Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/17
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2016  №1  (30)

33
толықтырылып, түзетілді» десе, толықтырудың
орнына, бұрынғы жинақтарда (1933, 1939, 1945)
Абай өлеңдеріне берілген толық түсініктемелер
мүлдем қысқартылып тасталған. Мысалы, «Кім
екен деп келіп ем, түйе қуған» деген өлеңге 1933
жылғы  және  1939,  1945  жылғы  жинақтарда
берілген  түсініктемеде:  өлеңнің  айтылған
уақытын  (1855),  айтылуына  себеп  болған
уақиғаны көрсетіп, Тұрағұл Абайұлы мен Мұхтар
Әуезов  толық  баяндап  берген  болса,  осы
берілген  дүние  және  толық  түсініктеме  1977
жылғы жинақта қабылданбаған. Оның орнына
берілген түсініктемеде: «Кім екен деп келіп ем,
түйе қуған». Ел аузынан алынып, 1933 жылғы
жинақта тұңғыш рет жарияланған...» (353-бет),
– деген ғана өлең туралы нақтылы түсінік бере
алмайтын жалаң сөздермен шектелген.
Сол сияқты 1977 жылғы жинақта: «Йузи –
рәушан, көзі – гәуһәр», «Әлиф би», «Абыралыға»
дейтін өлеңдерге берілген түсініктемелерде де
бұрынғы  жинақтарда  (1939,  1945)  толық
берілген  түсініктемелер  ескерілмеген.  Әсіресе
«Әлиф  би»  сияқты  толық  түсініктеме  беруді
қажет  ететін  өлең  туралы:  «Өлең  алғаш  1933
жылғы  жинаққа  енген»  деген  хабардан  басқа
ештеңе де айтылмаған. Қысқасы, 1977 жылғы
жинақтағы  Абай  өлеңдеріне  берілген
түсініктемелердің  осы  айтылғандай,  үстірт,
тиянақсыз екенін көреміз.
«Тыңнан  текстологиялық  тексерулер
жүргізілді»  деген  мәселеге  келетін  болсақ,
текстологиялық  тексеруде  сүйенген  ең  негізгі
ғылыми дерек Мүрсейіт қолжазбалары болғанын
көреміз. 1977 жылғы жинақтың «Алғысөзінде»:
«Ең  алдымен...  Мүрсейіт  Бікейұлының  үш
көшірмесін (1905, 1907, 1910) негізгі дерек ретінде
атаған  дұрыс»  (6-бет),  –  деп  айтылған.  Абай
өлеңдерін көшіріп жазуда Мүрсейіт еңбегінің зор
екені белгілі, бірақ ақын өлеңдерін көшіріп жазған
жалғыз  Мүрсейіт  қана  болмағанын  да  естен
шығармау керек».
Бұдан кейінгі түсініктің үзіндісі 1995 жылғы
жинаққа енген, бірақ келесі маңыздылауы енбей
қалған:  «Мұхтар  Әуезов  былай  дейді:  «...
жұртшылығымыз  үшін  бірнеше  тарихтық  дәл
деректер, мәліметтер айтайық. Мүрсейіттің өзі
жасы жағынан алғанда Абайдан 10-15 жас кіші
адам болған. Өмірі Абайдың өз қасында өткен
емес, 
Абай 
ағайындарының 
бірнеше
ауылдарында кезектеп бала оқытып жүрген. Ал,
Абай  жинағы  тек  1896  жылы  ғана  қағазға
топталып  жиналатын  болған.  Ол  істі  істеген
Мүрсейіт  емес,  Мағауия,  Ақылбай,  Кәкітай,
Көкбайлар. Бұлар алғашқы істі Абайдың өзінің
тапсыруымен сол 1896 жылы бастайды. Сонда
1896 жылға шейін Абай өлеңдері қайда кеткен?
Ондағы  Абайдың  қарындашпен  жеке  қағазға
жазған  өлеңдері  Абай  маңындағы  жас  ақын,
өнерпаз  хат  таныған  ақын  шәкірттердің,
жастардың қолды-қолына тарап кетіп отырған.
Кейін 1896 жылы көшірілгенде сол тарап кеткен
өлеңдері  жиналған,  бірақ  бәрі  түгел  жиналып
үлгермеген» (жоғарыда аталған кітап, 281-бет)».
Осыдан кейінгі жарты бет мағлұмат 1995 жылғы
жинаққа 
енген. 
Өкінішке 
орай
Қ.Мұхамедханұлының келесі іргелі мәтіні қалып
қойған.  Мүрсейіт  Абай  шығармаларын  ақын
қайтыс  болғаннан  кейін  1905  жылдан  бері
көшірген  деген  Кәкітайдің  пікірі:  «Сөйтіп,
Мүрсейіт  Абай  шығармаларын  ақын  қайтыс
болғаннан кейін, 1905 жылдан бастап көшіріп
жаза бастаған және «асыл түпнұсқадан тікелей»
көшірмеген. 
Сондықт ан 
Абай
шығармаларындағы әртүрлі жазылып, басылып
жүрген  сөздердің  дәлдігін  анықт ау  үшін
текстологиялық  талдау  жасау  ісінде  Мүрсейіт
жазбаларын  негізгі  дерек  деп  біліп,  бір  ғана
Мүрсейітке сүйену жеткіліксіз және біржақтылық
болады.
1995, 2002 жылдардағы жинақтың ғылыми
түсініктемесінде  «Вадимға»  қатысты  қысқа
түсініктің  авторы  академик  З.Ахметов  екені
анық.  «Масғұтқа»  қатысты  Қ.Мұхамедханұлы
түсініктемесінен бөлек З.Ахметовтің 1970 жылғы
зерттеулеріндегі  «Масғұттың»  Тургеневте  жоқ
сюжеттің  екінші  бөлігін  «бирма  халқының
ертегісінен  тауып,  оны  Абай  шығармасымен
салыстырып, екеуінің жақындығын анықтады»
деген дерек бар (ІІ т. 269 б.) З.Ахметовтің бұл
ойын іске асырған С.Қасқабасов еңбегі (ІІ т. 270)
де көрсетілген. Түсінікте академик З.Ахметов пен
С.Қасқабасов еңбектеріне сілтеме берілген.
Кітапта  «Қара  сөздерге»  қатысты  дерек
М.Мырзахметовтікі 
деп 
көрсетілген.
Қ.Мұхамедханұлының түсініктемелерінің соңғы
сөздері: «Әзім» поэмасына бірде-бір басылымда
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

34
текстологиялық зерттеу жасалмаған» (ІІ т. 280)
делінген.
Бұл  бүкіл  ғұмырын  Абайдың  әр  сөзінің
мәніне үңіліп, оны түсіндіріп танытуға арнаған
ғұлама  абайтанушы  Қ.Мұхамедханұлы
тәуелсіздік  кезеңіндегі  жас  абайтанушыларға
айтқан аманаты екенін есте сақтау қажет. Ғалым
қазіргі араб, парсы тілін меңгерген шығыстанушы
әдебиетшілерге Абай поэмаларының сюжеті тек
Талмұд,  не  айдаладағы  бирма  ертегісінің
сюжетіне ғана қатысты деген пікірдің жеткіліксіз
екенін аңғартқандай. Олай болса бұл сюжеттер
шынайы зерттеушілерін күтуде деп санайық.
Алаш әдебиеттанушылардың Абайтануын
совет кезінде ұстазы М.О.Әуезовтен тапсырма
алып жалғастырып, бүкіл ғұмырын Абайдың әр
сөзінің  ғұламалық  екенін  дәлелдеуге  арнаған
абайтанушы  Қайым  Мұхамедханұлының
Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттануға қосқан үлесі
анық.
Әдебиет
1  Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы.
Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. 1,
2 т.  - Алматы, 1995.

Қайым 
Мұхамедхано в. 
Абай
шығармаларына ғылыми түсініктер. Қолжазба.
1990. 300 бет.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
Резюме
Resume
В  данной  статье  говорится  о  научных  исследованиях  К.Мухамедханова  в  области
текстологии.
This article refers to the scientific K.Muhamedhanov's research in the field of textual criticism.

35
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
АБАЙТАНУДЫҢ "ҚАРАЛЫ КЕЗЕҢІ" ЖӘНЕ ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ
Тірек сөздер: Абай мектебі, Қ.Мұхамедханов, М.Әуезов, зерттеу, ұстаз.
Б.ЕРДЕМБЕКОВ,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор
С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік  университеті
Өскемен қаласы
ӘОЖ  821. 512. 122
Абай  мектебі  тақырыбы  1950  жылдары
ғылымда қорғалғанмен, қазақ әдебиетінде үлкен
дау  туғызып,  абайт ану  саласын  үлкен
сергелдеңге салды. Олай дегеніміз Әуезов пен
жас  диссертант  Қ.Мұхамедханұлы  «Абайдың
әдебиет  мектебі»  тақырыбын  ғылымда
дәледегенмен,  қызыл  империяның  тұрпайы
көзқарасынан  қоғап  қала  алмады.  Сол  кезде
мұралары  әдеби  ортаға  таныла  қоймаған
Ақылбай,  Мағауия,  Әсет,  Әріп,  Көкбай  және
диссертацияның қосымша бөлімінде зерттелген
Халиолла, Кәкітай, Мұхамеджан, Бейсембай т.б.
ақын, әнші өнер адамдарының тағдыры талқыға
түсті. Шәкәрім мен Тұрағұл алдын-ала «халық
жауы» атанып зерттелу мүмкіндігінен тыс қалды.
1951 жылдың 15 маусымында Қазақ ССР Ғылым
академиясының  Тіл  және  Әдебиет  институты
мен Қазақстан Совет жазушылар Одағы бірлесіп
өткізген  «Абайдың  әдеби  мұрасы  мәселесін
талқылауға арналған ғылыми айтыстың» тууына
Қ.Мұхамедханұлының  диссертациясы  себеп
болды.  Осы  әдеби  жиналыстың  қаулысындай
С.Мұқановтың  баяндамасы  баспасөзде
жарияланды  /қараңыз:1/.  Бұл  Абай  мектебіне
жұмсалған ауыр соққы еді. Абай шәкірттерінің
бәрі  дерлік  «ұлтшыл»,  «пантюркист»,  «халық
жаулары»  ретінде  мейілінше  қараланды.
Нысанаға  алдымен  Әуезов  ілініп,  шәкірті
Қ.Мұхамедханұлымен  бірге  1937-жылдың
ызғарына қайта шалдықты. «Абайдың ақындық
мектебі» социалистік әдебиетте жат концепция
деп  танылып,  Әуезо в  ҚазССР  Ғылым
академиясының  Президиумының  мүшелігінен
шығарылып, 
университеттен 
қуылды.
Мұхамедханұлы 
халық  жауы  ретінде
тұтқындалып,  25  жылға  сотталды.  Сталин  о
дүниелік болып, елде “жылымық” орнаған кезде
1953 жылы түрмеден босайды. Бір естелігінде
Қайым  былай  дейді:  «Біз  атақты  Ермұхан
Бекмаханов,  Есмағамбет  Ысмайлов,  Бекежан
Сүлейменов – төртеуміз айдалдық, артымыздан
Қажым Жұмалиев сотталды. Сегіз ай тергеуде
жатқанда  сегіз  тергеушіні  ауыстырдым.  Алған
бетімнен  қайтпай  қойдым.  «Мұхтарды  сат,
диссертацияны  зорлап  жазғызды,  ғылыми
еңбектеріңнен бас тарт, жазаң жеңілдейді» дейді
олар.  Одан  да  өлгенім  артық  емес  пе,  жалған
айтып  қайтіп  жер  басып  жүремін».  Ұстазға,
тақырыбына деген адалдық осы болар, сірә!
Қанша 
қағажу 
көргенмен
Қ.Мұхамедханұлы  «Абай  шәкірттерінен»  бас
тартпады.  Кейінірек,  1959  жылы  алғашқы
тақырыпты  сәл  өзгертіп  «Абай  төңірегіндегі
ақындар»  (Поэты  Абаевской  поры)  деген
тақырыпта  диссертациясын  қайта  қорғады.
Өйткені,  «Абай  мектебі»  деген  атау  кеңестік
әдебиеттің қалыбына сыймады.
1951 және 1959 жылғы екі диссертацияның
құрылымында  айтарлықтай  өзгешеліктер  бар.
Саяси сынның салдарынан  кейінгі еңбек біраз
Мақалада    Қайым  Мұхамедханұлының  1951  және  1959  жылғы  екі  диссертациясының
құрылымындағы  айтарлықтай  өзгерістерге  тоқтала  келіп,  саяси  сынның  салдарынан  біраз
өзгеріске ұшырағандығы және Абай мектебі тақырыбы туралы баяндалады.

36
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
қысқарған.  Алдыңғысында  Тұрағұлдың  аты
аталмаса да бірнеше өлеңдері мен аудармаларына
шолу жасалса, кейінгі диссертацияда ол жоқ. 1951
жылғы  еңбектегі  даудың  үлкені  Көкбай
Жанатайұлына,  оның  «атышулы»  «Абылай»
дастанына байланысты болғандықтан, Абайдың
қасында  25  жыл  дос  болған,  талантты  ақын
Көкбай  да  құрбандыққа  шалынды.  Сөтіп,
Шәкәрімсіз,  Көкбай  мен  Тұрағұлсыз,  ал  бар
ақындардың өзі тек «советтік шеңберге» сиятын
шығармалары  арқылы  танылып,  бір  сөзбен
айтқанда,  құйрық-жалы  күзеліп  Абай  мектебі
ғылымда  қорғалып  шықты.  Оның  өзінде
Қ.Мұхамедханұлының 
бірбеткей
табандылығының, төзімділігінің арқасында.
Сөз  арасында  айта  кетуіміз  керек,  2005
жылдан шыға бастаған зерттеушінің көп томдық
шығармалар жинағына  (Алматы: Алаш,  2005)
ғалымның  1959  жылғы  екінші  қо рғаған
диссертациясы ғана енген. Қайталау делінген бе,
1951 жылғы еңбек жинаққа енбеген, тек Көкбай
туралы  тарау  ғана  1959  жылғыға  қосылып
енгізілген. Кеңестік сүзгіге іліне қоймаған, кезінде
үлкен  айтыс  тудырған  1951  жылғы  еңбекті  де
жинаққа  кіргізсе,  көп  томдықтың  салмағы
артпаса,  кемімейтін  еді.  Екі  диссертациядағы
өзгешеліктер,  түзетулер,  толқтырулар  мен
қысқартулар салыстырған адамға тек автордың
жанкешті еңбегінің ғана емес, сол заманның Абай
айналасына  деген  жат  пиғылының  анық
көрсеткіші болар еді.
Абай  мектебімен  қоса  М.Әуезовтің  1950
жылы жарияланған «Ақын аға» романы да сын
тырнағында қоса кетті. Абай мектебі тақырыбы
«Ақын  аға»  романының  негізгі  арқауы
болғандығын  сол  кездегі  қырағы  сын  қалт
жібермеді. Мұхамедханұлының диссертациясы
сыналған кезде-ақ: «...Остальные исследователи
доверились ему (Ауэзову Б.Е.) как знатоку Абая
и  эти  данные  считались  до  сегодняшнего
времени достоверными... что Абай Кокпаю сам
давал  тему  и  т.д.  Это  он  снова  утверждает  в
романе «Акын аға», который недавно вышел из
печати»,  -  деп  /2,81/  шүйлікті  Қ.Жұмалиев.
С.Мұқановтың  «Абайдың  шәкірттері  туралы»
мақаласында:  «Ақын  аға»  атты  романда  «бұл
шәкірттер  тағы  мақталып,  романның  өзекті
уақиғаларының  бірін  өрбітіп  отырушылар
болады.  «Абай  шәкірттері»  деп  атаған
адамдардың  кейбіреулерінің  көрінеу  көзге
реакциялық бағытта жазылған шығармаларын
майлап  өткізу  үшін  Абайдың  беделді  атын
жамылып, «бұл темаларды  оларға Абай беріп,
жазылғаннан  кейін  Абай  түзеп  еді»  дейді
(Шәкәрім  мен  Мағауияға  тел  тема  –  «Еңлік-
Кебек»,  Мағауияның  «Шәмилі»,  Көкбайдың
«Абылайы» тағы басқалар)» /1,67/.
Сөйтіп,  Абайдың  ұстаздық  құдіретін,
З.Қабдоловша  айтқанда  «Абай  –  ақындардың
ақыны»  деген  қағиданы  көркем  әдебиетте
сомдаған «Ақын аға» романы қыңыр саясаттың
салдарынан жарыққа шықпай жатып жөргегінде
тұншықты.  Бір  таңқаларлығы  кезінде  аяусыз
тәркіленген романмен қауышуға оқырман қауым
жарты ғасырдай уақыт дәрменсіз болып келді.
Тек араға жылдар салып тағдыры тәлкекке түскен
“Ақын  аға”  жазушының  елу  томдығына  еніп,
көзайым болған оқырманымен қайта қауышты.
Әдеби ортаға белгісіз болғаннан шығар бәлкім
зерттеуші қауым осы бір тағдыры ауыр туындыға
қалам батырудан тартыншақтай береді. Әуезовтің
туғанына  100  жыл  толуына  орай  шыққан
«Мұхтар Әуезов тағылымы» деген жинақта бұл
шығарма туралы: «Алғашқы «Ақы-ағадан» осы
үшінші кітаптың (кейінгі басылымды айтады Б.Е.)
өзгешелігі  неде?  Бұл  –  басы  Абай  бейнесінен
бастап 
ұнамды, 
ұнамсыз 
бейнелерді
ажарландыру,  олардың  әлеуметтік  топтың
қырлары  мен  сырларын  нақтылай  түсу
мақсатынан  туған»,  -  деген  /3,121/  белгілі
абайтанушы-ғалым З.Ахметовтің кеңестік таным
тұрғысынан біржақты баға беруі – тоңның әлі
қалың жатқанын байқатқандай.
«Абай»  энциклопедиясында  «Ақын  аға»
романы туралы: «Жазушының романды бұлайша
атаудағы басты мақсаты – Абайды ақындар ағасы
етіп  көрсету  болатын.  Бірақ  бұл  сөзді  орыс
тілінде  дәл  жеткізу  қиынға  түскендіктен,
эпопеяның  жалпы  атауын  «Абай  жолы»  деп
өзгертеді»,- деп /4,70/ жазғаннан соң басқаға не
жорық.
«Абай жолы» роман-эпопеясының ішінде
ең  бір  тағдыры  ауыр,  кеңестік  идеология
салдарынан  дүркін-дүркін  өзгерістерге  түскен
бөлігі – осы «Ақын аға» еді. 1949 жылы «Әдебиет
және искусство» журналының бірнеше санына

37
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
«Ақындар ағасы» деп басылған туынды біршама
өзгерістермен 1950 жылы «Ақын аға» деген атпен
жеке  кітап  болып  басылды.  Журналдық  нұсқа
мен кіпап арасындағы өзгерістер: алып- қосулар,
толықтырулар  туралы  аталмыш  туындыға
ғылыми түсінік жазған Т.Әкім былай дейді: «Сол
толықтырулардың астарында өңдеп-жөндеудің,
жаңартып-жаңғыртудың,  жетілдірудің  неше
алуан қиын асулары мен шытырмандары жол-
соқпақтары бүгіліп жатты, ол бүгіліс кітаптың
қандай  жол,  қандай  бейнетпен  дүниеге
келгендігін  елестетіп,  бар  бітім-болмысы  мен
келбетін  көз  алдыға  келтіре  алады»  /5,406/.
Алғашқы шыққан журналдық нұсқадан кейінгі
романды жетілдіре түсу үшін жасалған өңдеулер
мен толықтырулар, бір сөзбен айтқанда жазушы
мехнаты зая кетті десе де болғандай. 1949 жылғы
«Ақын  аға»  саяси  зияны  шығарма  ретінде
оқырманымен қауыша алған жоқ. Тек, 2007 жылы
ғана елу томдықтың жиырма алтыншы томында
араға алпыс жылдай уақыт салып жарық көрді.
«Ақын  ағаның»  бар  кінәсі  Абайдың  ұстаздық
құдіретін паш етті, ақын шәкірттерінің бейнесін
шындыққа жанасымды бейнеледі.  «Ақын аға»
тәркіленгенмен  ұлы  эпопеяның  аяқсыз  қалуы
М.Әуезов үшін де, қазақ әдебиеті үшін де үлкен
қасірет  еді.  Әуезовке  тағы  амалдауға,  дәлірек
айтқанда соцреализмнің ыңғайына көнуге тура
келді. Кейінгі шыққан «Абай жолының» төртінші
кіт абында  сәтті  толықтырулар  болды
дегенімізбен,  «Ақын  ағадағы»  негізгі  идея  -
Абайдың ақындық мектебі көмескіленіп қалды.
Мәселен,  романға  арқау  болатын  Көкбайдың,
Әріптің  өлеңдері  еріксіз  енбей  қалды  /
қараңыз:6,24/.  Әсіресе  Көкбай  бейнесі  қатты
зардап  шекті.  Сөзіміз  дәлелді  шығу  үшін  қос
нұсқаны  қолға  алайық.  Романның  басындағы
төрттік  жырды төрт  ақын  боп айтатын  жарыс
үлгісін  ұсынатын  Көкбайдың  орнына  кейінгі
нұсқада Ақылбай аталса, «Ақын ағада» Еңлік-
Кебек жырына таласқан Дәрмен мен Шұбарға
билік айтушы Көкбай кейінгі нұсқада Ерболмен
алмастырылған. Дәрменнен Еңлік жыры сенікі
деп,- сүйінші сұрайтын да Көкбай болмай Мағаш
бо лып  өзгерген.  Тізе  берсек,  о сындай
ауыстырулар жетерлік. Анығы Көкбайды Абай
қасына аса жуытпауға мәжбүр болған суреткер.
Көкбай  тек  Абай  қасынан  алыстатылмаған,
социалистік  талаптарға  сай  жағымды  жағы
сылынып  тасталып,  ұнамсыз  бейне  жасалған.
«Ақын  ағада»  жоқ  Ерболдың  төмендегі  ойы
кейінгі нұсқада былайша өріледі: « ...өз ішінен
қасындағы Көкбайға бір үлкен наразылық ойды
да  ойлап  қап  еді.  Оразбай,  Жиреншелерге  не
сорым,  оңаша  сөйлеген  бір  күні  жаңағы  Абай
айтқан жайлар туралы Көкбай да бір суық сөз
сөйлеген.  «Абайдың  бір  міні  болса  –  ол  аса
орысшыл боп кеткені ғой, тек соларға ғана қарап
отырмақпыз ба?» деген еді» /7,27/. Сондай-ақ,
Базаралының  айдаудан  келгендегі  кезіндегі
Көкбайға  берілген  әділ  баға  кейінгі  нұсқада
күзеліп қалған. Мәселен: «Көкбай да шабытты
ақын...Тынысы  кең,  боздағандай,  зор  үні  бар
Көкбай  өз  өлеңін  ұзақ  әнмен  айтып  отырды.
Жақсы тілеу, дат құрмет, қуанышты тағзым – бәрі
де үлкен сыпайылықпен тәтті айтылды»,- деп /
5,61/  жалғаса  беретін  Көкбайды  жағымды
жағынан  көрсететін  тұстар  екінші  нұсқада
кездеспейді.  Осылайша  түбегейлі  өзгеріске
түскен Көкбай бейнесі романда Абылай туралы
жыр  жазар  тұста  да  саяси  цензураның
салдарынан  еріксіз  бұрмаланып,  құрбандыққа
шалынып жүре берді. «Көкбайда Абылай жайын
жыр етемін деген ой көптен бар-ды. Қазақ пен
қалмақ жаулығы турасындағы ескі сөз атаулыны
ол  жия  жүретін.  Абаймен  оңаша  әңгімесінде
өзінің  жиған-тергендерінің  талайын  айтып
шыққан.  Сол  кеңес  соңында  Абай  да  бұған
қосымша  қызық  әңгімелер  айтқан.  «Абылай
жорықтарын  өлең  етсеңші»  деп,  Көкбайға  аға
ақынның  айтып  жүретін  ақылы  да  бар  еді.
Жалғыз-ақ екеуінің де ұғысып, келіскен бір жайы
бар-ды»,-  деген  /5,225/  шындыққа  суарылған
жазушының көркем ойлары басқаша өрбиді. Абай
мен Көкбайды жақын ұстаудан сақтанған Әуезов
дәл осы тұста Дәрмен аузымен Абай мен Көкбай
арасын  аша  сөйлейді.  Абай  тапсырмасымен
қазақтың  Абылайын  жырға  қо спақ  болған
Көкбай ақынның ізгі мұраты кейінгі нұсқада «бір
жаққа лағып кеткіш қыңырлығы» боп беріліп,
құрбыларының алдында келекеге ұшырайтыны
бар. «Ақын аға» «Абылай» жырын шабыттана
оқыған аса дарынды ақын Көкбайдың ұстазының
алдында есеп беруімен аяқталатыны тегін емес
еді.  Көкбай  дастанының  жазылу  тарихынан
жазушы алыс кетпеген-тін. Дәл осы «Абылай»

38
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
дастанының  Абай  алдында  тұсауы  кесілуі
түзетілген нұсқада алынып тасталмағанмен, сол
кездегі  саясаттың  ықпалына  жығылды.
Жығылғаны  сол  Көкбайдың  «Абылайы»
Базаралы  аузымен  бауыздалады:  «Айтсам,
Көкбай  «алдияр»  дедің,  «асыл  ханым»  дедің,
«әруағыңнан айналайын» деп те жалбарынып
жатырсың.  Аяғы  Абылайдан  өтіп,  нәсіліне  де
тауап  қылар  түрің  бар.  Шынымды  айтайын,
жақпайды  маған,  Көкбай,  мұның.  Осы  хан-
сұлтанды  көксеп,  маңырап  талай  ақын,
баяғының  өзінде  тоздырып  болмады  ма,
Абай?!»,- деген /7,289/ сөздерді Абай бас изеп
қостап әкететіні тағы бар. Тарихи шындықты
осылайша саяси қалыптан аса алмаған, көнбіс
көркемдік шындық өз ырқына салды.. Базаралы
большевиктің  сөзін  «сөйледі».  Абай  Абылай
туралы  басқаша  «толғады».  Осының  бәрі
романды  аман  алып  қалу  үшін  жасалған
жазушының жантәсілім амалдары еді. Абайды
әлемге  таныту  үшін  Құнанбайды  ғана  емес,
романда аты аталмай кеткен Шәкәрім, Тұрағұл
сынды 
Абайдың 
туыс-балаларын 
да
құрбандыққа  шалды.  «Ақын  аға»  романында
Абай мектебі деген  негізгі идеяның салмағын
Көкбайға  қарай  аударып  амалдаған  Әуезовтің
жанкешті жоспары да іске аспай қалды. Ақыры
Абайдың ең жақын досы, ақын шәкірті Көкбай
да  жағымсыз кейіпкердің  шапанын  жамылып
шыға келді. Құнанбай сынды Көкбай да Абайға
қарсы таразының екінші басында қалды. Сөйтіп
шәкіртсіз тұл қалған Абайдың қасына жазушы
еріксіз  қолдан  жасалған  кейіпкер  Дәрменді
қосты.  Кейінгі  нұсқада  Көкбай  ысырылып,
Абайдың  қасынан  Дәрменнің  орын  алуы  -
суреткердің лажсыздан барған тәсілі.
Романдағы Көкбай бейнесіне үңіле назар
аударуымыздың себебі енді анықталғандай да.
Абайдың  аяулы  шәкіртінің  есімі  бүкіл  бір
романның тағдырына қаншалықты әсер еткенін
байқау қиын емес.  Құнанбайды тарихи тұлға
ретінде сомдаса, эпопеяның алғашқы кітабымен
қауышпас  едік  десек,  Шәкәрім,  Көкбайларды
құрбандыққа  шала  отырып,  Әуезов  «Абай
жолын»  абыроймен  аяқтап  шықты.  Қиыспас
жерінің қисынын келтірді, айтылмайтын тұстан
амалдап  жо л  тапты,  әйтеуір  кеңестік
идеологияның қайраулы қылышы кеңірдектен
алып  тұрған  кезеңде  ұлттың  тарихы  мен
болашағын  жалғастыратын  ең  таңдаулы
туындыны  дүниеге  әкеле  алды.  Бұл  -жазушы
қаһармандығы.  Ал,  осы  эпопеяда  Әуезов  нені
айта алмай кетті, нені меңзеді, астарлы ойы нені
аңғартады деген мәселенің түйінін шешу – бүгінгі
біздердің еншімізде.
Сонымен, Абай мектебі, Абай шәкірттері
туралы  атаулардың  барлығы  әдебиеттен
аластатылып, біраз уақыт өткеннен кейін 1950
жылдардың соңына қарай ғана бұл тақырыпты
Абай төңірегіндегі ақындар деп атауға зорға қол
жеткіздік.
Жалпы  «Абай  мектебі»  тақырыбының
кеңестік  идеологияға  сай  келмейтін  екі  үлкен
«кемшілігі» бар еді. Оның біріншісі – Абайдың
шәкірттерінің  бәрі  шетінен  «ескішіл»,
«шығысшыл» кейінгі көзі тірілері «халық жаулары»
болса,  екінші  үлкен  «кемшілік»  -  ол  Абайдың
мектеп  қалыптастыруы,  яғни  «әдеби  мектеп»
дейсіз бе, «ақындық мектеп» пе әйтеуір Абайдың
ақын тәрбиелеуі - орыс халқы үстемдік құрып
тұрған  кеңестік  таныммен  қарағанда
бұратаналардың  маңдайына  сыймайтын
құбылыс  болып  есептеледі.  Міне,  бұл  мәселе
сөзді әріден бастауды керек етеді.
«Абайдың  ақындық  мектебі»  деген
концепцияны  бізге  М.Әуезов  ұсынды.  Әлем
әдебиетіне  көз  жүгіртсек  әдебиеттану
ғылымында  «мектеп»  термині  қолданылады.
Нақты  «әдеби  мектеп»  дегенге  анықтама
бо лмағанмен,  бұл  ұғым  батыс  пен  орыс
әдебиетінде әдеби ағым, әдеби үйірме, әдеби топ
деген ұғымдармен етене жақын.
Әдебиеттану  ғылымында  әдеби  мектеп
ұғымы жалпы мағынада алынып, оның аясында
ағым, бағыт, ұйым, топ, бірлестік категориялары
да қарастырылады. Мәселен, ағым мен мектеп
бір  ұғымда  айтыла  береді.  «Әдебиеттану
ғылымының тарихында белгілі мектептер, үлкен
ағымдар болған», - дей келіп, ғалым Р.Нұрғали
ертедегі  ағымдардан  бастап  филологиялық
мектеп,  эстетикалық  догматизм  мектебі,
биографизм мектебі, мәдени-тарихи салыстыру
мектебі,  формализм  мектебі,  социологиялық
мектептерді атап көрсетеді /қараңыз: 8,47-50/.
Батыс пен орыс әдебиетінде әдеби мектеп
атауына  жақын  әртүрлі  әдеби  үйірмелер,

39
бірлестіктер  мен  салон-клубтар  ертеден-ақ
болған.  Олардың  бәріне  анықтама  беріп,
тоқталып жату  біздің зерттеуіміздің мақсаты емес.
Әсілі, әдеби мектеп бір көзқарастағы, бір бағытта
шығармалар жазатын, арман-мұраттары ортақ
қаламгерлерден  тұрады.  Көбінің  бастаушысы,
яғни сол мектепті құрушы ұстазы болып, қалғаны
шәкірт  саналады.  Бірақ,  осылардың  қай-
қайсысында  да  нақты  ұстаз  бен  шәкірт
арасындағы байланыс нақты айтылмайды.
Қазақ әдебиетіндегі Абай мектебі де жоқтан
пайда болмағаны анық. Абай шәкірттерінің бәрі
бір бағытта белгілі тәртіптен шықпай шығарма
жазды  дей  алмаспыз.  Бірақ,  ақындық  мектеп
дегеннің  барлық  шарттарына  жауап  береді.
Абайға  дейін  де  қазақ  поэзиясында  ұстаз  бен
шәкірт арасындағы байланыстарды кездестіруге
болады. Ахмет Иассауи ұстазы Арыстан бабты
ерекше  құрметтеп  жырына  қосса,  бертінгі
Жамбылдың пірі Сүйінбай емес пе?! Ал Ақмола
ақын Башқұрттың Маржаниын ұстаз еткен. Кез-
келген  өлеңге  ебі  бар  жан  қарманып,  үлкен
ақынның етегінен ұстап, өзіне ұстаз тұтып өлең
үйренуі  -  заңдылық.  Абай  да  сөйтті.  Өз
ауылындағы Байкөкше, көрші Сыбандағы Дулат,
Қарқаралыдағы Шөжелерден қазақтың асыл сөз
маржанын кеудесіне ұялатты. Кейін өзі игерген
орасан білім мен өнерді елге тарату үшін қасына
талантты  шәкірттер  жинап,  тәрбиеледі.
Алдындағылардай емес Абайдікі неше өнердің
басын  бір  қазанға  біріктіріп,  бір  қауым  өнерлі
жасты  тәрбиелеген  нағыз  әдебиеттің  мектебі
болды. Және оның қазақ әдебиетіндегі атқарған
қызметі орасан, тарихтан алар орны ерекше.
Қашанда орысқа, одан батысқа қарап бой
түзеп үйренген кеңестік талғам-танымымыз, ең
алдымен, «Абайдың әдебиет мектебі», «Абайдың
ақындық  мектебі»  деген  концепцияны
қабылдауға  жүрексіндік.  Өйткені,  әлем
әдебиетінде шәкірт тәрбиелегендер некен-саяқ
кездескенмен,  дәл  Абай  сияқты  бірнеше
ақынның  басын  құрап,  тақырып  беріп,  өлең
жазғызып, жазғанын ортаға салып талдап, түзеп
дегендей  шын  мәнінде    әдеби  мектеп
қалыптастырған ақын жоқ.
Әлемнен іздемей-ақ көзімді көрші орысқа
салдық. Орыс поэзиясының атасы А.С.Пушкин
де,  М.Ю.Лермонтов  та  әдеби  мектеп  ашып,
шәкірт  тәрбиелемепті.  Олар  жастай  дүниеден
өтті, қыршынынан қиылды делік. Жүз жасаған
Толстой шалда да мектеп  болмаған. Міне, гәп
осында!  «Ұлы»  халықтың  бетке  ұстар  ақын-
жазушыларында болмаған әдеби мектеп, ақын
шәкірттер «қараңғы елдің» баласы Абайға қайдан
келмек?!
Ескеретін тағы бір дүние - қасына шәкірт
ертіп  көркем  дүниені  қалай  жазу  керектігін
ежіктеп  отырмағанмен,  шын  таланттың
әдебиетке  өзінің  дәстүрін  әкелетіні  ақиқат.
Орыстың  Пушкині  де,  қара  сөзден  қаймақ
ағызатын  Николай  Гоголь  де,  біздің  Абай  да
сондай  хас  таланттардың  қатарында.  Орыс
сыншысы  Н.Г.Чернышевский:  «Гоголь  өзінің
данышпан жазушылығымен ғана емес, сонымен
бірге  -  әдеби  мектептің  –  орыс  әдебиетінде
мақтан бола алатын бірден-бір мектептің атасы
болуымен бағалы»,  – деп  /9,20/ кезінде  айтып
қойған.  Орыс  әдебиеттану  ғылымында
«Гогольдік бағыт» (Гогольевское направление)
деген термин қалыптасқан. Бұл кейінгі Гоголь
дәстүрлерін ұстанушылардан бөлек, сонау ХІХ
ғасырдың 50-жылдарында дүниеге келген.
Орыс  жазушысы  өзінің  журналистік
ағымдағы  шығармалармен  ұлттық  әдебиетте
белгілі бір мектеп қалыптастырды дегенімізбен,
Абай  сияқты  нақты  қаламгер  тәрбиелеп,
тақырып  беріп,  жазғанын  сынап  отырмағаны
оқырман қауымға аян. Гогольдікі дәстүр, бағыт
болады да, Абайдікі ұстаз бен шәкірт арасындағы
тікелей қарым-қатынастың көрінісін байқататын
тура  мағынасындағы  мектеп  болмай  ма!  1951
жылы  Әуезовтің  «...Можно  ли  сомневаться  в
том, что у Абая была сформированная им среда
за  60  лет  его  жизни?  По -мо ему,  нельзя
сомневаться.  И  вопрос  о  школе  его  сейчас
ставиться лишь, как о школе в узком смысле, а
не  ставиться  вопрос  о  влиянии  его  на  всех
последующих  поэтов  и  на  всю  последующую
казахскую литературу. Это последнее обьемлет
очень широкое понятие ясное и простое. Речь
идет о людях, которые окружали его, были около
него  непосредственно  и  в  той  или  иной  мере
были творческими личностями. Но, одно дело
учитель,  другое –  ученик. Пусть  они не  стали
талантливы, как Абай (так было на самом деле).
Пусть ими созданы произведения гороздо менее
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал