Қызыл жобасы



жүктеу 471.6 Kb.

бет2/27
Дата22.04.2017
өлшемі471.6 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 
7 бет 
 
3.2.3
 
Қалдық қоймасы 
 
Қалдыққойма 
алаңы 
Алаайғыр 
бұлағына 
құятын 
Атаусыз 
бұлағына 
жанасады.   
Қалдыққойманың  шығыс  жағындағы  Атаусыз  атты  бұлақты  су  бұрғыш  арықшалары  бойымен 
бұру үшін № 1 таудағы бөгет тұрғызылады. Су бұрғыш арық арқылы ағатын сулар нәтижесінде 
Алаайғыр бұлағыны келіп түседі.  
 
Ағын  су  көлемі  мен  су  сапасының  мониторингі  су  бұрғыш  арығының  төменгі  бөлігінде  3.4-
тарауда сипатталғандай құрылыс, пайдалану және жою сатысында жүзеге асырылатын болады. 
 
3.3
 
Кәсіпорын  территориясында  үстіңгі  қабатты  алу  және  жердің  беткі  қабатының 
нығыздалуы 
 
Жердің үстіңгі қабатын алу және жердің беткі қабатының нығыздалуы жер үсті суларының сіңуін 
төмендетуі  және  нөсер  жауғанда    немесе  қар  ерігенде  беткі  ағынның  кейінгі  жоғарылауын 
болдыруы мүмкін.  Кез келген қосымша ағын су кәсіпорынның таза су ресурстарының  қандай 
да бір өзгеруінсіз жердің үстінгі қабатына сіңуі үшін ұзақ мерзімді дренаждау /ылғалды сіңіру 
жүйесіне бағытталады.    
 
Кеніш  ықпалындағы  учаскелерден  нөсерлі  пайдаланылған  су  «зарарсыз»  пайдаланылған 
сулардан  ажыратылатын  болады  және  қоршаған  ортаға,  қалдық  қоймаға    ағызып  жіберілуге  
немесе  байыту  фабрикасында  қайта  пайдалануға  дейін    тұндырғыш  бұлақтарға  жіберілетін 
болады.  
 
3.4
 
Жер  үсті суларының   қолмен  және  автоматтандырылған  мониторингі,  мәліметтерді 
өңдеу және сақтау  
 
Жүргізілетін  өлшеулердің  санасы  мен  уақытына  қатысты  басқа  да  нұсқаулар  болмаса,  әрбір 
бақылау  нүктесінде  ағын  судың  (соның  ішінде  Қызылсу  су  қоймасыда)  деңгейін  немесе 
ысырабын өлшеу ай сайын орындалады.  
 
Беткі  сулар  деңгейін  бақылаудың  басты  нүктелерінде  (Қызылсу  су  қоймасын  қосқанда)  ай 
сайынғы  қол  мониторингінен  басқа  ағын  судағы  су  деңгейін  таратқыштар/  тіркеушілер 
орнатылатын  болады.  Осы  басты  бақылау  нүктелерінің  саны  мен  орналасқан  жері  құрылыс 
сатысында  анықталатын  болады,  бірақ  кем  дегенде  кеніштен  ағын  бойынша  төмен  және 
жоғары  учаскелер  қамтылатын  болады.  Егер  басқа  арнайы  жиілік  қарастырылмаған  болса, 
тіркеуіштер жиіліктің сағаттық өлшеуіне бапталады. Олар тексерілетін болады және мәліметтер 
олардан ай сайынғы негізде жүктеліп отырады. 
 
Өзен суының шығыны өзен суы деңгейінің өлшемі негізінде бағалана алуы  үшін су деңгейі мен 
су  ағыны  көлемінің  ара  қатынасу  ағынындағы  су  деңгейінің  мониторингі  нүктелері  бойынша 

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ 
Суды пайдалану мен сарқынды суларды жою 
бойынша іс-шаралар жоспары 
 
 
KZ10061/MM1
 
2016 жылғы қазан 
Кесімді V2.0 
 
8 бет 
 
есептелетін болады.   Су деңгейінен тәуелділік шығыны қисығын құру үшін көктемгі-жазғы-күзгі 
маусымдарда  күтілуі  мүмкін  су  ағындарындағы  су  шығыны  мен  деңгейін  өлшеудің  барлық 
нәтижесін тіркеу қажет. 
 
Көктемгі қар ерудің барлық кезеңі ішіндегі су деңгейінің мониторингі жазғы нөсер уақытында 
ағын судың бұрынғы деңгейі қалпына келмегенше дейін бірнеше күн ішінде күн сайынғы негізде 
және алты сағаттық аралықпен жүргізілетін болады.  Жазғы және күзгі саба кезінде мониторинг 
жиілігі аптасына екі ретке дейін төмендейді.   
 
Ақбастаубұлақ  бұлағы  үшін  ҚО  қорғау  жөніндегі  іс-шаралар  мақсаттарына  және  су  сапасы 
бойынша  қойылатын  талаптарға  сәйкестілігін  растау  үшін    кеніш  су  ағызғышының  нүктесінен 
ағын  бойымен төмен  және  жоғары  беткі  сулар  мониторингі  қажет  болады.  Кем  дегенде,  бұл 
үшін бұлақтағы су лайлылығы мен түсінің өзгеруін бағалау, РН және тұздылықты өлшеу үшін күн 
сайынғы  көзбен  шолып  тексеру  қажет  болады.  Егер  күн  сайынғы  мониторинг  нәтижелері 
ластанудың ықтимал фактісіні нұсқайтын болса, негізгі иондарды, қаттылықты, ЭЦ, шектелген 
көміртектің  жалпы  мөлшері  мен  ерітілген  оттекті  қосқанда,  компоненттердің  толық 
жиынтығына  талдау  және  қосымша  сынамалау  қажеттілігі  пайда  болуы  мүмкін.  Алынған 
нәтижелер  ластану  фактісін  растау  және  ластану  себептерін  анықтау  және  жою  үшін  қажетті 
шараларды  бастамалау үшін МФК (2.5.1-кес.) нұсқауына сәйкес белгіленген шоғырланулармен 
салыстырылатын  болады.  Сондай-ақ,    жыл  сайынғы  акватикалық  экологиялық  іздестірулер 
барысында  балықтардың  сыртқы  түрінде  патологияларды  анықтау  жағдайлары  орын  алған 
ластанудың қосымша белгісі болып табылады. 
 
Жылғалықтар,  кәдімгі  сұлұталма,  мөңке,  сібір  голеці,  қарабалық  және  екі  қанаттылар 
балаңқұрттары  секілді  сезімтал  түрлерін  белгілеу  үшін  кеніш  әсеріне  түсетін  ағын  сулардың 
акватикалық  экологиялық  іздестірулері  фондық  экологиялық  іздестірулердегі  есептерде 
жасалған  ұсынымдарға  сәйкес  жүргізілетін  болады  (4.6-қосымша,  4-тарау).  Жыл  сайынғы 
іздестірулер нәтижелері түрлерді бөлудегі өзгерістерді анықтауға көмектеседі және кәсіпорын 
аумағынан ағын бойынша төмен ағын сулар жағдайының индикаторы қызметін атқарады және 
фаунадағы  судың  жүйелі  мониторингі  барысында  анықтауға  берілмейтін  ластағыш 
заттардыңықтимал биожиналуын көрсететін болады.   
 
Гидрогеология  және  беткі  сулар    бойынша  мәліметтерді  басқару  мақсатында  экологиялық 
мәліметтерді басқару жүйесі  қолданылады. Жер асты және беткі суларына қатысты басқа да 
құжаттамалар, сонымен қатар қолжетімді мұрағаттық құрылғыда сақталатын болады. 
 
Егер  кенішті  пайдалану  барысында  Ақбастаубұлақ  бұлағының  екі  жағынан  Жобадан  ағын 
бойынша төмен  жерлер ауыл  шаруашылық  мақсаттары  үшін  қолданылатыны  анықталса,  осы 
учаскелерге әсер ету мониторингі жүргізілетін болады. Мониторингке жатуы ықтимал учаскелер 
төмендегі  суретте  қызылмен  көрсетілген.  Осы  учаскелер  үшін    Әуезов  кентінің  тазартылған 
шаруашылық-тұрмыстық пайдаланылған суларын ағызып жіберу есебінен артатын ағын сулар 

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ 
Суды пайдалану мен сарқынды суларды жою 
бойынша іс-шаралар жоспары 
 
 
KZ10061/MM1
 
2016 жылғы қазан 
Кесімді V2.0 
 
9 бет 
 
қол  жетімді  болады.    Қызыл  Жобасының  қызметі  нәтижесінде  сызбада  бөлініп  алынған 
учаскелерде суару үшін су жетіспеушілігі салдарынан жер жағдайының нашарлауы орын алған 
жағдайда, суару үшін суды Холодный Ключ бұлағынан алуға болады.  
 
 
 
 
4
 
ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫН БАСҚАРУ 
 
4.1
 
Бақылау ұңғымаларының бар жүйесі 
 
Қолданыстағы  әртүрлі  ғимараттар  мен  кеніш  нысандарының  айналасында  (карьер,  қалдық 
қойма,    су  тарту  ұңғымасы  және  құрамында  күшән  бар  үйінді…)  1996  және  2007  жылдар 
аралығында белгіленген бақылау ұңғымаларының арнайы жобаланған желісі әлдеқашан бар. 
 
 Судың  сапасы  мен  деңгейінің  мониторингі  тұрақты  түрде  жүргізіледі.  Мониторинг 
мәліметтерінің егжей-тегжейі экологиялық және әлеуметтік аялық жай-күйіне  арналған ЭӘӘБ 
жөніндегі есептің 5.9 тарауында көрсетілген. Ұңғымалар келесі мақсаттарға арналған: 
 

  карьер учаскесінің бақылау ұңғымалары 
тау-кен 
жұмыстары 
мен 
сутөкпенің жер асты суларына әсерін түсіну. 

  Қызылту су тарту алабының бақылау ұңғымалары - су тартудың су тұтқыш жиекке 
әсері бағалансын. 

  қалдық қойма учаскесінің бақылау ұңғымалары  
қалдық  қойма  тарапынан 
туындайтын  кез  келген  ықтимал  әсерді  бағалау  үшін  жер  асты  суларының 
деңгейі мен сапасына мониторинг жүргізу. 

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ 
Суды пайдалану мен сарқынды суларды жою 
бойынша іс-шаралар жоспары 
 
 
KZ10061/MM1
 
2016 жылғы қазан 
Кесімді V2.0 
 
10 бет 
 

  құрамында күшән бар үйінді учаскесінің бақылау ұңғымалары 
құрамында 
күшән бар үйінді тарапынан туындайтын кез келген ықтимал әсерді бағалау үшін 
жер асты суларының деңгейі мен сапасына мониторинг жүргізу. 
 
4.2
 
Ұңғымалық су алу  
 
Ұңғымалық  су  алу  кеніштен  солтүстікке  қарай  орналасқан  Қызылту  су  тарту    алабының 
пайдалану  ұңғымалар  жүйесі  арқылы тас-көмір кезеңінің  байырғы  жыныстарының  су  тұтқыш 
қалың  қабатынан  Жобаның  1-кезеңінде  тәулігіне    94  м
3
  және  Жобаның  2-кезеңінде  184  м
3
 
максималды  көлемде  жүзеге  асады.  Су  тарту  алабы  төрт  пайдалану  ұңғымаларынан  тұрады. 
Қажетті су көлемін алу үшін бір ұңғыма да жеткілікті. Қалған ұңғымалар қосымша қор ретінде 
қолданылады. 
 
Жер  асты  суларына  ұңғымалық  су  алуды  бағалау  үшін  пайдалану  және    жақын  орналасқан 
бақылау  ұңғымаларына  қолмен    және  автоматтандырылған  мониторингін    4.9  тарауда 
көрсетілгендей 
жүзеге 
асыру 
ұсынылады. 
 
 
4.3
 
Карьер учаскесі 
 
Судың  карьерге  сіңуіне  тау-кен  /жару  жұмыстары  арқылы  жұмсарған  жыныстардың  жоғары 
өткізгіштігі  және  әсіресе,    нөсер  жауғанда,  сондай-ақ  көктемде    қар  ерігенде  ағын  сулар 
максималды деңгейге жеткен кезде судың карьерден үздіксіз төгілуі әсер етеді.  
 
Карьер  бүйірлеріндегі  сульфидті кендер  ауамен жанасатындықтан  және  көктемгі  қар сулары, 
жазғы жаңбырлар немесе жер асты сулары деңгей ауытқыған жағдайда олардың үстінен ағып, 
карьердің  зумпфына  түсетіндіктен,  карьерде  қышқыл  пайдаланылған  сулар  пайда  болуы 
мүмкін. Геохимиялық зерттеулер нәтижесі кен құрамындағы сульфидтердің 50-ден астам %-ы 
қышқыл  жасаушы  болып  табылмайтынын  көрсетеді,  бұдан  басқа  кен  құрамында  қышқыл 
пайдаланылған  сулардың  пайда  болуына  кедергі  болатын  бейтараптаушы  минералдардың 
жетерліктей мөлшері бар. Алайда, ықтимал қышқыл жасаушы жыныстар көлемін айтарлықтай 
дәл бағалау және қауіп төндіретін кенді өңдер алдында күшәнді сілтісіздендіру  үшін, қосымша 
зерттеулер жүргізілетін болады. 
 
4.3.1
 
Карьер учаскесінің бақылау ұңғымасының желісі 
 
Ашық  тау-кен  жұмыстары  және  қолданыстағы  карьердің  солтүстігіне  қарай  орналасқан 
карьерден судың төгілу әсерін зерттеу үшін тереңдігі шамамен 50м құрайтын, жалпы алғанда, 5 
бақылау  ұңғымалары  орнатылады.  Жаңа  карьер  анағұрлым  ірі  болады  және  жаңа  жыныс 
үйіндісі жаңа алаңнан солтүстікке қарай кең алаңды иелейтін болады. Нәтижесінде бар бақылау 
ұңғымалардың  үшеуі  жоғалатын  болады  және  қосымша  бақылау  ұңғымаларын  орнату  қажет 

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ 
Суды пайдалану мен сарқынды суларды жою 
бойынша іс-шаралар жоспары 
 
 
KZ10061/MM1
 
2016 жылғы қазан 
Кесімді V2.0 
 
11 бет 
 
болады.  Жаңа  ұңғымалар  сутөкпе  нәтижесінде    төмендейтін  су  айнасын  кесу  үшін  100  м 
шамасында үлкен тереңдікке өтілетін болады. Бақылау ұңғымаларының жаңарған жүйесі жаңа 
карьердің  гидравликалық  еңісінің  жоғары  жағына  қарай  кем  дегенде  үш  стратегиялық 
ұңғымаларды  және  гидравликалық  еңісінің  төменгі  жағында  орналасқан  кем  дегенде  3 
стратегиялық  ұңғымаларды  қамтиды.  Су  тарту    және  жақын  орналасқан  бақылау 
ұңғымаларында қолмен және автоматтандырылған мониторингті  4.9. тарауда көрсетілгендей 
жүргізу ұсынылады.  Жыл сайынғы талдауды сәйкес есебімен  орындау ұсынылады.   
 
4.3.2
 
Карьер сутөкпесінің суы 
 
Ашық  тау-кен  жұмыстары    кезінде  карьерден  айдап  шығарылатын  су  тұнба  тоғандарға 
жиналады 
(№2  карьер).  2018ж.дейін  су  сапасына  МФК  қойылатын  талаптарына  сай  сәйкес  тазартудан 
өткен су (2-тараудағы 2.3кест. қар.), Ақбастаубұлақ бұлағына ағызып жіберілетін болады. 2018 
ж.кейін  барлық  карьерлік  сулар  байыту  фабрикасының  техникалық  су  ыдыстарына 
технологиялық үдерісте қолдану үшін айдалады. 
 
Карьер  сутөкпесінің  тәуліктік  көлемін  күн  сайынғы  негізде    белгілеу  ұсынылады.  №2  карьер 
тоғанында  судың  тәуліктік  деңгейі  күн  сайынғы  негізде  қолмен  және  сағаттық  аралығы  бар 
таратқыш /тіркеуіш көмегімен автоматтандырылған тәсілмен белгіленуі керек.  
 
Жыныстар  дренажы  кезінде  қышқылдың  пайда  болу  әлеуетін  бағалау  үшін  қолданыстағы 
карьерде  және  №2  карьер  тоғанында  жиналатын  судың  мониторингі  жүргізілетін  болады. 
Мониторинг үшін   рН  және электр  өткізхгіштікті  өлшеуге  арналған  автоматтандырылған  және 
калибрленген  жабдық  қолданылатын  болады.  Сондай-ақ,  тоқсан  сайын  су  сынамалары 
алынатын болады, автоматтандырылған жабдықпен қышқыл пайдаланылған сулардың бюолуы 
анықталған жағдайда, сынамаларды іріктеу одан да жиі негізде жүргізілетін болады. Үзіліссіз су 
төгілу  нәтижесінде  карьерде  жер  асты  сулар  жергілікті  масштабта  карьерден  емес,  карьерге 
келіп  құйылатын  гидравликалық  жағдайды  қалыптастырады.  Бұл  құбылыс  «гидравликалық 
орналасу» ретінде белгілі. Байыту фабрикасына карьер зумпфында жиналатын суды айдаумен 
бірге осы үдеріс кенішті пайдалау кезеңінде қышқыл қалыптасудың ықтимал әсерін шектейді.  
 
4.3.3
 
Тарату кезеңі 
 
Кенішті жойғаннан кейін карьерде тартылмайтын кішігірім көлшік қалыптасуы керек. Карьерге 
келетін  су  және  су  бетінің  булану  аралығы  тепе-теңдікке  жеткен  кезде  сулардың    деңгейі 
тұрақтайды.  Жауын-шашын  мөлшерімен  салыстырғанда  буланудың  жоғары  жылдамдығын 
есепке ала отырып, карьердегі судың деңгейі осы өңірдің жер асты суларымен тепе-теңдікке 
келуі  белгісіз.  Карьердегі  судың  деңгейі  жер  асты  суларының  деңгейінен  төмен  сақталған 
жағдайда, карьер жер асты сулары үшін шұңқыр қызметін атқаруды жалғастырады, осылайша 
әлеуетті ластағыш заттардың кеніштен шет жаққа қарай ағуына жол бермейді.  

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ 
Суды пайдалану мен сарқынды суларды жою 
бойынша іс-шаралар жоспары 
 
 
KZ10061/MM1
 
2016 жылғы қазан 
Кесімді V2.0 
 
12 бет 
 
 
Карьердің  ақтық  контурындағы  оның  бүйірлерінің    қабырғаларындағы  сульфидті  және 
құрамында  күшән  бар  жыныстардың  ашылу  ауқымы  өндіру  жер  асты  тәсілімен 
жалғасатындықтан,  кеніш  жабылғанша  дейін  бірнеше  жыл  бұрын  белгілі  болады.  Бұл  су 
сапасының болжамдарын тәптіштеуге және кенішті жабу ресімдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ,  жалғасып  жатқан  зерттеулер  нәтижесінде  сукелімдерінің  бастаулары/жолдары 
зерттелетін  болады,  бұл  ықтимал  гидравликалық  байланысты  және  кенішті  жойғаннан  кейін 
жер асты суларының карьерден шығу  әлеуетін анықтауға мүмкіндік береді.  
 
Тау-кен  жұмыстары  аяқталғаннан  кейін  Қазақстан  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  кем 
дегенде  бес  жыл  ішінде  жақын  жатқан  ұңғымалардағы  карьерлік  және  жер  асты  суларының 
тоқсан  сайынғы  мониторингін  жүргізу  қажет.  Бұл  қышқылдың  пайда  болуы  мен  жер  асты 
суларының  тау-кен  жұмыстарының  салдарынан  болған      қалдықты  ластануының  кез  келген 
басқа түрлерін қадағалауға мүмкіндік береді. 
 
4.4
 
Жыныстар  үйіндісі 
 
Қышқылдың пайда болу тәуекелі жыныс үйіндісі дренажының есебінен жыныс үйіндісін басқару 
бойынша іс-шаралар арқылы төмендетілетін болады. Карьердегі геологиялық пайдалану үшін 
барлау  жүйесінің  шеңберінде  жоғары  тәуекел  болып  табылатын  әлеуетті  қышқыл  жасаушы 
жыныстар бөлініп алынатын болады. Қышқыл жасаушы жыныстар табиғи үйінді жиегінен алыс 
орналастырылатын және қашқыл жасамайтын жыныстармен жабылатын болады.  
 
Жыныстар үйіндісінің айналасында қышқыл жыныстар дренажының жер асты суларына әсерін 
анықтауға  мүмкіндік  беретін  арнайы  жобаланған  бақылау  ұңғымаларының  желісі 
қалыптастырылатын болады. 
 
Ұңғымалар  желге  мүжілген  байырғы  жыныстардың  су  тұтқыш  қалың  қабатындағы  су  беті 
алаңын кесіп өту үшін қажет болатын 50-100 м тереңдікке дейін орнатылатын болады. Ұңғыма 
суы тұрақты түрде сынамадан өткізіліп тұрады. Аталмыш ұңғымалардағы су деңгейі 4.9 тарауда 
сипатталғандай тіркелетін болады. Нәтижелер туралы жыл сайынғы есепті ресімдеу ұсынылады. 
 
4.5
 
Қалдық қоймасы 
 
Қалдықтар құрамында металдар мен минералдардың шоғырлануы болуы мүмкін, олар қалдық 
қойма табанынан төмен жатқан су тұтқыш жиектің жер асты суларына шаймалануы ықтимал 
болуы  мүмкін.  Қоршаған  ортаға,  жер  асты  және  жер  үсті  суларының  сапасына  операциялық 
әсерді шектеу бойынша бірқатар шаралар қарастырылады. Жер асты жәнежер үсті суларының 
ластануын болдырмау және басқа да экологиялық рецепторларды қорғау мақсатында қалдық 
қойма  айналасындағы  қосылмайтын  суларды  бұрып  әкету  үшін  ұзақмерзімді  су  бұрғыш 
каналдар жүйесі орналастырылады. 

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ 
Суды пайдалану мен сарқынды суларды жою 
бойынша іс-шаралар жоспары 
 
 
KZ10061/MM1
 
2016 жылғы қазан 
Кесімді V2.0 
 
13 бет 
 
 
Жер асты суларына ластаушы заттектердің түсуіне байланысты пайда болатын әсерлерді зерттеу 
үшін  қалдық  қойма  айналасына  арнайы  жобаланған  бақылау  ұңғымалар  қалыптасады. 
Ұңғымалар  желге  мүжілген  байырғы  жыныстардың  су  тұтқыш  қалың  қабатындағы  су  беті 
алаңын кесіп өту үшін қажет болатын 50-100 м тереңдікке дейін орнатылатын болады. Қалдық 
қоймадан  ықтимал  ағуды  анықтау  үшін  бақылау  ұңғымалар  жүйесі  гидравликалық  еңісінің 
жоғары және төменгі жағына қарай үш стратегиялық ұңғымаларды және төменгі жағына қарай 
кем дегенде үш  стратегиялық ұңғымалардың орналасуын қамтитын болады. 
 
Ұңғыма суы тұрақты түрде сынамадан өткізіліп тұрады. Аталмыш ұңғымалардағы су деңгейі 4.9 
тарауда сипатталғандай тіркелетін болады. Нәтижелер туралы жыл сайынғы есепті әлемдік озат 
тәжірибеге сай рәсімдеу ұсынылады.  Қажет болған жағдайда қосымша жеңілдететін шаралар 
қолданылады, мысалға, судың аққан орнын оқшаулау. 
 
4.6
 
Топырақтың үстіңгі қабатын алу 
 
Құрылыс кезінде топырақтың үстіңгі қабатын бұзу сіңірілген ластаушы заттектері бар  өлшенген 
қатты бөлшектердің жер асты суларына енуін жоғарылатуы мүмкін. Бұл әсер құрылыс кезінде 
алаң  шектелуі  немесе  үстіңгі  ашық  бетті  қорғау  есебінен  келесі  тәсілдермен  айтарлықтай 
төмендейді: 
 

  Құрылыс кезеңдерін  жобалағанда қорғалмаған топырақтың ашылуын мейлінше 
қысқарту арқылы;  

  Топырақтың  құнарлы  қабатының  үйінділері  қысқамерзімді  нөсерлік  су  ағыны 
арнасынан алыс орналасуы; 

  Құнарлы қабат үйінділерін жабу (өсімдіктерді қалпына келтіру); және 

  Ағын қозғалысының жолдары жер үсті лайлы ағындардың сүзгіштік кедергілерге 
және /немесе лайұстағыштарға ұсталуын жүзеге асыратындай жобалануы керек.  
 
4.7
 
Қатты жабындысы/ өткізбейтін беті бар алаңдар 
 
Құрылыс  жұмыстары  кезінде  құнарлы  қабатты  алу  және  автокөлік  қозғалысының  есебінен 
топырақты  нығыздау,  әсіресе  нөсер  болған  жағдайда    жер  үсті  суының  ағу  көлемінің  өсуіне 
әкеліп соғуы мүмкін.  Кез келген қосымша ағын топыраққа сіңу үшін  дренаждың/ су сіңірудің 
ұзақ  мерзімді  жүйесіне  бағытталады.  Төменде  жатқан  су  тұтқыш  жиекке  сіңуге  кедергі 
болмайтын  топырақ  жағдайын  максималды  қалпына  келтіру  үшін  беті  қатты  алаңдар  және 
инфрақұрылым объектілерінің алаңдары өндіріс тоқтағаннан кейін жойылатын болады. 
4.8
 
Жанар-жағармай материалдары мен химреагенттер 
 
Әр  түрлі  объектілер  мен  кеніш  ғимараттарын  құру,  пайдалану  және  пайдаланудан  шығару 
кезінде жанар-жағармай материалдары және химреагенттердің қолдануы мен сақталуын талап 
ететін техника мен жабдықтар қолданылады. Аталған материалдардың байқаусызда төгілуі жер 

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ 
Суды пайдалану мен сарқынды суларды жою 
бойынша іс-шаралар жоспары 
 
 
KZ10061/MM1
 
2016 жылғы қазан 
Кесімді V2.0 
 
14 бет 
 
асты  сулары,  жер  үсті  сулары    және  жасанды  тұрған  су  объектілері  секілді  экологиялық 
рецепторларға  әсер  ету  мүмкін.  Мұндай  қауіпті  төмендету  мынадай  бақылаушы  шаралар 
көмегімен жүзеге асуы мүмкін: 
 

  ЖЖМ  және  химреагенттер  қоймаларының  айналасына  апаттық  төгілу 
жағдайында, ыдыс ішіндегісінің бәрін ауыздықтау үшін ыдыс сыйымдылығымен 
салыстырғанда  110%-дық  сыйымдылықты  қамтамасыз  ететін  топырақ  үйіп 
қорғаныш орнату. Қызметкерлерді заттектерді қауіпсіз ұстауға үйрету және осы 
материалдарды дұрыс ұстауды қамтамасыз ететін қатаң ережелерді енгізу

  Бұл  материалдарды  тасымалдау  үшін  қос  қабырғалы  авто-цистерналарды 
пайдалану.  Өзі жүретін барлық техникаға құрылыс кезінде қызмет көрсетіледі 
және тұрақты түрде ағу тұрғысынан тексеріледі.  

  Кішігірім  төгілген  заттарды  жедел  оқшаулау  үшін  қажет  жабдықтың  жұмыс 
алаңында бар болуын қамтамасыз ету. Едәуір апаттарды жою үшін «апаттарды 
жою  жоспары»  жетілдіріледі  және  қызметкерлер  ағуды  болдырмау 
процедураларын, апат жағдайында жедел әрекет етуді және салдарын жоюды 
үйренеді. 

  Автокөлікті  қоятын  орын/тұрақ  алаңдарының  дренаж  каналдарын 
лайұстағыштар және майұстағыштармен жабдықтау; 

  Фабриканың техникалық сумен жабдықталу жүйесінде көлік жууда пайдаланған 
суды қайта қолдану; және   

  Канализациялық  ағын  суды  уақытша  құрылыс  ғимараттарынан  герметикалық 
ыдыстарға  жинау.  Канализация  суы  осы  ыдыстардан  тұрақты  түрде  төгілетін 
болады  және  тиісті  және  экологиялық  тәсілмен  пайдаланылатын  болады. 
Кәсіпорының  канализациялық  ағын  суларын  қайта  өңдеу  үшін  тазалаушы 
ғимараттар қарастырылған.  
 
4.9
 
Жер  үсті суларының   қолмен  және  автоматтандырылған  мониторингі,  мәліметтерді 
өңдеу және сақтау 
 
Су іркуіш және бақылау ұңғымаларында кем дегенде ай сайын су асты суларын қолмен өлшеу 
жүргізілетін болады. Қызмет етіп тұрған әрбір су тарту ұңғымасынан ай сайын су жинау көлемі 
(деңгейін өлшеумен бір мезгілде) қолмен тіркеледі. 
 
Жер  асты  суының  деңгейін  қадағалау  үшін  барлық  су  тарту  ұңғымалары  мен  бірнеше  негізгі 
бақылау 
ұңғымаларында 
таратқыштар/тіркеуіштер 
орнатуқажет. 
 Айдап  шығарылатын  жер  асты  суларының  көлемін  тіркеу үшін  барлық  су тарту ұңғымаларда 
үздіксіз  әрекет  ететін  шығын  өлшеуіш  құрылғы  орнату  қажет.    Аталған  негізгі  бақылау 
ұңғымаларының  саны  мен  орналасуы  құрылыс  кезеңінде  анықталады.  Тіркеуіштерр 
өлшеулердің  сағат  сайынғы  жиілігіне  күйленеді.  Олар  тексерілетін  болады  және  мәліметтер 
олардан ай сайынғы негізде жүктеліп отырады. Батерея қызметінің мерзімі, жады көлемі және 
тіркеуіш өлшеуінің аралығы есепке алынатын болады, ал желдетпейтін тіркеуішті қолданғанда 

ҚЫЗЫЛ ЖОБАСЫ 
Суды пайдалану мен сарқынды суларды жою 
бойынша іс-шаралар жоспары 
 
 
KZ10061/MM1
 
2016 жылғы қазан 
Кесімді V2.0 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал