Қыздарымыздың өзге ұлтқа тұр мысқа шығуы жай мәселе емес, ұлттық



жүктеу 0.67 Mb.

бет3/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

Дайындаған Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

«Қызыл шоқтай қарыған, 

Қазаққа сөз дарыған» десе 

дегендей-ақ, атамыз қазақ 

қай заманда да оралымды 

ойын көркем тілмен кестелей 

білген. Ердің құнын екі 

ауыз сөзбен кескен. Қолмен 

тарқатылмас түйінді тілмен 

шешкен. Қалжыңының 

өзі кісіні мақтамен 

бауыздарлықтай соншама 

өткір және мейлінше 

жарасымды болғаны белгілі. 

Бүгінде соның бәрінің 

орнын сипап қалғандай 

сыңайдамыз. Осы орайда, 

әсіресе қазақы қалжың 

мәселесі ойландырады. 

Өйткені сөз сұйылып, күлкі 

дарақыланып кетті.

нім 


нің бар екенін қайдан біледі?» деп 

таңғалдым, – дегені... 

Кезінде Шора ақсақал осындай уытты 

әзіл дердің екі мыңдайының басын қосып, 

ар найы кітапша да шығарыпты. Әзіл-сы-

қақ отауын ашқан болып, көрерменді же-

ңіл-желпі күлкімен, арзан әжуамен ал дар-

қатып жүрген әртістеріміздің нағыз қазақы 

қал жыңға негізделген осындай дүние лер-

ден неге ой түюге тырыспайтыны түсініксіз. 

Шо ра  ақсақалдың:

 – Осы аулада бір кемпір бар. Өзі ара-

тұра мені айналшықтап жүретін. Өткенде 

сол: 


– Перпенің бар ма? – деп сұрайды.

– Ол не? – десем, 

– Персональная пенсия, – дейді.

– Жоқ, – дедім.

– Пермашың ше?

– Ол не нәрсе?

– Персональная машина.

– Жоқ.


– Пердачың ше?

– Ол не бәле?

– Персональная дача.

– Жоқ.


– Енді нең бар? 

– Персональный холодильнигім бар... 

– де дім. Содан бері маған жола май тын 

бол 


ды, – деген ауызекі әңгімесінің өзі 

ерік сіз езу тартқызады. Негізі, фор масын, 

ше шімін таба білетін адам болса, Шора 

ата ның анекдоттары, қалжыңдары – әзіл-

сы 

қақ бағдарламаларына сұранып-ақ 



тұр ған  дүниелер. 

Сол сияқты, бұрындары «Ауылдың 

айт қыштары», 

«Құрдастар 

қалжыңы», 

«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген сияқты 

ар найы жинақтар шығып тұрушы еді. Бү-

гін де олардың да қарасы азайды. Есесіне, 

анек 

дот бермейтін газет-журнал кемде-



кем. Алайда олардың дені өзге тілдерден 

аударма болғандықтан, күлкі ша қыр май-

тыны былай тұрсын, кейде тіпті құлаққа 

түр підей тиіп жатады. Яғни бүгінгі анек-

дотшылар ұлттың табиғатына үйлесімді 

күл кінің ғана шынайы бола алатындығын 

ес кере бермейді. Осының бәрі, жалпы ал-

ғанда, қазақы қалжыңның қадірін арт ты-

руға қолбайлау болуда... 

МА

СҚАР



А!

КӨРМЕ


Жыл басынан бері Атырау 

қаласы маңындағы екі зираттағы 

31 қабірді қирату оқиғалары 

тіркелген болатын. Енді 

осындай қарақшылық оқиғалар 

Махамбет ауданындағы тағы бір 

зиратта қайталанып отыр.

«Мәдени Азиада» аясында 

Алматы қаласындағы «Тәңір-

Ұмай» галереясында Алмагүл 

Меңлібаеваның “Саған деген 

менің жібек жолым” атты жеке 

көрмесі көрсетіліп жатыр.

Зираттарды 

қиратқан кімдер?

Алмагүлдің 

«Жібек жолы»

Ішкі істер департаменті маманда ры ның 

айтуынша, тергеу ісінің барысында жас 

адам дардан құралған екі топқа «осы қас-

көй 

лікті жасады» деген күдік тағылып 



отыр. Же дел іздестіру нәтижесінде барлығы 

13 адам ұс талған.

Күдіктілердің біреуі іздеуде жүр. Ұс тал-

ған адамдар үш күн бойы қасақана қа ла-

лық зи раттағы қабір құлпытастарын қи рат-

қан  да  рын  мойындады.  Қазіргі  уа қытта 

олар  дың Махамбет ауданындағы зиратта 

бол  ған  жағ дайға  қатысы  бар-жоқ тығы 

анық  та  лу  үс тінде.  Айғақтар  әлі  толық  жи-

нал  ма ған.

Әйтсе де қолға түскендердің екеуі сол 

Ма хамбет ауданының тұрғындары екені 

анық талған.

Зираттарда болған тұрпайы әре кет тер-

ді жерленген марқұмдардың туыстары 14 

қаңтар күні байқаған. Белгісіз адамдар 

отыз дан астам қабірге қойылған белгілерге 

за қым келтірген. Жерленген адамдардың 

ба сына қойылған тастар толығымен қи ра-

тылып, қабір үстіндегі құлпытас ұсақ бө лік-

тер ге бөлшектеніп тасталған. Қаланған 

тас тар қиратылып, марқұмдардың зират 

ба сын дағы  суреттері  бүлінген.

Мұндай оқиғалардың жиілеп кету се-

беп терінен облыстағы ең тәжірибелі тер-

геушілер мен криминалистерден жедел 

тергеу тобы құрылған. Ендігі кезекте бұл 

қылмысты тергеу Ұлттық қауіпсіздік ко ми-

те тінің қызметкерлерімен бірлесе жүзеге 

асы рылатын болады. Зираттарды за қым-

дауды кәсіпке айналдыра бастағандардың 

барлығы елімізде тіркелмеген діни ағым-

дарға кіреді деген де деректер бар.

Алтынай ҚОЖАН

Алмагүл Меңлібаеваның фото сурет те-

рінде Орта Азия аумағында айналып жү-

ре тін,  бастауы әртүрлі мәдени және рухани 

дәс  түрлер  арасындағы  шекаралардың 

қоз   ғалысы суреттеледі. Ол әрқашан өз жұ-

мыс тарын  ха лық ара лық  сахнаға  қояды. 

Ба тыс пен Қазақстанда бір  дей уақыт өт кі-

зіп, суреттерін көбіне шет ай  мақтарда тү-

сі реді екен. Қазақстанда туып, Қазақ мем-

лекеттік театр және көркемсурет ин с ти ту-

тын (қазіргі Ұлттық өнер ака демиясы) тә-

мам дады. Одан кейін Берлин мен Ал ма-

ты да тұрып, жұмыс істейді. «Тар лан» мен 

«Да рын» сыйлықтарының иегері. 

Ал магүл Меңлібаева көптеген ірі ха-

лық ара лық көрмелерге, оның ішінде 51-

інші, 52-інші, 53-інші Венециан биен нале-

сі не (2005, 2007, 2009); Сиднейлік биен-

на леге (2006); Обернхаузен кинофестива-

лі не (2009, 2010); Квинстің көркем мұ ра-

жай ын дағы  Tarjama/Translation  (2009) 

мен Гер берт Джонсон мұражайына (2010); 

Ос лодағы Стенерсен мұражайындағы Off 

the Beaten Path, Women, Art, and Violence 

атты жыл жымалы көрмеге (2009), Кали-

фо р ния лық  университетке  (2009),  Мек-

си ка да ғы El Cubo-Tijuana мәдени орта лы-

ғына (2010) т.б. қатысты. Қазіргі кезде 

оның жұ 


мыстары Квинслендегі Ұлттық 

австра лия лық көркем галереядағы «ХХІ 

ға сыр: Бірінші онкүндіктің өнері» атты ірі 

көр ме ге қойылған. Ол Шарджадағы биен-

на леге қатысуға шақырылған (2011 жыл-

дың наурыз-мамыр айлары). 2011 жыл-

дың 24 нау рызынан 14 мамырға дейін 

оның тұ рақ  ты серіктесі Priska C. Juschka Fine 

Art нью-йорктік галереяда жеке көрмесі 

жос   пар ланған.  Алмагүл  Меңлібаеваның 

жұ   мыс тары  Ә.Қастеев  атындағы  Мем ле-

кет  тік өнер мұражайы (Қазақстан), Фи ла-

дель  фия лық  көркем  мұражай  (АҚШ),  Ан-

твер   пен дік  қазіргі  заман  өнер  мұражайы 

(Бель  гия), Квинсленд Ұлттық көркем га ле-

рея  сы (Авс тралия) топтамасы үшін сатып 

алын ды. 

Сейілбек АСАНОВ

ЖАҢА ФИЛЬМ

ШАР

А

Ауған соғысы қасіретін 



тартқан қазақтар жайлы бірде-

бір кино жоқтығына талай 

мәрте сын айтып жүргеніміз 

белгілі. Ақыры, әйтеуір, анау-

мынау емес, ресейлік режиссер 

Егор Кончаловскийдің өзі осы 

ауған аласапыранын бастан 

кешірген қазақтың Қара майоры 

жайлы тамаша туынды жасауға 

кіріскен. Міне, енді осы көктемде 

оның соңғы нүктесі қойылып, 

ол Қазақстандағы тұңғыш 3D 

форматтағы туынды болмақ.

«Қара майорға» 

нүкте қойылды

Алайда «Қара майорымыз» ендігіде 

«А-ға оралу» деген атты иеленіпті. Көктем 

шы ға Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» 

ки ностудиясы мен «Бәйтерек» продюсерлік 

ор талығы бірігіп түсірген бұл фильмнің тұ-

са уы кесіліп, еліміздің барлық кинотеатр-

ла рында  көрсетілмек. 



ФИЛЬМНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ 

Қазақстандық кинематографистер мен 

Ресей телевидениесінің қызметкерлері 

«Ескендір патшаның жүрген жолымен» ат-

ты деректі фильм түсіру үшін Алматыдан 

Ау ғанстанға аттанады. Бұл сапарға түсіру 

то бын бір кездері Ауған соғысына аяғын 

бер  ген азамат бастап шығады. Алайда 

оның сол алапатта КСРО-ның арнайы әс-

кери жасағында, мұсылман батальоны құ-

ра  мын да аты аңызға айналған Қара ма-

йор   дың қол астында қызмет еткенін, сон-

дықтан оның Ауғанстанға оралуының ішкі 

есе бі ба рын ешкім білмейтін. 

Фильмді түсіру тобының айтуынша, 

туындыны 3D форматта шығаруға ұсыныс 

жасаған кинопрокат иелерінің өзі екен. 

Себебі үш еселенген көрініс көрерменнің 

сол соғысты жан-тәнімен түсініп, өзін сол 

қанды қырғынның ортасында жүргендей 

се зінуіне мол мүмкіндік тудыратын кө рі-

неді. Ендеше, наурызда қазақ киносының 

та рихында орын алар бір дүр сілкіністі кү-

телік. 


АЙТПАҚШЫ...

Әлемдік кино тарихында алғаш 3D 

технология біз ойлағандай бүгін ғана емес

сонау 1920 жылы пайда болыпты. Бірақ 

ғайыптан тайып бұл жаңалық бір жарқ ет-

кен де, ұмыт қалған. Тек арада 30 жылдай 

уақыт өткенде барып, яғни ХХ ғасырдың 

50-ші жылдары Голливуд селк етіп оянып, 

осы технологияны есіне түсірген. Солайша 

1952 жылы осы үш көлемді «Бванның сай-

таны» картинасын шығарған. Ал көршіміз 

Ре сейге бұл технология өткен жылы ға на 

жетіп, Антон Мегердичев тұңғыш 3D фор-

маттағы «Түнек әлем» атты туындысын эк-

рандады. Бұйырса, қазақ ки нема то гра-

фия сында да тұңғыш 3D фильм дайын. 



Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ

Бірқатар елдердің 

дипломаттары мен 

қайраткерлері, танымал 

суретшілері Бельгияда бейресми 

жағдайда бас қосты. Осы орайда 

Еурокомиссияның атақты 

«Берламон» ғимаратында кешегі 

күні «Ұқсастықты іздеу» (Search 

for roots) атты cурет көрмеcі өз 

жұмысын бастады.

«Берламондағы» 

көрме

Бұл көрмеге, негізінен, Қазақстан, Ресей 

мен Беларусьтің белгілі қылқалам шебер-

ле 


рінің туындылары қойылды. Көрмені 

ұйым дастырушылардың бірі, Liberty Com-

mu nication компаниясының жетекшісі Свет-

лана Попова айтып өткендей, рухани қа-

рым-қатынастарды тереңдетуге бағытталған 

бұл жобаның басты мақсаты – Еуропалық 

Одақ пен ТМД елдері арасындағы мәде-

ниет аралық диалогтың дамуына жан-жақ-

ты ықпал ету. Сонымен қатар Қазақстан, 

Ре сей, Беларусь суретшілерінің еңбектерін, 

осы елдердің жалпы өнері мен мәдениетін 

өзгелерге кеңінен насихаттау. Жыл сайынғы 

дәстүрге айнала бастаған осы көрмені 

ұйым дастыруда Қазақстан, Беларусь, Ресей 

мен Германия елшіліктері, сондай-ақ Еу ро-

палық комиссия бірлесіп жұмыс атқаруда.

Халықаралық деңгейде өтіп жатқан 

көрме жұмысы алдағы 17 ақпанда 

аяқталады. Көрмеге Марат Бекеев, Евгения 

Ягер, Нина Ступина, Игорь Тишин мен 

Наталья Залозная сияқты суретшілердің 

әртүрлі бағыттағы 30-дан астам туындылары 

қойылған.

Ерік ЖІГЕР

БІР ПІКІР

 

Толымбек ӘЛІМБЕКОВ, сатирик: 

 – Қазір жұртты күлдіріп жүргендердің ешқайсысын 

да мен сатирик деп есептемеймін. Олар – бар болғаны 

орындаушылар ғана. Бірақ өкінішке қарай, солардың 

барлығы өздерін сатирик санап жүр. Сатирада сөзбен, 

сөздің уытымен күлдіру жоқтың қасы. Негізі, бізге 

ізденіс жетіспейді, әйтпесе қоғамымыз сатираға 

тақырып боларлық жайларға тұнып тұр. 

Әр халықтың әзілді қабылдау реакциясы әртүрлі. 

Сол сияқты, біздің күлкі жөніндегі танымымыз мүлдем 

бөлек. Қазақы қалжың деген – нағыз мәдениетті қал-

жың. Оның ішінде ашық айтса, өтпейтін нәрселерді 

тұс палдап айту да бар, эротика да бар. Әсіресе жезде 

мен балдыздың, нағашы мен жиеннің, құрдастардың, 

тіпті құдалардың қалжыңы қандай керемет! 

Қазақ – «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дейтін 

халық. Яғни жөнін, ретін тапсаң, «атаңмен ойна» дейді 

де, екінші жағынан, «ойнай алмайтын бала шешесінің 

етегін көтеріп ойнайды» дейді. Біріншісі – «атаңмен 

ойна» деп шарықтау шегіне жеткізсе, екіншісі – сізді 

етекке дейін түсіреді. Міне, қалжыңның шекарасы осы 

екеуінің арасынан аспауы тиіс. Қазақы қалжыңның 

киімі бар, киімнің астына сығалап, соны сөзбен келтіре 

отырып, күлдіреді. Қазіргі қалжыңдар тыр жалаңаш. 

Шешіндіріп тастаған. Тыр жалаңаш отырған адамға 

күлкің келе ме? Тыр жалаңаш сұлулыққа адам сүйсіне 

ме? Сұлулық деген құпия болуы керек қой. Тасада 

құпия жатқан сұлулықты көруге адам ынтығуы керек...


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№20 (472) 5.02.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

НАМЫС

ШАЙБ


А

ЛЫ ХОККЕЙ

КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ

Астана қаласында сынға 

түсіп жатқан спортшыларымыз 

VII қысқы Азия ойындарындағы 

алғашқы алтынына қол жеткізді. 

1500 метрде жүгірген жерлесіміз 

Денис Кузин бас жүлдеге қол 

жеткізіп қана қоймай, Азия 

рекордына түзету енгізді.

Астанадағы 

алғашқы алтын

Жерлестеріміздің жеңісіне тоқталмай 

тұ 

рып, алдымен «сахнаның сыртында» 



бол  ған жағдайды аз-кем айтып өтейік. 

Күні бұрын жауған жауынның әсерінен 

тұғырдан секіру аренасының айналасы ми 

бат 


паққа айналып, көрермендерді де, 

ұйым дастырушыларды да біраз әбігерге 

салып қойды. Оның үстіне, кеше таңертең 

де Алматы қаласының жоғарғы бөлігінде 

аз дап жаңбыр себелеп, жағдайды қиын-

да тып жіберді. Одан қалса, тұман басып, 

ай нала әзер көрініп тұрды. Бірақ си ноп-

тик тер жарыс басталғанға дейін ауа ра йы-

ның қалыпқа түсетінін айтып, ұйымдасты-

ру шылардың көңілдерін орындарына тү-

сір ді. Жаттығулардың кесте бойынша өте-

ті нін естіген спортшылар да алаңсыз жа-

рыс қа дайындалып жатты. Сонымен, бар-

лы ғы жайланып, жарыстар да басталып 

кетті...

Шынын айтайық, басқа-басқа, дәл осы 

спорт түрінен алтын аламыз деген ой үш 

ұйықтасақ түсімізге кірмеген еді. Жоқ, біз 

бұл жерде жерлестеріміздің деңгейі тө мен 

немесе алтынға лайықсыз дегіміз ке ліп 

отырған жоқ. Жігіттеріміз жігерлі, оны 

жасырмаймыз. Бірақ дәл қазір, шыны ке-

рек, Азияда шаңғымен тұғырдан секіруде 

Жа пония мен Оңтүстік Корея спорт шы ла-

ры на тең келер ешкім жоқ. Жапон жігіттері 

тіп 


ті осы Азия ойындарында тұғырдан 

секіруден барлық алтындарды қоржында-

ры на басамыз деп ойлаған. Оны осы құра-

ма ның бас бапкері Суда Кендзи де журна-

лис терге ашып айтып, «Біз бұл Азиада 

ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУ

ойын дарына еліміздің ең үздік се кі ру ші-

лерін әкелдік. Жоспарым бойынша, бар-

лық алтынды жапон жігіттері алу ке рек», 

– деп, жария салған болатын. Де генмен 

Кендзидің ойлағаны жүзеге ас па ды. Жа по-

ния құрамасының үздік секірушісі Казуя 

Йо шиока 248,5 ұпай иемденіп, күміс жүл-

дені қанағат қылды.

– Өкінішті-ақ. Басқа не айтарымды да 

білмеймін. Мен сіздерді жете бағалама-

дым. Осыдан бес жыл бұрын қазақ секі ру-

ші лерін бір аяқпен секіріп ұтуға болатын 

еді. Қарап тұрсам, спорттың бұл түрі сіз-

дер де аз уа қыт  тың ішінде жоғары қар қын-

мен да мып ке тіпті, – деп Суда Кендзи дода 

біткен соң ағы нан жарылды.

Жалпы, жарыс алдында жапондық тар-

дың көңіл күйлері жаман болған жоқ бо-

латын. Казуя Йошиока және Кадзуоши Фу-

наки жарысқа дайындалып жатқанда, 

олар  дың командаластары Юхеи Сасаки 

мен Юта Ватасе отандастарының жат ты ғу-

ла рын сырттан бақылап отырды. Сасаки 

мен Ватасе өздері бұл сынға қатыспайтын 

бол ғандықтан, алғашқы екеуінің тілеуін ті-

леп, тақымдарын қысумен болды. Да йын-

дық жаттығуларынан кейін жапондық 

Кадзуоши Фунаки ең үздік көрсеткішке ие 

болып, жанкүйерлерін тіптен масайратып 

жі берді. Көпшілігі осы жігіттің жеңімпаз 

ата натынына сенімді еді. Себебі К-125 

жат тығуында Фунаки екінші орын алып, 

Йо шиока жарыс жеңімпазы атанған. «Енді 

осы екі спортшы өзара орын алмасатын 

шы ғар» деп, біз де топшылағанбыз. Де-

генмен жарыс қорытындысында Фунаки 

бар болғаны 6-орыннан ғана көріне ал-

ды.


Жеңімпаз – Евгений Левкин. 18 жас та-

ғы қазақстандық саңлақ К-95 жаттығуында 

252 ұпай жинап, бас жүлдеге қол жеткізді. 

Не  гізі, Ақ Азиада басталмай тұрып, еш қай-

сы сымыз Левкинге аса үміт артпаған бо ла-

тынбыз. Рас, К-125 жаттығуында Ни колай 

Карпенко бір сенсация жасап қалуы мүмкін 

дедік. Өйткені бұл сында Карпенко жа ман 

нәтиже көрсетіп жүрген жоқ. Сон дай-ақ 

жүрегіміздің о түкпірінде К-95 жат ты ғуын-

да Радик Жапаровтың бағы жанып қа латын 

шы ғар деген үміт оты жылтылдап тұрды. 

Бі рақ осы екеуінен де Левкиннің бағы ба-

сым болатынын ешкім білмеген еді. Ақ 

Азиада алдында «осы ойындарда бір 

алтын менен болады» дегенде де, 

«жастықтың буымен айтқан сөзі» шығар 

деп, ешкім аса мән бермеген болатын. Ақ 

Азиаданың алғашқы күнінде өткен К-125 

жаттығуында Женя 6-орын алды. Ал одан 

кейін командалық сында екінші орыннан 

көрінді. Осы жаттығудан кейін қу тілді 

журналистер «Женя, сіз Азия ойындарының 

алдында алтын аламын деп уәде етіп еді-

ңіз. Уәдеңізде қашан тұрасыз?» деп бү кіл 

жұрттың, телекамералардың ал

 

дында 


сұрағанда, Левкин не деп жауап берерін 

біл мей, қызарақтай берген. Бәлкім, жур-

на листердің сөзі намысына тиіп, сүйегіне 

өтіп кетті ме, кім білсін, әйтеуір кешегі жа-

рыс 

та намысқой жас жігітіміз желпініп 



өнер көрсетті. Финалдық сында ең көп 

ұпай жинаған да сол болды. Сөйтіп, VII 

қыс қы Азия ойындарының сенсациясын 

жа сап, Жапонияны артта қалдырып кетті.

Ал қола жүлдегер – қандасымыз Радик 

Жапаров. Қысқы спорт түрлеріндегі аз ға-

на қа 

зақтардың бірі Радик Ақ Азиада 



ойын 

дарына дейін біраз қиындықтар 

көріп, тіпті бір кездері ұлттық құрама са пы-

на ша қы рылмай да қалған болатын. Бап-

кер лермен көз қарасы келіспей, біраз уақыт 

еш қандай жарыстарға қатыспай кеткен. 

Жа паровтан гөрі жаттықтырушылар ба сы-

нан бағы мен бабы тайған Алексей Ко ро-

лев ті сүйреумен болды. Бірақ Радик бұл 

қиын дықтың бә рі не төзе білді. Ақыры же-

ңіп, ұлттық құрама са пына шақырылды. 

Жат  тықтырушы ла рының,  жанкүйерлерінің, 

фе дерация  бас шы ларының,  ең  бастысы 

– өз үмітін ақтап, Ақ Азиада ойындарында 

жүлдегер атанды. Бұл үшін біз Радикке зор 

алғыс айтуымыз қажет.

– Үздік нәтижеге қол жеткізбесем де, 

бүгінгі көрсеткішіме көңілім толады. Ең 

бастысы – жанкүйерлер үмітін ақтадым. 

Рас, тұғырға шыққанда аздап қобалжыған 

едім. Бәлкім, қоладан жоғары медальға 

қол созуыма сол да әсер еткен шығар, – 

де ді Радик Жапаров.

Сонымен, шаңғымен тұғырдан секіру 

додасында қазақстандық спортшылар бір 

алтын, бір күміс және екі қола иемденіп

ми нистрліктің тапсырмасын асыра орын-

дады.


Кеше тұғырдан секіруде 

Қазақстан спортшылары 

бір алтын, бір қолаға 

қол жеткізіп, команда 

қоржынының қампаюына 

өз үлестерін қосты. 

К-95 тұғырының жеке 

жаттығу сындарында 

бағын сынаған Евгений 

Левкин Азия жеңімпазы 

атанса, қандасымыз Радик 

Жапаров үздік үштікке 

енді.

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Кәрістерді жеңдік пе, осы?

ФИФА Қазақстан футболына 300 мың доллар бөлді

Бұған дейін аспан асты елінің 

құра ма сын 14:1 есебімен ойсы-

рата ұтқан қазақ стан дық хоккей-

шілерге Тайпейді тарпа бас салу 

түкке тұрмады. Бұған қарап «Қа-

зақ  станның қақпасына 1 гол сал-

ған Қы тай да да арман жоқ екен» 

дедік. Ойынның ал ғашқы 2-ми-

нутында есеп ашылып, ал ғаш  қы 

шайбаның авторы қазақ стан дық 

ша 


буылшы Максим Худяков 

атан са,  со ның  арты нан-ақ  арада 

бір ми нут өтпей Роман Старченко 

есеп 


ті еселеді. Осыдан кейін-ақ 

ойынның тиегі ағыты лып кеткен-

ге ұқ сайды. 5 минут өт пестен жа-

тып табло «5:0»-ді көр 

сетсе, 6 

ми нутта – 6 гол! Осы ыр ғақпен 

мұз алаңында тамаша ойын өр-

не гін  салған  қазақстан дық тарға 

қарсы тай  пейліктердің еш амалы 

болмаған  сы ңай лы.  Шай ба  қар-

сылас  қақ па сына  сүң  гі ген  сайын 

жан кү йер дің  бірі  «гол»  арасын-

да 

ғы ми 


нутты сана 

са, енді бірі 

қар сы лас тың  шайба ны  неше  се-

кунд 


қа ғана иеленгенін есептеп 

жат ты.  Әрине,  жер лес теріміздің 

жеңіске жете тіні айдан анық еді. 

Алайда  Қа зақ стан  құрамасының 

дәл осылайша «ше 

берлік шың-

дауын» жан күйерлер де, қар сы-

лас та күт песе керек. Тайпей қар-

сы шабуыл ұйымдас тырмақ түгіл, 

қор  ға  ныс тың  қай  түкпірін  ты ғын-



Есеп 35:0! Сөйтіп, VII қысқы Азия ойындары 

аясындағы шайбалы хоккейден жоғары диви-

зион санатындағы қытайлық Тайпеймен өткен 

ойында Қазақстан құрамасы кезекті жеңісіне қол 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал