«Қыз жібек» студенттер газеті «Исаев» олимпиадасы



жүктеу 0.52 Mb.

бет1/6
Дата09.04.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4   5   6

www.kazmkpu.kz

Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады

№2 (109)


14 наурыз

2014 жыл


«Қыз жібек» 

студенттер газеті

«Исаев» 

олимпиадасы 

өтті

2-бетте


5-8-беттер

11-бетте


«Қыздар 

университеті» 

газетінің 

«наурыз көжесі»

Құрметті әріптестер мен 

студенттер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Нау­

рыз мейрамымен шын жүректен 

құттықтаймын!

Наурыз – табиғат­ананың буса­

нып, барша тіршілік иесін оятатын, 

жаңа өмір дәнегін себетін тіршілік бас­

тауы. Ағаштар бүр жарып, қызғалдағы 

көмкерілген әдеміліктің көкірек көңілі­

не шаттық пен мейірім төгетін шуақты 

ме рекесі. Жер жүзіне жаңару мен 

өзгеріс сый лайтын Ұлыс тойы –береке 

мен бірліктің негізі. 

Самарқанның көк тасын жібіткен 

Наурыз – араздасқан жандарды тату­

ластыратын кешірім күні. Ақ түйенің 

қарны жарылған бұл күн – ырыс пен 

ынтымақтың, күн мен түннің теңеліп, 

ізгілік пен мейірім үйлесім тапқан ұлық 

мейрамы. 

Міне, осындай игілігі мол Жаңа 

жыл басына аман­есен жетіп отырмыз. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде 

«Өзі нің тарихын қадірлемейтін, өзінің 

ұлттық байлығын бағаламай тын 

халық табысты да бола алмайды, 

тағдыры да сәтті бола қоймайды» 

деген болатын. Наурыз мейра­

мы – біздің ұлттық мерекеміз. Осы 

Ұлыстың ұлы күнін қадірлеу арқылы 

ұлттық құндылықтарымызды, атап 

айтқанда салт­дәстүрімізді сақтай 

отырып, ұрпақтан­ұрпаққа мирас 

ете аламыз. Сол себепті де Наурыз 

мейрамын жаһандану өркениетінде 

ұлттық ұстынымызды сақтап қалуға, 

қазақы мәдениетті кемелдендіруге көп 

септігін тигізетін ең Ұлық мерекеміз 

деп білемін.

Бірлік пен ынтымақтың, дос­

тық пен татулықтың, ырыздық пен 

несібенің мерекесі – Ұлыстың ұлы 

күні құтты болсын! Елімізге құт­

берекесімен, молшылығымен келіп, 

әрбір шаңыраққа қуаныш пен шаттық 

сыйласын. Әр отбасының қазанында 

қайнаған наурыз көже жыл сайын 

амандықпен, ауызбірлікпен ішіліп, 

бақытқа бөлей берсін.Ел тұтқасын 

ұстар ұлдарымыз намысты, қазан 

көтерер қыздарымыз арлы болсын 

деп тілеймін.

ЫРЫСЫ МОЛ ҰЛЫҚ КҮН

Күн тәртібінде – білім беру мәселесі

Бірінші 

халықаралық 

симпозиум

11 наурыз күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетінде білім беру қызметкерлерінің қатысуымен 

педагогикалық білімді жетілдіру, бүгінгі күн талабына сай маман-

дарды даярлау, ұстаздардың қазіргі таңдағы өзекті мәселелеріне 

арналған «Педагогикалық білімді жетілдіру және орта білім 

берудің мазмұнын жаңарту» атты мәжіліс болып өтті.

Биыл Түркия мемлекетіндегі 

Нийде университетінде І 

Халықаралық түркі әлемі 

зерттеулері симпозиумын өткізу 

жоспарланды. Түркі әлемінің 

өзекті мәселелерін зерттеу-

ге арналған халықаралық 

симпозиумның басты 

ұйымдастырушы – түркі әлеміне 

есімі ортақ Махмуд Қашқари 

атындағы Ұйғыр-қытай ғылыми-

зерттеу орталығы.

Көктем – қыстың сызы 

кетіп, күн жылынып, 

айнала жайма-шуақ күйге 

енетін ғажайып мезгіл. 

Әсіресе, наурыз айының 22 

жұлдызына қараған түні 

аспан денелері бастапқы 

орнына оралып, Күн мен 

Түн теңеліп, әлемдік тепе-

теңдік орнайтыны ғажап 

құбылыс. Жаратылыстың 

тылсым сәтінен хабардар 

болған ата-бабамыз дәл осы 

күні жаңа жылдың бастау 

алатынын біліп, ұлыстың 

ұлы күнін – Наурыз мейра-

мын тойлаған. Нау рыз – 

шы ғыс  халықтарына 

тән ұлық мереке. 

Шығыс шайырларының 

еңбектерінде көрсетілген 

бұл мереке ежелгі, байырғы 

көне мереке.  

ҚР Білім және ғылым ми­

нистрлігі мен Қыздар уни вер­

ситетінің  ұйымдасты руымен 

өткен мәжіліске ҚР Білім 

және ғылым вице­министрі 

Тахир Балықбаев, «Назарба­

ев зияткерлік мектептері» АҚ 

Басқарма төрайымы Күләш 

Шамшидинова, министрлік 

өкілдері, ЖОО ректорлары 

мен проректорлары, қала 

және облыстық білім бас­

қар масының  бастықтары, 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру 

ұлттық орталығының, «Бөбек» 

ұлттық ғылыми­тәжірибелік 

орталығының, біліктілікті же­

тілдіру орталықтарының және 

басқа да білім беру ұйым дары 

мен сала өкілдері қатысты.

– Қ а з а қ   қ ы з д а р ы н ы ң 

қара шаңырағы, киелі «құт 

мекені» атанып келе жатқан 

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетіне 

хош келдіңіздер!

(Жалғасы 2-бетте)

халқында жеті саны киелі, ол ақыл­

дылықтың, тұрақтылықтың белгісі.  

Сондай­ақ, келер жылы да 

ақ мол болып, ырыс­береке арт­

сын, несібелі жыл болсын деген 

ниетпен ыдыс­аяқтың барлығын 

қымыз, шұбат, сүт секілді аққа 

және де арпа, бидай, жүгері 

секілді дәнді­дақылдарға толты­

рып, кең дастарқан жайылған. Та­

рихы тереңде жатқан мерекенің 

ықылым заманнан бері тойланып 

келе жатқанын ескерсек, ұрпақтан 

ұрпаққа жалғасып, мән­мағынасы 

жойылмай беріліп келеді.

Наурыз мейрамы – ынты­

м а қ   п е н   б і р л і к т і ң   м е р е к е с і . 

Алыстағы ағайын қыс бойы жол 

қашықтығынан бірін­бірі көре 

алмаған болса, күн жылынып, 

жер кепкен уақытта ат арылтып, 

алыстан сәлем­сауқат сұрауға 

келіп, көрісіп жатады. Ағайын 

арасындағы бірлікті нығайтуға 

сеп болатын мереке. Кешірімнің, 

мейірбандылықтың, жылылықтың, 

татулықтың бастауы да осы мереке­

де жатыр. 

(Жалғасы 3-бетте)

Ұлттық жаңару 

мен жаңғыру күні

Д.Ж.НӨКЕТАЕВА,

ҚазМемҚызПУ ректоры

9 бет 


Наурыз тойы – молшылық 

мерекесі дүйім жұрт асыға күтетін 

ынтымақтың, қуаныштың тойы. 

Апа­әжелеріміз соғымның қыстай 

сақталған сүр етін, қазысы мен 

қар тасын қазанға салып, дәнді­

дақыл дарын қосып, құрт­майын 

езіп, ақ пейілдерімен Наурыз көже 

дайындайды. Ұлыстың ұлы кү нін­

де жасалатын ерекше дәм – Нау­

рыз мейрамының ең басты белгісі. 

Бұл дәмнен жас­кәрінің бар лығы 

тұтастай ауыз тиіп, тіпті жасқа 

толмаған нәрестелерге ауыз тигізіп, 

ескі жылды өткеріп, жаңа жыл ға 

аманшылықпен жеткендеріне шүкір­

шілік айтып, жақсылыққа балап, 

ақсақалдардан бата жасаған. Жеті 

түрлі дәм қосылуның өзінде асқан 

философиялық ұғым бар. Қазақ 



газетінің «наурыз көжесі»

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

2

№2 (109)



14 наурыз

2014 жыл


А Қ П А Р А Т

Тарих ғылымы 

талқыланды

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – 

БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ

«Исаев» олимпиадасы өтті

білім басқармасының бастығы Рахат Шима­

шева мұғалім мамандығының беделін көтеру, 

педагогтардың мәртебесін арттыруға байланы­

сты бірқатар ойларын айтты. 

–Елбасымыз білім беру саласына оқыту 

әдістемелерін жаңғырту, инновациялық 

тәсілдерді енгізу, орта және жоғары білім 

берудің оқу жоспарларының бағыттылығы 

мен басымдықтарын оларға тәжірибелік 

машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік 

біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, 

өзгерту міндеттерін қойды. Мұндай міндеттерді 

орындау үшін мектеп педагогтарының кәсіби 

дайындықтарына жоғары талап қойылады. 

Қазіргі кезде оқытушы оқушының қазіргі 

заманғы өмірге бейімделуіне мүмкіндік бол­

дыратын жан­жақты сауаттылық негізінде 

оқытуға қабілетті болуы тиіс. Дей тұрғанмен, 

талдау нәтижесі көрсеткендей, еліміздің білім 

беру жүйесінде кадр мәселесі анағұрлым 

өзекті болып отыр: тәжірибелі педагог 

Іріктеу кезеңіне 1­4 курс студент­

тері аралығында 40­тан аса қатысушы 

бақ сынады. Іріктеу кезеңі 2 турдан 

– Теориялық сұрақтарға жауап алу 

және «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі», 

«Профессор С.Исаевтың грамма­

тикадағы озық ойлары», «Менің уни­

верситетім – менің мақтанышым» 

та қы рыптарына эссе жазудан тұрды. 

Бұл кезеңнен ең білімді де, алғыр 15 

сту дент зияткерлік олимпиаданың 

ақ тық кезеңіне турларына жолдама 

алды.

Финалдың кезеңге 3 тур бойынша 



тиімді жолдарын іздестіруіміз қажет, – деді 

Р.Шимашева. 

Жиын барысында сондай­ақ, заман талабы­

на сай болуы қажет мұғалімдердерге қойылатын 

талаптар мен педагогикалық білім беруді 

жетілдіру бойынша ұсыныстар сұрыпталып, 

кәсіби стандарттар негізінде педагог мамандар 

даярлауға байланысты ой­пікірлер ортаға са­

лынды. Шара соңында ҚР Білім және ғылым 

вице­министрі Тахир Балықбаев ұсыныс­

тардың барлығы назарға алынып, мәжіліс 

нәтижесіндегі қорытындылар келешеке 

педагогикалық мамандарды даярлау және орта 

білім беру мазмұнын жетілдіру бойынша іс­

шаралар анықталатынын жеткізді. 

Пленарлық отырыс түстен кейін «Білім 

саласындағы кәсіби стандарттар» және 

«Қазақстанда мұғалімдерді даярлау» атты 

тақырыптық сессиялармен жалғасты.

Нәзира ЕЛЕУХАН

тапсырмалар енгізілді. Қатысушылар 

тексттік тапсырмаларды, теориялық 

тапсырмалар мен шешендік өнерден 

бас сынасты. Зияткерлік олимпи­

ада қорытындысы бойынша пікір­

сайыс та салиқалы сөз, салмақты ой, 

ұтым ды жауап бергені үшін Аяулым 

Әбдіреш, Гүлімжан Шәпек, Нұржан 

Жанпейіс алғыс хатпен марапаттал­

ды. 

Нұржан Жанпейіс, Гүлімжан 



Шәпек, Қарлығаш Әбидін үздік 

эссе номинациясын алды. Олим­

пиада қорытындысымен I орынды 

(Басы 1-бетте)

Бүгінгі білім беру қызметкерлері мәжілісінің 

Қыздар университетінде өтуі біз үшін үлкен 

жауапкершілікті білдіреді. Сондай­ақ осы 

жиынның, 70 жылдан бері білім беру саласын 

дамытуға өзіндік үлесін қосып, педагог маман 

даярлаудың озық үлгісін көрсетіп келе жатқан 

Қыздар университетінде өтуінде үлкен мән 

бар деп есептеймін, –деп алқалы отырысты 

ашқан Қыздар университетінің ректоры Динар 

Нөкетаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«Қазақстан жолы­2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілген 

білім беру мәселелерінің замануи тетіктеріне 

тоқталды. Одан кейін жиынды жүргізген 

ҚР Білім және ғылым вице­министрі Тахир 

Балықбаев: «Елбасы қойған мақсатты жүзеге 

асыру үшін Ұлттық білім берудің барлық 

буынының сапасын жақсартуда біз ауқымды 

жұмыс атқаруымыз керек.2020 жылға қарай 

Қазақстандағы 3­6 жас аралығындағы балалар­

ды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту 

жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи 

бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті 

мамандар ұсыну маңызды.Орта білім жүйесінде 

жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев 

зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне 

жеткізу керек. Жетекші университеттерді 

академиялық және басқарушылық автономияға 

біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу 

қажет. Білім және ғылым министрлігі тарапы­

нан қойылған тапсырмаларды орындау үшін 

ұлттық білім берудің барлық деңгейлерінде 

сапаны жақсарту жөніндегі 3 жылдық іс­

шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді», деді.

Педагог кадрларды дайындаудағы өзекті 

мәселелердің бірқатарына тоқталған вице­

министр жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі 

білім департаменттері, ЖОО ректорларына 

және білім басқармасы басшыларына педагог 

кадрлардың қажеттілігі туралы болжам жасауды 

тапсырып, осы тізбе бойынша кадр дайын­

дау қажеттілігі анықталатын болады деп атап 

өтті.Оның айтуынша, ол ең алдымен маман 

тапшылығының алдын алуға ықпал етпек. 

Мәжілісте «Орта білім берудің мазмұнын 

жаңарту» тақырыбындағы баяндама жасаған 

«Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ 

Басқарма төрайымыКүләш Шамшидино­

ва жиналған қауыммен аталған мектептің 

тәжірибесімен бөлісіп, орта білім берудің 

м а з м ұ н ы н   ж а ң а р т у ғ а   б а й л а н ы с т ы   ө з 

ұсынысын білдірсе, Абай атындағы Қазақ 

ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі 

жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева 

педагогикалық мамандықтар бойынша жа­

салынып жатқан жаңа білім беру бағ дар­

ламаларымен таныстырды. Ал, аталмыш 

шараға арнайы қатысқан Алматы қаласының 

кадрлардың жастарының ұлғаюы, соны­

мен бірге жас мамандардың жетіспеушілігі 

байқалуда. Сонымен қатар, көп жағдайда 

жас мұғалімдердің қазіргі заманғы мектептегі 

жүктемелерге төзімділігі жетпейді, олар 

мұндай жауапкершілік пен ауқымды қосымша 

міндеттемелері аз лауазымды табуға тырыса­

ды. Бұл жағдайды өзгерту бойынша пәрменді 

шара қолданбаса, бес­алты жылдан соң қазіргі 

жұмыс істеп жүрген оқытушылар зейнеткерлік 

демалысына шығады, мектепте жіті маман­

дар тапшылығының пайда болуы мүмкін. 

Сондықтан, бүгінгі күндегі ең өзекті кадр 

мәселесін шешуде Сіздер мен біздер болып, 

білімді де білікті мамандарды даярлау және 

оларды білім беру ұйымдарына тартудың 

3­курс студенті Жұлдызай Абдума­

напова иеленді, ал ІІ орынды 4­курс 

студенті Қарлығаш Әбидін алды. 

1­курс студенті Ақбота Сәттібай ІІІ 

орынға қол жеткізді.

Зияткерлік олимпиада Сейілбек 

Мұхамеджарұлы Исаевтың құрметіне 

өткізілді. Профессор С.М.Исаев – 

қиядан қияң беретін терең де ұшқыр 

ойларын, өзіндік пікір­толғамдарын 

тіл білімінің қай саласында да көрсете 

білген ғалым. Бүгінгі таңда ғалым 

С.М.Исаевтың ғылыми мектебі 

қалыптасқан. Көрнекті ғалымның 

шәкірттері қазіргі қазақ тілінің өзекті 

мәселелері бойынша іргелі ғылыми 

жұмыстарды жүргізуде. 



С.А.ОДАНОВА,

 филология ғылымдарының 

қандидаты

12-13 наурыз күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 

көрнекті ғалым ф.ғ.д., профессор С.М.Исаевтың туған күніне орай студенттер 

арасында зияткерлік олимпиада өткізілді.

Зияткерлік олимпиаданың ұйымдастыру алқасының мүшелері: қазақ тіл білімі 

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Т.Н.Ермекова, ф.ғ.к., қауым. 

профессор С.А.Оданова, магистр-оқытушы Н.А.Жаңабаева.

14 наурыз күні Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық университе­

тінде «Нұрпейіс оқулары» аясында 

«Қазақстан жолы 2050» және тарих 

ғылымы: жетістіктері мен болашағы» 

атты халықаралық ғылыми­

тәжірибелік конференция өтті. 

Оқу ордасының «70 жылдыққа­70 

шара» іс­шаралар жоспарының аясында 

әлеуметтік­гуманитарлық факультетінің 

ұйымдастыруымен өткізілген жиынға 

елі міздің және шетелдің бірқатар жо­

ғарғы оқу орындары, атап айт қанда 

Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбек­

стан Ұлттық университетінің, Бү кіл­

ресейлік құжаттау және мұрағат істері 

ғылыми­зерттеу институтының, әл­

Ф а р а б и   а т ы н д а ғ ы   Қ а з Ұ У ,   А б а й 

атындағы ҚазҰПУ­дың, Сүлеймен 

Демирел атындағы университеттің, 

Қазақ­Қытай академиясының, ҚР 

БҒМ ҒК Философия, саясаттану және 

дінтану институтының, Қорқыт Ата 

атындағы Қызылорда мемлекеттік 

университетінің, Абылай хан атындағы 

ХҚӘТУ тарихшылары, сонымен қатар, 

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және 

этнология институтының аға ғылыми 

қызметкерлері мен «Балбөбек» оқу­

тәрбие орталығының өкілдері қатысты. 

Халықаралық конференцияны Қыз­

дар университетінің Бірінші проректоры 

Баходир Әлиев ашып, «Мәңгілік Ел» иде­

ясын іске асыру үшін, мәңгілік ел болу 

үшін білімді ұрпақ тәрбиелеп, жастарды 

ғылымға баулып, ұрпақ санасына ұлттық 

тарихты, өткені мен бүгінін, болашағын 

сіңіруде тарих ғылымының атқаратын 

міндеті зор екендігін атап өтті. 

Конференцияда тарих ғылымының 

өткені мен болашағы туралы келелі 

мәселелермен қатар, патриотизмдегі 

кон фессионалдық және саясиэтникалық 

факторлардың қалыптасуы жайында 

мәселелер көтерілілді. Тарихшы­ға лым­

дар ғаламдану аясындағы әлемдік тарихи 

үрдістің құрылымын анықтау бойын­

ша, Қазақстандағы үш деңгейлі білім 

жүйесінің әдістеріне қатысты тәжірибе 

алмасып, ой­пікірлерімен бөлісті. Кон­

ференцияға қатысушылар сондай­ақ, 

«Ұлт Көшбасшысы және оның ұлттық 

идеологияның қалыптасуындағы рөлі», 

«Әйелдер білімінің қалыптасуы мен даму 

тарихы», «Қазақстан тарихының жаңа 

буын оқулықтарының өзекті мәселелері», 

«Тарихты зерделеу мен зерттеудің инно­

вациялық жаңашыл әдістері» деген та­

қырыптар бойынша ой­пікірлерін ортаға 

салып, өзара пікір алмасты.



Нәзира ЖҰМАҒҰЛ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

3

№2 (109)



14 наурыз

2014 жыл


Н А У Р Ы З ­ Д У М А Н

(Басы 1-бетте)

Самарқанның көк тасы жібігенде көңілдегі 

ашу тарқамайтыны қалай? Сол себепті де ұлық 

күнде ашуды қайтарып, тоң­теріс жүрген жан­

дар бір­бірінен кешірім сұрап, төс қағыстырып, 

татуласқан.

Бұл дәстүр Қазақстанның әр аймағында 

әртүрлі айтылады. Көбінде батыс аймақта 

«көрісу», «амал» мейрамы деген атаулармен 

сақталған. Наурыз айының 14­жұлдызынан 

бастап ағайын­туыс, көрші­қолаң, жақын­

жамағайындардың шаңырағына бас сұғып, 

жаңа жылға амандықпен жеттік, алдағы 

уақыттада басымыз аман, бауырымыз бүтін 

болып, отбасымыздан береке кетпей, ара 

қатынасымызға қыл түспесін деген ниетпен 

төс қағыстырып, сәлем­сауқат сұрасқан. Көрісу 

арқылы ағайын арасы одан сайын беки түсіп, 

сыйластық арта түсетіндігі анық. Сол себепті де 

наурыз тойын татулықтың бастауы деп ерекше 

ықыласпен күтеді.  

кесапаттан, бәле­жаладан, ауру­сырқаудан 

сақтасын деген ниетпен: 

Уа, Тәңірім жарылқа,  

Несібеңді тарылтпа.

Тілдінің тілінен сақта,

Көздінің көзінен сақта.

Алас, алас, алас,

Әр бәледен қалас,

Кең байтақ жерімнен алас,

Кең пейіл елімнен алас,

Қызғалдақтай құлпырған 

Қыздардың бұрымынан алас.

Оқу білімге ұмтылған

Білімнің тұнығынан алас,

Жаңа жылда жақсылық жетсін,

Жамандық еріген қармен кетсін, – деп, 

қасиетті деп саналған арша, адыраспан сынды 

шөптермен аластаған.

Наурыз – жастардың мерекесі, ғашықтар 

мерекесі. Күн мен Түн теңелетін күні жастар 

таңның атуын күтіп, Күн сәтін бірге қарсы ала­

тын игі дәстүр бар. Дәл осы түні жігіттер көңілі 

түскен аруға «Селтеткізер» жасаған. Әрине, 

ертерек уақытта айна­тарақ, иіссу, сынды қыз 

балаға қажетті дүниелер қат болған. Жігіттер ебін 

тауып осындай дүниелерге қол жеткізе отырып, 

сүйіктілеріне сыйлаған. Сыйлықтардың ішінде 

айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік 

пен сұлулықтың, иіссу – бүршігін жаңа жарған 

жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің 

белгісі болып саналады. Ал бойжеткендердің 

жауабы оң болса, «ұйқыашар» деп аталатын 

ерекше дәм дайындап берген. Бұл мереке – 

ыстық сезімнің бастауы, екі жастың үнсіз тіл 

табысып, жүрек үндесулері. Бұл салт қазақ 

қоғамында өзіндік ерекшелігімен, даралығымен 

қалыптасқан Ғашықтар күнінің болғандығын 

айғақтайды. Қыз Жібек пен Төлегеннің, Қозы 

Көрпеш пен Баян сұлудың, Еңлік пен Кебектің 

махаббатындай сырлы сезімге, пәк көңілге 

құралған жарасымды жұпттардың өз сезімдерін 

ым­ишарамен, сәтті іс­әрекеттермен білдіруі 

үлкен мәдениеттің, арлылықтың белгісіндей.     

Наурыз – ойын­сауықтың мейрамы. Айтыс 

ұйымдастырып, күй жарыстырып, домбыра 

шертіп, құйқылжыта ән салған дүйім жұрт 

баршаны өз өнерлерімен тамсандырған. Әзілі 

жарасқан ағайын бірін­бірі белдесуге шақырып, 

жамбасқа алып ұрып, қазақы күрестің әдемі 

түрін көрсетеді. Аттың құлағында ойнаған 

ер­азаматтар көкпар тартысып, бәйгеге түсіп, 

теңге іліп, бойларындағы қызуқандылықтарын 

көрсете білген. Сондай­ақ ұлттық «Қыз қуу» – 

арқылы жігіттердің қайсарлығы мен қыздардың 

ептіліктерін таныта алатын ерекше ұлттық 

ойын түрі. Жігіттің намысын қамшылайтын, 

ұнатқан қызына өзінің жақсы қасиеттерін 

көрсетумен қатар сезімін білдіретін үлкен 

мүмкіндік. «Ақ серек, көк серек», «Ақ сүйек» 

секілді халықтық ойындарды ойнап, алтыбақан 

тепкен, көңіл көтеретін мереке мың бұралған 

қыздардың биімен әсерлене түскен. Осы тойды 

бар ынта­ықыласымен күткен жамағат аса зор 

қуанышпен тойлап, ақ тілектерін жаудырып,   

Ең бастысы, Наурыз – сіз бен біздің 



мерекеміз. Ол және біріккен ұлттар ұйымы 

Баянды етіп бақ берсін,

Іздегендерің тап келсін.

Арайлап атып әрбір күн,

Тек қуаныш ап келсін.

Табандарың таймасын,

Өмірлерің жайнасын.

Наурызкөже пісіріп,

Қазандарың қайнасын.

Ұлдарымыз намысты болсын,

Еңбектері табысты болсын.

Қыздарымыз келісті болсын,

Жүрген жерлері жемісті болсын.

Жетелеп асқақ армандар ,

Биіктерге самғаңдар.

Ұлағатын ұлтыңның,

Ұрпақтарға  жалғаңдар.

Алланың өзі қолдасын,

Періштелер қорғасын.

Бастарыңа мәңгілік,

Бақ пен бақыт орнасын.

Көңілдерің шуақты болсын,

Жүректерің қуатты болсын.

Еліміздің егемендігі, 

Мәңгілік тұрақты болсын!

Әз-наурызды тойлаңдар 

Жақсылықты ойлаңдар 

Өмірдегі үкілі

Үміттерді жоймаңдар!

Ұлыс оң болсын,

Ырыс – несібе мол болсын.

Сапарда жүрген жандарға,

Жақсылықты жол болсын!

Қуаныштан күліңдер,

Сыйласып бірге жүріңдер 

Салауатты салт сақтап,

Ұзақ өмір сүріңдер! 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал