Қызылжардың әкімі пролетариат көсемі Лениннің ескерткішін қаланың



жүктеу 0.65 Mb.

бет1/6
Дата25.04.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№151 (603) 

26 тамыз

жұма


2011 жыл

Қызылжардың әкімі пролетариат 

көсемі Лениннің ескерткішін қаланың 

қақ төріне орнаттырып, айды ас-

паннан бір-ақ шығарды. Шаһардың 

шетінде 50 жыл тұрған тас мүсін 

бүгінде жұмыспен қамтуды үйлестіру 

және әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімі ғимаратының алдында мен 

мұндалайды. Әлдеқашан күні өткен 

ком мунистердің көсемін мұндай құр-

мет ке бөлейтіндей басымызға не күн 

туды десеңізші? Әлде бұл қала бас-

шы ларының ел Тәуелсіздігінің 20 жыл-

дығына жасаған «тартуы» ма? Ал 

қазаққа бостандық алып беремін деп 

құр бан болған Алаш көсемдері Әлихан 

Бө кей ханов,  Ахмет  Байтұрсынов, 

Міржақып Дулатов, Смағұл 

Сәдуақасовтарға ескерткіш түгіл, бір 

көшенің аты да бұйырар емес.

АЙТӨБЕЛ-ДАТ!

6-б

етте

Мұрат ЖҰРЫНОВ:

Ғылым даму 

үшін алдымен 

тазалану керек

ҚЫЖЫЛ

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

146,45

211,47

5,07

22,92

1,44

11320,71

1611,10

1257,13

110,79

1754,10

Қызылжардың шетіне таман орна-

ласқан ет комбинатының жанында жар-

ты ғасыр тапжылмай тұрған «Күн 

көсемнің» тас мүсінін «тағынан түсіргелі» 

жатыр дегенде қатты қуанғанымыз рас. 

«Кеңес үкіметінің келмеске кеткен бей-

несін еске түсіретін осы бір ескерткіштен 

қашан құтылар екенбіз» деп жүрген-

дердің тілегі орындалғандай болған. 

Орнына мүсінші Константин Чайка жа-

саған мультфильм кейіпкері – капитан 

Врунгельдің бейнесі де орнатылған бо-

латын. Сөйтсек, бұл Ленинді орталыққа 

қарай әкелу үшін жасалынған жымысқы 

әрекет екен. 

Енді міне, шаһар басшысы Нұржан 

Әшімбетов жетекшілік ететін қала құ ры-

лысы кеңесі Ленинге бұрынғысынан да 

зор құрмет көрсетуді ұйғарыпты. Әкім-

нің баспасөз хатшылығы таратқан мә-

ліметте «көсемге» қолайлы орын табу 

үшін 4 тамыз күні қала құрылысы кеңе-

сінің отырысы өтіп, шешім сонда қабыл-

данғаны айтылған. «Облыс орталы ғы-

ның әкімі Нұржан Әшімбетов қатысқан 

кеңесте В.И.Лениннің ескерткішін басқа 

жерге қою мәселесі қаралды. Қалалық 

ардагерлер кеңесі мен қалалық мәсли-

хаттың ұсынысымен мүсінді қаланың 

орталық бөлігі – жұмыспен қамтуды үй-

лестіру және әлеуметтік бағдарла малар 

бөлімінің шағын бағына қою туралы 

шешім қабылданды» делінген. Бұл 

орынды таңдаудағы басты себеп – жұ-

мыспен қамтуды үйлестіру және әлеу-

меттік бағдарламалар бөліміне қарттар 

көп барады екен-міс.

Бұл бөлім адам ең көп шоғырланатын 

орындардың бірі екені рас. Бірақ мұнда 

келетіндердің ішінде әлеуметтік көмекке 

зәру қариялармен бірге жұмыс іздеген 

жастардың да қарасы қалың. Енді екі 

қолға бір жұмыс таба алмаған жастар 

Лениннің басына барып түнеп, содан 

тілек тілеп жүрмесе болғаны. Мекеме 

бастығы Мереке Ахмедияров болса: 

«Ленин жұмысымызға еш кедергі келті-

ре қоймас», – дегенді айтады. 

Ескерткіштің қайта қойылғаны кеше 

ғана еді. Бүгін таңертең коммунистер 

оның жанына жиналып, гүл шоқтарын 

қойып та үлгерді. Ал жастар жағы болса, 

Ленин ескерткішінің қала ортасына қо-

йылуына қарсы екендерін айтуда. 

Нұрсаят СӘРКЕН, 

«Қазақстан студенттер альянсы» 

қозғалысының облыстағы жетекшісі: 

– Мен өз басым Лениннің ес-

керткішінің қала орталығына әке-

лінуіне қарсымын. Бұл дұрыс болма-

ды деп ойлаймын. Ленин келмеске 

кеткен күндердің елесі ғана. Жастарға 

еш тәрбие бермейді. Керісінше, пат-

риоттыққа тәрбиелейтін қазақтың 

батырлары мен қоғамдық тұлғала-

рына ескерткіш қою қажет. 

Григорий КУХАРЬ, 

қалалық Ардагерлер 

кеңесінің төрағасы:

– Ленин – ол біздің тарихымыз. 

Ал тарихты ұмытуға болмайды. Ес-

керткішті қала орталығына әкелудің 

бұдан басқа ешқандай астары жоқ. 

Ешкім революция жасайын деп 

жатқан жоқ. Ет комбинатының жа-

нынан алынып тасталған соң, аға 

буын өкілдерінен хат түсе бастады. 

Әкімнің сайтына да жазды. Сон-

дықтан ақылдаса отырып, осылай 

шештік. Қалалық мәслихат депутат-

тары түгел дерлік қолдап, қолдарын 

қойды.

ОЙ-КӨКПАР 



Мұнай экспортына баж салығын көтеру арқылы жанармай тапшылығын шеше аламыз ба?

ИӘ

– Ресей бұл әдісті әлдеқашан 

тәжірибесіне енгізді. 1 қыр кү йек тен 

бастап Ресей өкіметі шетке экс порт-

талатын мұнайға баж са лығын тағы 

көтермек. Ондағы мұ най экспортына 

салынатын баж са лығының бір тоннасы 

Urals сортына 444 долларды құрап 

отыр. Осындайда амал сыз, «біз неге 

бұл әдісті қолда ныс қа енгізбей отыр-

мыз?» деп қын жыласың. Біле-білсек, 

бұл тәсілді бізге қолданған абзал. Егер 

біз сыртқа экспортталатын мұнайға ке-

дендік баж са лығын көтеретін бол сақ, 

сырт қы  на рыққа  орынды-орын сыз  ке-

тіп жатқан мұнайдың көле мін шектер 

едік. Мұндайда кедендік баж салы ғы-

ның құны өскен нен кейін отандық мұ-

най өндіру шілер амалсыз өнімдерін 

іш кі на рықта өңделуге жіберер еді. 



3-бетте

Хакім СУЕРБАЕВ, 

химия ғылымының докторы, 

профессор:

Сағындық САТЫБАЛДИН, 

экономика ғылымының докторы, 

профессор:

Жанармайға қатысты деректерге жүгінсек, жыл басынан бері 

елде жанар-жағармай өндіру 9,5 пайызға төмендепті. Отандық 

мұнай өндiрушiлер өнiмiн сыртқа шығарып, пайда табуды ғана 

көздейді. Мәселен, Ресей елі 1 тамыздан бастап ашық түстi мұнай 

өнiмдерiне экспорттық кедендiк баж салығын тағы да өсiрдi. Ал бiз 

iшкi нарыққа қажеттi жоғары октанды бензиннiң 30 пайызын осы 

Ресейден аламыз. Ол жақтан келiп түсетiн жанармайдың бағасы 

жоғары болғандықтан, бiздiң iшкi нарықта да оның бағасы күрт өсiп 

тұр. Негізінен, жанармай бағамына және тапшылығына қатысты 

табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнің бiр ғана ұсынысы бар. 

Ол – елден экспортталатын мұнай өнiмдерiне кедендiк баж салығын 

көтеру. Бұл жөнінде аталмыш агенттіктің өкілі Еркеғали Әлiмқұлов: 

«Агенттiк осы мақсатта Үкiмет басшысына жанар-жағармайдың 

экспорттық кеден төлемдерiн көтеру туралы өз ұсынысын 

жасады. Бұл ұсыныс уәкiлеттi органдармен қаралып жатыр», — 

деген еді. Міне, біз осыған орай, «жанар-жағармайға ғана емес, 

шикі мұнайдың экспортына баж салығын көтеру арқылы елдегі 

жанармай тапшылығын шеше аламыз ба» деген сауалды мамандар 

талқысына салып көрдік...

ЖОҚ

– Біз мұнай қорымыздың молдығы жа-

ғы нан әлемдегі мұнайлы деген 15 мем ле кет-

тің қатарына енеміз. Әйтсе де, жаңағы «мұ-

най экспортына баж са лы ғын өсіру» де ге ніңіз 

мұнай тапшы лығын да жоя алмайды, мұнай 

өнімінің сапасын да көтере алмайды, оның 

құ нын да түсіре ал майды. Бұл тек елде мұнай 

өң дейтін жекелеген компа ния лар дың, кә сіп-

кер лердің қалта сына сал мақ салады. Са лық-

ты көтергеннен жеке ле ген ком па ния лар шет-

ке жіберетін мұнай өні мінің бір бөлігін ішкі 

на рыққа сатуы мүм кін. Бірақ мұнан келер 

пайда тек уақыт ша болған дықтан, өз ба сым 

бұл көтерілген мә се лені қолда май мын. Осы-

ған орай, сіздің қо йып от ырған са уа  лыңызға 

қатысты айтарым, біз елдегі мұ най өнімдері 

тапшылығын,  мұ най  өнім де рі нің  құнының 

аспандап кету үр ді сін кедендік баж салығын 

өсіру  ар қылы  ше ше  алмаймыз. 



Оңтүстік Корея – 

Қазақстандағы №1-инвестор!

Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Ленин Қызылжардың төріне қайта отырды

Осы орайда Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, 

бір жыл өтпей, Оңтүстік Кореямен дипломатиялық 

қарым-қатынастардың орнатылғанын ерек-

ше атап өткен жөн. Келер жылы осы әріптестік 

қатынастарға 20 жыл толады. Соңғы үш жыл-

да екі елдің сауда-экономикалық байланыстары 

айрықша қарқынмен дамып келеді. Оған ең бірін-

ші, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Оңтүстік Кореяға 2008 жылғы жұмыс сапары себеп 

болды. Ол кезде екі елдің Президенттері Қазақстан 

мен Кореяның стратегиялық ынтымақтастығын 

қолға алып, жоғары деңгейдегі нақты іс-ша-

раларды көздейтін кездесулерді белгіледі. Бір 

жылдан кейін Оңтүстік Корея республикасының 

Президенті Ли Мен Бак Қазақстанға мемлекетік 

іс-сапармен келіп, Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге 

стратегиялық әріптестікті орнату туралы бірлескен 

мәлімдемеге қол қойды. Рәсімделген құжаттардың 

ішінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы 

ынтымақтастықты тереңдетуді көздейтін іс-шара-

лар жоспары болды. 2010 жылы осы жоспардың 

нақты нәтижелері көріне бастады. Өткен жылы 

Мемлекет басшысының Кореяға жасаған мемле-

кеттік сапары барысында екі елдің бизнесмендері 

20-ға жуық келісімшартқа қол қойды.



Арман БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ

Жалғасы 2-бетте 

Рашид НУРГАЛИЕВ, 

Ресей ішкі істер министрі: 

Бізде жемқорлық, парақор-

лық, қызмет бабын асыра пай-

далану секілді негатив көп болды, 

бірақ оның барлығы өткен шақта 

қалды, мен келген соң тоқтады.



(http://ria.ru/ сайтынан)

...де

дiм-ай, а

у!

4-бет

5-бет

7-бет

Таза ұтпасаң, ұпай алу 

қиын болып тұр

Бас мұғалімнің 

педагогтерімізге 

көңілі толмай тұр

Арман-тілегіміз Ата 

Заңда айшықталған

ТҮР

ТКІ


Көзінің көру қабілеті нашар адамдар жайлы сөз 

бөлек, бүгінде сау кө зін соқыр қылуға құмартушы лар-

дың көбейіп келе жатқанын қалай түсінсек болады? 

Қазір контактілі лин заның өзі медициналық және 

сәндік деген екі түрге бөлінуі соның айғағы емес пе? 

Яки, біздің айтып отырғанымыз – сәнқойлықтың ше-

гіне шығып, қа ра шығын қалқалай «жа сан ды жанар» 

салып  алушы лар дың  қылығы.



ШАРАСЫНАН ШЫҚҚАН КӨЗ 

НЕМЕСЕ ШАРИНГАН ДЕГЕН НЕ?

Біздің әке-шешелеріміз заманында көзі ауырса да, 

нашар көрсе де, онысын жасыруға тырысатын, себебі 

көзілдірік тағуға ұялатын. Ал қазір... жалпы, бүгінгі 

буынға түсті көз қай дан келді? Бар кілтипан телеарна-

лардан күн сайын жүріп жатқан кино, мультфильм, 

сериалдарда жатқан дай. Әлемде әртүрлі адам болса

соның әрқайсысында әрқилы қылық бар. Киімді 

қойып, енді көзді сәндеу ге көшкен қауымға да сол 

қара жәшік  әр үйде әмірін жүргізіп отыр. Қа зақтың 

қара көзі де бүгінде түсінен өзі жаңылатын ала көзге 

айналған. Қарапайым ғана дәлел, бүлдіршіндер сүйіп 

көретін жапон мультигі Нарутодан неше түрлі көз 

көруге болады. Соның ішінде ең атақтысы –Шаринган 

секілді. Бұл қандай көз деңізші?

Көзіңе қара, 

қара көз!..

«Көзіңнің қарашығындай сақта» деген сөз бар 

қазақта. Расында, қарашық кетсе, бітті, дөңгеленді 

не, сығырайды не, барынша бақырайса да бәрібір, 

көз енді ештеңе көрмейді деген сөз. Соқыр болдым 

дегенше, жарық дүниемен қош айтыстым дей 

бер. Ішімдегі бұл ызалы ой маған кенет бір қазақ 

қызының суретін көрген сәтте келді. Өрімдей ғана 

қыз жанарына түрлі-түсті сурет салып алыпты. 

Қысқасы, бұл құрбым жалғыз емес, қазір әлемді 

жасанды жанарлар жаулап бара жатқанға ұқсайды.

Жалғасы 5-бетте 

Қызылжардың  ор талы ғынан 

аластатылған Ле нин нің тағы бір ес-

керткіші бар. Қала әкімі Нұржан 

Әшімбетов енді соны орнына қайтару 

керек деп жат са, таңғалмаңыз. Дема-

лыс сая бағының бір бұрышында, 

ағаш тардың арасында тұрған мү сіннің 

бұ рынғы орны қалалық әкім діктің ал-

дын дағы алаң болатын.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар

ТҮЙІН ОРНЫНА

Кеше, тамыздың 25-і күні 

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан На-

зарбаев Қазақстанға мемлекеттік 

іс-сапармен келген Оңтүстік Корея 

республикасының Президенті Ли Мен 

Бакпен кездесті. Кеңейтілген құрамда 

өткен кездесуден кейін ел экономи-

касы үшін аса маңызды құжаттарға 

қол қойылды. Оған сәйкес, 

қазақстандық экономикаға қаржы 

құю жағынан Оңтүстік Корея респуб-

ликасы Қазақстандағы №1-инвестор 

атанды. 

С.БОНДАРЕНК

О, Б.О

ТАРБ


АЕВ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№151 (603) 26.08.2011 жыл, жұма            



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Корея ғимараттарында 

төртінші қабат болмайды

Кореядағы зәулім ғимараттарда төртінші қабат болмайды 

дегенді естіп едім, бұл қаншалықты рас, мағынасы қандай?

Зәуре ЫРЫСҚАЛИ, Қызылорда

Әрине, Кореядағы зәулім ғи-

ма рат тарда төртінші қабат болады. 

Тіпті төрт қабатты үйлер де бар. 

Алайда олар 4-қабатты ата май ды. 

Ғимараттың үшінші қабатынан 

кейін бірден бесінші болып кетеді. 

Себебі корей тілінде «төртінші» 

деген сөз (ки рилл әрпімен көр сет-

кенде – «са») «өлім» деген сөзбен 

бірдей  ды быс та лады.  Сондықтан 

халық оны жа ман ырымға ба лай-

ды. Дегенмен соңғы кездері са-

лынып жатқан ғи 

мараттардың 

қабаттарын санау үлгісі өзгешелеу 

бола бастады. Мәселен, лиф ті-

лерде төртінші қа бат ты мүлде жо-

ғалтып жібермей, «F» әрпімен 

бел гілейтін  болды.

Оңтүстік Корея – 

өмірге оңтайлы ел

Корея әлемдегі ең қауіпсіз елдердің 

бірі болып есептеледі. Бұл елдегі қыл-

мыс тық көрсеткіштер өте төмен. Са лыс-

тыр малы түрде айтқанда, Германиядан 

–   8 есе, Ресейден – 15 есе, АҚШ-тан 20 

есеге төмен. Мұнда есірткі атаулы атымен 

жоқ деп есептелінеді(есірткінің барлық 

түріне тыйым салынған). Ұрылардың 

қалтаға тү суі, тонауы өте сирек кездеседі. 

Көлік ұрлау оқиғалары олар үшін мүлде 

таңсық жағдай болып көрінеді. Жергілікті 

ха лық тың  дәстүрлі  құндылықтарының 

мық ты лығының арқасында, көше жо лау-

шы ларынан дөрекі қылықтар бай қа-

майсыз. Соған қарамастан, полицейлер 

белсенді жұмыс жасайды. Және түнгі 

мезгілде кө ше лердің барлығында жарық 

беріліп  тұ ра ды.



Оңтүстік Кореяда есірткі тұтынатындар мүлде жоқ екені туралы мәлімет 

рас па?

Сағат АЙДАРБЕКОВ, Ақтөбе

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ



Оңтүстік Корея – Қазақстандағы №1-инвестор!

Оның ішінде 1,1 млрд долларға баға-

ланған жобалар болды. Осыдан кейін Қос-

танай қаласында «Sang Yong» маркалы 

кө ліктерді құрастыру кәсіпорны ашылса, 

Алматы облысында «Hundai» автобустары 

мен жүк көліктерін шығаратын зауыт іске 

қо сылды. 2014 жылға қарай бұл зауытта 

5 мың көліктің 50 түрін құрастыру жос пар-

лан ған.


ЕКІ ІРІ ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫ –

9 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР

Биылғы жыл «Кореяның Қазақстандағы 

жылы» деп жарияланып отыр. Бұл жыл 

Қазақстанның мәдениеті үшін ғана емес, 

отан дық экономикасы үшін де аса табысты 

жыл болмақ. Олай дейтініміз, кеше Ақор-

да да 12 бірдей құжатқа қол қойылды. 

Оның ішінде отандық экономикаға 9 млрд 

дол ларға жуық (!) Кореяның тікелей ин-

вес тициясын тартуды көздейтін екі ірі жоба 

бар. Аталған екі жоба Қазақстан мен Ко-

рея ның биылғы әріптестік байланыс та ры-

ның негізгі өзегіне айналып отыр. Оны Ел-

басы Нұрсұлтан Назарбаев та ерекше атап 

өтті. «Соңғы үш жылда екі елдің бай ла ныс-

тары стра тегиялық сипатқа ие болды. Өт-

кен жы лы Қазақстан мен Корея ара сын-

дағы тауар айналымы 50,3 пайызға артып, 

биыл 800 млн долларға жуықтады. Биыл 

біз бұл көрсеткішті дағдарысқа дейінгі ме-

же – 900 млн долларға дейін жеткізуді 

көз деп отырмыз. Корея капиталының қа-

ты 

суымен 300 бірлескен кәсіпорын 



құрылды. Қазіргі кезде осы елдің Қазақ-

стан ға салып жатқан тікелей инвестициясы 

4 млрд долларға дейін жетті. Бүгін қол 

қойылып отырған маңызды құжаттар, 

оның ішінде Балқаш жылу электр стансысы 

мен Атырау об лы сындағы газ-химия ке-

ше нінің құрылысына арналған екі ірі жоба 

Оңтүстік Кореяны Қазақстандағы №1-ин-

вес торлар санатына шығарып отыр. Ал 

бүгінгі кездесудің қо рытындысы бойынша 

ашылатын  тех но логиялық  ынтымақтастық 

жөніндегі Қазақ 

стан-Корей орталығы 

екіжақты әріп тес тіктің әрі Кореяның инно-

ва ция лар  сала сын дағы  тәжірибесін  зерт-

теу дің айқын үл гісі болмақ», – деп атап 

көр сетті  Н.На зар  баев. 

Өз кезегінде Ли Мен Бак бүгінгі жетіс-

тік ке жетудің бірден-бір себебі, ол – Қазақ-

станның Корея еліне деген ынта-ықыласы 

екендігін ерекше атап өтіп, сан алуан ха-

лық аралық кездесулерде қазақ халқының 

Кореяны үнемі қолдап отыратыны үшін зор 

алғысын білдірді. «Негізі, біздің келіссөздер 

өте табысты өтті. Біз Балқаш жылу электр 

стансысы мен Атырау облысындағы газ-

хи мия кешенінің құрылысының, сондай-

ақ Каспий шельфіндегі «Жамбыл» кен ор-

нын барлау жұмысы Қазақстан мен Корея 

арасындағы стратегиялық әріптестіктің ай-

қын үлгісі бола алады. Біздің Үкімет бұл 

жо балардың толыққанды жүзеге асуын 

қам тамасыз етпек. Сондай-ақ біз Оңтүстік 

Кореяның Қазақстан экономикасын әрта-

рап тандыруға белсенді қатысуы арқылы 

екіжақты байланыстарды күшейтуді ұй ғар-

дық. Бұл екі елдің ынтымақтастығын жа-

ңа ша белеске шығармақ. Ал технологиялық 

ын тымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ко-

рей орталығы ортақ тәжірибе алаңына ай-

на латынына бек сенімдіміз. Сондай-ақ біз 

халықаралық аренада бізге қолдау жасап 

жүрген Қазақстан Президентіне зор ал ғы-

сы мызды білдіреміз. Қазақ халқының 

біздің Солтүстік Кореяға қатысты саяса ты-

мыз ды үнемі қолдап отырғанына шын ри-

замыз», – деді Ли Мен Бак. 

БАЛҚАШ ЖЫЛУЫМЕН

ЖАРЫЛҚАР КҮН ТАЯУ

Аталған екі жобаның біріншісі Балқаш 

жылу электр стансысын қаржыландырса, 

екіншісі Атырау облысындағы газ-химия 

кешенінің құрылысына арналды. Бүгінгі 

таңда Балқаш жылу электр стансысының 

құрылысымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ы 

және кореялық «КЭПКО-Самсунг» кон сор-

циу мы айналысуда. Жобаның жалпы құны 

– 4,5 млрд доллар. Жоспар бойынша, 

стан сы ның 1 және 2-энергоблоктары 2013 

жыл ға дейін іске қосылса, 2015-2016 

жыл  дары 3 және 4-блоктар жұмыс істей 

бас тайды. Қазіргі кезде осы жоба аясында 

жүргізіліп жатқан келіссөздердің негізгі 

өзегі мынада: Қазақстан өз үлесін 51 

пайыз  ға дейін ұлғайтуды көздейді. Корея-

лық әріптестер болса, онымен келіспей 

отыр. Себебі жобаны іске асыру үшін ак-

ция лардың 51 пайызы кореялық ком па-

ния  ның иелегінде болуы қажет. Бұдан бас-

қа, Корея электр энергияның тарифін 1 кВ/

сағ.-қа 8,9 цент белгілесе, Қазақстан бұл 

бағаны 6 центке, немесе 8,8 теңгеге дейін 

түсіруді ұсынып отыр. Ко рея лық биз нес-

мен дер электр энергиясының жал пы кө ле-

мін жоба мерзімі 30 жылда сатып алуды 

көздейді. Ал Қазақстан болса, бұл мақсатты 

заем ды қайтаруды 15-17 жылда орын-

дауға даяр екендігін білдірді. Міне, осы 

мәселелер бойынша екі жақ бір ше шімге 

келуі тиіс. Бүгінде Балқаш жы лу  электр 

стансысының құрылысы бойынша ак-

ционерлердің үлес салмағы келесідей: 

«Самұрық-Энерго» АҚ-сы – 25 пайыз +1 

акция, «КЭПКО-Самсунг» консорциумы 

– 70 пайыз -1 акция және «Қазақмыс PLC» 

5 пайызға ие. 



ГАЗ-ХИМИЯ КЕШЕНІ

ҚҰРЫЛЫСЫНА ДА КӘРІСТЕР КІРІСТІ

Екінші ірі жоба – Атырау облысындағы 

газ-химия кешенінің құрылысы бойынша 

ке ліспеушіліктер болмаған көрінеді. Жо ба-

ның бірінші кезеңінде жылына 500 мың 

тонна полипропилен шығарылса, екінші 

ке зеңде бұл көрсеткішті 800 мың тоннаға 

дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі 

таңда кешенді іске қосудың екінші кезеңіне 

негізгі басымдық беріліп отыр. Себебі 

ФОР

УМ

Корея бизнесі Қазақстанның 



инновациялық секірісіне серпін бермек 

Соңғы жылдары еліміздегі корей ком-

па нияларының қатысуындағы бизнес қар-

қыны айтарлықтай өскені аңғарылады. 

Басқасын айтпағанда, машина құрылысы 

са ласында екі үлкен жоба жемісті іске қо-

сылды. Оның ішінде осыдан екі ай бұрын 

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен 

индустрияландыру форумында Қостанай 

қаласында машина құрылысы саласындағы 

жаңа жобаның іске қосылғанына да куә 

бол ғанбыз. Ал Ли Мен Бактың бұл жолғы 

сапарында индустрияландырудағы жоба-

лар жалғасып қана қоймай, инновация 

са ласы да серпілетін болады. Сондықтан 

болуы керек, екі елдің 300-ден астам іс-

кер лерінің басын құраған алқалы кеңесте 

индустрияландырудан бастап, техно ло-

гиялар трансферті мен экономиканың 

басым секторларында бірлескен өн ді ріс-

терді дамыту көбірек әңгімеге арқау бол-

ды. 


Бизнес форумға дейін Ақордадағы 

Елбасымен кездесуде Корей елінің ин вес-

ти ция салу жағынан Қазақстанның негізгі 

әріптестік деңгейіне көтерілетіні белгілі 

болып еді. Мәселен, қазір бірлескен кәсіп-

орындардың саны 300-ге жетіп жығылса, 

елімізге  тікелей  инвестиция  ауқымы                

4 млрд долларға тақаған. Ал кешелі бергі 

өрелі келісімдердің бір парасы бұл көр сет-

кішті еселей түспек. Бұл ретте кореялық 

бизнес капиталы индустрияландыру сек-

то рымен қоса, ғылыми қамтымды инно-

ва ция лық бағытқа қарай да ойыспақ. Айта 

кетерлігі, былтырғы жылы Кореяға сапары 

барысында Елбасы Н. Назарбаев Сеулдегі 

Корея  ғылыми-технологиялық  орта лы ғын-

да болып, заманауи институтқа зор қы зы-

ғу шылық білдірген еді. Сосын бірлескен 

кә сіпорын құру жолдарын қарастыру ту-

ралы тапсырма да жүктеген болатын. Сон-

дықтан болуы керек, қазақстандық тарап 

форум барысында әсіресе инновациялық 

тех нологияларға, биотехнологиялар шең-

бе рінде ынтымақтастыққа көп көңіл бөл-

гізді. «Кореялық әріптестерімізге ай та ры-

мыз, біз, Қазақстан тарапынан инве с ти-

ция лық әріптестік үшін жағымды ахуал 

қа лыптасатынына сендіргіміз келеді. Ал 

Кеден одағының құрылуы жоғары құн са-

лығымен өндірілген тауарлардың өтімділігі 

үшін үлкен нарық болып табылады. Мә се-

ЖИЫН


Күн тәртібіне сәйкес, Қарулы Күштердің 

сапа көрсеткіштеріне байланысты бірқатар 

мәселелер қаралды. Қатысушылар әскери 

тәртіп пен құқық қорғау жағдайын, сон-

дай-ақ  Қарулы  Күштер  ин фра құ ры лы мы-

ның қысқа әзірлігін талқылады. «Қор ғаныс 

министрлігі қызметіндегі ұйымдастыру мә-

се лелеріне ел басшылығы баса назар 

аударып келеді. Қарулы Күштердің өмір 

тынысындағы барлық бағыттар бойынша 

ұзақ мерзімге стратегиялық шешімдер қа-

былдануда. Осыған байланысты Әскери 

доктринаға сәйкес, сондай-ақ Мемлекет 

бас шысының нұсқауымен өткізілген ша-

ралар бізден, Қарулы Күштерде келешекте 

жауынгерлік әзірлік деңгейін көтеру үшін 

жүйелі талдау жасауды және тиімді шара 

қабылдауымызды талап етеді», – деп атап 

өтті өз сөзінде қорғаныс министрі Әділбек 

Жақсыбеков. Жиын барысында Қарулы 

Күштер инфрақұрылымының қысқы ке-

зең ге әзірлігі мәселесі де қаралды. Ин фра-

құ рылымды қыс кезеңіне әзірлеу кезінде 

басты басымдылық коммуналдық нысан-

дар мен инженерлік желілерді жөндеу, 

энер готехникалық жабдықтардың, мате-

риал дардың, отынның мол қорын жасау, 

қызмет көрсету қызметкерлерін әзірлеу, 

ең бекке қажетті жағдай тудыру және тех-

никалық қауіпсіздікті сақтау сияқты ке шен-

ді шараларды жүзеге асыру болып са на-

лады.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал