Қыздарымыздың өзге ұлтқа тұр мысқа шығуы жай мәселе емес, ұлттық



жүктеу 0.67 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

БҰЙЫРҒАНЫ КҮМІС БОЛДЫ

Енді ерлер арасындағы жарыстардың 

қорытындысына тоқталсақ. Алғашқы 

гигант жарысында Игорь Закурдаев топ 

жарды. Өкінішке қарай, екінші сенім 

артқан екі жігітіміздің бірі Дмиртий Кош-

кин жарыс жолынан шығып қалды. Ги-

гант бәйгесінде кәрістерден анағұрлым 

асып түсуге тырысқан Дима шектен 

тыс жоғары жылдамдығының кесірі-

нен екі жалаудың (қақпаның) арасын-

да дұрыс бұрыла алмай, бәйгеден тыс 

қалды. Закурдаев өзінің өкшесін басқан 

кәріс шаңғышысынан 0,88 секунд 

озық тұрған. Бірақ екінші сында кәріс 

шаңғышысы көсіле шапты. Закурдаевтан 

1,0 секунд асып түсіп, алтынды қақшып 

кетті. Ішіміз удай ашыды. Бірақ «дұрыс та 

шығар, үнемі біздің жолымыз бола бере 

ме» деп жұбаттық өзімізді.

Сонымен ерлер арасында бірінші 

орынды Джун Донхён иеленіп, Игорь За-

курдаев екінші орынға орналасты. Үшінші 

орынды Кореяның екінші қыраны Ким Ву-

сун еншіледі.

БАС БАПКЕРДІҢ 

КЕЛІСІМШАРТЫ ТҮГЕСІЛДІ

Тау шаңғысы бәйгелері аяқталысымен 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Сер-

гей Чаадаевті сөзге тартып, көкейдегі 

сұрақтарымызды көлденең тарттық.

– Осы Азия ойындарындағы жал-

пы көрсеткіштеріңізге көңіліңіз тола 

ма? Аталмыш дүбірлі дода бастал-

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ



Бес айлық баласы бар ана алтын алды

май тұрып қанша алтын алуды мақсат 

тұтып едіңіздер? 

– Азия ойындарындағы көрсеткіш-

те 

рімізге көңілім толады. VІІ қысқы 



Азия ойындары қарсаңында басшылар 

бізге үш алтын алуды тапсырған. Біз үш 

алтын, бес күміс, екі қола еншіледік. 

Жоспарды асыра орындадық десем де 

болады.

– Шаңғышы жігіттер «біз қысқа 

қашықтықтағы слаломнан гөрі ара-

сы алыстау супергигант жарыстары-

на көп дайындалдық» дейді. Мүмкін, 

екеуін бөле жармай, екеуіне де бірдей 

дайындалу керек пе еді?

– Біз тек қана біреуіне ғана дайын-

далған жоқпыз. Бәріне дайындалдық. 

Тек супергигант жарыстарына айрықша 

көңіл бөлгеніміз рас. Себебі Корея слалом 

жарыстарына машық, бізден көш ілгері. 

Біз әзірше олармен тайталаса алмаймыз. 

Екеуіне бірдей дайындалсақ, алтынсыз 

қалуымыз да мүмкін ғой. Сондықтан тым 

болмаса біреуінен кәрістерден асып түсуді 

көздедік.

– Сіз Ресей азаматысыз. Біздің елге 

қашан келдіңіз? Келісімшартыңыздың 

мерзімі қашан аяқталады?

– Қазақстан құрамасын жаттықтыра 

бастағаныма екі жылдай уақыт болды. 

Келі сімшартымның мерзімі 7 ақпан күні 

тамамдалады. Ұзартамыз ба, жоқ па, ол 

Спорт комитеті басшыларына байланыс-

ты.

– Өзіңіз келгелі біздің шаңғышы-

лардың деңгейі өсті деп ойлайсыз ба? 

Олардың әлеуеттеріне өз бағаңызды 

берсеңіз.

– Тау шаңғысынан Қазақстан құрама-

сы ның деңгейі біршама өсті деп ойлай-

мын. Оған спортшылардың кейінгі ха-

лықаралық жарыстардағы көрсеткіштері 

дәлел бола алар. Ал әлеуеттеріне келер 

болсақ, Қазақстан шаңғышыларының қа-

бі 


леті бұдан да жоғары, алар белестері 

әлі алда. Тек осы жігіттер мен қыздардың 

ізін басып келе жатқан резерв тым аз. Осы 

жағы ойланарлық мәселе.



Басы 1-бетте

Сонымен алғашқы рекордтар «Алау» 

стадионында конькимен жүгіруден жа-

рысқан жапондық спортшылар Масако 

Хозуми мен Жоджи Катоға тиесілі. Ма-

сако Хозуми әйелдер арасында 3000 

метрлік қашықтыққа жүгіруден ең үздік 

уақытты көрсетсе, Жоджи Като 500 метр-

ге жүгіруден қатарынан екі рет рекорд 

жаңартты. Ал корейлік Сюн Хун Ли ер-

лер арасында 5000 метрге жүгіруден, 

қытайлық Ю Жиң 500 метрге жүгіруден 

Азия саңлағы атанып, рекордқа қол жет-

кізді. Ал қазақстандық Денис Кузин 1500 

метрге конькимен жүгіруден 1:47:30 

уақытпен Азия рекордын жаңалады. Сон-

дай-ақ әйелдер арасында 1500 метр 

қашықтыққа жүгірген қытайлық Ваң Фэй 

де мәреге 1:58: 37 уақытта келіп, өзінің 

2007 жылғы рекордынан асып түсті. 

Шорт-тректе ерлер арасында 1000 

метрден корейлік Суң Си Бак 1:27.368 

уақытты көрсетіп, 2003 жылы өзінің жер-

лесі қойған рекордтық нәтижені кейінге 

ысырды. Осы Суң Си Бак, Ли Хо Сук және 

Нох Жин Куйден құралған корейлік коман-

да эстафеталық жарысты да рекордтық 

нәтижемен (уақыты 6:44.705) аяқтады. 

Сөйтіп, корейлік спортшылар эс та феталық 

жарыста осымен үшінші рет Азия рекор-

дын жаңартыпты. 

Айбын БАҚЫТҰЛЫ

Астанада 

жасалған 

рекордтар

Астананың «Алау» конькимен 

жүгіру стадионы мен велотрек 

стадионында өткен шорт-трек 

жарыстарында Азиада ойындары 

басталғаннан бері спорттың осы 

түрлерінен бұрынғы жарыстарда 

қойылған біраз рекордтар 

жаңарып үлгерді. 

ДЕРЕК


СУРЕТТЕ КІМ?

Талантты 

жазбай таныңыз

VII қысқы Азия 

ойындарындағы азғана қаракөз 

қандастарымыздың бірі. Қысы 

қысқа, қары аз Оңтүстік Қазақстан 

облысында дүниеге келсе де 

қысқы спорт түрін таңдаған. Әуеде 

көбелекше шыр айналатын бұл 

аруымыздың жасы небәрі 19-да. 

Бірақ соған қарамастан, біраз 

шыңды бағындырып үлгерді. Ал 

өз жерімізде өтіп жатқан VII қысқы 

Азия ойындарында күміспен 

күптеліп, командамыздың 

қоржынына жиырмасыншы ме-

дальді салып берді. Сондай-ақ осы 

Ақ Азиадада жүлдегер атанған 

тұнғыш қазақ спортшысы атанды. 

Сонымен, бұл спортшымыз кім? 

Ақ Азиада ойындарын жіті тама-

шалап жүрген оқырмандарымыз 

үшін бұл викторинамыз аса 

қиындық тудырмауы тиіс.

Астана халқының сенім артып, тілеуін 

тілеген үміті мәнерлеп сырғанаушы Де-

нис Тен мен Абзал Рахымғалиев болды. 

Алдыңғы күнгі қысқа бағдарламадан 

Денис Тен 76,22 ұпай жинап, көштің 

басында келе жатса, Абзал 56,43 ұпаймен 

алтыншы орынды алқымдаған болатын. 

Абзалға «абзалы – алдыңғы орындарға 

іліксе» дедік. Ал Денис Тенге келер болсақ, 

оның шеберлігіне қарап, «Денис Тен – 

Қазақстанның спорт тарихында тұңғыш 

рет ерлер арасындағы қысқа бағдар-

лама бойынша қысқы Азия ойындарының 

чемпионы атанады-ау» деп болжадық. 

Бірақ асықпадық. Артын күттік. Алда әлі 

еркін бағдарлама бойынша сайыс тұрған 

еді.


Кешегі еркін бағдарламадан Абзал 

Рахымғалиев 114,18 ұпай жинады. Осы 

ұпайымен бірінші орында тұрған Абзалды 

Қытайдың мәнерлеп сырғанаушысы ба-

сып озып, көңіліміз су сепкендей болды 

да қалды. Өзбек спортшысы да біздікінен 

гөрі мәнерлі сырғанап, ол да Абзалды өз 

тобында кейінге сырғытып тастады. 

Денис Тен! Үкілі үмітіміз шыққанда 

бә рі міз демімізді ішімізге тарттық. Үміті-

міз ақталды, 23-ші алтын да иесін тапты. 

Омырауынан алтын жарқыраған Денис 

Тен (208,89 ұпаймен) тұғырдың биігінен 

көрінді. Бәрекелді, жарайсың Тен!



Салтан СӘКЕН

Денис Тен 

алтын әперді

«Конькиден бағымыз жанбай 

кетеді-ау» деп едік. Жоқ, құдайға 

шүкір, кеше конькилі спорт 

түрлерінен екі алтын олжаладық. 

Арты берекелі болып, үйірімен үш 

тоғыз әкелсін дедік.

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ

Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК



ОВ (фо

то)


Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо

то)


а) Ақмаржан 

ҚАЛМҰРЗАЕВА

ә) Жібек АРАПБАЕВА

б) Эльмира МОЛДАШЕВА

д) Ғалия НҰРҒАЛИЕВА

«Талантты жазбай таныңыз» айда-

ры ның өткен жолғы нөмірінде фрис-

тайлдан әлем кубогының иегері, 18 жас-

тағы аруымыз Юлия Галы ше ва ның су-

ретін берген болатынбыз. Шы ны керек, 

қазір Юлия ел спорт шы ла рының ішінде 

ең танымал ды ларының біріне айналып 

шыға келді. Бұған спортшымыздың VII 

қысқы Азия ойындарындағы жетістік-

тері де әсер еткені рас. Фристайлдың 

могул жат 

тығуында екі алтын алған 

саң лағы мызды танып, редакцияға ха-

бар 

лас 


қан оқырмандарымыз өте көп 

болды. Міне, осындай саңлақта ры мыз-

дың ар қа сында Қазақстанда фристайл 

спорты дамып келеді.



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№20 (472) 5.02.2011 жыл, сенбі                  



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz



– Гүлшара Наушақызы, биылғы 

2011 жылдың қаңтар айынан бастап 

зейнетақы мен жәрдем ақыға 30 

пайыз үстемақы қосылды. Бұған 

қоса осы жылдың 1 шілдесі нен 

бастап бюджеттік қызметкер лердің 

жал ақысына 30 пайыз үстеме 

қосы латыны тағы белгілі. Әйтсе де 

жыл сайын қосылғанымен, айналып 

келгенде осы үстеме төңірегінде 

халық арасында дау-дамай да 

баршылық. Осы төңіректе не айтар 

едіңіз?

– Есіңізде болса, зейнетақы мен жәр-

демақыға үстеме қосу туралы Қазақстан 

Республикасының Президенті Н.Назарбаев 

2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ау-

қатын арттыру – мемлекет саясатының бас-

ты мақсаты» атты Жолдауында нақты-нақ ты 

шараларды атап көрсеткен-ді. Ол Жол дауда 

2012 жылға дейін зейнетақының орташа 

мөлшерін екі жарым есеге арттыру көз-

делгені мәлім. Содан бері 2009 жылы зей-

нетақы мөлшері – 25 пайызға, 2010 жылы 

– 25 пайызға, ал биылғы жылы 30 пайызға 

артты. Қазіргі таңда Елбасының зейнетақы 

мөлшерін арттыруға қатысты тапсырмалары 

толығымен орындалып, зейнетақының ор-

таша мөлшері биылғы 2011 жылы 2007 

жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты. 

Ал осы үстемеақы төңірегіндегі дау-да-

майға келсек, ол, негізінен, зейнетақы және 

жалақы мөлшерлерінің өсуімен қатар, 

нарықтағы азық-түлік, коммуналдық қыз-

мет, дәрі-дәрмек тағы басқа да азамат-

тардың басты қажеттілігіне пайдаланатын 

тауарлар мен қызмет бағаларының шарық-

тап өсіп кетуінен туындауда. Халық күн-

делікті тұтынатын азық-түлік бағасының өсуі 

мен өзге де қызмет бағаларының ша рық-

тауы бүгінде барша қазақстандықты тол-

ғантып отыр. Бағаның шарықтап өсуі шұғыл 

шаралар қабылдауға, әлеуметтік маңызы 

бар азық-түлік өнімдеріне қатысты бағаны 

бір деңгейде ұстап қалу саясатын жүргізуге 

мәжбүрлеуде. Бұл орайда тиісті органдар 

тарапынан инфляцияға қарсы күресті одан 

әрі күшейту бойынша іс-шаралар жалғасын 

тапса, халық арасын 

дағы дау-дамай 

толастайды деп ойлай мын.

– Жалпы, сіз министр ретінде 

«тұрмысы төмен отбасыларға 

мемлекет тарапынан берілетін 

жәрдемақы түрлеріне ауылдық, 

қалалық деңгейде әділетті бөлініс 

енгізу керек. Бұл ретте ауылда 

тұратын отбасылар мен қалалы 

жерде тұратын отбасылардың еңбек 

ауыртпашылықтары еленуі тиіс» 

деген пікірлермен келісесіз бе?

– Бұл мәселеге қатысты қазіргі қол-

даныстағы заңнамаға сәйкес жергілікті дең-

гейде жергілікті бюджет есебінен аз қам-

тамасыз етілген отбасыларға мұқтаж дығы 

мен табыс деңгейі ескеріліп, бірнеше әлеу-

меттік көмек және қолдау түрлері ұсы-

нылады. Біздің елдегі әлеуметтік кө мектің 

бірінші жүйесі – ол табысы кедейлік шегінен 

төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға 

атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Оның 

мөл 


 

шері жан басына шаққанда орташа 

табысы мен кедейлік шегі (ең төмен күн-

көріс деңгейінің 40 пайызын құрайды) ара-

сындағы айырма түрінде есептеледі. Бұған 

қатысты деректерге жүгінсек, 2011 жыл дың 

1 қаңтарындағы мәлімет бойынша рес пуб-

ликада 194,5 мың адамға 2,8 млрд теңге 

сомаға АӘК тағайындалып, төленіпті. Атау-

лы әлеуметтік көмекті алушылардың 60 

пайызға жуығын ауыл тұрғындары құ райды. 

Демек, бұл – атаулы әлеуметтік кө мектің 

жал пы шығындар сомасының басым бөлігі 

де ауыл тұрғындарына бағытталды деген 

сөз. Тағы бір ескерер жайт, қазірде осы атау-

лы әлеуметтік көмек енгізілгелі бері оны 

алушылардың саны шамамен ал ты есеге 

төмендеді. Мысалы, 2002 жылы елде атау-

лы әлеуметтік көмек алатындардың саны 

бір миллионнан астам болса, 2010 жылы 

200 мыңға жуық адамды құраған. Мұның 

өзі елде еңбек белсенділігінің артып отыр-

ғанын көрсетеді емес пе? 

Сондай-ақ республикамызда көрсеті-

летін әлеуметтік көмектің екінші бір түрі – 

балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік 

көмек түрі. Біздің елде 18 жасқа дейінгі ба-

лалары бар отбасыларға жан басына шақ-

қандағы табысы азық-түлік себетінен (ең 



төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы) тө-

мен болған жағдайда отбасындағы әр ба-

лаға 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1512 

теңге мөлшерінде балалар жәрдем ақы сы 

төленеді. Бұл еліміздің «Балалы отбасы-

ларға берілетін мемлекеттік жәр дем ақылар 

туралы» заңы аясында жүзеге асуда. Өткен 

жылдың қорытындысы бойын ша 18 жасқа 

дейінгі балаларға бері летін жәрдемақымен 

750 мыңға жуық ба ла қамтылып, 9 млрд 

тең геден  астам  жәр дем ақы  тағайындалып

төленді. Балалар жәрдемақысын төлеуге 

бөлінген жалпы соманың 75 пайызы ауыл-

дық жерде тұ ратын балаларға бөлінгенін 

айта кету керек. 

Бұдан кейін үшінші бір әлеуметтік көмек 

бар. Ол аз қамтамасыз етілген азаматтарды 

әлеуметтік қолдау мақсатында тұрғын жай-

ды ұстауға және коммуналдық қызметтердің 

ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету 

бойынша жүзеге асады. Бұл «Тұрғын үй қа-

тынастары туралы» заң аясында жүргізіледі. 

Соған сәйкес, 2010 жылы 184,5 мың 

отбасыға жалпы көлемі 3,5 млрд тең ге нің 

тұрғын үй көмегі берілді. Ал, жалпы ал-

ғанда, дағдарыс жағдайында халықтың аз 

қамтамасыз етілген тобына уақтылы әлеу-

меттік көмек көрсету мақсатында 2008 

жылдан бастап жыл сайын республикалық 

бюджеттен жергілікті бюджеттерге ныса-

налы ағымдағы трансферттер бөлінуде. 

Осы лайша 2008 және 2010 жылдар ара-

лығындағы мерзімде осы мақсаттарға рес-

публикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден 

астам қаражат, соның ішінде атаулы әлеу-

меттік көмек көрсетуге – 3,37 млрд теңге, 

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәр-

демақыларға – 6,8 млрд теңге бағытталды. 

Бұған қоса елімізде жоғарыда айтылған 

әлеуметтік көмектің үш түріне қоса жер гілікті 

өкілдік органдардың шешімі бойын ша әлеу-

меттік қолдаудың қосымша тағы 30 түрі 

көрсетіледі. Жоғарыда айтылғандарды 

ескере отырып айтарым, табысы төмен от-

ба сыларға әлеуметтік көмек көрсету – от ба-

сы 


ның өмірлік проблемаларын тұрақты 

шешетін әрекет емес. Ол тек қана кедейлік 

проблемаларын шешуге бағытталған қо-

сымша әлеуметтік қолдау болып табылады. 

Ал ең негізгі күшті біз лайықты еңбек жағ-

дайын жасауға бағыттауымыз қажет. 



– Бүгінде қарапайым халықтың 

тіршілігін оңтайлы ету үшін алды мен 

ішкі миграция мәселесін шешу жиі 

айтылады. Қалай ойлайсыз, бізге 

ішкі миграцияны реттеудің арнайы 

бағдарламасын қабылдайтын кез 

жеткен жоқ па?

– Бүгінгі күні жыл сайын ішкі көші-қонға 

орта есеппен 300 мыңдай адам қатысады. 

Олардың басым көпшілігі – бір елді мекен-

нен екіншісіне жұмыс бабымен қоныс ау-

дара тындар. Дегенмен республиканың эко-

логиялық өмір сүру жағдайы ерекше 

қо 


лай 

сыз және даму әлеуеті төмен елді 

мекен дерден қоныс аударуға мәжбүр бо-

лып отырғандар да баршылық. Өз басым 

мұн 

дай адамдарға мемлекет тарапынан 



көмек көрсетілуі тиіс деп есептеймін. Осы-

ған байланысты Еңбек және халықты әлеу-

меттік қорғау министрлігі жуырда «Ха-

лықтың көші-қоны туралы» заңның жоба сын 

дайындаған-ды. Қазір аталмыш заң жобасы 

Парламент Мәжілісінің қа рауын да жатыр. 

Жаңа мәтіндегі бұл заңда мәселені оңтайлы 

шешу жолдары қарас 

тырылуда. Онда 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы-

сымен ішкі көшіп-қонушы 

лардың қоныс 

аудару квотасын белгілеу де көздел ген. Бұл 

квота арқылы экологиялық өмір сүру 

жағдайы  ерекше  қолайсыз  ай мақ  тар да 

тұрып жатқан халықты экономи калық әлеу-

еті жоғары өңірлерге тұрақты қоныс ау-

даруға мүмкіндік ашылмақ. Мемлекет та-

рапынан аталған квота шеңберінде қо ныс 

аударған адамдарға тұрақты тұратын жеріне 

жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) 

тасымалдау шығыстарын қамтитын бір-

жолғы жәрдемақы мен тұрғын үй салу ға, 

қалпына келтіруге немесе сатып алуға 

жеңілдікті несие займдары берілетін бола-

ды. Бұл жұмысты іске асыру, заң жоба сына 

сәйкес, 2015 жылдан басталмақшы. 

 – Өзіңіз білесіз, соңғы кезде 

орташа табысты көбейту, жағдайы 

төмен отбасыларға көмек беру 

мақсатында біршама реформалар ға 

реңк берілуде. Бірақ біздің елде 

айлығын шай-пұлына жеткізе 

ал  май тындардың  қатары  өсім  беріп 

келеді. Бұған басты себеп деп сіз 

нені атап көрсетер едіңіз?

– Жаһандық экономикалық дағдарысқа 

қарамастан, біздің республикамыз кедейлік 

деңгейін төмендету, халықтың әл-ауқатын 

арттыру, халықтың аз қамтамасыз етілген 

және әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік 

қолдауды саясат саласындағы маңызды 

басымдықтардың бірі деп біліп отыр. Осы 

мақсатта елде, расымен де, біршама ре-

фор 


маға реңк берілуде. Бүгінде біздің 

елімізде аз қамтамасыз етілген отбасыларға 

жергілікті бюджет есебінен табыстарын 

ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек, 18 

жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 

арналған жәрдемақы, тұрғын-үй жәрдем-

ақысы және жергілікті бюджет мүмкіндігіне 

қарай қосымша әлеуметтік қолдау көрсе-

тіледі. 2010 жылдан бастап мүгедек бала-

ларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 

қамқоршыларға арналған ең төменгі жа-

лақы мөлшерінде жәрдемақының жаңа түрі 

енгізілді. Елбасының тапсырмасы бойын  ша 

арнаулы мемлекеттік жәрдем ақының мөл-

шері жыл сайын 9 пайызға арттырылуда. 

Әлеуметтік саладағы атқары 

лып жатқан 

жұмыстар және соңғы жылдары зейнетақы, 

еңбекақы, жәрдемақылардың өсуі аза-

маттардың нақты табысының өсуіне мүм-

кіндіктер беруде. Мәселен, статистика агент-

тігінің соңғы мәліметтері бойынша 2010 

жылдың қараша айында 2009 жыл 

дың 


сәйкес мерзімімен салыстырғанда ха лық-

тың нақты табысы 12,7 пайызға арт қаны 

байқалып отыр. Осындай дәйек терді алға 

тарта отырып, мен сіздің «елде айлы ғын 

шай-пұлына жеткізе алмай жүргендер легі 

артып келеді» дегеніңізбен келіс пеймін. 



Десек те, қазірде қайсыбір 

зейнеткерлердің болмашы зейнет ақы 

алатыны жасырын емес. Қазақ 

«қартайғанда зейнет бер» дейді емес 

пе? Сіздіңше, біз зейнет жасындағы 

қарттарымызға өз деңгейінде жағдай 

жасай алып отырмыз ба?

– Зейнетақы жүйесі – ел экономика-

сының құрамдас бөлігі. Сол себептен бұл 

жүйе ел экономикасының моделіне, елдің 

қар жылық-экономикалық және әлеуметтік 

ахуалына сәйкес болады. Зейнетақының 

мәні – азамат зейнеткерлік жасқа жеткенде, 

оның еңбек етуді доғаруына байланысты 

табысы болмай қалудан, өмір сүру дең-

гейінің төмендеп кетуінен сақтанды ратын 

қаржы ретінде тұрақты негізде төленетін 

төлем. 


Зейнетақы зейнеткердің зейнеткер лікке 

шыққанға дейінгі табысының бір бөлігі 

ретінде есептеліп төленеді. Бұл қағи дат – 

барлық елдерде жалпы қабылданған жүйе. 

Қазақстанда тағайындалатын зейнет ақының 

мөлшері азаматтың орташа айлық табы-

сының мөлшерінен есептеліп, зейнет 

ақы 


алушының еңбек өтілінің ұзақтығына (то-

лықтығына) байланысты болады. Аза мат-

тардың еңбек жағдайы және қызмет деңгейі 

зейнетақы тағайындағанда есепке алын-

байды. Бұл – Қазақстандағы зейнет 

ақы 


жүйесінің әлеуметтік әділеттік тұғыр на ма-

сына негізделген тәртіп. Қазақстанда 

зейнеткерлердің өмір сүру деңгейін тұрақты 

ұстап отыру мақсатында зейнетақы мөлшері 

жыл сайын арттырылады. Бұл іс-шаралар-

дың нәтижесін 2011 жылғы зейнетақының 

орташа мөлшерінің 2007 жылмен салыс-

тырғанда 2,6 есеге артқаны 

нан көруге 

болады. Осылайша мемлекет тарапынан 

зейнет жасындағы қарттары мызға мүмкін-

дігінше өз деңгейінде жағдай жасалуда.



– Өткенде Қазақстандағы 

Зейнет ақы  қорлары  қауымдасты-

ғының төрағасы Айдар Әлібаев 

мырза «Елдегі зейнетке шығу жасын 

жоғарылатып, әйелдерді де еркек-

терді де тек 65 жас аралы ғында 

зейнетке шығару керек» деген 

мәлім деме таратты. Сіз осы пікірмен 

келісесіз бе?

– Иә, бұл мәселе соңғы кездері бұқ-

аралық ақпарат құралдарында біраз тал-

қыланды. Бұл мәселе бойынша тіпті арнайы 

баспасөз маслихатын да өткіздік. Бұл орай-

да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

министрлігі дәл қазіргі таңда «Қазақстан 

Республикасында зейнетақымен қамсыз-

дан дыру туралы» Қазақстан Республикасы 

Заңымен бекітілген зейнеткерлік жасын 

(ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 58 

жас) ұлғайту мәселесін қарастырып отыр-

мағандығын айтқым келеді. Себебі бұл 

бекітілген жас мөлшері – отандас тары мыз-

дың жалпы жағдайы, өмір сүру ұзақ тығы 

сынды мәселелерді терең зерттей келе 

қабылданған дүние. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал