Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы



жүктеу 61.63 Kb.

Дата12.01.2017
өлшемі61.63 Kb.

 

19.03.2015ж.

 

Бірегей тұлға 

Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы 

Басты  мақалалар,  Тұлға  1  пікір  жазылған  175  рет  оқылды  Қазақ 

халқының тарихында, әрісін былай қойғанда, қылышынан қан тамған кешегі 

кеңес дәуірінің өзінде азаматтық биігінен  көріне білген, көзі тірісінде-ақ аты 

аңызға айналған асыл азаматтардың алатын орны ерекше. Солардың бірі әрі 

бірегейі  ретінде  көрнекті  мемлекет 

және  қоғам  қайраткері  Жұмабек 

Тәшеновті  ауызға  алуға  болады. 

Жұмабек  Ахметұлы  Тәшенов  1915 

жылғы 


20 

наурызда 

Ақмола 

облысының 



Аршалы 

ауданында 

дүниеге  келіп,  еңбек  жолында  біраз 

жауапты  қызметтер  атқарады.  Қай 

қызметте  жүрсе  де  ұршықтай  үйіріп 

әкететін  алғыр  жігіт  1952  жылы 

Ақтөбе  облыстық  партия  комитетінің 

бірінші  хатшысы  болып  сайланады. 

Мұнда  жемісті  қызмет  атқарып,  осы 

облыс  экономикасының  өркендеуіне 

қол  жеткізіп,  ерекше  көзге  түскен 

Жұмабек Ахметұлы 1955 жылы Қазақ 

КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 

төрағасы  қызметіне  жоғарылатылады. 

Бес  жыл  өткеннен  кейін,  яғни  1960 

жылғы  қаңтар  айында  Қазақ  КСР 

Министрлер 

Кеңесінің 

төрағасы 

болып  тағайындалады.  Жанқиярлық 

еңбегі үшін Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» 

және  «Құрмет  Белгісі»  ордендерімен  наградталған.  Соқтықпалы  соқпақсыз 

өмір  жолын  бастан  кешірген  аяулы  азамат  1986  жылғы  18  қараша  күні  71 

жасында дүниеден өтті. Ұлты үшін ұлан-ғайыр еңбек сіңірген қайтпас қайсар 

жанның өмірбаяны, қысқа қайырғанда осындай. Халық арасында «кісендеулі 

жолбарыс» атанып, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Жұмабек Тәшенов 

қашанда  әділдікті  жақтаған.  Кейбір  жасқаншақ  саясаткерлер  сияқты  ішкі 

сырын бүгіп қалмаған. Қандай жағдайда да өзінің өмірлік ұстанымын ашық 

айтқан,  өзгенің  де  адал  сөйлеуін  қалаған.  Ол  әркез  халықтың  қамын  ойлап, 

қай мәселеге де елдік тұрғыдан қарайтын, әсіресе, ел аумағының тұтастығы, 

туған  халқының  мүдделері  талқыға  түскен  сындарлы  шақтарда  белсене 

шығып, қызына сөйлейтін болған. Аяулы азамат өмірінің қай кезеңін алсаңыз 



да  бұған  мысалдар  жетіп  артылады.  Айталық,  тың  игеру  жылдары 

Қазақстанның  солтүстік  өңіріндегі  бес  облыста  қазақ  газеттерінің  жаппай 

жабылып,  көптеген  журналистердің  жұмыссыз  қалғаны  белгілі.  Осындай 

әділетсіздік республикалық қазақ тілді басылымдарға да қауіп болып төнген. 

Атап айтар болсақ, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде өткен 1958 

жылғы 28 шілдедегі «Қазақ әдебиеті» газетін жабу туралы мәселе қойылған 

отырыста  республикадағы  қазақ  тілінде  шығатын  барлық  газеттерді,  тіпті, 

«Социалистік  Қазақстанды»  да  аударма  басылымға  айналдыру  жөнінде 

ұсыныс жасалғаны белгілі. Сонда арғы-бергіні жақсы біледі деген кейбір ел 

ағаларының өзі саясаттың ыңғайына жығыла сөйлегені мәлім. Солардың бірі 

майдангер журналист еді. Бұл кісінің сондағы сөзіне жаны күйген Жұмабек 

Ахметұлы:  «Социалистік Қазақстан»  газетін  ашқан да сен  емессің, жабатын 

да сен емессің. Ондай сөз айтпа…», – деп тойтарып тастайды. Сөйтіп, Қазақ 

КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы қазақ газеттерінің ғана емес, 

қазақ  тарихының  алдында  да  жасалғалы  тұрған  әділетсіздіктің  бетін 

қайтарып,  ұлт  тілінде  шығатын  басылымдарды  жабудың  негізсіздігін  нақты 

мысалдармен  дәлелдеп  шыққан  еді.  Сондай-ақ,  Жұмабек  Ахметұлы  өз 

кезінде өнер, мәдениет, ғылым саласындағы адамдарға да қолынан келгенше 

қамқоршы бола білген. Академик Шапық Шөкиннің айтуынша, кейіпкеріміз 

1960  жылы  Үкімет  басшысы  болған  кезде  қазақ-орыс  сөздігін  алғаш 

құрастырған  көрнекті  ғалым  Хайрулла  Махмудов  оның  қабылдауында 

болады.  Өзінің  жай-күйін  айтып,  баспана  жөнінен  көмек  сұрайды.  Сонда 

Жұмабек Тәшенов: «Сіздей адам қалай үйсіз жүр? Қаладағы салынып жатқан 

үйлерден қалаған пәтеріңізді көрсетіңіз. Сол сіздікі болады», – дейді. Сөйтіп, 

Х.Махмудов Алматының шуылы аздау тыныш жеріндегі пәтерге ие болады. 

Жұмабек  Ахметұлы  1958  жылы  қазақ  өнері  мен  әдебиетінің  Мәскеудегі 

онкүндігін  өткізуге  үлкен  күш-жігер  жұмсайды.  Сонымен  бірге,  Қалибек 

Қуанышбаев,  Роза  Жаманова,  Ермек  Серкебаев,  Шәкен  Айманов,  Мұқан 

Төлебаев сияқты өнер тарландарына одақтағы ең жоғары КСРО халық әртісі 

атағын  алып  беруде  де  үлкен  қажырлылық  көрсетеді.  Осыған  дейін 

жоғарыдағыдай  көлемде  үлкен  бір  топ  болып  жоғары  атақ  алу  қазақ 

топырағында  болмаған  екен.  Сондай-ақ,  1960  жылы  ол  кісі  Алматыдағы 

қазіргі Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы сәулетті 120 

пәтерлік  үлкен  үйді  түгелімен  дерлік  өнер  және  әдебиет  қайраткерлеріне 

бергізеді. Жұмекең қазақ арасынан шыққан кемеңгер тұлғаларға бір көшенің 

өзін беруге қимай, үнемі сараңдық танытқан Мәскеуді Алматының ең үлкен 

еңселі  көшесіне  Абай  Құнанбаевтің  есімін  беруге  және  сол  көшенің  қақ 

төріне  ақын  ескерткішін  қоюға  көндіреді.  Халқымыздың  рухани  оянуынан 

тайсақтап,  сан  түрлі  сылтау  айтқандарға  Қазақстан  Үкіметінің  басшысы 

Тбилисиде  –  Руставелидің,  Мәскеуде  –  Горькийдің,  Ташкентте  –  Науаидің 

атындағы көшелер, ескерткіштер бар екендігін бұлтартпас дәлел ретінде кел-

тіріп, бүгінде көзіміз көріп, тамашалап жүрген Абайдың алып ескерткішінің 

орнатылуына  септігін  тигізген.  Ол  жылдары  жергілікті  тұрғын  халықтың 

мүдделері  онша  ескеріле  бермейтін.  Жоғары  лауазымды  басшы  кадрлар 

Мәскеу арқылы тағайындалатын. Мәселен, Қазақстан Компартиясы Орталық 


Комитетінің бірінші хатшысы Леонид Брежневтің Мәскеуге үлкен қызметке 

өсіп  кеткені  белгілі.  Осыдан  кейін  ол  арнайы  ресми  сапармен  Алматыға 

келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросын өткізеді. Онда 

Орталық  Комитеттің  бірінші  және  екінші  хатшылығына  И.Яковлев  пен 

Н.Журиннің  кандидатуралары  ұсынылатынын  хабарлайды.  Бұған  Бюро 

мүшелері  Д.Қонаев,  Ф.Кәрібжанов  іштей  тынып,  үндемей  тұнжырап 

отырады.  Мәскеуден  келген  Л.Брежнев  енді  Бюро  мәжілісін  жапқалы  жат-

қанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Ж.Тәшенов сөз 

алып,  былай  дейді:  «Құрметті  Леонид  Ильич!  Аудандарда,  облыстарда, 

орталық  аппаратта,  министрліктерде  республика  партия  ұйымының  екінші 

хатшысы  қызметін  атқара  алатын  лайықты  кадрлар  өсіп-жетілді.  Міне, 

ортамызда  Орталық  Комитеттің  хатшысы  Фазыл  Кәрібжанов  отыр.  Оның 

басқалардан  несі  кем?  Неге  ол  екінші  хатшы  болып  істей  алмайды  деп 

ойлайсыздар?  Мені  дайын  тұрған  жергілікті  кадрларға  осылайша  менсінбей 

қарау  таңғалдырады.  Біз  мұны  қазақ  кадрларына  сенім  көрсетпеушілік, 

оларды  ашықтан-ашық  кемсітушілік  деп  қабылдаймыз.  Партиялық  биліктің 

бірінші  және  екінші  хатшысы  қызметтеріне  ұлттық  кадрлар  өкілдерін 

жібермеу дәстүрге айнала бастағаны ма?». Осындай орынды айтылған өткір 

сынның жоғары жаққа әсері болды ма, кейін, жылға жетер-жетпес уақыттан 

соң  Ф.  Кәрібжанов  екінші  хатшы  болады.  Араға  тағы  екі  жыл  салып  Д. 

Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына 

сайланады.  Осындай  жақсы  үрдіс  енді  облыстар  мен  аудандарға  да  тарай 

бастайды.  Ұлтжанды  азаматтың  1956  жылдан  бастап  Қазақстандағы  саяси 

қуғын-сүргін  құрбандарын  ақтау  жөнінде  қыруар  жұмыстар  атқарғанын  да 

ерекше  атап  айтуға  болады.  Ол  кезде  республикалардағы  Жоғарғы  Кеңес 

төрағаларының  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  төрағасының  орынбасары  қызметін 

бір  айдан  кезектесіп  уақытша  атқаратын  тәртіп  болған.  Осындай  міндетті 

атқару  үшін  Мәскеуге  баратын  бір  сапары  қарсаңында  қазақ  әдебиетінің 

классиктері  Сәбит  Мұқанов  пен  Ғабит  Мүсірепов  атағы  жер  жарған 

Бауыржан  Момышұлының  Кеңес  Одағы  Батыры  атағына  соғыс  кезінде  екі 

рет ұсынылып өтпей қалғанын, сол әділетсіздікті қалпына келтіруге Жұмабек 

Ахметұлының араласуын өтінеді. Жұмекең Мәскеуге барысымен мұрағаттан 

Б.Момышұлының  құжаттарын  алғызып  танысады.  Батырлыққа  екінші  рет 

ұсынылған  құжаттың  қорытындысында  соғыс  кезіндегі  кейбір  мінездері 

кеңес офицерлерінің ар-ожданына қайшы келеді-мыс дегенді желеу етіп оған 

мұндай  атақты  беруге  болмайды  деп  маршал  Конев  қолын  қойыпты. 

Жұмабек  Ахметұлы  Жоғарғы  Кеңестің  атынан  маршалды  шақыртып  алып, 

мәселенің мәнісін түсіндіріп бағады. Алайда, ол: «Бұл туралы менің пікірімді 

білмек  болсаңыз,  мен  өз  өмірімде  ешқашан  бір  айтқан  пікірімді  өзгерткен 

адам  емеспін.  Бұл  жолы  да  сол  пікірімде  қаламын»,  –  деп  көнбей  қояды. 

Кеңес Одағы бойынша үлкен беделге ие И.Конев Жұмекеңнің қолын осылай 

байлайды.  Жұмабек  Ахметұлы  өзінің  қызмет  барысы  кезінде  Бауыржан 

Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевты Кеңес Одағының Батыры атағына 

ұсынудан  танбаған.  Алайда,  бұл  ойын  жүзеге  асыра  алмаған.  Дегенмен, 

Бауыржан Момышұлының алғашқы кітаптарының жарыққа шығуына жақсы 


жәрдем  жасаған.  Алпысыншы  жылдардың  бас  кезінде  жүгері  өсіруді  жер-

көкке сыйғызбай жаппай насихаттаған, Қазақстанның жергілікті халқына не 

бір  сиыр  немесе  бір  жылқы  ұстауға  ғана  рұқсат  етіп,  ел  экономикасын 

тұралатқан  Никита  Хрущев  орталықтың  тағы  бір  зымиян  саясатын  жүзеге 

асырмақ  болған.  Атап  айтқанда,  республиканың  аумақтық  тұтастығына 

айтарлықтай  қатер  төндіргені  тарихтан  белгілі.  Бағымызға  қарай,  қазақ 

халқының  маңдайына  біткен  хас  батыры  Жұмабек  Ахметұлы  өзінің  осы 

Ақмолада  туып-өскенін,  ата-бабасының  жаны  осы  жерде  жай  тапқанын, 

мұндаймен  ешбір  қазақ  келіспейтінін,  осындай  мәселені  көтергеннің  өзіне 

бүкіл  болмысымен  қарсы  екенін  ашық  білдірген.  Ал  Орталықтың 

оңтүстіктегі  үш  ауданның  жерін  Өзбекстанға  беру  туралы  басшы  ретіндегі 

пікірін білгісі келгенде мұндай  мәселені шешу түгілі, көтерудің өзіне қарсы 

екенін  Жұмабек  Ахметұлы  ашық  айтқан.  Бұған  қатты  шамданып,  ашуға 

булыққан Хрущев: «КСРО – біртұтас мемлекет, сондықтан қай республикаға 

қандай  жерді  беру  керектігін,  Тәшенов  жолдас,  біз  сізден  сұрамай-ақ  шеше 

аламыз»,  –  деп  мәселені  төтесінен  қойып,  белден  баспақ  болған  ғой.  «Олай 

болса,  бұл  КСРО  Конституциясына  қарсы  шыққандарыңыз.  Ал  Конс-

титуцияда  әрбір  республиканың  аумағы  оның  бұлжымас  меншігі  болып 

табылатыны  тайға  таңба  басқандай  ашық  жазылған.  Егер  Конституцияның 

осы  талабы  өрескел  бұзылатын  болса,  біз  халықаралық  ұйымдардың  өзіне 

шағымданатын  боламыз»,  –  деп  Жұмабек  Ахметұлы  әдеттегідей  алған 

бетінен қайтпай  қасарысып  тұрып алған. Ғасырлар  бойы орыс мемлекетінің 

жері  болып  келген  Қырымды  шолақ  шешіммен  Украинаға  сыйлай  салған 

Хрущевтің  белден  басқан  сойқаны  қазір  қандай  қиын  жағдайға  соқтырып 

отырғанына  бәріміз  куәміз.  Әрине,  республикалық  деңгейдегі  айтқанынан 

әсте  қайтпайтын  «қиқар»  басшының  мұндай  қылықтарын  Кеңес  өкіметінің 

бүкіл  билігін  уысында  ұстап  тұрған  Хрущев  кешірген  жоқ.  Оның 

шыдамының  таусылғанына  мына  бір  жағдай  қатты  әсер  етсе  керек.  1960 

жылдың  күзінде  Ақмола  облысы  аумағындағы  бір  әскери  лагерьдің 

казармасында  республикалық  үлкен  кеңес  өтеді.  Сол  кезде  Хрущевтің 

көмекшісі  болып  қызмет  атқарғандықтан  мейманасы  әбден  тасыған 

Шевченко  атты  шенеунік  мас  күйінде  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесі 

төрағасының  ұшағымен  Бурабайға  рұқсатсыз  ұшып  кетеді.  Мұны  естіген 

Жұмабек  Ахметұлы  рация  арқылы  ұшқышпен  байланыс  жасап,  қайыра 

әуежайға қайтуға бұйырады. Сөйтіп, Хрущевтің беделін пайдаланып, шектен 

шыққан  мәскеулік  шенеуніктің  тиісті «сыбағасын»  береді,  бірақ бұл туралы 

Хрущевке  баяндамайды.  Бірақ  осы  астамшылық  жағдайды  өз  мүддесі  үшін 

өте оңтайлы пайдаланған Шевченко жоғарыдағы оқиғаны өңін айналдырып, 

бастығына басқаша жеткізеді. Нақ осындай әрекеті үшін Жұмекең «ұлтшыл» 

деп  айыпталып,  Хрущевтің  нұсқауымен  1961  жылғы  қаңтар  айында 

қызметінен  босатылады.  Бес  ай  бойы  жұмыссыз  отырады.  Осыдан  кейін 

Шымкент  облыстық  атқару  комитеті  төрағасының  орынбасары  қызметіне 

төмендетіледі.  Алайда,  туған  елі,  қазақтың  жері  үшін  аянбай  қызмет  етуге 

әрқашан  әзір  тұратын  Жұмабек  Ахметұлының  қызметім  төмендеді  екен  деп 

еңсесі  түспейді.  Керісінше,  табан  аудармастан  14  жыл  бойы  осы  жұмысты 


абыроймен атқарып, оңтүстіктегі үлкен облыстың өркендеуіне қомақты үлес 

қосты. Жасы келіп, зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қартайдым деп қарап 

отырмай,  ғылыми  жұмыстармен  айналысты.  Қаракөл  елтірісінің  сапасын 

жақсарту  бағытында  бірталай  жұмыстардың  басын  қайырды.  Осы  орайда, 

армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы 

Сағадат Нұрмағамбетовтің: «Жұмабек Тәшенов қандай қызметте болса да ең 

алдымен  өз  елінің  мақсат-мүддесінен  шығатын,  халықтың  жағдайын 

ойлайтын,  ұлттық  мәселелерді  КСРО  басшыларының  алдында  тайсалмай 

қоятын. Жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді»,  – деп бағалауы тегін 

болмаса  керек.  Озық  ойлы,  өресі  биік  азаматтардың  араласуымен  Жұмабек 

Ахметұлы Тәшенов туралы мерзімді баспасөз беттерінде бірқатар естеліктер, 

зерттеу  материалдары  үзбей  жарияланып  келеді.  Алматыда,  Оңтүстік 

Қазақстан  облысында  бірнеше  кітаптар  жарық  көріп,  «Қазақстан»  ұлттық 

энциклопедиясына  өмірбаяны  кірді.  Халық  жадында  Ж.Тәшеновтің  рес-

публика экономикасының барлық саласына жетік, шаруашылықты талантты 

жүргізе  білетін  ұйымдастырушы,  іскер  басшы  екендігін  айқын  айғақтайтын 

мысалдар  аз  емес.  Мәселен,  тың  игеру  жылдарында  Көкшетау  облысында 

«Толбухин»  совхозының  директоры  болған  Ф.Моргун  1957  жылы  совхоз 

тұрғындары жер астында тұщы су болса да қажетті құралдың жоқтығынан 20 

шақырым жерден суды тасып ішіп қиналып жатқанда, Ж.Тәшенов келіп бір 

аптаның  ішінде  Армениядан  скважина  арқылы  су  тартатын  компрессор 

алғызғанын, сөйтіп, су мәселесін тез шешіп бергенін ризалықпен еске алады. 

Ал  Шымкент  өңіріндегі  Түркістан  аймағының  мақташылары  мақта  тазарту 

зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқан шақта, сол 

ауданға  уәкіл  болып  барған  Жұмабек  Ахметұлы  Қарағанды  облысының 

басшылығымен  жедел  хабарласып,  қажетті  көмірді  көп  ұзамай  жеткіздіріп 

береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын асыра орындауға 

қол  жеткізеді.  Көзі  тірісінде-ақ  аты  аңызға  айналған,  әсіресе,  қарапайым 

халықтан  жоғары  баға  алған  Жұмабек  Ахметұлының  адамгершілік  асыл 

қасиеттеріне, еліне сіңірген ерен еңбегіне ризашылықпен айтылған сөздер ел 

арасында  жетіп  артылады.  Мәселен,  қазақ  әдебиетінің  классигі,  көркемсөз 

зергері  Ғабит  Мүсірепов  іссапармен  Шымкентке  келгенде  профессор 

Керімбек Сыздықов серік болып жазушының жанында бірге еріп жүреді. Сол 

кезде  Ғабеңнің  Ж.Тәшеновке  қаратып  айтқан  мына  бір  сөзіне  куә  болыпты. 

Ғ.Мүсірепов:  «Біз  ЦК  емеспіз,  біреуді  бір  орыннан  алып,  бір  орынға  қоя 

алмаймыз.  Жазушы  деген  халық  адамға  өз  жүрегінен  орын  береді.  Әр 

уақытта  менің  жүрегімнің  төрінен  орын  алатын  менің  ер  інім  Жұмабектің 

мынау  елге  келген  қадамы  сіздерге  құтты  болсын  деп  тілек  айтпақпын»,  – 

деген екен. Мақтау сөзге сараң заңғар жазушының ұлтжанды азаматқа берген 

бұл  бағасы  сан  мыңдаған  қазақтың  пікірі  деуге  болады.  Иә,  мансабымнан 

айырыламын деп ешкімнің алдында иілмеген, еменнің иір бұтағындай өзінің 

айқын  ұстанған  бағытынан  тайып  көрмеген  бірегей  тұлғаның  есімі  қазақ 



деген халық барда ешқашан ұмытылмақ емес.  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал