Қызылжардың әкімі пролетариат көсемі Лениннің ескерткішін қаланың



жүктеу 0.65 Mb.

бет2/6
Дата25.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сәкен КӨКЕНОВ

ҚР Қорғаныс 

министрлігінің 

алқа отырысы өтті

Кеше Қорғаныс 

министрлігінде ведомство 

басшысы Әділбек 

Жақсыбековтің төрағалық 

етуімен Қазақстан 

Республикасы Қорғаныс 

министрлігінің алқа отырысы 

болып өтті.

лен, біз бүгінгі күні корей бизнес қауым-

дастығына жоғары құн салығын қамтитын 

400-ге тарта өнім түрлерін елімізде өндіріп 

шығаруды ұсына аламыз. Тау-кен, химия 

салаларындағы іске аспай жатқан әлеует 

те зор», –  дейді екеуара болуы мүмкін 

биз  нестің  жай-жапсарына  мән  берген 

вице-премьер, индустрия және жаңа тех-

нологиялар министрі Әсет Исекешев. Фо-

рум ға жетекшілік жасаған вице-премьер 

сөз арасында корея бизнесі үшін елімізде 

ашылатын мүмкіндіктерді де біршама тіз-

бектеп шықты. Сосын алдағы уақытта ел 

өңір лерінде жаңа экономикалық ай мақ-

Басы 1-бетте

Корея Президенті 

Ли Мен Бактың ресми 

сапары шеңберіндегі 

Ақордада өткен жоғары 

деңгейдегі келіссөз Бизнес 

қауымдастықтың іскерлік 

кеңесіне жалғасқан 

болатын. Премьер-

министр Кәрім Мәсімовтің 

қатысуымен өткен форум 

да нәтижелі,  жалпы құны 

260  млн  долларды  құрайтын                  

9 келісімге қол қойылды. 

тардың ашылатынын айтып, Бизнес қауым-

 дастығын осындай экономиканың «отты 

нүктелерін» игеру үшін атсалысуға ша -

қырып, қызықтыра білді. 

Өз кезегінде Бизнес қауымдастығы ал-

дында сөз сөйлеген Үкіметбасы Кәрім Мә-

сі мов соңғы үш жылда Қазақстан-Корея 

ын тымақтастығының деңгейі шарықтап 

өс кенін алға тартты. «Біз осыдан екі жыл 

бұрын соңғы рет кездескенімізде жаһандық 

дағдарыс шарықтау шыңына шығып 

тұрған-ды. Қаржы жүйесі құлдырап, әлем-

дік экономика ұлы дағдарыстан бергі ең 

сорақы кезеңді басынан кешіп жатқан. 

Әйтсе де, қарсы соққан алапат дауыл 

Қазақ стан мен Корея арасындағы қаты-

насты шайқай алмады. Керісінше, дағ да-

рыс екі елдің біршама жақындасуына сеп-

тігін тигізді», – деп атап өтті Кәрім Қаж ым-

қан  ұлы. Премьер әлемдік ахуалға тоқтала 

келе, экономикалық қатердің әлі де сейіл-

мегенін, қайта құбыла түскені жайында 

әңгімеледі. «Бүгінгі саясаткерлер ауқымды 

қатерлермен, белгісіздікпен бетпе-бет 

қақтығысуда. Қаржылық қиыншылықтар, 

да мыған елдердегі өсімнің тежелуі һәм 

Еуропадағы қарыз дағдарысы бірден се-

нім ді төмендетіп, экономикалық дамудың 

келешек перспективасына алаңдатады, 

ре цессияның жаңа толқыны мүмкіндігін 

зо райта түседі. Қаржы нарығы да үрей 

үстінде, инвесторлар тәуекелге баруға бата 

алмай тұр. Оның үстіне, соңғы аптада бүкіл 

әлем бойынша қор нарықтары айтарлықтай 

шығынға ұрынып, қысқа мерзімді қар жы-

ландыруларда тағы да стрестік белгілер 

пайда болды. Шикізаттық тауарлар құны 

да құбылмалы, азық-түлікке бағаның ша-

рық тауы жаңа жаһандық азық дағ да ры-

сының қаупін сездіретіндей. Ал мұндай 

жағ дайда «G-20» тобының үндеуін қай-

талап, қуатты, теңдестірілген және орнықты 

өсім үшін күреске шақырғым ке леді», – 

деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы. Бұдан 

әрі Кәрім Қажымқанұлы Қазақ танның 

орнықты даму мәселесіне де сөз арнады. 

Премьердің пайымынша, елі міз дегі дамуға 

жетелейтін кілт экономиканы әр тарап-

тандыруда жатыр. Сосын бүгінгі жаһан-

данған әлемдегі бәсекелестікті одан сайын 

арттыру біз үшін аса маңызды бол мақ. 

«Еңбек өнімділігін арттыру һәм бә се кеге 

қабілеттілікті  көтеру  эко но ми каның  күн 

тәртібінде тұр. Сол үшін бізге ин но-

вацияның маңызы зор. Корей елінің ин-

новациялық және технологиялық да му-

дағы жетістігіне мән бере келе, мен қонақ 

болып отырған әріптестерімізді Қазақ-

станның инновациялық секірісіне қатысуға 

шақырамын. Біздердің әріптестігіміз уақыт 

сынына лайықты төтеп беретініне сенім 

мол», – деді К. Мәсімов. 

Кездесу соңына таман бірқатар құ-

жаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, 

Қазақ стан үшін «Ssang Yong» автокөлігінің 

бірегей моделін  CKD (Сomplete Knock 

Down) бойынша құрастырудың лицен-

зиялық келісімі жасалды. Мұның құны 60 

млн АҚШ долларын құрайды. Содан 

басқа, 2012 жылы «Дженерал Моторс 

Корея» зауытынан бөлшектердің жет кі зі-

лімін арттыру жөніндегі меморандумға 

қол қойылды (жоба құны 2012 жылы 200 

млн доллар). Ал ақпараттық-ком му ни ка-

циялық технологиялар саласында бір-

лескен ғылыми-зерттеу институтын құру 

жөніндегі  келісім  жа са лып,  қазақстандық-

корейлік  энер ге ти калық  және  тех но ло-

гиялық даму жобасын іске асыру келісімі 

бе кітілді. «Kaznex Invest» экспорт және 

инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» 

АҚ мен Корея өнеркәсібі федерациясы 

ара сында өзара түсіністік туралы ме мо ран-

думға, Қазақстанда жеке секторды дамыту 

және лизингтік компанияны құру жөніндегі 

ме морандумға  қол  қойылды.

оның жалпы құны 4,3 млрд теңгені құ рай-

ды. Оның 70 пайызы заем ретінде алынса, 

қалған 30 пайызы – жекеменшік ка пи тал-

дың үлесінде. Заемдық қаражаттың басым 

бөлігі – 2,5 млрд долларды Оңтүстік Ко-

рея ның үкіметі арқылы осы елдің «LG 

Chemicals» компаниясы алып беріп отыр. 

Осыған орай, кеше рәсімделген келі сім-

шарт қа сәйкес, Атырау облысындағы газ-

химия кешені құрылысының II кезеңіне 

қатысушы «Kazakhstan Petrochemical 

Industries Inc.» ЖШС мен «LG Chemicals» 

ком паниясы арасында бірлескен кәсіпорын 

құ рылды. Бүгінде осы нысан бойынша 

акционерлердің үлес салмағы келесідей: 

жоба операторы – «Kazakhstan Petro-

chemical Industries Inc.» ЖШС: «Қаз Мұ най-

Газ» барлау мен өндіру» АҚ-сы – 51% 

(«Бір лескен химия компаниясы» ЖШС-нің 

басқаруында) және «SAT & Company» 

АҚ-ы – 49 пайыз.

Айтқандай, кешегі кездесу кезінде 

Оңтүстік Корея Республикасының Пре зи-

денті Ли Мен Бак Елбасы Нұрсұлтан На зар-

баевты келесі жылы наурыз айында өтетін 

Ядролық форумға қатысуға шақырды. 

Мем лекет басшысы Ли Мен Бактың бұл 

ша қыруын  құп  алды. 

Қанат ҚАЗЫ

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№151 (603) 26.08.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

НАРЫҚ

АЙМАҚ


Кәсіпкерлер мен 

қаржыгерлер 

келісімге келді

Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Сағындық САТЫБАЛДИН, 

экономика 

ғылымының докторы, профессор:

Хакім СУЕРБАЕВ, 

химия ғылымының докторы, профессор:

Мұнай экспортына баж салығын көтеру арқылы 

жанармай тапшылығын шеше аламыз ба?

Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ, техника ғылымының докторы, профессор:

– Бүгінде мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, мұнай өнімдеріне, оның ішінде жанар-жағармай мен дизельді отынға 

бақылауды күшейту Үкіметтің басты назарда ұстайтын бағыттарының біріне айналып отыр. Егер деректерге 

жүгінсек, өткен жылы күзде 1 тонна дизель отыны 520 долларды құраса, биыл бұл көрсеткіш 1000 доллардан 

асып-жығылыпты. Жалпы, Қазақстанға келетін жанар-жағармай көлемінің 30 пайызы сырттан келетіні 

айқын. Осыған қарамастан, біз мұнай өндірісіне мән беріп отырған жоқпыз. Қазақстандағы мұнай өңдеу 

технологиясының ескіргені сонша, біз 1 тонна мұнайдан 400-450 келі жанармай ғана ала алады екенбіз. Ал 

көршілес Ресейдің зауыттары 1 тоннадан 600-700 келі жанармай шығарады. Еуропа мен АҚШ-та бұл көрсеткіш 

700-770 келіні құрайды. Оның үстіне, бізде отандық мұнайдың бір бөлігі сыртқа сатылады. Ал өзіміз тұтынатын 

жанармайды Ресейден алуға мәжбүрміз. Міне, бұл – ойланатын жағдай... Сондықтан, меніңше, біздегі мұнай 

өңдеу технологиясына жаңашылдық керек-ақ...

БЕЙТАРАП ПІКІР

туындамасын десек, осы әдісті қолға алуға 

тиіспіз. 

Мен мұны қолдаймын, қуаттаймын. 

Мұнай экспортына кедендік баж салы-

ғын көтеру керек. Елдегі жағдайдың өзі 

мұны қажет етіп отыр. Өйткені бізде-

гі мұнай өндірісінің аяқ алысы сіз бен 

бізге белгілі. Мемлекетіміздегі мұнай 

өңдей 


тін ком 

паниялардың дені ше-

телдік ал 

пауыттардың қолында. Олар 

көктемгі егістік кезінде және күзгі жиын-

терім кезінде өз жұмыстарын бәсеңдетіп 

тастайды. Тіпті сол компаниялардың 

әр нәрсені сылтау етіп, мұнай өңдеу 

жұмыстарын тоқтатып та тастаған күн-

дері болды. Бұл сәтте бізге қосымша 

көмекке келетін елде шағын мұнай 

өңдейтін зауыттар жоқтың қасы. Олар-

дың ісі тіптен мардымсыз. Ендігі ке-

зекте амалсыз сыртқа экспортталатын 

мұнайға бақылауды күшейткен абзал. 

Оған салынатын салық мөлшерін өсіру 

керек. Бұған мемлекеттік қадағалау 

қажет. Елдің мүддесі үшін осылай істеуге 

тиіспіз. Бұлай етпесек, күні ертең күзгі 

жиын-терім науқанында «ауызды қу 

шөппен сүртіп», жанармай тапшылығы 

тіптен шырқау шегіне жетеді. Сондықтан 

бұл істі кешеуілдетпей, уәкілетті орган-

дар осыған мән берсе деймін...



Дайындаған 

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

 

Республикалық тас жолдарда жедел жәрдем нысандарын ашу ісі аяқсыз қалып қойған жоқ па? 



Амантай 

БІРТАНОВ, 

Алматы қалалық 

№2 емхананың бас 

дәрігері:

Көбейхан 

НҰРАХМЕТ, 

Алматы облыстық ішкі 

істер департаментінің 

баспасөз қызметінің 

бастығы:

Берік 

БЕКЖАНОВ, 

Парламент 

Мәжілісінің 

депутаты:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Қазір Қазақстандағы көлік санының 4-5 млн-ға көбеюі, 

еліміздегі жолдардың осынша көп көлікті қам туға жет пеуі, 

жарамауы, жүргізушілердің жол ережесін сақ та мауы тас жол-

дарда жол-көлік оқиғаларын жиілетіп отыр. Оны азайту ісі 

кешенді шараларды қажет етеді. Объективті, субъ ективті се-

бептерді бірден шешу қажет. Тек қана жедел жәр дем ны-

сандарын ашу емес, жақсы жолдар салу да – бүгін нің талабы. 

Қазіргі мезгілде жер-жерде жолдардың жақ сылап жөнделіп 

жатуы, ең алдымен, жолдағы апаттарды азайту мақ сатын 

көз дейді. Дегенмен, әрине, жолдарда же дел жәр дем ны сан-

дарын ашу керек, әсіресе, Қазақстанда бұрын-соңды бол-

маған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ха лық аралық жо басын-

да мұндай нысандар міндетті түрде болуы керек. Жол апаты-

на ұшыраған адамдарға дер кезінде ме ди циналық көмек 

көрсету мәселесі ешқашан назардан тыс қалмауы тиіс. 



А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Тас жолдарда көліктің жылдамдығын асырып 

айдау тыйылмай келеді. Сол себепті көбейіп жатқан 

жол апаттарының алдын алу халық үшін маңызды бо-

лып тұр. Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері 

қазір тас жолдардың қай тұстары қауіпті екенін жақсы 

біледі. Осындай жерлерге жолаушылар тамақ ішетін, 

телефон жүргізілген, жедел жәрдемі бар нысандар 

ашу керек. Бұл мәселе қазір қолға алынып жатыр. Оны 

тездетудің қажеті жоқ. Бұл тез арада бола қалатын ша-

руа емес, ол үшін қаражаттан бастап, маман даярлау, 

тағы басқа мәселелерді шешіп алу керек. Елбасының 

«ең алдымен маман дайындау қажет» деп шырылдап 

жүргені сол. 

– Соңғы кездері Алматы облысының тас жолдарында апаттардың 

жиілеп кеткені рас. Облыстың трассалары ұзын. 22 күн ішінде 325 

жол апаты болыпты. Оның 272-сінде адамдар қайтыс болған. Жол-

көлік оқиғасы көп болатын Алматы мен Қапшағайдың аралығында 

дәмханалар да көп. Менің ойымша, соларға жедел жәрдем 

қызметтерін қоюға болады. Қазақстанда, құдайға шүкір, жер кең. 

Қарағанды жаққа, тағы басқа жаққа жүрсеңіз, айдала. Қыстыгүні 

Алакөл жақта машиналардың жол бойында көп тұрып қалатыны 

сондықтан. Адамдар жолда қалса, біз тікұшақ жалдап, дәрігерлерді 

әскерилермен қосып, азық-түлік, техникасымен қосып, апарып жа-

тамыз. Ал егер жол бойында жедел жәрдем сияқты жолаушыларға 

қызмет көрсететін нысандар болса, жақсы болар еді. Жолға жол поли-

цейлерін қойып қою нәтиже бере бермейді. Біздің адамдар полицей-

лерге де, жолдардың жағдайына да қарамай, жылдамдығын асырып 

жүріп, апатқа ұшырап жатады.

Дайындаған 

Болатбек МҰХТАРОВ

Салықты өсіру арқылы мәселе шеші-

летін болса, Үкімет бұл іске әлдеқашан бел 

шешіп кірісер еді. Мәселені шешудің 

түйінін біз басқа әдістер арқылы қарастыр-

ғанымыз жөн. 

Бұл тараптан айтар өзіндік пікірім, елде 

мұнай химиясының өркендеуіне мүм кін-

дік берілгені жөн. Ойлап қарасақ, қазір 

әлем елдерінің басым бөлігі мұнайдан 

тұр мысқа қажетті заттар алудың шеберіне 

айналып жатыр. Мұнай химиясын жетік 

мең 

герген елдер шикі мұнайды терең 



дең гейде ұқсатып отыр. Бүкіл әлем қазір-

де мұнай шикізатынан алынатын өнім көр-

сет кішін 92-94 пайызға дейін жеткізуге 

тал пынуда. Ал біз мұнай шикізатының аз 

ғана бөлігін мотор отындары мен дизельді 

отын ретінде қолданып жатырмыз. Оның 

өзінде отандық тұтынушыларды аталмыш 

өнім дермен толықтай қамтамасыз етуге 

қабі летіміз  жеткіліксіз. 

Мысалы, өзіңіз білесіз, қазір бірқатар 

әлем елдері моторлы отындарға қатысты 

Еуро-5 стандартына еніп кетті. Өкінішке 

қарай, Қазақстан бұл межеде әлі Еуро-2 

стандартына иек артып отыр. Мұның өзі 

біздің мұнай өңдеу саласының кенжелеп 

қалғандығын айғақтап тұр. Егер біз елде-

гі жанармай тапшылығын жойып, оның 

сапасын өсіреміз десек, мұнай химиясын 

жандандыруымыз керек. Айта кету керек, 

негізінен, дамушы және дамыған елдерде 

мұнай өңдеу зауыттарының қасында мін-

детті түрде мұнай-химия өндірісі болады. 

Осы өндіріс орындары арқылы олар мұ-

най дан қосалқы өнім алады. Ал біздегі 

Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу 

зауыттары тек қана мотор отындарын шы-

ға рып отырғанның өзінде халықты сапалы 

жанар-жағармаймен, дизельді отын 

мен 

қамтамасыз ете алмай отырған жоқ па? 



Егер біз мұнай нарығында өзіндік бренд 

жинағымыз келсе, мұнай өндіру шілер сау-

даларын қыздырғысы келсе, елде мұнай 

өнімдерінің тапшылығы орын алмасын 

десек, алдымен осы проблеманы шешу-

ге ты рысқанымыз абзал. Бұл — мәселені 

түбе гейлі шешетін тетік. 

«Виза түйінін» кім шешеді?

КӨЛІК Т


А

СЫМА


ЛЫ

Бірақ соңғы кезде осы сауда байланы-

сына қатысты бір түйткіл шықты. Еске 

түсірсек, шілде басталғанда Қытай жағы 

біздің тасымалдаушыларға жүргізуші ви-

засын беруді тоқтатқан болатын. Соның 

салдарынан ел бюджеті 3 миллион дол-

лардан қағылды. Тасымал саласындағы 

мамандар отандық оператордың әрбір 

рейсі еліміздің бюджетіне салық түрінде 

1000 доллар әкеледі деп сендіреді. 1 шіл-

деден бері 3 мыңнан астам рейс орындал-

май қалған. 

Ал Қытайдың әлгіндей шешімге келуіне 

біздің шенеуніктер кінәлі көрінеді. Өйткені 

сонау жыл басында визаға қатысты тәртіп 

біздің тараптан қатайтылған соң, Қытай 

жағы осындай «кекті шараға» барған сияқ-

ты. Сөйтіп, 1 шілдеден бастап біздің жүр-

гізушілерге виза беруді тоқтатқан. Қазір 

олар 100 қазақстандық визаға 100 виза 

ғана беріледі деп отыр. 

Қазақстан халықаралық автомобиль-

мен тасымалдаушылар одағы (ҚазАТО) 

бұған дейін де Консулдық қызмет депар-

таменті (Сыртқы істер министрлігіне қа-

расты) тарапынан қабылданған шаралар-

ды алып тастау жөнінде өтініш айтып хат та 

жазған. ҚазАТО өкілдерінің ойынша, ви-

заны бір жылға бір-ақ беріп, көлікті бір 

жүргізушіге ғана тіркеп қою дұрыс емес. 

Бұл тығырықтан шығудың бір ғана жолы 

бар – әлгіндей талаптарды жою. Бірақ оған 

Қытай жағы бірден иіле қояр ма екен? 

Бірақ жан қысылғанда түрлі амал 

табуға шебер біздің адамдар қол қусырып 

отырған жоқ. Шекарадағы «тоқырау» жаңа 

кәсіпті шығарыпты. Қазір онда делдал-

дықтың бір түрі өрістеді. Әлі де визасы бар 

тет қағи дасын ен гізгені рас. Қазіргі кезде 

виза беруді жан дандыруға байланысты 

мәселені шешу жолдары қарастырылуда», 

– дейді. 

Осы орайда айта кетейік, «Батыс 

Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық та-

сымал дәлізі ашылатын күн де алыс емес. 

Бұл жоба маңызды үш жүк тасымалы 

бағытын қамтамасыз етуі тиіс: Қытай – 

Орталық Азия, Қытай — Қазақстан және 

Қытай — Ресей — Батыс Еуропа. Осы-

лардың ішінде Қытай — Орталық Азия 

бағытының жүк айналымын дамыту 

әлеуеті ең жоғары болып саналады. Он 

шақты жылдан кейін «Батыс Еуропа – 

Батыс Қытай» дәлізі арқылы жылына 

330 млн тонна жүк тасымалданады деп 

жос парланған. Мұның ел қамбасына 

қан шама табыс әкелетінін тәптіштеудің 

өзі ар тық. Ал біздің шенеуніктердің не-

гізсіз шек теулері отандық тасымал дау-

шы лардың  ха лықаралық  автокөлік 

тасы малындағы  бә секеге  қабілеттілігін 

кемітуі мүмкін.

100 миллион АҚШ долларына баға-

лан ған келісімшартқа тамыздың 24-інде 

қол қойылған көрінеді. Шарт бойынша, 

алушы болашақта өндірілетін мұнайдың 

көлеміне қарай, 476 миллион доллар ро-

ялти төлеуі тиіс.

Компания ендігі жерде негізгі күшін 

өзінің басты мақсаты – мыс өндіруге түбе-

гейлі бағыттамақ. Оның дәлелі – ком па-

нияның Директорлар кеңесінің Павлодар 

облысындағы Бозшакөл мыс кен орнын 

игеру жобасын мақұлдауы. Үдемелі ин дус-

триялық-инновациялық даму жобасына 

еніп отырған Бозшакөл кен-байыту комби-

натын салу жобасы «Қазақмыстың» таяу 

жылдардағы жетекші жобасы бол мақ.

Бозшакөл кенішінде 1976-1985 жыл-

дары игеру жұмыстары жүргізіліп, ке йіннен 

консервацияға қойылғанымен, қазір ол 

әлемдегі перспективалы кен орын дарының 

бірі болып саналады. Мұнда құрамында 

0,35 пайыз мыс бар 1,173 млрд тонна 

руда жатыр. Кен орнының пайдалану мер-

зімі 40 жыл деп белгіленген, осы уақытта 

жылына 75 мың тонна мыс концентраты 

алынбақ. Жобаның бастапқы игеру жұ-

мыстарының өзіне 1,8 миллиард АҚШ 

доллары жұмсалып отыр. Комбинатта 

1500 ма манға жұмыс орны ашылады.

«Қазақмыс» мұнай 

активтерінен бас тартты

«Kazakhmys PLC» компания-

лар тобы өзінің еліміздің баты-

сындағы «Шығыс Ақжар» мұнай 

кенішін өндіріске дайындап жат-

қан Kazakhmys Petroleum бөлімін 

сату жөнінде шешім қабылдады.

ЭКОНОМИКА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



Шағын және орта 

кәсіпкерлікті қолдау 

мақсатында «Бизнестің жол 

картасы» бағдарламасы жаңа 

жобалардың жасалуына, 

жаңа нысандардың пайда бо-

луына ықпал етуде. Жақында 

осы бағдарлама аясында 

жоспарланған жобалардың 

бірқатары қаржыландыру 

көздерін тиянақтап алды. Осы 

орайда Ақтөбеде қаржы инс-

титуттары мен кәсіпкерлер 

арасында алты шартқа қол 

қойылды.

Неміс технологиясы бойынша құбыр 

шығаруды қолға алған «Ақтө бе құры лыс-

химмонтаж» ЖШС «Нұрбанк» АҚ Ақтөбе 

филиалымен мәміліге келді. Аталмыш 

серіктестік алатын 450 миллион теңге не-

сиенің пайыздық мөлшері субсидия ар-

қылы өтелетін болды. Зауыттың жо балық 

қуаты – жылына 12 мың тонна құбыр 

шы ғару. Жоба жүзеге асырылғаннан ке-

йін 150 жаңа жұмыс орыны ашылатын 

бо лады. Ал қолданылатын технология – 

немістің «KraussMaffei Tehnologies» ком-

пания сының озық инновациялық техно-

логиясы.

«Саяжан» ЖШС қызмет көрсету түр-

лерін көбейтуді мақсат етіп отыр. Серік-

тестік 64 миллион теңгеге медициналық 

құралдар алуды жоспарлаған. Мұншама 

қаржының ауыр соғатынын сезген серік-

тестік банктердің көмегіне жүгінді. Кәсіп 

иесінің кең тыныс алуына «АТФ Банк» ак-

ционерлік қоғамының Ақтөбе филиалы 

көмек қолын созды. Субсидия арқылы 

берілетін қаражаттың пайыздық мөлшері 

– 7 пайыз. Бес жыл мерзімге берілген бұл 

не сие серіктестіктің сұранысын толық қа-

нағаттандырып отыр. 

Қазіргі кезде ұннан жасалатын конди-

терлік өнімдерді шығарушы кәсіпкерлер 

аз емес. Олардың арасында өз өнімдерінің 

сапасымен, түрінің әдемілігімен көзге 

түсіп жүргендері де бар. Солардың бірі 

— «Бихамбетова» жеке кәсіпкерлігі. Бұл 

кәсіпкерлік жақында өткен «Қазақстанның 

үздік тауарлары» аймақтық көрмесінде 

«Үздік азық-түлік тауарлары» номина-

циясы бойынша жүлделі үшінші орынды 

жеңіп алды. Кәсіпкер нан және конди-

тер өнімдері өндірісі үшін технологиялық 

қондырғыны Германиядан сатып алуға 

бекінді. Себебі бұл қондырғының тиімді-

лігі, энергия қуатын аз жұмсайтыны бел-

гілі болып отыр. Инвестицияның жалпы 

кө 

лемі 7,2 миллион теңгені құрайды. 



Ша ғын бизнес өкілдері мен банкирлер 

арасындағы кездесуде қажетті қаржыны 

табу мүмкіндігіне жол ашылды. «БТА Банк» 

АҚ Ақтөбе филиалы үш жылға жылдық 

14 пайыздық өсіммен несие беретін бол-

ды. Бірақ мұның 7 пайызын мемлекет суб-

сидиялайды.

«Кандула» ЖШС-нан және нан өнімдері 

өндірісін автоматтандыруды жоспарла-

ды. Өндірісті кеңейту үшін 18 миллион 

теңге қажет. Несиені «Банк Центр Кредит» 

АҚ Ақтөбе филиалы беретін болды. Не-

сиеге қосылатын жылдық 10 пайыздық 

үстеменің 3 пайызын ғана кәсіпкер өтейді. 

Бұл да кәсіпкерлікті дамыту үшін үлкен 

көмек. 


Банктермен келісімге келген кәсіп кер-

лер жобаларының арасында мал шаруа-

шылығына арналған жобалар да бар. 

Мәселен, «Болат ЛТД» ЖШС мал шар уа-

шылық өнімдерін ұлғайтуды мақсат етіп 

отыр. Бұл бүгінгі күні қажеттілікке ай-

нал 

ған өзекті жұмыс болып табылады. 



Оның үстіне серіктестік асыл тұқымды мал 

шаруа шылығымен  айналысуды  бірінші 

ке зекке қойып отыр. Кәсіпкерлер Ресейдің 

Ор 


ынбор облысындағы асыл тұқымды 

мал өсіретін шаруашылықтан 43 миллион 

теңгеге даланың қызыл сиырының төл-

дерін сатып алмақшы. Ал серіктестік пен 

«Банк Центр Кредит» АҚ Ақтөбе филиалы 

арасында шарт жасалды. Шарт бойынша 

жылдық 10 пайыздық үстеменің 7 пайы-

зын мемлекет субсидиялайтын болды. 

 «Фарм Ақтөбе» ЖШС несиені жылдық 

14 пайызбен «Евразиялық банк» АҚ фи-

лиалынан алатын болды. Оның 7 пайызы 

мемлекеттік қайтарымсыз субсидияға жа-

тады. «Фарм Ақтөбе» ЖШС осы қаржыны 

алғаннан кейін дәрі-дәрмек жасайтын цех 

құрылысын қолға алады. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал