«Изумрудный» демалу-сауықтыру кешені



жүктеу 70.47 Kb.

Дата09.04.2017
өлшемі70.47 Kb.

ҚҚ

азақстандағы демалыс орындары: 

       


«Изумрудный Алтай» 

       


«Изумрудный» 

-демалу-сауықтыру кешені 

              Таулы Үлбі табиғат мүйісінде орналасқан «Изумурдный» кешені шынымын де 

ғажайып демалыс орыны. Бұл орын ең алдымен өзінің сауықтыру, емдеу тәсілдерімен елге 

танымал. Атап айтсақ: 

 

•  Толыққанды денсаулыққа пайдалы тамақтандыру 



•  Парафино-озокеритотерапия 

•  Су процедуралары 

•  Фито және аромотерапия 

•  Массаж жасаудың әр түрі 

•  Фитнес-кешендер 

              Сонымен қатар қонақтардың арасында әсіресе емдеу-алдын-алу бағдарламалары 

кеңінен танымал. Олар:  

•  Физиопроцедуралар: 

•  УВЧ терапия 

•  Гальванизация ж әне емдік электрофорез 

•  Ультрадыбыстық терапия 

•  Ингаляцияны ң әр түрі 

 

•  Емдік ванналар: 



•  Скипидарлық 

•  Фито - ванналар 

•  Йодобромдық 

•  Аромованна 

•  Пантогематогендік 

•  Фито - терапия 

•  Сауықтыру және жүйелік немесе диеталық ас қабылдау, көкөніс нәрлерімен емдеу 

•  Емдік массаж 

              «Изумрудный» демалыс кешенінің әдемі табиғи орны, өзен суының сылдырлаған 

дауысы, орман иісі осында келгендердің барлығын да рахат сезімге бөлейді. Ал осы 

сезімнің барлығы да сіз қабылдап жатқан емнің дертіңізге шипа болуына ықпал етеді! 

                 



 

 

 

 

 

«Алтай Альпілері» демалыс орны

 

 «Алтай Альпілері» - бұл таулы Үлбінің аралас орман ортасында орналасқан демалыс 



орыны. Орманда қайың, бал қайың сияқты ағаштардың әр түрін кездестіресіз. Орман 

саңырауқұлаққа да, жеміс-жидекке де, емдік суларға да бай.  

 Бүгінде «Алтай Альпілері» орталығы қонақтарға мынадай қызметтер ұсынады: 

 

•  2 қонақ үй алаңы (жалпы сиымдылығы - 100 адам) және өте ыңғайлы альпілік үйлер 



арасында өте заманауи немесе орташа жабдықталған орындар да бар «люкс және 

жартылай люкс» 

•  Орыс моншасы (камин және бассейн бар) 

•  Кафе-бар 

•  Тамақтандыру: жартылай пансион (таңғы ас, түскі ас), кешкі ас-тапсырыспен 

•  Би алаңы 

•  Атпен және есекпен қыдырыстау 

•  Көкке шығуға арналған алаңдар 

 

 Дәл осы жерде яғни әсем табиғат ортасында үйлену тойы, туған күн,мерейтой сияқты 



мерекелік шараларды өткізсеңіз сіз ешқашан өкінбейсіз.Өйткені бұл ерекше әрі есте 

қаларлық күн болады. Сізге тау шаңғысы базасы да қызмет көрсетеді. Шаңғыда сырғанау 

мерзімі қазан айының соңынан басталып, сәуір айының ортасына дейін созылады. Тау 

шаңғысы кешені мынандай қызмет түрлерін көрсетеді: 

- 750 шақырым қашықтыққа созылған жол (Жол екі орындық бугельдермен 

жабдықталған.) Көтерілу уақыты - 4,5 минут;  

- Шаңғы тебушілер үшін әр түрлі деңгейдегі 4 жар-жаңадан бастағандар үшін – 1500 м, ал 

әуесқойлар үшін – 900 және 1000 м, тәжербиесі барлар үшін – 850 м; 

- Тау шаңғысын тебу жабдықтарын жалға беретін бөлімше; 

- Трассалар, ратракпен тегістелген;  

Бұл жерде нағыз тәжирбелі инструкторлар яғни оқытушылар қызмет көрсетеді. 

«Алтай Альпілері » демалыс базасы алғашқыда-ақ тау шаңғысы базасы ретінде құрылған. 

Жыл сайын осы база тек қана дамумен келеді. Базада серуендеу үшін үшін аттар да, қарда 

жүретін техникалар да жалға беріледі. Ал жазда бұл жерде балаларға арналған лагерь 

ұйымдастырылады. Ашық бассейндер, әткеншектер де осы жерден табылады. Ал 

балаларға ең білімді тәрбиешілер бас-көз болады. 

                 

 

 



 

 

 



Қысқы лагерь 

              3-ші қаңтармен 8-ші ақпан аралығында «Алтай Альпілері» базасында (5 күн 

толық, 6-шы күн қайтуға арналған) қысқы лагерь ұйымдастырылады.  

              Бұл жердегі бағдарламалар демалуға келген әр баламен жеке жұмыс істеуге 

бағытталған. Тіпті бірде-бір бала назардан тыс қалмайды. Олардың іш құса болып 

зерігулеріне де жол жоқ. Әр бала өзінің шығармашылық жетістігін өз ортасымен бөліседі. 

Бала рухани дамиды. Тәрбиешілер де әр баланың шығармашылық сезімін шыңдау үшін 

олармен жақын жұмыс істейді. 

 

Бағдарламада: 



 

- тау шаңғысы мектебі: сноубордтармен шаңғы тебудің алғашқы әдіс-тәсілдерін үйрету; 

- күн сайынғы спорттық бағдарламалар (стьюбта, ледянкада сырғанау); 

- дәстүрлі активитеттер, тәжірибе, шығармашылық студиялар; 

- кешкі шығармашылық бағдарламалар; 

- күн аралық би кештері; 

- гитарамен ән айту; 

- туристік бағдарлама: жоспарланған, күндізгі көкке шығу т.с.с 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

«Рахман қайнарлары» демалыс

-сауықтыру орны 

 Бұл санаторий «Қатон-қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында 40 

жылдан бері жүйелі түрде қызмет етіп келеді. Демалыс орны 4 елдің шекарасымен іргелес 

жатыр: Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия. Санаторийдің ең құндылығы ондағы емдік 

қасиеті бар бұлақтардың орналасуында. Ел ауызындағы аңызға сенсек бұл бұлақ 

суларының шипалық қасиетіне ертеде Рахман атты аңшы кісі көз жеткізіпті. Ол жаралы 

маралдың осы суға түсіп қалай емделіп, сауығып шыққанын өз көзімен көрген екен. 

Бүгінде «Рахман қайнарлары» өзінің емдік қасиетінің жоғарылығымен көптеген 

туристерді өзіне тартады. Бұлақтар мынандай сырқаттарды жазуға ықпал етед: 

1. Тірек-қимыл мүшелерінің аурулары 

 

2. Орталық жүйке жүйесі және перифирикалық жүйке жүйесі аурулары 

 

3. Бедеулікпен қоса, гинекологиялық сырқаттар 

 

4. Тері аурулары (псориазбен қоса) 

 

5. Эндокрин жүйесінің аурулары 

 

6. Жүрек-қан тамыр аурулары 

 

7. Зәр шығару жолдары аурулары 

 

8. Урологиялық аурулар 

 

9. Ішек-құрылыс аурулары 

 

10. Тыныс алу жолдарының аурулары (климаттық емдеу) 

 Бір сөзбен айтқанда, бұл қайнарлар сіздің бойыңыздағы кез-келген сырқатқа шипа 

болады. Емдік процедуралардың ішінде;радон ванналар, гинекологиялық орошения, су 

массажы, гидроколонотерапия, марал мүйізінің қанымен емдеу, шомылдыру, балшықпен, 

тұзбен бұлақ суымен емдеу. 



 «Рахман қайнарлары» тек ем алу ғана емес, белсенді демалыс орыны. Бұл жерге бара қалсаңыз сіз көңіліңізді лезде серпілтетін 

бағдарламаларға тап боласыз. Бұған перевал «Радостный» айлағына көкке шығуды, Патшалар жазығына саяхат жасауды, Язовое 

көлін аралауды қосып қойыңыз. Бірақ табиғаттың бұл жердегі сыйы осымен таусылмайды. Белуха тауының бауырын атпен аралап, 

Равновесие көлінің таңғажайып келбетін тамашалаңыз! Жігіттердің жанын баурайтын нәрсе де осында. Яғни кез

-келген балық 

аулауды сүйетін азамат осы жақтағы Күршім өзенінің жоғарғы ағысында және Бөкен жылғаларында немесе Марқакөлде, Ақ Берелде 

ау салып рахатқа бата алады. Сондықтан басқа жерді қайдам «Рахман қайнарларында» болған туристер ерекше ем қабылдап, 

айырықша демалады. Таңертеңнен табиғат аясында демалып кешке келгенде бұл жерде сізді жаныңызға жай беретін баспаналар, 

қонақ үйлер күтіп тұр. Сіз серуенне соң көп арналы теледидар көріп, толық жабдықталған заманауи бөлмелерде тыныға аласыз 4 

уақыт ас ішіп, моншаға түсіп бильярд ойнасаңыз да өз еркіңіз Бұл демалу

-сауықтыру орны жайында толық ақпаратты сіз мына ресми 

сайттан таба аласыз: 

www.altaytravel.ru

 

               

 

 

 



 

Шет елде демалу: 

     

 

Оңтүстік



-Шығыс Азия 

              Құпияға толы Азия сіздерді өз әлеміне тартады. Ежелгі сәулет өнері өркенниеттің 

қалай пайда болғанынан да,оның қалай жойылғанынан да хабар берсе, таң қаларлық 

табиғатпен жер қыртысының ерекшелігі демалушыларды бірден өзіне баурап алады. 

Тайланд, Сингапур, Индонезия, Вьетнам, Филиппины, Индия, Ганконг, Бруней – бұл 

күнде осы елдер туристік деңгей жағынан ең белсенді, ең танымал елдер. Ал осы 

аймақтарға демалыстарыңызды ұйымдастыру, саяхат жасауға бағыттау қызметі болса 

«Шолпан» туристік фирмасы үшін сөз емес. Тез әрі тиімді қызмет жасайды. 

              Сіз Малайзиямен Сингапурде болмап па едіңіз? Ендеше көп қызықтан құр қалған 

екенсіз. Ұзыннан ұзақ созылған аппақ жағажайлар, адам аяғы өтпес қалың ормандар, 

ұлттық бояуға толы саябақтар. Бұнымен таң қаларлық жерлер қатары әлі бітпейді. 

Малайзиямен Сингапур экзотикалық табиғаттың ортасы ғана емес, нағыз көңіл көтеру 

орындарының ең таңдаулысы жинақталған жерлер. Дайвинг, қызықты саяхаттар, ерекше 

spa процедуралар - осы елдерде демалу кезінде сізге силанатын рахаттардың аз бөлігі 

ғана! 

               



 

 


Түркия  

 Миллиондаған туристер бұл елдің көз тартар әдемілігін де, таңғажайып келбетін де, 

Жерорта және Эгей теңіздері жағасындағы саф ауасын да ертеден мойындаған. Түркияға 

саяхат жасап, ондағы демалыс орындарында болу - демалыс уақытын ең жоғарғы 

деңгейде өткізу деген сөз. Тіпті 4-5 жұлдызды қонақ үйлерге бір көз салудың өзі неге 

тұрарлық десеңізші! (Ал басқаша қонақ үй түрін бұл жерден таба да алмайсыз) Бұл 

жердегі туристерге қызмет көрсету сапасын «All Inclusive» (барлығы қамтылған) атты 

жұмыс істеу ұстанымынан-ақ байқауға болады. Сізге бұл жерде толықпансионды қызмет 

түрі көрсетіледі, олардың арасынан спиртті ішімдікті де, жай сусындарды да тәулік бойы 

таба аласыз. Түрік моншасы да сіздің қасыңыздан табылады. Ал көңіл көтерудің бильярд, 

гольф, т.с.с түрлерімен қиналмай-ақ айналысуыңызға әбден болады. Ал демалушылардың 

бала-шағасы үшін де барлығы қарастырылған. Балалар үнемі ата-аналардың және 

тәрбиешілердің көз алдында болуы үшін арнайы балалар клубтары бар. Осының 

барлығына сіз туристік фирмаға бір реттік төлем жасау арқылы қол жеткізе аласыз. Сіз 

ешқандай да артық шығынға ұшырамайсыз. Алаңсыз демалыс деген осы болар! 

 Ал демалыспен қоса іскерлік қарым-қатынас орнатудың ең тиімді әрі ыңғайлы жері бұл- 

Түркияның астанасы-Стамбул. Сондықтан да «Шолпан» туристік фирмасы сізге пайдалы 

әрі жағымды демалысты ұштастыра білуге шақырады. Мысалы сіз бір апта Анталияның 

аптап ыстығына малынып қайтсаңыз, келесі күні-ақ Стамбулға аттануыңызға мол 

мүмкіндік бар.  

 Отбасыңызбен демалуды ұйғарсаңыз, тағы да ұтымды кеңес береміз. Отбасыңызбен 

Анталияға келсеңіз, ұтылмайсыз. Бұл жерде сіз қалтаңыздың қ қалыңдығына сай демала 

аласыз. Яғни кез-келген қаржы көлемінде демалып қайтуыңызға болады. Ең ерекшелігі 

сол-бұл жерде балалар түрлі жағдайда тегін демалады. Ал егер Түркияда жастар 

демалатын жерді іздесеңіз-Бодрумға барыңыз. Бұл жердегі түндерді-сіз ешқайдан да 

кездестіре алмайсыз. Европада көлемінің үлкендігі жағынан екінші орын алатын көбікті 

шоумен көркемделген дискотека «Геликарнас» немесе кемедегі «Катамаран» би кеші кез 

келген туристің көңілін көтеріп қана қоймай, жастық лебін силайды. 

 Тағы да тиімділіктер жайына келсек, түрік курорттарына бару визасыз жолмен 

рәсімделеді. Демалудың тиімді жолдары деп осыны айт. Анталияда жүрсеңіз, сіз қалаған 

уақытыңызда бір күнге Иерусалимге ұшып кете аласыз (ұшу уақыты-1сағ), ал Бодрум мен 

Мармариста жүріп 2 сағаттың ішінде пароммен грек аралдарына аттана аласыз. Осы үшін 

де виза рәсімдеп әуре болмайсыз. 

               



 

Біріккен Араб Әмірлігі

 

              Бай әрі үнемді демалыс түрін сіз Біріккен Араб Әмірлігінен де таба аласыз. 



Ондағы әрбір демалыс орны сізді сиқырлы сәулет өнерімен, ең ұтымды қызмет түрлерімен 

таң қалдырады. Жұмсақ ауа-райы, жылы теңіз, құмды жағажайлармен аква және 

жануарлар саябағы, ойын алаңдары, балаларға арналған ойын түрлері. Осындай демалыс 

жолдарын қолдан жіберіп алу тым өкінішті болар еді! 

              Ал ыңғайлы бағадағы ең үздік қонақ үйлер сізді үнемі күтумен болады. Сонымен 

қатар, дубай сауда фестивальін жіберіп алып жүрмеңіз. Бұл елде сізді қайталанбас жап-

жасыл оазистермен, кең даладағы сафарий, ол жердегі түйемен серуендеу, құм тауларда 

шаңғы тебу ұмытылмас сәттер сыйлайды. Ал іргеде таяушығыстағы Манхэттен. Бұл 

жерде Дубаида әйгілі Атлантиданың қайта жандануы, жаңаша сипат алуы үлкен жаңалық. 

Дәл осы жерде танымал «ATLANTIS»-отель-алаң ашылды!  

               

 

 



 

 

 

Испания

 

 Ал Испанияда демалу ерекшеліктері өте көп. Соның тек азына ғана тоқталып өтсек: 



 •  Біріншіден бұл елде демалу арқылы сіз «Порт Авентура» аттаркциондар бағын және 

«Коста Карибе» аквапаркіндегі су тауларды және Барселонадағы түрлі-түсті су 

бұрқақтарын тамашалай аласыз. 

 •  Екіншіден бұл жерге келген әр турист тарихи ескерткіштерді өз көзімен көреді. Олар: 

Қасиетті Отбасылар соборы, Гаудидің ғажайып туындылары, Прадо мұражайы және 

Сальвадор Далидің мұражай үйі, Эль Греконың үйі, Таррагона қаласындағы Рим 

империясы кезеңіндегі мұрасы, қамалдар қаласы-Валенсия. 

 •  Үшіншіден бұл жерге келген қонақтар әйгілі испан асханасының теңз тағамдарының 

түріне толы ас үйлерінен дәм татады. Сонымен қатар Коста де Ла луз табиғатына 

бойсұнып, ләззат алады. Ол жер тіпті «Көгілдір жалау» мәртебесін алған. 

 •  Төртіншіден, осында келген әр адам жастар демалысының патшайымы саналатын 

атақты Ибицтегі non-stop би кештеріне бара алады. Сонымен бірге Мальоркедегі 

казиномен, шоу-бағдарламалар испандық танымал адамдардың ғана емес, тіпті испан 

королінің сүйікті орыны! 

 •  Бесіншіден бұл елде сізді атақты Канар аралдары күтіп тұр. Осы жерде «Loro park» 

тотықұстар бағымен, «Lago Martianes» жасанды көлі, Тейде вулканы түбіндегі «Las 

Canadas» қорығы, виндсерфинг клубтарымен, су асты жүзулері демалысыңыздың әр 

минутын бақытқа бөлейді. 

               

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Қытай 

 

              Қытай армандардың тоғысқан елі, сондықтан сізді бірден таң қаларлық 



ғажайыптарға жетелейді. Конфуциан даналықтары әлемдік туризмде жетекші орын алары 

сөзсіз. Туристерді тек осы ғана емес, басқа да өзіндік ерекшеліктермен тарихи 

құндылықтар тартады. Ұлы Қытай қамалдары, Мин сағанасы, Пекин операсы, Император 

қамалы, Неба ғибадатханасы т.с.с Туристерді бұл елдің көз жауын алатын табиғи әсемдігі 

де таң-тамаша қалдырады. Соңғы кезде әсіресе Хайнань аралымен аты әлемге әйгілі 

Орхидея бағы көпшіліктің ең көп баратын орнына айналған. 

              Сонымен қатар ел ауызынан естіген қытай медицинасының кереметіне де сіз осы 

елге келу арқылы көз жеткізе аласыз: акупунктура, ароматерапия, бальнеотерапия, 

гидроколонотерапия, саз-балшықпен емдеу, ингаляция, емдік шомылулар және орап 

емдеу. Осы емдеу шараларының барлығы да келген қонақтардың көңілінен шығып 

жатады. Ал осының барлығын қытай елінің атақты термальды және қайнар сулары тіпті 

толықтыра түседі. Осы сулар радикулит, ревматизм және гинекологиялық сырқаттарға 

бірден-бір шипа. 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Болгария 

 

 Болгария елінен сіз өз қаржыңыздың көлеміне қарай кез-келген демалыс орнын таңдай 



аласыз. Ақшаңызды үнемдеп 2-3 жұлдызды отельдерде немесе қаржыңызды аямай 5 

жұлдызды қонақ үйлерде орналасуыңызға болады. Барлығы да европалық стандартқа 

сәйкес жасалған. Осы елдің бай инфрақұрылымы да сізді рахатқа бөлейді. 

Мейрамханалар, аквапарктер, корттар, атпен серуендеудің түр-түрі осының барлығы 

уақытыңыздың көңілді әрі жеңіл өтуіне септігін тигізеді. Бұл елдің аспаздары дайындаған 

тағамдар тіліңізді үйіреді. Жаңа піскен жеміс - жидектерден жасалған тәбетті ашатын 

тағамдар қашан да сіздің асқа деген тәбетіңізді ашады.  

 Болгар тілі орыс тіліне өте ұқсас, сондықтан ол жақтағы халықпен тілдесу сізге аса 

қиындық тудырмайды. Ал Болгарияға жету үшін қажетті виза жеңіл түрде әрі өте жылдам 

жолмен рәсімделеді. Ыстық күн шуағы, ашық аспан жұмсақ құм сізді қашанда осы жаққа 

келуге шақырады. Ал Қара теңіз жағасында су спортын қоса ала жүре демалу тіпті ерекше 

сезімге бөлері анық.. Болгария жері де суы да емдік қасиеттерге бай. 

 Ал егер сізді осы жердің тарихи болмысы қызықтыратын болса,онад іске сәт! Осы 

жердегі экскурсоводтар сізді елдің тарихи құндылықтарымен,ескерткіштерімен 

таныстыруға қашанда да дайын. Мына Несебр қамал-қаласы, ал одан ұзамай 

ортағасырлық шіркеулер және ескі болгар әдістерімен жасалған таверналар көздің жауын 

алмай ма. Ал егер сіз отбасыңызбен осы елге бара қалсаңыз, міндетті түрде Варна 

\\дельфинарийін

де болып, мидий 

фермасын 

тамашалауды 

естен шығармаңыз. 

           

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал