Италия мемлекетінің кросс-мәдениеті



жүктеу 15.66 Kb.
Дата14.11.2022
өлшемі15.66 Kb.
#23856
италия кросс мәдениет

Италия мемлекетінің кросс-мәдениеті
1)Италияда іскерлік келіссөздер визиткалармен алмасудан басталады. Визит карточкаларының мәтіні итальян және ағылшын тілдерінде жазылуы қажет. Келіссөздер барысында сізге итальяндық іскери серіктес визитка берген кезде жауап ретінде сіз өзіңіздің визиткаңызды бере алмасаңыз, онда сіз себебін түсіндіріп, кешірім сұрап, визиткаңызды бірінші мүмкіндікте жіберуге уәде беруіңіз керек.
2) Италияның іскер топтарында келіссөздер тең дәрежелі адамдар арасында жүргізілуі өте маңызды. Сондықтан кездесу барысында әлеуетті іскер серіктеске жасына, кәсіби жетістіктеріне және атқаратын лауазымына қатысты өзі туралы толық ақпарат беру өте маңызды.
3) Егер сіз келіссөздер өтетін жерге таксимен баруды шешсеңіз, оны өзіңіз ұстауға тырыспаңыз. Егер сіз қонақ үйде болсаңыз, онда портерден такси шақыруын сұрағаныңыз жөн, егер сіз көшеде болсаңыз, жақын жердегі кафеге барып, оның иесінің көмегі арқылы хабарласыңыз. Такси үшін есептегіште көрсетілген ақша көлемін немесе одан да бірнеше сома асырып төлеңіз, бірақ көп емес, өйткені итальяндықтар ақшаға сараң емес адамдарды құрметтейді. Сонымен қатар Италияда чемодандарды немесе ауыр жүктерді тасу үшін арнайы қызмет түрлерін пайдаланыңыз. Себебі, Италияда ауыр чемоданды адам өзі алып жүрмейді.
4) Италиядағы іскерлік этикет кездесуге шамамен уақытта жазылуға мүмкіндік береді. Итальяндық үшін уақыт салыстырмалы ұғым болып табылады. Сондықтан олар "екі сағатта кездесеміз"сияқты сөз тіркестеріне үйреніп қалған. Тіпті кәсіпкерлер келіссөздер уақытын белгілеу кезінде нақты уақытты сирек көрсетеді.
5) Іскерлік кездесуге дайындалып жатқан іскер әйелдер де белгілі бір ережелерді сақтауы керек. Итальяндық іскерлік этикет іскер әйелдерден киімнің түс кодтауын сақтауды талап етеді. Костюмдерде түстер саны 3 тен аспауы тиіс.
6) Келіссөздер барысындағы әйелдердің шаш стилі туралы айтатын болсақ, әйелдер шаштарын өздерінің қалауы бойынша жасаса болады , тек шаш үлгісі киім стиліне сай болуы керек.
7) Сіздің көзіңізге қарауға тырысатын адамдардан қорықпаңыз. Италияда бұл солай. Басқа жаққа қарау әрекеті құпиялылық пен адал еместікің белгісі ретінде қарастырылады. Сондықтан іскерлік әңгімеде ғана емес, көшеде де итальяндықтар өтіп бара жатқан адамдардың бетіне қарайды. Жергілікті тұрғындар үшін бұл мінез-құлық жиі кездеседі, сондықтан одан қорықпаңыз.
8) Елдің жергілікті мәдениеті мен тарихын құрметтеу итальяндықпен бизнесте және күнделікті өмірде байланыс орнатудың ең жақсы тәсілі болып саналады.
9)Итальяндықтар-нағыз патриоттар, сондықтан олар өз Отанына таңданатын адамдарға хаотикалық көзқараспен қарайды. Италияның іскерлік этикетін сақтай отырып және жалпы мемлекет туралы мақтау арқылы сіз жергілікті тұрғындардың құрметіне ие боласыз және маңызды байланыстар орната аласыз.
10) Итальяндықтар үшін келіссөздер барысында эмоция аса маңызды болып табылады. Яғни, олардың сенімі бойынша жақсы көңіл күй мен басталған іс сәтті аяқталады.
11) Итальяндықтар келіссөздер барысында бейресми сөйлескенді бағалайды. Яғни олардың ойынша әңгіме барысында адам тек келіссөз жүргізіп ғана қоймай әңгімеден ләззат ала білуі қажет.
12) Итальяндықтар келіссөздер барысында эмоциясын білдіру кезінде іс-қимылдарды қолдану арқылы өздерінің айтқысы келгенін жеткізеді, яғни вербальды емес қимылдарды қолданады.
13) Итальяндықтар өздерінің тарапына білдірілетін назарды, яғни вниманиені жақсы көреді. Мысалы , келісімшартың ағылшын тілінде емес , итальян тілінде жазылуының өзі жақсы әсерді қалдырады.
жүктеу 15.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет