Issn 2226 1176 индекс 75756



жүктеу 5.05 Kb.

бет6/16
Дата04.03.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Список литературы
1  МакБет.  Распределенное  лидерство  в  действии:  исследование  текущей  практики  в 
школах- Ноттингем: Национальный колледж для школы лидерства, 2004 г.
2  Руководство для учителя. Второй уровень. Третье издание - г. Астана: АОО «Назарбаев 
Интеллектуальные школы», 2012. – 162 с.

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
42
БІлІМ БеРУ ТеХНОлОГиялаРы 
ОБРаЗОВаТелЬНые ТеХНОлОГии 
EDUCATION TECHNOLOGIES
ӘОЖ  374.02
Ш.Т. Таубаева
1
, Б.Т. Барсай
2
,  а.а. Булатбаева
1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
1
, Алматы, Қазақстан
х. Досмухамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университеті
2
, Атырау, Қазақстан
МаГиСТРаНТТаРдыҢ кӘСІБи-дидакТикалық қҰЗыРеТТІлІГІН  қалыПТаСТыРУдыҢ 
ТеХНОлОГиялаРы
Түйіндеме. 
Мақалада  магистранттардың  кәсіби  және  дидактикалық  құзыреттіліктерін 
қалыптастырудың  заманауи  технологиялары  қарастырылған.  Автор  проблемалық-әрекеттік 
оқыту,  оқытудың  контекстілік  технологиясы,  модульдік  оқыту  технологиясы,  интерактивтік 
технологиялар,  жобалау және зерттеушілік оқыту технологияларына кеңінен тоқталған.
Түйінді  сөздер:
  магистрант,  кәсіби  құзыреттілік,  дидактикалық  құзыреттілік,  оқыту 
технологиясы. 
Ш.Т. Таубаева, Б.Т. Барсай,  А.А. Булатбаева
Технологии формирования профессиональных и дидактических компетентности 
у магистрантов
Аннотация. 
В статье рассматриваются современные технологии формирования профессио-
нальных и дидактических компетентности у магистрантов. Особое внимание уделено проблем-
но-деятельностному обучению, контекстному обучению, модульному обучению, проектно-ис-
следовательской технологиий обучения.
  Ключевые  слова:
  магистрант,    профессиональная  компетентность,  дидактическая  компе-
тентность, технология обучения.
Sh. Taubayeva, B. Barsay, A. Bulatbayeva
Formation technology of professional and teaching competence of graduate students
Abstract. 
In article modern technologies of formation at undergraduates professional and didactic 
competence are considered. The special attention is paid to problem activity training, contextual train-
ing, modular training, design research technology of training.
Key words:
 undergraduate, professional competence, didactic competence, technology of training.
Жоғары оқу орындарында маманды  дайын-
дау үдерісіндегі оқу әрекеті оның келешектегі  
кәсіби    қызметінің  сапасын  қамтамасыз  етуі 
қажет  екені  белгілі.  Сондықтан  болашақ 
жоғары    мектептің  оқытушысының  кәсіби-
құзыреттілігін  қалыптастыруда  оқытудың 
белсенді  әдістері  мен  технологияларын 
қолданудың маңызы ерекше. 
Қазіргі кезде үздіксіз білім беру үдерісінде 
білім  беру  технологияларын  қолдану  ең 
өзекті  мәселеге  айналды.  Кәсіби  білім  беру 
технологияларының  өзектілігін  анықтайтын 
факторларға  төмендегілерді  жатқызуға  бола-
ды. Біріншіден, білімді меңгеруде қажеттілерін 
таңдауда ақпарат көлемінің өте ауқымдылығы. 
Екіншіден,
  қазіргі  кездегі  өркениеттің 
дамуының  техногендік  бағытының  сапасыз 
кәсіби  маман  дайындаудың  шығыны  тура-
лы  ойлауға  мәжбүр  етуі.  Осындай  себептер 
маман  дайындаудың  сапасын  арттыру  үшін 
тиімді  білім  беру  технологияларын  іздеуге 
мәжбүрлеп  отыр.  Өкінішке  орай,  дәстүрлі 
лекциялық-аудиториялық  жүйеде  оқыту  ба-
рысында  білім  беру  сапасын  арттыру  мүмкін 
емес. 
Қазақстан Республикасының Білім туралы 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
43
Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – 
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 
ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде 
жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті 
жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологи-
яларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 
халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 
желілерге шығу», – делінген [1, 16].
хх 
ғасырдың 
екінші 
жартысын-
да  педагогикалық  әдебиеттерде  «білім 
беру  технологиясы»  термині  пайда  болды. 
Білім  беру  технологияларының  пайда  бо-
луы  мен  қалыптасуы  туралы  алыс  шетел 
авторларының (Б. Блум, Д. Брунер, Г. Гейс, Дж. 
Кэрролл, Д. хамблин және т.б.) және ресейлік 
және қазақстандық ғалымдардың (С.И. Архан-
гельский,  Ю.К.Бабанский,  В.В.  Беспалько,  П.Я. 
Гальперин,  М.В.  Кларин,  Қ.Қ.  Қабдықайыров, 
Ж.А. Қараев, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина, П.М. 
Эрдниев және т.б.) еңбектерінде талданған.
А.А.  Вербицкийдің  пікірінше,  кәсіби 
білім  берудің  негізгі  мақсаттарының  бірі  – 
студенттердің  жоғары  оқу  орнында  оқуы 
кезеңінде  болашақ  кәсіби  қызметінің 
толықтай құрылымын  қалыптастыру [2].  Бұл 
маманның тұлғасын қалыптастыруда мақсатқа 
жету  үшін  әрекеттің  бір  түрінен  (таным-
нан)  талаптары  мен  мотивтері  де,  мақсаты, 
құралы, пәні және нәтижесі де өзгерген екінші 
түріне (кәсібилікке) көшуді қамтамасыз ететін 
оқытуды ұйымдастыру керек деген мағынада 
айтылған.
Білім  беру  технологиялары  әлеуметтік 
психология,  психодидактика,  кибернетика, 
менеджмент  және  басқару  ғылымы  сияқты 
теорияларға сүйенеді және оқытудың мазмұны 
мен әдістерін жетілдіруге мүмкіндік жасайды. 
Білім беру технологиясын оқытудың тиімділігін 
қамтамасыз  ететін  білім  саласы;  оқытуға 
ықпал  ететін  барлық  факторларды  есепке 
алу  мен  іріктеу  негізінде  оқытуда  мейлінше 
жоғары жетістікке жету мүмкіндіктерін іздеуге 
бағытталған  ғылыми  білім  саласы;  білімді 
меңгерудің  барлық  аспектілерін  қамтитын 
жоспарлаудың,  қамтамасыз  етудің,  басқару 
мен бағалаудың кешенді, кіріктірілген үдерісі; 
қойылған  білімдік  мақсаттарды  табысты 
іске  асырудағы  оқыту  мен  тәрбие  үдерісінің 
әдістері мен құралдарының жиынтығы түрінде 
тұжырымдау кең тараған. «Білім беру техноло-
гиясы»
 ұғымынан басқа «педагогикалық техно-
логия», «оқыту технологиясы» (дидактикалық 
технология), 
«тәрбиелеу 
технологиясы», 
«тұтас  педагогикалық  үдеріс  технологиясы», 
«педагогикалық  үдерісті  жобалау  технологи-
ясы»,  «педагогикалық  үдерісті  жүзеге  асыру 
технологиясы»,  «педагогикалық  және  өзара 
мақсаттас    қарым-қатынас  технологиясы»
 
және  басқалар  қазіргі  кезде  педагогикалық 
лексионда жиі қолданылады.
Педагогикалық 
технологиялар 
В.П. 
Беспальконың  [3],  М.В.  Клариннің  [4],  Б.Т. 
Лихачевтың  [5],  Г.К.  Селевконың  [6]    және 
т.б.  еңбектерінде  зерттеліп,  анықтамалар 
берілген. Ғалымдар В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев 
және  басқалар  «Педагогика»  оқулығында 
педагогтің 
алдын-ала 
жоспарланған, 
ретімен  жүзеге  асырылатын  педагогикалық 
міндеттерді  шешуге  бағытталған  өзара 
байланысты  әрекеттердің  жүйесі  ретінде 
қарастырылған  «педагогикалық  технология» 
ұғымын енгізді [7]. Сол сияқты К.х. Закирьянов, 
Б.Т.  Лихачев,  А.П.  Сейтешев  және  басқалар 
оқыту  технологиясын  әлеуметтік-мәдени 
тұрғыдан    зерттеген.  Оқытудың  ойындық 
технологиясының теориясы мен тәжірибесіне 
байланысты  мәселелер  М.Ж.  Арыстанов,  Н.К. 
Ахметов,  Б.А.  Қойшыбаев,  П.И.  Пидкасистый, 
Ж.С. хайдаров және басқалардың  еңбектерінде 
терең зерттелуде. 
Ғалымдардың  пікірінше,  педагогикалық 
технология  үш  түрлі  өрісте  көрінуі  мүмкін: 
ғылыми,  бейнелік  және  нақты.  Бірінші 
жағдайда
  ол  педагогика  ғылымының 
оқытудың  мақсатын,  мазмұнын  және  оқыту 
әдістерін  зерттеп,  педагогикалық  үдерісті 
жобалаушы  бөлігі,  аймағы  болып  табылады. 
Екінші  орайда
  ол  үдерістің  жүру  алгоритмі,  
жоспарланған  нәтижеге  жетудің  мақсат, 
мазмұн,  әдістер  мен  құралдарының  бірлігі, 
ал  үшіншіден,  барлық  жеке,  заттық  және 
әдіснамалық құралдардың жұмыс істеп, жүзеге 
асуы ретінде қарастырылады [8]. 
Сөйтіп,  педагогикалық  технологияны 
оқытудың  барынша  ұтымды  жолдарын 
іздейтін  ғылым  ретінде  де,  оқытуда 
қолданылатын  тәсілдер    мен  принциптердің 
түсіндірме  жүйесі  ретінде  де  және  нақты 
жүзеге асатын оқыту үдерісі ретінде де түсінуге 
болады. 
Педагогикалық 
технологияның 
мәні  –  шығармашылық  қабілеттің  дамуы 
үшін  қажетті  жағдай  туғызу.  Педагогикалық 
технологияның  елеулі  белгілері  –  ол 
педагогтің  нақты  түпкі  ойынан  туындай-
ды,  оның  негізі  автордың  әдіснамалық, 
философиялық  көзқарасы;  педагогикалық 
әрекеттердің  технологиялық  тізбегі  белгілі 
бір нәтиже күтетін мақсатпен құрылады; ада-
ми  және  техникалық  мүмкіндіктерді  дара-

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
44
лау  және  саралау,  диалогтық  қарым-қатынас  
ұстанымдары негізінде тиімді пайдаланудағы 
білім алушы мен оқытушы арасындағы өзара 
әрекетті көздейді.
Барлық 
келтірілген 
анықтамаларға 
сүйенсек,  педагогикалық  үдеріс  обьективті 
заңдылыққа  бағынады  және  бұл  заңдылық 
оқу  үдерісінде  неғұрлым  кеңірек  байқалса, 
солғұрлым  оқытушының  қойылған  мақсатқа 
жету  мүмкіндігі  көбейеді.  Ғалымдардың 
пікірінше, оқу үдерісін технологияландырудың 
негізгі критерийлері төмендегідей: 
  заңдылығы
  (осы  технологияның 
негізі  болып  табылатын  белгілі  бір  ғылыми 
тұжырымдамаға сүйенуі);
  тұтастығы 
(технологияның  сапасын 
анықтайтын  педагогикалық  құрылымдық 
бөліктерінің өзара байланыстылығы);
–  басқарылымдығы 
(диагностикалық 
мақсат қою, оқу үдерісіне мониторинг жүргізу, 
қажетті түзету енгізу);
–  тиімділігі
  (білім  беру  стандарттары-
мен  сәйкестігі,  мақсатқа  жетудің  мүмкіндігі, 
уақыттың және экономикалық шығындардың 
үнемделуі);
–  өзгелердің  де  қолдануға  мүмкіндігінің 
болуы [9]. 
Оқытудың  қызметі  (функциясы)  адами, 
технологиялық  және  ізгіліктілік.  Оқытудың 
технологиялық  қызметі  –  бұл  «өмір  сүру 
үшін  база  жасау»;  еңбекте,  кәсіби  қызметте, 
қоғамдық  өмірде,  шаруашылықта  білік, 
дағды  қалыптастыру;  адамдармен  қарым-
қатынас  мәдениетін  дамыту,  т.б.  Кәсіби 
педагогикалық  мәдениет  аксиологиялық, 
технологиялық, эвристикалық және тұлғалық 
компоненттердің 
жиынтығы 
ретінде 
қарастырылады. 
Кәсіби 
педагогикалық 
шеберлік  педагогикалық  қызметтің  жоғары 
дәрежеде  дамуы,  педагогикалық  технология-
ларды қолдана білуі, педагогтің адами тұлғасы, 
тәжірибесі, азаматтық және кәсіби көзқарасы 
арқылы анықталады. Педагогикалық шеберлік 
арнайы  білім,  дағды,  әдет,  өз  қызметінде 
әртүрлі  негізгі  әдіс-тәсілдер,  амалдарды 
меңгеруі  арқылы  қалыптасады.  Оқытушы 
қандай  мәселеде  болса  да  ұйымдастырушы, 
ұстаз,  педагогтік  қарым-қатынас  шебері. 
Сондықтан,  оның бойында мынадай төрт эле-
мент болу керек. Олар: студенттердің ұжымдық 
және  жеке  әрекеттерін  ұйымдастыра  білу 
шеберлігі,  сендіре  алу  шеберлігі,  білім  беру 
және  қызметінде  тәжірибе  жинау  шеберлігі 
және  педагогикалық  техниканы  меңгеру 
шеберлігі. Әсіресе, педагогикалық техниканы, 
яғни біліктер мен дағдылар жиынтығы – білім 
алушылармен қарым-қатынаста дұрыс жолды 
таңдай  білу,  өзінің  сезімін,  назарын  басқара 
білу,  педагогтік  тактіні  сақтау,  әр  адамның 
өзіндік  «менімен»  санаса  білу,  т.б.  Болашақ 
оқытушы  осының  бәрін  жоғары  мектеп 
қабырғасында меңгеруі керек. 
Ғалымдардың  [10]  зерттеулеріне  сүйене 
отырып,  біз  төменде    жоғары  оқу  орнында 
(оның ішінде біздің де болашақ маман дайын-
дау тәжірибеміздегі) жиі қолданылатын білім 
беру технологияларын анықтадық (1-кесте). 
Проблемалық-әрекеттік  оқыту
  техноло-
гиясының  мәні  алдына  тек  кәсіби  білімді 
меңгеру компонентін ғана емес, оны жүзеге асы-
ру  икемділіктерін  де  меңгеруге  бағытталған 
мақсат  қою.  Проблемалық–әрекеттік  оқыту 
технологиясы  оқытуда  проблемалық  және 
әрекеттік  жағдайды  кезең-кезеңмен  жүзеге 
асырады.  Бірінші  кезең  –  оқытушының 
қойған  проблемалық  жағдаятын  қабылдап, 
ой  елегінен  өткізу.  Екінші  кезең  –  қойылған 
проблемалық  жағдаятты  шешу  әрекеттерінің 
мүмкіндіктерінің  моделін  ойластыру  және 
негіздеу  (әуелі  өздерінің  білетін  білімдері 
арқылы, содан кейін жаңа ізденістер арқылы).  
Үшінші кезең – түзілген модельге сәйкес әрекеті 
(қабылданған  шешімді  тағы  да  бір  сараптау). 
Төртінші кезең – әрекеттің және проблеманы 
шешудің  дұрыстығын  талдау.  Бесінші  кезең 
–  көрсетілген  әрекет  барысында  білім 
алушылардың  интеллектуалдық  қабілетінің 
дамуын  қамтамасыз  ететін  ойды  талдау, 
дәстүрлі шешім қабылдаудан, шаблондар мен 
стереотиптен ойлау әрекетіне шығу. 
Зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  бұл 
технология  тек  жаңа  білімге,  жаңа  білік, 
дағдыға  ие  болуға  көмектесіп  қоймайды,  со-
нымен  қатар  әртүрлі  кәсіби  міндеттерді 
шығармашылықпен 
шешу 
барысында 
көптеген  тәжірибе  жинақтауға  мүмкіндік 
береді. 
Оқытудың 
контекстілік 
техноло-
гиясы
  проблемалық  оқытудың  негізгі 
заңдылықтарын  ескере  отырып,  жасалған. 
Мұндағы «контекст» ұғымы ойды ауызша не-
месе  жазбаша  толық  жеткізу  мағынасында 
қолданылады.  Контекстілік  оқытуда  бұл 
ұғым  психологиялық  категория  ретінде 
қарастырылады,  оның  көмегімен  әртүрлі 
деңгейде  болып  жатқан  психологиялық 
үдерістер  түсіндіріледі.  Адамның  кезкелген 
әрекетін тек қана диалогтық контекст арқылы 
түсінуге болады. 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
45
Кесте 1 – Магистранттың кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда қолданылатын 
технологиялар
Технология
Мәні
Проблемалық– 
әрекеттік оқыту 
 Алдына тек кәсіби білімді меңгеру компоненттерін ғана емес, оны 
жүзеге асыру икемділіктерін де меңгеруге бағытталған мақсат қою.
Контекстілік оқыту
Болашақ кәсіби қызметтің әлеуметтік маңызын және  мазмұнын 
моделдеу, оқытудың белсенді әдістерін пайдалану
Модульдік оқыту
Қашықтықтан оқытудың мазмұндық модулі бойынша  жеке оқу 
бағдарламасымен өзбетінше жұмыс жасауы
Интерактивті оқыту
Кері байланысты іске асыра отырып, белсенділікті арттыруға, 
дәстүрлі оқыту жүйесінде орындалмайтын диалог пен қарым - 
қатынас
Жобалау технологи-
ясы
Оқытушы көмегімен  ұйымдастырылатын және білім алушының 
өзбетінше проблема шешудегі жүзеге асырылатын іс - әрекеттер 
жүйесі
Зерттеушілік оқыту
Зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларды қалыптастыруға 
бағытталған, интеллектуалдық іс-әрекет 
Ойын арқылы оқыту
Ізденіске, өзгертуге, оқу ақпараттарын меңгеруге бағытталған 
өзіндік танымдық әрекеті
Контекстілік 
технологияда 
негізгі 
тірек  тұлға  дамуындағы  кәсіби  ынтаның 
қалыптасуы  болып  табылады.  Сондықтан, 
курсанттың  оқу  әрекетінің  мазмұны  оқу 
пәні  арқылы  ғана  емес,  маманның  моделі, 
яғни  болашақ  кәсіби  қызметі  туралы  логи-
касына  да  байланысты  қалыптасады.  Бұл 
оқу  үдерісіне  тұтастық,  жүйелілік  бере  оты-
рып,  оқып  отырған  пәннің  мағынасын  терең 
түсінуін  қамтамасыз  етеді.  Контекстілік 
технологияның 
маңызды 
элементі 
магистранттың  оқу  әрекетінің  түрі  кәсіби  іс-
әрекет  түріне  сәйкес  келі  болып  табылады. 
Бұл  жерде  үш  базалық  әрекет  түрлерін  бөліп 
айтуға болады: оқу әрекеті (лекция, семинар), 
квазикәсібилік  (кәсіби  іс-әрекет  түрлерінің 
моделін  бейнелейтін  іскерлік  ойындар,  басқа 
да  ойын  түрлері),  оқу-кәсіби  (магистранттың 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  өндірістік  прак-
тика,  диплом  жұмысын  жазу).  Бұлардан  да 
басқа  кәсіби  білім  беру  мақсаттарына  сәйкес 
келетін кезкелген дәстүрлі және жаңа  әрекет 
түрлерін  пайдалануға  болады.  Контекстілік 
технологияда  адамның  табиғи  болмысына 
еліктеуші әдістер қолданылады. 
Дискуссия
  қатысушылардан  талқыланып 
отырған мәселеге өзінің көзқарасын білдіруді, 
таласта  басқалардан  өзгеше  өзіндік  ойының 
болуын талап ететіндігімен сипатталады. Дис-
куссия  магистранттардың    қарым-қатынаста 
сөйлеу  мәдениетінің  қалыптасып,  тіл 
байлығының дамуына тиімді әсер етеді. 
Проблемалық 
семинар
 
дискуссияға 
қарағанда білімді молайтуға көбірек ықпалын 
тигізеді, семинарға қатысушылар өз білімдерін 
толығырақ  көрсетуге  мүмкіндік  алады. 
Проблемалық  семинар  жұмысы  дәстүрлі 
семинардағыдай  алдын-ала  белгілі  дайын 
білім  төңірегінде  емес,  керісінше  әлі  белгісіз 
мәліметтерге  құрылуы  керек.  Семинарда  ма-
гистрант  өзі  ізденіп,  өзінің  еңбегімен  мате-
риалдар  жинағандықтан,  білімді  тереңірек 
меңгереді,  себебі  өзінің  жинаған  материалда-
рын өзі жақсы түсініп, есте сақтайды. 
Тренинг
  көбіне  біліктілікті  қалыптастыру 
бағытында 
жүргізіледі. 
Тренингті 
ұйымдастыру  үшін  біліктіліктің  қандай 
деңгейіне  қол  жеткізуді  нақты  жобалап,  дәл 
керек  мәселені  түсініп  алу  қажет.  Бұл  жерде 
диагностикалық мақсат қою тиімділік кепілі. 
Модульдік 
оқыту 
технологиясының
 
педагогикалық  негізі  америкалық  философ 
Дж.  Дьюидің  педагогикалық  жүйенің  ядросы 
оқушы  болып  табылатын,  өз  бетінше  білім 
алу  және  өзін-өзі  бақылау  басым  маңызға 
ие  тұлғалық  –  орталандырылған  оқыту 
идеясына  бағытталған.  Модульдік  оқыту 
технологиясының  психологиялық  негізі  – 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
46
«білімді  толық  меңгеру  жүйесі»  (Дж.  Кэр-
ролл,  Б.  Блум  т.б.),  бір  оқу  материалын  білім 
алушылардың  интеллектуалдық  қабілетінің 
әртүрлілігіне  байланысты  меңгеруге  түрліше 
уақыт талап етіледі, бірақ дәстүрлі оқытудың 
сыныптық  жүйесі  жеке  жұмыстануға  жол 
бермейді, белгілі бір материалды бір мезгілде 
игеруді талап етеді. Сондықтан, әр оқушы ма-
териалды  меңгеруге  жеткілікті  уақытқа  ие 
болса өте тиімді болған болар еді [11; 12]. 
Эстонияда  білімді  толық  меңгеру  жүйесі 
Э.В.  Крулльдің  еңбектерінде  дамытылған 
[13].  Ресейде  бұл  жүйені  қысқаша  түрде  М.В. 
Клариннің  еңбектерінен  кездестіруге  бола-
ды [14].  Оқу  модулі – оқу үдерісінің мазмұны 
тұтас,  оқыту  мақсаттары  айқындалған  және 
оқытудың  сәйкесті  ұйымдастыру    формала-
ры мен бақылау және өзіндік бақылау жүйесі 
техникалық  тұрғыдан  қамтамасыз  етілген 
құрамдас бөлігі. 
Жоғары оқу орындарында модульдік оқыту 
технологиясы  әлемде  кеңінен  қолданылады. 
Мысалы,  Ұлыбританияда  студенттің  жинаған 
рейтингісі мен меңгерген модульдерінің саны 
оның білім деңгейін көрсетеді. Оқуға түсерде 
талапкер  оқыған  кезде  әрбір  оқу  модулінен 
міндетті  түрде  алуға  тиіс  білім  мен  біліктің 
тізбесімен  танысады.  Бұл  оған  кәсіби  білім 
алудың басынан бастап белгілі бір біліктілікті 
меңгеруге  көмектеседі.    Жоғарыда  аталған 
ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене  отырып, 
модульдік  оқыту  технологиясының  сипат-
тамаларын  төмендегіше  анықтадық:    әрбір 
оқу  модулі  бойынша  диагностикалық  мақсат 
қою;  оқу кешенінің әртүрлі оқу модульдерінен 
тұратын мазмұнын,  оқыту әдістерін, бақылау 
және  бағалау  жүйесін  өзгертіп  отыруға 
икемділігі;    берілген  модульдің  мақсатын 
сезіне  отырып  түсіну;  магистранттың  басқа 
әрекеттерге  қарағанда  нақты  тапсырмалар 
жүйесінде  білімін өзі-өзі тексеруге мүмкіндік 
беретін  өзіндік  жұмыстардың  басым  болуы;  
оқытушының  әріптес  ретінде  кеңес  беруінің 
басымдығы;    магистранттың    өзінің  әрекетін 
өзі  қорытындылауы.  Оқу  модульдерін  жоба-
лауда білімді және білік, дағдыларды меңгеру 
деңгейіне  сәйкес  оқу  тапсырмаларының 
жүйесін жасалды. Модульдік оқыту жүйесінде 
оқу  тапсырмаларының  орындалысы  бақылау 
мен өзін-өзі бақылаудың тиімді тәсілі ретінде 
тест арқылы тексеріледі.  
Интерактивтік технологиялар 
оқытудың 
әдістері  мен  түрлерінің,  бағдарламаларының 
интерактивті  мүмкіндіктері  кері  байланысты 
іске  асыра  отырып,  студенттің  белсенділігін 
арттыруға,  дәстүрлі  оқыту  жүйелерінің 
көбінде  орындалмайтын  диалог  пен  тұрақты 
көмекті де іске асыруға мүмкіндік береді. Де-
мек,  бір-бірімен  бетпе-бет  кездесусіз-ақ  сту-
дент  пен  оқытушы  арасында  интерактивті 
қарым-қатынас  орнату  және  пән  бойынша 
білім  мен  дағдының  белгілі  бір  мөлшерін  өз 
бетінше игеру. 
«Интерактивтік»  термині  ағылшынның 
өзара белсенділік мағынасындағы «interaction» 
сөзінен шыққан. Бұл термин көбіне-көп инфор-
матика, коммуникация және өндірістік дизайн 
саласында кеңінен қолданылады. 
Біздің  тәжірибемізде  интерактивті  дәріс 
педагог  жетекшілігімен  ұйымдастырылатын 
дәстүрлі  оқыту  тәсілі  мен  жекелей 
компьютерлік оқытудың ұтымды жақтарының 
үйлесімінен тұрады. Компьютер оқытушының 
белсенді  көмекшісіне  айналды.  Ақпараттық-
танымдық  мазмұнмен  қатар,  интерактивті 
дәріс  мазмұндау  барысында  компьютерлік 
слайдтарды қолдану арқасында эмоционалдық 
сипатқа ие. 
Интерактивтілік  келесі  құралдар  арқылы 
жүзеге асырылады: 
– 
ақпараттық 
құралдар: 
компью-
тер  мен  интерактивті  тақта.  Компьютер 
ақпаратты  өңдеуге  арналған  әмбебаб  құрал, 
интерактивті тақта – компьютердің қосымша 
құрылғыларының бірі және дәріс берушіге не-
месе  баяндамашыға  ақпараттың  кескіні  мен 
қарапайым маркер тақтасын біріктіру арқылы 
дәріс өткізуге мүмкіндік беретін құрал;
– 
программалық 
құралдар 
не-
месе 
«электрондық 
басылымдар»: 
электрондық 
оқулықтар, 
электрондық 
дидактикалық  материалдар,  электрондық 
анықтамалар, 
электрондық 
энциклопе-
диялар,  жаттықтырушы  және  дамытушы 
компьютерлік бағдарламалар. 
Жоғары мектепте интерактивтік тақтаны 
қолдану  магистранттардың  назарын  оқу 
үдерісіне аударып, қызығушылығын тудырып, 
ынтасын арттырады. Программаларды көрнекі 
түрде басқару, тез белгілеу, тақтада балалардың 
көз  алдында  қолмен  түзетулер  енгізу,  жа-
зып  алынған  файлдарды  магистранттарға 
таратылатын  материал,  үйде  өзіндік  жұмыс 
ретінде орындалатын тапсырма түрінде беру-
ге  жағдай  жасайды.  Білім  алушыларға  тақта 
алдында  ұялуды  және  қорқынышты  жеңуге 
көмектеседі,  оларды  оқу  үдерісіне  оңай 
қызықтырады. Топта немқұрайлы білім алушы 
кездеспейді, барлық пәндер бойынша оқу олар 
үшін  жеңіл  және  тартымды,  қызықты  бола 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
47
бастайды.  Сондықтан  интерактивті  тақтаны 
оқыту  үдерісінде  қолдана  білуге  үйрену 
болашақ оқытушылар үшін өте қажет.
Жобалау  технологиясы 
тек  қандай  да 
білім  беріп  қоймайды,  ақпарат  алу,  оларды 
теориялық,  практикалық  кәсіби  қызметінде 
қолдана білу тәсілдеріне, магистранттарды топ-
пен де, жеке де жұмыс істеуге үйретеді; әртүрлі 
ұйымдастырушылық  шешімдерді  өз  бетінше 
қабылдай  білу  біліктілігін  қалыптастырады; 
коммуникативтік 
біліктілігін 
дамыта-
ды;  фактілер  мен  құбылыстарды  тал-
дау,  салыстыру,  сәйкестендіруді  үйретеді; 
магистранттардың  идея  тастау,  болжау  және 
оларды  шешу  біліктілігін  дамытады;  білім 
беру  үдерісінде  танымдық  шығармашылық 
құзыреттілігінің  негізі  ретіндегі  субъектінің 
шығармашылықпен  ойлау  қалыптасады; 
олардың 
түйіндік 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыру жүзеге асады. 
Жоба  –  латынша  PROJECTUS  -  «алдын-
ала» (Д. Дьюи, У. Килпатрик, С. Шацкий), «алға 
тасталған  ой,  алға  шығып  сөйлеуші»,  –  де-
ген  мағынаны  білдіреді.  «Жобалауға  оқыту», 
«оқушылардың  жобалау  әрекеті»  туралы 
соңғы  кезде  көп  айтылып  жүр.  Жобалаудың 
зерттеуден  айырмашылығы  –  жобалау 
тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асы-
рушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында 
тұрған  нақты  проблеманы  шешеді  [15].    Жо-
балау  технологиясы  педагогикада  жаңа  әдіс 
емес. Ол өткен ғасырда АҚШ-та пайда болды. 
Оны философия және білім берудің гуманистік 
бағытымен  байланыстырып  Дж.Дьюи,  В.х. 
Килпатрик  енгізген  мәселелер  әдісі  деп  ата-
ды  [16].    Еуропада  жоба  технологиясы  хх 
ғасырдың жиырмасыншы жылдарында енген-
мен, тиімді нәтиже бермеген болатын. Себебі, 
жоба  технологиясының  теориясы  жеткілікті 
зерттелмеген еді. 
Жоба 
– 
оқытушы 
көмегімен  
ұйымдастырылған  және  магистранттың 
өзбетінше  проблема  шешудегі  жүзеге 
асырылған  іс-әрекеттер  жүйесі.  Жоба-
лау  технологиясының  негізгі  идеясы  – 
магистранттың  нәтижеге  бағытталған  оқу-
танымдық әрекеті. Нәтиже практикалық неме-
се  теориялық  маңызды  проблеманың  шешімі 
болуы  тиіс.  Біздің  жағдайымызда  ортаға 
магистрант↔оқытушы    болып  тақырып  та-
сталады. Содан соң магистранттар өз ойларын 
айтады.  Сыртқы  нәтиже  –    оны  көруге  бола-
ды, тәжірибеде қолдануға болатын өнім. Ішкі 
нәтиже  –  магистранттың  тәжірибесі  (білік, 
білім, құзыреттілік, құндылықтар).
Қажетті құзыреттіліктер: жауапкершілікті 
өзіне  алу;  бірлесіп  шешімге  келу;  таңдау  жа-
сау;  талдау,  бағалау.  Тұжырымдық  позиция-
лар:  ізгілендіру  ұстанымы;  ынтымақтастық; 
басқаның 
пікірін 
сыйлау; 
нәтижеге 
жауапкершілік.
Оқытушының міндеті:
– 
зерттеу  және  іздену  әдістерін  терең 
меңгеру  және  оны  магистранттармен 
ұйымдастыру;
– 
магистранттардың  өз  пікірін  еркін  айта 
алатындай дискуссиялар ұйымдастыру;
– 
магистранттарды  қойылатын  мәселені 
шешу жолын іздестіруге бағыттау;
– 
жобаның  проблемасын  шешу  үшін 
ғылымның  әртүрлі  саласынан  алған  білімді 
кіріктіруге үйрету.
Жобаның 
түрлері: 
тәжірибеге 
бағытталған  жоба,  зерттеушілік  жоба, 
шығармашылық жоба, ақпараттық жоба.
Жобалау  әрекетінде  магистранттардың 
өзгермелі  өмірлік  жағдаяттарға  бейімделу, 
қажетті  білімді  өз  бетінше  ала  білу,  практи-
када  туындап  отыратын  мәселелерді  шеше 
білу  қабілеттерін  шешуге  мүмкіндік  беретін 
танымдық  белсенділік  басымдық  алады.  Жо-
балау  әдісі  әруақытта  магистранттың  әдейі 
бөлінген уақытта (бірнеше минуттан бірнеше 
аптаға,  кейде  айға  дейін  жеке,  қосарлы,  топ-
пен) өзбеттерінше әрекет етуіне бағытталған. 
Жобалаудың  зерттеуден  айырмашылығы  – 
ол  тәжірибеге  бағдарланған.  Жобаны  жүзеге 
асырушы  адам  жаңаны  ғана  емес,  өзінің  ал-
дында  тұрған  нақты  проблеманы  шешеді. 
Жобалау  әдісін  мәселенің  нақтылығы; 
алынған нәтиженің практикалық, теориялық, 
танымдық  мәні;  студенттің  өзіндік  әрекеті; 
жобаның  кезеңдері  көрсетілген  мазмұндық 
бөлімін  құрастыру;  жобаны  орындауға 
зерттеушілік  әдістерді  қолдану;  зерттеу 
әдістерін,  алынған  мәліметтерді  талдау, 
қорытындысын  шығару,  соңғы  нәтижені 
түзетіп,  реттеу,  тұжырым  жасауға  байланы-
сты «жобалау технологиясы» деп атайды [17]. 
Өкінішке  орай,  қазіргі  студенттердің  басым 
бөлігі  ақпарат  алудың  әртүрлі  әдебиеттер, 
электрондық  басылымдар,  интернет  сияқты 
көптеген  көздері  бола  тұрса  да,  білім  алуға 
белсенділік  көрсетпейді.  Бұл  жерде  негізгі 
мәселе  қоғамдағы  өте  көп  ақпарат  ағымына 
байланысты  студенттер  өздеріне  керекті 
мәселелерді іздеп табу жолдарын біле бермейді, 
дайын материал алуды көздейді. Бұл мәселені 
шешу  үшін  студенттерді  жобалау  әрекетіне 
үйретудің  мынадай  кезеңдерден  тұратын 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
48
дайындық  жүйесі  ұсынылады:  жобалау  алды 
қызмет;  қысқа және орта мерзімді жобаларды 
орындау; оқытудың классикалық құралдарын 
қолданып,  орта  және  ұзақ  мерзімге  арналған 
моножобаларды  орындауды  ұйымдастыру;  
жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын 
қолдану  арқылы  ұзақ  мерзімді  моножобалар-
ды орындау;  пәнаралық және факультетішілік 
жобалармен жұмыс [18]. 
Жобалау  технологиясы  магистранттар-
ды  өз  ойларын  өздеріне  ыңғайлы  уақытта, 
шығармашылық  түрде  ұйымдастырылып, 
ойластырылған 
түрде 
жеткізе 
білуге 
дағдыландырады,  өздерін-өздері  іске  қосып, 
өз  іс-әрекетіне  баға  беруге,  тексеруге  әсерін 
тигізеді.  Ең  бастысы  жобаның  құрылысы 
қандай  болатынын  және  тұсау  кесері  қандай 
түрде  өтетінін  магистранттар  өздері  шешеді. 
Жобамен  жұмыс  істей  отырып,  магистрант-
тар жеке де, топпен де өз беттерінше керекті 
мәліметтерді  табуға,  түрлі  дерек  көздерін 
пайдалануға  үйренеді.  Оқытушы  олардың 
тең  құқылы  кеңесшісіне  айналады.  Бірігіп 
жұмыс  жасау  ұжымды  жақындастырады, 
магистранттардың 
бірі-бірімен 
қарым–
қатынасы, тек өз жұмысына емес, бүкіл ұжым 
жұмысына деген жауапкершілігін арттырады. 
Әрбір  магистрант  өзі  бастаған  жұмысының 
толық  нәтижесін  көру  үшін  оны  жақсы 
аяқтауға  тырысады.  Мұндай  оқу  технологи-
ясы  білімгерлерге  шығармашылық  ізденіске 
дағдылануды, ұжымда жұмыс жасауды үйретеді.  
Дәстүрлі  сабақтардан  гөрі  жобалау  техноло-
гиясын  қолданған  сабақтар  оқытушыға  да, 
магистрантқа  да  жауапкершілік  жүктейді, 
шығармашылық  ізденісті  талап  етеді.  Жоба 
технологиясын  қолдану  магистранттардың 
болашақ  мамандығына  қызығушылығын 
арттыруға,  оны  меңгеруіне,  жоғары  әскери 
мектепке барған кезде курсанттармен жаңаша 
жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыруға, кәсіби 
құзыреттілігін  қалыптастыруға  мүмкіндік 
береді.
Зерттеушілік  оқыту  технологиясы 
жеке 
тұлғаның  шығармашылықпен  жұмыс  істеп, 
зерттеушілік  іскерліктер  мен  дағдыларды 
меңгеруін  қалыптастыруда  маңызды  болып 
табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары 
бүгінгі 
күні 
ғылыммен 
айналысатын 
адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір 
адамның  әрекетіне  қажет.  Шығармашылық 
зерттеушілік – ізденіс кез келген кәсіптің ажы-
рамас  бөлігі,  сондықтан  білім  алушыларды 
зерттеу әрекетіне дйындау, оның зерттеушілік 
ізденіс  білігі  мен  дағдыларын  қалыптастыру 
қазіргі  білім  беру  ісінің  маңызды  міндеті  бо-
лып  саналады.  Қоршаған  ортаны  зерттеу-
ге  ұмтылу  тірі  жан  психикасының  тамаша 
ерекшеліктерінің  бірінен  саналады.  Табиғат 
мұндай  ерекшелікті  тек  адамдарға  ғана  емес, 
жануарларға да берген. 
Зерттеу,  іздеу  белсенділігі  –  баланың  жа-
ратылысына  тән  табиғи  құбылыс,  білуге 
құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше 
эксперимент  жүргізу  тұлғаның  есеюімен 
бірге  жүретін  үдеріс.  Зерттеушілік  әрекетті 
адамның  интеллектуалдық-шығармашылық 
тәжірибесінің  ерекше  түрі  ретінде  қарастыру 
керек.  Зерттеушілік  әрекеттің  жемісті  жүзеге 
асуы  үшін  субъектіден  арнайы  тұлғалық 
білім  –  зерттеушілік  қабілет  талап  етіледі. 
Зерттеушілік  қабілет  отандық  психология 
дәстүрлерімен  сәйкес,  тұлғаның  зерттеушілік 
әрекеттің жемісті жүзеге асуының субъективтік 
шарттары  ретіндегі  жеке  психологиялық 
ерекшелігі болып табылады [19]. 
Зерттеу қызметінің әдістері мен амалдары 
ретінде оны жүзеге асыруға қажетті мәселені 
көре  білу,  болжам  жасай  білу,  бақылай  білу, 
эксперимент  жасай  білу,  ұғымдарға  және 
басқаларға анықтама бере білу сияқты әдістер 
мен амалдарды түсіну керек. Зерттеудің жоба-
лаудан  айырмашылығы  –  ол  белгісізді,  жаңа 
білімді іздеу үдерісі. Бұл - адамның танымдық 
әрекеттерінің бірі. А.К. Маркованың пікірі бой-
ынша,  мұғалімнің  кәсіптік  зерттеушілік  по-
зициясы  өз  кәсібін  шығармашылық  деңгейде 
жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. 
Жалпы  кәсіптік  жұмыста  оқытушы  үшін 
зерттеушілік  іскерліктер  мен  дағдыларды 
меңгеру  маңызды  орын  алады.  Ол  кез  кел-
ген  әдіс–тәсілді  оқу–тәрбие  үдерісінде  кәсіби 
тұрғыдан  жүзеге  асырумен  қатар  әрбір 
оқушыны,  оның  құрдастарымен,  ата–анала-
рымен  қарым–қатынасын  анықтап  отыру, 
оқытушының  педагогикалық-психологиялық 
тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді [20]. 
Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі білім 
алушының  білім  алу  үдерісінде  қоршаған  ор-
тасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен 
қарауымен  түсіндіріледі.  Зерттеушілікке 
оқытудың  негізгі  мақсаты  –  білім  алушының 
азаматтық мәдениеттің қай саласында болма-
сын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет 
тәсілдерін  игеруге  дайындығы  мен  қабілетін 
қалыптастыру.  Осындай  мақсат,  міндеттерді 
жүзеге  асыру  үшін  болашақ  оқытушы 
зерттеушілік  әрекетке  жоғары  оқу  орнында 
дайындалуы керек. Ол үшін магистранттардың 
белгілі  бір  тақырыптар  төңірегінде  зерттеу 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
49
жұмыстарын  жүргізіп,  рефераттар,  курстық 
жұмыстар,  дипломдық  жұмыстар  орындауы 
қарастырылады.
Ойындық  оқыту  технологиясы
  белсенді 
оқыту  технологияларының  бірі.  Ойындық 
оқыту әдісі имитациялық және имитациялық 
емес  болып  бөлінеді.  Имитациялық  емес 
әдіске  проблемалық  лекция,  дөңгелек  үстел, 
лекция – конференция, алдын – ала жасалған 
конспект  бойынша  лекция,  шолу  лекция-
сы,  коллоквиум,  бағдарламалап  оқыту,  се-
минар,  тақырыптық  дискуссияға  арналған 
көшпелі  сабақ,  топтық  консультация,  олим-
пиада  жатады.  Имитациялық  әдіс  ойындық 
және  ойындық  емес  болып  екіге  бөлінеді. 
Ойындық  имитациялық  әдіске  тиімді  шешім 
таңдаудың  көп  нұсқалылығы,  «миға  ша-
буыл»,  іскерлік  ойындар,  рөлдік  ойындар, 
жеке  технологиялық  үдерісті  ойын  арқылы 
жобалау,  ал  ойындық  емес  имитациялық 
әдіске  ситуациялық  шешімдер,  жекелеген 
міндеттерді  шешу,  сабақтың  қорытындысын 
шығару  және  оқытушының  бағалауы, 
ұсынылған  нұсқаларды  талқылау,  семинар 
өткізу,  жеке  тренажер  жатады.  Оқытудың 
белсенді  имитациялық  әдістерінің  ішінде 
ойын әдісі кең тараған. Іскерлік ойындар әдісі 
1930–шы жылдардың басында Мәскеу, Ленин-
град,  харьков  т.б.  қалалардағы  жоғары  оқу 
орындарында пайдаланылды. 
Іскерлік  ойынның  негізі  –  басқару  ныса-
ны  және  басқару  жүйесінен  тұратын  модель. 
Педагогикалық  мақсатта  қолданылатын 
іскерлік ойындар педагогикалық құрал ретінде 
қолданылады.  Ойынның  педагогикалық 
мақсаты  маманның  кәсіби  біліктілігін 
қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  және 
жұмысқа,  қоғамға  және  өзіне  деген  қарым–
қатынас жүйесін қалыптастыру бағытындағы 
тәрбиелік  болып  келеді.    Ойынның 
міндеттері  маман  дайындау  мазмұнын  және 
мамандықтың  сипаттамасын  ескере  отырып, 
ойын  барысында  маманнан  талап  етілетін 
кәсіби  құзыреттілік  белгілері  байқалатындай  
тұрғыда анықталады. Оларды орындау  маман 
ретіндегі білік, дағды және тұлғалық  сапалар 
қалыптастырады. Іскерлік ойын өткізілгеннен 
кейін оны міндетті түрде талдау қажет, себебі 
талдау  кезінде  оның  барысында  кездескен 
қиыншылықтар,  қатысушылардың  пікірлері, 
қорытындылардың пайдасы мол. Іскерлік ой-
ындар шешім қабылдау техникасына үйретеді, 
теориялық білімді практикада қолдана білуге 
машықтандырады. 
Магистранттар 
өздері 
дайындаған 
тақырып  бойынша  кезектесіп  минисабақ 
өткізіп, қалғандары студенттің рөлінде отыра-
ды. Сабақтарда (іскерлік ойын кезінде) әскери 
білім  беру  үдерісінде  қолданылатын  оқыту 
әдістері,  технологиялар,  сабақтың  түрлері, 
білімдік,  тәрбиелік  және  дамытушылық 
мақсаттардың  орындалысы  т.б.  мәселелердің 
көрініс  беруі  қадағаланады,  магистраннтар-
да  кәсіби-дидактикалық  құзыреттіліктің 
қалыптасуына  ықпалы  тиетіндей  етіп, 
ұйымдастыруға назар аударылады.
Болашақ    жоғары  оқу  орындары 
оқытушылары 
кәсіби-дидактикалық 
құзыреттілігінің  қалыптасуының  бір  көрінісі 
-  оның  сабақтарда  оқытудың  технологияла-
рын  қолдана  білуі.  Сондықтан  оны  меңгерту 
«Жоғары  мектеп  педагогикасы»  «Қазіргі 
педагогикалық  технология»,  «Педагогикалық 
зерттеудің әдіснамасы және әдістері» оқу кур-
стары   негізінде жүргізіледі. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал