Ж арм аки н о лж абай Қ айкенұлы п авлодар 2005 о о ? / г с 3 О.Қ. Жармакин / / Ь п ав л о л ар



жүктеу 1.25 Mb.

бет1/10
Дата26.01.2017
өлшемі1.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

б 81.2Каз 
Ж31
С.
Қ А ЗА Қ С Т А Н   Р Е С П У Б Л И К А С Ы   Б ІЛ ІМ  Ж Ә Н Е  Ғ Ы Л Ы М  М И Н И С Т Р Л ІГ І
т о р а й ғ ы р о в
 
а т ы н д а ғ ы
 
п а в л
Щ
ағ
^
е м л е к е т
^
М ИНИ СТЕРСТВО 0 Б Р А 3 0 В А Н И Я  И НАУКИ  РЕСПУБЛИКЙ  КАЗАХСТАН  1
п а в л о д а р с к и й
 
г о с у д а р с т в е н н ь і й
 
у н и в е р с и т е
Л
и м
^
с і і т о р а й г ы р о в
^!
Ж арм аки н О лж абай Қ айкенұлы
П авлодар 2005

О  
о ?  / г с » 3
О.Қ.  Жармакин
/ / Ь
П ав л о л ар

УДК  811.512.122 
ББК  81.2  Каз. 
Ж-31
О.Қ.  Жармакин
Азамат  қадірі -   Павлодар,  2005  -  178  б. 
І8ВЫ -9965-612-53-0
Бұл жинаққа филология ғылымдарының кандидаты,  С.  Торай- 
ғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  университетінің  профессо- 
ры  Олжабай  Қайкенұлы  Жармакиннің  әр  жылдарда  жарық  көрген 
мақалалары  мен  «Қазіргі  казақ  тіліндегі  бүйрықты  сөйлем»  моно- 
графиясынан  үзінді,  сондай-ақ  автордың  өмірбаяндық  ақпаратты 
деректері  енгізілген.
Жинақ  көпшілік  оқырман  қауымға,  ең  алдымен  тіл  маманда- 
ры  мен  мүғалімдерге,  оқушы  жастарға  арналған.
ІЗВ И -9965-612-53-0

О.К. Жаомакин
АЛҒЫСӨЗ
¥лты м ы зды ң  ұлағаттылығы  оның  парасатты  да  парықты, 
білімді  де  білікті,  өрелі  де  өнерлі,  ұлықты  азаматтарының  игілікті 
істерінің  өміршеңділігіне  байланысты.
Өмір  мәніне  немқұрайлықпен  емес,  өзінің  де  тағдырына  жау- 
апкершілікпен  қарайтын  ар-ұят,  адамшылықтың  қуатымен  қару- 
ланған  пенде  ғана  адамзат  әлеміндегі  абзал  істердің  иесі  бола  ала- 
ды.  Көрегендіктің көрінісі ретінде руханияттықтың рахатын сіміріп,
әдемі  ғұмыр  кешіп,  жаисаң  жандар  жаныңда  жүргенде  өмір  мәні
V/
тереңдеи  тұседі.
Алдыңда  ұлылық  пен  даналықтың,  ізгілік  пен  білімділіктің 
шарайнасында  жол  көрсетер  сәулелі  ойы  бар  жандар  тұрғанда  гиб- 
ратты  мына  өмірге  ғашық  болмай  көр.
Осындай  жақсы  ойды  дарытар,  қуантып  айтқызар  сөздің 
иесі,  еселі  еңбегін  бағалар  азаматтың  бірі  -  Олжабай  Қайкенұлы 
Жармакин.
Үстаздық  — ұлы  іс.  Тумысынан  ұстаздық  қасиеті  бар  Олжа- 
бай  Қайкенұлы  бар  саналы  ғұмырын  ұрпаққа  білім  беру  ісіне  ар- 
нады.  Білімділіктің биігі сөз өнері, тіл өнері болса, Олжакең - ұлты- 
мыздың  ұлы  тілі  -  қазақ  тілінің  ескегін  еркін  ескен,  орыс  тілі  мен 
неміс  тілінде  сауатты  да  салмақты  тіл  қармаған  білікті  маман.  Тіл 
біліміндегі  салыстырмалы  әдісті  қолдана  отырып,  қазақ,  орыс, 
неміс  тіліндегі  тілдік  қолданыс  ерекшелігін  зерттеуде  сүбелі  істер 
атқарды.  Ана  тіліміздің  тағдырына  бір  азаматтай  өзекті  мәселе- 
лер  төңірегінде  ой  қозғап,  игілікті  бастамалар  бастауында  болды. 
Әсіресе,  Павлодар  облыстық  Тілдер  басқармасында  мемлекеттік 
тілдін  жан-жақты  қолданысқа  түсу  шарттарын  айқындауда,  оның 
жүзеге  асуында  іс  жүзінде  қызмет  жасады.  Ең  бастысы,  Олжабай 
Қайкенұлы  -   білікті  жетекші.  Павлодар  мемлекеттік  педагогика- 
лық институтында шетел тілдері  кафедрасының іргетасын  өз қолы-

мен  қалап,  25  жылдай  басқарып,  ауыл,  қала  мектептеріне  ғылыми
-  әдістемелік  біліктіліғі  жоғары  неміс тілі  мұғалімдерін дайындау- 
да алдына жан  салмады.  Өзіне де,  өзгеге де талап  қоя білетін,  атал- 
мыш  мамандықтың  қыр-сырын  меңгеруге  үлкен  ден  қоя  білген 
үлкен  жүректі  педагог.
Халық  ағарту  ісінің дамуына  және  жаңа технология  арнасын- 
да  білім  беру  ісінде  айрықша  еңбек  етіп  жүрген  Олжабай  Қайкенү- 
лы  Жармакин  шәкірттеріне,  облыс,  қала  ұстаздарына,  әріптестер- 
іне  дәріс  беріп,  ақыл  айтуын  еш  тоқтатпаған  адам.  Ол  -  әрқашанда 
іздену  үстінде  жүретін,  жаңашылдыққа  жаны  жақын  маман.
Олжабай  Қайкенұлы  Жармакин  -  облыс  көлемінде  өткізіліп 
жүрген  түрлі  мәдени  шаралардың  өз  деңгейінде  өтуіне  барынша 
ат  салысып,  өзі  соған  қоян-қолтық  қатысып  жүрген  қоғам  қайрат- 
кері.  Қоғамымыздың  өскелең  өміріне  қызыға  да  қуана  қарайтын, 
оның  өрлеу  жолына  өз  ізін  қалдырып  жүрген  азамат  ретінде  оны 
облыс  жүртшылығы  ризашылықпен  айтады.  Мәселен,  бүқаралық 
ақпарат  қүралдарында,  атап  айтсам,  теледидар,  радио  арналары 
мен  газет  беттерінде  өзінің  азаматтық  үнін  танытып  жүреді.
Өзі  жақсының  жақсы  жүрер  жанында  демекші,  Олжакең  за- 
манымыздың  игі  жақсыларымен  дәм-түздас,  әріптес,  түстас  бол- 
ды,  болып  та  жүр.  Атап  айтсақ,  Қазақстан  Республикасы  Мемле- 
кеттік  сыйлығының  лауреаты,  жазушы  Рамазан  Тоқтаров,  жазушы, 
аудармашы  Герольд  Бельгер,  профессор  Мұхтар  Ғалиүлы  Арын, 
Жамал Қуанышбаева, Ильфа Ілиясқызы Жансүгірова сияқты ғалым- 
дармен  үзеңгілес  еңбек  етіп,  әдебиет,  мәдениет,  ғылым  әлемінде 
ойлары  түтасқан  сәттер  қаншама!
Поэзия  падишасына  қүрметпен  қарайтын,  көңіл  күйін  жүрек- 
тен  тербей  білетін,  өлеңге  икемі  бар  Олжабай  ағамыздың  бүл  өнері 
бір  төбе.
Аталмыш  ғылыми-публиңистикалық  жинақта  Олжабай  Қай- 
кенүлының  әр  жылдардың  әр  сәтінде  қаламынан  туған  дүниелері
Азамат  кадіпі
 
__________________________________________________
4

үсычылып  отыр.  Азаматтың  өмірдегі  козқарасы,  ой  -   толғамы, 
білімі  мен  адами  өлшемі  осы  еңбектерінің  реңімен  танылады  де- 
ген  ойдамыз.
Иә,  желкені  кең  жүлдызды  омірмен  шағылысқан  70  жас  - 
ғалымның  кемел  шағы.  Елу жылдай  елі  мен  жерін  ерекше  қадірлеп, 
үлттық  педагогиканың  қүндылығын  айрықша  бағалап,  ақиқатқа 
адалдықпен  қарайтын,  әр  іске  ақ  ниетпен  кірісе  кететін  абзал  аға 
Олжабай  Қайкенүлының  денсаулығына  қуат,  көңіліне  куаныш 
тілейміз.  Егеменді  ел  еңсесіне  сіңірер  еңбегі  телегей  теңіз  болғай!
С.  Торайгыров атындагы 
ПМУректоры, э.г.д., 
профессор
— ------ -
Е. Арып

Азамат  кадірі
АЛҒЫСЫМ  МЫҢ...
Жеті айда жарыққа мен асығыппын, 
Жетпіске де келіппін асығыс тым.
Қарадан хан көтерген, білім орда, 
Баршаңызға арналған алғысым мың.
Ақыл, қайрат, білімді өзгелерден,
Кісілікті  жинадым  бәріңізден:
Шәкірттерге таратып беру үшін,
Жарғақ құлақ жастыққа тигізбеп ем.
«Азамат» 
деп, «¥стаз» деп әдейі арнап, 
Жатырсыздар, Ереке, думан бастап. 
Мерейлерің әрқашан үстем болып, 
¥л-қыздарың қуантсын гүл-гүл жайнап!
Автор Петербургте оқуда
6

БҮКІЛ Ғ¥М Ы Р ЖӘНЕ  БІР  СӘТ
Елу жылдай  елі  мен  жерін  ерекше  қадірлеп,  ұлттық педагоги- 
каның құндылығын айырықша бағалап, оның діліміздің өміршеңдігін 
айқындаудағы  алатын  ғылыми  және  табиғи  орнын  саралауда  тия- 
нақты  қызмет  көрсетіп,  құнды  туындыларымен  дараланған  ұстаз, 
неміс  тілінің  маманы,  филология  ғылымының  кандидаты,  доңент, 
профессор  Олжабай  Қайкенұлы  Жармакин  2005  жылғы  қаңтардың 
28-ші  жұлдызында  70  жасқа  толды.
Ғалымның  кемел  шағын  құттықтап,  оның  өмірнамасын  қалың 
көпшілікке  тағы  бір  таныстыру  мақсатында  Қазақстан  журналис- 
тер  одағы  сыйлығының  иегері,  Кеңес  Одагы  теледидары  мен  ра- 
диосы  ұздігі  белгісінің  иегері,  ардагер  ж урналист  Ж ұмасейіт 
Қоғабайұлы  Бижан  сұхбаттасқан  еді.
Жумасейіт Бижан: Олжабай Қайкенұлы, қазақтың арғы дәуі- 
рінен бері келе жатқан, -  «Қыдыр дарып,  бақ қонған!»,  - деген киелі 
сөз  бар.  Сіздердің  әулеттеріңіз  жасаған  өмір  деректерге  зер  салып, 
терең  ойлаған  адам  осы  ұғымның  түйінделу  ізіне  түсер  еді.  «Жеті 
атасын  білмеген  -   жетесіздік  салдары»,  -  дейтін  сөздің  бүгінгі  сал- 
мағына  шыдамай,  ұмытқанына  назаланып,  оны  есінен  шығаруға 
мәжбүр  еткен  кезеңге  жирене  қарап,  тектіліктің  қайнар  көзін  табу- 
дың  қамын  жасауға  кірісетін  болар  деп  ойлаймын.
Оюісабай  Қайкенулы:  Сіздің  айтып  отырғаныңыз  ата-баба 
дәстүрі  біздің  бәріміздің  өміртануымыздың  бастауы  екендігін  айқ- 
ындау  деп  түсініп  отырмын.  Әр  әулет  өзінің  жеті  атасын  ұмыт- 
пауы  нәрестенің  құрсақтағы  шағынан  бастап  шымыр  болып  өсуі- 
не  жол  ашады.  Бүл  жаратылыс.  Бүлақтың  қайнар  көзі  бітелсе,  сол 
өңір  қүрғап  қалады.  Сусыз  жер  көгермейді.  Сол  сияқты  жеті  ата- 
ның  қаны  бүзылса,  өсіп-өну  қүлдырайды.  Жаратылысты  бүзуға 
болмайтынын  өмір  тәжірибесі  көрсетіп  келеді.

I
Азамат  кадірі
Бұрынғы  Кеңес  Одағы  тұсындағы  Компартияның  «Кеңестік 
халық  жасаймыз»,  -  деген  теріс  ағынды,  тегеуірінді  саясаты  да  жа- 
ратылысты  бұза  алмады.  Мұндай  кесірлі  қимыл  Одақтың  құрамын- 
дағы  барлық  республикаларда  ұлттық  салт-дәстүрге  тосқауыл  бола 
алмады.  Оны  қазіргі  тәуелсіздік  жолына  тұскен  республикалардың 
мемлекеттіліктерін сәйкестендірудегі ішкі және сыртқы саясат амал-
дарынан  көру  қиын  емес.
Қазақ халқы  ұдайы  жеті  ата дәстүрінен  нәр  алып  келеді.  Жеті
атаны  тарату  арқылы  елінің,  жерінің  қорғаны  болған,  ел-жүрты- 
ның  ырзығын  сақтап,  дәулетін  еселеуге  қам-қарекет  жасаған  аза- 
маттардың  іс-әрекеттері,  өмір  сүру  тәжірибелері  айқындалатыны
да  өмір  ақиқаты.
Әкемнің  айтқан  өмір  дамуымыздан  аңғарып,  кейін  есейіп, 
дүние  таныған  шақтардан  бері  байқағанымда  біздің  әулеттің  де 
басқа  қазақ  әулеттерінен  өзгешелігі  жоқтығы.  Етегін  шеңгел  сы- 
дырып,  талпыныс  жасап,  өмірдің  қиын-қиын  кезеңдерінен  сабақ 
алып  өскен  қазақ  ұрпақтарының  бірі.  Айтайын  дегенім:  «Адамды 
төзімдікке  жеткізетін  еңбек!»,  -  деп  білемін.
Біздің  әулеттің  жеті  атасы  былайша  тараған:  «Қанжығалы 
ішінде  Ескене,  Ескенеден  Жаназар,  Жаназардан  Сартбай,  Сартбай- 
дан  Бердәлі,  Бердәліден  Байжігіт,  Байжігіттен  Жармақа  (Жармаған- 
бет),  Жармақадан  Қайкен  (Қайыркен),  Қайкеннен  Олжабай,  Мұрат- 
хан,  Болатхан».  Әкемізден  Дана  және  Үміт  деген  қыздар  туды.
Әкем Қайкен Ақкөл жайылмасы дейтін өңірде (бүрынғы «Ақкөл» 
совхозы)  1905  жылы  сәуірдің  жиырмасы  күні  туьпггы.
Бұл  жер  мынадай  географиялық  ерекшеліктерге  орай  Ақкөл 
жайылма  деп  аталған.  Қарағанды  өңіріндегі  Нияз  тауының  шығыс 
сілеміндегі  бүлақтардан  басталатын  қазіргі  Павлодар  облысының 
төменгі  ағысындағы  Шідерті  және  Ереймен  тауынан  басталатын 
Өлеңті  өзендері  жазғытүрым  тасыған  кезде  су  мол  жайылатын.  Бұл 
өңірдің  табиғи  байлығын  ғалымдар  1913  жылдан  1962  жылға  дейін
8

О.К. Жармакип
жеіі  рет зерттеген. Солардың мәліметіне қарағанда Шідерті өзенінің 
біздін  алқаптағы  ұзындығы  506  шақырым  болатындығы  айқындал- 
ған.  Су  жайылғанда  15  мың  шаршы  метрге  жеткен.
Шідерті  -  артизиян  алабы.  Шідерті,  Өлеңті  өзендерінің  алап- 
тарындағы  жер  асты  сулы  өңір.  Су  девон-карбон  мульдаларын 
құрайтын,  жалпы  қалыңдығы  50-90  метрдей  әк  тас,  құм  тас,  тақта 
тастардың  жарықшаларында.  Олар  шетінде  30-50  метр,  ал  орта- 
лықта  130-150  метрге  дейін  тереңдікте  кездеседі.  Бұл  алап  Нияз, 
Ереймен  тауларынан  басталатын  өзендерден,  көктем  мен  кұзде 
жылғалар  мен  сайларға  жиналатын  сулардан  қоректенеді.
Мұнда бұрғыланған  жеке  скважиналардың тәуліктік  өнімі  50- 
850  текше  метр.  Сонымен  қатар,  тәуліктік  өнімі  12  мың текше  мет- 
рдей  бұлақтар  бар  екендігі  белгілі  болған.  Олардың  суы  елді  ауыз 
суымен  қамтамасыз  еткен.  (Қазақ  Совет  энңиклопедиясы).
Өлеңті озенінің суы жайылғанда осы өңірдегі Әулиекөл, Бәсен- 
тиын,  Бозайғыр,  Сасықкөл,  Ащыкол,  Көктөбе,  Өмірзақ,  Тоққұлы 
(су  жайылмағандықтан  қазір  құрғап  қалған),  Қылдыкөл  (бұл  көл  де 
қазір сусыз) сияқты тогыз көлге құйылған.  Құстар ұя салып,  көлінде 
балығы  тулаған  өлке  «Ақкөл  жайылма»  деп  аталған.
Өлеңті  өзенін  көргенде:  Тоқтап  еш  нәрсе  айтпай,  ұндемей
қалыпты.

Неге  үндемейсіз  дегенде,  -  Өлеңтінің  суы  май,  Шідертінің 
шөбі  май,  -  деп  өлеңдете  жөнелген,  -  Асанқайгы  таныған  өлкедегі 
Әулиекөлдің  жагасына  Титә  әулие,  Бозайғыр  көлінің  ығына  Жеңіс 
әулие,  Қылдыкөлдің  жағасына  Исабек  ишандай  дарынды  адамдар 
келіп,  мекендеп,  жер  қадірін  бағалай  білуде  өнеге  көрсеткен.
Жеті  атаның  үлкені  Ескененің  қырық  нарға  артатын  қазына- 
сы  болмағанымен,  ата-қонысында  айдалып  жайылатын  мал  өсіріп, 
дала кәсібін игеріп, аң аулап, нарық тәсілін игеріпті. Ал оның кейінгі 
үрпақтары  заман  өзгерісіне  қарай  әртүрлі  кәсіппен  айналысып, 
қарапайым тіршілік қамын жасаған. Жармақаның әкесі Байжігіт орта
9

Азамат кадіпі
шаруа  болғанымен,  хандық  биліктің  құлдырай  бастаған  тұсында 
оның  Жармақаға  қалған  мұлкі  жұпыны  болған.  Әкем  Қайкен  Жар- 
мақаны ң  кедейленген  кезінде  туы пты .  Ж арм ақа  ж алш ы лы кта 
жүрген.  Кеңес  Өкіметі  келгенде  әкем Қайкен  12 жаста екен.  Ол  кез- 
де  шағын  ауылдардың  түрмыс  тіршілігі  төмендей  түскен.  «Кедей- 
ге  жанашыр  боламыз!»,  -  деген  Кеңестің  алғашқы  үранын  менің 
замандастарым  жақсы  біледі.  Қазақстанға  Кеңес  Өкіметі  орнаған 
алғашқы  жылдары  кедейлер  комитеті  ашылып,  белсенді  жүмыс 
істеді.  Оған  ширақ,  еті  тірі  ауыл  азаматтарын  мүшелікке  қабылда- 
ған.  Бүл  комитет  Кеңестің  үжымдастыру  саясатын  жүзеге  асыруға 
жүмыла  кірісті.  Күн  көрісі  төмен  кедейлерге  ұжым  ерекше  ілтипат- 
пен  қарады.  Ауыл  түрғындарының  басым  көпшілігі  осы  үйымның 
қанаты  астында  сая  тапты.  Әкем  осы  үйымның  белсенді  мүшесі 
болыпты.  Оның  жаратылысынан  дарыған  бойындағы  елкезектігі, 
кішіпейілдігі,  ақкөңілділігі,  шыншылдығы,  жинақылығы,  әділдігі 
жаңа  Кеңестік  қоғамның  әділетті  тұстарын  қалың  көпшілікке  жет- 
кізуге ықпал еткен. Әкеміздің кісілігінен туған ауылының, ел-жұрты- 
ның мерейі үстемеленген. Сөйтіп, Қайкен Жармакин жоғары биліктің 
назарына  түседі.  Аудан  басшылары  оған  ауылнай  болуды  ұсына- 
ды.  Бүдан  бір-екі  жылдан  кейін,  1923-1924  жылдары  оны  мал  ша- 
руашылығын  дамыту  жұмысына  жібереді.
1929-1932  жылдар  аралығында  Қайкен  Жармақаұлы  сауын 
гүртінің меңгерушісі  болып  қызмет етті.  Қазақстанда Голощекиннің 
арамза  пыйғылынан  туындаған  ашаршылық  түсында  1932  жылы 
Ново-тройцкіде,  одан  кейін  Мулявко  (кейін  Чкалов  атанған,  қазіргі 
Серікбай Мүткенов атындағы ауыл) совхозының екінші фермасында 
осы  кызметін  жалғастырыпты.
Ел  басына  күн  туып,  ат  ауыздықпен  су  ішкен  заманда,  атап 
айтқанда,  1937  жылы  ауылдың  от  ауызды,  орақ  тілді,  парасатты 
азаматтары,  әкемнің  жерлестері  қас  қағымда  «халық  жауы»  ата- 
нып,  НКВД-і  жендеттерінің  қүрсауына  түсіпті.  Солардың  ішінде
ю

макин
ағайын  арасында  тонның  ішкі  бауындай,  қабысып  жүретін  досы 
Әбйхалыққа  жала  жапсырылды.  Адал  дос,  аптал  азамат  ел-жүрты 
мен,  отбасымен  қоштаса  алмай,  бір  түнде  түрмеге  түсіпті.  Отанын 
бар  пейілімен  сүйген  осындай  ардақты  азаматтың  өмірі  қапаста 
болғаны  әкемнің  қабырғасын  қайыстырған  екен.  Мүны  ол  өмірінің 
соңғы  кезінде  жяі  еске  алушы  еді.  Өзінің  атын  мәңгілік  қалдыруға 
қарсы  болар  деген  азаматтардың  көзін  жою  үшін  жасалған  бүл 
зүлматты  бүркелемеп,  қалың  қауымга  сездірмеудің тәсілдері  де  тез 
ойластырылып  отырылған.  Кесірлі  ойдан  пайда  болған  осындай 
«халық  жауларының»  көпшілігі  қазір  ақталды.
Басқару  жүйесін  жетілдіру  мақсатында  совхоздарда  саяси 
бөлімдер  ашылған  екен.  Оның  жүмысына  кедейден  шыққан  адам- 
дар  іріктеліпті.  Әкемнің  омірбаяны  осы  талапқа  сай  болғандықтан 
болар,  оны  «Мулявко»  совхозындағы  жүмысшылар  комитетінің 
төрағасы  етіп  сайлаған.  Бүл түста  аталған  шаруашылық  Ертіс  ауда- 
нының  қүрамында  болатын.  Әкемнің  кісілігін  ел-жүрты  жогары 
бағалап  жүргендігі  байқалады.  Бертінде  маған  ол  Абайдың:  «До- 
сыңа  достық  қарыз  іс,  дүшпаныңа  әділ  бол»,  -  дейтін  сөзін  жиі  ай- 
татын.  Онысына  қарап,  бүл  үлағатты  сөз  кешегі  ел-жүрттың  қаба- 
ғынан  қар  жауып,  кірпігіне  мүз  қатқан  кеселі  зор  заманда,  көпке 
кесірін  тигізбей,  биліктің  қойған  талабы н  бабам ы зды ң  салт-
дәстүрінен  ауытқымаи  астарлы  атқарған  қызметтеріне  ораи  кел-
гендігінен  оиына  оралатындығын  аңғардым.
1939  жылы  Ертіс  аудандык  атқару  комитеті  торағасының 
орынбасары  етіп  тағайындалуы  осы  ойымның  бір  дәлелі  болар 
деймін  кейде  өзіме  өзім.  Бір  жарым  жылдан  соң,  1941-1943  жылда- 
ры  Каганович  (бүрынғы  Ермак,  қазіргі  Ақсу)  ауданы  атқару  коми- 
тетінің  төрағасы  болып  тағайындалған.  Одан  кейін  Қашыр  аудан- 
дық  атқару  комитеті  төрағасының  орынбасары,  Бесқарағай  ауда- 
нында  (бертінде  бүрынғы  Семей  облысының  аумағына  қаратыл- 
ды)  жер  бөлімінің  (земельный  отдел)  меңгерушісі,  1945-1947  жылы
п

А шмат  кадірі
қайтадан  Қашыр  ауданында  аудандык  жер  бөлімінің  меңгерушісі, 
Куйбышев  ауданында  (бұрынғы  Краснокутск,  казіргі  А ктоғай) 
аудандық  партия  комитетінде  жауапты  кызметтерді  атқарды.  Крас- 
нокутск  ауданына  қарасты  Жаңа-бет  колхозының  бастығы  болды. 
Краснокутск  ауданының  Октябрьдің  25  жылдығы  атындағы тәжіри- 
бе  шаруашылығында  (казіргі  Әуелбек  ауылында)  ауылдық  кеңестін 
төрағасы  қызметінде  жүріп,  зейнеткерлікке  шықты.  Бірақ  үйде  қол 
қусырып,  бос  отырган  жоқ.  Бүрында  ауыл  өмірі  жайында  аудан- 
дық  газетке  макалаларды  жиі  жазатын.  Сол  кәсібін  зейнеткерлікке 
шыққаннан  кейін  де  үзбей  жалғастырды.  Әкем  өлең  де  жазатын. 
Менің  туған  күніме  жазған  арнауын  сақтап  жүрмін.
Туған күнге қүттықтау
Жыл еді мың тоғыз жүз отыз бестің,
Қызығы есімде әлі сол бір кештің.
Күн еді январдың ясиырма сегіз,
Бас қосқан «Чкаловта» қүрбы-достым.
Қазақша қаңтар айы жүддыз басы,
Тілейді бала өмірін ата-анасы.
Олжабай сол күн туған түңғыш еді,
Қырыққа бүгін толып келген жасы.
Түсінер тыңдаушылар енді жайды,
Түнғыш деп таныстырдым Олжабайды.
Сүйікті келін балам, үш немерем,
Ата-анаң, туыстарың қүттыктайды.
Атқардың аманатын ата-анаңның,
Үғынып көп жыл оқып, білім алды.
Білім бер жас үрпаққа, болашаққа,
Үлес қос игі ісіне Үлы Отанның.
Макал бар кырық жасты дер «жолбарыс»,
Біліммен ел аралап болдың таныс.
Еңбек ет заманалық қүрылысқа,
Бағалап, елің-жүртың берсін алғыс.
Мадақтар ата-жүртын қадірлі  ерді,
Қүрметтей білгенің жөн туған елді.
Күніңді сені туған еске алып,
Ата-анаң жыр жолымен сыйлық берді.
12

Ақ ниет, адал болсын жолдастарың,
\   Сақталсын санаменен қасиет-арың.
Қарсы алсын құрметпенен мейірімді,
Мейман боп келгендерді үйде жарың.
Олжабай орталықтың көрдің бәрін,
Байсалды атқара біл қызмет бабын.
Әкелік амайатым, саған балам,
Үлгі алсын өз жольщнан Болатханым.
Ата-анаң құттықтайды туған күнмен,
Күн еді бүл қызық күтіп жүрген.
Игі істе ғалымдығың арта берсін,
Бақытты жаса өмір үрпағыңмен.
Жас жетіп, өмір жолын кештің бастан,
Үядан үлгі жолмен өстің жастан.
Бакытпен сүрінбей жет елу жасқа,
Жаза алмас әкең бірақ оған дастан.
Күтуші ем мен асығып қаңтар айын,
Санамда бақыт айы әр жыл сайын.
Атынан анаңменен балалардың,
Жаса деп үзақ өмір қүттықтаймын!
Жармакип Қайыркен 
28 яиварь  1975 жыл
Жумасейіт  Бижан:  «Әйел  -  отбасы,  азаматтыц  тірегі,  алтын 
қазығы»,  -  деген  үғымдар тәрбиеге  нүскайтын  ойлардан  туған  пікрлер 
ғой.  Әулеттеріңіздің бүл  ретгегі  дәстүрі  қандай?
Олжабай  Қайкенулы:  Әкемнің  отбасының  алтын  қазығы 
шешесі  Рәзия  болған  екен.  Әжем  сабырлы,  өміртанымы  ауқымды, 
ақылды адам болыпты. Әкемнің әжем ақылына ден қоятынына қара- 
ғанда  атам  Жармақа  да  Рәзия  әжемнің  қас  қабағына  қараған  шы-
ғар  деп  топшылаймын.
Әжем  Рәзияның  әкеме:  «Балам  сенің  үйден  шығарда,  басқа 
жерге  сапарға  аттанарда  бәрімізбен  қоштасу  әдетіңе  қарағанда 
айналаң  бүлыңғыр-ау,  шамасы»,  -  дейтіні  мені  катты  толғандыра- 
тын.  Қария  ана  неден  күдіктенеді  деп  ойлайтынмын  балдеурен, 
балғын шағымда.  Есейіп, ер жеткенде мүның бәріне түсіндім.  Ашар-
13

Лзимат кадірі
лық  кезінде  аш  адамның  қолына  түсіп  қалсам,  сталиндік  кесапат 
кезінде  нақақтан  жабылатын  жалаға  душар  болсам,  қаһарлы  соғыс 
жылдарында  соғысқа  аттанып  кетсем,  отбасыммен  қоштаса  алмай 
қалармын  деп,  -  «Сақтықта  қорлық  жоқ»,  -  деген  халық  сөзіне 
сүйенгені  екен.
-  Бірде  Әже!  -  дедім  әжеме. 
Щ Ш  • . . Щ ’*ЦУ§ЙІ№«...
-  Өне,  қалқам!  -  деді  әжем  даусы  қарлығып.
-  Даусыңыз  неге  қарлықты  әже,  бірдеңеден  шошыдыңыз  ба,- 
дедім. 
,**
1  И ә ...ә ...ә ,  -  деп  жайлана  қалды  ол.
-  Мен  үнсіз  қалдым.
і  Неге  үндемейсің,  ойыңды  іркіп  алып  қалма,  ештеңеден  жас- 
қанбайтын  бол?  -   деп  менің  жігерімді  қайрады  әжем.
-  Ер  азамат  әйелден  қорқа  ма  екен,  неге  әкем  сенің  сөзіңді 
тыңдайды?  -   дедім,  әжемнің  қайрағанынан  демеу  алған  мен.
-  Балам,  «Баласы  атқа  шапқанда,  үйдегі  анасы  неге  тақымын 
қысып  отырады.  Менің  үлым  Қайкен  осыны  мәңгі  зердесіне  үстап 
жүретін  мейірімді  жан.  Үйде  отырып,  даланы  топшылағанымызбен 
заман  қилы-қилы,  оның  бүлтарыстарын  үйдегі  әжең  қайдан  аңғар- 
сын,  соны  білген  Қайкенжан  менің  тілеуімнен  дауа  алып  жүреді. 
Анасы  бар  адамның  осындай  қүдіреті  болады,  шырағым,  -  деді  ол.
-  Ә ...  ә .-.ә ,  бір  үйде  он  үш  жанды  сіз  асыра  деп  айтқасын, 
асырап  жүрген  шығар,  -  деп  ойласам,  жан  біткеннің  бәріне  бірдей 
жүмыс  табыла  бермейтінін  әкем  өзі  көріп,  біліп  жүргендіктен  бо- 
лар-ау,  -  деген  ойды  ішіме  түйдім.
-  Неге  үнсіз  қалдың?  -   деді  әжем  маған  тура  қарап.
-  Әкемнің  Рақия  тәтем  мен  Егеубай  жездеме  және  Қызқан 
тәтем  мен  Әділбек  жездеме  пана  болып  жүргені,  шарасызды  көлең- 
кесімен  қорғап  жүргені  екен  ғой,  |  дедім  әжеме.
Әжемнің  екі  беті  қызарып,  шаттана  түскені  әлі  күнге  дейін 
көз  алдымда.
14

Жумасейіт  Бижан:  Әжеңіздің  қанатының  аясында  жүрген 
отбасы  жандарының  ішінде  сіздің  анаңыз  елеусіз  қалған  жоқ  па?
Олжабай  Қайкенулы:  Отбасының  осындай  дәстүріне  қарап, 
бөтен  адам  осылай  ойлап  қалуы  да  мүмкін.  Бірақ,  «Қап  түбінде  біз 
жатпас»,  -  деген  сөзді  қазақ  тегіннен-тегін  айтпаса  керек.  Анам 
Дәметкенді  әкесі  Сүйіндік  Жаңыл,  Дәметкен,  Қыздан  деген  үш 
қызының  арасынан  ерекше  дара  санап:  «Дүниемнің  төрт  бүрышын 
түгел үстайтын ақылдым», - деп бағалаған екен. Суырып салма өлең- 
дері  бар  еді.  Жарасымды  әзілі  болатын,  тосын  оқиғаларды  әзілге 
айналдырып,  қиыннан  қисын  таба  білетін  жан  еді.  Әжемізге,  әкем- 
ізге тура айта алмайтын үсыныстарымызды анам Дәметкен жеткізіп, 
тілегенімізді  орындап  беретін.  Ана  болу  арудың  жарасымы  дейтін 
үғым  бар  ғой  халқымызда.  Анамыз  14  қүрсақ  көтерген.  Олардың 
бесеуі  тірі  қалып,  ата-ана  өмірін  жалғастырып  жүр.
Ата  сақал  аузымызға  біткен,  қазіргі  шағымда  ойланып,  толғ- 
анып  жүргенде,  көзі  тірі  кезінде  анамыздың  қадірін  біле  білдік  пе,
%
 |
ана  сүтін  ақтай  алдық  па,  балалық  шағымызда  сырласып  отыра 
алдық  па?  -  деп  өткен  күнді  саралап  жүретін  болдық.
Жумасейіт  Бижан:  Әулеттеріңіздің өміртаным дәстүрін  сақ- 
тап  жүрміз деп  айта  аласыз  ба?  Меніңше,  бүл  сауалға  иә,  -  деп  жа- 
уап  қайтарған  жаннан  артық  бақытты  адам  жок  деп  ойлаймын.
Олжабай  Қайкещлы:  Бүған  жауапты  мен  айтпай  өзіңіз  си- 
яқты  сырт  адам  айтса,  біздің  үстаным  ата-ана  дәстүріне  сай  келғен 
екен-ау  дейміз  ғой.  Менің  өмірбаяным  былай  басталды.  1935  жы- 
лғы  қаңтардың  28-і  күні  қазіргі  Естай  ауылында  (бүрынғы  Чкалов 
совхозының  үшінші  фермасы)  кәдімгі  нәрестелердей  анам  Дәмет- 
кеннің  қүрсағынан  бөлініп,  мен  де  шырылдап  жерге  түсіппін. 
Сәбилік  шағым  репрессияның  зардабы  түсында  өтті.  Қүрдастарым-
н ы ң   КӨПШ1Л1ГШ1Ң  т і р ш і л і г і н д е и   м е н   д е   т а р ш ы л ы қ т ы ң ,   а з ы қ - т ү л і к
тапшылығының  қүрсауында болдым.  Бір уыс  бидай, тары  үшін  сот- 
талып  жатқан  шақта  біздің  үйге  молшылық  қайдан  келсін.  Балалық
15

шағым  1941-1945  жылдарғы  Отан  соғысымен  тұспа-тұс  келді.  Ел- 
дегі  барлық  отбасылары  сияқты  менің  ата-анам  да  барын  бала-ша- 
ғаның  аузынан  жырып,  майданға  жөнелтіп  отырды.  Бұл  кезеңде  де 
жылтырағын  киім  кие  алмадық.  Әрине,  үйімізде  нан  бірде  болып, 
бірде  болмай  қалған  күндерді  бастан  кешсек те,  асқар тау әкеміздің 
арқасында  аш-жалаңаш  болған  жоқпыз.  Мектепке  барып,  ер  жете 
бастаған  кезімде  де  молшылықтың  қүдіретін  көрген  жоқпыз.
Ол  кезде  Краснокутск  селосында  түрдық.  Аудан  орталығын- 
да  орта  мектеп  жоқ  еді.  Біз  түрған  аудан  орталығынан  жеті  шақы- 
рым  жердегі  «Рассвет»  (Қазіргі  Қожамжар  ауылы)  колхозында  Ста- 
лин  атындағы  орта  мектеп  болды.  Сонда  7-8-9-кластарды  оқыдым. 
Мектептің  жанындағы  интернатта  жаттық.  Сенбі,  жексенбі  күндері 
үйге  келетінбіз.  Дүние-мүлкі  бар  адамдар  балаларына  велосипед 
әперетін.  Велосипеді  бар  балалар  біз  жаяу  келе  жатқанда  жаны- 
мыздан  зымырап  өтетін.  Олар  шаттанып,  күліп  өткенде  басымды 
жоғары  көтере  алмай,  төмен  қарап  қалатынмын.
Кейін  бұл  орта  мектеп  Куйбышев  ауданының  орталығына 
көшіріліп,  жүрт  қатарлы  үйімізде  болып,  білім  алдық.  1952  жылы 
аудандық  осы  орта  мектептің  алғашқы  түлегі  атандық.  Оныншы 
класты  А қы лбек  Ерғалиев  (м арқүм )  екеум із  күміс  медальмен 
бітірдік.  Біздің  көпшілігімізге  Алматы арман  қала  болды.  Алматыға 
барып  жоғары  білім  алуды  армандадық.  Жастық  шағымыздағы  ал- 
ғашқы  арманымыз  орындалды.  Ақылбек  Қазақ  педагогикалық  ин- 
ститутының  физика-математикалық  екі  жылдық  мүғалімдік  бөлімін 
үздік бітіріп,  Ново-тройңк орта  мектебінде  мұғалім  болды.  Он жыл- 
дықты  бітірген  он  алты  баланың  жартысынан  көбі  жоғары  білім 
алды.  Солардың  ішінде  Жүкен  Марденов  екеуміз  Алматы  қаласын- 
дағы  шет  тілдер  педагогикалық  институтына  түстік.  Жүкен  Баймү- 
қамбетүлы  Қазақстан  Қауіпсіздік  комитетінің  төрағасы  қызметіне 
дейін  көтеріліп,  ел тәуелсіздігін  қорғауда  өз  үлесін  мол  қосқан  аза- 
маттар  қатарында  келеді.  Ал  бізбен  бірге  мектеп  бітірген  Гүлжа-
16

О.К. Жармакин
мал  (Үніш)  Алматы  медициналық  институтына,  Қайыржан  Қасе- 
нов  (марқұм)  Киров  атындағы  мемлекеттік  университетінің  физи- 
ка-математика  факультетінің  физика  бөліміне,  Мұрат  Қабдырахма- 
нов  Алматы  ауыл  шаруашылығы  институтының  зоотехникалық 
факультетіне  оқуға  түсіп,  ойдағыдай  бітіріп  шығып  елеулі  қызмет 
атқарды.  М үрат  Үсейінов  Семей  педагоғикалық  институтының 
қазақ  тілі  және  әдебиеті  факультетін  сырттай  үздік  бітіріп,  үзақ 
жылдар  бойы  үстаз  болып,  зейнеткерлікке  шықты.
Ж ум асей іт   Б иж ан:  С ту д ен ттік  ш ақтары ңы зды   еске 
түсірейік.
Олжабай  Қайкенулы:  Ойласам,  алаңсыз  қызық  мол  жылдар 
еске  түседі.  Павлодар  қаласындағы  Абай  атындағы  он  жылдық 
мектептің  түлегі  Рамазан  Тоқтаров  Алматы  шет  тілдер  педагогика- 
лық  институтында  бізден  бір  күрс  төмен,  француз  факультетінде 
оқыды.  Дүниеге  көзқарасымыз  бірдей  болды.  Сыйлас,  сырлас, 
қимас  дос  едік.  «Абайдың  жүмбағы»  романын  үқыптап  жазып, 
бітіріп, Қазақстан мемлекеттік сыйлығына үсынылғанын естіп, бірақ, 
сыйлыққа  ие  болғанын  көре  алмай  көз  жүмған  ардақты  жазушы- 
нын  адамгершілігін  ерекше  бағалаймын.  Бүл  оның  оныншы  рома- 
ны  еді.  Он  бірінші  «Бітеу  жара»  романын  ауруханада  ауырып  жа- 
тып  жазып  бітірген  болатын.  Оның досқа  шексіз  адалдығына  қызы- 
ғатынмын.  Рамазан  бір  күні:  «Олжеке,  достығымыздың  мәңгілік 
белгісі  болсын  деп,  Майқайын  кен  байыту  кенішінің  тарихы  тура- 
лы  жазып  жатқан  «Жердің  үлгісі»  деген  романымдағы  бас  кейіпкер 
инженердің  фамилиясын  Жармакин  деп  аламын»,  -  дегенде  төбем 
көкке  жеткендей  қуандым.  Бұл  өмірдегі  бақыт  деген  осындай  бо- 
лар  деп  ойлағаным  да  рас.
Студенттік  шақтың  ұмытылмай,  ғүмырымның  серігіндей,  ой 
"сергітер  белгі  болып  келе  жаткан  т^ғы  бір  түеы  елімізге  танымал, 
белгілі  ғалым  Мүхтар  Ғалиүлы  Арыновпен (Арын) бірге  өткен  жас- 
тык  шағым.  Ол  Алматы  шет  тілдер  педагогикалық  институтьгйың


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал