Ізіліктің ТҰҒырындай



жүктеу 67.24 Kb.

Дата26.04.2017
өлшемі67.24 Kb.

«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

ІЗІЛІКТІҢ ТҰҒЫРЫНДАЙ 



 

                                              ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫ Мақсат 

 

       Тұрсын  Құдакелдіұлы  туралы  бір  ауылда  екі  қапталын  тал-шілігі 



көмкерген  Шаған  өзенінің  толысар  бойындағы  Шыңғыс  тауының  созылып 

келіп бітер тұсы, Төкен, Айтқали мұғалімдердің көмегімен  қойнауынан жаңа 

жылдық  Шырша  дайындау  үшін  жыл  бойы    жасыл  қалпын  сақтап  жататын 

Аршасын таситын күмістей жарқыраған Ақтас биігінің іргесінде  бірге өскен 

біздер  үшін  алдымен  ауызға  оралары  оның  досқа  деген  ерекше  тазалығы, 

үлкенге деген құрметі, кішіге  деген ілтипаты.  

        Тұрсын,  өз  өмірінде  бір  елеулі  сәт  болса  болды  Алматыдан,  кейіннен 

Астанадан  өскен  ауылына  (Семей  облысы,  Абай  ауданы,  Қызылту  (бүгінде 

Тоқтамыс  ауылы)  кеншарына)  тартып тұрады.    Алдымен  ат  басын  тірейтіні 

осында  өзі  оқыған  орта  мектеп,  іздейтіні  сабақ  берген  ұстаздары,  бірге 

оқыған  сыныптастары.  Содан  барып  туыстарын  аралап  шығады.  Әке-

шешесінің  басына  Айнабұлаққа  да  (бұрынғы  «Социалистік  Қазақстан»  деп 

аталатын  ферма  орталығы)  соқпай  өтпейді.  Мұнда  қаламгерлігін 

қанаттандырып,  әдебиетке  шегелеген    ақиық  ақын  Төлеужан  Ысмаиловтың 

да кесенесі бар. Төлеужан ақынның туғанына 80 жыл толуына арнайы жазған 

«Есімде, менің, Есілім» деген эссе-естелігінде: «Бүкіл болмысымды анықтап, 

тағдыр 

мен 


таланттың 

талқысын 

тұңғыш 

рет 


және 

мәңгілік 

айырылмайтындай күйге түсіріп сезіндірген, сескендірген бір бейне бар. Ол 

бейне  есіме  түссе  бүкіл  бозөкпе  балалық  шағым,  ауылым,  әкем,  алысты-

жақынды  ағайындарым  ойға  оралады.  Қарашаның  көксоқта  борасыны, 

тобылғы гүлдеген көктемгі қырқалар мен аспанда тізіліп ұшқан тырналар көз 

алдыма келеді. «Есіл!» - деген сөз арқылы үнемі ойыма оралып тұратын сол 

бір бейнесіз балалық шағымды да, арманды, қиялшыл, келешегі үмітке толы 

пәк  жеткіншек  күндерімді  елестете  алмаймын.  Аспандағы  қиялымды  жерге 

түсірген де, жер бауырлаған мақсатымды қанаттандырған да сол тұлға. Мен 

үшін  ол  күндер  қиялдағы  таңғажайып  әлемнен  үзіліп  түскен  бір  тамшы 

қызылды-жасылды,  ып-ыстық  сағым  сияқты  еді.  Таудың  бауырына 

құндақтала  орналасқан  он  шақты  үйге  кезек-кезек  көшкен  әлгі  сағымның 

соңынан  қуып  жүріп,  оның  қайта  көрінуін  күтіп,  аязды,  боранды  күндері 

қораның  ықтасынында  сағаттап  тұрған  сәттерім  ең  ынтызарлы,  жұмбақ 

сәттерім  сияқты.  Ішімді  қыздырған  бір  түйір  ыстық  сезім  өлең  боп  өріліп, 

жүрегімді  күйдіріп  тұратын.  Кейде  әлгі  сезім  мұз  боп  қата  қалатын.  Ол 

сағым, ол тұлға мен үшін Төлеужан Ысмайылов болды...» - дейді Тұрсекең. 

Ал  енді  неге  «Есіл»  деп  егіледі  дегенге  өзі:  «...Бұлақтың  басында  айтылған 

бұл сөз мені тәп-тәуір сергітіп тастады. Мұны естіп Рымғали аға кәдімгідей 

қуанып  қалды.  Сол  жолы  ол  кісіге  арнап  өзінің  «Есіл»  дастанының 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

ырғағымен  «Есіл»  атты  тұспалды  өлең  жаздым...»  -  дейді  студент  кезінде 



ауылда Төлеужанға жолығып, пір тутатын ұстаз ағасы Рымғали Нұрғалиевке 

ақынның  шығармашылық  жұмысқа  ден  қойғанын  жеткізе  тұрып.  Төлеужан 

кесенесінің  жанында  Тұрсекеңнің  әке-шешесінің  де  зираты  бар.  Ата-

анасының басына зиярат етіп тұрып, барған сайын мақтана айтатыны: «Дәл 

осы  аядай  бұлақ  басынан  бәленбай  ақын,  жазушы,  журналист,  ғалым,  әнші 

шықты»  -  дейді  масаттана.  Шынында  да  таңқаларлықтай  саны  тым  көп... 

Әрине  олардың  әрісі  Абай,  Шәкәрім,  Мұхтар  болса,  берісі  Шәкір, 

Тәңірберген, Кашап, Төлеужан, Нұтфолла, Медеу, Рымғали, Арап, Мерғали, 

Роллан,  Жәнібек  және  Өзіне  еліктеп  өскен  жастар  екені  анық.  Кеңес 

одағының  батыры  (Отан  соғысында  тұңғыш  жау  дзотын  кеудесімен 

жапырған) Жанғазы  Молдағалиев  (тарихшылар  бұл  ерлікті  тұңғыш  жасаған 

Александр  Мотросов  деп  жаңсақ  айтып  жүр)  атындағы  орта  мектеп 

оқушылармен  де  аса  бір  риясыз  көңілде  ашық-жарқын  кездеседі.  Мектеп 

оқушылары  да  жерлес  жазушыларын  тағатсыз  күтіп  жүргендей, 

шығармаларын  жатқа  соғады.  Ұстаздар  да  алыстан  жалғыздары  келгендй 

жапырыла  құшып  жатқаны.  Әсіресе  өзі  пір  тұтатын,  мектепте  әдебиетке 

баулыған  Жәңгір  мұғалім  бастатқан  әдебиетші,  тарихшылар.  Қарап  тұрып 

талантқа тәнті болған ауыл адамдарының білімге, өнерге құштар көңілдеріне 

қайран қаласыз. Жапырылып келіп қолтаңба алып жатқаны... Қаламгердің де 

оқырманына деген риясыз көңілі де көзге ұрып тұрады.. Оқушыларға тартар 

сыйы - соңғы шыққан кітаптары.    

       Тұрсекең  өскен  жерге,  ондағы  адамдарға  деген  өзек  жарды  сөзін  өзі 

былай деп жазады: «...бұрынғы аты – Айнабұлақ, кейін полигон ашылғаннан 

кейін  босқан  елдің  басы  қосылған  сол  ауыл  туралы  Сәбит  Мұқановтың 

жолжазбасы  жарияланған  газеттің  құрметіне  орай  «Социалистік  Қазақстан» 

деп аталған шап-шағын, бірақ мен үшін әлемдегі ең сүйікті де сүйкімді, абзал 

да  бауырмал,  тату-тәтті  адамдардың  басын  қосқан..»  құт    мекен.    Тұрсекең  

бұл  өңірге  сапарында    көбіне  жалғыз  келмейді.  Қасында  халқымыздың 

белгілі  ақын-жазушылары,  әншілері,  жан  достары:  марқұм  Жәнібек 

Карменов,  Құныпия  Алпысбаев,  Несіпбек  Айтов,  Темірхан  Медетбек, 

Дидахмет  Әшімбаев,  Жүрсін  Ерманов  тағы  басқалардың  бірнешеуі  болады.  

Семейге  түскенде  алдымен  Абай,  Мұхтар,  Шәкәрім  ескерткіштеріне  тағзым 

етіп,  Республикалық  Абайдың  қорық-мұражайына  кіреді.  Төкен  ағасына 

сәлем  береді,  Қайым  ағасын,  Арап  ағасын  іздейді...  Дәулет,  Бекен, 

Келденбай, Тұрсынғазы, Талғат тағы басқалардың  қайсы бар? - деп сұрайды. 

Жазушының  әр  келгені  біздер  үшін  үлкен  мейрам.  Бар  жұмысты  тасап, 

қасында  боламыз.  Жоғарғы  оқу  орындарында  болған  кездесулеріне 

қатысамыз. Үй-үйде қонақ боламыз, оңашаланып алып еркін сайрандаймыз... 

Елге шығарда  қасында менің болғанымды қалайды. Кезекті бір сапары 

мектепті  бір  жылы  бітірушілердің  жиынына  байланысты  болды.  Бұл  бір 

көктемнің шуақты күндерінің бірі еді. Кезінде Айтқали, Төкен мұғалімдердің 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

көмегімен  қаңтарда  жаңа  жылдық  шырша  жасау  үшін  беткейінен  арша 



таситын  әсем  Ақұтас  қойнауы  ерекше күйге  енген,  Құмарымыз  қанбай суға 

түсетін  Шаған  өзені  де  арнасына  тола  ағып,  балғын  шақтарымыздағы 

кездесулерімізге  қалқан  болған  су  жағалай  сыңсып  өскен  тал-шіліктер  мен 

тобылғы, қарағандар бүршік жара бастаған кез. 

Тұрсекең кластастарымен қауышып мәре-сәре, Оу, сен Таусоғарсың ба?, 

сен..  Дәуқара..  Күлімкөз..?!    Бәрінің  азан  шақырып  қойған  аттары  жайымен 

қалған.  Айтып  жатқандары  оқушы  кездерінде  өздерінің    бір-біріне    қойып 

алған  аттары..  Сұрайтындары  Күйеуің  кәні?  Қатының  қайсы?  Ой  сендер 

басқа кластан алмай өздеріңе үйленіп алыпсыңдар ғой, балаларың қанша?  

Біз, Тұрсекеңдерден осы мектепті екі жыл бұрын оқығандармыз, мен де 

өз кластастарымды іздеймін. - 1966 жылы мектеп бітіргендер қайдасыңдар? – 

деймін... Аңқылдап осы мектепте мұгалім болып істейтін Жұмағали жетті  –

Уа,  Мақа,  мен  бармын-дейді.  Сол  баяғы  мектептегі  ақжүрек,  ақжарқын 

қалпы.. Кластағылардың бәрін күлкіге бөлеп жүретін келісті келбет... 

-

 

Басқалар қайда?  



-

 

Өзің білесің полигонның іргесіндегі ауылмыз ғой, Серік, Мұрат... тағы 



басқалар  бүгінде  ортамызжа  жоқ.  Қибат,  Рахметтер  өзіңнің  қасыңда  

Семейде,  Кәрім  Өскеменде,  қыздарымыз  жан-жаққа  тұрмыс  құрып  тарап 

кетті. Солардан мұндағы қалқиып жүрген жалғыз пақырың мен ғана. Байқап 

тұрсың , ұстаздарымыздыңда көбі  жоқ, о дүниелік болып кеткен.  

Иә,  бұл  өңірдің  адамдары  өмірмен  ерте  қоштасады..  ол  -  қырық  жыл 

қырғын  әкелген  полигонның  (сутегі  қаруын  сынаудың)  тақсыреті....  Кеш 

арасында  ғұмырлары  қысқа  болған  мектеп  түлектері  мен  ұстаздарымызды 

еске  алып  «үнсіздік»  жарияладық.  Мектеп  бітірушілердің  мерекелік 

салтанаты таңға ұласты...     

Ертеңінде  «Соц.Қазақстанға»  жол  тарттық.  Орта  жолға  келгенде 

«аялдайық»  деп  тоқтадық.  Тау  бөктеріне  дастархан  да  жайыла  қалды. 

Қошамет сөздер де жалғасын тауып жатыр. 

–  Тұрсеке,  студент  кезіңде,  алғашқы  курста  болар    Қызылтуға    іздеп 

келген  «Аққуыңның»  басқамен  ұшайын  деп  жатқанының  үстінен  түсіп, 

қақаған аязда ешкімге көнбей түн ішінде аулыңа жаяу тартқаның есіңде ме? 

«Түйешінің  қызы»  артыңнан  әкесін  жібермегенде  аязды  боранда  үсіп,  осы 

жерде қалар ма едің, кім білсін?! - деймін - кластастарын елеңдетіп. 

- Иә, тура , әлі студен емеспін.., балаң кездегі балғын сезім  ғой.., әбден 

қалжырап,  жүруге  шамам  жоқ  құлаған  жерім  осы  жер...  Қайдағыны  еске 

түсіреді екенсің... - дейді терең күрсініп..  

Айнабұлақ  басына  келдік.  Бұрынғы  ферма  орталығы  болған    ауылдан 

қалғаны  үш-төрт  үй...  Осыдан  төрт-бес  шақырым  жерден  «Ақбұлақ»  атты 

жаңа  шаруашылық  ұйымдастырылып,  мұндағы  тұрғындар  сонда  көшкен, 

қалғаны осы.  



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

-



 

Көзсіздердің  әрекетін  қараңызшы  -  дейді  Тұрсекең  кейіп,  -  мынандай 

жер  тұрғанда  азынаған  желдің  өтіне,  сусыз  жерге  апарып  ауыл 

тұрғызғандарын...  Ата-бабаларымыз  ежелден  білген  ғой  қай  жерден  тұрақ 

салуды.  Сол  үлкедер  белгілеп  кеткен  нүктеден  бұлардың  ауытқып 

кеткендерін қай ақылға сидыруға болады ... Шынында да кірер қақпасы бар, 

айнала қоршаған тау шоқыларының арасымен ағып жатқан бұлақ арнасы жер 

жұмағындай    көрінеді  екен...  Ата-бабалар  басына  құран  оқыдық,  Бұлақ 

төрінде қалған үш-төрт үйді аралап сәлемдесіп шықтық.  

       - Ия, біздің үйдің орыны мына жер.... Реке, сендердікі ана жерде еді ғой. 

Есіңде  ме  екеуміздің  бұлақ  қатқанда  сырғанақ  теуіп,  ана  төбенің  басынан 

шаңғымен  сырғанайтынымыз?-  дейді  қасындағы  сыныптасына...    Ендігі 

Тұрсекеңнің  үлкен  шаруасы  әке-шешесіне  және  осы  жердегі  Төлеужан 

бастатқан  аруақтарға  Құран  Бағыштау.  Жігіттер  мен  қыздар  осы  шараның 

қамына  кірісіп  кеткен.  Азаматтар  мал  сойып,  шаруаларын  ыңғайлағанша 

Мақа,  жүрші  мына  төбеге  көтеріліп  келейік.  Бала  кезімдегі  менің  жан-жақа 

көз  тастап,    қиял  тербейтін  тұғырым  осы  төбе  еді...  Соңғы  рет  марқұм 

Жәнібек екеуміз бір шықтық-ау деймін - деген Тұрсекеңе ілестім. 

Елге келгенде Тұрсекеңнің аузына жиі алатын сөзі: «Жәкеңмен елге бір 

келгенде..,  Жәкеңмен  Алакөлдің  басында  жатқанда...,  Жәкеңмен  дәл  осы 

үйде, дәл осы жерде отығанда...» болып келеді.  

Есіме  ертеректе  Жәкеңе  қойған  бір  сұрағым  түсті.  -  Жәжә,  осы  біздің 

Тұрсекеңді  ақын,  жазушы,  әдебиет  зерттеушісі,  ғалым-мұрағатшы  деп 

жүрсек,    бұл  жігіттің  өзі  тарихшы  да  екен  ғой!  -  деймін.  Сонда  Жәнібек:  - 

Пәлі,  бұл  Жұртбаев  тарихшы  болғанда  академик-тарихшы.  Бүгінгі  мына 

тарихшымыз,  ғалымбыз  деп  жүргендердің  көпшілігі  оның  жанында  тым 

жайдақ тартып қалады - деген еді. 

      Ол кезде Тұрсын  Жұртбайдың «Дулығасы» жарық көмеген. Ал кейіннен 

Жәнібек Кәрмен қайтыс болған жылы  жарықа шыққан екі томдық көне түркі 

батырлары туралы әфсанасының бірінші томының алғы бетінде мына сөздер 

тұрды:  

    Жәнібек!  Сен  осы  кітаптың  жазылып  бітуін  бес  жыл  бойы  асыға  күтіп, 

соңғы нүктесінің қойылғанын көріп, менен бетер қуанып ең. Ол қуаныштың 

бес-ақ күнге созыларын кім білсін! Сен тұңғыш жинағың жарыққа шыққанда: 

«Тұрсын!  «Ақылбайдың  әніне»  Шыңғыстың  бір  түп  жусанын  қосып, 

жүрегімді  ұсындым.  Автор.  12.  ХІІ.  80-ж.»,  –  деп  жазыпсың.  Менің  саған 

ұсынар бір түп жусаным  – бір уыс топырақ боп бұйырды-ау, Жәжә! Ширек 

ғасырдағы  естен  кетпес  есіл  күндердің  белгісі  ретінде  «Дулығаны»  сенің 

рухыңа бағыштадым. Әумин.» 

    Ұзақ  жылғы  ізденістен  туған  бұл  құнды  еңбегін  өмірден  ерте  озған  әке-

шешесіне  немесе  қапыда  кеткен  жалғыз  қарындасына,  болмаса  полигон 

дертіне шалдығып мектеп бітірер-бітірместен қыршын кеткен аяулысына да 

арнауға болар еді. Жоқ, олай емес... Жәжәсына арнапты... 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Ал  енді,  досқа  деген  құрметтің  биік  шыңы  осы  емес  деп  айтып 



көріңізші?   

Еріктен  тыс  ойыңа  Тұрсекең    достықтың  тұғыры  екен  ғой  –  деген 

тұжырым ұялайды.  

Екеуміз тау басына көтерілдік. 

 

Мақа,  кезінде  менің  ұшқыр  қиялымды  қамшылайтын  жерім  осы  дөң 



басы еді. Ол кезде біздің Шыңғыстауды,Тарбағатайды, Алтайды,  Алатауды 

көрмеген балаң көңілімізде осы төбе асқар шың болып көрінетін. Оны  жер 

биігі  деп  елестететінмін...  Мақа,  шынында  да  Жер  кіндігі,  Сарыарқаның  да 

кіндігі  осы  жер  болуы  керек...  Әне,  қарашы,  анау  тұрған  сенің  ауылың- 

Саржал,  қасында  қасіретті  де  қасиетті  Дегелеңің.  Оны  жанап  барып  Шаған 

өзені Семей тұсынан Ертіске, Ертіс мұхитқа құяды. Одан сәл терістікке алсақ 

Қаныштың,  Ермаханның,  Шәкеннің  Баянаулысы,  одан  әрі  Иманжүсіптің 

Ерейментауы, Нұрекеңнің Астанасы, одан Аблайдың, Сәкеннің Көкшетауына 

ұласады.  Оңтүстік  батысқа  қарасақ  «Өсекнбай  асын»  өткізген  Қамбардың 

Көкшетауы,  Мәдидің Қарқаралысы, ондағы өзі салдырған Құнанбай мешіті. 

Одан әрі ғарышкерлер аялдамасы Қарағанды, Жезқазған, айнала түсіп бүкіл 

түркі жұртының астанасы, имандылықтың тұрағы  Түркістан жатыр, Құнекең 

осы  жолмен  Меке  барып,  тәкие  салдырған  ғой.  Шәкәрім  қажының  да 

Стамбұл  кітапханасына  барған  ізі  әне  жатыр.  Енді  былай  оңтүстікке  көз 

салсаң  Абай  атамыз  аң  қағып  жүріп,  адасып  келіп  түсетін  Тоқжан  ауылы, 

одан  әрі  Бұғылы,  Көксеңгір,  Шақпақ.  Бұл  жерлер  Шыңғыс  жайлауы, 

Шәкәрімнің  Саятқорасы,  одан  әрі  Керей  өтіп,  Балқаш,  Алматы,  Шоқан 

жеткен  Қашқария  кетеді.  Ал  шығысқа  қарай  Ханшыңғыстың  түстігінде 

Тоқтамыс  батыр  кесенесі,  одан  әрі  Кеңгірбай  мазары,  іргесінде  Жидебай, 

Абай-Шәкәрім кесенесі, Одан әрі Мамай батыр  мазары, Құнанбай қорымы - 

Ақшоқы, Ералы, махабаттың бәйтерегі «Еңлік - Кебек». Абайдың кіндік қаны 

тамған  жері  Қасқабұлағы,  Мұқаңның  Бөрілісі,  одан  Қалба,  Тарбағатай 

жағалап  шығысқа  көсілсеңіз  Оралхан  ауылы  Өр-Алтайға  жалғасады.  Ресей, 

Монғұлия,  Хансу  мемілекеттерінің  бізбен  түйісетін  жері  де  осы  тұс.  

Өзендерде  осы  жерден  екі  айырылып  жартысы  солтүстік  мұзды  мұхитқа 

жартысы сыртқа ағып Балқаш құяды. Ал енді айтшы дәл осы жер, біз тұрған 

Көктөбе Қосқұрлықтың да Сарыарқаның да кіндігі  емес деп...    

     -  Ия,  Тұрсеке,  «  Жеркіндігі»  деп  Жидебайға  белгі  қойдық,  Астананы  да 

солай деп атаймыз. Евразия үлкен құрлық қой, бірер жүз шақырымның әрі-

берісі жоқ, кең ауқымда алғанда Қазақ жері, оның ішінде біздің Көктөбеміз 

де қос құрлықтың кіндігі ғой. Курчатов пен Сахаровтар да алапат жарылысты 

жасау  үшін  де  осы  нүктені,  Қазақ  жерін,  Дегелеңді  таңдаған  екен.  Олар  да  

білген ғой құнарлы жер қыртысын. «Жеркіндігі» болғаннан кейін де, (кіндік 

дегенде  қасиетті  ұғым)  даналарымыздың  осы  жерде  дүниеге  келуі  заңды 

құбылыс шығар...  


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Кейінгі талантты ұрпақтардың да осы өлкеден шығуын  соған балаймын 



- дедім.  

Сөз соңына жеткенде Тұрсекең ризалықпен мырс етті. 

- Иә, бұл сөзің қалжың емес енді, шындық - деді.  

-  Қайтыңдар...  қайтыңдар  -  деп  төмендегілер  қол  бұлғады.  Біз  еңіске 

түстік... 

                      



Семей қаласы, 2011 жыл  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал