Қызылжардың әкімі пролетариат көсемі Лениннің ескерткішін қаланың



жүктеу 0.65 Mb.

бет4/6
Дата25.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6
Биыл Қазақстан Респуб ликасының Консти туциясына 16 жыл 

толып отыр. Конс титуция – әрбір Тәуелсіз, егеменді елдің негізгі 

Ата Заңы, яғни кез келген мемлекет басшылыққа алып өмір 

сүретін басты құжат. Еліміздің Ата Заңы 1995 жылдың 30 

тамызында қазақстандықтардың тікелей дауыс беруі арқылы 

бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Міне, 

содан бері Конституция күні бүкіл ел болып республика 

көлемінде атап өтетін жалпымемлекеттік мейрам ретінде 

қалыптасып отыр.

ЖАҢА ЖҮЙЕ



Тәртіп 

сақшыларының 

тәртібін 

бақылайды

Жамбылдық тәртіп 

сақшыларының жұмысын енді 

GPS жүйесі бақылап отыратын 

болады. Бұл жүйе полиция 

автокөліктерінің қайда бара 

жатқанын, қанша жанармай 

пайдаланғанын, жылдамдығын 

анықтай алады. 

Бұл құрылғылар кезекші бөлімдердің 

көліктеріне, патрульді полицияға, жол 

полициясының көліктеріне қойылады. 

Жедел басқару орталығында бақылау 

жүйесі қойылған, бейнебақылаудан ав-

томатты түрде кез келген дау-дамайлы 

мәселелерді жылдам шешуге болады. 



Олег НИКИТЮК, 

Жамбыл облыстық ІІД жедел басқару 

орталығының бастығы: 

– Биылғы жылы GPS жүйесінің 

125 данасы сатып алынды. Жоғары 

технология бойынша жасалынған 

мұндай заманауи құрылғылар тәртіп 

сақшыларының жұмы сын жақсартуға 

септігі тиері сөзсіз. Жыл жымалы 

патрульді автокөліктердің дер 

уақытында қимылдағанын анықтауға 

мүмкіндік береді. 

Одан бөлек, жедел басқару орталық-

тарында кезекші бөлімдерді, учаскелік 

инспекторлар да жылдам хабар ласа ала-

тындай бір ғана жүйе орнатылды. Жедел 

басқару орталығында еліміздің аза-

маттарының қылмысқа қатысы, авто көлігі 

мен қару-жарағы бар-жоқтығын, сотты 

болған-болмаған дығын, әкімшілік құқық 

бұзушылыққа қатысы, тексеруге мүмкіндік 

беретін ақпаратты банк бар. Бұл тәртіп 

сақшы ла рының  жұмы сын  жеңіл детері 

сөзсіз. 

Гүлжан КӨШЕРОВА

ОҚИҒА


Ғарышқа ұшырылған 

жүк кемесі Алтай 

өлкесіне құлап түсті

Өткен сәрсенбі күні 

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан 

ұшырылған «Прогресс М-12М» 

жүк ғарыш кемесі сәтсіздікке 

ұшырап, Алтай өлкесіне құлап 

түсті. Бұл туралы ҚР Төтенше 

жағдайлар министрлігінің 

баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, «Союз-У» 

зымыран тасығышы бар «Прогресс 

М-12М» кемесі 19.00 сағатта ұшырылған. 

Бірақ арада 8 минут өтпей жатып, ол бағ-

дардан ажырайды. Кейін ғарыш кемесінің 

белгісіз бағытқа құлап қалғаны мәлім бол-

ды. Жолы болмаған ғарыш кемесі ша ма-

мен Ресейдің Алтай Республикасының Чой 

ауданы аумағына құлаған. Ресейлік бұ-

қаралық ақпарат құралдарының хабар-

лауынша, ғарыш техникасы елді мекенге 

де, өзен-көлге де емес, иесіз нулы жерге 

түскен. Қазір арнайы комиссия құрылып, 

оқиғаның себеп-салдарын зерттеп жатыр. 

Қазақстан дық мамандардың мәліметінше, 

ғарыш кемесі құлаған жер еліміздің 

шекарасынан 300 шақырым қашық-

тықта.

Болатбек МҰХТАРОВ

Алматыда тау бөктерінде 

құлаған ағаштарды қалпына 

келтіру акциясы басталды. Соны-

мен қатар мектептерде ағаш егу 

мақсатында «Өмір тұқымы» 

акциясы жүзеге асырылмақ. Ал 

алда келе жатқан Конституция 

күніне орай қазақ эстрадасы 

жұлдыздарының қатысуымен 

«BEATLS» қайырымдылық 

фестивалі ұйымдастырылады. 

Өткен сәрсенбі күні болған баспасөз 

мәслихатында «Табиғат» экологиялық ода-

ғының төрағасы Мэлс Елеусізов кли маттың 

жаһандық жылыну проблема сына адамзат 

атмосферадағы көмірқышқыл газын жұ-

татын жасыл желекті көбейту арқылы ғана 

қарсы тұра алатынын айтты. Сонымен қатар 

«қазір Алматы тауларын дағы шыңдарда 

қар жоқ болғандықтан, келер жылы көк-

темде қала сусыз қалады», – дейді Мэлс 

Хамзаұлы. Расында да, қала дағы арықтар 

мен каналдар жүйесі бойын ша су өтпесе 

құрғақшылық басталып, эко ло гияның күрт 

нашарлауына әкеп соғады. Сол себепті, 

«Та биғат» экологиялық одағы «Posadiderevo» 

қоғамдық қозғалысымен бірге бірнеше 

акция өткізуді қолға алып отыр. Оның бірі 

Медеу тау шатқалындағы құлаған ағаштар-

дың орнына «Жас жұбай лар аллеясы» мен 

«Ардагерлер аллеясы» демалыс саябақ-

тары ның ашылуы. «Posa diderevo» қоғамдық 

қозғалысының ұйым дастырушысы Дәурен 

Жолдасбаевтың айтуынша, бұл жерлерге 

отбасын құрған жас жұбайлар ағаш егетін 

болады. Ал алдағы жылдарда саябақ ту-

ристік орын дарға айналмақ. «Дружные 

ребята» га зетінің бас редакторы Әлімжан 

Ақбаров 30 тамызда ескі алаңда ұйым-

дастырылатын фестивальға барлық қазақ 

эстрадасының жұлдыздары шақырылғанын 

айтады. Бұл мерекелік концертте қала 

табиғатын аялау, қала тұрғындарын ағаш 

егуге шақыру акциялары өтеді. 



Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, «Табиғат» экологиялық 

одағының төрағасы:

– Егер бәрін де ойластырып істесе, 

туризмнен мол ақша табуға болады. 

Бірақ біз оның орнына таудағы ағашты 

құртып жатырмыз. Қала ауасын күн 

сайын 800 000 автокөлік ластайды. 

Мұның бәрі ауа тем пературасының 

көте рілуіне әкеп соғады да, физика 

заңдылығы бойынша дүлей дауыл 

тұрады. Қазір тау бөктерінде жүрг ізіліп 

жатқан тазалау жұмыстары мүл дем 

дұрыс емес. Онда жердің беті түгел қо-

парылып жатыр. Ал ол жерде күн суы-

ғанда сел ағады да, ол топырақты 

шайып кетеді. Астында қалған тас бетіне 

ағаш өспейді. Мұны қайта орнына 

келтіру үшін көптеген қоғамдық ұйым-

дар мен халық ынтамен қалпына келтіру  

жұмыстарына атсалысуы керек. 

Ардақ ҚҰЛТАЙ

АЛАШ-АҚПАРАТ



Медеуді қалпына 

келтіру үшін арнайы 

шаралар басталды

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ



Қарағандылық 

азамат қонақүйге 

шабуыл жасады

Алматының Әуезов ауданын-

дағы қонақүйлердің біріне ша-

буыл жасалды. Куәгерлердің ай-

туы бойынша, қонақүйге қолын-

да пышағы бар ер адам кенеттен 

жүгіріп кірген. Кассаға қарай бет 

алған ол баған артында тұрған 

қызды пышақпен қорқытып, 

ақша беруін талап еткен. 

«Осы сәтте қонақүй дәлізіне кірген 

келуші қылмыскерге қарсылық көр-

сетпекші болған. Алайда қылмыскер бұл 

ер адамды бас салып, оған іш жағынан 

бірнеше рет пышақ ұрған. Осы аралықта, 

куәлердің бірі осы оқиға жайында поли-

цияға хабарлап үлгерген. Дәлме-дәл үш 

минут өткенде келіп жеткен «Боран» эки-

пажы алғашқы көзді ашып-жұмғанша 

күдіктіні қарусыз данды рып, оны тұтқынға 

алды. Қылмыс құралы болған – пышақ 

келіп жеткен же дел-тергеу тобымен алы-

нып, сараптамаға жіберілді», – дейді Әуе-

зов аудандық ІІБ бастығы, полиция пол-

ковнигі Нұрлан Ал масбеков. Бұл ара лық та, 

жарақат алған адамға алғашқы медици-

налық көмек көр сетілді. Дәрігерлер оны 

қалалық ауру ханалардың біріне жат қы-

зып, оған іш құрылысына зардап ти гізген 

пышақ жа рақаты және кеуде тұсының сол 

және оң жағынан терең кесіл ген жарақат 

деген диаг ноз қойды. «Дәрігерлердің 31 

жастағы ер адамның өмірін сақтап қалуға 

тырысқанына қара мастан, сол күні кешке 

ол есін жимаған күйі жан тәсілім етті. Бұл 

аралықта ішкі істер басқармасында екі 

бірдей – қарақшылық шабуыл және кісі 

өлтіру жөнінде қылмыстық іс қозғалды. 

Гүлнар ЖАМАНҚҰЛОВА, 

Алматы қалалық ІІД баспасөз 

қызметінің инспекторы

29 тамыз, Семей полигонының жабылғанына – 20 жыл

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)

Кәріпбек КҮЙІКОВ «Полигон»



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№151 (603) 26.08.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



Салтан СӘКЕН

ӨРКЕНИЕТ


?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

КӨРМЕ


Тіл ұстарту

БАСТАМА


«Қаражорға» 

қарттарға

дем беруде

ЖИЫН


ШАРА

Мәриям ӘБСАТТАР

КӨЗ-ДЕРЕК

• Көз – жарық дүние. Өмір сүруімізге қажет ақпараттың 80 пайызын көз 

арқылы аламыз;

• Адам әр 10 секунд сайын кірпік қақса, әр кірпік қағым уақыты секундтың 

үштен бірін құрайды. Бұл – тәуліктің 50 минуты көзді ашып-жұмуға кетеді 

деген сөз.

• Жаңа туған сәби шамамен 6 айға дейін кірпік қаға алмайды;

• Қос қарашығымыз шамамен 10 миллионға жуық түсті ажырату қабілетіне 

ие. Алайда адамдар жәндік секілді ультракүлгін сәулені көре алмайды.

Көзіңе қара, қара көз!..

Көз алмасы қып-қызыл, ортасын да ғы 

қарашық орнында ақ үтір. Үтірі көбейген 

сайын көздің кереметі де күшейіп, ол кө-

зіне қараған қарсыласының бар құпия 

ақпаратын тартып алады, сондай-ақ 

жылдамдығы да үдей түседі. Міне, осын-

дай қиялға талайлар имандай ұйиды ғой. 

Еліктеу жасындағы тинейджерлерді қойып, 

тіпті оны ұдайы пайдаланатын теле  жүр-

гізушілер де кездеседі. Басқа елде емес, 

қазақта! Әр эфир сайын көз құбылып 

тұрсын дейтін шығар. Небір әншілер жүр 

клипінде жасанды көзін жарнамалап. 



КӨЗ – КӨЙЛЕК ЕМЕС!

Линзаның бүгінде түр-түрі бар. Суреті, 

түсінің әр келкілігінен бөлек, жарамды лық 

мерзіміне қарай да неше түрге бөлінеді. 

Бір күндік, бір айлық, үш айлық, түрлері 

бар. Бағасы 4000 теңгеден басталатын 

линзаларды оптикаларда еркін сата бере-

тін болған. Сатушы – дәрігерлердің өздері. 

Сосын тұтынушы сенбей қайтсін? Әр өткен 

өнімнен оптика дәрігеріне белгілі бір пайыз 

мөлшерінде пайда түсіп отырады. Нәти-

жесінде, қалыпты клини кадағы әріптесінен 

әлдеқайда жоғары жалақы алады. Солай-

ша, жасанды жанар қып-қызыл сауда 

көзіне, ал «көз дәрігері «көз сауда геріне» 

айналып шыға келген. 

Өз кәсібіне адал офтальмологтар түрлі-

түсті линзаға қатты құмартудан сақ болуды 

ескертеді. Себебі линзаны құлпыртқан 

сайын көз әлсіреп, қандай да бір инфек-

цияны жұқтырып алуы мүмкін, оның соңы 

жанардың суалуына, яғни соқырлыққа 

апаруы ғажап емес. Сондықтан бүгіннің 

өзінде шетелдік және ресейлік мамандар 

түсті линзаның қарсыласына айналып 

отыр. Өйткені линзаның кесірінен көз ау-

руына шалдыққандар саны қазірдің өзін де 

жүздеген мыңнан асып жығылса керек. 



Басы 1-бетте

ТҮЙІН

Біле білсек, күлудің өзі – бір ғанибет құбылыс. Күлгенде көзіміздің 

қалай от шашатынын біз сезіне бермейміз. Көзіңіз соқыр болсыншы, 

оның оты сөніп қалмай ма? Сол сияқты жылау да – ағзаға керек 

құбылыс. Жас тамшылау үшін де жанар сау болуы қажет. Себебі соқыр 

көзден жас та тамбайды. Ендеше, сондай қастерлі, сондай қымбат, 

сондай ғажап көзіңді неге қадірлемейсің, құрбым?! Көзіңе неге 

қарамайсың?!.

Мәдина ҚҰРАЛОВА, 

көз микрохирургі: 

– Қазір, өкінішке орай, оптикаларда 

сапасы төмен, арзан түсті линзалар ашық 

сатыла беретін болған. Соның кесірінен 

бүгінде көздің жұқпалы вирусты инфек-

циясы, көздің су мөлдір қабығының 

лайлануы (вирусный конюктивит) көбейіп 

кетті. Бір күнде дәрігерге 10 адам келсе

соның бесеуінде осы ауру, яғни 50 пайыз 

деуге болады. Жастар арасында көзінің 

көру қабілеті төмендегендер жыл санап 

артып келеді, оның да бір себебі осы болуы 

ғажап емес. Себебі Күн сәулесі көзге дұрыс 

өтпейді ғой, көз бейнебір клеенканың 

ішінде тұрғандай болады. Ал клеенканың 

ішіндегі заттың Күн көзінен терлеп, суланып 

кететінін өздеріңіз білесіздер. Былайша 

айтқанда, көз терлейді де, содан түрліше 

ауру пайда болады. Көздің талып ауруы да 

аз емес. Екінші жағынан ол линзаларды 

оптикаларды әр көзге лайықтап егейді ғой, 

сол егеуі дұрыс болмай, көзге тар не кең 

болса да, соның өзі қалыпты көруді 

нашарлатуы мүмкін. Көздің нұры линзадан 

жақсы өтуі үшін линза кристалл секілді 

мөлдір болуы керек қой. Сондықтан көз 

дәрігері, көз жанашыры ретінде айтарым, 

тіпті көзінің көруі нашар болса да, мүм-

кіндігінше көзілдірік киген дұрыс. Өйткені 

күн сайын ауыстыра берген көздер ары 

кеткенде төрт-бес жылда шаршап, одан 

түрлі ауру тауып алады, тіпті соқырлыққа 

да ұрынуы ғажап емес. Сондықтан жас 

жанар ларға айтарым, көз – көйлек емес, 

ұнамайды екен деп шешіп тастай ал-

майсыз. 

МҰСЫЛМАННЫҢ 

КӨЗІМЕН ҚАРАҒАНДА...

Бұл – астамшылық, Алланың өзіне 

бергеніне адам көңілінің толмауы. Қасиетті 

Құран Кәрімде «Ниса», яғни қазақшаға 

аударғанда әйел деген арнайы сүре бар. 

Сонда Алла тағала Ібілістің әйелді азғыру 

үшін айтатын мына сөзінен біздердің сақ 

болуымызды ескертеді: «Мен оларға 

бұйырсам болды, олар міндетті түрде 

Алланың бергенін өзгертеді». Сондай-ақ 

Құранда жұмақ әйелдері жайлы айтқанда 

оларды қара көзді деп сипаттайды... Басы 

артық сөз айтпастан, осыдан-ақ көп 

нәрсені ұғуға болады. 

ТҮР

ТКІ


Семейдегі қарттар мен 

мүгедектерге арналған жалпы 

үлгідегі медициналық әлеуметтік 

мекемесінде ерекше клуб 

ашылды. Клуб «Қаражорға» 

деген атқа ие. Бүгінде онда 

отызға тарта адам аптасына екі 

рет жарты сағаттан 

«Қаражорғаны» билейді. 

Ерекшелігі, сол биді тек қарттар 

ғана емес, жастайынан 

мүгедектікке шалдығып, арбаға 

таңылған өрімдей жастар да 

билейді. Тіпті араларында 

жасанды аяқ кигендер де бар. 

Биді мекемедегі психолог мамандар 

жүргізеді. Тағы бір айтарлығы, қарттар 

үйін 


де төсекке таңылғандар үшін де 

жағдай қарастырылған. Бұл ретте маман-

дар әр палатаны аралап, оларға «Қара-

жорға» әуенін қояды. «Әуеннің кереметі 

сонша төсек тартып жатқан адамдардың 

өзі ести сала қуанып, дене бітімін барынша 

қимылдатқысы келеді. Қазір осы әуенге 

сай бейімделіп, денелерін қозғалысқа 

енгізе бастады» дейді мекеме қызметкер-

лері. Бүгінде «Қаражорға» тек қол-аяқ 

буындарын қозғалысқа келтіріп қоймай, 

адамдардың көңіл-күйін көтеруге де 

барынша көмектесуде. 

Динара ҚОНАҚБАЕВА

клуб жетекшісі, психолог:

– Бұл кісілерге мекеме толыққанды 

көмек көрсетеді. Сондықтан қамқор-

лық қа алынған жандар жұмыс істемей-

ді. Артық қимыл-қозғалыс жоқ десе де 

болады. Сондықтан біз би арқылы бұл 

кісілерді біраз қозғалысқа келтіруді 

жөн деп таптық. Клубқа келгенде отыз 

минут болсын терлеп, жаңағы іштегі 

энергияларын шығарады. Бізге 

келгенде мүлде қозғала алмайтын 

адамдар қазір аздап болса да қимыл-

қозғалыс жасай бастады. Біз соған 

қуанамыз. 

Бастапқыда «Қаражорға» биі қамқор-

лық  қа алынған жандардың бір-бірімен 

қарым-қатынас жасауы үшін қолданылған 

екен. «Артынан олардың ауыр дертінен 

айығуына септігін тигізіп, өмірге деген 

құлшыныстарының артатынына көз 

жеткіздік. Сондықтан биді арнайы жаттығу 

үшін қолдануды жөн деп таптық» дейді 

мекеме қызметкерлері. Қазір де қарттар 

үйіндегі әр мереке «Қаражорға» биінсіз 

өтпейді. Қарттар мен мүгедектерге ар-

налған мекемедегі таптырмас жаттығуды 

қаладағы басқа да әлеуметтік мекемелер 

қолданысқа енгізе бастапты. 

Асыл ЖАН, 

Семей 

Бүгін Астана қаласындағы 

Президенттік мәдениет 

орталығының үлкен залында 

Қазақстанның этностық топтары 

өкілдерінің арасында 

«Мемлекеттік тілді білу – 

парызың» атты республикалық 

олимпиада өз жұмысын 

бастайды. 

Аталған білім сайысы Мемлекет бас-

шы сының Қазақстан халқы Ассам блея-

сының XVI сессиясында берген тап-

сырмасына орай және ел Тәуелсіздігінің 

20 жылдығын мерекелеу шараларының  

аясында ұйымдастырылып отыр. Білік-

тілердің басын қосатын бұл шараның 

мақсаты – еліміздегі этносаралық бірлік 

пен келісімді нығайту, мемлекеттік тілдің  

Қазақстан халқын біріктіруші фактор 

 

ретіндегі  мәртебесін арттыруға үлес қосу. 



Олимпиадаға облыстық, қалалық дең-

гейде өткізілген  кезеңдердің 16 жеңімпазы  

(18 бен 30 жас аралығында) қатысады.  

Жалпы республика бойынша бұл шара 

300-ден астам 21 этнос өкілін қамтыды.

Білікті жастар сынға түсетін бұл шара 

«Отантану», «Қазақ тілін білу маған не 

береді?» атты эссе  жазу, «Мемлекеттік тіл 

– іс жүргізу тілі»  іс-жүргізуге қатысты 

бланк толтыру, және  «Өнерлінің өрісі кең» 

деп аталатын бес түрлі кезеңді қамтиды. 

Жеңімпаздарға Қазақстан халқы Ассам-

блеясының атынан бағалы сыйлықтар мен 

арнайы дипломдар табыс етілмек.

Сонымен қатар олимпиада шеңберінде 

қазақ тілі мен мәдениетінің жанашырлары 

Б. Нұржекеев, Р. Халмұрадов, А. Осман, 

Г. Разиеваларды  құттықтау рәсімі және 

белгілі жазушы Ә.Әлпейісовтің  ел Тәуел-

сіздігінің  20 жылдығына арналған «Азат-

тық аңсаған Сарыарқа» атты  кітабы ның 

тұсаукесері  өтеді.



Белоруссияның Гомель 

қаласындағы тарих мұражайын-

да Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 

жылдығы мен ҚР Конституция 

күнін атап өту іс-шаралары 

аясында «Қазақстан: бейбітшілік 

пен жасампаздықтың 20 жылы» 

деп аталатын көрме ашылды. 

Аталған көрмеге еліміздің ежелгі 

тарихы мен бүгінгі кезеңді қамтитын 

бірқатар құнды жәдігерлер қойылған. 

Көрменің негізгі бөлігінде еліміздің соңғы 

жиырма жыл ішінде жеткен жетістіктерімен 

тікелей байланысты құжаттар мен фото-

суреттер жинақталған. Көрменің ашылу 

рәсімінде  Қазақстанның  Бело руссия дағы 

елшісі мұражай ұжымына атқарған жұмыс 

пен көрмені ұйымдас тырудағы көмектері 

үшін алғыс білдірді.



Анатолий СМИРНОВ, 

Қазақстанның Беларусь 

Республикасындағы Төтенше және 

өкілетті елшісі:

 – Егемендікті енді алған 

жылдары Қазақстан халқына арнаған 

Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев 

2030 жылы біздің ұрпақтарымыз 

әлемдік оқиғалардан артта 

қалмайтын елде өмір сүретін болады 

деп айтқан еді. Оның сөзіне 

күмәнмен қарағандар көп болды. 

Алайда біз ұзақ жылдарға 

жоспарланған мақсатқа одан да 

бұрын қол жеткіздік. Бұған көрмені 

көріп көз жеткізуге болады.

Алмат ИСӘДІЛ

Белорустар 

қазақ 

тарихымен 

танысуда

Бүгін Шығыс Қазақстанда 

әлемдік деңгейдегі алыс және 

жақын шетел түркітанушылары-

ның және елге белгілі тарихшы, 

қаламгерлердің қатысуымен 

«Алтай – түрік әлемінің алтын 

бесігі» атты алғашқы халықара-

лық форумы басталмақ.

Әлемнің 12 елінен келген өкілдер бас 

қосатын айтулы шараға ТЮРКСОЙ ұйы-

мының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, 

Қазақстан Республикасындағы Түркияның 

Төтенше және өкілетті елшісі Лале Улькер 

ханым, Жапонияның Төтенше және өкілетті 

елшісі Харад Юдзо, Корей Республикасы 

елшілігінің консулы Квон Донг-Сок және 

Ресей Федерациясы елшілігі істеріндегі 

уақытша сенімді өкілі Сергей Тарасенко 

қатысады деп күтілуде.

Форумның алдында Қазақстанда 

алғаш рет ТҮРКСОЙ VIII халықаралық 

фотосуретшілер зертханасы ұйымдас-

тырыл ған болатын. Оған Ресей, Түркия, 

Қырғызстан, Әзірбайжан, Татарстан, 

Башқұртстан, Тува республикаларының 

өкілдері қатысып, өлке тарихынан сыр 

шертетін тамаша суреттерін ұсынды.

Ал ертең Қатонқарағай ауданы Берел 

мұражайының маңында құрылған киіз 

үйлер қалашығында «Алтай – алтын 

бесігім» атты түркітілдес халықтардың 

халықаралық дәстүрлі музыкалық фес-

тивалі өтеді.



Алмат ИСӘДІЛ

Алтайдағы 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал