін тудыра отырып, білім берудің ең ұтымды жолы– оның 
ҿміріне аса қажетті, маңызды, практикалық сипаты күшті білім мазмұнын айқындау. 
Сондықтан  зерттеу  жұмысында  бейіндік  мектеп  оқушысының  келешегіне  керекті 
сҿз ҽдебін меңгерту мҽселесі нысанаға алынды. Ҿйткені сҿз ҽдебін үйрену үлкен 
ҿмірге  қадам  басқалы  отырған  түлек  үшін  қажеттік  тудырып,  оның  ҿмірлік 
дағдыларын  дамытатыны,    оқуға,  ҿздігінен  білім  алуға  қызықтыратыны 
сҿзсіз. 
2.Сҿз  ҽдебін  үйренудіңмектеп  түлегі  үшін  прагматикалық  мҽні  де  ерекше. 
Ертеңгі  күні  қоғамдық  ҿмірге  араласқанда  ең  басты  талап–  ортада  ҿзгелермен  тіл 
табысу, ҿзгелерге ҿзін мойындату. Сол себепті  оқушы  осы таңдау пҽнінде алатын 
білімнің  ҿмірлік маңызын айқын біледі. Сҿз ҽдебін үйренген адамның кез келген 
ортада, кез келген адаммен тіл табыса алатынын түсінеді. Тіл табыса алу– адамның 
атқаратын істерінің сҽтті болуының шарты. Бұл оқушыныңсҿз ҽдебін үйренуге деген 
оқу-танымдық  қызығушылығын,  мотивін  тудыратыны  сҿзсіз.  Сондықтан 
диссертациялық  жұмыста  бейіндік  мектеп  оқушыларына  сҿз  ҽдебін,  сҿз  этикеті 
бірліктерін  қолдану  жолдарын  меңгерту  арқылы  олардың  ҽлеуметтенуіне  қажетті 
дағдыларды    дамытудың,  қарым-қатынас  ҽдебін  ұлттық  жҽне  жалпыадамзаттық 
құндылықтармен  сабақтастықта    игертудің  ғылыми-ҽдістемелік  мҽселелері 
зерделенеді.   
3.  Бейіндік  мектептің  қоғамдық-гуманитарлық  саласын  таңдаған  оқушылар 
сҿз  мҽдениетін  жан-жақты  меңгеруді  қалайды.  Бұл  олардың  болашақ 


 
мамандықтарының  ерекшелігімен  тікелей  байланысты.  Оқушылардың  тілдік-
қатысымдық  құзіреттіліктерін  қалыптастыруға  ықпал  ететін  сҿз  мҽдениетінің  ең 
басты  құрауыштарының  бірі–  сҿз  ҽдебі.  Сондықтан  бейіндік  мектепте  сҿз  ҽдебін 
таңдау пҽні ретінде арнайы оқыту оқушының ҿзіне қажетті білім-біліктерді жүйелі, 
толық  игеруінің,  дүниетанымының  кеңеюінің,  ой-ҿрісі  мен  қабілеттерінің  ҿсіп, 
интеллектуалдық ҽлеуетінің артуының  маңызды шарты болып саналады. Осы оқу 
ҽрекетінің  шығармашылық  сипатқа  ие  болуы,  ал  оқушының  ҽрекет  субъектісіне 
айналуы  оның  оқу-танымдық  ҽрекетіне  бағыт  беріп,  қозғау  салатын,  білімнің  ҿзі 
үшін  жекелік  мҽнін  айқындайтын,  рухани  дамуының  басты  тетігі,  жеке  тұлғаның 
сапалық  қасиеттерінің  кҿрсеткіші  ретінде  бағаланатын  оқу  мотивтерін 
қалыптастыруға да жол ашып, білім сапасын арттырады. 
4.  Оқыту  үдерісінде  тек  жеке  пҽндік  дағдыларды  меңгертумен  шектелмей, 
дүниетанымдық  білім  беру–  қазіргі  заманғы  білім  саласының  басты 
тенденцияларының  бірі.  Сондықтан  «Сҿз  ҽдебі»  деп  аталатын  таңдау  пҽні 
оқушының жан-жақты білім алуына мүмкіндік беруді кҿздей отырып, «Жеті түрлі 
ілім  біл,  жеті  жұрттың  тілін  біл»  деген  халықтық  қағиданы  негізге  ала  отырып 
түзілді. Сҿз ҽдебін меңгерту үдерісінде тілдік жүйе философия, этнография, тарих, 
педагогика,  психология,  мҽдениеттану,  ҽдебиет  секілді  ғылым  салаларымен 
интеграцияланады. Сонымен қатар таңдау пҽнінде қазақ сҿз ҽдебімен қатар ҽлемнің 
ҿркениетті жұрттарының да сҿз ҽдебіндегі ерекшеліктерді таныту кҿзделеді. Себебі, 
біріншіден, оқушы ҿзгелердің сҿз ҽдебімен салыстыра отырып, ҿз халқының рухани 
бай  тіл  ҽлемінің  ерекшелігін  түсінеді;  екіншіден,  ғаламдану  үдерісі  оқушының 
болашақта ҽлемдік кеңістікте ҿзге жұрттармен еркін араласуына да мүмкіндіктерді 
кеңейтіп отыр. Ертеңгі күні оқушы үшін осы пҽн арқылы алған білімдері ҿз септігін 
тигізетіні  анық.  Олардың  қарым-қатынас  шегарасы  кеңейіп,  осы  білімдерін 
қолдануға мүдделілік туатыны сҿзсіз; үшіншіден, таңдау пҽні аясында тілдің ұлттық 
құндылықтық  мҽні  ашылады,  жас  ұрпақтың  елжандылық  қасиеттерін 
қалыптастыруға, тіл үшін ҿзінің жауапкершілігін сезіндіруге, жеке мүддесі мен елдік 
мүдделердің бірлігін сабақтастықта түйсінуіне қажетті білім мазмұны түзілді. Бұл ҿз 
кезегінде барлық білімнің кілті саналатын ана тілін оқытудың ҽдістемелік жүйесін 
жаңа сапаға кҿтерудің алғышарттарын қалыптастыруға қызмет етеді.  
Осындай  бағыттарды  басшылыққа  ала  отырып,  бейіндік  мектеп 
оқушыларына таңдау пҽні аясында сҿз ҽдебін меңгерту бүгінгі қоғамдық-ҽлеуметтік 
сұраным қажет етіп отырған білім беру жүйесіндегі  оқушының ҿмірлік дағдысын 
қалыптастыру  міндеті  мен  схоластикалық  білім  беруден  арыла  алмай  отырған 
оқытуүдерісі  арасындағы;  бейіндік  мектептегі  оқыту  жүйесіне  енгізілген  сҿз 
мҽдениетін білім нҽтижесі ретінде құзіреттілікке бағыттау талабы мен оқу жетістігін 
ҰБТ  арқылы  бағалау  шарты  арасындағы;  заманауи  талапқа  сай  тұлғалық 
құзіреттіліктерді  дамыту    мақсаты  мен  жеке  пҽндік  дағдыларды  меңгертуден  аса 
алмай отырған оқу жүйесінің нҽтижелері арасындағы қайшылықтарды шешуге ҿз 
ықпалын  тигізетіні  сҿзсіз.  Жоғарыда  аталған  себептер  мен  осы  қайшылықтарды 
шешу бағытындағы ізденістер зерттеу жұмысының ҿзектілігіне дҽлел болады.  
Зерттеу  нысаны:  жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  бейіндік 
сатысында сҿз ҽдебін оқыту үдерісі. 


 
Зерттеу  пәні:таңдау  пҽні  аясында  бейіндік  мектеп  оқушыларының  оқу 
мотивтерін қалыптастыру негізінде сҿз ҽдебін оқытудың ҽдістемесі. 
Зерттеу  жҧмысының  мақсаты:  бейіндік  мектеп  оқушысының  оқу 
мотивтерін  қалыптастыра  отырып,  сҿз  ҽдебін  меңгертудің  ғылыми-
ҽдіснамалық негіздерін саралау, тиімді ҽдістемесін ұсыну. 
Зерттеудің міндеттері: 
-  білім  берудің  жаңа  парадигмаларын  жүзеге  асыру  жағдайында 
бейіндік  мектеп  оқушысының  оқу  мотивтерін  қалыптастыра  отырып,  сҿз 
ҽдебін меңгертудің ғылыми-теориялық қағидаларын айқындау; 
-  бейіндік  мектеп  оқушыларына  сҿз  ҽдебін  меңгертудің    ҽдіснамалық 
тұғырларын:  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық    негіздерін 
анықтау; 
-  бейіндік  мектепте  «Сҿз  ҽдебі»  таңдау  пҽнін  оқытудың  ҽдістемелік 
жүйесін жасау жҽне оның моделін ұсыну; 
-  сҿз  ҽдебін  оқыту  ҽдістемесінің  тиімділігін  эксперимент  арқылы 
дҽлелдеу. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал