Ж. Батырларымызды бағалай білейік



жүктеу 20.92 Kb.

Дата09.06.2017
өлшемі20.92 Kb.

 

20.05.2015 ж. 

Батырларымызды бағалай білейік 

 

Марат ҚАЙСЕНОВ. 

 

Биыл  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына  70  жыл  толды.  Майданда  қыршынынан  қиылған 



отандастарымыздың саны орасан көп. Жаумен айқасып, батырлық көрсетіп қана қоймай, халқымыздың атын 

аңызға айналдырып, өзгелерді таңғалдырған қаһарман боздақтарымыз да жеткілікті. Бұрынғы одақтас елдер 

арасында  «Кеңес  Одағының  Батыры»  атағын  алу  жағынан  жүзден  аса  ұлттар  ішінде  қазақстандықтардың 

алтыншы  орында  тұруы  да  көп  дүниені  аңғартады.     Шығыс  өңіріндегі  түрлі  ұлт  өкілдерінен  құралып, 

майданға аттанған жауынгерлер арасында 1942 жылы ақпан айында өшпес ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының 

Батыры  атағын  алған  жерлесіміз  –  Төлеген  Тоқтаров.  Ол  Ұлан  ауданында  қарапайым  отбасында  дүниеге 

келіп,  жетімдік  пен  жоқшылықтың  бейнетін  көріп  өскен,  белі  қатар-қатпастан  өндірісте  еңбек  етіп,  өзін 

алдыңғы қатардан көрсете білген, өткір, шыншыл, отансүйгіш мінезімен абыройлы болған. Тоқтар майданға 

алынған  соң  әскери  дайындықтан  өтпей  жатып,  сегізінші  Панфилов  гвардиялық  дивизиясының  санын 

толықтыру қажеттілігіне орай, өз еркімен соғысқа аттанғаны тарихтан белгілі. 2010 жылы баспадан «Кеңес 

Одағының  Батыры  –  Төлеген  Тоқтаров»  атты  кітап  жарық  көрді.  Онда  Төлегеннің  шыққан  тегі,  ерліктері 

баяндалады.  Осы  кітапты  шығаруға  қолдау  көрсеткен  бұрынғы  облыс  басшысы,  қазіргі  Премьер-

Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевқа айтар алғысым шексіз. 

Ер  Төлегеннің  толық  өмірбаянын  халқына  паш  еткен  еңбектері  үшін 

бауырларым  Болатбек  Қапановқа,  Съездхан  Құдабаевқа  және  тағы 

басқа көмек көрсеткен азаматтарға да мың да бір алғыс айтамын. Қай 

халық болса да, батырын мақтан тұтқан, қастерлеп, төбесіне көтерген. 

Осы  орайда,  Төлеген  Тоқтаровтың  ерлігі  мәңгілік  есте  сақталып, 

ынтымағымызды  нығайтып,  ұрпақтарымызды  алға  жетелері  сөзсіз. 

Өкінішке  қарай,  қырғынды  жылдардан  алыстаған  сайын  ерлеріміздің 

есімі  көмескіленіп,  кейінгі  жылдары  ер  Тоқтардың  есімі  мереке-

жиындарда  аталмай,  батырдың  90  жылдығы  елеусіз  қалды.  Небәрі  21 

жасында шейіт болған Төлеген Тоқтаров сынды арысымыздың биыл 95 

жылдығы. Атамыздың 95 жылдығы Жеңістің 70 жылдығына сәйкес өз 

деңгейінде аталып өтсе деген ниеттеміз. Бұл ретте Шығыстан шыққан 

тұңғыш  Кеңес  Одағының  Батыры  Төлеген  Тоқтаровқа  облыс 

орталығындағы  батыр  атындағы  көшеде,  болмаса  саяжайлардың 

бірінде  көңілден  шығатындай  ескерткіш  бой  көтерсе,  халқымыз 

қуанышқа  бөленер  еді.  Ер  есімі  ескерусіз  қалмауы  тиіс.  Батыр  атына 

берілген көше шағын, бірнеше үйден ғана тұрады. Дұрысы, Өскеменнің 

жаңадан  салынып  жатқан  шағын  аудандарынан  үлкен  көшелердің 

біріне  батыр есімін  берсе де  артық  етпейді.  Төлегеннің  сүйегі  Мәскеу 

түбіндегі Бородино деревнясының маңайына жерленген. Сол ауылдың 

мектеп  оқушылары  батыр  зиратын  күтімге  алған.  Алайда,  ұзақ  уақыт 

бойы  біздің  өңірден  ешкім  барып,  гүл  шоқтарын  қоймаған.  Биыл  Жеңістің  70  жылдығы  аясында  облыс 

оқушыларын  Бородиноға  апарып,  батыр  рухына  тәу  етсе  деген  ұсынысымды  жеткізгім  келеді.  Ұлан 

ауданындағы  Донское  ауылында  Төлеген  Тоқтаров  атындағы  мектеп  бар.  Аталған  мектептің  алдына 

батырдың  кеуде  мүсінін  қойған  жөн  деп  санаймын.  Осы  мәселелерді  облыс  басшылығына  жеткізу 

мақсатында  өңір  басшыларының  қабылдауына  жазылдым.  Арнайы  ұсыныс  хат  жолдадым.  Облыстық 

тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Шай-

мардановтың 

айтуынша, 

облыс 

бойынша 


Т.Тоқтаровтың  атында  2  мектеп,  19  көше  бар 

екен. 


Жұмыспен 

қамту 


және 

әлеуметтік 

бағдарламаларды 

үйлестіру 

басқармасы 

басшысының  орынбасары  С.Ысқақова  Донское 

ауылындағы  мектеп  ұжымы,  мектептің  бұрынғы 

түлектері,  ауыл  тұрғындары,  Риддер  полиметалл 

зауыты және басқа да демеушілерді тарта отырып, 

аталған  мектеп  алдына  батырдың  кеуде  мүсінін 

қою жоспарланғанын жазып хат жіберді. Бұл істің 

жүзеге  асатыны  әзірге  белгісіз.  Ал  мәдениет, 

мұрағаттар 

және 


құжаттама 

басқармасы 

басшысының  міндетін  атқарушы  Р.Қайырсынов 

Өскемен  қаласы  әкімдігіне  тиісті  ұсыныстар 



жасалғанымен,  ескерткіш  орнатуға  қажетті  қаражат  мәселесінің  қарастырылмауына  байланысты  аталған 

ескерткішті орнату мәселесі бақылаудан алынғанын хабарлады. Мен Төлегеннің нағашысы болып келемін. 

Оның  шешесі  Жамал  –  әкеміз  Қайсаның  апайы.  Төлегеннің  туған  нағашысы  Қарымсақ  Сапаров  та  үлкен 

ерлік  көрсетіп,  Кеңес  Одағының  Батыры  атағына  ұсынылса  да,  оны  басқа  ұлт  өкілі  иемденіп  кеткен 

болатын. Төлегеннің артында ұрпақ қалмағандықтан, батырдың менен басқа іздеушісі жоқ. Өткен жылдары 

Шығыс  өңірінен  шыққан  Кеңес  Одағының  батырлары  аталған  баяндамада  ағамыздың  есімі  ескерілмей, 

көңілім ортайып қалып еді. Осы олқылықтың орны Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен қаһарман ұлымыздың 95 

жылдығына орай толса деген ниеттемін. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал