Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/17
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2016  №1  (30)

26
келтіргенімдей Абайдың: “Ағайынға күн түспек,
о да үлкен қарғыс қой” – дегені рас екен. Кейде
аспаннан шұға  жаудыратындай болып  күпсіне
қалғанымызда  Қайымның  өзі:  “Не  айтам?  Не
айтушы  едім  сендерге?  Бәрін  де  өздерің
білесіңдер ғой” – деп қайырып тастаушы еді. Иә,
не айтушы еді біздерге. Не білуші едік осы біз. Не
істеуге тиісті едік және не келуші еді осы біздің
қолдан.  Сыр  тартқансып  сырдаң  сып  шыға
беруден басқа нені мықтап үйрендік. Тек қолдан
келгені: сол кезде кітап басылымы ісіне жауап
беретін  республиканың  басты  адамының  бірі,
жазушы Әлібек Асқаровты  үйіне ертіп барып,
төрт томдық еңбегін  шығаруға көзбе-көз, сөзбе-
сөз уәдесін алып, аманатын арқалатып ем. Осы
мақаланы  жаздырып  отырған  да  сол  істің
шапағаты мен жалғасы шығар.
Сөйтіп,  2004  жылы  30  июнь  күні  Семей
қаласындағы  Шәкәрім  көшесіндегі  жетінші
қабаттағы екі бөлмелі жиһазсыз жалаңаш пәтерде
Қайым  да  дүниеден  қайтты.  Балаларының
айтуынша соңғы күндері өткен өмірінің бәрін өз
өміріндегі  дей  басынан  өткеріп,  алаштың  бар
зиялысын ауызына алып, “Көкбай, Көкбай!” –
деп келіп: “Енді қандай сұрақтарың бар, балалар.
Мен  болдым.  Шаршадым!”-  депті  де  сөзден
қалыпты. Ендеше, біздің де осы сөзді тәмәмдай
тын    кезіміз  болды-ау  деймін.  Көп  айтып  не
қылайық. Келді. Кетті. Не бітті?
Топырақ  салып,  ой  суытып,  мұраларын
баспаға  дайындап  о тырып  күнделігіме:
”Қайымның  қу  тіршіліктің  тамырына  сонша
өлермендікпен неге жармасқанын енді түсіндім.
Өмірден  мағына  іздеп,  өлмес  өмір  сүру  үшін
емес,  қайтсем  тірлігім  арқылы  Фархинурды
алаңдатпай балаларға медеу бола тұрайын деген
екен-ау! Бар қайратын, қуатын, намысын, әкелік
парызын  соған  салып,  тарамыстай  созып-ақ
баққан екен ғой. Ол да – амал! Ол да – ерлік. О,
болатөзек!”  –  деп  жазыппын.  Мүмкін  көңіл
күйінің ауанымен жазылатын  күнделіктегі сөз
артық та шығар, бірақ, шындықтан алыс та емес.
Ал,  менің  Қайымды  Алматыдан  шығарып
салғандағы сөзім онымен қоштасу сөзі де болған
екен.  Енді,  міне,  артындағы  мұрасын  іріктеп
жариялау да менің міндетіме тиіп отыр.
Оған да тәубә. Көптің ниеті қалыс, мақсаты
алыс,  мұратты  мұралар  еді.  Жол  сапары  ұзақ
болғай.
ӘЛҚИССА ОРНЫНА НЕМЕСЕ
ОРЫНДАЛҒАН АМАНАТ
Тіршілікте мақсат етіп, қолға алған істің бір
байлауы болады.  Ес біліп,  сөзге үйір  болғалы,
киелі алаш  идеясының шалығы шалып,   Абай
мен Мұхтардың «келер күндерге аманат еткен
дәнінің  бірі»  жүрекке  түскелі  –  Қайым  аға
солардың    тірі  қалған  көзіндей  қасиетті  тұлға
ретінде  көрініп,  бауырына  көк  бауырдай
басылғым келіп жүруші еді. Жазмыштың  тосын
сыйы болар, ол аңсар да орындалып, Қайым аға
алғаш  көрген  беттен-ақ  жатсынбай  бауырына
басып, інісіндей еркінсітіп, баласындай еркелетті.
Тағдырдың  талай  тауқыметті  талқысынан
шыққан қайсар әрі болатөзек Қайым аға кеңестік
тұста  айтылмауға  тиісті  құпияларды  маған
айтып,  жандүниемді сілкіп,  шындықтың  көзін
ашып  беріп  отырды.  Оның  бұл  әділ  де  қатал
қағидалары  менің  шығармашылық  жолымды
қақпайлап,  қазіргі  қалыптасқан  жолға  салған,
демеген, қамшылаған намыс бишігі болды.
Сол  бір  еркелеп  өткен  отыз  жылдың
ішіндегі етекбасты тіршіліке және ол дүниеден
қайтқаннан кейінгі қарбалас өмірде ұстаз-ағаның,
өзі  «он  бірінші  балам»  деп  балаларына
мо йындатып  кеткен  әке-ұстаздың  соңғы
сәттерінде, ол – аманат ретінде тапсырып, мен
– аманат есебінде қабылдап алған еңбектерінің
басын  жиып,  толықтырып  шығарсам-ау  деген
перзенттік  парызды  өтеу  жо лындағы  бір
талпыныс  қайырымен  аяқталған  сияқты.
Жинақталып,  жүйеленіп,  түсініктер  жазылып,
баспағаға  ұсыну  жұмысы  он  жылға  созылған
Қайым 
мұраларының 
 
он 
томдық
басылымының  соңғы томына  атқарылған істің
есебі ретінде осы қысқаша алғысөзді жазуды жөн
көрдім.
Атқарылған істің адал есебі мынадай: бұл
он  томдыққа  Қайымның  жарық  көрген,
көрмеген,  қолжазба  күйінде  сақталған  негізгі
іргелі  еңбектері  түгелдей  қамтылды.  Іздестіру,
жинақтау, мәтіндік салыстыру жұмыстарының
күрделілігі мен баспаның мерзімдік талаптарына
және  әуеліде  алты,  одан  кейін  тоғыз  томға
жобаланған  басылымның  көлемінің  өзгеруіне
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

27
байланысты кей тұстарда жылнамалық жүйеден
сәл  ауытқып,  зерттеулер  мен  мақалаларды
тақырып,  жанр  бойынша  топтастыруға  тура
келді. Алғашында Абай туралы зерттеулер мен
мақалаларды  бірыңғай  топтап  беру  ниеті
болғанымен де, оның ғалымның көзқарасының
қалыптасу кезеңімен сәйкеспейтіні анықталған
соң, зерттеулері бірыңғай, зерттеу мақалалары
бірыңғай,  мерзімдік  басылымға  арналған
пікірлері бірыңғай берілді. Кей тұста томдықтың
құрылымына біздің ырқымыздан тыс өзгертулер
де енгізіліп кетті. Ғылыми түсініктер ысырылып
қалған  томдар  да  болды.  Оның  себептерін
түсіндіріп жатудың қажеті жоқ шығар. Сондай-
ақ, қазақ әліпбиінің және жазылу ережелерінің
өзгеруіне орай (Қайымның қолжазбалары мен
жарияланымдарының  басым  көпшілігі  араб,
латын, крилл қарпінде және қазақ тілінің қазіргі
орфографиялық, емілелік ережелерінің бұрынғы
үлгісінде жазылған) көз сұғына ілінбеген бірер
сөздің (мыс: қыйындық, сыияқты т.б.), бірер кісі
аттарының  (бірде  –  Көкбай,  бірде  –  Көкпай
сияқты) қате басылған тұстарын біз де байқап
қалдық.
Әу  баста  ғалымның  эпистолярлық
мұраларын  жинақтап,  оған  жазылған,  не  өзі
жазған  хаттарды,  тілшелерді  жеке  том  етіп
құрастыру көзделген еді. Ол іс біздің еркімізден
тыс  жағдайларға  орай  жүзеге  асырылмады.
Мұхтар Әуезовпен жазысқан хаттары қауіпсіздік
комитетінің  тергеу  ісінен  кері  қайтарылмады.
Негізгі еңбектерінің бірі, 1946-жылы қидаланып
кеткен «Қазақ әдебиетінің тарихына» арналып
жазылған    «Бөгенбай  батыр»  жыры»  атты
мақаласын  Орталық  ғылыми  кітапхананың
қорынан  көзіміз  шалғаны  бар  еді,  кейіннен
іздестіргенімізде орынында жоқ болып шықты.
Іздестірулер  нәтижесіз  аяқталды.  Бұл  жай
алдағы  уақытта  әдебиеттанушылардың
қаперінде жүрер деген ойдамыз.
Алайда  мұның  барлығы  адал  ниетпен
орындалған  еңбектің  бетіне  шіркеу  түсірмес
дейміз.
Қалай  дегенмен  де  мақсатты  бір  жұмыс
аяқталды. Оның нәтижесі туралы пікірді көпшілік
қауымның өзі білдіре жатар. Дегенмен де, осы
он  томдықтың  жарық  көруіне  тікелей  ат
салысқан,  өздеріндегі  бар  мұрларды  «Отырар
кітапханасы»  ғылыми  орталығына  тапсырған
ғалымның  ұл-қыздарына,  соның  ішінде  Роза
марқұм  мен  Дина  Қайымқызына,  Жәнібек
Қайымұлына шексіз алғысымды айтамын. Дина
әкесінің мұраларын жинақтап, жүйелеуге, оны
зерттеуге 
мүмкіндік 
беретін 
Қайым
Мұхамедханов атындағы мәдениет қорын ашты.
Олар  да  қазір  дербес  жинақтар  құрастырып
жатыр.  Осы  басылымда  қамтылмаған
мұраларды  мүмкін  солар  толықтырар  деген
үміттемін.  Қорытынды  томға  тек  Қайымның
ғана 
емес, 
бүкіл 
қазақ 
халықының
руханиятындағы ең бір толқымалы оқиға болып
саналған  «Абай  мектебі»  туралы  қорғалған
кандидаттық  диссертацияның  стенограммасы
ұсынылып  отыр.  Басылымды  ғалымның  ұл-
қыздарының 
өтініші 
бойынша
Алла  Белякинаның  эссесін    жазушы    Ғаббас
Қабышұлының аудармасында жинаққа енгізілді.
Ал, жауапты басылымның жүзеге асуына тікелей
араласып, мұраларды жинақтап, жүйелеп, том-
томға  бөліп,  тиісті  түсініктемелер  жазған,
ұстазының алдындағы парызын адал орындаған
Қайым Мұхамедхановтың шәкірті, зейіні зерделі,
ғылыми  тәрбие  көрген  ғалым-педагог  Ербол
Исламұлы Іргебайға жалпы қазақ руханиятына
жаны  ашитын  қауымның,  Қайымның
ұрпақтарының  атынан  үлкен  алғыс  айтамын.
Осындай  адал  шәкірттер  мен  санасы  сергек,
ықыласы ықтиятты азаматтар еліміздің жоғын
жо қтап,  кемістігін  толтырып  отырса  –
ұлтымыздың мерейі мәңгі үстем бола бермек.
Сонымен,  ендігі  бар  ықылас  сіздерде.
Ұлттық  руханиятты  толықтыру  барысындағы
біткен  істің  қайырын  көруге,  елдің  кәдесіне
жарауға жазсын.
Резюме
Автор в данной статье рассказывает о Каюме Мухамедханове - как о великом ученом, поэте,
драматурге, библиографе, текстологе, теоретике.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

28
Resume
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
The author of this article talks about Kayum Mukhamedkhanov - as a great scholar, poet, playwright,
bibliography, textual criticism, theorist.

29
ӘОЖ 821.512.122
Қайым  (Ғабдолқайым)  Мұхамедханұлы
ұстазы М.О.Әуезовтің қолдауымен 1939 жылдан
бастап  бүкіл  ғұмырын  Абай  мұрасын,  Абай
мектебін, 
Абай 
шығармаларының
текстологиясын зерттеуге арнаған ғалым. Оны
келесі  еңбектерінен  көруге  болады:  «Қазақ
әдебиеті  тарихындағы  абайтану  ғылымының
келелі мәселелері: Абайдың әдеби мектебі, ақын
шығармаларының 
текстоло гиясы,
шығармаларына  түсінік  беру  және  Абайдың
жаңадан  табылған  өлеңдері»;  «Абайдың  әдеби
мектебі» (Семей облыстық  «Екпінді» газетінің
1940 жылғы № 233-239 сандары), Ақылбайдың
«Дағыстан»,  «Зұлыс»,  Мағауияның  «Медғат-
Қасым»,  «Еңлік-Кебек»,  Әубәкір  мен  Әріптің
шығармашылық 
өмірлеріне 
арналған
мақалалары.  Ғалымның  мерзімді  баспасөз
беттерінде  жарық  көрген  әдебиеттің  жалпы
мәселелері,  әдеби  процесс  пен  әдебиетті
танытушылар, әдебиеттер байланысы туралы ой-
пікірлерді қамтитын зерттеу мақалалары: Қазақ
әдебиеті тарихына арналған зерттеу мақалалары
(Ш.Уәлиханов,  Бұхар  жырау,  М.Әуезо в,
М.Өтемісов,  Ы.Алтынсарин,  С.Торайғыров,
С.Дөнентаев,  М.Сералин,  Ы.Шөреков,
Ы.Мұстамбаев,  И.Қазанғапов,  т.б.);  Жазба
әдебиет пен ауыз әдебиетінің байланысы, өнер
иелеріне байланысты сын-зерттеулері («Жүсіп –
Зылиха» поэмасы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
жыры, айтыс ақындары: Орынбай, Кемпірбай,
А.ІСМАҚОВА, филология ғылымдарының докторы, профессор
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас ғылыми
қызметкері
АБАЙТАНУШЫ ТЕКСТОЛОГ ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ
Шөже, Сәдір, Сапарғали; әншілер: Әміре, Майра,
т.б.  туралы  дерек  мақалалары);  Ел  тарихына
байланысты 
зерттеулері: 
С.Ғаббасо в,
А.Көшкінбаева, Б.Байғаранова, А.Ермұхаметов,
У.Жәнібеков,  т.б.);  Шет  ел  әдебиеті  жөніндегі
ғылыми 
мақалаларымен 
қатар
(А.С.Пушкин,  И.А.Крылов,  М.Ю.Лермонтов,
Ф.М.Достоевский,  татар  әдебиеті  өкілдері:
Ғ.Тоқай,  Қ.Насыйри,  Ш.Камал,  т.б.).
Қ.Мұхамедханұлы  әзірбайжан  драматургы
У.Гаджибековтің  «Аршын  мал  алан»  (1941),
татар  жазушысы  Ш.Камалдың  «Қажы  әпенді
үйленеді»  (1967)  пьесаларын  қазақ  тіліне
аударған.
Абайдың  ақын  шәкірттерінің  қатарына
әдебиетші  тұңғыш  рет  Ақылбай  Абайұлы
Құнанбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Әсет
Найманбаев,  Әріп  Тәңірбергенов,  Көкбай
Жанатаевтарды, ал диссертация қосымшасына
Халиолла  Өскенбаев,  Кәкітай  Ысқақұлы,
Мұхамеджан 
Майбасаров, 
Бейсембай
Жәнібеков,  Баймағамбет  Мырзаханов,  Мұқа
Әділханов, Әубәкір, Әлмағамбет Сексенбаевтың
шығармаларын тұңғыш рет енгізген.
Абайдың 
ақын 
шәкірттерін
Қ.Мұхамедханұлы төмендегідей екі топқа бөле
қарайды:  1.  Әдеби  мұрасын  қалдырып,  ақын
дәстүрін дамытушылар; 2. Абайға шәкірт болған,
бірақ 
артына 
шығармашылық 
мұра
қалдырмағандар.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
Мақалада  автор Қайым  Мұхамедханұлының текстология  мәселелеріне арналған  ғылыми
зерттеулеріне толықтай тоқталып өткен.
Тірек  сөздер:  Қайым  Мұхамедханов,  Абайдың  ақын  шәкірттері,  текстология,  түпнұсқа,
қолжазба.

30
Көркем шығармалары мен әдеби мұра қалдырып,
ақын  дәстүрін  жалғастырушылар  ретінде
зерттеуші  Ақылбай  Абайұлы  Құнанбаев,
Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Әсет Найманбаев,
Әріп  Тәңірбергенов,  Әубәкір,  Көкбай
Жанатаевтарды атап көрсеткен.
Ал,  Абайға  шәкірт  болған,  бірақ  артына
шығармашылық  мұра  қалдырмаған  әнші
шәкірттерінің қатарында: Мұқа Әділханов (1857-
1927),  Бейсембай  Жәнібеков  (1858-1917),
Әлмағамбет 
Сексенбаев 
(1869-1930),
Мұхамеджан Майбасаровты (1852-1917) атайды.
Қ.Мұхамедханұлы  Абайдың  бұрын  белгісіз
болып  келген  6  өлеңін  тауып,  1945  жылғы
жинаққа  енгізгені  белгілі.  Бұл  мәтіндерді
текстологиялық  талдау  негізінде  Абайдың  төл
дискурсы екені анықталған.
Академик  М.О.Әуезовтің  ғылыми
жетекшілігімен 
1951 
жылы 
Қайым
Мұхамедханұлы  «Абайдың  ақын  шәкірттері»
атты кандидаттық диссертация қорғады. Осыдан
басталған  қуғын-сүргіннің  нәтижесінде  жас
ғалым 25 жылға Карлагқа айдалған.
Зерттеушінің  бұл  еңбектері  кесірлі
саясаттың  құрбаны  болды. Қазақ  ССР  Ғылым
академиясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы
Президиумдарының «Қазақ әдебиетінің классигі
А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын
ғылыми  жолмен  зерттеу  жөніндегі  айтыстың
қорытындысы  туралы»  біріккен  қаулысында
ұлтшылдық сипатта жазылған деген тұжырымға
келеді.  Қайым  Мұхамедханұлы  Абай
мұражайының  директорлығы  (1947-1956)
қызметінен босайды. Қазақ ССР ҒА Президиумы
мәжілісінің  28-тамыз  1951  жылғы  №28
хаттамасында мұражай басшылығы (директор
Қ.Мұхамедханов;  ғалым  хатшы  Аккерман)
мұражай  жұмысында  маркстік  көзқарастан
алшақт ап, 
ұлтшылдық-буржуазиялық
концепцияны  көздегендігі  айтыла  келіп,
қызметінен босату туралы қаулы шығарады.
1951 жылы алғы сөзін М.О.Әуезов жазған
Қ.Мұхамедханұлының  «Абайдың  шәкірттері»
кітабы  баспадан  шықпай  жатып  жойылады.
НКВД-нің  Семей  облыстық  басқармасы
Қ.Мұхамедхановты 1951 жылы желтоқсанның
бірінде «антисоветтік ұлтшылдық қызметі» үшін
тұтқынға алады.
Жоғарыда  ат алған  кітабына  «ұлтшыл
ақындарды»  енгізгені  үшін  ғалым  25  жылға
сотталады.  Кейін  Сталин  өліміне  байланысты
1954  жылдың  9  желтоқсанында  Қазақ  ССР
Жоғары  Сотының  Қаулысы  бойынша
Қ.Мұхамедхановқа қатысты 1952 жылдың 29-
31  мамырындағы  КСРО  Жоғарғы  Сотының
үкімі күшін жойды, бірақ «тұтқынды» босатуға
асыға  қоймады.  Ол  тек  1955  жылы  ғана
түрмеден босап, еліне қайтып оралады.
Қ.Мұхамедханұлы  «Абай  төңірегіндегі
ақындар»  (1958)  деген  тақырыпта  екінші  рет
кандидаттық  диссертация  қорғайды.  Ол  кезде
«Абай  шығармаларының  текстологиясы
жайында» (1959), «Мағауия Абайұлы Құнанбаев»
(1959) атты еңбектері жарық көрді.
Семей  педагогикалық  институтында
оқытушылығын 1952 жылы қайта жалғастырған
Қ.Мұхамедханұлы  Абай  шығармаларының
текстологиясы жайында ғылыми еңбек жазуға
кіріседі.  1959  жылы  басылып  шыққан  «Абай
шығармаларының  текстологиясы»  еңбегі  күні
бүгін абайтанудағы сирек кітаптардың бірі болып
танылады.
Текстолог  ғалым  аталған  зерттеуінде
нысанаға  алған  1954  жылғы  жинақ  пен  1909
жылы  жарық  көрген  жинақты,  Мүрсейіт,
О.Уақбаев, 
Р.Жандыбаевтардың
қолжазбаларымен  салыстырып,  соңғы
басылымда  ақын  шығармаларына  енген,
бұрмаланған  «бөтен  сөздерді»  нақты  ғылыми
деректер арқылы дәлелдейді. Негізгі мазмұны,
көркемдігі 
астасып 
жатқан 
ақын
шығармаларының  әртүрлі  нұсқада  басылуы  –
оны мазмұн жағынан да, өлеңдік қисын жағынан
да 
ойсыратып 
тұрғанын 
дәлелдейді.
Қ.Мұхамедханұлының ақын шығармаларындағы
текстологиялық мәселелерге арналған зерттеуі
абайтанудағы  күні  бүгінге  дейін  құнын
жоймаған  еңбек  болып  табылады.  Ғалым
айғақты  деректерімен  Абай  өлеңдерінің
бұрмаланып  берілген  тұстарын,  арасына
енгізілген сөздерін осылай айқындап берді.
Абай  мұрасы  жөнінде  табылған  тың
деректердің бірі – ақынның жаңадан табылған
өлеңдері.  Бұл  өлеңдер  Абай  мұрасын
толықтыруда,  кей  жақтарын  тереңірек  танып-
білуге сүбелі мәні бар ғылыми құнды деректер.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

31
Қ.Мұхамедханұлы тарапынан табылған 80 жол
өлеңі немесе 1961 жылы шыққан Абайдың бір
томдығына тыңнан тағы да алты өлең қосылуы,
ақын шығармаларын толықтырып, ақын өмірінің
кей жақтарын айқындауға жаңа мүмкіндік берді.
Абай өлеңдері деп ел аузында жатталып қалған
өлеңдерді  Қ.Мұхамедханұлы  «Қазақстан
мұғалімі» газеті (1955, 12 мамыр) мен «Әдебиет
және  искусство»  (1956,  №  9)  журналында
жариялап,  көпшілік  оқырман  талқысына
ұсынады.
Советтік  идеологияның  құрбаны  болған
«Абайдың ақын шәкірттері» атты зерттеу тек 1993
жылы ғана «Дәуір» баспасынан төрт кітап болып
шықты.
Тәуелсіздік кезінде ғана ақын шәкірттерін
араға  42  жыл  салып  оқырмандарымен  қайта
қауыштырды. «Абайдың ақын шәкірттері» атты
төрт кітап Абайдың өз тәрбиесінде болған, оның
өсиеттерін өз аузынан естіп, тағылым алған, ұлы
ұстаз ақынның алдын көрген ақын шәкірттерінің
өмірі мен шығармашылық еңбектеріне арналған.
1-кітапқа  Абайдың  ақын  балалары  Ақылбай,
Мағауия  және  Тұрағұл  2-кітапқа  Кәкітай,
Көкбай,  Уәйіс;  3-кітапқа  Әріп,  Әсет,  Мұқа,
Әубәкір;  4-кіт апқа  Тайыр  Жомартбаев,
Баймағамбет  Айтқожаұлы,  Иманбазар
Қазанғапұлы, 
Әрхам 
Кәкітайұлының
шығармашылығы қарастырылған.
Жарты  ғасырдан  артық  Абайдың  ақын
шәкірттерінің  мұрасын  зерттеген  Қайым
Мұхамедханұлы  осы  зерттеуінде  ақынның
шәкірттері  қатарын  Уәйіс  Шондыбаев,  Тайыр
Жомартбаев,  Әрхам  Кәкітайұлы,  Иманбазар
Қазанғапұлы,  т.б.  сынды  жаңа  есімдерімен
толықтырады.
«Абайдың  ақын  шәкірттері»  еңбегінің
ғылыми негізі ерекше: «…Ол кезде Көкбайдың,
Мағауияның қай кезде, қайда оқығаны жөнінде
де  нақтылы  тарихи  мағлұмат  жоқ  болатын.
Ақылбайдың  «Зұлыс»  поэмасының  кейінгі
табылған бір тарауын Мұхтар көре алмады. Қазір
Көкбайдың  бірталай  шығармалары  жиналып,
зерттелді. Көкбай мен  Мағауияның өмірбаяны
жайында  архивтен  нақты  деректер  табылды.
Абайдың  басқа  да  ақын  шәкірттерінің
шығармалары жиналып, өмір тарихтары туралы
архив  материалдары  мағлұм  болып  отыр».
Ғалымның  бұл  ғылыми  ой-пікірі  қазіргі
абайтануға  қосылған  үлес  болып  табылады.
Қ.Мұхамедханұлының  зерттеуі  арқасында
Тұрағұл,  Ақылбай,  Мағауия,  Көкбай,  Әріп
бастаған  ақындар  «Абай  мектебінің»  басты
өкілдері ретінде қазақ әдебиетіне қайта оралды.
«Ат амұра»  баспасынан  шыққан  «Абай
мұрагерлері» (1995) деп аталатын кітапқа Алаш
қайраткерлерінің  жолында  болған,  Шәкәрім
бастаған  Абай  шәкірттері:  Кәкітай,  Тұрағұл,
Көкбай және Абай мұрагерлері ретінде Әлихан
Бөкейхан,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып
Дулатұлы,  Мағжан  Жұмабай  және  Жүсіпбек
Аймауытұлы  кірді.  Бұл  М.Дулатұлының  ХХ
ғасырдың қазақ әдебиеті – «Абай дәуірін» бастан
кешеді деген тұжырымының айғақталуы болып
табылды.
Сонымен  қатар  Қ.Мұхамедхановтың
ғылыми  ізденісінің  бір  арнасы  –  халық
шығармашылығы,  әдебиет  тарихындағы
ақтаңдақтарды  зерттеу  және  оны  архив
деректерімен дәлелдеу. Осы ретте зерттеушінің:
Ақылбек  Сабаловтың  48800  өлең  жолы  бар
түпнұсқа  қолжазбасы,  Мәжит  Дәулетбаевтың
1100  жол  қолжазбасы,  Ілияс  Молдажановтың
белгісіз болып келген поэмаларын, тарихи поэма
«Бөгенбай  батырдың»  1896  жолы  бар  жаңа
нұсқасын,  «Қазақ  шежіресінің»  (80  бет)
қолжазбасын  тізімін  анықтағаны,  Қаракерей
Қабанбай  батыр  жырына  қатысты  тарихи
мәліметтерге  толы ғылыми  түсініктемелерінің
ғылыми құндылығы айқын.
1988 жылы ақталып, қазақ әдебиетіне қайта
оралған  Алаш  әдебиеттанушылары  Абайдың
шәкірттері  ретінде  Қ.Мұхамедханұлының
зерттеуінде осылай айқындала түсті.
Алаш  абайтануына  совет  кезінде  тыйым
салынды,  бірақ  Алаш  абайтануының  негізгі
ұстанымдарын сол кезде ұстазы М.О.Әуезовтің
қолдауымен іске асырған Қайым Мұхамедханұлы
болды. Кезінде М.О.Әуезов анықтаған Абайдың
ақындық 
мектебі 
деген 
ұғымды
Қ.Мұхамедханұлы    нақты  зерттеулерімен
айқындап 
шықты. 
Сонымен 
қатар
Қ.Мұхамедханұлы совет кезінде М.О.Әуезовтің
жетекшілігімен берілген тақырыпқа қоса Абай
шығармаларының  текстологиясын  тиянақты
зерттеген бірегей әдебиеттанушы. Тілі мен қолы
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

32
байлаулы 
болған 
М.Әуезов 
шәкірті
Қ.Мұхамедханұлы арқылы Алаш абайтануының
дамуына совет кезінде осылай нақты үлес қосты.
Абайтанулық  зерттеулері  үшін  Қайым
Мұхамедханұлы  ұстазымен  бірге  қуғынға  да
ұшырады.  1959  жылы  жойылған  «Абай
шығармаларының  текстологиясы  жайында»
зерттеуін Қ.Мұхамедханұлы тек тәуелсіздік кезде
ғана жалғастыруға мүмкіншілік алды. Тәуелсіздік
кезеңінде абайтанушы Қ.Мұхамедханұлы совет
кезінде  репрессияға  ұшыраған  зерттеулерін
аяқтауға мүмкіндік алды.
Қ.Мұхамедханұлы  –  совет  кезіндегі
«Абайдың  ақындық  мектебі»  мен  «Абай
шығармаларының  текстологиясы  жайында»
атты  зерттеулері  үшін  репрессияға  ұшыраған
әдебиеттанушы ғалым. Осы еңбегі үшін ғалым
түрмеде Карлагтың зардабын шекті, бірақ одан
оралғаннан  кейін  де  басқа  тақырыпқа  бармай
Абайдың  мектебі  мен  әдеби  айналасын,
по эзиясының  текстологиясын  зерттеуді
жалғастыра түсті. Басқалары сол кезде атақ алуға
ыңғайлы  тақырыптарды  алып  жатқан  кезде
ғалым о бастағы ісіне осылай адалдық танытты.
1995 
жылы 
жарық 
көрген 
Абай
шығармаларының 
екі 
томдық 
жаңа
басылымының  дайындалуына  байланысты
Қ.Мұхамедханұлын  Семейден  Алматыға
арнайы  шақыртып,  осы  істің  басы-қасында
болды. Өзінің ұстазы М.О.Әуезов берген ғылыми
тақырыпты  тыңғылықты  іске  асырған
Қ.Мұхамедханұлы ғылымда үлгі боларлық тұлға
болып табылуы осындайдан.
Қайта  жарияланған  (1995,  2002)  Абай
шығармаларының  2  томдығындағы  ақынның
өлеңдері  мен  поэмаларына  қатысты  ғылыми
түсініктемелерді  Қ.Мұхамедханұлы  жазған.  І-
томдағы ғылыми түсініктер 175-287, ІІ-том 172-
282 дейінгі беттерді қамтиды. Бұл құнды ғылыми
мәтіндер  кітаптың  жартысын  алып  тұр.  1995
жылғы 
басылымда 
поэмаларға
қатысты  түсініктемелерден  оның  есімі
түсініксіз  себептермен  түсіп  қалған.
Қ.Мұхамедханұлының  Абай  өлеңдері  мен
по эмаларына 
берілген 
ғылыми
түсініктемелерінің толық нұсқасы тұңғыш рет
2011  жылы  кітап  боп  қайта  жарияланды.
Салыстыру 
негізінде 
айқындалғандай
Қ.Мұхамедханұлының  мәтіні  көп  өзгеріске
ұшырағандығы  нақты  талдаулар  арқылы
айқындалып, кітаптың алғысөзінде келтірілді [1].
Қазіргі  тәуелсіздік  кезіндегі  әдебиеттанудың
негізгі мақсатының бірі – Абай текстологиясын
айқындап  алу  болып  табылады,  сондықтан
бүкіл 
ғұмырын 
осыған 
арнаған
Қ.Мұхамедханұлының  өз  қолжазбасын  сол
қалпында жариялау қазіргі әдебиеттануға қажетті
ғылыми мағлұмат болып табылады.
Қ.Мұхамедханұлының түсініктерінің толық
нұсқасын  салыстыру  нәтижесінде  1-2  томға
енген  өлеңге  тиісті  түсініктемелердің  ішінде
академик З.Ахметовке қатыстысы да анықтала
түсті. Бұлар Қ.Мұхамедханұлы түсініктемесінде
жоқ  мәтіндер.  Стилі  бойынша  З.Ахметовтің
Лермонтовқа  қатысты  зерттеуіне  тиесілі  екені
осылай  реттелді.  Келешекте  З.Ахметовтің  бұл
түсініктемелерін  академиктің  1995  жылғы
жинаққа  жазған  авторлық  Алғысөзімен  бірге
қайта шығару – қазіргі әдебиеттануға қажет екені
де айқын.
Қ.Мұхамедханұлы  түсініктері  түпнұсқа
қолжазбасымен  салыстырғанда 1995  жылғы  2
томдық  жинаққа  толық кірмей  қалған.  Негізгі
ғылыми  мәтін  сол  қалпында  сақталған.
«Түсініктемелер  жайында  біраз  сөз»  атты
Қ.Мұхамедханұлының  алғысөзін  сол  бетінде
беруді  жөн  санадық,  себебі  негізгі  мәтін  көп
өзгеріске  ұшыраған.  Бұл  алғысөзде  Абай
текстологы  Қ.Мұхамедханұлының  негізгі
ұстанымдары  былай  деп айқындалған: «Абай
шығармаларының екі томдық толық жинағының
соңғы  рет  1977  жылы  «Ғылым»  баспасынан
басылып шыққаны мәлім. Осы басылымның І-
томының басында: «Қазақ әдебиетінің классигі
Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдығын
баспаға 
дайындау 
үстінде 
бұрынғы
басылымдарындағы жетістіктері мен кемшіліктер
түгелдей 
ескеріле 
отырып, 
тыңнан
текстологиялық тексерулер жүргізілді, түсіндірме
сөздер  толықтырылып,  түзетілді.  Сондай-ақ,
Абай шығармаларының текстологиясы жөнінде
бұрын-соңды айтылып келген орынды пікір мен
ұтымды  ұсыныстар  қабылданды»,  –  делінген,
бірақ бұл айтылғандар іс жүзінде орындалмаған.
Орындалмағанын  жинақтың  «Түсініктер»
бөлімінен  көреміз.  «Түсіндірме  сөздер
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал