Ж и ы р м а үш ж ы л бір ғ Ұ м ы р өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім, Өлім деген суық сөздің тілінде мен жүр едім



жүктеу 41.49 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі41.49 Kb.

Ж И Ы Р М А ҮШ  Ж Ы Л - БІР  Ғ Ұ М Ы Р 

Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім, 

Өлім деген суық сөздің тілінде мен жүр едім. 

Бұл - Саттар өлеңі. Саттардың бар тіршілігін көз алдыңа 

дөңгелетіп әкеліп, жас ғұмырдың бүкіл философиясын 

алдыңа жайып тастай салатың  қос жол. Өмірдің сырына 

үңілем, жұмбағын шешем деп жалған жарықтың жалына 

жастай жармасқан арманшыл жанның өлім деген суық 

сөздің жазылмас дерт болып жағасына жармасқаны да рас. 

Бәрі де рас! Алайда, жағасына жармасып,  қолқасына  қол 

салған ажалмен айқаса, айықпас сырқатпен жағаласа жүріп, 

түбітиек бала, әруағыңнан айналайын,  Қорқыт баба ізімен 

өлмеушілік сырын іздеді. 

Өмір деген өксігімді баса алмаган жан едім, 

Өнерімнің барлық гүлін аша алмаган жан едім. 

Бәсе,  қане, мәңгі жасау, өлмеушілік  қайда екен? 

Өте  ұмытшақ уақытқа көнбеушілік  қайда екен? 

Содан бері көп іздедім өлмеушілік жасауды, 

Мәңгілік етегінен мәңгі түрде  ұстауды... 

Өмір - тұңғиық. Адамзат баласы өмір құпиясын ашамыз 

деп  қанша ғұмырды сарп етті. Ашқанынан - ашпағаны, 

танығанынан- танымағаны, тапқанынан-жоғалтқаны көп 

адам баласының. Өмір сонысымен тылсым, сонысымен 

жұмбақ болар-ау, асылы. Саттар соны өз өмірімен өзектес 

өріп, тіршілік философиясына  қалай сәтті айналдырып 

отыр?! Жиырманың биігіне көтерілер- көтерілмес жастағы 

бозбала саналы өмірді тіршілік атты тылсымға үңілуден 

бастапты-ау. Үңіле бастап, өмірдің тұңғиық екенін таныған. 

Өмірдің өлім аталатын жансерігі бар екенін де айна қатесіз 

таныған. Таныған, бірақ  қаймықпаған. Жарық дүниеге 

келген әрбір пенденің өмірін күндіз-түні бір калғымай, 

өзімен бір жүріп, бір тұрып, өлім аңдып жүр. Не істемек 

керек? 

106 


Саттар Ерубаевтың тапқаны - өмір жайлы ойды ірі ойлап, 

өмірлік максатты ірі қоя білу. Ол - өз сөзімен айтсақ "өлмеу-

шілік", "ұмытшақ уақытқа көнбеушілік", "мәңгілік етегінен 

ұстау"... Мәңгі жасауды кім қиялдамайды. Ал, Саттар ойы -

балаң жастың  құрғақ  қиялы емес-ті. Жап-жас  қалпында 

дүние-жиһан ғылым-білімін меңгеріп, өмірдің қыр-сырына 

мейлінше терең бойлап таныған, таныған сайын тағдырмен 

тайталасқа түскен әрі таңғажайып романтик, әрі ғажайып 

реалист жанның  қанатты киялданып, саналы әрекетке 

бастайтын - асқақ арманы еді. 

Асылы, кісінің арманы асқақ болмай алда алар асуы, 

артында қалдырары көз тоқтатып, көңіл тойдырарлық бола 

алмас, сірә. 

Аз ғұмырды - мәз ғұмырға айналдырған,  қысқа ғұмыр-

ды -  қыран ғұмырға айналдырған арда тұлға жайында 

ойланғанда бір сәт осындай толғамға келесің. 

Жамиғатқа мәлім, Сатгар Ерубаев мынау жалғаңда небәрі 

22-23 жыл ғана ғұмыр кешті. Аз ғұмыр асқақ армандардан, 

ыстық-ыстық армандаудан тұрады. Армандап ғұмыр кешті, 

армандап еңбек етті. Тіпті ақтық демі таусылар соңғы сәт-

терге дейін арман құшағына оранып,  ұшқындап, жалындап 

жатқан болуы керек. Сұм ажал оны арман  құшағынан бір 

сәтте аяусыздықпен суырып ала жөнелді-ау... Егерде ажалда 

ар болса - өмірге құштар бозбаланың жүзіне үңіліп, арман-

шыл қалпын көріп райдан қайтса керек еді. Олай болмады. 

Өйткені ажалда - ар  қайдан болсын?! Болмайды. Ал, 

Саттардың екінші аты - Арман болып  қала берді. Бәлкім, 

арманшыл шығармаларымен ажалды жеңген де шығар! 

Саттар Ерубаев жайында сөйлегенде толқымай-тебірен-

бей, жайбарақат күй кешу мүмкін емес. Бар - бала ғұмыры 

романтикадан тұратын ол өзінің өршіл, арманшыл шығарма-

ларымен біздің әрбіріміздің жүрегімізге романтикалық рух 

етіп кетті. Жалын атқан жастың өз тағдыры жайында ойла-

ғанда, соңына  қалдырған найзағай отына шарпысып 

жатқандай болып көрінетін шымыр шығармалары жөнінде 

толғанғанда, таңала көгінен тұрып - таң шапағына  ұмтыл-

ғандай  ұлы  ұмтылыс - ізгі ой, ірі  қаракет үстінде жүретін 

кейіпкерлері хақыңда  қиялдағанда әсерленбей, толқымай, 

тебіренбей тұра алмайсыз. Бей-жайлық Саттарға жарас-

паған, оның оқырмандарына да жараспайды. Мәңгілік өмір 

үшін майдандасып жүрген жап-жас Саттар бізге халық үшін 

от  ұрлаған Прометей сипатында елестейді. Ол тұлғалаған 

жанды адамдар бір есептен әрі Кеше болған, Бүгін де бар 

(арамызда жүр), Ертең де болатын ғажап жандарға айналып 

107 


көз алдында тұра  қалады. Бір есептен, Саттардың өзі де, 

кейіпкерлері де басқа планетадан келген жандар секілді 

елестейді. Бұл -  қаламгердің өзі сүйіп оқыған Жюль 

Верннен желі тартып келе жатқан романтикалық рух 

құдіреттілігі! 

Жиырма үш жыл ғұмыр! 

Шолтаң ете түскен үзік жіп секілді  құрғырды ғұмыр 

деп айтуға аузың да бармайды. Бала болып келіп, бала болып 

өткен мынау өмірден. Жоқ, жоқ. Бала болып келіп, Дана 

болып өткен мынау өмірден. Әрі бала, әрі дана. Балалық 

уыз келбетіне даналық  ұйып, өршіл, өргек ойларымен 

оқырманын ізгілік, жақсылыққа ұйытып өткен жанды одан 

басқа  қалай айта аламыз?! Олай дейтініміз, Саттар  қала-

мынан туған лирика, баллада, сатира, новелла, роман, сын-

бәрі де жаңа. Лебі жаңа - лебізі бөлек, порымы жаңа - фор-

масы ерек, мазмұны тың - мәні терең, пәрмені тегеурінді. 

Жап-жас бала  қаламынан туған дүниелер кеше ғана емес, 

бүгін де солай, бүгін де жаңалықты,  қызықты, тағылымды. 

Тарих тіршіліктегі мансап, беделге  қарамайды. Тарихқа 

жарарлық із  қалдыру кім-кімге де оңай емес. Сақал сату 

тарихқа жүрмейді. Азынды азырқанбас, көбіңе алдарқамас 

тарих Саттардың аз сөзін азырқанбай құп алып, қабылдады. 

Мәңгілік өмір іздеген Саттар тарихтың мәңгілік кітабына 

кірді. Ол еңбектер қалай туды, ол кейіпкерлер қалай тұлға-

ланды? 

Ол былай толғанады: 



"Ленинградта мен ауырып қалдым. Мені ауруханаға салды. 

Ыстығым қырық градус болды. Күн сайын менің халім ауырлай 

берді. Сонда мен Бердәлінің бақыты туралы жаза бастадым. 

- Ғажап! - дейді науқастар. - Төрінен көрі жақын, сонда 

да  ұзақты күнге жазуын бір  қоймайды!" 

Әлгі біз таңданып отырған шығармаларын Саттар осылай 

өлім мен өмір арасында, тіршілік үшін арпалысып жүріп 

жазды. Әлгі біз тамсанып отырған Прометей сияқты тұлға-

ларды Саттар осылай "Өлім деген суық сөздің тілінде" жүріп 

сомдады. Сондықтан оның өз тағдыры соншалық аянышты, 

кейіпқерлерінің тағдыры соншалық аяулы. Қаяулы көңілмен 

жүріп аяулы кейіпкерлер сомдаған қаламгер халқына қашан 

да  қадірлі! 

Оның кейіпкерлері жан тапсырғалы  қиналып жатып та 

күледі. Оның кейіпкерлері өліп бара жатып та "Бақытты-

мын!" деп айқайлап айтып кетеді. Бұл - ғажап кісілік табиғат 

қой. Өмір-құрделі  құбылыс. Шынтуайтында, адам өмірден 

жылап өтеді емес пе?! Ал, Саттар кейіпкерлері өмірден күліп 

аттанады. Неге? Бұл - аз өмірді мақсаткерлікке жұмсаған 

108 


жанның күлкісі, өмірден өзін тапқан адамның бақытты 

өлімі! 


Әлгіндей ғажап кісілік танытып жүрген кейіпкерлер -

Саттар Ерубаевтың адамдық ғажап табиғатынының же-

місі. 

Саттар өмірі - толы драма.  Құлақтың баласы атанып, 



бойтаса жасау үшін атасы Ерубай атына жазылудан бастап 

өмірінде драмаға соқпас бір сәт жоқ. Жар сүйіп, соңына 

ұрпақ қалдырмады. Аспирантураны аяқтамады. "Менің 

құрдастарым" аяқталмады. Жастық ғұмыр ауру- сырқаумен 

өтті. Бірақ күрсінген, күңіренген  қаламгерді көрмейсіз. 

Баландықтан болар? Жоқ. Байсалдылықтан. Ойсыздықтан 

болар? Атамаңыз, өмірдің мәніне терең бойлаған ойшыл-

дықтан! Өмір - күрес деп түсінді ол. Лев Толстой айтқан: 

"Адам болып адал ғұмыр кешу -  ұмтылу, тырысу, алысу-

арпалысу,  қателесу,  құлау,  қолға алған ісіңді тастау,  қайта 

бастау, дұрыс болмаса  қайта тастап,  қайта бастау - талмай 

күресу, мәңгі майдан кешу. Ал, бейғамдық- рухани азғын-

дық" -деп. Бұл - тұп-тура Саттарға арналған сөздер сынды. 

Саттардың өзі де, кейіпкерлері де осындай өмір үшін қайт-

пай күресетін, тіршілік үшін талмай арпалысатын жандар. 

Өзін өмірден қажымай-талмай іздеген, қателескен, іздегенін 

тапқан жандар. Өз өмірі білте шамның жарығындай өлеу-

сіреп өшіп бара жатқанын біле тұра,  қажымай, мұңаймай 

роман, әдеби сын, оқулық жазып, жанталасып, жатқан 

Саттар күш-қуаты, ерік-жігері кісіні қайран қалдырмас па?! 

Бар байлығы -  қойнындағы Дәмелісін, одан күтіп отырған 

перзентін "ұрлаған" Рахметке қиын сәтте кек қайтару орны-

на кеңшілік беріп, операция жасап, аман алып  қалатын 

Ықылас  Құлбеков ше? Саттар рухынан жаралған, жаңаша 

ойлайтын, кісіге ізгілік ойлаудан, жақсылық жасаудан бір 

танбайтын кейіпкер емес пе?! 

Кейіпкерлері дегеннен шығады, оның кейіпкерлері 

өмірі - толы драма. Саттар шығармаларының қызық оқы-

латыны,  қалып қоймай өмірге жаңара қызмет ететін себебі 

де осы кейіпкерлері тағдырының драмаға толы қоюлығында! 

Кейіпкерлер тағдырын адастырып жіберіп,  қайта  қосып, 

шым-шытырық ететін, романтикаға балап өркештендіріп, 

тосын шешімдерін тандандырып беретін Саттар шығармала-

рының жаны - драма. Драма - жас дарын шығармалары-

ның әрін кіргізер нәрі. Бәлкім, Саттар феномені осында 

шығар! 


Саттар Ерубаев - әдебиеттегі ғажап  құбылыс!  Құбылыс 

жас талғамайды, талант тандайды. Лашықта туған, жоқ-

жітік тіршілік кешкен  қыршын дарын Шандор Петефи 

109 


мадяр халқының рухани көсеміне айналды. Теңіз жағасында 

туған, жетімсіз күн кешіп, ерте сөнген Исикава Такубаку-

жапон халқының  ұлы ақынына айналды. Уақытша өкі-

мет - халық  қарғысын арқалаған корольдер  қудалаған 

Франсуа Вийон ше? Бәрі де аз жасаған, алайда әрқайсысы 

әрбір халықтың азаматтык тарихында - рухани ой-дүние-

сінде ғажап із қалдырған дарындар, ұлы құбылыстар! Саттар 

да -  құбылыс!  Құбылыс артына  қалдырған әдеби мұраның 

аз-көптіғіне  қарамайды, жаңалығынан тарайды. Өмірде аз 

жасаған, әдебиетте аз жасаған (көлемі) Саттар - өмірде көп 

жасағандай кексе, өнерде көп жасағандай керемет құбылыс! 

Құбылыс болғандықтан да уақытпен бірге жаңарып алмасар 

жаңа  ұрпақ оралып соғып, өз сөзін айтып отырады ол 

туралы. Жаңа  ұрпақ оның шығармасын оқып рухтанып, өз 

әдеби өлемін ашады, дарын рухы алдында бас иеді. Бүгін 

әдебиеттің жаңа буыны, оқырманның жас  ұрпағы Саттар 

Ерубаев шығармасын оқимыз да, оның рухы алдында бас 

иеміз! 


1994 ж. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал