Issn 2226 1176 индекс 75756



жүктеу 5.05 Kb.

бет2/16
Дата04.03.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Әдебиеттер тізімі

Философский  энциклопедический  словарь  /  Гл.ред.  Л.Ф.Ильичев,  П.Н.Федосеев, 
С.М.Ковалев, В.Г.Панов . – М.: Советская энциклопедия,  1983. – 840 с.

Новиков А.М. Методология учебной деятельности. – М.: Эгвес, 2005. – 176 с.

Краевский В.В. Общие основы  педагогики. – М.: Изд. центр «Академия», 2003. – 256 б.

Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. – М.: Педаго-
гика, 1982. – 159 с.

Юдин Э.Г. Системный подход и принцип деятельности. – М.: Наука, 1978. – 391 с.

Садовский  В.Н.,  Блауберг  И.В.,  Юдин  Э.Г.  Системный  подход:  предпосылки,  проблемы, 
трудности. – М.: Знание. 1969. – 48 с.

Журавлев В.И. Педагогика  в системе наук о человеке. – М.: Педагогика, 1990. – 168 с.

Гершунский Б.С. Философия образования. – М.: Московский  психолого-социальный ин-
ститут, «Флинта»,  1998.  – 432 с.

Никандров Н.Д. Духовные  ценности  и воспитание человека // Педагогика. 1998. – №4. 
3–8 б.
10 
Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. – СПб.: 
Питер, 2004. – 268 б.
ӘОЖ 37.01: 001.8
Р.С. қасымова, М.д. Шағырбаева 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
қаЗІРГІ ПедаГОГикалық ТеХНОлОГиялаРдыҢ 
ТеОРиялық-ӘдІСНаМалық НеГІЗдеРІ
Түйіндеме.
 Мақалада білім алушыларға қазіргі кездегі білім беру жүйесінде қолданылатын 
педагогикалық  технологиялардың  оқыту  және  оқу  тиімділігін  арттырудағы  рөлі  туралы 
ұғымдар,  оқыту  технологиясына  тән  белгiлер,  оқытуда  тиімділік  танытатын  педагогикалық 
технологияларды iрiктеу мен жүйелеудiң көрсеткіштері, педагогикалық технологияларды, оқу 
үдерісін  жобалаудың заңдылықтары мен принциптері қарастырылған.
Түйінді сөздер: 
әдіснама, теория, дидактикалық ұстанымдар, оқыту  сапасы, оқу жетістіктері.
  
Р.С. Касымова,  М.Д. Шагирбаева
Теоретические и методологические основы современных 
педагогических технологии 
Аннотация.
 В данной работе рассматриваются понятия о роли технологий для повышения 
эффективности  преподавания  для  обучения  студентов  в  современной  системе  образования,  

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
13
признаки технологий обучения, отбор и систематизация эффективных педагогических техноло-
гий в преподавании, принципы и закономерности педагогических технологий в планировании 
учебного процесса.
Ключевые  слова:
  методология,  теория,  дидактические  принципы,  качество  преподавания, 
учебные достижения.
R. Kassymova, M. Shagirbayeva
Theoretical and methodological basis of modern education technology
Abstract:
 This paper examines the role of technologies in increasing teaching effectiveness for teach-
ing students in the modern education system, signs of teaching technologies, the selection and order-
ing of effective pedagogical technologies in teaching, principles and laws of pedagogical technologies in 
planning of the teaching process.
Key words:
 methodology, theory, didactic principles, teaching quality, academic achievements.
Ғылыми  тұрғыда  «технология»  ұғымы 
өндірістік  және  әлеуметтік  технология 
деп  аталатын  үлкен  екі  бағытқа  жіктеледі. 
Әлеуметтік  технология
  –  өндірістік  техно-
логиядан  әлдеқайда  ауқымды,  жүзеге  асыру 
жағынан  күрделі,  қалыптасу,  даму  жағынан 
ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс.  Білім берудегі 
педагогикалық технологиялар қызмет ету си-
паты тұрғысынан әлеуметтік технологияларға 
біршама жақын.       
Қазіргі  заманғы  ғылыми  техникалық 
үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына 
мүлде  жаңа  міндеттер  қойып  отыр.  Педагог-
ғалымдар  қазіргі  кезде  қолданылып  жүрген 
білім беру технологиясы терминін әр қырынан 
ашып көрсетуде. «Педагогикалық технология» 
термині  хх  ғасырдың  60-шы  жылдары    АҚШ 
пен  Англияда  қалыптасып,  қазіргі  уақытта 
практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне 
таралып,  білім  беру  саласында  кең  өріс  алу-
да.  Соңғы  кездерде  білім  берудің  жаңа  даму 
бағытын  қамтитын  оқытудың  елуден  астам 
жаңа  технологиялары  практикаға  енгізіліп, 
кеңінен пайдалануда. 
“Технология”  –
  гректiң  techne  –  өнер, 
шеберлiк,  бiлiктiлiк,  logos  –  оқу  сөздерiнен 
шыққан.  Технологияға  В.Дальдың  сөздiгiнде: 
“белгiлi  бiр  маңызды  әрекетте,  өнерде, 
шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын 
әдiс”  деп  анықтама  берiлсе,  қазiргi  батыс 
әлеуметтану  сөздiгiнде:  “белгiлi    әрекетте, 
өнерде,  шеберлiкте  қолданылатын  әдiс-
тәсiлдердiң  жиынтығы”  деп  көрсетiлген. 
ЮНЕСКО-ның  құжаттарында  оқыту  тех-
нологиясына  “техникалық  және  адам  ре-
сурстарын,  олардың  өзара  бiрлiгiн  ескере 
отырып,  оқытудың  тиiмдiлiгiн  арттыру-
ды  мiндет  етiп  қоятын  мұғалiмнiң  бүкiл 
оқыту  iсi  мен  оқушының    бiлiмдi  меңгеру 
әрекетiн  ұйымдастырудың,  қолданудың  және 
анықтаудың  жүйелi  әдiстерi”  деп  анықтама 
берiлген.  Білім  берудегі  педагогикалық 
технологиялар  «жаңа  технология»,  «озық 
технология»,  «оқыту  технологиясы»,  т.б. 
терминдерімен  аталуда.  Ал  бұлардың  бір-
бірінен  айырмашылығы,  өзіндік  ерекшелігі 
жайлы  ғалымдар  арасында  қызу  пікірталас 
бар. 
Жалпы 
ғалымдар 
технологияға 
шеберлікпен  өнім  алу,  нәтижеге  жету,  белгілі 
бір  жоба,  модельмен  оқыту
  сияқты  түрлі 
анықтамалар  берген.  Солардың  ішінде  кең 
тарағаны  –  В.П.Беспальконың  тұжырымдары. 
Оның  тұжырымдары  бойынша  технология 
төмендегідей шарттарды іске асыруы тиіс: 

оқытуда  дайындықсыз  әрекеттерді  бол-
дырмау;

оқушының  оқу-танымдық  қызметінің 
құрылымы мен мазмұны оқу-тәрбие үрдісінің 
жобасына негізделуі қажет. 
Оқыту  технологиясы  мұғалiм  мен 
оқушының  мүддесiне  қызмет  ететiн,  толық 
үндесiмге  негiзделген  оқытудың  әдiстемелiк 
жүйесi болып  табылады. 
Оқыту технологиясына тән белгiлер:

негiздiлiгi
  (кез  келген  технологияның 
өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы 
болуы шарт);

жүйелiлiгi
 
(құрылымдық 
элементтерiнiң бiртұтастығы);

басқарылымдылығы
  (оқыту  процесiн 
бастан-аяқ  жоспарлап,  нәтижесiн  тексеруге 
болатындығы);

тиiмдiлiгi
 
(қысқа 
мерзiмде 
аз 
шығынмен  жоғары  нәтижеге  қол  жеткiзу 
мүмкiндiгi).
Педагогикалық  технологияға  қатысты 
мәселелер  жан-жақты  зерттелуде.  Өздерiнiң 
қомақты  ой-пiкiрлерiмен  салмақты  орын 
алып  отырған  В.П.Беспалько,  М.В.Кларин, 
Г.К.Селевко,  М.А.Чошанов,  В.В.Давыдовтар 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
14
технологияның  түрлерiн  саралауда  түрлi 
бағыттар  ұсынады.  Солардың  iшiнде  пед-
технологияны  түбегейлi  зерттеген  ғалым 
Г.К.Селевко  білім  беру  технологияларын  
төмендегідей  топтайды:
– 
қолдану 
өрiсiне 
қарай: 
жалпыпедагогикалық,  жекепәндiк,  модульдiк, 
тарәдiстемелiк;
– мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту 
(тәрбиелеу),  зайырлы  (дiни),  жалпыбiлiмдiк 
(бағдарлы),  гуманитарлық  (технократиялық), 
монотехнологиялық, 
политехнологиялық, 
аралық;
–  ұйымдастыру  түрiне  қарай:  сыныптық-
сабақтық  (альтернативтiк),  академиялық 
(клубтық),  жеке  (топтық),  ұжымдық  оқыту 
тәсiлi, саралап оқыту.
Оқытуда 
тиімділік 
танытатын 
педагогикалық  технологияларды  iрiктеу 
мен  жүйелеудiң
  мынадай  көрсеткіштері 
айқындалған:

технологиялардың  оқыту  талаптары-
мен үндес болуы;

технологиялардың білім алушылардың  
мүддесiне басымдылық беруі;

технологиялардың оқыту деңгейлерінің 
кез келгенiнде қолдануға қолайлылығы

технологиялардың 
бiлiм 
сапасын 
арттыруға ықпалының айқын болуы;

технологиялардың    студент  бiлiмiн 
объективтi бағалаудағы  тиiмдiлiгi;

технологиялардың студенттің әрекетiн 
белсендiруге ықпалын тигiзетiндiгi;

педагогикалық  технологияның  басты 
ерекшілігі  оқу  үдерісінің  қойылған  мақсатқа 
жетуге кепілдік беретіндігінде. 
Педагогикалық 
әдебиеттерде 
«педагогикалық  технология»
  ұғымы  үш 
бағытта қолданылады: 

1)  жалпы  педагогикалық  денгей  –
белгілі  бір  аймақтағы,  оқу  орнындағы  білім 
беру үдерісін сипаттайды

2)  жеке  пәндік-әдістемелік  деңгей  –
жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;

3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей 
–  оқу-тәрбие  үдерісінің  жекелеген  бөлігінің 
технологиясы ретінде қарастырған.
Педагогикалық  технологияны  атқаратын 
қызметіне 
қарай 
әдіскер-ғалымдар 
төмендегідей топтарға саралайды: 
1)  Баланың  әрекетін  жандандыру  және 
жетілдіру негізіндегі оқыту технологиялары: 
–  ойын сабақ технологиясы;
–  проблемалық оқыту;
–  тірек  конспектілері  негізінде  оқыту 
технологиясы;
–  қатысымдық оқыту жүйесі.
2)  Оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару 
тиімділігіне негізделген технологиялар
:
–  бағдарлап оқыту;
–  дифференциалдап оқыту;
–  даралап оқыту;
–  ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;
–  компьютерлік  технологиялар  арқылы 
оқыту.
Осы  технологияларды  қолдана  отырып, 
шығармашылық  іс-әрекет  талаптарын  орын-
дау,  оқушылардың  қызығушылықтарын  арт-
тыру мақсатында  бағдарламадағы мәтіндерге 
сәйкес  деңгейлік,  шығармашылық  тапсырма-
ларды алып қолдануға болады және ол туралы 
төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
– оқушылардың 
шығармашылық 
дербестігін  дамыту  арқылы  оның  жеке 
тұлғасын қалыптастыруға болады;
– қызығушылық 
іс-әрекет 
түрлері 
төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі 
бір  ретпен,  жүйемен  жүргізілуі  нәтижесінде 
шығармашылығы дамиды;
– қызығушылық 
іс-әрекетті 
дұрыс 
ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың 
қалыптасуы  оқушыларды  шығармашылыққа 
баулиды;
– оқушыларды  танымдық  тапсырмалар-
ды  орындау  мүмкіндіктеріне  қарай  топтарға 
бөліп,  сәйкес  жұмыс  түрлерін  таңдап,  жүйелі 
жұмыс жүргізудің маңызы зор;
– қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес 
әдіс-амалдар  пайдалану  интеллектуалдық 
қабілеттерін  дамытып,  оқу-танымдық  және 
ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.
Нәтижелі білімді қамтамасыз етуде қазіргі 
қолданылып  жатқан  әдіс-амалдар  өте  мол, 
оқушылардың  қызығушылығын  арттыруда 
жаңа технологиялар да артуда, тек әр  мұғалім  
тиімдісін қолдана білуден ұтады. 
Педагогикалық 
технологияларды 
төмендегідей бөліп көрсетуге болады:

ойын арқылы оқыту технологиясы;

проблемалық оқыту технологиясы;

тірек сызба арқылы оқыту;

деңгейлеп саралап оқыту;

міндетті  нәтижелерге  негізделген 
деңгейлік оқыту технологиясы;

бағдарламалап оқыту технологиясы;

оқытудың  компьютерлік  технология-
сы;

дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру 
технологиясы;

дамыта оқыту технологиясы;

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
15

модульдік оқыту.
Бұл 
технологиялардың 
өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Мәселен,  В.Ф.Шаталовтың 
тірек  сызба  арқылы  оқыту  технологиясының 
ерекшелігі:

үнемі қайталау;

ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

жеке  бағдарлы  қарым-қатынас,  ықпал 
жасау;

ізгілік;

зорлықсыз, еркімен оқыту;

әр 
оқушының 
табысының 
жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жету-
ге жағдай жасау;

оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Сондай-ақ 
әрбір 
педагогикалық 
технологияның  өзіндік  ерекшеліктері  бар. 
Олардың  негізгі  қарастыратыны  оқытуды 
нәтижелі 
ұйымдастыру. 
Педагогикалық 
жүйедегі негізгі өзекті мәселе – оқушылардың, 
студенттердің  ойлау  қабілетін  дамытып, 
өздігінен  жұмыс  істеуге  баулу,  өз  ойын 
тұжырымдауға дағдыландыру. Педагогикалық 
технологиялардың  ішінде  оқытуды  демо-
кратияландыру  мен  iзгiлендiру  негiзiндегi 
педагогикалық 
технологиялардың 
тұлға 
дамуындағы  педагогикалық-психологиялық 
маңыздылығымен  ерекшеленеді.  Қорыта 
айтқанда, педагогикалық технологиялар бiлiм 
сапасын  жетiлдiрудiң  маңызды  компонентi 
деп санауға болады.
Әдебиеттер тізімі
1  Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы // Бастауыш 
мектеп. – 1999. – №8,9.
2  Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. М., 1995. – 336 с.
3  Монахов  В.М.  Технологические  основы  проектирования  и  конструирования  учебного 
процесса. – Волгоград: Перемена, 1995. – 260 с.
4  Педагогика.  Педагогические  теории,  системы,  технологии  /  под  ред.  С.А.Смирнова.  3-е 
изд. – М.: Академия, 1999. – 160 с.
5  Селевко  Г.К.,  Современные  образовательные  технологии.  –  М.:  Народное  образование, 
1998.  – 256 с.

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
16
ТРеНеР. кОУЧ. МеНТОР
TRAINER. COACH. MENTOR
ӘОЖ 37:372.8
Р.Н. абуханова 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖҚБАРИ, Алматы, Қазақстан
ТРеНеРдІҢ МҰҒалІМдеРдІҢ кӘСІБи даМУыНа  ЖеТекШІлІк еТУ ТӘЖІРиБеСІНеН
Түйіндеме. 
Автор  мақалада  мұғалімдердің  кәсіби  дамуына  жетекшілік  етудің  кейбір 
мәселелері жайында баяндайды. Тренер мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы тәжірибесі ту-
ралы ой бөліседі.
Түйінді сөздер: 
кәсіби даму, шетел тәжірибесі, бірлескен қызмет, қатысымдық құзыреттілік, 
көшбасшылық қасиет.
Р.Н. Абуханова 
из опыта работы тренера по повышению квалификации педагогических кадров
Аннотация.
 В статье рассматривается вопрос о некоторых аспектах повышениии квалифи-
кации педагогических кадров, тренер делится опытом работы со слушателями уровневых кур-
сов 
Ключевые слова:
 профессиональное развитие, зарубежный опыт, совместная деятельность, 
коммуникативная компетенция, качество лидера.
R. Abukhanova 
From the experience of the coach to improve the skills of teaching staff
Abstract.
 
In article the question of some aspects professional development of pedagogical shots is 
considered, the trainer imparts experience with listeners of-level courses.
Key words:
 professional development, foreign experience, joint activity, communicative competence, 
quality of the leader.
Елімізде  білім  беру  сапасына  айырықша 
көңіл  бөлінеді,  себебі  білімді  ұрпақ  –  ел 
болашағы.  Осы  мақсатта  Елбасымыздың 
тікелей  тапсырмасы  бойынша  ең  озық 
халықаралық  тәжірибені  қолдана  отырып, 
педагогтардың 
біліктілігін 
арттырудың 
бағдарламасы  жасалды.  Бағдарламаны  «На-
зарбаев  Зияткерлік  мектебі»  Педагогикалық 
шеберлік  орталығы  әлемге  әйгілі  Кем-
бридж  университетімен  бірлесіп  құрды.  Бұл 
бағдарлама  үш  деңгейде  жүзеге  асырылу-
да:  үшінші  –  орта,    екінші  –  негізгі,  бірінші  – 
жоғары  деңгей.  Кембридж  университетінде 
кең  қолданылатын  оқытудағы  интербелсенді 
әдістер  осы  бағдарлама  негізінде  Қазақстан 
мектептерінде  мұғалімдердің  біліктілігін 
арттыру  арқылы  тәжірибеге  енгізілуде. 
Біліктілікті  арттыруды  жаңартудың  мақсаты 
– осы саладағы шетелдік озық тәжірибені та-
рату. Бұл халықаралық біліктілікті арттыру ре-
сурстарына  енуге  мүмкіншілік  жасайды  және 
тәжірибе алмасуға жағдай тудырады.
Қазақстандық  және  шетелдік  тренер-
лер  бірлесіп  қызмет  етіп  жүрген    «Өрлеу» 
біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығының 
миссиясы  –  педагог  кадрлардың  біліктілігін 
корпоративті  басқаруды  әлемдік  және 
Қазақстандық  тәжірибе  негізінде  артты-
ру  екенін  ескерсек,    «Өрлеу»  біліктілікті 
арттыру  ұлттық  орталығының  мақсаты  –  
педагогтардың  кәсіби  құзыреттілігін  және 
педагогикалық    шеберлігін  дамыту  деп 
білеміз. Бұл құрылым – кадр мәселесі шешілген 
және 
материалдық-техникалық 
базасы 
толықтырылған    педагогтардың  біліктілігін 
арттыруды    сапалы  қамтамасыз  ететін  ұйым, 
сонымен қатар қазіргі таңда барлық аймақтық 
біліктілікті арттыру институттарына алдыңғы 
қатарлы  озық  технологияларды  таратуға 
мүмкіндік тудырушы ұйым болып отыр. 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
17
Педагогтардың  біліктілігін  арттырудағы 
жаңа бағыт қазақстандық мектеп мұғалімдері 
тарапынан қызу қолдау тауып, қызығушылық 
тудыруда.  Оқыту  жүйесіне  теңдесі  жоқ 
жаңалық енгізу осы салада қызмет етіп жүрген 
мамандардың көптен күткен ісі еді. Біліктілікті 
арттыру мақсатын қазіргі таңда қазақстандық 
әрбір ұстаз алдына қойып отыр.  
Қазақстан  педагогтарының  біліктілігін 
арттыру үш айлық курс оқулары әлемге әйгілі 
Кембридж университеті және  Педагогикалық 
шеберлік  орталығы  (Астана  қ.)  мен    «Өрлеу» 
біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығында 
(Алматы  қ.)  «Бетпе-бет»  бағдарламасының  
оқу мен оқыту тәсілдері жеті модуль арқылы 
іске  асуда.  Қазақстанның  әр  аймағынан 
жиналған  ұстаздар  үлкен  жауапкершілікпен, 
бар  ынты-жігерімен  осы  бағдарламаны  оқып 
үйренуде. Білім беру саласында болып жатқан 
бұл  жаңалық    Қазақстан  мектептерінде  ғана 
емес,  әр  ұстаздың    өмірінде  үлкен  жаңалық 
болды.  Үш  айда  өткізілген  жұмыс  мазмұны 
зерттеуші  мұғалімдердің  күнделіктерінде 
және  жазған  пікірлерінде  көрініс  тапты, 
курс  тыңдаушылары  курс  оқуларынан  алған 
әсерлерін  республикалық  басылымдарда  жа-
риялап, көпшілікпен тәжірибе бөлісуде. 
Зерттеу бойынша біліктілікті арттыру курс 
бағдарламасының алынған  тақырыптары ди-
алог әдісі, іскерлік  ойын, тренинг, пікір алмасу, 
рефлексия жасау,  т.б. түрінде өтуде. 
Бұл тәсіл  интеллектуальдық және кәсіби 
дағдыларды дамытуда қолданылады. Бірлесіп, 
топтық  жұмыс  жасай  отыра,  әр  адам  кәсіби 
шығармашылық  ізденісінде  өзіндік  өрнек 
қалдыруы көзделеді. 
Кәсіби  дағдыларды  дамыту  жұмысының 
мақсаты  –  шеберлікті  жақсарту,  өзгерту 
және  бағыттау.  Осы  негізде  мұғалімнің  жеке 
көзқарасының  өзгеруі  үшін  басқалармен  
кеңесудің, мәселені бірігіп шешудің  мәні зор. 
Мұғалімдерді  дамыту  жөніндегі  жұмысқа 
жетекшілік етудің негізгі мәселелері тренердің 
жеке  іс-тәжірибесінің  тиімділігіне  тікелей 
байланысты.  Жұмыс  кәсіби  мән-мәтінге 
негізделеді. Оқыту  басқару мен  көшбасшылық 
құндылықтарға    бағытталса  және  кәсіби 
мақсаттарды көздесе ғана табысқа ие болады. 
Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  кур-
старын  өткізу  барысында  шетелдік    және 
Отандық  ғалымдардың  ғылыми  еңбектерін 
талдауға  және  оны  тәжірибеде  қолдануға, 
шетелдік  мамандармен  кәсіби  байланы-
ста  болуға    көп  көңіл  бөлінді.  Шетелдік 
әріптестермен  сабақ  жоспарларын  құруда  ал-
дымен тиісті тақырыпқа байланысты матери-
алдарды жинап, соның ішінен маңызды деген 
ақпараттарды таңдап, порталда берілген сабақ 
жоспарларын кеңейтіп, дамытып, оны аудито-
рия қажеттілігіне бағыттап құруға тырыстық. 
Сол  жоспар  бойынша  сабақты  бірігіп  өткізіп, 
нәтижесін талдап, қорытындылап отырдық та, 
келесі күнге жаңартылған, барлық жетістіктер 
мен  кемшіліктері  ескерілген  жоспар  жасалы-
нып  отырды.  Бұл  кезең  менің  тәжірибемде 
ұмытылмас, нағыз шығармашылық сәт болды. 
Мен  шетелдік  әріптестеріме  зор  алғысымды 
білдіремін  және  оларды  әрқашан  да  жылы 
сезіммен еске аламын.  Әсіресе  халықаралық 
кеңесші  тренерлер  Майк  Смитт  пен  Филипп 
Стивенсон  курс  оқуларындағы  бөліскен 
тәжірибесінің зор ықпалы болды.  
Бірлесіп  құрған  кәсіби  жоспар  бойынша 
мұғалімдерге  оқыған    дәрістерімді  бастарда  
және тренинг жүргізер алдында топпен  жұмыс 
істеудің тиімділігін атап, түсіндіріп отырдым. 
Топтық  жұмыс  кезінде  топ  мүшелері  өздері 
қабылдаған  топ  ережелерін  ұмытпауларын 
өтіндім.  Тыңдаушыларымның    шағын  топ-
тарда  өз  құрбыларымен  жұмыс  істеуге  ын-
таландырып  отырдым:  олар  ортақ  тақырып, 
ортақ мақсат, ортақ идея құра отырып, өз ой-
ларын ортаға салып, жорамал айтып, зерттеуге 
бейімделіп,  бір-бірін  тыңдады,  пікір  алмасты, 
ақпарат жинады және өз ойларын ортаға сал-
ды.
Тыңдаушыларымның    сыни  тұрғыда  ой-
лау  қабілетін дамыту үшін топтағы  жағымды  
психологиялық  ахуалдың    маңызы    зор. 
Сыныпта  топтық,  жұптық  жұмыс  кезінде, 
тыңдаушылар      белсенділік  танытуы  үшін 
ынтымақтастық атмосферасын құрып алу ке-
рек.  Ол  үшін: 
– әртүрлі мазмұнда  креативті тренингтер 
жүргізу;
– «Барлық  пікір  құнды»  ұстанымын 
қолдану,  енжар  адамдардың    белсенділігін  
ояту;
– топтық    және    жұптық    тапсырмалар 
арқылы қызығушылықты арттыру;
– өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеуге үйрету;
– рефлексия жасау,  т.б.
Дәріс  барысында  оқу  мен  оқытудың 
ынтымақтастық  атмосферасын  құру  арқылы 
әркім өзін сабақ үстінде еркін ұстауына, ойын 
ашық  айтуға,  сұрақ  қоя  білуіне  және  өзге 
адамдар назарын өзіне аударып, өзін тыңдата 
алуына  және  т.б.  өзіндік      ерекшеліктерімен 
көзге  түскеніне  куә  болдым  және  осындай 
жетістіктеріне  іштей  қуанып,  олардың  әр 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
18
қадамын  құптап  отырдым.  Шордың  айтуы 
бойынша,  мұғалімдер  мен  оқушылардың 
бір-бірімен  сөйлесуі,  ескертулерді  еркін  ай-
туы,  өз  пікірлерін  қысылмай  білдіріп,  пікір  
алмасуда  өздерін  шынайы  ашу  тәсілі  жари-
яшыл    сыныптың  қандай  болу  керектігін 
көрсетеді.  Жарияшыл  сыныпты  құру  белгілі 
бір тәуекелмен түйіндес екенін есімде әрқашан 
ұстауға  қалыптастым.  Өйткені  тәуекел  мен 
жауапкершілік  осындай  оқыту  түрінің  ба-
сты  және  аса  маңызды  құрылымының  бірі 
болуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда,  екі  жақта  да, 
мұғалімдер мен оқушылардың да, құқықтары 
және  уәкілеттіктері  сенімділік  қағидаларына  
негізделіп,  тең  бөлінсе  ғана,  оқыту  нәтижелі 
болмақ,  ал  егер  керісінше  болса,  оқыту 
үдерісінде    күрделі  мәселелер    мен    кереғар 
нәтижелер  туындауы  ықтимал.  Сондықтан 
топтағы  адамдардың  жас  ерекшеліктерін, 
әлеуметтік  жағдайларын,  психологиялық 
және жеке басының мінез ерекшеліктерін жіті 
қадағалап, зерттей отыра,  жан-жақты жұмыс 
істеуіме тура келді. Себебі топтағы 25 адамның 
мінез-құлқы әртүрлі. Топ ережесін бірауыздан 
қабылдау, оны мұқият орындау, қажет жерінде 
өзгертулер  енгізіп  отыру  жұмысымды  біраз 
жеңілдетті.   
Топпен  жұмыс  жасау,  топта  ауызбірлікте, 
ынтымақтастықта болу жақсы нәтиже беретіні  
көрінді.  Зерттеулерде  интерактивті  қарым-
қатынас  пен  достарымен  бірігіп  жүргізілетін 
жұмыс  тұлғаның  оқуына    когнитивті  әсер 
ететіндігі  айтылған.    Ынтымақтастық 
педагогикасының 
негізін 
қалаушы 
ғалымдардың пікірінше, «ынтымақтастық пе-
дагогикасы  барлық  балаларды  қабылдайды 
және қай  жастағы балалармен жұмыста бол-
са  да  оңтайлы»  деген  сөздері  дәлел.  Сын 
тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  
көптеген  ғалымдардың  еңбектерінің  жемісі. 
Айта  кететін  болсам,    Джинни  Стилл,  Кур-
тис  Мередит,  Чарльз  Темпл,  т.б.  Бұл  жоба 
атақты  ғалым  зерттеушілер  Ж.Пиаже 
мен    Л.Выготскийдің  даму  теорияларын 
басшылыққа  алады.  Сыни  тұрғыдан  ойлауды 
дамыту  әдісінің    мақсаты  –  барлық  жастағы 
тұлғаға  кез  келген  құбылыс  пен  заттарға, 
әрекет  пен  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  
көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға сана-
лы шешім қабылдауға үйрету.   
Сыни  ойлауға  ғалымдар  әр  түрлі 
анықтамалар  берген.  Солардың  ішінде 
белгілі  ғалым  –  Дайана  халперн  «Сыни  ой-
лау»  түсінігіне  «ойлаған  нәтижеге  жету  үшін 
танымдық  техникаларды  пайдалану  арқылы 
шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойла-
ну» – деген пікір білдірсе, Л.Выготский: «Қатаң 
ғылыми  тұрғыдан    қарағанда,  басқа    адамды  
тәрбиелеуге  болмайды. Тәрбиелеу – оқушыны  
тәрбиелеу емес, оқушы өзі  тәрбиеленетіндей  
етіп    ұйымдастырылуы    керек.    Тәрбиелеу  
процесінің    негізінде    оқушының    жеке  іс-
әрекеті  жатуы  керек»  дейді.    Осы  орайда  №6 
топта жүргізілген «Мінсіз оқушы» тақырыбына 
тоқталып өткім келеді.
Мінсіз  оқушы  қандай    болу  керек?  Осы 
жерде  Мерсер  (2005)    құрдастар    тобындағы 
өзара    қарым-қатынас  оқуда    маңызды    рөл 
атқаратынын    көрсетті.    Оқушылар  да,  ере-
сектер  де      жұпта  немесе    топтарда  жұмыс  
істегенде,  олар    «мұғалім  –  оқушы»  сұхбаты  
түрінде  өзара  іс-қимылға  қарағанда мейлінше  
«симметриялы»  болып табылады, сондықтан 
олар    өзара    іс-қимылға  тартылады,  осылай-
ша,  негізделген    дәлелдерді    әзірлеу    және  
қадағаланатын  оқиғаларды  сипаттауда  түрлі  
мүмкіндіктерге  ие  болады» – деп айтқан. 
Топпен  жұмыс  істеуде  Мерсердің    айтқан 
сөзі  жақсы    нәтиже  берді.  Топта  келгеннен 
іске еркін араласа алмай отырған ұяң мінезді, 
баяу  тыңдаушылар  шешіліп    сөйлей  баста-
ды, өз ойларын айтты, сыни тұрғыда  ойлату 
арқылы    постер  жасаған  кезде  өз  үлестерін 
қосты, қолдарына түрлі-түсті қарындаш алып, 
«мінсіз  оқушының»  келбетін  әдемілеп  салуға 
кірісті, суретті аяқтаған соң, жан-жағына  сол  
оқушының   бойында  болатын  барлық  жақсы  
қасиеттерді    жазды.  Өздері  де    енді    сондай  
оқушы    болуға    тырысатындығын    айтты. 
Тыңдаушыларға бұл жұмыс түрі қатты ұнады. 
Олардың  топқа  бөлініп,    өз  ойларын  постер 
арқылы    суретпен  жеткізгендері  өздеріне 
ұнады.  Сабақтың    соңында      көңіл-күйлері 
көтеріңкі болды.   
«Мінсіз 
оқушы» 
дәрісінен 
соң 
«Мәдениетаралық  оқушыны  қалыптастыру» 
дәрісі ерекше есте қаларлықтай деңгейде өтті. 
Дәрістің  басында    Қазақстанда  мекендеуші 
(130-дан  астам  ұлт  өкілдері)    және  жал-
пы  дүние  жүзіндегі  әрбір  ұлт  өкілдері  бір-
біріне    құрметпен  қарап,    олардың  руха-
ни  құндылықтарын,  әдет-ғұрпы  мен  салт-
санасын  сыйлау  және  оны    жан-жақты  зерт-
теу, білу, түсіну, талдау – кез-келген адамның 
зияткерлік  танымын  кеңейте  түсетіндігіне 
назар  аудардым.  Себебі  мәдениетаралық 
оқушы  осындай  қарым-қатынастың  ада-
мы.  Кезінде  ол  туралы  қазақтың  ұлы  ой-
шылы  Абай  айтып  кеткен.  Ұлы  Абай  өзге 
халықтармен  дұрыс  қарым-қатынаста  болу, 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
19
олардың  тілін  үйрену,  мәдениетін  сыйлау  өз 
мәдениетіңді көтеретінін есте ұстауды ескерт-
кен.  Ол  мәдениетті  әркім  өзге  ұлтты  сыйлау, 
қадірлеу  арқылы  ғана  игере  алатындығын 
жақсы  түсінгендей  болдық.  Мұғалімдердің 
мәдениеттіліктің маңыздылығы туралы ойла-
ры  ғалымдардың  тұжырымдарымен  астасып, 
жаңа ой-пікірлер туындап жатты. 
Оқытуда  тағы  да  бір  ескеретін  жай    – 
тұлғаның  қатысымдық  құзыреттілігінің  да-
муы.  Ғылыми  зерттеулерге  қарағанда  диа-
лог  оқытуда  басты  роль  атқарады.    Мерсер 
мен Литлтон  өз еңбектерінде диалог сабақта 
оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен 
қатар  олардың  білім  деңгейінің  өсуіне  үлес 
қосатындығын атап көрсетеді
Л.Выготский білім беру моделі оқушының 
диалог құру нәтижесінде білім алады деп жо-
рамалдайды.  Сондықтан  оқушының  білім 
деңгейін  дамытуға  мұғалімнің  рөлі  ерек-
ше  екендігін  ескере  отырып,  әр  сабағыма 
тиянақты  дайындалып,  тренингтерді  сабақ 
тақырыбына  сай  мазмұнды  өтуін  ерекше 
назарда    ұстап  отырдым.    Диалог  жүргізу 
мүмкіндігін толық іске асыру арқылы  оқытуды 
тиімді  етуге,  мейлінше  мәнді  етуге  тыры-
стым. Тыңдаушыларым оқушы рөлінде болып, 
диалогтік  оқытудың  сан  алуан  тәсілдеріне 
жаттықты.  
Барнс  білім  берудің  мұғалімді  селқос 
тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды 
қолдану  нәтижесінде,  яғни  сөйлесу,  талдау 
және  дәлелдеу  барысында  жүзеге  асатынын 
көрсетті.  Кейінірек  Мерсер  және  ходжкинсон 
зерттеулері  Барнстың  ертеректегі  жұмысына 
негізделе  құрылып,    білім  беру  барысындағы 
диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды 
мақсат етеді.
Фриери, бразилиялық педагог, әрбір адам 
өзге адамдармен оқу үдерісінде немесе ауызекі 
сөйлесуде сыни тұрғыдан ойлауды іске асыра-
ды деген тұжырымға келеді. 
Фриеридің 
пайымдауы 
бойынша, 
мұғалімнің  ұстанымы  –  оқушыларымен 
ауызекі  тілде  байланыс  жасауы,  оларды 
қарым-қатынасқа  жетелеуі.    Л.Выготский 
диалогтың маңыздылығын ерекше атап өткен, 
себебі диалог оған қатысушылардың білімінің 
«жетіспейтін»  жерлерін  бірден  көрсетеді. 
Фриери  зерттеуде    диалогтың  оқушыларға 
бағытталғандығын атап көрсетеді. 
Зерттеудің көңіл-күй негізі оқытуда ерек-
ше  болғандықтан  ол  оқушылардың  маңызды 
мәселесіне  әкеліп  соғады.  Фриеридің  айтуы 
бойынша,    оқытуда  түсіну,  сыни  ойлау  ерек-
ше орын алады. Д.Дьюи  пайымдауы бойынша 
мұғалім оқушының еркін ойлауына мүмкіндік 
бере  отырып,  оның  сыни  ойлауын  диалог 
арқылы дамытуы қажет.  Тыңдаушылар өзара  
диалогке  түскенде  білімді  тезірек  игереді. 
Мәселені  шешуде  өздері  жұмыс  істеп,  жол 
таба  алуы  үшін  оларға  жеткілікті  түрде 
ой  бостандығы,  ой  еркіндігі  берілуі  керек 
екендігін  жақсы  түсіндім.  Осындай  еркіндікті 
сезінгенде  ғана  адам  өз  ойын  ұштай  ала-
тыны  белгілі.  Мәселені  талқылау  кезінде 
дәлеледемелер,  көреген  ой,  мәселені  шешу 
жолдары, зерттеушілік әңгіме  диалог арқылы 
жүзеге асты. 
Мен 
дәрістерімде 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологиядарды  (АКТ) 
жиі қолдандым және осы модульге терең көңіл 
бөлдім.  Себебі  қазіргі  таңда  Қазақстан  Респу-
бликасы    ғылыми-техникалық  прогрестің 
негізгі  белгісі-қоғамды  ақпараттандырудың 
жаңа  кезеңіне  аяқ  басты.  Заманымызға 
сай  казіргі  қоғамды  ақпараттандыруда 
педагогтардың 
біліктілігін 
ақпарттық-
коммуникациялық  технологияны  қолдану 
саласы  бойынша  көтеру  негізгі  міндеттерінің 
біріне айналды. Білімді ақпараттандыру – бүкіл 
әлемдік  қауымдастық  талаптарына  сәйкес 
ақпараттық  технологиялардың  білім  үрдісіне 
енгізу үдерісі, педагогтың жаңа үлгідегі жалпы 
білім және кәсіби даярлығының сапасын арт-
тыру болып отыр деп түсіндірдім. Ақпараттық-
коммуникациялық  технологияның  келешек 
ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  әрі 
талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуы-
на жол ашатын педагогикалық, психологиялық 
жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол 
екендігін атап көрсеттім. 
Мектеп  туралы  ақпарат,  сыныптар 
тізімі,  оқушылар  туралы  толық  мәлімет, 
мінездемесі, пән мұғалімдері туралы мәлімет, 
пән күнтізбелік жоспары, сабақ жоспары, сабақ 
кестесі, т.б. қазіргі мектеп ақпараттық жүйесіне 
енгізілген.    
Бүгінгі таңда  қала мектептерінің барлығы 
компьютерлік  сыныптармен,  интерактивті 
тақталармен,  мультимедиялық-лингофондық 
кабинеттермен    қамтылған.  Барлық  мектеп 
кең  жолақты      ғаламтор  желісіне  қосылған. 
Қашықтықтан  оқыту  мақсатындағы  он-
лайн  режиміне  қосылған.    Оқушылар  мен 
мұғалімдердің    он-лайн  режимі  бойын-
ша  республикалық,  облыстық,  қалалық 
сабақтар  мен  дәрістерге  қатысу  мүмкіндігі 
бар.  Сондықтан  ақпаратты  қоғам  педагогтан 
компьютерлік  сауаттылықты  талап  ететінін 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
20
айта  отыра,      сауалнама  жүргізу  арқылы 
мұғалімдер 100% компьютерді меңгергендігін 
анықтадым,    кейбір  мұғалімдер    жоғары 
деңгейде 
меңгерген. 
Олар 
күнделікті 
жұмыстарын  компьютер  арқылы  орындап, 
бар  керекті  материалдарды  жазып  үлгеріп 
отырды.  Ақпараттық  бағдарламалардың 
барлық түрін жете меңгерген. Топ мүшелерінің 
Педагогтардың  шеберлік  орталығы  (ПШО) 
сайттарын  пайдалану,  тренермен  және 
әріптестерімен  электрондық поштада жұмыс 
істеу мүмкіндіктерінің бар екеніне сенімді бол-
дым.
Ақпараттандыру  бағдарламаларын  пай-
далану  және  ақпараттық  ортаны  дамыту    за-
манауи  білім жүйесінің ажырамас құрамы бо-
лып  табылады.  Заманауи  мұғалім  ақпарттық 
технологиялардың  дағдыларын    терең 
меңгерген  болуы  керек.  Оқу  орнында  түрлі 
компьютерлік  бағарламалармен    құрылған 
ақпарттық  білімді  кеңістік  мұғалімнің  кәсіби 
дамуының динамикасын бейнелейді
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық тех-
нологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа 
сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп, 
Елбасы айтқандай, жас ұрпаққа білім беру жо-
лында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде 
қолдану  мен  оның  тиімділігін  арттырудың 
маңызы зор екендігін курс оқуларында басты 
назарда  ұстадым.  Ақпараттық  қамтамасыз 
етілу жағдайында институттың материалдық-
техникалық  базасы  курс  оқуларының  са-
палы  өтуіне  зор  ықпалын  тигізді.  Курс 
тыңдаушылары  презентация  жасау,  есеп  дай-
ындау, өздік жұмыстарын реттеу, слайд жасау, 
тест жұмысын жүргізуде көптеген ақпараттық 
бағдарламаларды шебер қолданды.   
Көшбасшылықты жүзеге асыру мақсатында  
топтық жұмыстарды көбірек қолдануға тыры-
стым.  Тақырыпқа  байланысты  көшбасшылық 
қасиет  байқалып  отырды  және  осы  қасиет 
күннен-күнге  шыңдалып,  мұғалімдерім  көз 
алдымда  танымастай  болып  өзгергеніне  куә 
болдым.  Көшбасшы  өз  саласының  білгір  ма-
маны,  сонымен  қатар  өзге  саладан  да  хаба-
ры бар жан. Ол – басқа адамдардың пікірімен 
санаса  білетін,  сол  пікірлерді  жинақтап,  іске 
асыра    алатын  адам.  Үлкен  жауапкершілік, 
сабырлылық,  тапқырлық  пен  шапшыңдық 
иесі және т.б. пікірлер алмасып жатты. 
Бұл  модульде  мұғалімдердің  пайдаға 
асырылмаған  зор  әлеуетін  олардың  кәсіби 
өсуіне,  бірлескен    кәсіби  білім  құруларына 
ықпал ететіндей қолдау көрсетілген жағдайда 
ғана көрсете алады деген тақырып пікірталасқа 
негізделеді.  («Мұғалімнің  көшбасшылығы» 
халықаралық жобасы Хертс Кам Нетворк) Ол 
педагогикалық жүйе сәтті болу үшін, білім беру 
(оқыту)  барлық  деңгейде  қатар  жүру  керек, 
яғни  білім  беру  оқушыларды,  студенттерді, 
мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде қызмет 
жасайтын  қосымша  қызметкерлерді  түгел 
қамту керек деген көзқарасқа негізделген.
Бірлескен кәсіби әрекеттің маңыздылығы 
туралы  ойларым:  оқу/оқыту жаңаша тәсілдерін   
қолдануда  байқағаным  –  аталмыш  тәсілдер 
тыңдаушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлауына 
ықпал етті,  тез шешім қабылдауға  көмектесті. 
Топтық  жұмыс  олар  бір-бірінен  үйренуге, 
басқалардың  идеяларын  құрметтеуіне  және 
бірін-бірі  бағалауына  ықпал  етті.  Әсіресе, 
диалогтік  әңгімеде  қойылған  сұрақтар  мен 
оларға  берілген  жауаптар  маңызды  болды. 
Бұл жағдайда олардың жауабын  білімдерінің 
деңгейін  тексеру  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ  
өз  ойларын  анық  білдіруге,  дамытуға  және 
кеңейтуге мүмкіндік беру үшін пайдаландым. 
Әңгімелесу  мен  ой  елегінен  өткізу    әркімнің  
ойын  жинақтауға  көмек  берді,  іс-әрекеттерін 
тереңдетіп, шоғырландырды.  
Мұғалімдердің  күндізгі  оқуына  арналған 
оқу 
жоспар-бағдарламасында 
оқытудың 
жеті  модулін  қолдану  өте  тиімді  бол-
ды.  Оқытуда  жаңа    тәсілдерді  қолдануда 
байқағаным  бұл  үдеріс  тыңдаушылардың 
сыни  тұрғыдан  ойлауына  зор  ықпал  етті. 
Топтық  жұмыс  олардың  бір-біріне  үйренуіне, 
басқа    идеяларды  құрметтеуіне  және  бірін-
бірі  бағалауына  көмектесті.  Әңгімелесу  мен 
пікір алысу, талдау, әр құбылысты ой елегінен 
өткізу  тыңдаушылардың    ойын  жинақтауға 
көмек  берді,  іс-әрекеттерін  тереңдетіп, 
шоғырландырды.  Мақсатым – біліктілікті арт-
тыру жүйесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін 
толыққанды  қолдану,  курс  оқуларының 
оқу-тақырыптық  жоспарына  оқудағы  жаңа 
тәсілдерді  ендіру.  Бұл  тәсілдің  оқытуда 
жетістіктерге жеткізетініне сенімім мол.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал