Қыздарымыздың өзге ұлтқа тұр мысқа шығуы жай мәселе емес, ұлттық



жүктеу 0.67 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

Қыздарымыздың өзге ұлтқа тұр-

мысқа шығуы – жай мәселе емес, ұлттық 

тра гедия! Қызымыз өзгенің етегінен ұс-

тау арқылы қазақтың намысын жығып 

бе ріп жатыр деген сөз. Біле білсек, ұлтты 

сатудың бұдан асқан сорақы көрінісі 

болуы мүмкін емес. Сондықтан бұған 

қа лайда тосқауыл қою керек. Әйтпесе 

ке йінгі қазақ қыздарының көбі ұлттық 

рух, ұлттық намыстан ада болып барады. 

Мен өзім тәрбие саласында жүрген 

адам 

мын. Жоғары оқу орнында дәріс 



бе ре жүріп, қазақ қыздарының бойынан 

көп теген ерсі қылықтарды байқаймын. 

Кім  бай, соған қысылмай, қымтырыл-

май, өзі жабысудан тайынбайтын болып 

ал ды. Оған тек қыздар ғана кінәлі десем, 

он да ол жөнсіздік, білімсіздік болар еді. 

Мә 

селе – оларға қазақ мәдениетінің, 



қа 

зақ ұлтының, қазақ ер-азаматының 

ар 

тық 


шылығын ешкім айтып тү 

сін-


дірмеген. 

ЖОҚ 

Өмірдің салты ма, бүгінде аралас 

не 

келердің көбейіп кеткені рас. Біздің 



«Бақыт» салтанат неке сарайына кел ген 

осындай аралас неке иелерінің ара сында 

тіпті эфиопқа тұрмысқа шығып жатқандар 

да бар. Заң жүзінде бұған тыйым жоқ 

бол ғандықтан, біз кім үйленсе де, олар-

дың қалауына сай салтанатты жиын өт-

кізуге тиіспіз. Осы ретте көбіне «жиын ды 

қай тілде өткіземіз?» деген сұрақ туа ды. 

Мұндай некедегілер көбіне орысша бо л-

 

ғанын қалайды, алайда біз келген қо-



нақтар арасында қазақтар болатынын 

біл сек, екі тілде жүргізетінімізді айтамыз. 

Заң қызметкері ретінде сөйлей ал май-

мын, алайда әлеуметтік жағынан ал-

ған да, кейде қазақтың қыздары өзі міз-

дің жі гіттердің тырнағына да та ты май-

тын ше телдік азаматқа тұр мысқа шығып 

жат  қа нын көріп, ішің удай ашиды. Бі-

рақ бұл біз дің қазіргі жіптіктей есіп тұр-

ған  де мо гра фияның  салдары  ма  деп 

ой  лаймын. 

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Рамзан ҚАДЫРОВ, 

Шешенстан Президенті:

– Егер әйелдер жұмыста жар-

ты  лай жалаңаш жүрсе, еркектерге 

жұ 


мыс істеу мүмкін болмайды. 

Мен олардан күндіз де, түнде де 

көз алмаймын. Олардың «салама-

лей   кумдары»  қалай  болатынын 

ой 

 

лаймын.... ондай кезде жұмыс 



онын шы кезекке қалады.

(www.topnews.ru сайтынан)

№20 (472) 

5 ақпан

сенбі


2011 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

3-бетте

Салтанат АЙБЕРГЕНОВА,

«Бақыт» салтанат сарайының 

ұлттық рәсімдер жүргізушісі:

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ, 

этнограф, педагог:

3-бет

5-бет

7-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Қоймадағы 6 тоннаға 

жуық аммонит жарылса, 

кім жауап береді?

Денис Тен 

алтын әперді

Қазақы қалжың 

қайраңдап тұр

Қазақ қыздарының шетел азаматтарына тұрмысқа шығуына тосқауыл қоюды заңдастыру керек деген пікірге келісесіз бе?

Қазақ – ұл арқылы жер иесін, ал қыз 

арқылы ұлтты тәрбиелейміз деген ұғымдағы 

халық. Алайда ұлтқа тәрбие беретін 

қыздарымыздың өзі қандай күйде? «Қыздың 

өзі – үйде, қылығы – түзде» болып жүрген 

жоқ па? Бәрі болмаса да, мұндай қасіреттің 

шеті көрініп жүргені рас. Айталық, аралас 

неке деген қайдан шықты? Біле білсек, өзге 

ұлтқа үйленетін жігіттерден гөрі өзге нәсілдің 

етегінен ұстап, жетегінде кетіп жатқан 

қыздар әлдеқайда көпке ұқсайды. Демек, 

бұл – қаншама қара көздеріміз қазақтың 

емес, өзге елдің ұрпағын көбейтуге өз 

еркімен кетіп жатыр деген сөз. Бұл ненің 

салдары? Біз бұған тосқауыл қоя аламыз ба? 

Сауалды таразыға тартуды жөн көрдік.

САЙЛА


У-2011

«Сайлауды әзірлеу мен өткізуді Орталық, аумақтық 

және учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. 

Алдағы сайлау науқаны барысында барлығы 9952 

сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Орталық сайлау 

комиссиясының бүгінгі отырысында сайлауды әзірлеу 

мен өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілді. президент-

тікке кандидаттарды тіркеу ақпанның 5-інде басталып, 

ақпанның 20-сында аяқталады. Кандидаттарды 

белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар мен 

республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынуға 

құқылы. Сондай-ақ азаматтар өзін-өзі ұсына алады», 

– деген ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов биылғы 

кезектен тыс сайлаудың жай-жапсарын айтып берді. 

Сонымен президенттікке кандидаттықтан үміткер 

әрбір азамат облыстардың кем дегенде үштен екісінің, 

сондай-ақ  Астана мен Алматы қалаларының атынан 

теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың кемінде 1 па-

йы зы қолдағанын растайтын 91 мың дауыс жинауы 

тиіс. Ал ел президенттігіне Қазақстанда туған, жасы 

қы рыққа толған, мемлекеттік тіл – қазақ тілін еркін 

меңгерген, соңғы 15 жыл бойы республикада тұрған, 

тумысынан бері Қазақстан Республикасының аза мат-

тары үміткер бола алады. Осы талапқа сай азаматтар 

пре зиденттікке кандидат болып тіркелгенге дейін өзі 

мен жұбайының тұрғылықты жері бойынша ақпанның 

1-іне дейінгі жағдайға берілген табысы мен мүлкі 

туралы декларацияларды өткізуі тиіс. Сонымен қатар 

ол өзінің тиісті талапқа сай екендігін және қолдау 

дауыстарының растығын Орталық сайлау комиссиясы 

тек 

сергеннен кейін ОСК шотына 800 мың теңге 



көлемінде жар на аударатын болады. Ал кандидаттарды 

тіркеу бар лық қажетті құжаттарды ОСК-ге ұсынғаннан 

кейін басталып, 2011 жылғы наурыздың 2-сінде 

аяқталады да, наурыздың 3-інен сайлауалды үгіт 

науқаны «тома ға сын сыпырады». Бұл науқан сәуірдің 

2-сі күні түнгі сағат 12:00-де аяқталады. Бұдан кейін, 

яғни дауыс берердің алдындағы және дауыс беретін 

күні үгіт жүргізуге заң бойынша тыйым салынған.



Жалғасы 2-бетте 

Президенттікке 

кандидаттарды 

тіркеу басталды

«Таяқ жерге тасталды...» Бүгіннен, 

яғни ақпанның 5-інен бастап кезектен 

тыс президент сайлауына түсетін 

үміткерлерді тіркеу басталады. Орталық 

сайлау комиссиясы кеше Елбасының 

Жарлығымен 2011 жылғы сәуірдің 3-іне 

тағайындалған Қазақстан Республикасы 

Президентінің кезектен тыс сайлауын 

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі 

шаралардың күнтізбелік жоспарын 

бекітті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-

бабының 3-1 тармағына сәйкес, Қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс 

сайлауы 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау 

комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды 

ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс 

президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-

техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі 

тиісті шараларды қабылдасын.

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының 

әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер 

кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін. 

Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына 

кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен 

өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

5. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 

қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. 

 

Астана, Ақорда, 2011 жыл 4 ақпан, №1149

ДАТ!

6-б

етте

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА:

Табысы төмен отбасыларға 

әлеуметтік көмек көрсету – 

отбасының өмірлік проблемаларын 

тұрақты шешетін әрекет емес

А

ЗИЯ ОЙЫНДАРЫ



Бес айлық баласы бар ана алтын алды

Кеше тау шаңғысынан VІІ қысқы Азия ойындары бағдарламасындағы соңғы 

жарыстар өтіп, екі медаль жиынтығы сарапқа салынды. Әйелдер арасындағы бәйгеде 

осыдан бес ай бұрын босанған Людмила Федотова чемпион атанып, Қазақстан 

қыздарының қайсарлығын төрткіл дүниеге паш етті.

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

146,83

200,2

4,99

22,40

1,37

12062,26

1923,78

1894,79

101,75

1355,5

Қазақстан Республикасы Президентінің 

кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Бәрі де тәңірдің, бәрі де Жаратушы күштің 

сал 

ғаны мен жазғаны болар. Әділеттік орнап, 



қыр күйек айында сәбилі болған Людмила Фе до-

тованың еңбегі жанды. Кішкентай нәрестесін 

қыр қынан шығарған соң, белді бекем буып, жат-

тығу жұмыстарын бастаған жас ана алтынмен ап-

талды. Біразға дейін қар түспей, тек күш-қуат 

толықтыру жаттығуларымен айналысқан Люд ми-

ла қаңтар айынан бастап қана шаңғымен жүйтки 

бас тайды. Сол еңбегі мен ерлігі, төккен тері мен 

табандылығы жемісін беріп, Азия ойындарының 

чемпионы атанды. Чемпион атануының өзі қызық 

болды...

БАТЫР АНА

Кеше тау шаңғысынан Ақ Азиада бағ 

дар-

ламасындағы «суперкомбинация» деп аталатын 



соңғы жарыстар өткен. Мұнда шаңғышылар әуе лі 

өрден құлдилау (гигант) жаттығуы бойынша жа-

рысты. Бұл бәйгенің ерекшелігі – мұнда сө ре ден 

көмбеге дейінгі арақашықтық біршама алыс. Осы 

екі аралықтағы қос қадалы жалаулардың (қақ-

палардың) арасы да алшақтау. Біздің шаң 

ғы-

шылар осы бәйгеге машық, осы бәйгеге айрықша 



кө ңіл бөліп дайындалған. Екіншісі «слалом» деп 

ата лады. Мұнда сөреден көмбеге дейінгі ара қа-

шық тық едәуір қысқа (500 метрден асады). Мә-

ре сызығына дейінгі аралыққа жалау (қақпа) 

емес, тек қадалар қадалады. Олардың арасы тым 

жа қын. Яғни жоғарыдан жұлдыздай аққан шаң-

ғы шыға тез-тез бұрылып, осы қадалардың ара-

сы нан өту керек. Тау шаңғысы жарысының мұн-

дай түріне кәрістер шебер екен. Сондықтан біздің 

бап керлер суперкомбинацияның алғашқы тү рін-

де озық шығып, кәріс шаңғышыларымен ара-

лықтағы уақыт айырмасын мейлінше алшақтатып 

алу ды  көздеді.

Жалғасы 5-бетте 

 

Нұрғазы САСАЕВ



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№20 (472) 5.02.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

БЕЗБЕН


БҮКПЕСІЗ ӘҢГІМЕ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Бастамадан — сайлауға дейін

Бастамадан — сайлауға дейін

лионнан астам қол жинаған болатын. 

Қаңтардың 6-сы күні Парламент Cенаты 

Президент Н.Назарбаевтың өкілеттігін 

2020 жылға дейін ұзартуға қатысты Кон-

ституцияға өзгеріс енгізу туралы мәселені 

республикалық референдумға шығару 

жөнінде Парламенттің ұсынысын Прези-

дент қарауына жіберген-тұғын. Алайда 

Пре зидент Н.Назарбаев өзінің өкілеттігін 

2020 жылға дейін ұзарту жөнінде Кон-

сти 


туцияға өзгерістер енгізуге қатысты 

республикалық референдум өткізу тура-

лы Парламенттің ұсынысын қабылдамай 

тастады. Дегенмен 14 қаңтарда қоспа-

ла 

талы Парламент бірлескен отырыста 



басым дауыспен Президент ветосын ең-

серіп, «ҚР Конституциясына өзгеріс енгізу 

туралы» Заңы Елбасының қол қоюына жі-

берілді. Қазақстан қоғамы Президенттің 

аузына қарап, оның жауабын асыға күтті. 

Сарапшылар әртүрлі пікір айтып жатты. Өз 

кезегінде Президент заң жобасына бірден 

қол қоймай, Конституцияға сәйкестігін 

сараптау үшін Конституциялық Кеңеске 

жолдады. Конституциялық Кеңес Пар-

ламент ұсынған заңның Ата Заңға сай 

келмейтін тұстарын анықтап, қайтарып 

тастады. Қоғам аңтарылып қалғандай 

соңғы сөзді күтті. Бұдан кейін Елбасы 

Конституциялық Кеңестің шешімін құптап, 

Қазақстан хал қына Үндеуінде бір кісідей 

қызу қол даған ел-жұртына, бастамашыл 

топ 


қа және Парламент депутаттарына 

шын ал 


ғысын білдіріп, референдумның 

ор нына кезектен тыс Президент сайлауын 

өткізуді ұсынды. Елбасының көпшілік күт-

пеген тосын ұсынысына Қазақстан халқы, 

АҚШ, Еуроодақ секілді ірі мемлекеттер, 

ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйым дар қол-

дау білдірді. Президент бастама 

сын заң 


шығарушы орган аяқсыз қалдырған жоқ. 

Сарапшылар мұндай оқиғадан кейін 

Конституцияға қиғаш келетін заң қабыл-

дағаны үшін Парламентті тарату жөнінде 

әңгіменің шетін шығарды. Алайда Пре-

зидент ондай қатал қадамға баруды жөн 

көрмеді. Бас-аяғы 43 күнге созылып, 

қоғам 


ның басты тақырыбына айналған 

нау қанға нүкте қойылып, екі ай уақыттан 

ке йінгі кезектен тыс сайлау күні бекітілді.

КӨПШІЛІК КҮТПЕГЕН 

ҚИСЫНДЫ ШЕШІМ

Миллиондаған адам қолдаған рефе-

рен 

дум өткізуге орай, Президент Н.На-



зар баевқа екінің біріне таңдау жасау, мем-

лекет пен халықтың мүддесіне лайықты 



Құрманғали УӘЛИ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Қазақта «Сәуір болмай, 

тәуір бол майды» деген 

мақал бар, кезектен тыс 

сай лау мерзімі 3 сәуірге 

белгі ленді. Кезектен тыс 

сай лау науқанына тіркеу 

бү гін нен  басталғанын  ес-

керсек, президенттікке 

үміт керлердің алымды да 

ша лымды әрі қарымды бо-

луын талап етеді. Былтыр 

ғана сайлау науқаны бас-

тал май тұрып, президент-

тікке өзінің кандидатурасын 

ұсы нып, саяси фальстарт 

(тө ре ші  ысқырығынан  бұ-

рын қимылдау) жасаған 

сая сат кер  Владимир  Козлов 

(обалы не керек, мемле кет-

тік тілді жете меңгеріп үл гер-

мейтінін алға тартып) екі ай 

мерзімнен кейінгі додаға да-

йын еместігін байқатты. «Ақ 

жол»  пар тия сының  же тек-

шісі Әлихан Бәй менов сай-

лауға  қатыс пай тынын  мә-

лім деді. Сондай-ақ Жасарал 

Қуанышалин, Хасен Қожа 

Ахмет сайлауға түсуге ынта 

білдірді.  Де ген мен  «Азат» 

ЖСДП пар тия сы атынан тең 

төраға лардың бірі Болат 

Әбі ловті, ал «Руханият» жа-

сыл дар партиясы өз үміт-

ке рін ұсынатынын білдіріп 

үлгерді.

Сенесіз бе, кішкентай 

немерем орысша білмейді

АЛҚА МӘЖІЛІСІ



Әкімшілік реформаларды 

қолға алмай, өрлеу жоқ!

«Қандай себептер әсер етті?» дегенге 

келетін болсақ, Премьер-министр: «Бұған 

бірінші себеп – адам капиталы», — дей-

ді. Яғни адам капиталының құлдырап 

кетуі. Сондықтан да жалпы ішкі өнімді 

сақ тап тұруға және оның тұрақты өсуіне 

адам капиталының дамуы әсер етпек. 

Атап айтсақ, білім, денсаулық және әлеу-

меттік қамтамасыз ету. Үкімет бас шы сы-

ның айтуынша, құдайға шүкір, мем ле кет 

бұл мәселелерді назардан тыс қал дыр ған 

емес. «Еңбекпен қамту туралы бағ 

дар-


ламаны қабылдап жатырмыз, ден саулық-

қа да, білімді дамытуға да арнайы бағдар-

ламамыз қабылданған», – дейді ол. 

Екінші себеп – инфрақұрылым. Жол-

дардың төселуі, энергия жүйесінің тарты-

луы сияқты инфрақұрылымдардың дамуы 

жалпы ішкі өнімнің өсуіне септігін тигізеді. 

Премьердің айтуынша, жалпы, бұл екі 

бағытқа да Үкімет зор көңіл бөліп отыр. 

Үшінші себеп – құрылымдық және ин-

ституционалды реформалар. «Бұған көбіне 

уақыт бөле бермейміз, зауқымыз да бол-

майды. Алайда бұл ең маңызды шаруа 

екен», – дейді Кәрім Мәсімов. Оның ай-

туынша, құрылымдық және институцио-

налды реформаларды дамытпасақ, түбінде 

тығырыққа тірелеріміз сөзсіз. «Көп кешік-

пей 9000 доллармен де (жан басына 

шаққандағы ЖІӨ) қош айтысатынымыз 

анық», – деген Үкімет басшысы экономи-

калық даму және сауда министрі Жанар 

Айтжановаға осы мәселені қолға алуды 

тапсырды. «Жанар Сейдахмет қы зы, құры-

лымдық және институционалды реформа-

ларды жалғастыру – сіздің ми нистрлігіңіздің 

басты мәселесі. Бірден айтайын, бұл – 

қайырымсыз іс. Себебі жол салсаң, сол 

үшін халық рақметін айтып, жұрттың тіле-

уін аласың. Мектеп ашсаң да, зауыттың 

тұсауын кессең де, Үкіметтің алғысын алып, 

көзге түсесің. Құрылымдық және институ-

ционалды реформалар – көзге көрінбейтін 

жұмыс. Бірақ бұл жұмыс сыз алға жылжу 

мүмкін емес», – деді К. Мәсімов. 

Премьер осыған қатысты әкімшілік 

рефор 


малардың бағыттарына ерекше 

тоқталып өтті. «Елбасы осыдан төрт жыл 

бұрын әкімшілік реформаның нақты 

бағыттарын айқындап берді. Сол бағыт-

тарды атап өтетін болсақ, олар: мемле-

кеттік жоспарлауды жетілдіру, нәтижеге 

бағдарланған бюджеттеу, мемлекеттік 

қызметтің сапасын арттыру, мемлекеттік 

қыз 

меттің реформасы, экономиканың 



мем лекеттік секторын тиімді басқару және 

мем 


лекеттік органдардың қызметіне, 

эконо 


миканың мемлекеттік секторының 

нәтижесіне мониторинг жасау. Осы мәсе-

лелерге қайта келуіміз керек», – деген Үкі-

мет басшысы министрге осыларды ескеріп, 

нақты жоспар құрып әкелуге екі апта уақыт 

берді. Әрине, дағдарыс кезінде экономи-

каны «қолдан басқару» өз нәтижесін бер-

ді. Енді дағдарыстан шыққаннан кейін, 

әкімшілік реформаларды жалғастыру, 

Премьер-министр айт қандай, қажеттілікті 

талап етіп отыр. Осы мәселенің барлығы 

назардан тыс қал маса, жалпы ішкі өнім де 

өсе бермек. 

ДСҰ: 2012

Бұйыртса, Дүниежүзілік сауда ұйымы на 

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 

кіріп қаламыз деп отырмыз. Қазіргі уа-

қытта бұл бағытта біршама шаруаның ба-

сы ашылып, біразы шешілген сыңайлы. 

Жанар Айтжанованың айтуынша, негізгі 

жұмыс төрт бағытта жүргізілмек. «Оның 

біріншісі – екіжақты келіссөздер. Бүгінгі 

таңда барлық 26 мемлекетпен екіжақты 

келіссөздер жүргізіп біттік», – дейді ми-

нистр ханым. Былтыр АҚШ-пен, биыл 

қаңтар айында Брюссельде Еуроодақпен 

келісімдерге қол қойылып біткен. 

Екінші бағыт – қызмет атқарушы ком-

паниялардың Қазақстанда қандай шарт-

тармен жұмыс істей алатыны туралы 

келіссөздер. «Бұл бағытта АҚШ-пен және 

Еуроодақпен келісілетін мәселелер біткен 

жоқ. Осы жылдың бірінші тоқсанында бұл 

мәселелерге нүкте қойылады деп отыр-

мыз», – дейді Жанар Сейдахметқызы. 

Үшінші бағыт – экономикалық және 

сауда саясаты туралы жүйелі келіссөздер. 

Министрдің сөзінен түсінгеніміз, қазіргі 

күні Кедендік одақ кеңістігінде жүргізіліп 

жатқан саясат талқыланып жатқан 

көрінеді. Бұл шаруалар осы жылы бі-

теді деген үмітте. Төртінші бағыт – ауыл 

шаруашылығына қатысты келіссөздер. 

«Бұл келісімдер ауыл шаруашылығын да-

мыту үшін мемлекет тарапынан берілетін 

субсидияның көлемі жайында болып жа-

тыр», – дейді ол. Бұл бағыттағы жұмыстар 

енді ғана басталған көрінеді.

Салтан СӘКЕН

– Құрманғали аға, Парламенттегі 

жұмысыңыздан бұрын сіз аудан әкімі 

болдыңыз. Аудан әкімі облыс әкімінің 

алдында есеп беріп, жоғарғы бас-

шының қас-қабағына қарайтыны бел-

гілі. Қазір еркіндік сезіле ме?

– Әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі бо-

лады ғой. Әрине, аудан әкімі кезінде тіке-

лей Елбасының, Үкіметтің, облыс 

басшылығының тапсырмаларын орын-

дауға күш саласың. Мемлекеттік дең-

гейдегі бағдарламалармен қатар, аудан-

дық деңгейде атқаратын қоғамдық, 

мәден и шаралар болады. Осының бәрін 

ат қару керек. Ал енді қазіргі қызметім бұ-

рынғыдан қарағанда жоғары. Тиісінше, 

Парламенттегі жұмыстың жауапкершілігі 

мол. Еркіндік белгілі бір деңгейде 

сезіледі. 



– Бұрын Шу деген шулы мекенді 

басқардыңыз. Сол кездері әкімге қы-

сым жасау фактілері кездеспеді ме?

– Жерінде жабайы кендір қурай 

өскендіктен, Шуды барлығы шулы мекен 

деп ойлайды. Бірақ, шындығында, олай 

емес. Шу халқының мінезі – дарқан. Қа-

зақтың қасиетті туы тігілген жер бол-

ғандықтан, жергілікті тұрғындар қа зақ-

тың барлық салт-дәстүрін сақ тайды. Қа-

сиет ті өзеннің бойындағы қыз мет кезінде 

қандайда бір қысым жасау оқиғалары тір-

келген жоқ.

– Сіз ауылда, ауданда жұмыс істе-

діңіз. Қазір де депутат ретінде ауыл 

тұр ғындарымен жиі кездесесіз. Яғни 

сіз ауылдың жағдайын беске білетін 

депу татсыз. Күн сайын мемлекеттік те-

ле арналардағы жаңалықтардан ауыл-

дың жағдайын керемет деп айтып жа-

тады. Сіз сол ақпараттарға сенесіз бе?

– Әрине, ауылдың жағдайын көзбен 

көріп жүргеннен кейін, жаңалықтардың 

бәріне сене бермеймін. Бәлкім, жақсы 

жағынан көрініп қалғысы келе ме, жаңа-

лықтардан тек қана жақсы ақпараттар бе-

ріп жатады. Ауылдағы жол қатынастары, 

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында баса 

назар аударған ауызсу мәселесі әлі де 

күйіп тұрған проблемалардың қатарын 

толықтырып отыр. Кейінгі кезде тікелей 

ауылға қатысты мемлекеттік бағдарламалар 

қабылданды. Осы бағдарламалар біртін-

деп жүзеге асырылып та жатыр. Болашақта 

бұл проблемалар шешіледі деп үміт-

тенемін. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал