Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/17
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2016  №1  (30)

20
кездегі  бас  редакторым  Ә.  Мархабаевқа  мені
жұмыстан  шығару  туралы  нұсқау  беріп,  біраз
алаңдатқан адамдардың қолтаңбасы танылады.
Әңгіме, ол кісінің жеке басы туралы емес, әдебиет
ортасына әкелген даңғазасында жатыр.
Егер істің түп тамырына үңілер болсақ, бұл
алдағы  болатын  ірі  саяси-идеяло гиялық
науқанның алғашқы қара құйындары болатын.
Абай мектебі және оның ақын шәкірттері туралы
байбаламдардың көздеген мақсаты Қайым емес,
Мұхтар  Әуезов  еді. Архив  құжаттарын  ақтара
жүріп дәл осы шығарманың соғыс жылдарында
дайындала бастағанына көзім жетті. Тек тиісті
шарттары  толмай  кейінге  ысырыла  берген.
«Семей  әдебиетшілері»  атты  бұл  мақала  ұлы
жазушыға  бағытталған  саяси  шабылдың
тізгінтартары ғана болатын. Іле «халық жауын»
әшкерелеу басталды. Тура сол жылы, сол  газетте
С. Бәйішевтің «Профессор М. Әуезов өткеннің
шырмауында»  деген  атышулы  мақаласы
жарияланды.  Онда:  «…Қазақ  халқы  қазақ
революциясына дейін тұтас бір ұлт болып біріге
алмады. Олай  болса, қазақ жазба  әдебиеті тілі
бұдан  ғасырлар  бойы  80  жыл,  50  жыл  бұрын
Абай  заманында  болды  деп  кім  кесіп  айта
алады?…  Осындай  алып  қашты,  дерексіз
әңгімелердің  қайдан  шығып  жүргенін  зерттеп
қарасақ, бұлардың төркіні М. Әуезов жолдастың
бұрынғы    ұлтшылдық  қателерімен  ұштасып
жатыр.  Бұл  қате    пікірлерді  бұрын  М.  Әуезов
жолдастың өзі ашықтан-ашық айтып та, жазып
та  жүрген  болса,  енді  бұл  қате,  тіпті  зиянды
пікірлерді  М.  Әуезов  жолдастан  қорек  алып,
соның төңірегінде жүрген кейбір саяз ғалымдар
мен әдебиетшілер тоғыз саққа жүгіртіп, таратып
жүр» – деп Қайымға қаратыла үкім айтылды.
Өмірлік  ғылыми  мақсатынан  Қайым  да
қайтпады.  Диссертациялық  тақырыптан  бас
тартып,  Мұхтарды  қалқан  етіп  иненің  көзінен
өтуді өтінгендер де табылды. Қайсар ғалым өз
пікірінің  дұрыстығына  сенді.  Ұлы  Абайдың
шәкіртсіз  емес  екендігін  біліп  тұрып  қалай
тансын.  Абайдың  ақындық  мектебі  туралы
ғылыми зерттеуін табандылықпен жалғастыра
берді.  Міне,  мұны  Қайымның  алғашқы
азаматтық ерлігі деп бағалау керек.
Араға  бес  жыл  салғаннан  кейін  бұл
байбалам  қайтадан  асқынып,  саяси  жазалау
науқаны басталды. Сәбит Мұқанов та уақыттың
гүрзі шоқпарын соқты. Соның бірі Қайымға да
тиді:
«1951  жылы  6  көкек  күні  Алматыда
қорғалған  «Абайдың  әдебиет  мектебі»  деген
Қайым  Мұқамедхановтың  диссертациясына
Әуезов  мақтап  пікір  айтады,  соның  ішінде
Тұрағұл  да мақталып  жүр… Аталған  тізімдегі
адамдардың  ішінен  үш  кісінің  шығармаларын
талдауды  орынсыз  көрдік.  Бірінші  –  Шәкәрім
Құдайбердиев.  Бұл  адам  революцияға  дейін
діншілдік  –  ұлтшылдық  бағытта  жазған  адам.
1917  жылы  революцияға  қарсы  ұйымдасқан
«Алашорда» партиясының  Семейдегі облыстық
съезін  “Алаш  ақсақалы”  боп  ашқан  адам,
революцияға қарсы бағыттағы “Абай” журналы
мен 
“Сарыарқа” 
газетінде 
Октябрь
революциясына қарсы мақалалар жазған адам;
1929 жылы бай-кулактарды бастап Шыңғыстау
ауданында  Совет  өкіметіне  қарсы  құралды
көтеріліс жасап, жазықсыз талай адамды өлтіріп
(?), өзі атыста оққа ұшқан адам. Бұндай бандитті
ол  атылып  өлгеннен  кейін  де  Мұхтар  Әуезов
жолдастың 1934 жылы да, 1940 жылы да “Абай
шәкірттерінің  тізіміне”  қосып  мақтауы  ойға
сыймайды. Әуезов жолдастың Шәкәрім бандит
боп  өлгеннен  кейін  де  оған  мейірімді  көзбен
қарауы, ең жеңіл тілмен айтқанда ұят… Осындай
жолда өлген адамды да 1951 жылға дейін Әуезов
жолдастың,  оны  қуаттап  Жиреншин  мен
Мұхамедханов  жолдастың  дәріптеуіне  қайран
қалдым” – деп жазды.
Дәл 
қазір 
халқымыздың 
үлкен
жазушысының бұл пікіріне біз де қайран қалып,
басымызды шайқағанмен де, ол кезде адамның
тағдырын шешуге толық жарап жатыр еді. Әрине,
Әуезовтің  айналасындағы  “әдебиетшілерді,
ұлтшылдарды” тазартып алған соң, кезек әуелі
Әуезовке, содан  кейін тура  Мұқановтың өзіне
келетінін жазушының өзі де кеш түсінді. Өзіндік
ойлау жүйесі бар зиялылардың түрмеге қамалуы
оларды  бұрынғыдан  бетер  “арқаландырды”.
Ғылымда  ізі  де,  еңбегі  де,  аты  да  қалмаған  С.
Нұрышев сияқты қара сүйел жандар Әуезовтің
соңына шырақ алып түсіп, барлық жаланы үйіп-
төгіп:
“…Жоғарыда  келтірілген  дәлелдер  М.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

21
Әуезовтің  әдебиеттанушы  ретіндегі  ұсқынын
толық әшкерелеп береді, бұл оның 30 жыл бойы
әдебиеттану  саласындағы  әрекетінің  саяси
қателіктер 
мен 
бұрмалаушылықт ан
құралатындығын көрсетеді… Өзінің қастандық
идеялық  позициясын  нығайта  түсу  үшін  М.
Әуезов  қазақ  әдебиеттану  ғылымына  өзінің
ғылымға  қарсы  “концепциясын”  сіңіруге
тырысты. Осы мақсатқа жету үшін ол “Абайдың
әдеби  мектебі”  туралы  Қ.  Мұхамедхановтың
диссертациясын  сондай  ұқыптылықпен
дайындады,  мұнда  Әуезо втің  өткендегі
қателіктері  мен  қасақана  бұрмалаушылық
көзқарастары  тұжырымды  түрде  түйінделіп
берілген. Диссертация ашық және бүркемеленіп
берілген  антимарксистік материялдарға  сықап
тұрған боп шықты. Алайда бұл жолы Әуезовтің
жолы болмады. Мұхамедхановқа ғылыми дәреже
беруі туралы шешім қабылдаған ғылыми кеңестің
ұйғарымы,  ал  оның  иесі  халық  жауы  ретінде
әшкереленді.  Осы  диссертацияның  тарихи
төңірегінде ұстанған Әуезовтің позициясы оның
бет-бейнесін  ашып  берді.  Ол  мұндай  зиянды
жұмыстың  идеялық  шабыттандырушысы  мен
жетекшісі ғана болып сөйлеген жоқ, оның нағыз
қорғаушысы да болды. М. Әуезов диссертанттың
әрі  жетекшісі,  әрі  оппоненті  міндетін  бірдей
атқарды. Ол оны (Қ. Мұхамедхановты – Т. Ж.)
Әдебиет және өнер институтының секторында
да, институттың ғылыми Кеңесінде де және Қаз
ССР  Ғылым  Академиясының  қо ғамдық
ғылымдар  бөлімшесінің  біріккен  ғылыми
Кеңесінде  диссертация  қорғаған  кезінде  де
жақтап сөйледі. Міне, бұл М. Әуезовтің дәл осы
жаулық 
пиғылдағы 
диссертацияны
дайындағанында  және  о ны  сүйреп  алып
шыққандығында оның жеке басының аса мүдделі
болғандығын айтпай-ақ байқатады. М. Әуезов
тек қана аса ауыр қателіктері мен  бүлдірушілігі
үшін ғана айыпты емес, сонымен қатар, дәл осы
пиғылының насихатшысы болғандығы үшін де
айыпты. Өйткені ол өзінің айналысына ылғи да
идеялық  тұрғыдан  тұрақсыз,  саяси  көзқарасы
соқыр адамдарды топтастырып келді және қазір
де топтастырып жүр”, – деп өршелене өрекпіді.
Оқымысты,  ұлтының  адал  азаматы  Қайым
Мұхамедхановты әр нәрседен ілік тауып, кінәсіз
кінәлауға болар, бірақ – “идеясы тұрақсыз, саяси
көзқарасы таяз” деп айта алмайсыз. Ол туғаннан
бергі тәрбиесі мен өскен өмірінде бір ғана идея
ұстанды, бір ғана “саяси көзқараста” болды. Ол
–  Абай  идеясы,  Абайдың  көзқарасы,  Абайдың
Мұхтар Әуезов бағдарлап берген саясаты. Бұдан
ешқашан айныған да емес және оны жасырған
да емес. Жаңағы С. Нұрышевтің пікірі – ғылыми
пікір 
емес, 
соттың 
үкімі 
бо латын.
Қастаншықпағыр  арандатушылар  М.  Әуезов
“ұқыптылықпен 
тәрбиелеген” 
Қайым
Мұхамедхановтың  сағын  сындырып,  еңсесін
езіп,  рухын  түсіріп  дегенімізге  көндіреміз  деп
ойлады. Бірақ көндіре алмады. Бұдан сұрағаны
жалғыз-ақ:  “Маған  бұл  тақырыпты  Әуезов
зорлап зерттетті” – деген сөз. Соны жазып берсе
бостандықта жүрмек, ғылыми атағын да сақтап
қалмақ. Бұлай етсе Қайым – Қайым болмас еді.
Абайдан да, оның алашордашыл шәкіртерінен де,
алашордашыл Әуезовтен де бас тартпады.
Тектінің аты – текті, дегдардың аты – дегдар
дейміз ғой. Бірақ кейде сол дегдарымыздың өзі
делдал  күйге  қалдырып  кететіні  өкінішті.
Әуезовтің сағын  сындырып, санаттан шығару
үшін елуінші жылдары ең әуелі ұлы жазушының
айналасын тазалап, содан кейін жалғыз емендей
өзі қалған соң оны құлату оңай деп ойлаған адам
бірі  және  белсендісі  –  “қазақ  зиялыларының
тектісінің”  біріне  саналып  жүрген  Қажым
Жұмалиев  марқұм  еді.  Ол  диссертацияның
қорғалу кезінде: “Абайдың ақындық мектебі деген
жоқ. Ол Әуезовтің апқаны. Қ. Мұхамедхановтың
жазғаны  сандырақ.  Арандатушы  халық  жауы
ретінде  әшкереленсін  –  (біз    стенограмманы
жұмсартып  келтіріп  отырмыз)”  –  деп  екі  рет
қатарынан үкім шығарды. Қ. Жұмалиев пен С.
Нұрышевтің пікірлерінен Қайымның сескенбеуін
өтінген профессор Усанович: “Жас ғалым, бұл
сіздің өміріңіздегі ең жауапты да, бақытты сәт.
Күндердің күнінде ондаған ғылым кандидатын
дайындаған қартаң тартқан ғалымның бұл сөзін
есіңізге  алып  жүргейсіз,  мен  сіздің
диссертацияңызбен танысып шығып, мынадай
жөн сілтеймін: зерттеуіңіз өте құнды, ғылымға
қосылған  үлкен  үлес  болып  табылады.  Тек
жасымаңыз,  қайтпаңыз”  –  деп  қорғау  үстінде
батасын берді.
Міне, интеллигент деп осыны айт. Қандай
жүрек  жылытар  сөз.  Осы  сөзді  Қайым  көзі
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

22
жұмылғанша өз қандастарының бірінен естімей
кетті.
Жала жабушылар мен жалған айқайшылар
дегеніне  жетіп  тынды.  Қазақ  ССР  Ғылым
Академиясы  мен  Қазақстан  Жазушылар
одағының Президиумы арнайы қаулы қабылдап:
“1951  жыл  көкекте  Қазақ  ССР  Ғылым
академиясының гуманитарлық біріккен ғылыми
советі  Қ.  Мұхамедхановтың  “Абайдың  әдеби
мектебі  туралы”  деген  саяси  зиялы
диссертациясын қабылдап, оны қорғауды жүзеге
асырды.  Бұл  диссертацияда  Совет  өкіметі
дәуіріне дейін өмір сүріп, оның бас жауларына
айналған буржуазияшыл-ұлтшылдар да Абайдың
“шәкірттері” деп мадақталады” – деп бағаланып,
Қайымның ғылым кандидаты атағы алынып, ісі
тергеуге берілді.
Мұның ақыры немен аяқталғаны белгілі.
Ұлы  жазушы  уақытша  Мәскеуді  паналады.
Қайым  жиырма  бес  жыл  түрменің  төріндегі
“құтты  қонағы”  болуға  “ризалық  білдіріп”,
маршал Жуковтың штабындағы генералдармен
бірге  “сыбаға  бөлісіп”  шыға  келді.  Қ.
Жұмалиевтің  өзі  де  25  жылды  арқалап  кете
барды. Түрмедегі ыстық, суық камера, әртүрлі
қорлаулар,  қоқан-лоққылар,  алдаулар  туралы
дербес әңгімелер.
Жағдай түзеліп, ақиқат қалпына келтірілді.
Қайым да түрмеден шығып ұстазының құшағына
қайтып оралды. Алайда, қайсар ғалым қашан көз
жұмғанша өзіне Мұхтар Әуезовтің жазған елуге
тарта хаттарының сол күйі жоғалып кеткеніне
қатты өкінумен өтті.  Тек “саяси көзі ашық, алысқа
көз жіберетін” Нұрышевтардың жолдары кесілді.
Енді қайтып жалғана қоймас сірә.
“Атың  шықпаса  –  жер  өртте”  –  дегеннің
кебін құшқан осынау өлермен жанның өзеуреген
сөзі қазақ әдебиетінің дамуын қаншама жылға
тежеді десеңші. Жазықсыз адамдардың обалына
қалды. Соның және соған ерген үлкенді-кішілі
қайраткерлердің  байбаламының  салдарынан
“Абай жолы” эпопеясы бес жыл кешігіп барып
тәмамдалды.  Сол  тұста  мәйегі  іріген  Абай
мектебінің шәкірттерінің әлі де басы қосылған
жоқ. Өзгені былай қойғанда, күні кеше ғана Е.
Курдаков сияқтылар ұлы ақынның шәкірттерінің
бәрін апиыншы етіп шығарды. Мұның бүгінгі күн
көрініс беруі тегін емес. Арамызда қазірдің өзінді
де кешегі Нұрышевтардың тілеулестері болған
адамдардың 
сыпсыңы 
тыйылмағанын
дәлелдейді.
“Жақсылық тез ұмытылады, жамандықтың
жасы  ұзақ  болады”  деген  мәтелдің  шындық
болғаны ғой сонда. Біле білсек Қайымға бұл сөзді
мо йындау  өте  ауыр  болды.  Алайда,  ол
Мұхаңның:  “Ит  қапты  деп  мен  де  қапсам,
аузымда не қасиет қалады”, – дегенін ұстанып,
ұсақ байбаламға елітпей, “жау қайдаламай”, ұзақ
жылғы еңбектерінің басын қосып, жүйелі жинақ
етіп  дайындап,  төрт  кітап  етіп  шығарды.
Абайдың  академиялық  басылымынан  Қайым
аға қалам қуаты мен білім тәжірибесін  аяған жоқ.
Бірақ  соның  өзінде  де  өмірден  татпаған  ащы
ризығы бар боп шықты.
ІҮ
Сол  өкініштерінің  куәсі  болсын  деп,
төмендегі күнделіктегі жазбамды сол қалпында
ұсынуды  жөн  көрдім.  Онсыз  Қайымның  өмір
соңындағы тағдырын түсіну де мүмкін емес.
“Бұл  өмірдің  кекесіні  мен  әжуасын
қойсаңшы. Күні кеше ғана: “Қазақтың ақыл-ойын
Абай  тойы  қарсаңында  Алматыға  жинаймыз,
Қайым Мұхамедханов Алматыға көшіп келмесе
–  Абайдың  академиялық  басылымын  шығару
мүмкін  емес.  Оған  үй  берілсін,  жағдайын
жасайық. Мұхтар Әуезов үшін 25 жыл түрмеге
кесілген Қайым – ұлттық рухани қазынамыз!” –
деп исі зиялы қауым дабыл қағып еді. Бұған сол
тұстағы  партия  мен  үкімет  қайраткерлері  де
ықылас  білдіріп,  со зып  барып  бо лса  да,
Қ.Мұхамедхановқа  үй  беріп,  ғалым  ағамыз
Абайдың  екі  томдық  басылымын  дайындауға
кірісіп кетіп еді. Қайымды Алматыға шақырайық
дегендердің ішінде де, “Алматыға қош келіпсіз!”
–  деп  қарсы  алғандардың  арасында  да,  ең
соңында  Қайым  ағамыз:  “Ал,  жұмыссыз,  күн
көріссіз  қалдым.  Енді  не  ақыл  бересіңдер”  –
дегендердің ішінде де мен бар едім.
Енді,  міне,  сөйтіп  жетпіс  жыл  ұя  басқан
Семейден 
ардақтап 
әкеткен 
Қайым
Мұхамедхановты, қазақтың Мұхтар Әуезовтен
қалған  көне  көз  ғұламасын  баспақ  тап  жүріп
Семейіне шығарып салып тұрмын.
Қайымда  жазық  жоқ.  Естияр  ел  ағалары
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

23
мен  мекеме  басшыларына:  “Күйім  болмай
барады.  Үкіметтің  қаулысымен  берілген
жеңілдіктерді алып тастады. Ендігі алатыным не
пәтер ақысына, не емдеу ақысына жетер емес.
Тіпті, Семейге қайтып кетуімнің өзіне қаржы жоқ.
Не істеймін?” – деп емеурін білдіріп, айтуындай
айтты. Бірақ, соның барлығы ұлы Абайдың:
Ағайынға күн түспек,
О да үлкен қарғыс қой.
Беретіні ең күштеп,
“Бейшара!” мен “Байғұс” қой, –
дегенінің кері келді.
“Апырмай,  солай  ма?”,  “Қиын  болған
екен”,  “Анаған,  мынаған  барсаңызшы”  десті.
“То қал  ешкі  мүйіз  сұраймын  деп  жүріп,
құлағынан айырылыпты” дегендей, өзіне тиісті
жеңілдікті сұраймын деп барып, тіршіліктің ауыр
жүгін, дәлірек айтсақ, мұқтаждығын “арқалап”
қайтты. Әншейіндегі жомарт, ер мінезді, қайсар
да  қажырлы  Қайым,  Сталиннің  семсерінен
сескенбей ұлы Абай мұрасын қорғап қасқайып
қарсы  тұрған  Қайым  жасыды…  Ол  өмірдің
мазағынан, үкіметтің немкеттілігінен, бауырлары
мен шәкірттерінің тұрақсыздығынан шаршады.
Бұрын  ой  бөлісетін  жақын  ортасы,  сенімді
серіктері болатын. Қайым 84 жасында қазақтың
ақыл-ойының астанасы Алматыда «мұңдасарға
кісі  таба  алмай»  жалғыз  қалғанына  жасыды.
Керек  кезінде  жылмаң  етіп,  жымиып  көптің
көзінше көпшік қоятындар той тарқаған соң тағы
да сол Абай айтқандай:
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге,
Жат мінезсің, жабырқау? –
дегізді.
Соңғы рет шақырып, өзінің Семейге кетуге
бел  байлағанын,  он  жыл  бойы  әлі  толық
шешілмеген (!) теңін (кітаптарын) қайтадан еліне
жеткізуге қаражат таппай қиналып отырғанын
айтты:  «Зейнолла  Қабдо лов  «бір  айлық
жалақымды беремін» – деді. Шәкіртім Тұрсын
Шаңбаев адал екен. Ризамын. Ғарифолла Есімов
хабарласпады. Ендігісін өзің білесің» – деді.
Өзгенің болмаса да, әншейінде Қайым ағаның
тілін  тапқыштың  бірі  мен  едім.  Мен  жерге
қарадым. Жұбататын да, жылататын да сөз таба
алмадым.
        – Жә, Тұрсын, сен несіне жасисың. Інімдей
еркеледің, он бірінші баламдай жұмсадым. Өзің
қарсы  алып  ең,  енді  өзің  шығарып  салатын
болдың.  Менің  ешкімге  өкпем  жоқ.  Өйткені,
олардың  сырын  білемін.  Абайдың  екі  томдық
толық жинағы шықты. Менен ешкім сүйінші де
сұраған жоқ, сүйінші данасын да берген жоқ. Өзім
дүкеннен сатып алдым. «Еңбегімнің ескерілгені»
сол,  Абай  тойы  өткеннен  кейін  қызметтен
қысқартылдым. Әйтеуір, Әуезовтің 50 томдық
басылымына  қолғабысым  тиді.  «Абай
мұрагерлері» атты кітабым жарық көрді. Мұның
өзі  –  үлкен  олжа.  Ал,  қазақ  әдебиеті  тарихы
туралы жинағым сол күйінше қалды. Мына бір
сирек  деректерді  қазіргі  қаріпке  аударып,
жарияласам  ба  деп  едім...  Оған  көзі  құрғыр
нашарлап  кетті.  Енді  со ларды  қайтадан
жиыстырып жатырмын.
              –  Қайым  аға, мына  қолжазбалар  бұрын
менің көзім түспеген дүние ғой. Жиыстыруын
жиыстырамыз-ау. Бірақ, Семейге барған соң ол
тең ашылмай қалмай ма?
– Енді оған не амал істейсің... Оған барғандағы
бірінші ісім: Шоқанның қолжазбасын көшіріп,
жарыққа  шығару.  Соғыс  жылдарында  бір
артистен сатып  алып ем...  Оның тарихы  ұзақ.
Екінші:  Шәкәрім  мен  Көкбайдың  қолжазбасы
архивте сақтаулы. Соны жариялатсам... Үшінші:
Абайдың жарияланбаған, кезінде Мұхтар Әуезов
мақұлдаған  өлеңдеріне түсінік  жазып,  баспаға
ұсынсам.  Төртінші:  мына  деректерді  қарашы.
Құдай-ау,  сонау  ІХ  ғасырдағы  қазақ  туралы
жазбалар ғой. Оны өзімнен басқа кім оқи алады.
Соны  тиісті  көмегін  беріп,  жағдай  жасап
шығаруға септігін тигізетін зиялы мырза табылса,
соны  қолға  бірінші  алар  едім.  Ал,  енді  осы
Абайдың басын неғып қатырып кеттіңдер. Сол
туралы жазсам деймін. Дулат жырау жөніндегі
көптеген пікірлермен келіспеймін. Бұған сенің не
көмегің  бар?  Әй,  не  көмегің  бола  қойсын...  –
деді.
            Міне, Қайым  Мұхамедханов Алматыға
симай кетіп барады. Құшағымызды айқара ашып
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

24
қарсы  алып  ек,  енді  басымызды  төмен  салып
Семейге шығарып салып тұрмыз. Қолдан келер
қайран жоқ. Үйренген ұясына ұшып бара жатқан
кәрі  қыран  сияқты.  Көріскенше!  Тек  салауат
ретінде айтарым: әкімдерден көңіл қалған заман
ғой. Семейдегі қос оқу орынның ректорлары –
шәкірттеріңіз ғой. Араб Сіләмұлы Еспембет пен
Ерлан Бәтташұлы Сыздық екеуі біліміңізді дұрыс
пайдаланар,  Абайдың  қара  шаңырағы  –  Абай
мұражайының 
бас 
директоры 
Төкен
Ибрагимовтың үнемі қаперінде боларсыз – деп
аманат етемін.
“Алматының менмендігін кешіріңіз, Қайым
аға!”
Иә, осылай болғаны рас еді. Ал, Семейге
барғанда не көрді дейсіз ғой. Тағы да күнделігіме
жүгінем.  Өзім  танымайтын  әкім  бауырыма
арналып жазылған екен.
“Неге бастап тұрғанын кім білсін, әйтеуір
кейінгі кезде тағдырдың талқысы мен тәркісіне
мойынсұнуға,  еңсесі  түскен  етекбастылыққа,
селқостық пен немкеттілікке, тіпті, қоштасу мен
жоқтауға можантопай көмпістікпен қарауды аса
таңғажайып сабырлы қалыппен меңгеріп алдық.
Біз қапылыста кімнен көз жазбадық? Біз уақытсыз
уақытта  кімнен  айрылмадық?  Біз  солардың
қайсысы сартап уайымның төсегінде сарғайып
жатқанда кімнің көңілін сұрап, үмітіне от жақтық.
Немесе біз жаралы жаны жабығып, қызыл қаны
қарайып,  салы  суға  кетіп  жүрген  солардың
қайсысына  қайырыммен  қайырылдық?..  Олар
бірінен  соң  бірі  “келместің  кемесіне  мініп”
(Мұқағали)  бағыт-бағдарсыз  бақиға  аттанып
жатыр.  Солар  тек  кеткен  жоқ,  өздерімен  қоса
біздің ар-ожданымыздың, тіршілік қызығының,
шындық  пен  мақсат  жолындағы  күрес-
қуатымыздың,  үміт-сеніміміздің  бір-бір
тамшысын шым-шымдап алып кетті.
Сол  кермек  те  қымбат  тамшыларды
жоғалту  арқылы  біздің  бойымыздағы  бұла
бұлқыныстың, ықылас-ынтымақтың, біріміздің
бірімізге деген қамқорлықтың, жанашырлықтың,
ортақ  мүдде  мен  намыстың,  ең  ақыры  жүйке
талшықтарының  қайнар  қуаты  да  әлсіреп
барады.  Бұл  сүлесоқтық  кешегімізге  де,
бүгінімізге де, ертеңімізге де деген ізгілік сезімін
өшіріп, селсоқ күйге түсірді. Ұлттық руханияттың
асыл бейнелері көңілімізде көпе-көрнеу көмескі
тартып,  жадымыздан  ұмытылып,  ғайыпқа
айналды. Өмірдің қатал заңы солай да шығар.
Бірақ, бұл бойкүйездік өзгеге жарасса да, өткен
мен ертеңнің арасын жалғастырып тұрған бізге
– руханият қайраткерлеріне, жалпы бүгінгі есті
ұрпаққа  жараспайды.  Тұлғаларға  құрмет  –
жоқтаумен  жөн  –  жобасын  келістіріп  бақилық
сапарға шығарып, басына құлпытас қойдырып,
еңселі  кесене  тұрғызумен  шектелмейді.  Бұл
құрмет – құрмет емес, өкініштің орнын толтыруға
ұмтылған ниет қана. Өтпелі өмірдің аз ғұмырын
ұлттық  руханияттың  танымы  мен  тарихына
арнаған, тәуелсіз рухтың тамырына нәр берген
әр  тұлға – қандай тауқыметке ұшырамасын, сол
бір  жанкешті  ерлігі  мен  төзімділігі  үшін
қоғамдастары мен қаламдастарының, ақын мен
әкімнің, зиялылар мен қауымның жылы сезімі
мен алғауын көзі тірісінде сезінуіне толық қақысы
бар.
Тылсым мен шарасыздыққа тұмшаланып,
ақша – өмір сүрудің бірден бір көзі болып, соны
табу үшін жалтаң көз, жағымпаз, мүләйім боп
монтансып  көрінуге  мәжбүр  болған  уақытты
бастан кешірдік. Мұқтаждық бұлты әлі ыдыраған
жоқ,  ішке  түскен  “қарабастың  қамы”  деген
мүләйім  құрт  әлі  өлген  жоқ.  Ол  біздің
тамырымызды қаулап барып жүрегімізді жегідей
жеп жатқаны  аздай, енді  рухымызды кеміруге
көшті.  Қауіп  сыртқы  дүниеден  жанымызға
ауысты.  Бойына  талант  киесі  дарыған  барша
азаматтар осыған дейін күресіп келген, келешекте
де  күресуге  тиіс  –  адам  тағдырына  деген
бойкүйездік,  немқұрайлылық,  сүлесоқтық,
жалтаң көздік, көмпістік меңдеп барады. Бұл –
ұлттық  руханиятқа  жұққан  үлкен  дерт.  Менің
ойымша,  тұлғаларды  былай  қойғанда,  әрбір
қарапайым  пенделердің  өзі  бір-бірінің  жан
жылуын сезіне  өмір сүруі тиіс.  Сондықтан да,
зайырлы  қауымның  назарын  соған  аудара
отырып:
–  Өз  мұңымызды  өзіміз  ғана  мұңдап,
тағдырдың  талқысында  жалғыз  жанталасып,
бір-біріміздің  тіршілігіміз  бен  жан  дүниемізге
немқұрайлы  қарайтын  бойкүйез  кезең  өтті.
Сүлесоқтықтан сілкінейік. Сіз бен біз бір-бірімізді
аяламасақ,  түсініспесек,  бір-бірімізді  түгендеп
жүрмесек – өзімізге, өмірге, ұрпаққа, ұлтқа деген
сенімнен айырылып қаламыз. Ал, сенімсіз адам
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

25
ұлтқа  рухани  тұтқа  бола  алмайды.  Ұлттың
рухани  ыдырауына  сол  күнкөрісті  күйттеген
жалған пысықтық пен жалған жуастық жетейін
деп  тұр.  Түрмелер  мен  жендеттер  елі  атанған
тұста да Қасым дауыл боп соғып, найзағай боп
жарқылдаған – дегім келеді.
Дәл  қазір  осынау  жалған  тыныштықтан
ұшықтап  оятатын,  бойкүйез  тартқан  тәнді
тітіркендіретін бір жасын оты керек. Руханиятты
мәңгілік  өлтірмейтін  Әбілхаят  суынан  –
“жасынның тұнығынан қанып ішкен” өр рухты
тұлғалар  арамызда  бар.  Соның  бірі  –  аты
әдебиеттің  ғана  емес,  тәуелсіздігіміздің
тарихында  қалатын  қайсар  ғалым  –  Қайым
Мұхамедханов.
Қалың  қауымға  қаратыла  айтылған
жоғарыдағы  пікірге  қозғау  салған  –  зар  заман
әдебиетінің  тағдырлы  тұлғасы  Дулат
Бабатайұлының туғанына 200 жыл толуына орай
Семей 
қаласында 
ұйымдастырылған
республикалық  ғылыми  конференция.  Ақын
шығармашылығын зерттеген ғұламалар мен өмір
оқымыстылары пікірін ортаға салды. Пайымды,
салиқалы, сардарлы пікір алысу болды. Оған біз
де қатысып, мәжіліс мінбесіне отырдық. Алайда,
Абай, Дулат, Әуезов үшін басын бәйгеге тіккен
Қайым  ғұламаның  қатыспауы  бізді  алаңдата
берді. Батаға қатыссақ та, басқасына қатыспай
қазақтың қайсар ғалымы Қайым ағаның үйіне
сәлем  бере  барып  едік…  Бұрын  естімегенім
болмаса, мұным сәлем беру емес, көңіл сұрау десе
дәлірек болады. Қайым аға төсек тартып жатып
қалыпты. Қарттықтың да “еркелігі” бар шығар,
бірақ, тура  келіп тұрған  ауру емес,  уайым мен
жалғыздықтың көрпесін көтере алмай ауырып
жатқандай көрінді. Мен көргенім мен естігенімді
қазбалап жатпайын. Оның жай жапсары  мәлім,
мүмкін беймәлім шығар. Анығы маған Қайым
ғұлама  жалғыздықтан  жалығып,  терезенің  ар
жағындағы  жарық  сәуле  жамылып  жүрген,
кезінде өзінің бойындағы жан жылуын берген
жандардың  аман-сәлемін  зарығып  күткендей.
Соған он жыл ішінде әкесін бағып-күтіп жүрген
Бекеттің  де  көңілі  пәс,  әлдекімдерге  ренжулі
сияқты.
       – Е, бауырым! Бір  айдан бері есікті ашып
тұрған  ағайын  сен  ғана.  Үлкенді-кішілі
шәкірттерім  де  бар  еді.  Тіпті,  Төкеннің  (Абай
мұражайының  директоры  Т.  Ибрагимов)
көрінбегеніне  де  біраз  болды.  Қалдың  несін
сұрайсың.  Жатыс  мынау.  Пенсиясы  құрғыр
пәтерақыға  кетеді.  Дәрі-дәрмек  алуға  шама
келмейді. Ал, тиісті жеңілдіктердің бәрін алып
тастады.  Қала  әкімшілігіне  барып  анықтауға,
денсаулық мынау. Сырттан біреу келсе, сәлем
айтамын ба деп едім, олардың да аяғы тиылды.
Дулаттың конференциясына мені шақырмады.
Мейлі ғой,  айтарым болса да, бара  алмас ем.
Дегенмен,  ескерусіз  қалған  да  көңілге  келеді
екен. Үйдегі мені ескермеген сырттағы жұртқа
не деп сәлем айтамын. Сөзің өтсе – әкімге айт,
әйтпесе, әуре болма. Аман бол  – деді.
Екі сағат әңгімесінің ұзын ырғасы осы. Бұл
сөздің астарында талайлы тағдырдың таңбасы
мен астары жатыр. Оны қазбалап қайтеміз. Тек:
“Біз қазақ ежелден, еркіндік аңсаған” – деп елу
жыл  айтқан  әнұранның  авторы,  Қазақстан
Республикасының  Мемлекеттік  сыйлығының
лауреаты,  профессор,  Абай  мен  Әуезовтің
түбірлі зерттеушісі, Семей қаласының құрметті
азаматы  Қайым  Мұхамедханов  –  елуінші
жылдары  сол  екеуі  үшін  25  жылға  сотталған
азап иесі еді. Ол – бүкіл елімізге әйгілі азамат,
тәуелсіздігіміз  үшін  басын  тіккен  қаһарман.
Семейге  көшкенде:  “Ел  ішінде  болайын.
Жалғыздық көрмеспін”, – деп еді.
Қайымның:  “Мені  жалғызсыратпайды,
елеусіз қалдырмайды, мұқтажымды шешеді” –
деп сеніп барған ел азаматының бірі өзіңсің. Сіз
де Қайымды жақсы білесіз. Сондықтан да сізге
азамат,  әкім  ретінде  о сы  сәлемді  жолдап
отырмын.  Елдің  назары  аусын,  ескерусіз
қалмасын  деп  “Қазақ  әдебиеті”  арқылы
жолдауды дұрыс санадым.
Қайсар  да  қажырлы  Қайым  қазіргі
қиыншылықтың бәріне де төзетініне сенемін.
Өмір сүру дегенің түрменің талқысынан қиын
емес  қой.  Бірақ,  Қайым  сияқты  тұлғаларды
сыйламасақ – өзімізді-өзіміз сыйламағанымыз,
тәуелсіздігімізді құрметтемегеніміз.
Есеңгіреп  болдық қой.  Енді ес  жияиық,
бауырым!”.
Салмақты-ақ сөз еді. Бірақ біз үміт еткен
халықтың есі бұл мақаламен де жиылмады. Бір
қап  ұнмен,  ниетсіз  қағылған  есіктің  бір
тықылымен бұл құрмет те аяқталды. Жоғарыда
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал