Issn 2226 1176 индекс 75756



жүктеу 5.05 Kb.

бет9/16
Дата04.03.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Список литературы
1  Руководство для учителя. Третий (базовый) уровень: программа курсов повышения 
квалификации педагогических работников РК. – Астана: Назарбаев интеллектуальные школы, 
2013, – 133 с.
2  Лийметс х.И. Групповая работа на уроке. – М., 1975. – 62 с.
3  Ю.Н.Кулюткин. Психология обучения взрослых. – М., 1985. – С. 119.
ӘОЖ 373.1
е.Б. Нурлибекова 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ақтөбе қаласы, Қазақстан
даРыНды ОқУШылаРМеН ЖҰМыС ЖаСаУдыҢ ЖаҢа ЖҮЙеСІ
Түйіндеме.
 Бұл мақалада дарынды оқушылардың ерекшеліктеріне тоқтала отырып, олар-
мен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қойылатын талаптар жайы қозғалған. Сонымен қатар да-
рынды оқушылармен жұмыс жасаудың кейбір әдіс-тәсілдері, оның ішінде дифференциация әдісі 
туралы  айтылған.
Түйінді  сөздер:
  Дарынды  оқушы,  қабілет,  өзгешелік,  талап,  бейімділік,  дифференциация, 
қажеттілік, жеделдетілген оқыту, күрделілендіру, тереңдетілген мазмұн, проблемалық оқыту, 
шығармашылық.
Е.Б. Нурлибекова 
Новые методы работы  с одаренными учащимися
Аннотация.
  В статье излагаются особенности одаренных детей, выдвинуты общие требова-
ния к преподавателям по работе с интеллектуалами. Предложены некоторые  способы, методы 
работ с одаренными детьми, особенно рассматривается метод дифференциации, позволяющий 
управлять процессом развития интеллектуальных способностей  учащихся.
Ключевые слова:
 одаренный ученик, способность, особенность, требование, адаптация, диф-
ференциация, необходимость, ускорение, усложнение, углубленное содержание, проблемное об-
учение, творчество.
Y. Nurlybekova
New methods of work with gifted students
Abstract. This article describes the features of gifted children, put forward the general requirements 
for teachers to work with intellectuals. Some ways, methods of works with exceptional children are 
offered, the differentiation method allowing to operate development of mental abilities of pupils espe-
cially are considered.
Key words:
 The gifted student, ability, feature, requirement, adaptation, differentiation, necessity, 
acceleration, complication, profound content, problem training and creativity.
Бүгінгі  күннің  негізгі  талабы  –  білімді 
адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай 
алатын,  шығармашылық  таныммен  тікелей 
қатынас  жасай  алатын  жаңаша  ойлай  ала-
тын  адамға  айналдыру.  Балаларда  әлемнің 
көп  бейнелі  жақтарын  шығармашылық  та-
ным негізінде қабылдай алу қабілетін дамы-
ту қажет. Дарынды балаларды бір орталыққа 
іріктеу, айқындау – белгілі бір баланың даму-
ына  талдау  жасаумен  байланысты  ұзақ  про-
цесс.  Дарындылықты  жеке  бір  әдіске  сүйене 
отырып,  мысалы,  тест  арқылы  анықтау 
мүмкін  емес,  дарынды  балаларды  іздеу  –  ар-
найы  бағдарламалар  бойынша  кезеңді  түрде 
іздестіруді қажет ететін процесс.
Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, 
бір-біріне  ұқсамайды.  Дарынды  баланы 
байқамау  мүмкін  емес,  көпшіліктің  ортасын-
да  ол  өзінің  іс-әрекетімен,  бейімділігімен, 
қабілеттілігімен бірден көзге түседі. 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
66
Ой-өрістік  қабілетімен  ерте  жастан  көзге 
түскен  оқушыларға  мектептегі  оқу  кезіндегі 
қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы 
табанды  түрде  дамиды  да  өз  қатарластарын 
басып 
озады. 
Олардың 
ақыл-ойының 
кемеңгерлігі сонша – оларды байқамау мүмкін 
емес.  Бала  дарындылығының  байқалмайтын 
жақтары  да  кездеседі.  Кейде  тіпті  баланың 
есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері 
көрініс  тауып  жатады.  Бала  бойындағы 
белгілі  бір  қабілеттің  жарқын  көрінісі  ой-
өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, 
өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен си-
патталады [2].
Дарынды  оқушының  ішкі  сезімі  жағынан 
өзгешелігі:
– 
дарынды 
оқушы 
толыққанды, 
аңғарымпаз болады;
– 
өзінің 
қабылдау 
мүмкіндігімен 
ерекшеленіп,  өзін  қоршаған  ортаға  өте 
сезімтал  келеді.  Ол  бірнеше  үрдісті  қатар 
бақылап, қабылдауға бейім тұрады және оны 
белсенді түрде зерттеуге әуес болады;
– құбылыстар мен заттар арасындағы бай-
ланысты қабылдап, оған лайықты қорытынды 
жасай алады және оған өз қиялы арқылы бала-
ма жүйе жасауға қабілетті келеді;
– есте сақтау қабілеті жоғары болады;
–  сөздік  қоры  мол,  бұл  оның  не  нәрсені 
еркін де нақты баяндауына мүмкіндік береді;
– логикалық ойлау қабілеті жоғары;
– табандылық басым;
– қиялы кең болады.
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі:
– дамудағы шапшаңдылық; 
– дарынды оқушының бойында энергиясы 
мол болады, ол мөлшерден аз ұйықтайды [3].
Дарындылық  –  адамның  өз  бейімділігі 
арқылы,  шығармашылықпен  жұмыс  істеу 
арқылы  қалыптасатын  қасиет.  Баланың 
дарындылығын анықтаудың негізі мектептен 
басталады.
Әр баланың бойында табиғат берген ерек-
ше  қабілеті,  дарындылығы  болады.  «Бұлақ 
көрсең, көзін аш» дегендей, осындай баланың 
бойындағы  дарындылық  қасиетін  дамы-
ту  көбіне  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігіне 
байланысты  екендігі  айдан  анық.  Жаңа 
«субъект-субъект» 
оқыту 
парадигмасы-
мен  жұмыс  жасау,  әр  баланың  бойындағы 
дарындылық  қасиеттерін  анықтап,  дамыту, 
жас  жеткіншектің  бойындағы  табиғат  берген 
ерекше  қабілетті,  дарындылықты  тани  білу, 
оның  одан  әрі  дамуына  бағыт-бағдар  бере 
білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке 
қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – 
ұстаз парызы. 
Оқушының  дарындылығын  анықтап,  да-
мыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мы-
нандай мақсаттар мен міндеттерді қоя алады:
–  дарынды  оқушының  ақыл-ойының, 
эмоционалдық  және  әлеуметтік  дамуы  мен 
ерекшеліктерінің  өзіндік  ашылу  деңгейі  мен 
өлшемін ескеру;
– жан-жақты ақпараттандыру;
– коммуникативті бейімдеу;
–  дарынды  оқушының  шығармашылық 
бағытының  ашылуына,  дамуына,  қоршаған 
ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда 
мектеп  ұстаздары  мынандай  жұмыс  түрлерін 
қолдана алады:
– икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
– жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс 
жасайды;
– дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі 
жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
–  дарынды  оқушының  қызығушылығына 
байланысты оқу жоспарын құрады [7].
Дарынды  баланы  анықтауға  қажет 
әдістер
Дарындылықты  анықтау  әдістемелері 
баланың  қабілеттеріне  жасалған  ұзақ 
уақыт  бойғы  бақылаулардың  нәтижесін 
растай  түсу  үшін,  сондай-ақ  күшті  және 
әлсіз  психологиялық  сапаларын  дәлірек 
анықтаумен  қажетті  психо-педагогикалық 
көмекті  ұйымдастыру  үшін  қажет.  Дарынды 
баланың психикасын анықтауда кең ауқымды 
түрлі әдістер қолданылады: 
–  арнайы  психологиялық  сауалнама, 
әдістемелер; 
– баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-ана-
лар, психологтар тарапынан экспертті бағалау; 
Сурет 1 – Н.С.Лейтес бойынша қабілетті балалардың 3 категориясы
Үшінші категория 

 дарындылық 
күш – қажырымен 
ерекшеленетін оқушылар. 
Бірініші категория 
 – ой - өріс қабілеті 
ерте жастан байқалған 
оқушылар. 
Екінші категория
 
– жеке бір іс-әрекет түрі мен 
белгілі бір мектептегі ғылым 
түріне қабілеттілігімен көзге 
түскен оқушылар. 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
67
– 
балалардың 
шығармашылық 
жұмысының нақты нәтижелерін мамандар та-
рапынан сараптау; 
–  түрлі  танымдық  әрі  пәндік  олимпиа-
далар,  конференциялар,  спорт  жарыстарын, 
шығармашылық  байқаулар,  фестивальдар 
және т.б, ұйымдастыру; 
– белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне 
байланысты  түрлі  әдістерді  пайдалана  оты-
рып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу [6].
Қазіргі таңда оқушыны оқыту қиын іс де-
сек  те  болады,  өйткені  заманына  сай  оқушы 
атану  үшін  ол  жан-жақты,  яғни  интеллекту-
алды  қабілеті  жоғары  болуы  тиіс.  Мәселені 
анықтап,  жан-жақты  қарастырып,  жинақтап, 
салыстырып,  талдай  білу  қажет,  сонымен 
қатар  қорытындылай  білу,  бір  шешімге  келу 
сияқты  түрлі  жұмыстарды  жасай  білуге 
бейім  болу  керек.  Мұғалім  баланы  мақсатқа 
ұмтылуға,  икемділікке,  табандылыққа,  өз 
оқуын  ұйымдастыра  білуге,  еңбекқорлыққа 
бағыттай  алғаны  жөн.  Осы  орайда  мұғалімге 
дифференциациялық  оқыту    көмекке  келеді 
[4].
Бұл  латын  тіліндегі  differentia  — 
айырмашылық,  бөліну.  Оқушылардың  оқу 
процесіндегі әртүрлі топтарға бөлінуі. 
Дифференциация  принциптері  тапсырма-
ларында қолданылған дарынды оқушылардың 
мінездемесі:
– ерте даму;
– жан-жақты даму;
назар аудару қабілеттілігі;
– шығармашылық;
– абстрактылы тұжырымдама;
– қоғамтануға деген қызығушылық [1].
Сурет 2 – Оқушылардың мінезіне қарай оқу жоспарын сәйкестендіру
Дифференциация  жүйесі  –  бұл  оқу 
жоспарының, оқу процесінің, бағалау жүйесінің 
арнайы  түрде  дарынды  оқушылардың  
қажеттілігіне қарай қалыптастыру, өзгерту [1]. 
Дифференциация  үрдісі  –  бұл  дарынды 
оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, 
бағалауды,  оқу  үрдісін  және  оқу  жоспарын 
(сабақ  жоспарын)  мақсатты  бейімдеу  және 
түрлендіру  [1].

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
68
Сурет 3 – Дарынды оқушының қажеттіліктері
Дарынды 
оқушыларға 
арналған 
дифференциацияланған  оқу  жоспары  (сабақ 
жоспары) дегеніміз не?
Оқу  жоспарын  дифференциациялаудың 
қағидаттары:
– жеделдетілген оқыту;
– күрделілендіру;
– тереңдетілген мазмұн;
проблемалық оқыту;
– шығармашылық;
– дерексіздік  [1].
Дифференциация 
қағидаты: 
жетелдетілген 
оқыту
 
– 
стандартты 
дағдыларды  қолдануға  арналған  тапсырма-
ларды  азырақ  беру;  білімді,  дағдыны  және 
қабілеттілікті  тексеруге  арналған  «нөлдік» 
бақылау  жұмысын  өткізу;  оқушыларды 
жоғары  деңгейлі  ойлаудың  қабілеттіліктері 
бойынша топтастыру.
Дифференциацияланған 
тапсырманы 
орындау жөніндегі нұсқаулар:
–  оқушылардың  статистикадағы  білімі 
мен қабілеттіліктерін алдын-ала тексеріңіз;
–  алдын-ала  өткізілген  тестілеудің 
қорытындысы  бойынша  оқушыларды  бір 
топқа  төрт  кісіден  топтастырыңыз.  Жетекші 
топқа нақты нұсқау беріңіз;
–  проблемалық  тәсілдемені  қолдана  оты-
рып,  жетекші  топқа  тапсырмаға  қойылатын 
талаптарды беріңіз [1].
Дифференциацияланған 
тапсырманың 
үлгісі:
2006–2008  жылдар  аралығында  әрбір 
онжылдықта  10  жастан  90  жасқа  дейінгі 
адамдарға  жұмсалатын  денсаулық  сақтау 
министрлігінің 
шығындары 
немесе 
Автокөліктердің  маркаларын  дүниежүзінде 
сатумен  салыстырғанда,  10  жыл  ішінде 
автокөліктердің  маркалары  бойынша  Бе-
ларусияда  сатылуы  немесе  жыл  ішінде 
экономиканың  әртүрлі  секторларындағы 
төлемақының өсу беталысы
Дифференциация қағидаты:  күрделілендіру
 
–  әртүрлі  жоғары  деңгейлі  дағдыларды 
қолдану,  оқыту  үрдісінде  түрлі  тапсырмалар-
ды үлкен көлемде енгізу, ақпараттың әртүрлі 
дереккөздерін қолдануды талап ету [1].
Дифференциацияланған 
тапсырманың 
мысалы
Ежелгі  үш  өркениетке  әсер  еткен 
әлеуметтік,  саяси  және  экономикалық 
мәселелерге  талдау  жасаңыз:  египет,  грек 
және рим. Олардың әрбір мәдениетке тигізген 
әсерін анықтап, әрбір мәселе әрбір мәдениеттің 
құлдырауына  қалай  әсер  еткенін  бағалаңыз. 
Көлемі  6  беттен  ұратын  ғылыми-зерттеу 
жұмысыңыздағы пікірлеріңізді дәлелдеу үшін, 
кем  дегенде,  үш  дереккөзді  (біреуі  жоғары 
дәрежелі) қолданыңыз. 
Дифференциация  қағидаты:  мазмұнды 
күрделілендіру
  –  ұғымды  әртүрлі  көзқарас 
және қолданылу аймағы тарапынан зерттеңіз; 
алғашқы  зерттеу  жүргізіңіз;  орындаған 
жұмысты тапсырыңыз  [1].
Дифференциацияланған 
тапсырманың 
мысалы
Жүйе  туралы  түсінік  келесі  үш 
қолданбалы 
ғылыми 
тақырыптарды 
түсінуге  қалай  көмектесе  алады:  шошқа 
тұмауы,  жануарлардың  қырылуы  және 
метеорологиялық  карталар?  Үш  элементтің 
әрбіреуін 
қозғай 
отырып, 
схемалық 
элементтерді,  өзара  байланысты,  шекара-
ны,    кіру  және  шығу  мәліметтерін  көрсетіңіз 
және оларды салыстырыңыз. Тақырыптардың 
біреуін  таңдап,  сізді  қызықтыратын  негізгі 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
69
сұрақтарды  зерттеңіз.    Өзіңіздің  ашқан 
жаңалықтарыңызбен    бөлісу  үшін  брошюра 
дайындаңыз.
Дифференциация  қағидаты:  проблемалық 
оқыту
 
– 
«Жетілдірілген» 
ресурстар 
қолданылады;  жоғары  деңгейлі  мазмұн 
қолданылады; пәнаралық білім қолданылады; 
нақты логикалық ой жүгірту қолданылады [1].
Дифференциацияланған 
тапсырманың 
мысалы
Әдебиет  саласындағы  үш  Нобель 
лауреатының    таңдамалы  шығармаларын 
оқып,  қай  шығармада  адам  зұлымдығы 
тақырыбы  қарастырылатынын  зерттеңіз.  
Берілген  тақырып  бұл  шығарманы  жазған 
кезеңдегі  автордың  туған  елінің  өнерімен, 
саяси  төңкерістерімен  немесе  әлеуметтік 
әділетсіздік  жағдайларымен  қалай  байланы-
сты?  Бұл мәдени байланыстар авторға қалай 
әсер еткенін түсінуге не көмектеседі?  
Дифференциация 
қағидаты: 
шығармашылық
  –  қағидаттарға  немесе  кри-
терийлерге  негізделген  үлгіні  жасаңыз/
жобалаңыз; 
тапсырмалардың, 
жұмыс 
қорытындысының  және  бағалаудың  балама-
ларын  әзірлеңіз;  шын  аудиториядан  тұратын 
ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа ерек-
ше көңіл аударыңыз [1].
Дифференциацияланған 
тапсырманың 
мысалы
Өнер  туындысынан  жоба  құрастырыңыз  
(Өз  қалауыңыз  бойынша:  құмыра,  картина, 
немесе  коллажды  алыңыз).  Түс,  тақырып, 
балансын,  перспективасы  сәйкес  келетін 
өз  жобаңыздың  көркемдік  ерекшелігін 
анықтаңыз. 
Жұмысыңызды 
жергілікті 
мұржайға ұсыныңыз. 
Оқыту/зерттеу үлгілерінің құндылығы
Шығармашылық  жұмыстың  специфика-
циясын беріңіз.
Орындауға 
арналған 
тапсырманы 
қиындатыңыз.
Жобалардың  мақсаты  мен  бағытын 
ұсыныңыз [1].
Сурет 4 – Шығармашылық жазуға арналған «Іздестіру» үлгісі
Мәселені шешудің жолдарын 
іздестіреді
(Шешу жолын іздестірудің мақсатына, 
ұзақтығына және түріне сәйкес 
анықтаңыз [ішкі және сыртқы])
Кейіпкер
(Кейіпкердің 
қасиеттері 
енгізілген мінез 
құрастырыңыз)
Мәселе немесе 
қиындық туындайды 
(Мәселені анықтаңыз)
Кейіпкердің өзінің іздестіруіне 
берілгендігін тексеретін ерліктер 
жасау.
(Кейіпкер ұшыраған оқиғаларды, 
кездестірген адамдарды, 
жағдаяттарды анықтаңыз)
Үйге жолда бойына сіңірген 
даналығымен, жауаптармен және/
немесе шешіммен қайтады
(жаңа түсінікке, алғырлыққа және 
көзге түсерлік сыйақыға жақын болып 
табылатын іздестірудің нәтижелерін 
анықтаңыз)
Дифференциациялық  оқыту  жүзеге  асу 
үшін  мұғалімдер  дарынды  оқушыны  жақсы 
тани  білу  керек,  яғни  ол  туралы  барлық 
мәліметті  жинақтап,  ата-анасымен  үнемі 
қарым-қатынаста  болып,  оқушының  жас 
ерекшелігін  ескеріп,  қоршаған  ортасын  тани 
білгені абзал. 
  
Әдебиеттер тізімі
1  VanTassel-Baska, J., Zuo, L., Avery, L. D., & Little, C. A. (2002). A curriculum study of   gifted  stu-
dent learning in the language arts.
2  Брюно Ж. и др. Одаренные дети: психолого-педагогические исследования и практика // 
Психологический журнал. – 1995. – №4. – С.73. 
3  Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. –М., 1972. 
4  Одаренные дети / Пер. с англ./ под общ. ред. Бурменской Г.В., Слуцкого В.М. – М., Прогресс, 
1991. – 383 с. 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
70
5  Лейтес Н.С. Возрастные способности одаренных детей. – М.: Педагогика, 1989.
6  Гильбух Ю.З. Умственно одаренный ребенок. – Киев. 1993. 
7  Дәкәрім М.Д. Жаңа ғасырдың білімді жастарын тәрбиелеу // Білім берудегі менеджмент. 
– 1998. –№ 4.
УДК 373.1
а.қ. Сарсенбаева 
М. Ганди атындағы дарынды балаларға арналған № 92 мамандырылған мектеп-лицей, 
Алматы, Казахстан
МҰҒалІМНІҢ даРыНды БалалаРМеН ШыҒаРМаШылық  ЖҰМыСыНыҢ 
НӘТиЖеСІ
Түйіндеме.
 Автор мақалада ғылыми жетістіктерді, озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық 
әдістерді  пайдалана  отырып  рухани  байлығы  дамыған,  шығармашылығы  жоғары  дарынды 
тұлғаны мектеп қабырғасында қалыптастыру мәселесіне жете көңіл аударған. Сонымен қатар 
дарынды оқушыны іріктеуде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне сипаттама берген.
Түйінді сөздер:
  дарынды балалар, дарындылықтың түрлері, дарындылықты анықтау.
A.K. Сарсенбаева
Результат творчества учителя по работе с одаренными детьми
Аннотация.
 Автор в этой статье, опираясь на достижения науки и практики подробно осве-
щает  проблему формирования в стенах школы духовно богатой одаренной личности. Вместе с 
тем дает характеристику различным формам отбора одаренных детей.
Ключевые слова 
одаренные дети, типы одаренности, определение одаренности.
А. Sarsenbayeva
Result of teacher’s creativity on working with gifted children
Abstract. 
The author in this article, relying on achievements of science and practice in detail covers 
a formation problem in school of spiritually rich gifted personality. At the same time gives the character-
istic to various forms of selection of exceptional children.
Key words 
public activity, generosity, perseverance, spiritual wide, high learning ability, education-
al subjects, interest in science.  
Егеменді 
еліміздің 
талабына 
сай, 
бәсекеге  қабілетті,  салауатты,  парасат-
ты  тұлға  тәрбиелеу  қажет.  Бұл  өз  кезегінде 
озық  тәжірибелерді,  түрлі  педагогикалық 
әдістерді, жаңа технологияны пайдалана оты-
рып,  оқушылардың  білім  сапасын  көтеруді 
міндеттейді.  Ғылыми  жетістіктерді  пайдала-
на  отырып,  психологиялық  педагогиканың 
теориялық  білімін  терең  меңгере  отырып, 
рухани  байлығы  дамыған,  шығармашылығы 
жоғары  дарынды  тұлға  қалыптастыруда 
дарынды  балаларды  іріктеп,  олармен 
айрықша  жұмыс  жасаудың  маңызы  зор.  Да-
рынды  жастар  –  қоғамдық  белсенділігі, 
тектілік,  табандылық,  рухани  өрісі  кең,  білім 
меңгеру  қабілетінің  жоғарылығы,  танымдық 
тақырыптарға,  ғылымға  қызығушылық  та-
нытатын,  отаншылдық  рухын  биік  ұстайтын 
ерекше тұлға. Межелі бағдарламаны іске асы-
ру, жоспарлы түрде мақсатқа жетуіміз – дарын-
ды  жастардың  қолында.  Бұл  –  Қазақстанның  
бәсекеге қабілетті ел болуы.
Ел  басымыз  «Жаңа  формация  мұғалімі» 
мынадай  гуманистік  тәсілдері  бар  этиканы 
пайдаланады деп атап көрсеткен:
– 
басқарудың орнына ынталандыру;
– 
мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
– 
 ауыстарудың орнына сенім білдіру;
– 
 үгіттеудің орнына түсіндіру;
– 
жоюдың орнына тегістеу;
– 
басқарудың орнына қатысу;
– 
мәжбүрлеудің орнына таңдау;

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
71
– 
айғайлаудың орнына әзілдеу;
– 
кінәләудің онына қорғау;
– 
бұйрық беріп тексерудің орнына;
– 
кәсіби  көмек  көрсетіп,  қолдау  жасауға 
ұмтылу.
Дарындылық дегеніміз – адамның белгілі 
бір бағытта басқаға қарағанда ерекше табысқа 
жетуі.
Ресей 
 
ғалымы 
В.Юркеевич  
дарындылықтың  үш типін бөліп көрсетті: 
–  академиялық  (оқуға  анық  байқалған 
қабілеттілік);
–  интеллектуалдық (ойлауға ептілігі);
–  шығармашылық  (дәстүрлі  емес  ойлап 
білу).
Дарынды оқушыны іріктеуде жүргізілетін 
жұмыстар түрлеріне тоқталатын болсақ: 
1.  Дарынды  оқушы  туралы  мәлімет 
парағын толтыру:
– 
аты, жөні;
– 
туған жылы, күні;
– 
отбасы жағдайы туралы мәлімет;
– 
жетекші мұғалімнің аты-жөні;
– 
оқушымен жүргізілетін мәліметтер;
– 
денсаулық жағдайы жөнінде мәлімет;
– 
диагностикалық  жұмыс  мәліметтері 
(қолданылған әдістер, нәтижелер);
– 
мұғалімдермен  бірлесіп  жүргізілген 
жұмыс    мәліметтері  (жүргізілген  жұмыс 
мазмұны,  балаға  берілген  мінездемелері, 
психологтың  ұсынысы,  бірлесіп  қабылдаған  
шешімдер);
– 
ата-анамен 
бірлескен 
жұмыс 
мәліметтері.
2. 
Оқушыларды ғылыми жобаға баулу.
Белгілі  бір  бағыттағы  тақырыпты  алып, 
оны  оқушымен  таныстырып,  біртіндеп 
қызықтырып,  өзі  ізденетін  жағдайға  дейін 
жеткізу.  Одан  әрі  бағыт-бағдар  беріп, 
тақырыпқа сай әдебиеттерді тауып, жасалған 
жоспар  бойынша  осы  әдебиеттерден  керекті 
материалдардың негізін жасауды үйрету. 
Кіріспе  негізінен,  2  беттен  аспауы  тиіс. 
Онда  таңдап  алынған  зерттеу  тақырыбының 
маңыздылығы,  мақсаты  қысқаша  орындалу 
әдісі  көрсетіледі.    Жұмыстың  зерттеу  бөлімі 
(20  беттен  аспауы  тиіс)  жеке  бөлімдерден 
тұруы  мүмкін.  Олар:  Алынған  тақырып  бой-
ынша  белгілі  нәтижелерге  талдау  жасау.  Тал-
дау  жасалған  жұмыстың  қажеттелігіне  көз 
жеткізіп,  мақсатын  жиынтықтап  көрсетуі 
тиіс.  Берілген  тапсырманы  орындау  тәсілі, 
әдісі.  Әр  жұмыстың  нәтижесі  және  талдануы. 
Безендірілген материал (сызбалар, графиктер, 
суреттер, фотосуреттер).  Қорытынды 1 беттен 
аспауы керек. 
Міндеттерді күрделігі бойынша топтау 
Міндеттерге  қойылатын  талаптар  ішінде 
сараптамалық  материалдың  көлемін  шек-
теу  мағлұматтарды  өңдеудің  математикалық 
аспаптары көлемін азайту, пәнаралық талдау-
ды шектеу сияқты талаптар бар. Сараптамалық 
мағлұматтарды талдау күрделілігі дәрежесіне 
қарай міндеттерді біз практикум жеке зерттеу 
және ғылыми деп үшке бөлеміз. 
Практикум  міндеті 
қандай  да  бір 
құбылысты бейнелейді. Мұндай жағдайда кан-
дай да бір өлшем (мысалы, қызу) өзгереді және 
осы  өзгеріске  байланысты,  мысалы  көлем 
зерттеледі.  Нәтижесі  тұрақты  жене  талдауды 
қажет етпейді.
Зерттеулер  міндеттерінде 
зерттелетін 
шама  бірнеше  күрделі  емес  факторларға  бай-
ланыст (мысалы зауыт трубасы мен ауа райы 
жағдайларына  байланысты  ауылдың  ласта-
нуы). Зерттелетін құбылысқа әсер ететін фак-
торларды талдау оқушылар үшін таптырмай-
тын нысан болып табылады. 
Ғылыми  міндеттерде 
көптеген  фактор-
лар  бар,  олардың  зерттелетін  шамаға  әсері 
жеткілікті түрде күрделі. Мұндай міндеттерді 
талдау кең ауқымды дүниетаным мен ғылыми 
парасатты  талап  етеді  және  білім  беруде 
қолданылған емес. 
Зерттеудің  берілуі. 
Зерттеудің  берілуі, 
әсіресе,  қазіргі  кезде,  барлық  жұмыста 
шешуші  мәнге  ие  болады.  Зерттеудің  берілуі 
стандарттарының болуы зерттеу жұмысының 
сипаты  болып  табылады  және  өнер  саласы 
қызметінен  гөрі  ерекшеленеді.  Мұндай  стан-
дарттар  ғылымда  бірнеше:  тезистер,  ғылыми 
мақала, ауызша баяндама, диссертация, моно-
графия, танымал мақала. 
Стандарттардың  әрқайсысында  тілдің 
сипаты,  көлемі,  құрылымы  анықталады. 
Мақаланы немесе тезисті беру кезінде жетекші 
мен  оқушы  басынан  бастап  өздері  жұмыс 
істейтін жанрды анықтауы тиіс. Қазіргі кездегі 
жастар  конференциясындағы  аса  танымал 
жанрлар тезистер, мақалалар, баяндамалар бо-
лып табылады. Сонымен қатар, осы формалар-
да зерттеу жұмыстары ғана емес, сондай-ақ ре-
фераттар немесе сипаттама жұмыстар берілуі 
мүмкін: 

реферат түрінде – таңдалған тақырып 
бойынша  толық  ақпарат  бере  алатын  және 
материал  жинау  міндеттерін  орындауға 
мүмкіндік  бере  алатын,  бірнеше  дереккөздер 
негізінде 
жазылған 
шығармашылық 
жұмыстар;

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
72

сараптамалық – ғылымда сипатталған 
және белгілі нәтижесі бар сараптама орындау 
негізінде жазылған шығармашылық жұмыстар. 
Бейнелі сипатта болады, бастапқы шарттардың 
өзгерісіне 
байланысты 
нәтижелердің 
ерекшеліктерін өзіндік талдайды;

жобалық  –  белгілі  бір  нәтижені 
жоспарлау,  оған  қол  жеткізу  және  оны 
сипаттаумен 
байланысты 
(қандай 
да 
бір  нысанды  табу,  орналастыру,  т.б.) 
шығармашылық  жұмыстар.  Мұнда  зерттеудің 
соңғы нәтижеге қол жеткізуі кезеңі қамтылады;

натуралистік-сипаттамалық нәтижені 
белгілей  отырып,  белгілі  бір  әдістеме 
бойынша қандай да бір құбылысты бақылауға 
және  сапалы  сипаттауға  бағытталған 
шығармашылық  жұмыстар.  Мұнда  болжам 
жасалмайды,  нәтижені  түсіндіріп  жатудың 
керегі шамалы;

зерттеушілік  –  ғылыми  тұрғыдан 
түзету  әдістемесі  көмегімен  орындалатын 
шығармашылық жұмыстар, осы сараптамалық 
материал  негізінде  зерттелетін  құбылыстың 
сипаты  жөнінде  талдаулар  мен  тұжырымдар 
жасалады. 
3.  Дарындылықты анықтау
Кесте 1 – Дарындылықты анықтауда оқушы мен мұғалімнің педагогикалық-психологиялық 
ерекшеліктері мен қасиеттері
Оқушы
Мұғалім
1.  Себеп-салдар қатынасын құру;
2.  Қорытындылай білу;
3.  Мәліметтерді талдай, жинақтай, 
салыстыра, жалпылай, саралай білу;
4.  Пайымдай білу;
5.  Ойлау сыншылдығының болуы;
6.  Ойлау жылдамдығының болуы.
1. Өзінің біліміне сенімділік;
2. Оқушы жетістігін болжай білу және көмек 
көрсету;
3. Тәлімгерлік кәсіби біліктілік;
4. Ғылыми зерттеу қабілеттілік;
5. Пәнге қызықтыруға ұмтылу;
6. Өз шәкіртін қорғай білу;
7. Педагогикалық технологияны қолдану.
Дарындылықты  анықтауда  мұғалімнің 
біліміне қойылатын талаптар: 
– өз пәнін мемлекеттік стандарт көлемінде 
жоғары деңгейде білуі; 
– оқушыларға жеке оқыту бағдарламасын 
құрастыру негізінде сабақ беру; 
– өзінің  қызмет  нысаны  педагогикалық 
үдерісті жетік білуі; 
– дарындылықты анықтау әдістерін білу
– жеке 
тұлға 
теориясын, 
оны 
қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі; 
– дарынды 
оқушыны 
анықтаудың 
психодиагностикалық әдіс-тәсілін  білуі; 
– дарындылықты 
шыңдайтын 
жаңа 
технологиямен дәріс беруді; 
– білімділік,  тәрбиелік  көрсеткіштер 
байланысына бірдей көңіл бөлуі. 
Дарындылықты  анықтауда  мұғалімнің 
қолданатын әдіс-тәсілдері: 

баланың отбасы жағдайын зерттеу;

шығармашылық қабілетін анықтау;

сауалнамалар, 
психодиагностикалық 
тренингтер өткізу;

ата-анасымен әңгімелесу;

пәндік  олимпиадаларға,  ғылыми  жоба 
жарыстарына,  пікір  сайыс  ойындарына 
қатыстыру;

оқушуны  дайындауда  жетістікке  жете 
білу;

оқу  материалын  ақпарат  көзіне  емес, 
өзін-өзі дамыту құралына айналдыру;

жоғарыда  аталған  ерекшеліктердің  өсу 
динамикасын тіркеу.
Дарындылықты  анықтауда  қолданыла-
тын педагогикалық ұстанымдар: 
•   
қызығушылық,  бейімділігіне  сәйкес 
келетін  қызмет  аясында  болашақта  жоғары 
технологиялық  және  ғылыми  техникалық 
өндірістері  үшін  кадрлар  қорын  жасақтау 
қажеттігін қанағаттындыра алады; 

дарындылық 
белгілі 
бір 
әрекет 
саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам 
қабілетті дамуының жоғары деңгейі;

дарындылықтың 
негізгі 
басымды 
қозғаушы  күші  тек  қана  генетикалық 
нышандар болып табылады;

әр 
баланың 
қабілетіне 
қарай  
интеллектуалдық  дамуы  және  адамның 
дарындылығын таныту;

дарындылықты білімді өз бетінше игеру, 
ашу,  жаңа  жағдайда  көшіре  білу,  мәселені 
мақсатты шешу. 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
73

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал