Issn 2226 1176 индекс 75756



жүктеу 5.05 Kb.

бет14/16
Дата04.03.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Әдебиеттер тізімі
1   Lind D. Construction content in the environment of Lotus Domino R5. – M.: Science, 2003. 
ӘОЖ 378
Ж.М. дәуеева
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
ЗеРТТеУ УНиВеРСиТеТІ қыЗМеТІН ӨлШеУдІҢ иНдикаТОРлаРы
Түйіндеме.  
Мақалада  зерттеу  университеттерінің    қызметін бағалайтын индикаторларға 
сипаттама  берілген.  Автор  индустрияландыру  мен  инновациялық  даму  нәтижесінде  елімізде 
пайда болған зерттеу университеттерінің өз алдына дербес экономикалық субъект екенін атап 
өтеді. Сонымен қатар, қазақстандық зерттеу университеттерінің ғылыми саладағы жетістіктері 
мен зерттеуді ұйымдастыру бағыттары ашып көрсетілген.
Түйінді сөздер: 
зерттеу университеті, индикатор, академиялық нәтиже. 
Ж.М. Дауеева
индикаторы измерения деятельности исследовательских университетов
Аннотация.  В  статье  дана  характеристика  индикаторам  измерения  деятельности 
исследовательских  университетов.  Автор  отмечает  что  исследовательский  университет 
является  индивидуальным  экономическим  субъектом.  Выявлены  направления  организации 
исследований и достижения в области научных исследований казахстанских университетов.
Ключевые слова: 
исследовательский университет, индикатор, академический результат.
Zh. Daueyeva
Indicators of measurement of activity of research universities
Abstract.
 The author of this article shows that in terms of industrialization and innovative develop-
ment of our country, research institutions are independent economic entity. Besides, article describes 
achievements of the Kazakhstan research institutes and the direction of the centers for the organization 
of researches.
Key words:  
research university, indicator, academic result.
Индустрияландыру  мен  Қазақстанның 
инновациялық  дамуына  негізделген  ел 
экономикасының жетілуі ғылым мен білімнің 
ықпалдасуына  бағытталған  жоғары  мек-
теп  жүйесін  реформалау  керектігін  бол-
жайды.  «Болашақтың  іргесін  бірге  калай-
мыз!»  атты  халыққа  Жолдауында  Қазақтан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарба-
ев  ең  жоғары  халықаралық  талаптарға  жа-
уап  беруі  тиіс  университеттік  білім  беруді 
дамытудың  жаңа  деңгейімен  қамтамасыз  ету 
міндетін қойды. 
Әлемдік тәжірибеде білім мен ғылымның 
ықпалдасуы зерттеу университеттердің «зерт-
теу  арқылы  оқыту»  деген  негізгі  принципін 
жүзеге асыратын ғылым мен өндіріске қажет 
жоғары білікті мамандар дайындаудың жалғыз 
тиімді формасы екендігін сенімді дәлелдейді.
2011 ж. 18 ақпанынан бастап N 407-IV 3ҚР 
«Ғылым туралы» Заңында университеттердің 
«зерттеу  университеті»  деп  аталатын  жаңа 
категориясын  белгілеу  қарастырылған.  Заңға 
сәйкес «Зерттеу университеті Қазақстан Респу-
бликасы  Үкіметімен бекітілген университетті 
дамыту бағдарламасын жүзеге асыратын және 
іргелі  және  қолданбалы  ғылыми  зерттеулер 
мен басқа да ғылыми-техникалық, тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға 
және  жүргізуге  қатысатын  жоғары  оқу  орны 
болып  табылады».  Зерттеу  университетінің 
негізгі міндеті ғылыми қызмет пен білім беру 
үдерісінің жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім 
берудің барлық деңгейінде ықпалдасуы болып 
табылады. 
Осыған  орай,  зерттеу  университеттері  
М.В.  Ларионовтың  зерттеу  түріне  жатқызу 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
107
критерийлерін 
қарастыру 
керек. 
Әр 
түрлі  елдердегі  университеттердің  зерт-
теу  қызметінің  нәтижелерін  бағалауға 
қолданылатын  әдістемелік  амалдарды  са-
лыстырмалы  талдау  негізінде  1  кестеде 
көрсетілген  индикаторлар  жүйесі  ұсынылған 
[1]. 
Кесте 1 – Зерттеу университеттеріндегі зерттеу қызметін өлшеудің негізгі индикаторлары 
Индикатор
Сипаттама
1
2
Зерттеу қызметінің өнімділігі (нәтижелілігі)
Басылымдар және басқа нәтижелер
Саны 
Бір зерттеуші жасаған басылымдар саны 
(және басқа нәтижелер)
Штаттық зерттеушінің эквивалентіне 
есептегенде («академиялық зерттеушінің») 
Сапасы мен академиялық нәтижесі
Дәйексөз көп алынатын журналдардағы 
басылымдардың саны мен пайызы
Басылымдар саны, impact factor
Нақты ғылымдар үшін көбірек 
қабылданады
Дәйексөз алу
Дәйексөз алу индексі (Web of Science, 
Scorpus, Google Scholar)
Ұлттық және халықаралық 
конференциялардағы баяндамалар
Баяндамалар саны
Беделді марапаттардың саны
Беделді ұлттық немесе халықаралық 
марапаттардың жалпы немесе бір 
зерттеушіге есептегендегі саны
Уақытша халықаралық «тағайындалулар» Басқа академиялық (академиялық емес) 
институттарда (ұйымдарда) уақытша 
иеленген орындар саны 
Ұлттық және халықаралық журналдардың 
редакциялық және сараптамалық кеңесіне 
қатысу
Ұлттық және халықаралық журналдардың 
редакторлық кеңестері мен сараптамалық 
кеңестерінде уақытша иеленген орындар 
саны   
Инновациялық және әлеуметтік жетістіктер
Зерттеуден түскен табыстар
Сырттан тартылған қаржыландыру
Жеңіп алынған гранттардың пайызы
Зерттеуден түскен табыстың индикаторы
Жұмыстарын қорғаған магистранттар мен 
доктаранттардың жұмыспен қамтылуы
Еңбек нарығының сапасын қалыптастыруға 
салынған қаржының индикаторы
Тұтынушының разылығы
Қызметтің әр түріне тапсырыстар, 
келісімшарттар
Бір штаттық зерттеушінің эквивалентіне 
шаққандағы табыс деңгейі
Индикатор университетаралық салыстыру 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді
Зияткерлік меншікті коммерциялау
Патенттерден, лицензиялардан және 
жаңа бизнестерден түскен табыстың 
индикаторы

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
108
Келісім шарттар бойынша 
қаржыландырудың пайызы
Разылық табыстылығының өлшемі болып 
табылады
Тұрақтылығы мен ауқымы
Магистранттар мен доктаранттар 
бойынша жүктеме
Штаттық зерттеушінің эквивалентіне 
шаққандағы магистранттар мен 
доктаранттардың санының арақатынасы
Жас зерттеушілерді топтарға қосу
Жобалар мен топтарға қосылған жас 
зерттеушілердің саны мен пайызы
Серіктестіктер саны
Ұлттық және халықаралық (шетелдік) 
университеттермен және ұйымдармен 
серіктестіктер саны
Аяқталған диссертациялық жұмыстар 
саны
Қорғалған жұмыстар саны
Зерттеушілік инфрақұрылым
Академиялық қызметкерлердің 
зерттеушілік белсенділігі
Академиялық қызметкерлерді жалпы 
алғандағы белсенді зерттеушілердің саны. 
Қызметтік көрсеткіштердің қатарын 
белгілеу арқылы анықталады 
Академиялық қызметкерлерді 
жалпы алғандағы белсенді зерттеуші 
академиялық қызметкерлердің пайызы
Белсенді зерттеуші академиялық 
қызметкерлер мен барлық академиялық 
қызметкерлердің арақатынасы
Зерттеулер мен талдауларға салынған 
жалпы инвестициялар
Зерттеулер мен талдауларға жалақы 
мен қосымша шығындарды қосқандағы 
барлық көздерден салынған жалпы 
инвестициялардың көлемі
Зерттеушілік инфрақұрылым
Лабораториялардың, кітаптар мен 
электрондық қорлардың саны, олардың қол 
жетімділік деңгейі 
Зерттеушілік әдеп
Зерттеушілік тәжірибеде әдеп 
принциптерін ілгері жылжыту мен 
қолдануды қамтамасыз ететін үдерістер
Келтірілген  көрсеткіштерді  бағалауды 
қазақстандық  ЖОО-ның  зерттеу  қызметінің 
нәтижелерін  талдау  жүйесіне  енгізу  керек, 
өйткені  олардың  халықаралық  білім  беру 
кеңістігіне шоғырлануына көмектеседі. 
Зерттеу  формасындағы  университеттің 
жаңа  түрінің  Еуропа  құрлығында  пайда 
болғанына  қарамастан,  едәуір  дамуға  АҚШ-
тағы  зерттеу  университеттері  ие  болды. 
2000  жылы  АҚШ-та  шамамен  260  зерттеу 
университеттері болды. Салыстыру үшін: Гер-
манияда – 70; Ұлыбританияда –  73; Испанияда 
– 41 [2].
Ерекше 
құрылымдық 
және 
ұйымдастырушылық  факторлар  америкалық 
зерттеу 
университеттеріне 
беделді 
халықаралық  рейтингтерде  жоғары  орын-
дар  алуға  мүмкіндік  береді.  Шанхай 
университетінің  2010  жылғы  рейтингісіне 
сәйкес  Гарвард  (Кембридж,  Массачусетс  шт., 
АҚШ)  [3]  әлемнің  үздік  университеттерінің 
тізімінде  бірінші  орын  алды,  Берклидегі  Ка-
лифорния  университеті  –  екінші,  ал  Стэнд-
форд  университеті  үшінші  орында.  Топ-
ондықта  тағы  америкалық  5  ЖОО:  Массачу-
сетс  технологиялық  институты,  Калифор-
ния  технологиялық  университеті,  Принстон, 
Колумбия  және  Чикаго.  Алғашқы  жүздікте 
олардың саны – 54.
«The  Times»  (The  Times  Higher  Education 
Supplement,  THES)  британиялық  газеті 
2004  жылдан  бері  жүргізіп  келе  жатқан 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
109
халықаралық  рейтингте  алдыңғы  орындарға 
тағы да америкалық университеттер ие. Соны-
мен  2010  жылғы  рейтингте,  мысалы,  бірінші 
орынды  Гарвард  иеленді,  екінші  –  Калифор-
ния  технологиялық  университеті,  үшінші  – 
Массачусетс  технологиялық  институты  және 
төртінші – Стэндфорд, бесінші – Принстон [4].
Қазіргі  заманғы  зерттеу  университетіне 
тән  негізгі  белгілер  ретінде  келесілерді  атап 
айтуға болады [5]:
–  Профессор-оқытушылар 
құрамы 
зерттеу 
университетінің 
білім 
беру 
бағдарламаларымен 
қатар 
ғылыми 
зерттеулерді  жүргізуге  де  қатысады  (орта 
есеппен  оқытушылық  қызметке  жұмыс 
уақытының 25-75 %-ы жұмсалады). Алдыңғы 
қатарлы  америкалық  университеттердің 
профессор-оқытушылар 
құрамының 
қалыптасуындағы  маңызды  өзгешелік  білім 
беру,  ғылым  мен  бизнес  саласын  қамтитын 
кадрлардың  ауысуы  болып  табылатынын 
атап айтқан жөн.  Олардың арасында жасанды 
қалқан  жоқ,  тіпті,  ЖОО-дағы  төлем  жүйесі 
фирмадағы  сияқты  осындай  ауысуға  жағдай 
жасайды; 
–  Зерттеу университеті онда жүргізілетін 
зерттеулердің  жоғары  деңгейін  үнемі 
қолдайды,  сонымен  қатар  өзінің  ғылыми-
зерттеу  базасының  дамуына  қаржылай 
қорларды  инвестициялай  отырып  қолдау 
көрсетеді  (кітапханалық  қорлар,  ақпараттық 
қамтамасыз ету, лабораториялық құрылғылар 
және т.б.);
–  Зерттеу  университетінде  оқу  сан 
алуан  бола  түсті  және  таңдаулы  мамандар 
даярлаудан  (PhD  ғылыми  дәрежесі  беріледі), 
сонымен  қатар  келешекте  ғылыммен  және 
білім  беру  қызметімен  кәсіби  айналысуды 
жоспарламайтын  студенттердің  базалық 
жоғары білім алуынан тұрады. 
Заманауи  жағдайларда  дәл  осы  «зерт-
теу  университеттері»  ғылыми  және  білім 
беру  қызметтерін  жүргізу  үшін  федералдық 
үкімет  бюджеті  тарапынан  үлкен  қолдауға 
ие  болады.  Осылайша,  АҚШ-тың  100 жетекші 
зерттеу  университеттері  зерттеу  мен  білім 
беру  мақсатында  федералдық  бюджет 
қаражатының  95  %-ын  алады.  Біліктілігі 
жоғары  мамандарды  даярлау  да  зерттеу 
университеттерінде  шоғырланған:  АҚШ-
тың  барлық  докторанттарының  60%-ы  50 
зерттеу  университеттерінде  дайындалған. 
Бұл 
университеттердің 
магистрлік 
бағдарламалармен 
оқитын 
көптеген 
студенттері  бар,  оқытушылар  мен  студент-
тер саны ең жақсы арақатынасқа    1 : 6 ие, ал 
кәдімгі ЖОО-дарында бұл арақатынас 1 : 12.
Қазіргі заманғы зерттеу университеті – бұл 
қаржылық  дербестікке  ие  ірі  экономикалық 
субъект.  Мәселен,  Техас  университетінің 
жылдық  бюджеті  3  млрд  долларды  құрайды, 
Стэндфордтікі – 1 млрд доллар, Манчестер ме-
трополитен университетінікі – 1 млрд доллар. 
Зерттеу  университеттері  ғылымды,  білім 
мен  өндірісті  шоғырландыруда  бизнестің 
тең  құқылы  серіктестеріне  айналды,  кейде 
өңірлерде  жетекші,  негізгі  интегратордың 
рөлін атқарады, өнеркәсіппен тығыз байланы-
сы  бар.  Ірі  америкалық  зерттеу  университеті 
–  Массачусетс  технологиялық  институтының 
300-ге  жуық  корпорациямен  (жартысынан 
көбі  АҚШ-тың  ірі  корпорациялары)  байланы-
сы бар.
Университеттердің 
айналасын-
да  ғылымның,  білім  беру  мен  бизнестің 
интеграциялық  даму  түрі  ретінде  зерттеу 
бақтары  құрылуда.  Зерттеу  бағы  ғылыми 
орталықтың  (зерттеу  университетінің)  айна-
ласына біріккен үздіксіз инновациялық циклді 
қамтамасыз  етудің  ғылыми-өндірістік,  оқу 
және әлеуметтік-мәдени аймағы болып табы-
лады. 
Зерттеу  бағы  тұжырымдамасының  мәні 
зерттеу  орталығы  мен  бизнестің  байланы-
сын  қамтамасыз  ететін,  бастапқы  кезеңде 
шағын жоғары технологиялы кәсіпорындарды 
тудыратын 
және 
қолдайтын 
ерекше 
инфрақұрылымды жасаудан тұрады. Бақтарда 
технологиялық  трансфер  жүзеге  асады,  яғни 
жобалары  ғылыми  орталықтарда  туындаған 
жаңа  технологияларды  өндіріске  табыстау, 
ойдағыны өнім шығару кезеңіне жеткізу.
Әрбір  нақты  бақтың  құрылымы  оның 
қызмет  аясын  суреттейтін  мамандануымен 
анықталады.  Бақтың  құрылымында  зерттеу 
бөлімшелері,  есептеуіш  орталық,  тәжірибелік 
өндіріс,  жоғары  технологиялық  өнім  шығару 
жөніндегі  фирмалар,  бақтың  фирмаларына 
қызмет  көрсету  жүйесі,  коммерциялық  және 
заң  қызметі,  оқу  орталығы,  тұрмыстық  үй 
және  әлеуметтік  сала  бар.  Баққа  лаборатори-
яларды,  кітапхананы  және  университеттің 
компьютерлік 
коммуникацияларын 
пайдалануға мүмкіндік беріледі. 
Инновациялық  бизнес-инкубатор  бақтың 
ядросы  болып  табылады.  Сонымен  қатар 
бизнес-инкубаторларды 
құрудың 
келесі 
мақсаттары көзделеді:
–  өнімді 
жұмыс 
орындарымен 
қамтамасыз етуге және өңірдің жаңа бейнесін 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
110
қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын өңірдегі 
өзгерістерге көмектесу (өнеркәсіптің дәстүрлі 
және ескірген салалары басым өңірлерге тән);
–  ең 
алдымен, 
бизнес-инкубаторда 
негізделетін  және  серіктестік  бастама 
бойынша  өңірдің  әр  түрлі  ірі  өнеркәсіптік 
және  ғылыми-техникалық  компанияларымен 
жұмыс  істеуге  қабілетті  фирмалар  үшін 
жетілген инфрақұрылым жасау;
–  жергілікті өнеркәсіптің дамуын жоғары 
технологиялармен  және  инновациялармен 
қамтамасыз  ету  және  жергілікті  өнеркәсіпке 
қажетті 
бағыт 
бойынша 
экспорттық-
импорттық қызметті кеңейту;
–  университет  (ЖОО  немесе  зерттеу 
орталығы) 
пен 
жергілікті 
өнеркәсіп 
арасындағы 
байланыстарды 
нығайтуға 
көмектесу;
–  жаңа 
технологияларды 
ілгері 
жылжытатын 
және 
ғылыми 
білімді 
коммерциялайтын  жаңа  кәсіпорындардың 
құрылуы  мен  дамуын  ынталандыру  және 
қамтамасыз ету;
–  ғылым 
мен 
өңір 
өнеркәсібінің 
қорлармен, 
адамдармен, 
идеялармен, 
құрылғылармен  өзара  алмасуына  мүмкіндік 
туғызатын ортаны жасау.    
Осылайша, 
шетелдік 
тәжірибе 
көрсеткендей,  зерттеу  университеті  өңірдің 
технологиялық 
және 
экономикалық 
дамуының  маңызды  факторына  айнала-
ды.  Университеттің  дәстүрлі  қызметтері 
–  мамандарды  даярлау  мен  іргелі  зерттеу-
лер  –  өнеркәсіп  пен  бизнеске  жаңа  техно-
логияларды  берудегі  белсенді  қызметімен 
толықтырылады. 
Қазіргі 
заманғы 
зерттеу 
университеттерінің  барлық  қоғамдық  ин-
ституттармен  қызметтес  болу  мен  өзара 
әрекеттесудің  ашық  үлгісін  дамыту  жолы-
мен  жүре  отырып,  үлкен  күш-қуатқа  және 
әлеуметтік  тәжірибеге  әсер  ету  спектріне  ие 
екендігін айтқан жөн. 
Назарбаев Университетi 
инновациялық 
зерттеу қызметін жүргізуге 
бағытталған қазіргі заманға сай, күшті 
ғылыми инфрақұрылымы бар университет 
болуды мақсат етіп отыр. Университетке ең 
үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер 
шақырылады, оларға шығармашылық 
қызметті жүзеге асыру үшін барлық қажетті 
жағдайлар жасалады.
Қазіргі  таңда  Ғылым  және  Техноло-
гия  мектебінде  6  профильдік  мамандық 
ұсынылуда:

Биология  ғылымдары  (Биомедицина 
мамандығымен қоса);

химия;

Компьютер ғылымдары;

Математика;

Физика;

роботтық текхника және Механотрони-
ка.
Бас мамандыққа қосқанда ғылым және 
технологиялар мектебінің студенттеріне 
қосымша маманды таңдауға болады. Қосымша 
маман Университеттің басқа мектептерден 
болуды мүмкін 
Ғылыми орталықтары:
• Энергетикалық зерттеулер орталығы;
• Өмір туралы ғылымдар орталығы;
Назарбаев 
Университеті 
елдің 
экономикасының  қажеттіліктеріне  сәйкес 
міндеттерді орындауға қабілетті, мықты және 
заманауи инфрақұрылымы мен ғылыми және 
инжинерлік  адами  ресурстары  бар  универси-
тет  болуды  мақсат  тұтады.Осы  міндеттерді 
шешу  үшін  Университетке  отандық  және 
шетелдік тәжірибені ұштастыруды жөн көреді.
Лев  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университеті -
  Қазақстанның жетекші жоғары 
оқу  орындарының  бірі.  2012  жылы  www.
topuniversities.com  сайтының  рейтингтік  жа-
риялауы  бойынша  әлемнің  ең  үздік  369-шы 
университеті болып саналады. 
Ғылыми - зерттеу бөлімшелері инженерлік-
техникалық
  ,  жаратылыс-тану-техникалық,  
қоғамдық-гуманитарлық 
және  әлеуметтік-
экономикалық
болып төрт бағытқа бөлінеді.
Инженерлік-техникалық
1. Геотехникалық институт;
2. Сараптау ғылыми-зерттеу институты;
3. Құрылыс және көлік үрдістерінің техно-
логиясы,  механикаландыру  және  автоматтан-
дыру.
Жаратылыстану-техникалық
1. Еуразиялық математика институты;
2.  Теориялық  математика  және  ғылыми 
есептеулер институты;
3. Іргелі зерттеулер институты;
4.  Теориялық  физиканың  еуразиялық 
халықаралық орталығы;
5.  Биоорганикалық  химия  ғылыми-
зерттеу институты;
6. Клеткалық биология және биотехноло-
гия институты;
7. Қолданбалы химия институты;
8. Инженерлiк бағыттағы зертхана;
9. Ақпараттық қауіпсіздік және криптоло-

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
111
гия институты;
10. Жасанды интеллект институты.
Қоғамдық-гуманитарлық
1. «Евразия» гуманитарлық ғылыми зерт-
теулер орталығы;
2. 
«Отырар  кітапханасы»  ғылыми 
орталығы;
3. «Алаш» мәдениет және рухани даму ин-
ституты;
4.  К.А.  Ақышев  атындағы  археология 
ғылыми-зерттеу институты;
5. Конфуция институты;
6.  Түркітану  және  алтайтану  ғылыми-
зерттеу орталығы;
7.  Академик  С.  Зиманов  атындағы  білім 
заңнамасы ғылыми-зерттеу орталығы.
Әлеуметтік-экономикалық
1. Мемлекеттік-құқықтық зерттеулер, заң 
жобаларын дайындау және сараптау институ-
ты;
2. Журналистика мәселелерін зерттеу ин-
ституты;
4. Заманауи зерттеулер институты;
5. Әлеуметтiк және мәдени антропология;
6. Этносаралық қатынастар және қазақстан 
халқы 
ассамблеясы 
толеранттылығы 
орталығы
Ғылыми-зерттеу 
бөлімшелері 
өзара 
бірлестікте жұмыс жасай отырып, ел экономи-
касына салмақты үлесін қосып келеді.
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университеті 
әлем  елдері  арасында  ең 
жетекші ЖОО-дары қатарына еніп келеді. Бұл 
сөзімізге  дәлел,  2014  жылы  ҚазҰУ  әлемнің 
технологиялық университеттерінің ТОП-50-не 
енді. Рейтингте  қазақстандық ЖОО ТМД ғана 
емес, Шығыс және Орталық Еуропа қатысушы 
елдерінің  жалғыз  өкілі  болғанын,  сондай-ақ 
Сингапур  және  Жапониямен  қатар  барлық 
Азия континентін таныстырғанын атап өту ке-
рек.
ҚазҰУ  бүгінде  Ұлыбританияның  «Quac du-
arelli Symonds» агенттігінің рейтингі бойынша 
әлемдегі  700  үздік  университеттің  арасында 
2011  жылы  екі  жүз  орынға  жоғарылап,  401-
450-ші  дәрежеге  шықса,  2014  жылы  әлемнің 
ең  үздік  300  университеті  қатарына  еніп, 
299-орынды иеленді. ҚР-ның «Ғылым туралы» 
заңы  жобасындағы  зерттеу  университтетерін 
құру мәселесі аясында, ҚазҰУ шетелдік зерт-
теу университеттерінің үлгісін
 саралай  оты-
рып, көптеген жетістіктерге жетті.
Бүгінде  ҚазҰУ  –  8  ғылыми-зерттеу  ин-
ституты,  40-тан  астам  ғылыми-техникалық 
және  гуманитарлық  бағыттағы  орталықтар 
мен  зертханаларды  біріктірген  еліміздің  аса 
ірі ғылыми және білім беру орталығы. Мемле-
кет тарапынан қаржыландырылатын ғылыми 
зерттеулердің ең көбі ҚазҰУ қабырғасында іске 
асады,  ол  қаржының  15%-ы  жас  ғалымдарды 
қолдауға бағытталған.
Соңғы 
үш 
жылда 
университет-
те 
атқарылған 
ғылыми-зерттеу 
және 
тәжірибелік-құрастырымдық  талдама  көлемі 
үш  есеге  жуық  өсті.  ҚазҰУ  ғалымдарының 
зерттемелері  өндіріске  енгізілуде,  ал  ғылыми 
жұмыстар  «Scopus»  және  «Thomson  Reuters» 
мәліметтер базасына енетін жоғары рейтингті 
басылымдарда үнемі жарияланып келеді.
ҚазҰУ-да 
«Hewlett-Packard», 
«Cisco», 
«Intel»,  «Konica  minolta»,  «Microsoft»  сын-
ды  атақты  әлемдік  компаниялардың  оқу-
ғылыми  орталықтар  мен  зертханалар  ашуы 
университеттің 
ғылыми-технологиялық 
мүмкіндіктерін 
халықаралық 
деңгейде 
мойындаудың дәлелі болып табылады.
АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Фин-
ляндия  және  басқа  елдердің  ғалымдарымен 
бірге  ИНТАС,  МАГАТЭ,  ЕС,  НАТО,  Әлемдік 
банк,  ЮНЕСКО  қаржыландыратын  56  ірі 
халықаралық ғылыми жоба жасалуда.
С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  аграрлық 
университеті
  -халықаралық  стандарттар 
негізінде сапалы білім беру қызметін көрсету 
арқылы ауылшаруашылығы және техникалық 
саланың  интеллектуалды  дамыған  маманда-
рын даярлайды.
С.Сейфуллин  атындағы  ҚазАТУ-ін  зерт-
теу  университетіне  өзгерту  арқылы  нарық 
сұранысына  бағдарланған  инновациялық 
үлгісін  қалыптастыру  басты  мақсат  болып 
отыр.Ондағы ғылыми-инновациялық қызметті 
басқару құрылымы төменде көрсетілген басты 
бағыттар бойынша қарастырылады.
Ғылыми-инновациялық  қызметті  басқару 
құрылымы:

университеттің 
ғылыми-зерттеу 
жұмысы;

ғылым  және  инновациялық  қызмет 
департаменті;

ғылыми институттар және орталықтар;

ғылыми техникалық кеңес (ғтк);

ғылыми жарияланымдар;

жас ғалымдар кеңесі;

студенттік ғылым;

университеттің 
инновациялық 
қызметі;

конференциялар  туралы  хабарланды-
рулар;

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
112

ғылыми  байқаулар,  бағдарламалар, 
гранттар,  сыйлықтар  және  стипендиялар  ту-
ралы хабарландырулар;

ғылым жаңалықтары.
Нақтылай келгенде, осы бағыттар ішіндегі 
ғылыми институттары мен орталықтарына 
тоқтала кеткенді жөн көрдік. Олар:

биотехнология ғылыми-зерттеу инсти-
туты;

«балық  шаруашылығы»  ғылыми-
зерттеу орталығы;

аграрлық  дамудың  экономикалық 
мәселелері ғылыми-зерттеу орталығы;

гуманитарлық  зерттеулер  және  білім 
беру технологиялары орталығы;

энергия  үнемдеу  және  білім  тарату 
орталығы;

конструкторлық бюро;

агробиологиялық 
зерттеулердің 
инновациялық ғылыми-білім беру орталығы;

фитосанитарлық 
мониторинг, 
өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині;

ғылыми-инновациялық орталығы.
Бұл 
ғылыми 
институттары 
мен 
орталықтар  С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
аграрлық университетінің негізгі тірегі болып, 
қаржы қорының басым бөлігі осында бөлінеді. 
Қорытындылай  келгенде,  біздің  елімізде 
дамып  келе  жатқан  қазіргі  заманғы  зерт-
теу  университеттері  білім  беру  қызметі  мен 
ғылыми  зерттеулер  үйлесімді  байланыса 
алатын  ғылым,  білім  беру  және  мәдениет 
орталығы  бола  отырып,  бірегейлік  пен 
өңірлік  өзгешелікке  ие  болулары  қажет 
екенін атап өту керек. Мұндай жүйе тек нақты 
жұмыстарды  орындау  сатысында  ғана  емес, 
сондай-ақ  шетелдік  тәжірибені  нәтижелі 
меңгеруге  қабілетті  мамандарды  оқыту 
кезінде  де  ынтымақтастықты  қамтамасыз 
ететін  Қазақстан  Республикасымен  бірлескен 
ауқымды  ғылыми-өндірістік  халықаралық 
жобаларға қажетті мамандарды мақсатты да-
ярлау кезінде шетелдік серіктестерге тартым-
ды болып табылады. 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал