Қызылжардың әкімі пролетариат көсемі Лениннің ескерткішін қаланың



жүктеу 0.65 Mb.

бет5/6
Дата25.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

айтулы шаралар

ТАМЫР


«Биылғы оқу жылының және алдағы 

онжылдықтың басты ерекшелігі – оқы-

тудың түбегейлі жаңа сапасына қол жет-

кізуге барынша көңіл бөлу», – дейді Ба-

қытжан Жұмағұлов. Ал ол үшін мұғалім-

дердің жағдайын жарылқау бірінші кезекке 

шығады. Себебі педагог – білім берудегі 

басты тұлға. Химик-ғалым Д.И.Менделеев: 

«Мектеп – халық пен мемлекеттің тағ-

дырын айқындайтын алапат күшке ие» 

деген екен. Мұғалім – осы алапат күштің 

басты тірегі. «Сондықтан да мұғалім кәсібі 

қоғамда ең беделді, ең құрметті маман-

дыққа айналуы тиіс», – деп есептейді 

министр. Өйткені Абай хәкім айтқандай, 

«адамның адамшылығы – жақсы ұстаз-

дан». Сол себепті де ұстаздың кәсібі мен 

мәртебесін көтеру – министрліктің басты 

міндеті болып саналады. Бұл негізде 

министрлік үш бағытты нысанаға алып 

жұмыс істемек екен. 

Біріншісі – мұғалімдерге лайықты 

еңбекақы төлеу. «Шілденің бірінен бастап 

30 пайызға көбейген жалақыға қоса, 

қыркүйектің бірінен бастап жоғары санат-



Бас мұғалімнің педагогтерімізге 

көңілі толмай тұр

тағы мұғалімдер біліктілігі үшін лауа зым-

дық жалақысынан 100 пайыз көлемде 

қосымша ақы алатын болады», – дейді 

министр. Ал 2015 жылға қарай педа-

гогтердің орташа жалақысын жеке сек-

тордағы еңбекақыға теңестіру көзделген. 

Былайша айтқанда, қазіргімен салыс-

тырғанда, ағартушыларымыздың жала-

қысы екі-үш есеге өседі деген сөз. 



Екінші бағыт  – педагогтердің білік-

тілігін арттыру. Жақында министрлік 

педагог тердің арасында тестілеу жүргізген 

екен. Шындығын айтсақ, нәтижелері мәз 

емес деп отыр. «Мұғалімдердің жартысына 

жуығы тестілеудің бастапқы деңгейінен өте 

алмады», – деді ол кадр сапасына көңілі 

толмай. Сондықтан да министрлікке бір 

уақытта екі бағыт бойынша жұмыс істеуге 

тура келіп тұр. Біріншіден, жоғары оқу 

орындарындағы мұғалімдерді даярлау 

жүйесін жаңарту қажет, екіншіден, жұмыс 

істеп жүрген мұғалімдерді қайта даяр-

лаудан өткізіп, біліктілігін арттыру керек. 

Министр жоғары оқу орындарындағы 

педагогтерді даярлау сапасын да сынға 

алды. Оның ойынша, елімізде педа-

гогикалық мамандық бойынша мемлекеттік 

грантқа өту балы ең төмен. «Заңгер және 

экономист мамандығын айтпағанның 

өзінде, педагогикалық маман дық бойынша 

мемлекеттік грантқа өту балы ветери-

нариядан да төмен», – дейді Бақытжан 

Жұмағұлов. Ал шетелде мүлдем басқаша 

екен. Мәселен, Оңтүстік Кореяда мектепті 

үздік бітірген түлектердің 5 пайызы 

ұстаздық етуге баратын көрінеді. Ал 

Финляндияда – 10 пайызы, Сингапур мен 

Гонконгта үздіктердің 30 пайызы ұстаздық 

бақытына ие болады. Ал бізде керісінше. 

Біздегі мектеп бітірушілер педагогикалық 

пәнді «страховка» ретінде таңдайды. «Өзге 

пәндерге жинаған ұпайым жетпей қалса, 

мұғалім бола салармын» деп. Міне, біздегі 

мектеп мұғалімдерінің басым көпшілігі өз 

қызметіне осындай ниетпен келгендер 

десе де болады. Ал педагогикалық ма-

мандық бойынша мемлекеттік грантқа өту 

балын көтеріп қойсақ, онда онсыз да 

жетпейтін кадр тіптен тапшы болып кетпей 

ме? Қысқасы, бұл – өте сақтықпен келетін 

шетін мәселе. 

Министрлік бұл мәселеге де мән беріп 

отырған сыңайлы. Елімізде «Болашақ» ха-

лық аралық бағдарламасының шеңберін де 

жаңа қоғамға сай педагогтер даярлауды 

және олардың біліктілігін арттыру үшін 

ағым дағы жылы 85 орынға квота бөлген 

екен. Мұны ынталандыру десе де болады. 

Кімнің шетелге барып оқығысы кел месін?! 

Министрлік педагогтерді сапасыз 

дайындайтын жоғары оқу орындарының 

санын қысқартқан екен. Бұрын 89 ЖОО 

педагог мамандықтарына дайындаса, 

қазір 43-іне ғана рұқсат берген. 

Енді мұғалімдерді қайта даярлап, 

біліктілігін арттыру мәселесіне келер 

болсақ, осыған арнап Назарбаев Зият-

керлік мектептерінің жанынан педаго-

гикалық шеберлік орталығы және педа-

гогтердің біліктілігін арттырудың ұлттық 

орталығы құрылуда. Бұл орталық тарда 

мұғалімдер әлемдік тәжірибеге сай 

әзірленген жаңа бағдарламалар бойынша 

арнайы үш айлық қайта даярлаудан өтеді. 

Даярлықтан кейін олар жаңа біліктілік 

деңгейі туралы сертификаттар алады екен. 

Осы деңгейлерге сәйкес, жалақылары 

тағы да өседі. 

Үшінші бағыт – бұқаралық ақпарат 

құралдары арқылы мұғалімдердің беделін 

көтеру, педагогикалық мамандықты 

насихаттау, қоғамдағы педагогтерге деген 

көзқарасты жағымды жаққа бұру. Міне, 

министрліктің алға қойған мақсаттары 

осындай. Нәтижесін тез арада көруге 

жазсын дейміз. 



Кеше Астанада алғаш 

рет республикалық 

деңгейде педагогикалық 

форум өтті. Еліміздің бас 

мұғалімі Бақытжан 

Жұмағұловтың 

қатысуымен өткен 

форумға Мемлекеттік 

хатшы Қанат Саудабаев та 

келіп, құттықтап қайтты. 

Осы жиында мұғалімдерді 

алда қандай жаңалықтар 

күтіп тұрғаны да белгілі 

болды. 

Қайраткерге қандай құрмет көрсетпекпіз?



Алдағы 2012 жылы қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 

туғанына 100 жыл толмақ. Осыған байланысты қандай іс-шаралар қолға 

алынуда?

Камал РАБАТҰЛЫ, Алматы облысы

Жуырда қайраткер тұлғаның қайтыс 

болғанына 18 жыл толуына байланысты 

Алматыда еске алу апталығы өткізілген 

болатын. Сонда Халықаралық Қонаев 

қорының президенті Елдар Қонаев ҚР 

Президентінің Жарлығы бойынша 

көрнекті қайраткерлердің 100 жылдық 

мерейтойын атап өтуге қатысты шаралар 

арнайы Үкімет қаулысы бойынша 

жүзеге асатынын тілге тиек ете келе, 

Қонаев мерейтойы да назардан тыс 

қалмайтынына сенім білдіретінін атап 

өткен болатын. Осы орайда Халық-

аралық Қонаев қоры мен оның туыс-

туғандары мен жақындары Мәдениет 

министрлігіне Д.Ахметұлының 2012 

жылы 100 жылдығын атап өтуге 

байланысты өз жобасын ұсынғандығын 

айта кету керек. Алдағы уақытта ҚР 

Ұлттық банкі Дінмұхамед Қонаевтың 

100 жылдығына арналған ескерткіш 

шақаның нұсқасы жасамақ. Сондай-ақ 

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» 

киностудиясында қайраткер тұлға 

жайында түсірілетін жаңа фильмнің 

сценарийі жазылу үстінде екен. Ал 

Ақпарат және байланыс министрлігі 

келесі жылы Д.Қонаевтың 100 жыл-

дығына орай, «Өтті дәурен осылай», 

«Елу жыл ел ағасы» сияқты кітаптарды 

қайта басып шығармақ. Қор басшылығы 

көтеріп отырған тағы бір мәселе – 

Дінмұхамед Ахметұлы тұрған пәтерді 

мемориалдық музейге айналдыру 

болып отыр.

«Махаббат тәлкегі» сынға түспек

Бүгінгі күні Болгарияда атақты кинофестиваль басталды деп естідім. Оған 

қазақстандық режиссерлердің туындылары да қатыстырылған ба?

Нүркен ҒАЗИЗҰЛЫ, Талдықорған қаласы 

Жуырда «Қазақфильм» киностудиясы мен 

ресейлік «Интерфест» компаниясының бірігіп 

түсірген «Махаббат тәлкегі» фильмі Бол-

гарияның Вена қаласында өтетін «Махаб бат 

– бұл ессіздік» атты XIX халықара лық кино-

фестивалінің байқау бағдарлама сына еніп, 

шетелдік көрермен мен кино маман дарының 

назарына ұсынылатыны белгілі болды. Бұл 

фильмді режиссерлер Ержан Рүстембеков пен 

Александр Черняев бірлесіп түсірген.

1993 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйым-

дастырылып келе жатқан аталмыш кино-

фестивальдың бұл жолғы бағдарламасы 

бүгін нен бастап 1 қыркүйекке дейін жалға-

сады. Әр елден ұсынылған фильмдер та нымал 

кино жұлдыз дардан  құралған  тал ғампаз 

қазылар алқасының қатаң сүз гісінен өтпек. 

Сонымен қатар бұл кинофестиваль барысында 

«Қазақ 


фильмнің» кейінгі кезде түсірген 

кинотуын дыларынан Фархат Шәріповтің – 

«Қызғылт қоян жайындағы ертегi», Ақан 

Сатаевтың – «Жоюшы», Қана ғат Мұстафиннің 

– «Жылқу», Қуат Ахме товтің – «Сіз кімсіз Ка 

мырза?» және Сәбит Құрманбековтің «Секер» 

фильм дерінің көрсетілімі болады деп жос-

парланған.

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)

Мансұр Х



АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№151 (603) 26.08.2011 жыл, жұма            



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Көрші елде танымал жұлдыздардың 

әнін абайлап тыңдау керек

Қытайда шетелдің әндерін тыңдауға болмайды деп естіген едім. 

Мемлекеттік билік әлемдік хиттерге тыйым салған дейді. Сол рас па?

Асылбек, Алматы қаласы

– Мұрат аға, «Бұл ән бұрынғы 

әннен өз герек» демекші, бүгінгі 

сұхбатты әдет тегі сүрлеуден 

өзгешелеу үрдіспен бас тағым 

келіп отыр. Оның да өзіндік сыры 

бар. 30 жасқа келер-келместен 

рес публика  көлемінде  басшылық 

қыз мет терді  атқарған  Мұрат 

Жұрынов мыр заның туған өлке, 

өскен орта, бала лық шағы 

тыңдаушыларымызды қы-

зықтыратын шығар деген 

ойдамын.  Әң г імеміздің 

әлқиссасын балалық шақ тан 

бастасақ...

– Адам баласының өмір танып, болған 

жағдайларды есте сақтауы үш жастан бас-

талады дейді ғой. Сол үш жастың ол жақ, 

бұл жағы есімде. 

Біз соғыстың нағыз қайнап тұрған ке-

зін де дүниеге келген ұрпақпыз. Біз ол кезде 

әке-шешемізді көрмейтінбіз. Өйткені олар 

кол хоздың жұмысынан кеш келеді, ал жас 

ба лалар ұйықтап қалатынбыз. Таңертең  

жұмысқа ерте кетеді, біз тағы ұйықтап жа-

та мыз. Менің көретінім – жалғыз әжем. 

Әжем нің жасы 80-ге жақындап қалған бо-

латын. Үйдің тірлігі, азын-аулақ мал бар 

жә не маған қарайды.

Жаздың күні. Күн жы лы. Кішігірім 

Бөржар дейтін өзеннің жағасында киіз 

үйде тұрдық. 

...Бір күні оянсам, үйде ешкім жоқ. 

Жалғыз өзім жатқанымды көргеннен кейін 

мен айқайлаймын. Кім біледі? Мүмкін, 

қор қыныш пайда болатын шығар. Апа лай-

мын келіп... «Апа, а-па-а!» деп. Жаздың 

күні болғаннан кейін есік ашық тұрады. 

Әкемнің тазылары бар. Менің айқайымнан 

жаңағы тазылар жетіп келеді. Тазы иті 

ақыл ды, басқа да жақсы қасиеті бар ғой. 

Сол екі ит екі жағымнан шығып, қыңсылап: 

«әй, біз бармыз ғой» дегендей қылады. 

Жұ батқандай болады. Содан кейін мен 

далаға шығамын. Менің тұрғанымды, 

көріп, әжем айналып-толғанып, маған 

қарай жүгіреді: «Ойбүй, шырағым-ай, ме-

нің күнім оянып қапты ғой» деп. 

1945 жылғы 9 май – Жеңіс күні менің 

есім де қалыпты. Мені әжем қолымнан же-

тектеп, колхоздың орталығына алып барды. 

Жұрт тың бәрі қызыл жалау ұстаған. Бар-

лығы қуанышты. Толассыз күлкі. Гармонь 

ойнап жүрген көрініс өзінше бір бөлек. 

Мен аң-таң. Содан әжемнен сұраймын ғой: 

«Не болды, бұларға?» деп. Әжем: «Жеңіс!» 

дейді. Мен: «Не ол жеңіс деген?» деп қайта 

сұраймын. Кімді жеңдік? Кіммен күрестік? 

Мен «Жеңіс!» дегенді соғыс емес, күрес 

деп ойлаймын ғой. Осы кез менің әлі күнге 

дейін, күні кеше болған сияқты көз ал дым-

да. Колхоздың орталығында концерт бол-

ды. Ол кезде электр жарығы жоқ. Қалыпқа 

құйып кептірген сиырдың қиына керосин 

құйып, айырмен шаншып, жоғары қаратып

астынан от қояды. Сол біздің жарығымыз, 

«светіміз». Сондай «светпен» әртістер келіп 

концерт берді. Концерттің ортасында, әри-

не, мен ұйықтап қалдым, әжем арқасына 

кө  теріп, үйге алып келген. Осы оқиға есім-

нен кетпейді. 

– Ғылымға келуіңіз бала 

шақтан бе кі ген ұстанымыңыз ба 

әлде осы жол ға келуіңізге түрткі 

болған жайттар бар ма?

– 3-курста оқимын. «Студенттік ғылыми 

қо ғам» деген болады, жоғарғы оқу орын-

дарында. Мен соған қатыстым. Алғашқы 

бас палдақтар осылай басталды. Біздің бір 

мұғаліміміз болды. Сабағы тек оқулықтың 

мәліметімен шектелмейтін. Журналдардан 

алатын. Әңгімесі: «Францияның бір ғалы-

мы осындай жаңалық ашыпты. Американың 

тағы бір ғалымы бүйтіпті. Москвада мы на-

дай жағдай болыпты. Ол ғылыми жаңалық 

бо лып табылыпты» деген сияқты. Мен ой-

ладым: «Жаңалық ашу – жақсы нәрсе 

екен». Еңбектенсең, ізденсең бірдеңе шы-

ғатын секілді. Мүмкін, мен де жаңалық 

ашып қалармын деген ой келді де, «Сту-

дент тік ғылыми қоғамның» мүшесі болып 

жа зылдым. Жетекшім болды. Ең бірінші 

ғы лыми баяндамамды 4-курста жаздым. 

Кеңес Одағының қай жерінде қандай қазба 

бай лықтар бар? Қай жерде металдар, қай 

жер де мұнай қорлары бар? Сол байлықтар 

мы на елге қандай экономикалық пайда 

әке леді? Баяндамам осы бағытта болды. 

Көп дайын далдым. Міне, содан басталды. 

Инс ти тутты бітіргеннен кейін кафедрада 

мұ ға лім болып қалдым. Одан кейін Мос-

ква дағы Д.И.Менделеев атындағы химия-

тех нология  институтының  ас пи ран ту ра-

сын  да үш жыл оқып, кандидаттығымды 

қор ғап шық тым. 11 жылдан кейін сол Мос-

ква да док торлық жұмысымды қорғадым. 

Міне, содан бері ғылымда жүрміз. 

– Қазақ – әділ сөзді бағалап, 

текті сөздің тереңіне үңілген халық 

дейміз. Қонақжай дейміз. Ақын, 

батыр, т.т. бо лып кете береді. Сіз, 

Мұрат аға, қазақ хал қының қай 

қасиетін  ерекше  ба ға лай сыз? 

– Қазақ – өте сыпайы, өте сабырлы ха-

лық. Сабырлылығының арқасында бәрін 

жеңіп келе жатыр. Елімізге келіп, күн көру 

үшін көлгірсіп жүргендерге де шыдаймыз, 

жерімізге келіп алып, «мына жерді Ресейге 

беру керек» дегендерге де сабыр сақ тай-

мыз. Осы шыдам, осы сабыр қазақты 

жеткізген. Кейде айтады: «қазақ жалқау» 

деп. Мен бұл пікірмен ешуақытта келіс пей-

мін. Қазақ мал баққан халық. Мал бағудан 

қиын жұмыс жоқ, бұл дүниеде. Бір минут 

тыныштық бермейді ғой. Әр уақытта қарап 

жүруің керексің. Оны суару керек, оны 

жаю, өрісін айырбастау керек, бір жерде 

тұ рып қалса, шөбі тапталып кетеді. Келесі 

жылы шөп шықпауы мүмкін. Қасқыр бір 

жағынан бар. Міне, мал бағу дегеніңіз өте 

қиын шаруа. Басқа халықтың адамдары 

шы дамайды. Одан да зауытқа барып, жеті-

сегіз сағат жұмыс істеп келіп, шалқаңнан 

түсіп жатқаның – рахат! Қазақ үшін ол жұ-

мыс демалысқа шығумен пара-пар. Ал мал 

бағу – күн-түн, қыс-жаз демей, жыл он екі 

ай тыным көрмей, соңында салпақтап жү-

ру ге тура келеді. Осы қиындықтарға шыдап 

жүрген халқымыздың құдай берген жақсы 

мінезі бар. Кеңес Одағының кезінде: «Бар-

лық халық жақсы, барлығы бірдей» деп 

ай тып  жүрдік. Жоқ! Олай емес! Әр халық-

тың ерекшелігі, мінезі, өзіндік қасиеттері 

бо  ла ды. Қазақ сияқты халықтарда жақсы 

қа  сиет тер мол, ал бір халықтарда жақсы 

қа  сиет тер шамалы. Кейбір халықтар бар, 

сәл бір сөзге пышағын ала жүгіретін, қы зу-

қан  ды. Өз халқымды сүйемін, жақсы кө ре-

мін. 

Мен Оңтүстікте, Арыста өстім. Жаздай 



әке-шешемізге көмектесіп, бидай орамыз. 

Күздің күні бидайды ұн қып тарту үшін 

диірменге барамыз. Кезек көп. Жұмыстары 

бар үлкен адамдар ол жерде жата алмайды 

ғой. Диірменнің басына бізді қалдырып 

кетеді. 3-4-тен, 5-6 баладан топтасып, есек 

арбамен апарған бидайымызды тарт ты ру 

үшін кезегімізді күтіп, кейде қо на мыз.

Өмірі есімнен кетпейді. Бір күні мынадай 

жағ дай болды. Орысша біраз түсінеміз. 

Әңгіме тыңдап отырмыз. Диірменші – грек. 

Орыстар келіп грек диірменшіге: «Өй, мына 

қазақтар мына жерді былғап тастады. Өсіп 

тұр ған ағаштарды есектері жеп қойды деп 

та ғы бірдеңелерді айтып, «олар осындай» 

деп, балағаттап жатыр. Сонда диірменші 

грек айтты: «Сендер мұндай сөздеріңді ма-

ған айтпаңдар! Мен ондай сөздерді жек 

кө ремін. Мен көп елде болдым. Қазақтай 

жақсы халықты мен еш жерден кездестірген 

жоқпын», – деді. Біздің елге жан-жақтан 

көп ұлттар келді ғой. Бірақ олар өз ерік-

терімен келген жоқ. Оларды айыптауға 

бол майды. Солардың қариялары қазақтың 

жақсы қасиеттері жайлы айтып жүрді. 

«Егер біз Қазақстанға келмегенде тірі қал-

майтын едік. Қазақтар бізді аман алып қал-

ды. Ең соңғы нанын бөлісіп жеді» деп. 

Олардың балалары, немерелері бұл жағ-

дайларды біле бермейді, білсе де білгісі 

кел мейді. Осы – өкінішті-ақ! 

– Мұрат аға, бала кез қиындау 

за ман мен сәйкес келсе де, кешегі 

кеңес ке зінде кемелдендіңіз. 

Барша қазақ тәубе айтатын 

Тәуелсіз 20 жыл көз алдыңызда 

өтті. Осы 20 жыл туралы 

айтыңызшы.

– Тәуелсіз 20 жыл – тарихымыздың 

алтын беттері. Кеңес Одағы Қазақстанға бі-

лім берді. Колхоз-совхоздардың құ ры луы, 

қалалардың салынуы, жолдардың түзілуі 

– экономикалық жағынан үлкен жәрдем. 

Қазақ білім алды. Білімге ұмтылды. Орта 

Азиядағы басқа халықтарға қарағанда, 

қазақ тар білімге ертерек араласты. Да мы-

дық. Бұл – жақсы жағы. Жаман жағы бізге 

Мос ква ала көзімен қарап, қоқаңдауын еш 

уа қытта тоқтатпады. 30-жылдарды алыңыз. 

Қазақты білмейтін, халықтың малмен күн 

көретінінен хабары жоқ нақұрыс Го ло ще-

кин ді жіберіп, елді қырып салды. Қазақ 

үштен екісін жоғалтты. Үштен бірі өлді және 

үштен бірі жан-жаққа тарыдай шашылып, 

бас сауғалады. Басқа амал жоқ еді. Аштан 

өле тін еді. Үштен екісін жоғалтқан халықтың 

қай тадан аяққа тұруы өте қиын. Де мо гра-

фияда мұны – «қызыл сызық», «красная 

линия» дейді. Жоқ болып кетуі мүмкін. 

Басқа халықтар келіп үстіне қосылса, әлгі 

халық жұтылып кетеді. Тарих осындай көп 

нәрсені біледі. Мысалы, мына балғарлар. 

Олардың шыққан жері осы – Қазақстанның 

төңірегі. Бейбіт өмірді жақсы көретін халық 

жайлы жер табамыз деп көшіп-көшіп, жер 

іздеп, шаршап, жартысы Еділ бойының жа-

ға сында қалды. Жартысы қазіргі Бол га-

рияның тұрған жеріне барды. Бұлар сла вян 

болып кетті. Діні – христиан. Ал ана лар дың 

тілі – түрік. Міне, көрдіңіз бе, халықтың 

тағ дырын. Құдай сақтасын, қазақ жоғалған 

жоқ. Бірақ бір кездері өзіміздің жерімізде 

ұлт саны жағынан 2-орында тұрған кезіміз 

болды. Тың және тыңайған жерлерді игеру 

науқаны кезінде шеттен келгендерді өкімет 

патриот етіп көрсетті. Бірақ олар патриоттар 

емес, «шпаналар» еді. Құтыла алмай жүр-

ген адамдарын Қазақстанға қарай жол да-

ма беріп, жіберіп жатты зауыттар, фаб ри-

калар.  Халықтың саны төмендеді. Айталық, 

кешегі Желтоқсан. Алаңға шыққан бала лар 

еріккеннен ереуіл деген жоқ қой. На мысқа 

тырысты. Сон шалықты олардың намысына 

тиді. Кол бин деген маскүнемді әкеліп, 

Қазақстанға бас шы қылып қойғаны не де-

ген сұмдық?! Қо наевтай асыл, дара тұлғаны 

сондай мас күнеммен ауыстырғаны халыққа 

көрсеткен қиянаты емес пе?! Міне, осын-

дайлар болды, құ дайға шүкір, құ тыл дық, 

әйтеуір. 

1993-95 жылдары Ата Заң қабылдадық. 

Ол кезде мен білім және ғылым министрі 

қыз метінде едім. Әрбір министрлік өзінің 

ұсынысын берген. Өзіне тиісті саланың 

бабын береді Конституцияға. Мен сол Ата 

Заңның 30-білім бабын жаздым. Сонда 

мынадай сөздер бар: «Орта білім тегін әрі 

міндетті болу керек». Осы сөз үшін са рап-

шы лар маған қарсы шықты: «Неге тегін 

болу керек? Егер мен баламды жекеменшік 

мектепке бергім келсе, сіз қарсы боласыз 

ба?» Мен айттым: «Ол – сіздің құқыңыз. Бі-

рақ мемлекетте әркім балаларды кез келген 

мектепке оқытуға құқылы болу керек. Ал 

ақшаңыз тасып бара жатса, ақылы мектепке 

бере беріңіз». Екіншісі былай дейді: «Ал 

егер мен баламды оқытқым келмесе, сіз 

зор лай сыз ба?» Мен: «Заң не үшін? Заң 

орын да лу үшін. Егер сіз балаңызды оқыт-

па саңыз, халықтың оқымаған тобының са-

нын кө бей теді. Ал қараңғы адам елді кейін 

тар тады. Ол қоғамға зиянын тигізеді. Сон-

дық тан сіз балаңызды оқуға беруге мін дет-

тісіз. Бар лық мемлекеттерде осындай». 

Мен Америкада болғанымда, олардың 

білім ми нистрі менімен сөйлескендегі ең 

бірінші сұрағы: «Сіздің халқыңыздың қан-

ша пайы зы сауатты?» – деді. Мен айттым: 

100%. Сонда Американың білім министрі 

таң ғал ды: «Қалайша 100%? Бұл Қазақстан 

қан дай ел? Америкада халықтың 8%-ы 

сауат сыз. Айлық алғанда бас бармағын 

қояды», – деді. Америка үшін 8% – бір 

Қазақстан. Ол – 16 миллион халық. Міне, 

көрдіңіз бе, Қазақстанның мүмкіндігі зор. 

Құдайға тәубе, ТМД елдерінің арасынан 

суырылып алға шықтық. Мәселен, мен 

Москвада ғы лы ми конференциялар бар, 

басқа жи на лыс тар бар, жиі боламын. Сол 

жердің аэропортынан бір қазақ көрмеймін, 

еден жуып, күл-қоқыс сыпырып жүрген. 

Осыған шүкір деймін. Ал ол жерде өзбек, 

қырғыз, тәжік, т.б. толып жүр. Қазақ жоқ. 

Демек, бірін шіден, біздің ұлтымыз өз же-

рін, Ота нын жақсы көреді, намыс бар. Екін-

ші ден,  тұр мысымыз  жақсы. 

– Бұл – егемендіктің жемісі ғой. 

Кешегі Кеңес өкіметінің тәрбиесі 

басқа болды. Барлық бақыт пен 

байлықты жасап берген «совет, 

партия, ұлы орыс халқы» болып 

көрінді. Өз ішіңізден қазақтың 

бодандығын сезуші ме едіңіз. 

Тәуелсіз болсақ қой деген арман 

болды ма сізде? Бұл арман 

ойыңызға қай жасыңыздан бекіді? 

– Москвада оқыдым дедім ғой. Әри не, 

ғылыми ортада ондай бола қойған жоқ. 

Қанша дегенмен зиялы қауым ғой. Бірақ 

көшеде, дүкенге кіріп қалсаң немесе тамақ 

ішетін асханаларға бара қалсаң, бізді 

«черные» деп атады. Шашы, көзі қа ра-

лардың барлығы осылай аталды. Енді мен 

сыпайылап айтып отырмын. Одан да жа-

ман қылып айтатын. Сол жүрегімізге ине-

дей қадалып жүрді. Әсіресе 86-жылғы 

Жел тоқсан көтерілісінен кейін қазақтың 

аза маттарында: «Қашан біз құтыламыз, 

қашан Тәуелсіздік аламыз?» деген арман 

бол ды. Бұл ой күндіз-түні бастан кет пей-

тін. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал