Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/17
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Тірек сөздер: Қайым Мұхамедханов, айтыс, халық ақындары.

96
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
асыл  мұралары,  еңбекші  халықтың  бай
фольклоры. Екіншісі – әдебиеттегі Абай дәстүрі.
Абай  мұрасын  оқып  «Өнер  –  өнер  үшін  емес,
өнеге үшін» деген қағиданы ұқты. Халық мүддесі
үшін  еңбек  ету  ақынның  азаматтық  борышы.
Тәңірберген  ақындыққа  талпынғанда  оның
алдында адастырмас Темірқазық – Абай тұлғасы
тұрды» [3].
Айтыс ақындық шеберлікті шыңдайтын ең
қатаң да, қатал сын екендігі белгілі. Айтыскер
шеберлігі  жайында  М.Әуезов:  «Айтысқа
шеберлік жалпы ақындық өнерінің, тіпті барлық
әдебиет өнерінің өзгеше бір биік белгісі. Шабыты
келген ақпа ақын бабындағы аш қыранға меңзес.
Томағасын  тартқанда  алғыр  қыран  бар  өңірді
сәтте көріп, шолып өтіп, қимылдаған шөп басын,
қыбыр еткен тышқан жүрісін, қылт етіп бұққан
түлкі  түгін  лезде    шалып  қалғандай,  айтыс
ағымындағы ақпа ақын да сондайлық көмескіні
көргіш, бұлдырды білгіш болмақ шарт. Бұл қасиет
ақынға  оңай  оралмайды.  Ол  шын  ақпа  ақын
өнеріне бейім болған күнде де ұзақ сапар сын
кешіп, сан айтыста сілкісе жүріп, сан рет жыға
жыртып, тон тоздырып барып жетеді» [4, 360
б.] дейді.
Соғыс жылдарында қолына қалам ұстаған
халық ақындары Төлеу, Нұрлыбек, Тәңірберген
сияқтылар  үлкен  азаматтық  үнмен  көтерілді.
Ақындар  тыл  майданның  жауынгері  ретінде
үнемі алғы шепте болды, тыл өміріндегі нағыз
үгітші, насихатшыға айналды.
«Тегінде  халық  ақындарының  ел  көзіне
ерекше түсіп, талантын танытып, халыққа аты
әйгілі болатын сәтті шақтары болады. Ол шақ –
ақындық  айтыс  майданы.  Біз  Тәңірбергеннің
әлденеше  ақынмен  айтысының  куәсі  болдық.
Солардың ішінде ұмытылмайтын, ерекше есте
қалатын  Тәңірбергеннің  ақындық  өнерін
республика  жұртшылығына  айқын  танытқан
1943 жылы декабрь айында Алматыда өткізілген
республикалық тұңғыш ақындар айтысы болды»
[3],- деп жазды айтыс өнерін ұйымдастырушы
ғалым Қайым Мұхамедханұлы.
Ұлы  Отан  соғысының  үшінші  жылында
өткен  үлкен  республикалық  айтысқа
Қазақстанның  атақты  халық  ақындары  Төлеу,
Сапарғали,  Нұрлыбек,  Тәңірберген  т.б.
қатысады.  Семейлік  ақындар  қарағандылық
Шашубай,  Маясар,  Жолдыкей  сынды  белгілі
халық  ақындарымен  сөз  сайысына  түспек.
Тұңғыш республикалық айтысқа түспес бұрын
Қарағанды  ақындары  Семейге  келіп,  Семей
ақындары Қарағандыға барып екі облыстың ауыл
шаруашылығы,  өндіріс,  мәдениет,  тұрмыс
саласындағы 
табыстарымен 
танысып,
кемшіліктерін  де  аңғарған.  Ақындар  қажетті
мағлұматтар  жинап  үлкен  дайындықпен
айтысқа қатысқан еді. Дүбірлі айтыс Алматының
опера және балет театрында өтеді.
Қазақстанның  екі  үлкен  облысының
қыруар  табыстарын,  облыс  адамдарының
майдандағы, тылдағы ерлік еңбектерін көркем
сөзбен кемеліне келтіріп, ақындық өнер қуатымен
келістіріп жырлап беру, кемшілікті өткір тілмен
әділ  де  әсерлі  сынай  айту  екі  о блыстың
ақындарына  бірдей  ауыр  да  айбарлы  міндет,
үлкен сын еді. «Алматының академиялық опера
және балет театрының залына ине шаншар жер
қалмастай, лықа толып жиналған, талғамы мен
талабы зор, мәдениетті жұртшылықтың алдында
айтысқа  түсу  оңай  емес  еді.  Көңілге  тоқыған
көркем  жырды  тыңдаушының  ақылына
қонымды, жүрегіне жылы, сезіміне әсерлі етіп
жеткізу  үшін  асқақ  дауыс,  шалқыған  ақындық
шабыт, өлең мазмұнына сай өзгеріп отыратын
сарын, орынды қимыл-қозғалыс, бет құбылысы
сияқты  сахна  өнеріне  тән  жайлар  да  қажет
болатын.  Нағыз  айтыс  ақыны,  шынында  әрі
ақын, әрі әнші, әрі  музыкант болмақ қой. Біз де
осының бәрін ойластырып, маслихаттаса келіп,
Қарағандының  атақты  ақындарымен  айтыс
майданына  түсуге  Семей  ақындары  атынан
Тәңірберген мен Нұрлыбекті ұйғарған едік» [3],
[5, 273 б.] - деп жазады халық ақындарын бастап
барған Қайым Мұхамедханұлы.
Айтыс  төрешілері  әр  облыстан  екі-екі
ақыннан қатысуға рұқсат еткен. Семей ақындары
ақылдаса келіп, жасы егде, тәжірибесі мол белгілі
майталман, айтыс шебері, төкпе ақын Нұрлыбек
Баймұратовты  шығарды.  Оны  толықтырушы,
жәрдемші, серігі ретінде бұрын айтысқа түспеген,
есімі беймәлім Тәңірберген Әміреновті атайды.
Төлеу,  Сапарғали  ақындар  екеуіне  басшы,
кеңесші боп қасында отырмақ.
Сол  1943  жылы  Қарағанды  облысының
өндіріс, шаруашылық саласындағы көрсеткіштері

97
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
Семей  облысынан  озық  болатын.  Көрсеткіш
салыстырып, айтыста жеңіске жету Семей үшін
мүмкін емес-ті. Барды ақын тілімен баса көрсетіп,
жеріне  жеткізе  айту,  ақындық  өнер  бәйгесінің
дәстүрін  берік  сақтай,  сайысқа  түсу  Семей
ақындарының мақсаты болды. Тәңірберген ақын
жоғарыда  айтылған  шарттарды  мүлтіксіз
орындап, той алдында ақындық рухы көтеріліп,
шабыттана жырлап, ерекше көзге түсіп, үлкен
абыройға ие болды.
Қарағандылық  Маясар  Жапақовпен
сайысқа түскен  Нұрлыбек ақын біраз қағыстан
кейін сөз кезегін Тәңірбергенге беріп былай деді:
Қайдасың қаламдасым қасыма ерген,
Теңіздің тереңінен інжу терген.
От азу, орақ тілді ақын інім,
Жан  едің жастайыңнан сөзге мерген.
Айғайлап домбыра алып жөнелгенде,
Қолтықтап Абай атаң қолын берген,
Суреттеп Семейіңнің өндірісін.
Жауап бер Майекеңе, Тәңірберген [6].
Сонда Тәңірберген ақын іркілместен:
Балажал, Ақжал, Бөке, Қазаншұңқыр,
Үйіліп таудай болып тас пен құм тұр.
Қазына жерім асты сықап қойған,
Тіпті мұрты шағылмай әлі тең тұр.
Жез қандай, қызыл арай алтын қандай?
Алтынды айтсам адымым артылғандай,
Алтын жаққа аяқты баспайсың ғой,
Тірсегіңнің сіңірі тартылғандай [6],-
деп,  «Алтай  –  золото»  тіресіне  қатысты  сол
кездегі  кен  орындарын  тізіп  өтіп,  одан  соң
Семейдегі  ет  комбинатын  мақтап  жөнеледі.
Мұндағы  «жез  қандай,  қызыл  арай  алтын
қандай?» деп отырғаны Маясар мыс шығатын
Балқаш  қаласын  тілге  тиек  етсе  керек.
Тәңірберген соған еруліге қарулы ретінде айтқан,
облыс өндірісін осылайша мадақтай келіп, ақыр
аяғында:
Ең атақты өзенің аты Нұра,
Нұраны білмейді деме, менен сұра.
Пароход қайшы алысқан Ертіс емес,
Бақа ойнап, қоян аттап жатқан жыра [6], -
деп қарсыласын сөзбен түйреп өтеді.
«Қарағанды  ақындарымен  айтыста
Тәңірберген  Семей  облысының  шаруашылық,
өндіріс  саласында  алатын  орнын,  маңызын
көрнекті дәлелдермен айқындап  атай отырып,
ақын  тілімен  сипаттап  берді.  Мысалы
М.И.Калинин атындағы ет комбинатының соғыс
жылдарында жауға қарсы күреске қосып жатқан
үлкен үлесін сөз еткенде:
Ежелгі атышулы әлемге айқын,
Жарқырап жасыл тартып жатқан жайқын.
Тарихқа таңба басқан ертегідей
Ел білген ертеден-ақ Ертіс даңқын.
Қалайша ақын жырлап өлең қылмас,
Суреті аз сөзбенен айтсам сыймас –
деп  суреттеді»  [5,  274  б.]  дейді  семейлік
ақындарды 
айтысқа 
бастап 
барған
Қ.Мұхамедханұлы.
Тегінде  қай  ақынның  болсын,  өзгеше
шабыттанып,  көзге  түсетін,  жұлдызы  жанып
жарқырап  шығатын,  басқаша  айтқанда  бағы
жанып,  ерекше  көрінетін  сәтті  шағы  болады.
Тәңірберген ақын үшін сәтті кезең сол айтыста
туған.  Оның  саңқылдаған  ашық  дауысы,
домбырада  ойнауы,  музыкалық  с арыны,
тапқырлығы  мен  батылдығы  сайма-сай  келіп
айтыс үстінде ерекше көрінеді. Айтыс төрешілері
Қарағанды облысының озық көрсеткіштерін еске
алып, Семей ақындарының ақындық өнерін, сөз
саптаудағы тіл шұрайлылығын бағалап, екі облыс
ақындарына да бірінші орынды беруді ұйғарады.
«Қазақстан астанасындағы бес күнге созылған
осы дүбірлі айтыста республика жұртшылығы 20
шақты  халық  ақындарының  айтысын  өте
ықыластанып  тыңдайды.  Суырып  салма
ақындар  мыңдаған  ауыз  өлең  айтты.  Бұл
өлеңдердің көпшілігі қазақ поэзиясының алтын
қорына  қосылатындығы  сөзсіз.  Қорытынды
кеште  айтыста  жеңіп  шыққандардың  аттары
жарияланды.  Оларға  қазақтың  ескі  ғұрпы
бойынша сый тартылды. Қазақ халқына аты кең
тараған халықтың қарт жыршылары – үгітшілерге
құрметті  бес  сыйлық  берілді.  Сталиндік
сыйлықтың лауреаты Жамбылға атан түйе, қамқа
шапан, республикаға еңбегі сіңген қайраткерлер
Н.Байғанинге, Д.Әлімбетовке, Ш.Қошқарбаевқа,

98
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)
О.Таймановқа  бір-бір  ат,  шапан  берілді.
Қарағанды  ақыны  Маясар  Жапақовқа,
Қызыло рда  ақыны  Нартай  Бекежановқа,
Алматы ақыны Қуат Терібаевқа, Семей ақыны
Нұрлыбек Баймұратовқа бір-бір құнан берілді»
[7]  деген мәлімет берілді сол кездегі баспасөз
бетінде.  Осы  айтыс  туралы  зерттеуші
М.Жармұхамедұлы: «Басы Жамбыл болып, бір
топ халық ақындары сол жолы бізде айтыстың
әлі тоқтап, тоқырап қалмағанын ашып, дәлелдеп
берді.  Ұлы  Отан  соғысының  ең  бір  қауіпті
жылдары  өткен  бұл  айтыс  халық  бойындағы
ақындық  дарын-қуаттың  түгел  сарқыла
қоймағанын паш етті» деп жазды.
Семей өңіріндегі айтыс дәстүрінің дамуы
соғыс жылдарымен шектеліп қалған жоқ, одан
кейін  де  жалғасын  тапты.  Халық  ақындары
облыстың, 
оның 
әрбір 
ауданы 
мен
шаруашылықтарының  Ұлы  Отан  соғысы
жылдарындағы ерлік еңбектерін, сол жолдағы
жетістіктерін  мадақтай  отырып,  заман
салтанатына  нұсқан  келтіретін  кемшіліктен,
ескіліктің жиіркенішті сарқыншақтарынан батыл
құтылуға үндеді.
Ал,  1945  жылдың  наурыз  айында  облыс
орталығындағы қазақ театрында жергілікті халық
ақындарының үлкен айтысы өткізілді. «9 март.
Бұл күні облыстық қазақ театрына Семей түгел
жиналды десе болар-ау» [8],- деп жазды тарихи
Ұлы Жеңіске жеткізген жылдың осы көктеміндегі
халық ақындарының айтысы туралы сол кездегі
облыстық баспасөз.
Күн-түн  демей  еңбек  етіп,  қаншама
ауыртпалықты бастарынан өткізсе де, қажымай-
талмай  осы  көктемге  де  жеткен  халық  үшін
ұйымдастырған халық ақындарының айтысы –
жеңіс  қарсаңындағы  мерекедей  еді.  Облыс
халқының бұл айтысты қуана құптауындағы бір
себебі,  бүгінгі  жас  ұрпақ  көп  біле  бермес,  ол
жылдарда қарт Ертістің Семей өңірі тілінен бал
тамызған, сөз асылын жібектей өрген майталман
ақындарға  нағыз  бай  облыс  болатын.  Жарма
ауданының  қарт  ақыны  Нұрғали  Тұңғатаров
жырға қосатындай: «Сайраған сандуғаштай таң
желінде,  қарт  Төлеу  ақын  едің  Шар  елінде»,-
дейтін Төлеу Көбдіков те, өлең десе «Бұрқырап
жауған қардай борап кетер, ержүрек екпінді тіл
батым  ақын»  Нұрлыбек  Баймұратов  та,  «Ал
сайра, Есенсары домбыраңды ал, қыздырып тыл
майданын өрістей сал» деп айтысқа шақыратын
аякөздік  ақын  Есенсары  Құнанбаев  та,
«Сөйлейтін қай кезде де жорғалатып, тілінен май
тамызып,  сорғалатып»  деп  мақтауын  асырған
жармалық  жүйрік  Сапарғали  Әлімбетов  пен
«Қамал бұзған батырдай қасқара салатын» Шар
ауданының ақыны Рахымбай Дүйсекеев те бар
болатын. 
Осы 
айтысқа 
қатысуға
шақырылғандардың  ішінде  Тәңірберген
Әміренов те бар еді. Осыдан 40 жыл бұрын 1945
жылдың  көктемінде  болып  өткен  халық
ақындары  айтысын  тебірене  еске  ала  отырып
ақын ағамыз Тәңірберген Әміренов былай дейді:
«Театрдың  сахнасы  бейне  қазағымның  алты
қанат ақ үйі бейнелес. Сахнаның көрермендерге
қарсы  қос  қапталында  халқымыздың  ұлы
ақындары  Абай  мен  Жамбылдың  суреттері
ілінген. Сахна маңдайшасында:
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ел данасы –
дейтін  данышпан  Абай  сөзі.  Төрде  көмекші  –
қостаушыларын жанына ертіп келіп, екі жарыла
отырған айтыс ақындары, ал ортада сарапшылар
алқасы жайғасқан» [8].
Сол  жолы  Тәңірберген  Әміренов
Жаңасемей  ауданына  қарасты  «Қоғам  бірлік»,
Рахымбай 
Дүйсекеев 
«Ворошилов»
колхоздарының  атынан  сөз  сайысына  түседі.
Екеуі  де  айтыстағы  ерен  жүйріктер  еді.
Ақындардың  айтыстағы  дәстүрі  бойынша
алғашқы кезек жасы үлкен Рахымбай ақсақалға
беріледі.
Мен келдім сен ақынды көрейін деп,
Дарыған ақындығын білейін деп.
Секілді үйрек-қаздай бір шау болсаң,
Отырмын қаршыға боп ілейін деп.
Саңқылдап шабытыма келіп тұрмын,
Түйіліп ақиықтай бүрейін деп [9],-
деп  қарсы  ақынның  жігерін  жани  түседі.
Жастайынан  халық  поэзиясынан  мол
сусындаған, өзі айтқандай «өлеңнен елде қақысы
кетпеген»  Тәңірберген  айтыс  үстінде  өз
қарсыласына:

99
Үкілеп елім қосты сан жарысқа,
Кір шалмай талай келдім мен намысқа.
Алайын үрейіңді ақсақалым
Өлеңнен көрсетейін әрбір нұсқа [9],-
деп  тасқындаса  да,  үлкен  ағалар  алдында
соншама  кішіпейіл.  Абай  айтқандай:  «әдептен
озбайды», артық кетпейді.
Ақындар 
Ұлы 
Отан 
соғысы
жылдарындағы айтыстарының бәрінде халықты
фашистік Германияның басқыншыларына қарсы
күреске  үндеп,  қанқұйлы  жауды  талқандауға
шақырып, «бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс
үшін» деген ұран тастады. Айтыстың іріленген
нақты тақырыбы – жауды жеңіп, тылдағы еңбек
қарқынын үдету.
Халқымыздың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық
санасын  қалыптастыруда  ерекше  маңызы  бар,
тарихи  мәні  зор  атамұра  айтыс  өнері  соғыс
жылдарында ел-жұртты ерекше серпілтті дедік.
Т.Әміреновтің  ішкі  дүниесінен  хабар  беретін,
мінезін ашып көрсететін төмендегі үзіндіге ден
қояйық: «Мен өз басым Тәкеңді өзімен-өзі болып
оңаша  отырғанда  да  көрдім.  Оңаша  отырған
Тәкең  –  қойдан  қоңыр  жуас,  сұрамасаң  сөзге
сараң, момақан адам. Қонақта көп қоршауында
отырған  Тәкең  –  әңгіме,  жырдың  кені,  қызыл
сөздің шешені, жігіттің  бір барып тұрған серісі
дер едім. Ал сайыс үстіндегі Тәкең – алғашқы
екеуінің біріне ұқсамайтын адам, жүзі нарттай
қызара  бөртіп,  домбырасын  кейде  таяқ
көтергендей сілтей ұмтылып, қарсыласына тап-
тап берген қызба көңіл, желпінген нағыз ақынды
көреміз» [10],- деп ойын өрбіте түседі М.Сәрсеке.
Ақын бойындағы суырыпсалмалық қасиеті
үлкен  айтыс  төрінен  табылды.  Қазақтың  төл
өнері –  айтысты өмірінің  өзегіне айналдырған
Тәңірберген Шәкір, Қалихан, Жолдекей, Төлеу,
Рахымбай,  Қаске,  Сыбанғали  сияқты
ақындармен сөз жарыстырды.
Со ғыс 
жылдарындағы 
халық
ақындарының  айтыскерлік  шеберлігі  олардың
турашылдығы,  әзіл-қалжыңға  шебер,  сөзге
ұсталығымен  ерекшеленді.  Ақындар  аузынан
шыққан  әрбір  түйінді  ой  шыншылдығымен,
қисындылығымен, көркемдігімен айқындалады
дейді айтыс жанашыры.
Әдеби  өлкетану  бағытын  үнемі  назарда
ұстаған  Қ.Мұхамедханұлы  қалың  оқырманды
айтыс  өнерінің  қыр-сырымен  хабардар  етіп,
дүлдүл  сөз  жарысының  басы-қасында
үйлестіруші де, әділқазы да бола білген.
Айтыс  өнерінің  жандануына  үлкен  үлес
қосқан  қазақтың  асыл  перзенті,  аса  көрнекті
ғалым Қ.Мұхамедханұлының ғылыми еңбегінің
осыбір тұсы айтылмай қалыс қалып жатады.
Әдебиет
1 Мұхамедханов Қ. Ел қаһарын жырлаңдар
// Екпінді. – 1943.
2  Көбдіков  Т.  Жырларым  (Таңдамалы
өлеңдер). – Алматы: Жазушы, 1975. – 208.
3  Мұхамедханов  Қ.  Халық  жаршысы  //
Семей таңы. – 1967, 31 қазан.
4  Әуезов  М.    Әр  жылдар  ойлары.  –
Алматы: Ана тілі, 1959. – 398 б.
5  Мұхамедханов  Қ.  Көп  томдық
шығармалар жинағы. – Алматы: Ел-шежіре, 2007.
– Т.5. – 344 б.
6  Алтынбаев Қ. Ертіс өңірінің  өрен жүйрігі
// Семей таңы. – 1987, 21 мамыр.
7  Халық  ақындарының  республикалық
айтысы аяқталды // Екпінді. – 1943, 12 желтоқсан.
8 Имашев М. Жыр арқауы – халық ерлігі //
Семей таңы. – 1985, 16 сәуір.
9  Ақындар    тілің  қылыш,  сөздерің  оқ,...
Рахымбай  мен Тәңірберген
айтысы //  Екпінді. – 1945, 18 наурыз.
10 Сәрсеке М. Ертістің егде жыршысы //
Семей таңы. – 1977, 18 қараша.
Резюме
В  данной  статье  автор  пишет  о  К.Мухамедханове  -  как  об  одном  из  организаторов
исскуства айтыса в годы войны.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

100
Resume
In this article  writing about one of the organizers  of aitys art, during the war  years. scientist -
K.Mukhamedkhanov.
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

101
ӘОЖ 821.512.122
А.АҚТАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
 ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Тірек сөздер: Абайдың ақындық мектебі, Қ. Мұхамедханов мақалалары, әдебиет тарихы, әдеби
мектеп.
Мақалада  автор  Қ.Мұхамедхановтың  Абайдың  ақындық  мектебі  мен  қазақ  әдебиетінің
тарихына арналған ғылыми мақалаларын қарастырады.
«Нағыз бақыт – еркін, азат болу,
 ақиқатты айту, ештеңеден, ешкімнен қорықпау.
 Тек осылай өмір сүру керек! Адам –осындай болғанда ғана адам!»
Қайым  Мұхамедханов
Қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орны
бар  жаңа  ұғымға  негізделген  ғылыми
тұжырымдаманың  авторы  атанған  ғалым
Қайым  Мұхамедхановтың  зерттеулері  сан
қырлы.  Ғалым  өзінің  бүкіл  саналы  ғұмырын
ғылымға  адал  қызмет  етуге  арнады.  Қаншама
қыспақ-қысым көрсе де өз ісінің әділ, тура екеніне
сенімді болды. Себебі оның алдында темірқазық
іспетті алаш идеясы тұрды. Сол алаштық сана
қалыптастырған  әділдікке  құштарлық  Қайым
Мұхамедхановты  ғылымның  биік  белесіне
шығарды.  Бүгін  де  Қайым  Мұхамедхановтың
көзін көріп, дәрісін тыңдаған, қызметтес болған
жандар ғалымның шынайы, таза, адал еңбекті
басты  мақсат  етіп қойғанын  айтады.  Адалдық
пен тазалық адам жаның ең негізгі, әрі асқақтыққа
бастайтын  категориясы.  Арнасын  Абайдың
толық адамы, Шәкәрімнің таза адамы мен Мұхтар
Әуезовтің және барлық алаш қайраткерлерінің
қазақтық  ұлтжандылығынан  алған  Қайым
Мұхамедханов еңбектері бүгінгі күні өзінің иесіне
мәңгілік өмір сыйлап, болашаққа жол тартты.
Абай мектебінің туу, қалыптасу тарихы мен сол
мектептің  қазақтық  дүниетанымға  сай
ерекшелігін басын қатерге тіге отырып ғылыми
айналымға кіргізіп, әдебиеттану ғылымда жаңа
бір  парақты  бастағанда  ғалымның  алдында
қаншалықты  қиын  да,  қатерге  толы  жол
жатқанын  кім білген? Әйтсе де ұстазы Мұхтар
Әуезовтің  өзегі мығым ойынан қуат алған ғалым
өзінің қиыншылыққа толған өмірін бастап кеткен.
Қиыншылықтың  үлкені  -  Қайым
Мұхамедхановтың  ғылыми  диссертациясын
қорғауында болған. Алайда ұстазы да, шәкірті де
Ұлы  Абайдың  қазақ  әдебиетіне  сіңірген  зор
еңбегін  жарыққа  шығару  арқылы  әдебиет
тарихына    жаңа      серпін  әкелетіндерін    біліп
саналы түрде таңдаған жол болатын. Ғалымның
он  томдық  шығармалар  жинағына  кірген
диссертация қорғауының стенограммасы өткен
ғасырдағы кеңестік танымға сүйенген солақай
саясаттың  сойылын  соққан  жандардың
талайының бет бейнесін ашты. Кейде сол атақты
ағалардың әр қайсысы шындық пен әділдік үшін
Қайымдай  арпалысса  сол  кездің  өзінде  талай
жетістіктерге  жетер  едік  деген  ой  келеді.
Кайымның өмірі мен шығармаларын, ғылыми
ой-пікірлерін саралай отырып, шынымен батыр
болған екен –ау дейсің. Тәуелсіздігімізді алып, өз
қолымыз  өз  аузымызға  жеткен  мына  бейбіт
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС
2016  №1  (30)

102
заманның өзінде кейбір пенделіктің шырмауына
түсіп қарақан басының қамы үшін тірлік кешкен
замандастарымызды  көріп  Қайымның  қызыл
империя  саясаты  тұсында  да  қаймықпаған
өрлігіне бас иесің.
Қайым Мұхамедхановтың шәкірті Тұрсын
Жұртбайдың    «Болатөзек»  мақаласындағы
Қайымның  өмірі  туралы  ащы  ақиқат  жүректі
тебірентпей қоймайды.  Ғалымның өмір бойғы
қүресінің мәні біреу, ол- қазақ әдебиетіне, қазақ
әдебиеті ғылымына адалдық болатын.
Қайым  Мұхамедхановтың  алғашқы
еңбектері баспа бетіне 1925 жылдан жариялана
бастады. Алғашқы зерттеулер театр сахнасына
қойылған  қазақ  пьесаларының  тұңғыш
қойылымдары  туралы    әдеби-сын  мақалалар
түрінде  болды.  Ат ап  өтсек,  М.Әуезовтің
«Шекарада»,  Ғ.Мүсіреповтің  «Қыз  Жібек»,
Ш.Құсайыновтың  «Боран»,  К.Сагирдің  «Ер
Тарғын» пьесалары мен қазақфильмнің тұңғыш
киносы «Амангелді» туралы жазылған еді. Ғалым
өз  қолымен  жазылған  өмірбаянында
М.Әуезовтің  ақылымен  1940  жылдан  бастап
«Абайдың  әдеби  мектебі»  деген  тақырып
төңірегінде Ақылбайдың «Зұлыс», «Дағыстан»
поэмалары,  Мағауияның  «Еңлік-Қебегі»    мен
«Медғат-Қасымы»  туралы,  «Ақын  Әубәкір
Абаев»,  «Әріп  Тәңірбергеновтің  өмірі  мен
шығаромашылығы»  және  басқа  да  Абай
мектебіне  қатысы  бар  деген  ақындар  туралы
то птама  мақалалары  шыққанын  жазады.
Байқағанымыздай  Абайдың  ақындық  мектебі
туралы 1951 жылғы диссертациясына дейін он
жылдан  астам  уақыт  бар.  Олай  болса  ғалым
өзінің ғылыми еңбегі мен қазақ әдебиетіне алғаш
рет кіргізіп отырған ғылыми концепциясын ұзақ
жылдар  қажымай  зерттегеніне  куә  боламыз.
Ғалым  Абайдың  ақындық  мектебі  туралы
зерттеулерінде Абайдың танымал шәкірттерімен
қатар бұрын жергілікті халық ішінде ғана белгілі
болған 
біршама 
 
қаламгерлердің
шығармашылығын қалың көпшілікке шығарды.
Абай шығармашылығының жаң бір қырын ашуда
ақын  аудармаларының  маңызы  ерекше  екені
белгілі. Ғалымның осы бағытта жазған: «Абай
және Пушкин», «Абай және Лермонтов», «Абай
және  Крылов»  және  т.б.  мақалаларының
құндылығы бүгінгі күнге дейін ерекше. Қазіргі
ғылымның дамуында ғалым еңбегінен дәйексөз
алынуы 
сол 
ғалымның 
еңбектерінің
маңыздылығын айқындайды. Олай болса Абай
туралы  жазылған  Абайдың  ақын  шәкірттері
туралы жазылған ғылыми зерттеулерде Қайым
Мұхамедханов  ғылыми  пікірлеріне  тоқталмай
өткен  бүгінгінің  ғалымы  жоқ  шығар.  Бұл  да
Қайым зерттеулерінің теориялық тауаны мықты,
әдіснамалық тұғыры берік идеяларға құрылғанын
айқындайды.
Қайым Мұхамедханов зерттеулерінің үлкен
бөлігі  Абайға,  Абай  шығармаларының
текстологтялық  мәселелеріне  және  Абайдың
ақындық мектебіне  арналғаны белгілі.  Алайда
ғалымның  қазақ  әдебиетіне  байланысты
зерттеулерінің үлкен бір саласын әдебиет тарихы
туралы  зерттеулері  құрайды.  Қазақ  әдебиеті
тарихына  қатысты  жазылған  алғашқы
мақалалары  «Қаракерей  Қабанбай  батыр»,
«Қанжығалы  Бөгенбай  батыр»  жырларының
тағдыры  да  қызық.  Ғалым  бұл  мақалаларды
1943-1944  жылдары  СССР  ҒА  Қазақ
филиалындағы  тіл-әдебиет  институтының
тапсыруымен  зерттеп  «Қазақ  әдебиетінің
тарихының»    1-томына  енгізу  үшін    жазған
болатын. Алайда сол заманның солақай саясаты
қазақ  батырларына  арналған  жырлардың
халыққа  қажеті  жоқ  деп  тауып,  жыр  туралы
зерттеу қолжазба қорында қалған. Бұл туралы
ғалым: «...Содан үш жылдан кейін, 1948 жылы
«Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  1-том  басылып
шықты.    «Қаракерей  Қабанбай  батыр»,  да
«Қанжығалы  Бөгенбай  батыр»  да  әдебиет
тарихы кітабына кіргізілмепті. ...Содан кейінгі
қилы-қилы  заманда  «байтал  түгіл  бас  қайғы»
болды.  1948  жылы  шыққан,  редакциясын  М.
Әуезов басқарған «Қазақ әдебиетінің тарихы»-
ның өзі де «зиянды кітап» болып таңбаланды...»
- дейді[1.5-6]. Ғалымның бұл зерттеулері содан
кейін  1991  жылы  ғана  өз  қолына  қайта  тиеді.
Қаракерей  Қабанбай  батырдың  300  жылдық
мерейтойына  байланысты  ғалым  зерттеуі
баспадан шыққаны белгілі. Енді ғылыми зерттеу
мақаланың өзіне келсек, Қайым Мұхамедханов
зерттеулеріне  тән  басты  белгі  деректілігі  мен
тарихи фактілердің барынша шынайы берілуі бұл
мақалада  да  анық  көрінеді.  Ғалым  жырдың
бірнеше нұсқасын қатар алып бірінде айтылған
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ - 100 ЖАС

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал